Банк несиелерінің айналымы мен қайтарымдылығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.БАНК НЕСИЕЛЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ МЕН ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1Коммерциялық банктердің ссудалық және несие айналымы: қалыптасуы, мақсаты, міндеттері және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 1.2 Несие түрлері және несиелеуді ұйымдастыру принциптері ... ... ... ...17 1.3 Коммерциялық банктердің несиелеу принциптері мен ссудалық қайтарылымын ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26 2.ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ССУДАЛЫҚ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ «АТФ БАНК» АҚ ҚАРЖЫ.ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 ҚР.да екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін және дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
2.2 «АТФ Банк» АҚ.ның қызметінің сипаттамасы және бухгалтерлік балансына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
2.3 Банктің өтімділігіне және сенімділігіне баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
2.4 «АТФ банк» АҚ.ның ссудалық операцияларына баға беру ... ... ... ... .58
3.ҚР БАНК ССУДАЛАРЫНЫҢ ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Экономикалық.математикалық моделдеу арқылы «АТФ банк» АҚ ссудалық операцияларының нәтижелерін болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
3.2 Қазақстанда банк жүйесін қаржылық дағдарыс кезінде реттеу мен дамыту перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..89
Банктік нарық мемлекет тарапынан ең реттелген нарық болып табылады. Қазіргі банктердегі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету, несиенің қайтарылымы – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады. Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк несиелерінің айналымын мен қайтарылымындағы экономиканың даму мәселелерін зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сонымен қатар, халыққа қызмет ететін банктерді айтады.
Бұл тақырыптың маңыздылығы - қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктердің негізгі мақсаттары, міндеттері, қызметтерінің ерекшеліктері және қазіргі жағдайдағы олардың ролін зерттеу болып отыр. Сонымен қатар, банктердің несие ресурстарының қалыптасу жағдайлары, олардың құрамы мен құрылымы, сонымен қатар, несие портфелінің ерекшеліктерінің зерттелуі болып отыр. Несие айналымы банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесстерді ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді.
Ссудалық портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар: нақты қарыз алушылар мен оларпдың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу; әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау, төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау, жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдау және т.б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып екінші деңгейлі банктердегі несие айналымы мен қайтарылымын ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік аспектілерін қарастыру және оны жетілдіру.
1. Банковское дело: стратегическое руководство . -2-е изд.. -М.: "Консалтбанкир", 2001.
1. Банковское дело : Учеб./ Под ред. О.И.Лаврушина. -М.: Финансы и статистика, 1999. -576 c.: ил.
2. 1.ҚР-ң «Банктер және банктік қызмет туралы» Заң күші бар Жарлығы. 30 тамыз 1995 жыл
3. Қ.Р-ң Президентiң «Ұлттық Банкi туралы» Заң күшi бар жарлығы. 30 наурыз 1995 жыл
4. Қ.Р-ң банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр Заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қ.Р-ң Заңы Алматы 11 шiлде 1997 ж. Егемен Қазақстан газетi 18 шiлде 1997ж. 139
5. Қ.Р-сы 2-шi деңгейдегi банктердiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуiнiң төменгi мөлшерi туралы 158 1997 ж.
6. ҚР-сы 2-шi деңгейдегi банктердiң активтерi және баланстан тыс талаптарын жiктеу және олар бойынша провизициялар жөнiндегi ереже 23 мамыр 1997ж. 219 ұлттық банктiң жаршысы 26 1997ж.
7. «Қазақстан Республикасында банктердің несиелендіру бойынша құжаттауды жүргізудің тәртібі туралы заңы» 1996 жылы 24 маусым №141
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының «Банк активтерін, шартты міндеттемелерді және оларды күдікті және үмітсіз категориясына жатқыза отырып, олар бойынша провизияларды құру туралы ережесі» 2003 жыл 1 қыркүйек № 327
9. Пруденциалды нормативтер туралы ереже 23 мамыр 1997ж. №219 //Ұлттық банктiк жаршысы №26 1997ж.
10. Деньги,кредит,банки : Учеб./ Под ред. Г.С. Сейткасимова. -Алматы: Экономика, 1996.
