Жетімдер бейнесі



КІРІСПЕ
1 Повесть, әңгімелердегі образдар жүйесі
1.1 Балалар әдебиетіндегі жетімдер бейнесі
1.2 Жетімдер бейнесін жасаудағы подтекстің рөлі
1.3 Қазақ прозасындағы жетімдік мотиві (уәжі ).
2 Прозада жетімдер бейнесін жасаудағы көркемдік ерекшеліктер
2.1 Портрет пен мінездеу.
2.2 Жетімдер бейнесін жасаудағы психологизмнің көріну тәсілдері
2.3 Жетім . трагедиялық образ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ прозасында алдымен шағын жанрдың әлеуметтік жүгі анықталып, оның адамдық, ар-инабаттылық, адамгершілік мәселелерінің салмағы кемімеген, қайта арта түскен. Бас – аяғы жинақы, шағын әңгіменің жүрекке жетер сыры, кесіп айтар үкімі мен көкейкесті ойы бар. 1970 – 1980 жылдары қазақ прозасында осыған дейін жетекші жанр болып келген романның осы көшбасшылық рөлін бірте - бірте повесть пен әңгімеге бере бастағаны анық байқалады. Сондықтан нақ осы дәуір қазақ әдебиетінде повесть пен әңгіме жанрларының гүлденген дәуірі болды десек қателесе қоймаспыз.
Қай халықты алып қарасақ та, өзіне тән ұлттық дүниетанымы мен мәдениеті, әдебиеті болатыны сөзсіз. Соның ішінде қазақ халқы мәдени мұраларының байлығымен бүкіл әлем халықтарына белгілі. Қай заманнан болсын, қазақ халқы жетім – жесірлерін қорғап, қанатының астына алған. Бірақ, тағдыр тәлкісіне түсіп, өмірдің ащы дәмін ерте татқан жетімдер де жоқ емес. Осы аталған жетімдер бейнесі проза, поэзия жанрында көптеген шығармаларға арқау болған тақырыптардың бірі. Сол қорғансыздар бейнесін қағаз бетіне түсіріп, оқырманның жүрегінен жол тапқан жазушыларымыз - Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, Сайын Мұратбеков, Бердібек Соқпақбаев, Дулат Исабеков, тағы да басқа талантты жазушыларымыздың шығармалары бүгінгі жұмысымызға арқау болмақ. Қазіргі таңда жетім – жесірлердің күйін күйттеп, осы тақырыпта қалам тартып жүрген ақын - жазушыларымыз көп-ақ.
Жетімдер тағдыры – қазақ прозасында, оның ішінде повесть пен әңгімелерге көптеп арқау болған. Бұл тақырып - ғылым саласында толыққанды зерттелмесе де, бірсыпыра ғалымдарымыздың тіліне тиек болған. Әсіресе, балалар әдебиетінен кең орын алған. Жазбаша прозаның алғашқы баспалдақтарының бірі ретінде оқырман қауымға Мұхтар Әуезовтің «Жетім», «Қыр суреттері», «Қорғансыздың күні» деп аталатын әңгімелері жол тартты. Бұл шығармалардың көркемдік қызметі, құрылысы мен айтпақ ойы туралы өз кезінде ғалымдарымыз пікір айтып, лайықты бағасын да беріп үлгерген-ді.
Келесі осы тақырыпта қалам тартқан – Сайын Мұратбеков пен Оралхан Бөкей. Олардың туындылары жүректі елжіретіп, оқырманға ерекше күй сыйлайтыны жасырын емес. Өмірдегі қарапайым адамдардың бейнесін сомдай отырып, олардың сүйініші мен күйінішін бірге бөлісу – жазушылар әңгімелерінің басты арқауы. Олар жасаған кейіпкерлер бейнесі – әдебиетімізде өз орнын ала отырып, әр оқырман жүрегінде сақталды. Сайын Мұратбеков пен Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіндегі М.Әуезов, С.Мұқановтар алғашқы тіреуін салып кеткен жанрды одан әрі дамыта білді.
1. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 20- том.- Алматы: Жазушы, 1985. - 496 б.
2. Әуезов М. Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1987. - 176 б.
3. Дүйсенбаев Ы. Мұхтар Әуезов (Мақалалар, естеліктер). - Алматы: Ғылым, 1974. - 220 б.
4. Мұқажанова Р. М.Әуезовтің көркем прозасындағы беташар еңбегі.- 280б.
5. Пірәлива Г. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері . Афтореферат. - Алматы, 2004. – 251 б.
6. Ахметов Ш. М.Әуезовтің балаларға арналған әңгімелері. // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1995. - № 5. - 79- 85 б.
7. Мұратбеков С. Жусан иісі: Әңгіме/ Жұлдыз. - 1986. - № 3. – 94- 111б.
8. Абаған Б. Жусан иісіндегі Аян оқырмандармен жүздесті // Айқын. - 2012.- 28 тамыз (№ 160). - 3 б.
9. Мұратбеков С. Таңдамалы: Повесть және әңгімелер . - Алматы: Жазушы, 1981. - 480 б.
10. Уәлиханов Ш. Қазіргі қазақ прозасы шағын түрлерінің поэтикасы. - Алматы, - 1997. - 144 б.
11. Исабеков Д. Ай – Петри ақиқаты: Повестер мен әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1990. - 288 б.
12. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Том І. Повестер. –Алматы: Жазушы, 1994, - 495 б.
13. Егеубаев А. Сөз жүйесі. –Алматы, 1985. - 240 б.
14. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Том II. Әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1994, - 320 б.
15. Соқпақбаев.Б Алыстағы ауылда. Алматы, 1974. - 280 б.
16. Ерғалиев Ж. Жетімдік. Әңгіме // Әдебиет айдыны. - 2008. - № 26. - 9 б.
17. Мырзабеков М. Жетімнің көз жасы. // Жас қазақ үні. - 2003. - № 25 -26.- 8- 9 б.
18. Мүсірепов Қ. Жетім: Новелла / Жұлдыз. - 1966 . - № 6. - 74- 76 б.
19. Әбдікәкімов Т. Рауан. Алматы: Атамұра, 2000. - 144 б.
20. Ожигова С.И. «Словарь русского языка». Изд.: Русский язык. –Москва, 1988, -750 с.
21. Хамзин М. 60-80-жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы. Ф.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Алматы, 1997, -339 б.
22. Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Том I. Повестер. –Алматы: Жазушы, 1993, - 544 б.
23. Жарылғапов Ж. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық - эстетикалық мәселелері. Қарағанды, 2003, -175 б.
24. Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы: Санат, 2001. - 268 б.
25. Мұхтар Әуезов тағылымы: Әдеби сын мақалалар мен зерттеулер/ Құрастырған. З.Қабдолов.- Алматы: Жазушы, 1987. - 341 б.
26. Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов творчествосы. - Алматы: Жазушы, 1997.- 260 б.
27. Нұрпейісова А. М. Мағауиннің өнер тақырыбындағы шығармаларының көркемдік ерекшелігі. // ҚазҰУ Хабаршысы №4, 2005. – 177-179 б.
28. Аударматану (ғылыми – практикалық көмекші құрал) Құрастырған: Құлманов С. - Алматы: «Тіл» оқу – әдістемелік орталығы, 2008.
29. Исмакова А. Казахстанская художественная проза. Поэтика.жанр, стиль.Алматы, 1998 . -280 б.
30. Майтанов Б. Мұхтар Әуезов – суреткер: (Оқу құралы).- Алматы: әл – Фараби, 1996. - 124 б.
31. Байтанасова Қ. Кейіпкер табиғаты (М.Әуезов шығармаларындағы кейіпкерлер туралы ) //Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1997.- № 5-6. -27-30 б.
32. Әуезов М. Уақыт және әдебиет.- Алматы: Қазмемкөрбас.,1962. - 252 б.
33. Әуезов М. Анкетаға жауап // Жұлдыз.- 1991.-№10. -129 б.
34. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы. - 1992. - 280 б.