11. Долан Э.Дж.Деньги,банковское дело и денежно-кредитная политика : Пер.с англ./ Э.Дж. Долан; Эдвин Дж.Долан,Колин Д.Кэмпбелл,Розмари Дж.Кэмпбелл; Под ред.В.Лукашевича. -М.: Санкт-Петербург, 1993.
12. Ефимова Л.Г. Банковское право : Учеб.и практ.пособ./ Л.Г. Ефимова. -М.: Изд-во БЕК, 1994. -360 с.
13. Андросов А.М. Бухгалтерский учет и отчетность в банке : Практическое руководство с документами и комментариями/ А.М. Андросов. -М.: "МЕНАТЕП-ИНФОРМ", 1994..
14. Полфреман Д. Основы банковского дела/ Д. Полфреман, Ф.Форд. -М: Инфра-М, 1996. -624 с.
15. Саниев М.С. Деньги, кредит, банки/ М.С. Саниев. -Алматы: Алматинский коммерческий институт, 2000.
16. Уайтинг Д.П. Осваиваем банковское дело : Пер.с англ./ Д.П. Уайтинг; Под ред.В.А.Микрюкова. -М.: "Банки и биржи","ЮНИТИ", 1996.
17. www.kase.kz
18. «АТФ Банк» АҚ жарлығы
19. Акпеисов Б. Вклады населения и их защита/ Б. Акпеисов // Банки Казахстана. - 2000. -№ 9. - C. 21-22
20. Ауезов О. Когда деньги работают/ О.
21. Ауезов // Деловая неделя. - 2000. -N 23. - C. 3
22. Ахметов А. Гарантия личной безопасности/ А. Ахметов // Финансы Казахстана. - 2002. -N 1. - C. 43-44
23. Колбаниев Т.Народные депозиты/ Т. Колбаниев // Новый регион. - 2009. -N 20. - C. 4-5
24. Куанова Г.Теоретические основы развития депозитного рынка/ Г. Куанова // Евразийское сообщество. - 2010. -N 3. - C. 72-83.
25. Ахметов А. Фонд гарантирования вкладов- гарант личной финансовой безопасности/ А.Ахметов // Банки Казахстана. - 2001. №6. - C. 36-38

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.БАНК НЕСИЕЛЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ МЕН ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1Коммерциялық банктердің ссудалық және несие айналымы: қалыптасуы, мақсаты, міндеттері және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 1.2 Несие түрлері және несиелеуді ұйымдастыру принциптері ... ... ... ...17 1.3 Коммерциялық банктердің несиелеу принциптері мен ссудалық қайтарылымын ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26 2.ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ССУДАЛЫҚ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АТФ БАНК АҚ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 ҚР-да екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелін және дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.2 АТФ Банк АҚ-ның қызметінің сипаттамасы және бухгалтерлік балансына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
2.3 Банктің өтімділігіне және сенімділігіне баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
2.4 АТФ банк АҚ-ның ссудалық операцияларына баға беру ... ... ... ... .58
3.ҚР БАНК ССУДАЛАРЫНЫҢ ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Экономикалық-математикалық моделдеу арқылы АТФ банк АҚ ссудалық операцияларының нәтижелерін болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 68
3.2 Қазақстанда банк жүйесін қаржылық дағдарыс кезінде реттеу мен дамыту перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .89

КІРІСПЕ

Банктік нарық мемлекет тарапынан ең реттелген нарық болып табылады. Қазіргі банктердегі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету, несиенің қайтарылымы - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады. Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие болғандықтан, банкті несиелік мекеме деп атайды. Осыған орай, банк несиелерінің айналымын мен қайтарылымындағы экономиканың даму мәселелерін зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сонымен қатар, халыққа қызмет ететін банктерді айтады.
Бұл тақырыптың маңыздылығы - қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктердің негізгі мақсаттары, міндеттері, қызметтерінің ерекшеліктері және қазіргі жағдайдағы олардың ролін зерттеу болып отыр. Сонымен қатар, банктердің несие ресурстарының қалыптасу жағдайлары, олардың құрамы мен құрылымы, сонымен қатар, несие портфелінің ерекшеліктерінің зерттелуі болып отыр. Несие айналымы банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесстерді ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді.