35. Әуезов М. Қилы заман: Әңгімелер және хикаят. - Алматы: Раритет, 2004. - 280 б.
36. Қабдолов З. Әуезов. Алматы: Санат, 1997. - 260 б.
37. Кекілбайұлы Ә. Кемел. // Егемен Қазақстан. 28 қыркүйек, 2007 ж. №306
38. Елеукенов Ш. Мағжан Алматы: Санат, 1995.-282 6.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ прозасында алдымен
шағын жанрдың әлеуметтік жүгі анықталып, оның адамдық, ар-инабаттылық,
адамгершілік мәселелерінің салмағы кемімеген, қайта арта түскен. Бас – аяғы
жинақы, шағын әңгіменің жүрекке жетер сыры, кесіп айтар үкімі мен
көкейкесті ойы бар. 1970 – 1980 жылдары қазақ прозасында осыған дейін
жетекші жанр болып келген романның осы көшбасшылық рөлін бірте - бірте
повесть пен әңгімеге бере бастағаны анық байқалады. Сондықтан нақ осы дәуір
қазақ әдебиетінде повесть пен әңгіме жанрларының гүлденген дәуірі болды
десек қателесе қоймаспыз.
Қай халықты алып қарасақ та, өзіне тән ұлттық дүниетанымы мен
мәдениеті, әдебиеті болатыны сөзсіз. Соның ішінде қазақ халқы мәдени
мұраларының байлығымен бүкіл әлем халықтарына белгілі. Қай заманнан болсын,
қазақ халқы жетім – жесірлерін қорғап, қанатының астына алған. Бірақ,
тағдыр тәлкісіне түсіп, өмірдің ащы дәмін ерте татқан жетімдер де жоқ емес.
Осы аталған жетімдер бейнесі проза, поэзия жанрында көптеген шығармаларға
арқау болған тақырыптардың бірі. Сол қорғансыздар бейнесін қағаз бетіне
түсіріп, оқырманның жүрегінен жол тапқан жазушыларымыз - Мұхтар Әуезов,
Оралхан Бөкей, Сайын Мұратбеков, Бердібек Соқпақбаев, Дулат Исабеков, тағы
да басқа талантты жазушыларымыздың шығармалары бүгінгі жұмысымызға арқау
болмақ. Қазіргі таңда жетім – жесірлердің күйін күйттеп, осы тақырыпта
қалам тартып жүрген ақын - жазушыларымыз көп-ақ.
Жетімдер тағдыры – қазақ прозасында, оның ішінде повесть пен
әңгімелерге көптеп арқау болған. Бұл тақырып - ғылым саласында толыққанды
зерттелмесе де, бірсыпыра ғалымдарымыздың тіліне тиек болған. Әсіресе,
балалар әдебиетінен кең орын алған. Жазбаша прозаның алғашқы
баспалдақтарының бірі ретінде оқырман қауымға Мұхтар Әуезовтің Жетім,
Қыр суреттері, Қорғансыздың күні деп аталатын әңгімелері жол тартты.
Бұл шығармалардың көркемдік қызметі, құрылысы мен айтпақ ойы туралы өз
кезінде ғалымдарымыз пікір айтып, лайықты бағасын да беріп үлгерген-ді.
Келесі осы тақырыпта қалам тартқан – Сайын Мұратбеков пен Оралхан
Бөкей. Олардың туындылары жүректі елжіретіп, оқырманға ерекше күй
сыйлайтыны жасырын емес. Өмірдегі қарапайым адамдардың бейнесін сомдай
отырып, олардың сүйініші мен күйінішін бірге бөлісу – жазушылар
әңгімелерінің басты арқауы. Олар жасаған кейіпкерлер бейнесі –
әдебиетімізде өз орнын ала отырып, әр оқырман жүрегінде сақталды. Сайын
Мұратбеков пен Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіндегі М.Әуезов, С.Мұқановтар
алғашқы тіреуін салып кеткен жанрды одан әрі дамыта білді.