Ссудалық портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар: нақты қарыз алушылар мен оларпдың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу; әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау, төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау, жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдау және т.б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып екінші деңгейлі банктердегі несие айналымы мен қайтарылымын ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік аспектілерін қарастыру және оны жетілдіру. Қойылған мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
* несие айналымы түсінігін анықтау;
* банктің несие ресурстарының қалыптасу жағдайы мен оларды тиімді бөлу процесінің қалыптасу жағдайын зерттеу
* несиелік операциялардың шет елдік тәжірибесін салыстыру арқылы ерекшелігін анықтау;
* халықаралық стандарттарға сай болу мақсатында қазіргі кезде банк жүйесінде несие айналымын басқарудың негізгі механизмін анықтау;
* ҚР банк жүйесінде ссудалық және несиелік операцияларды бағалауда негізгі әдістерге талдау жасау;
* екінші деңгейлі банктердегі несие айналымы мен қайтарылымындағы экономикалық дамуының және ұйымдастыру жүйесін қалыптастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдеу.
Зерттеу объектісі ретінде банк жүйесін зерттеу қазіргі таңда маңызды орын алатындықтан екінші деңгейлі банктердің алды болып саналатын АТФ Банкі АҚ - ның қаржы-шаруашылық жағдайы қарастырылып отыр.
Зерттеу пәні болып банк ссудаларынің және несиелерінің айналымы мен қайтарылымындағы экономиканың даму мәселелерін ашып көрсету және дамыту процесіндегі туындайтын экономикалық және басқару қатынастарының жиынтығы табылады.

1.БАНК НЕСИЕЛЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ МЕН ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Коммерциялық банктердің ссудалық және несие айналымы: қалыптасуы, мақсаты, міндеттері және қызметтері

Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банк термині банк ісінің даму кезінде банктің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады. Коммерциялық банктер нарық экономикада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелер тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттері 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бұл операциялардан болған зиян, екінші бір операцияларын түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялардың буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша - несие нарығының жағдайына қабілетінің барлығын көрсете алады [1].
Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес Банк - бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Коммерциялық банктер өз клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйесінің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
- Ақша қаражатын шоғырландыру және тарату;
- Несие беру;
- Шаруашылық есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
- Төлем құралдарын шығару;
- Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
- Клиенттерге кеңес беру;
Коммерциялық банктердің мынадай басты қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Коммерциялық бактердің басқа қаржы институттарын айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жанында болып табылады. Бұл әсерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана, емес сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылықтағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себептер бір жағынан мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес [2].
Сондықтан, қазіргі кездегі банктердің қызметтерінің еркшеліктерін анықтау үшін, экономикалық қатынастардың бұл саласының даму процессін қарастырған жөн болады.
Несие айналымы - ссудалық келісім жөніндегі кредитор мен қарыз алушының арыснда қалыптасатын қатынас, яғни ссудалық төлемақы және қайтарым негізінде ақшаны немесе материалдық құндылықтарды белгілі бір уақытқа беру.
Несиелік айналымының туындауының объективтік және заңдық сипаты бар екендігін ұмытпаған жөн. Тауарлай- ақшалық қатынастардың болуы, шаруашылық субъектілерінің бірін бірімен байланысты екендігін білдіреді. Әрбір кәсіпорын қаражаттары өндіріс және айналым процесстерінде тек өзіне ғана тән , бір жағынан мемлекет пен халықтың қаражаттарының айналымымен, екінші жағынан өзгелей кәсіпорындардың жекелеген айналымдарымен негізделегн, жеке айналым жасайды.Өддіріс қорларының айналм заңдылықтары экономика салалары мен кәсіпорындардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін туындаса, ал оның жеке өзінің айналымы аталған қажеттіліктердің әр кезде туындауына әкеледі: бір кезе, өндіріс бөлімдерің ақшалай қаражаттарға деген қажеттіліетері жоғары болса, екіншілерінің уақытша бас қаражатттары қалыптасуы мүмкін.
Мұндай процесстердің нәтижесінде экономикалық қайшылықтар туындайды, яғни, кәсіпорының ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігі мен оның қолда бар болуы арасындағы қайшылық. Мұндай қайшылықтардың көрінуінің екі нысаны болуы мүмкін: ақшалай қаржаттардың қолда болу немесе оның уақытша болмау, сондай-ақ, қосымша қаржаттарға деген қажеттілік пен оның болмау сияқты қайшылық [3].
Бірінші қайшылықтың мазмұны мынада, егер кәсіпорының қандайда бір ақшалай қаражаттары болып және де ол ешқендай табыс әкелмейтін болса, яғни ешқандай шаруаға қолданылмаса, онда өндірістің тиімділігі төмендейді. Ендеше өндірістен босаған ақшалай қаражаттар өзінің қолданылыу аясын табуы тиіс. Ал, өз кезегінде несие арқала қолданыс табуы мүмкін. Ендеше, бірінші қайшылық өз шешімін тапты деген сөз.
Мұнымен, тек, несиенің қызмет ету мүмкіндігін ғана анықтадық. Өйткені уақытша бос ақша кері қайтару принципімен, өзге кәсіпорынға берілуі мүмкін. Сондықтанда несиелік қатынастар туындау үшін, қоғамда осындай қайтарымды деген қаражаттарға қажеттілік болуы тиіс. Мұндай қажеттіліктердің болуы жоғарыда талған екінші қайшылықты шешеді.
Егер қосымша қаражаттарға деген қажеттілік пен оның болмауы арасындағы қайшылық өз шешімдерін тапаса, онда ұдайыөндіріс прцессі тоқтайды. Ендеше мұндай қажеттіліктер міндетті түрде қанағаттандырылуы тиіс. Теориялық тұрғыдан қажеттілікті үш тұрлі көздерден қанағаттандыруға болады.
Біріншіден, өзіндік қаржаттаржың резервтік қорын құруа болады. Бірақ бұл әдісті толық қанағаттанарлық деп қарауға болмайды. Қосымша қаражаттарға деген уақытша қажеттіліктерді өзіндік капиталдаң резервтік қорымен жабы кезінде жоғарыда аталған қайшылықтар ( қаражаттардың қолда болуы және оның болмауы) күрделене түседі. Ендеше қайшылықтардың бірі екнішісінің асқынуымен шешіледі деген сөз.
Екіншіден, қажеттілікті қайтарымын қажет етпейтін бюджеттік қаржыландыру жолымен жабуға болады. Жеке өндіріс қажеттілігі тұрғысынан қарасақ, онда қажеттілік қанағаттандырылды. Ал қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарайтын болса, онда қажеттілік жоғалған жоқ, ол тек бір шаруашылық деңгейінен екінші шаруашылық деңгейіне ( кәсіпорыннан мемлекеттек) өтті. Ендеше қайшылықтар өз шешімдерін тапқан жоқ [4].
Соңғысы, яғни үшінші жолы- уақытша бос қаржаттарды қарызға алу (өзге кәсіпорындардан, мемлекеттен, халықтан). Мұндай жағдайда, шын мәнінде, қажеттілік қанағаттандырылады. Қосымша қаражаттарға деген қажеттілік қанағаттандырылып болғаннан кейін, қарыз қаржат тура солай қайтарылады.
Ендеше, қосымша ақшалай қаржаттарға деген уақытша қажеттілік уақытша бос қаражаттармен жабылады. Мұндай қаржаттар тек несие (зайым) түрінде үсынылады.
Несиелік қатынастардың болуы заңды құбылыс болып табылады. Несиелік қатынастар үш кезеңнен өтеді:
Кредитор және қарыз алушы арасындағы тікелей қатынас;
Делдал қатысатын несиелік қатынас;
Реттелінентін несиелік қатынас.
Несиелік қатынаста делдалдаң қатысуы қатынастың жаңа элементтермн толықтырылуын білдіреді. Мұндай несиелік қатынастардың негізгі формасы, банктік несие, яғни банк делдел ретінде болады. Ал банк жүйесінің өзінің дамуы, несиелік қатынастардың күрделене түсуі, барлығының мүдделерін теңестіріп отыратын органның болуын талап етеді. Ал ондай қызметті тек мемлекеттік банктер ғана орындай алады.
Осылай несиелік қатынас жаңа деңгейге көтеріледі, ол үшінші формасы- реттелінентін несиелік қатынас. Несиелік қатынастың дамуын сурет 1 көруге болады.