Әдебиеттің тарихы да әр кезеңнен тұратынын ескерсек, әрбір кезеңнің
қайталанбас туындылар жасайтын мұзбалақтары болатыны белгілі. Кез келген
зерттеушіні, ең алдымен шығарманың мазмұны, айтпақ ойы, ізденіс тарапынан
жеткен жетістіктері қызықтырады. Қазақ прозасы осы күнге шейін қол
жеткізген табыстарға балалар қаламгерлері де өзіндік үлесін қосып отырды.
Сонымен бірге, жетімдер үйінде өсіп жетілген немесе өгейлік көрген балалар
тағдырын суреттеген жазушыларымыз да жоқ емес. Олар өз дәуірінде
жетімдіктің ащы дәмін татқан жеткіншектер бейнесін барынша шынайы жеткізуге
тырысты. Осы арада қазақтың ұлы қаламгері М.Әуезовтің Бүгінгі ағаның
ертеңгі үміті – шәкірт, ұрпақ осыны терең сезінуі керек [1, 365 б.], -
деген пікірі жетімдер тақырыбына келген әрбір қаламгерге жол көрсеткен
бағдаршам іспетті әсер еткені анық.
Бертін келе, әдебиеттің дамуы жайындағы кейбір жалған теориялар соның
ішінде, тартыссыздық, шындықтың сыртын жылтыратып бейнелеу сияқты ұғымдар
жойыла бастады. Елімізде демократиялық ұстанымдардың бұзылуы, қоғам
дамуының қайшылықтары өткір сыналды. Халқымыздың бай әдеби қазыналары
ғылыми тұрғыда зерттеле бастады. Осының негізінде әдебиет пен табиғатты
зерттеу саласындағы бұрынғы қателіктер түзетіліп, мәдени мұраны әділ
бағалауға жол ашылды. Осы ізбен әдебиет прозасына келген Ж.Ерғалиевтің
Жетімдік, М.Мырзалиевтің Жетімнің көз жасы, Б.Соқпақбаевтың Өгей
шеше әңгімелері, Д.Исабековтің Сүйекші, Тыныштық күзетшісі повестері,
Қ.Мүсіреповтің Жетім новелласы жас оқырманды өмір құбылыстарын танып-
білуге үндеп отырды.
Ал, 70-80 жылдар бұл бағыттың жетіле түскен уақыты болды. Әдеби
қазынамызда рухани эстетикалық серпіліс орын алды. Кеңестік қоғамда өмір
сүрсе де, өздерінен бұрын қаламгерлік еркіндігіне тұсау болған тың игеру,
жұмысшылар өмірі, партияшылдық, жеке басқа табыну сияқты тақырыптардан бас
тартып, заман шындығын көркемдік таным негізінде адаммен тығыз байланыста
қарастырды. Жалпы сол кезеңде әдебиетте адамтану мәселесі басты тақырып
болды. Ал, біздің қарастырып отырғанымыз сол адамтану тақырыбының ең өзекті
мәселесі – жетімдер тағдыры.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ прозасындағы жетімдердің әдебиеттегі бейнесі
арқылы қоғамдағы орнын айқындау.
Жұмыстың міндеттері:
Қазақ прозасындағы жетімдер мәселесін қарастыруда мынадай міндеттер
қойдық:

- Балалар әдебиетіндегі жетімдер бейнесін ашып, талдау.

– Жетімдер өміріндегі трагедия көрінісі, оның рөлін анықтау.

– Прозадағы жетімдер мотивінің ерекшеліктерін талдау.

– Жетімдер бейнесін ашудағы подтексттің рөлі.

– Шығармалардағы психологизм, портрет пен мінездеудің жетімдер
бейнесімен байланысын айқындау.