Жүйенің алғашқы жағдайының болуы
Жүйенің алғашқы жағдайы (несиелік қатынастың алғашқы түрі) кредитор мен қарыз алушы арасында тікелей қатынастың болуы
Жүйенің жаңа сапасы (несиелік қатынастың екінші түрі) делдеалдардың қатысуымен болатын несиелік қатынас
Жүйенің жаңа сапасы (несиелік қатынастың екінші түрі)
делдеалдардың қатысуымен болатын несиелік қатынас

БІРІНШІ ҚАЙШЫЛЫҚ
Несиеге делдалдардың қатысу

ЕКІНШІ ҚАЙШЫЛЫҚ
Несиелік қатынастарды реттеуші органдардың туындау,
"банктердің банкі"

1-сурет. Несие қатынастарының дамуы(автормен құрастырылған)

Экономикалық дамудың қазіргі деңгейіне үшінші формасы сай келеді. Өйкені, несиелік қатынастың әрбір даму кезеңа алғашқысының туындысы болып табылады. Ендеше үшінші формасы алғашқыларының барлығын қамтиды.
Осындай құрлымды несие механизіміне де үсынуға болады. Ол: біріншіден, кредитор мен қарыз алушы арасындағы тікелей қатынасты ұйымдастыру; екіншіден, несиеде делдалдардың болуы (банк жүйесі); үшіншіден, несиелік қатынастар мен жүйенің қызметтерін реттеп отыратын мехенизімнен түруы тиіс [5].
Өзара қатынастың қазғалыстылығы және күрделілігімен ерекшеленентін нарық экономикасында шешім қабылдау үшін, сараптай білу қаблеті болуы,банк қызмет ететін шкі, сыртқы орталардың даму заңдылықтарын және болашақты айқындай білу қажет. Тиімді банктік қызмет үшін әдістемелік нұсқаулықтарды немесе тәжірибелік машықтың болуы жеткіліксіз, сонымен қатар, теориялық білімнің болуыда маңызды.
Банк жүйесi - бұл салым қабылдау және несие беру қызметтерiн орындайтын банктер мен банк институттарының әр алуан түрлерiнiң жиынтығы.
Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып қарағанда экономиканың үлгiсiне байланысты болады. Орталықтандырылған экономикадағы банк жүйесi нарықтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi. Экономикадағы банк жүйесiнiң маңызын дәлелдеп жатудың өзi артық. Банк жүйесi арқылы мемлекет экономиканың салалық және аумақтық даму саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында жүргiзiлген реформалар барысында елiмiзде классикалық екi деңгейлi банктер жүйесiне өту кезеңi аяқталды. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi - экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады.
Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:
ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)
мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау
басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау
экономиканы ақша-несие арқылы реттеу
коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету
банктердiң, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т.б.
Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы-несие мекемелерiнiң әмбебап сипаттағы түрi.
Нарықтық экономикада банктермен қатар банк жүйесiне сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары, зейнетақы қорлары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл институттар капиталды тиiмдi орналастыру және қорлану процесiне белсендi қатысады [6].
Банк жүйесiн жоғарғы дәрежедегi макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыратын маңызды құрал ретiнде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында векселü айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.
1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады.
Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк қызметiн тарату әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал .
Өнеркәсiптiң дамуы барысында банктердiң жаңа қызмет түрлерi дами бастады. Бұл, ең алдымен, өндiрiстiк циклды қысқа мерзiмдi несиелеумен байланысты банктердiң операциялары. Айналым капиталын толықтыруға, шикiзат және материал қорын жасауға, дайын өнiм мен бұйымдарға, еңбекақы төлеуге ссуда беру кеңiнен қолданыла бастады.
Бiрте-бiрте несиелеу мерзiмдерi ұзара түстi, капиталды ұзақ мерзiмдерге салу үрдiсi байқала түстi. Сондықтан банк ресурстарының бiр бөлiгi негiзгi капиталға, бағалы қағаздарға және басқа да активтерге салым жасау үшiн қолданыла бастады. Бұл жағдайлардың барлығы да ''коммерциялық банк'' терминiнiң бастапқы мәнiнiң жоғалуына алып келдi. Бүгiнде, ''коммерциялық банк'' терминi мүлде басқа мәнге ие болып, оның ''iскерлiк'' сипатын бiлдiредi, яғни қазiргi коммерциялық банктер рынок субъектiлерiне қызмет жасау түрiне қарамастан барлығына бiрдей қызмет көрсетедi.
Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң қызметi болып табылады. Банк қызметiн клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау деп сипаттауға болады. Кез келген банк өкiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай да болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.
Негiзгi дәстүрлi қызмет түрлерiне қазiргi кезде бұрыннан келе жатқан салымдарды тарту мен ссуда беру операциялары жатады. Осы қызмет түрлерiнен сыйақы (мүдде) арасындағы айырмадан банктер табыс алып отырады.
Коммерциялық банктердiң осы операцияларын топтастыра отырып, олар атқаратын негiзгi функцияларды анықтауға болады:
1) уақытша бос қаржыларды, жинақтарды шоғырландыру (депозиттiк операциялар);
2) экономика мен тұрғын халықты несиелеу (активтi операциялар);
3) несие ақшаларын шығару;
4) нақты ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргiзу;
5) инвестициялық қызмет;
6) клиенттерге басқа да қаржы қызметтерiн көрсету.
Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру және оларды капиталға айналдыру функциясын орындай отырып, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар түрiнде шоғырландырады. Салымдарда топталған жинақтарды ссуда капиталына айналдыру үшiн банктер қарыз алушыларға несие бередi. Іарыз алушылар қаржыларды өндiрiстi ұлғайтуға, тауар сатып алуға жұмсайды. Сонымен, коммерциялық банктердiң көмегiмен салымдар капиталға айналады.
Ақшаларды тиiмдi орналастыру мақсатында салымдарға (депозиттерге) тартудағы банктердiң қызметiн депозиттiк операциялар деп атайды. Депозиттiк операциялар негiзiнде коммерциялық банктердiң несие ресурстрының басым бөлiгi құралады.
Коммерциялық банктердiң екiншi негiзгi дәстүрлi функциясы - экономика мен тұрғын халықты несиелеу болып табылады. Бұл функция банк қызметiнiң маңызды бөлiгi болуымен бiрге активтi операцияларға жатады.
Банктiк қызметтердi ең алдымен спецификалық және спецификалық емес қызметтер деп ажыратуға болады. Ерекше кәсiпорын ретiнде, банк iс-әрекетiнiң спецификасынан шығатынның барлығы спецификалық қызметтерi болып табылады. Спецификалық қызметтерге олармен жасалатын операциялардың үш тұрi жатады: депозиттiк операциялар, несиелiк операциялар, есеп айырысу операциялар.
Депозиттiк операциялар клиенттердiң банкке ақша қаражаттарын салым ретiнде орналастырумен байланысты (депозиттер). Берiлген операцияның тарихи тұрi сақтау операциясы болған, ол кезде адамдар өздерiнiң бағалылықтарын банктерге сақтайтын, олар жинақтардың қауiпсiздiгiн және сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн. Соңынан ақша құралдарын сақтау, құнсызданудан сақтауға өсе бастады.
Адамдар өздерiнiң ақша ресурстарын банкке тек өте қолайлы, қауiпсiз орынға орналыстыруға ғана емес, сонымен қатар табыс алу, оларды құнсызданудан, инфляциядан сақтау мақсатымен де қоя бастады. Банк клиенттерi депозитке ақша салғаны үшiн ссудалық процент алады [7].
Несиелiк операция банктiң негiзгi операциясы болып табылады. Кейде банктi iрi несиелiк мекеме деп атауы бекерден емес қой. Және бұл шын мәнiнде салай: банк активтерiнiң жалпы сомасынан негiзгi бөлiгiн несиелiк операциялар құрайды. Көбiнесе клиенттердi несиелеу есебiнен банк табыстың үлкен бөлiгiн де алады. Бiрақ қазiргi заманғы банктiк операциялар құрылымында несиелiк операция негiзгi болып табылмайды.
Инфляция, экономикалық тоқырау және өте жоғары тәуекелге байланысты коммерциялық банктер тек несиелеумен ғана емес, сонымен қатар басқа да табысты өте көп әкелетiн және тәуекелi аз операциялармен жұмыс жасау ұйғарады (мысалы, валюталық операциялармен).