Жұмысының дерек көздері: Жетімдер тағдырына қалам тартқан
жазушыларымыздың шығармалары, психологизм, трагедия жайындағы теориялық
еңбектер, ғалымдардың зерттеулері, әдебиет сыншыларының мақалалары.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақ прозасы – әлем
әдебиетінің классикалық үрдісі деңгейінде дамып келе жатқан жанр. Оның
ішінде повесть пен әңгіменің алар орны ерекше. Көлемі шағын болса да, айтар
ойы анық әңгімелеріміз – оқырман қауымды баурап алады. Қазақ прозасындағы
жетімдер бейнесінің жалпы мәселелерін қарастыруда А.Байтұрсынов, М.Әуезов,
З.Қабдолов, Ы.Дүйсенбаев, А.Егеубаев, Р.Нұрғалиев және т.б. аға буын
ғалымдарымыздың тұжырымдары басшылыққа алынды.
Қазақ прозасындағы әңгіме, повесть жанрының түрлі мәселелерін арнайы
қарастырып жүрген және әдебиеттің тарихына, теориясына, сынына арнап іргелі
зерттеулер жазған көрнекті қазіргі әдебиеттанушы ғалымдарымыздың
(Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Ж.Жарылғапов, М.Хамзин, А.Ісмақова, Г.Пірәлиева,
т.б.) еңбектері жаңа бағыттағы зерттеулер үшін тың бастамашыл
тұжырымдарымен маңызды. Зерттеушілеріміздің тұжырымдарын жалғастыра
зерделеу, тұжырым жасау – жұмысымыздың өзекті мәселесі.

Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: талдау, салыстыру,
мақалаларды саралап талдау, өзара салыстыру, пікірлерді жинастыру.

Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні. Жұмыстың ғылыми нәтижелері мен
тұжырымдарын тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті дамуына арналған іргелі
зерттеулер және орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындары үшін оқу
құралдарын, оқулықтар жазуда, сонымен бірге арнайы курстар мен семинарлар
жүргізгенде көмекші материал, құрал ретінде пайдалануға болады.Сонымен
бірге дидактикалық, тәрбиелік бағыттағы мақсаттарға да қолдануға болады.

1 Повесть, әңгімелердегі образдар жүйесі

1. Балалар әдебиетіндегі жетімдер бейнесі. Жетім атауының көпшілігі
соғыс заманында ата - аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз
қалып отырғанынан, қиын - қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда
болған. Оның өзінде Тәуке ханның Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі
жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап
алуға беріп отырған. Жетім – ата - анасының біреуі немесе екеуi де
қайтыс болған бала болып табылады. Жетімдік – баланың психикалық
дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат
жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді,
өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл-күйі жабырқау болады.
Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне
деген сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-
танымдық талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. Х
- ХХ ғасыр аралығындағы жетім ұғымының анықтамасы - толық
жанұялық тәрбие көрмеген, ата-анасының бірі немесе екеуінің де
қайтыс болған бала. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық,
жалғыздық, ұяңдық секілді қылықтар. Осы аталған жетімдер тағдыры
өз кезінде әдебиет беттерінде де көрініс тауып отырды. Әсіресе
балалар әдебиетінде бұл тақырыпқа Әуезовтен бастап Мұратбеков,
Бөкей, Соқпақбаев, Исабеков сынды көптеген жазушыларымыз қалам
тартты. Кейіпкерлердің тағдырлары әр қырынан сипатталса да,
барлығына ортақ қайғы – олардың жетімдігі. Әдебиетте басты нысана –
әдеби бейне, яғни, кейіпкер деп білсек, жарқырап киім кимеген,
жарытып ас ішпеген, жетімдік дертін арқалаған жетімдер өмірі тым
аянышты. Аталған авторлардың шығармаларын саралай отырып,
кейіпкерлердің өз сөздері мен эмоциялары арқылы, олардың мінез
ерекшелігі мен табиғатын тануға ат салысамыз.
Әдебиеттің басқа да салалары тәрізді балалар әдебиетінде де М.Әуезовтің
өзіндік орны бар екені белгілі. Осы орайда балалар әдебиеті ерекшелігі
хақында арнайы пікір айтқанын атап өткіміз келеді. Мәселен, Ертегілер
еңбегінде халықтық шығармалардың қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін
айқындап берсе, Әр жылдар ойлары кітабында жастар мен жасөспірімдердің
оқитын кітаптары тобына жататын шығармаларға біршама назар аударылды.
Қаламгер балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлумен
қатар, өзі де балаларға арнап бірнеше әңгімелер жазды. Олардың қатарында
Көксерек, Жетім, Бүркітші, Қорғансыздың күні әңгімелерін және
Қараш- Қараш оқиғасы повесін жатқызуға болады. Осы шығармалар арасында
Әуезов жетім - қорғансыз жандарды да толықтай зерделей білді.
М.Әуезовтің Жетім, Қорғансыздың күні әңгімелері әлеуметтік
мәселелерді жан-жақты көрсете білген шығарма. Бұл әңгімелерде қорлық-
зорлыққа шыдай алмай, әке-шешесінің қабірлерін іздеп шыққан жетімдер –
Қасым мен Ғазизаның қазаға ұшырауы суреттеледі.
Жетім әңгімесіндегі басты кейіпкер - жас бала Қасым. Шығармада он
жасар Қасымның қиын да күрделі тағдыры, аянышты халі берілген. Әжесі дүние
салған сәттегі Қасымның қайғысын жеткізгенде, суреткер баланың өзіндік
психологиясын, ұғымын, сөйлеу тілін шынайы бейнелеген: - Әжетай, мені
кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің? Менің шынымен сорлы, жетім
болғаным ба? [2, 52 б.]. Қасымның ендігі тағдыры тірліктегі өмір жолы,
бәрі-бәрі әжесі аманаттап тапсырып кеткен Иса мен оның көкбет, қатыбас,
долы әйелі Қадишаның қолында.
Әңгіменің еріксіз адам аяушылығын тудыратын тұсы бар. Ол онсыз да
тағдырдан таяқ жеп, тағдыр тауқыметін арқалап жүрген Қасымға берген
Қадишаның қарғысы мен Исаның аяусыз соққыға жығуы. Бұл не деген сөз? Сонау
бір қараңғылық ықпалынан шыға алмаған қара ниетті жандар Қадиша мен Иса
расында, жүрегі мүлдем тасқа айналып, мейірім танытпай топастық танытуы -
сол қоғамның әлсізді аямайтын, тағылық мінезі мен жыртқыштық пиғылын дәл
керсетеді. Табиғатынан бауырмал қазақ халқының мұншалықты ұсақталып, жүрек
мейірімінен айырылу себебі неде? Жауап тағы біреу. Сол заманның әлеуметтік
тұрмысы бүріп жіберген, сүреңсіз пендешілік ниеттің үстемдік алуы, әлсізге
күш керсетуді, қорлау, қанау - кәдімгі өмірдің қалыпты ғана ісі, заңы деп
таныған пендешіліктің қасақ да пасық ой түюінен. Қасымның жетім тағдыры:
жалғыздық пен қорғансыздығы, ертеңгі күнге деген сенімсіздігі және іштен
түйықтанған жатбауырлық мінез табуы - сол қоғамның ісі. Иса мен Қадишаның
дүниеқоңыздығы Қасымның әке -шешесінен, әжесінен қалған азын-аулақ он шақты
қой, он шақты ірі қараны талан-таражға салуы - Қасым бойына жиіркеніш
сезімін тудырып кана қоймай, сонымен катар сол қылықтарына қарсы жауап, өз
құқығын қорғауға итермеледі. Әне бір көк саулық пен қарабас қойды соғымға
жібереміз. Қасқа сиырды сойып, үй ішіне, бала-шағаға саудагерден пұл
аламыз [2, 53 б.],- деп Қасымның дүниесін жаудан, шабындыдан түскен
олжадай ашкөздікпен бөлісуі - бала жүрегіне шын жетімнің халін көрсетіп,
жетімдіктің қайырымсыз қара қамытын кигізеді. Осы әңгімеден қазақ даласына
дендеп кірген сауда дүниесінің болмысын көреміз. Шындығын айтсақ, Иса да
Қадиша да саудагер, алып-сатар, дүниешіл пиғылдағы адамдар екенін танытады.