Несие айналымы біртұтастықпен мінезделеді. Қолма - қол және қолма - қолсыз формада ақша қозғалысының сфералары бір және сол ақша бірлігімен қызмет көрсетіледі және өзінің арасында тығыз байланысты. Банктер, кәсіпорындар, ұйымдар, халықтар шоттарын енгізу арқылы ақша айналым жиынтығын бақылауға, ал ол арқылы шаруашылық процестерінің жүрісін жүзеге асырады және осы процестерге әсер етеді. Банк жүйесінде қоғамның барлық ақша қорлары: мемлекет қаражаттары, шаруашылық звеноларының қаражаттары халықтың жинақтары және тағы басқалары шоғырланған. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді түрде қатысады, оларды пайдалануға бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және осымен қайта өңдеу процесінің жүрісіне әсер етеді. Банктерде Крзақстан экономикасының нарыққа өтуімен жетілетін жаңа көкжиектер ашылады. Жекелешендіру және меншікті мемлекет иелігінен алу нәтижесінде жекеменшік, үжымдық және акционерлік меншік түрлерінің барлыгы кеңінен дамуда, араласқан меншік түрлерінің негізінде кәсіпорындар қүрылады.
Қоғамда бай классты саудагерлер мен кәсіпкерлер пайда болады. Экономикада және қоғамда нарықтық қатынасты шамасы бойынша банктердің экономикалық рөлі күшейеді. Олардың жүмысында бірінші орында әкімшілдік, әміршілдік әдістің орнына экономикалық әдіс ұсынылады. Экономикаға банктік әсер етудің бағалық құралдарының мәні өседі.
Бұл жағдайларда бәрінен бұрын меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру және оларды нарықтық релъске аударғанда және экономикада инфлияцияны төмендетуге банктердің рөлі жоғары. Осыған орай банк жүйесінің маңызды міндеттері несие механизмін ақша айналысын реттеу әдістерін, есеп айырысуды жылдамдату және төлемдер тәртібін сақтауды жүзеге асыру болып табылады.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары болып табылады.
Несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады. Басқаша айтқанда, несие саясаты несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттарп жүйесін ұйымдастыру немесе жасау шарттарын білдіреді.
Несиелік саясат келесі сипаттарда болуы қажет:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелердің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді:
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады;
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынандай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфелді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтерінің сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын;
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің қамтамасыз ету және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асыру белгісінің бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірбиеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сай ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясаттың маңызды элементтерінің бірі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетіндігін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқароуына мүмкіндік беретіне банктің несиелік саясаттың және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Мемлекет меншік реформасында банктердің рөлі жогары. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы тұтасымен және түгелдей қызмет көрсетілген клиенттердің қаржылық жагдайына тәуелді болады. Осыган байланысты банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінен ажырауда жүргізілмеуі мүмкін.
Сондықтан банк реформасының маңызды міндеттерінің бірі -кәсіпорынды жекешелендіруде қолдау көрсету және экономиканың жеке секторларын қүру. Осыған сәйкес банк реформасы мемлекеттік меншікті жекешелендірудің қызығушылығына бағынуы қажет. Әйтпесе банктер жаман несиелерден, шағымданушы клиенттерден құтыла алмауы мүмкін, өйткені қазіргі кезде көптеген мемлекеттік кәсіпорындар несие портфелінің төмен сатыларын иеленеді [8].
Несиелік стандарттар мен нұсқауларды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірбиелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтады бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатты барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтамасыз етеді.
Отандық банктер тәжірбиесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынандай:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды.
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несителеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формасын анықтайды;
- неситені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар бекітеді;
- несиелеу шартын бекітеді;
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітаптарын жүргізеді;
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметтеріне байланысты тәуекелділігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелкер туралы да айтылуы тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқауларға үйрету банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементтері болып табылады .
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде несиелік саясаттың қабылдаған бағытттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мына элементтер көрсетілуі тиіс:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- несиелік портфельді ұйымдастыру;
- несиелеуге бақылаку жасау;
- құзыретті бөлу принциптері;
- несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
- несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
- несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау;
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынандай үш құжат түрінде көруге болады:
1 несиелеу саясаты;
2 несиелеу стандарты;
3 несиелеу нұсқаулықтары;
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында келесі сұрақтар қарастырылады:
- қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
- несиелік кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және несиелік процессті ұйымдастыру ережелері;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
- несилеудің айрықша түрлері бойынша ережелер;
Несиелік саясат мына келесі қызметтерді атқарады:
- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
- несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал мен нұсқаулық ретінде болу;
- несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтар орындалуына бақылау жасау құралы;
- несиелік талдау, яғни аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау;
Жалпы несие саясаты несие механизмі арқылы қызмет атқарады.
Несие механизмі - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің бір негізгі бөлігі болып табылады.
Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі негізінде қарастырылып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді: Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет ету үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие болады. Олай болмаса, несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет теуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айрылып қалар еді.
Несие механизмінің ерекшеліктерін айта отырып екі элементі: несиені және несие механизмін бір-бірінен бөліп қарау керек. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алас жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.
Несие механизміне несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады.
Берілген несие механизмі тұжырымы бұл механизмнің тек субективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан кейбір несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып, біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизміне өтеді [9].
Кез-келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.
Несие механизмінің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынандай құрылымдық элементтері болады:
- несие түрлері;
- несиелеу объектілері;
- несиелеу субъектілері;
- несиелеу әдістері;
- несиелеу процесі;
- несиелеу принциптері;
- несиелік тәуекелді басқару;
Несие механизмінің дұрыс қызмет жасауы сол банктің несие ресурстарының дұрыс қамтамасыз етілуін қамтиды.

1.2 Несие түрлері және несиелеуді ұйымдастыру принциптері

Несиенің түрі бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы жәнге ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасында байланыстар қалай өзгергенмен де, несиенің сол түрі сол күйінде сақталып отырады.
Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мына белгілеріне байланысты жіктеледі:
1) Қарыз алушылар категорияларына қарай:
Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несие мекемелеріне;
Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге;
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
2) мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді 1 жылға дейін;
- орта мерзімді 1 жылдан 3-5 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді 5 жылдан жоғары;
3) тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын;
4) Қамтамсыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен;
2. Сақтандырылған:
Қамтамасыз етілмеген:
- сенім несиесі;
5 ) Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қатуында ешқандай күмән жоқ несиелер болып табылады.
Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер болып табылады. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінетіндігі белгілі: 1- санатты күмәнді; 2- санатты күмәнді; 3- санатты күмәнді; 4- санатты күмәнді; 5- санатты күмәнді;
Үмітсіз несиелер - қайтарылуы кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотында жазылған несиелер;
6) Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен;
7) Берілу шартына қарай:
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие болып табылады.
Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді тұрғын үй, өндіріс ғимараттары, жер және т.б. кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие болып табылады.
Овердравт несиесі - клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы болып табылады.
Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несие болып табылады.
Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып берілетін несие болып табылады.
Лизингнтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие болып табылады.
Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімді сыртқа шығару тәжірбиесінде пайдаланылатын несие.
Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген төлем қабілеті жоғары клиенттерге беріліетін несие болып табылады.
Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие болып табылады.
Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Сонымен қатар, несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз алушыларды несиелік несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса, несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер, банк типтес мекемелер және қаржылық ұйымдар, сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйыдары да жатады. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез-келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне келесілер жатады:
- өндіріс объектілерінің құрылысы;
- өндіріс обектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру және кеңейту;
- техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
- жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
- өшдірістік емес маңызы бар объектілерді салу;
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді [10].
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асрылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуі пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты Банктік несиелердің берілуіне басты шарттары: несиенің мқсаты және мерзімі олардың қаржаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және тағы басқалар анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері үш топқа бөлінеді:
- топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің диференциалдылығы;
- несие мерзімділігі;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі және тағы басқалар.
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе де болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі.Сондықтан да несиелеудің дифференциалдануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіш негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып үйрену барысында потенциалды қароыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз ету сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтылығын жетекшілікке ала отырып бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциалдануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушаға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп, қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы пайыз түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескертетін басты факторлары келесілер болып табылады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
- банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
- өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс;
- несиеге деген сұраныс сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады;
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтқанда банк үшін оның қамтамасыз етілуін байланысты тәуекел дәрежесі;
- еліміздің ақша айналысының тұрақтылығы;
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді [11].
Несиелеудің келесі принципі- берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бұл принциптің мазмұны толық өзгерген. Бүгінгі күні несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолдануда.
Енді осы несиенің қамтамасыз ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру
Несиелік процесс және несиелеу принциптері
Займдар бойынша шығындар
Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы
Банктік тұтыну несилері
Тұтыну несиесі жайлы
Несие жүйесі. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi
Пәндер