Қасым өмір кешкен қоғамның гуманистік мінездерден мүлдем мақұрым болғанын
әңгіме желісінен байқаймыз.
Қасым - осынау озбыр қоғамның зұлым әрекетіне қарсы шыға алмай, тағдыр
жазуына еріксіз мойынсұнған қорғансыздардың әлеуметтік тобының өкілі.
Қасымды даралай көрсете түскен жазушының ерекше шеберлігі де әңгіме
желісінен мөлдірей көрінеді. Иә, Қасым әбден дараланған образ. Даралық
тұстарын санамалай кетсек... Исаға тас лақтырып өзінің қауқарсыз болса да
ажал алдындағы тұяқ серпуіндей әлсіз ғана бір болмашы әрі өр қарсылығы.
Әрине, жетім балалардың баршасы асыраушысына қаншалықты ызаланса да қол
көтеруге батылы бара бермейтіні акиқат. Ал, біздің кейіпкер Қасымның және
бір даралығы аруақ сыйлайтын ер қазақтың мінезін көрсетті. Бірақ қанша ер
мінезді болса да, тағдыр теперіші мен аға-жеңгесінің тарапынан көрсетілген
қорлыққа шыдай алмаған жас бала ажал құшады.
Аянышты, тіпті әрбір оқырманның көзіне жас әкелетін осы әңгіменің тек
балаларға емес, алдымен бала тағдырын ойлауға тиісті үлкендер үшін де
жазылғаны белгілі. Біздің көңіл бөлетініміз – туындыгердің бұл шығармасында
бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденісі бар екені белгілі. Осы орайда
Ы.Дүйсенбаевтың мына бір пікірі ойға оралады: Жетім шығармасы бір ғана
ипизодтан тұрады. Қорлық - зорлыққа төзе алмай, әке – шешесі мен әжесінің
қабірлерін іздеп шыққан жетім бала Қасымның қазаға ұшырауы [3, 12 б.].
Расында, осы бір шағын ипизодқа жазушы біраз дүниені сыйғыза білген.
Қасымның өлімін суреттеу сәтімен автор ескі ауылдың ауыр тұрмысын, тұйық
тіршілік қоршауында азап шеккен қарапайым, дәрменсіз жанды нанымды
суреттеген. Осылардың бәрін саралап жатпай, сараң баяндау, жеке болмысты
қонымды суреттеу арқылы көкейге ұяларлық шындықты ұсынған. Балалар
тарапынан туындайтын ой, Қасымды қаһарман ретінде бағалау. Жалпы айтқанда,
жетім психологиясын дәл беру шеберлігі балалар өмірін жазу бағытындағы
үлкен ізденіске апарар жолдың басы деуге болады.
М.Әуезовтің тағы бір балалар әдебиетінен орын алатын әңгімесі -
Қорғансыздың күні. Бұл шығарма кешегі әлеуметтік таптар арасындағы
қатынас, қорғанын таба алмаған қорғансыз жандардың ащы тағдыры және олардың
ішкі психологиясы тереңнен көрсетілген. Р.Мұқажанова ол туралы:
Қорғансыздың күні арқылы ол заманның шынайы көрінісін, ащы шындығын,
тұтас бір қорғансыздар әлемінің мұң-зарын көрсетіп, оқырманның ішкі сезімін
оятарлық жан түршілерлік оқиғаны баяндайды. Осы ащы, зарлы шындықты
жеткізуде Әуезов асқан шеберлік танытты: оқиғаға қатысушы адамдардың тамаша
портреттерін жасап, онысымен әрекет иелерінің мінез – құлқын да берді.
Табиғат келбетін суреттеу арқылы адамның ішкі толғанысын , сонымен қатар
болар істің хабарын берді, тамаша композиция құра білді [4, 240 б.]. Бұл
ретте Пірәлиева Гүлзия Жайлауқызы да өз пікірін білдіріп өтеді: Әуезовтің
алғашқы әңгімесі Қорғансыздың күнінде көтеріліп отырған мәселесі –
мәңгілік тақырып – әлдінің әлсізге көрсеткен озбырлығы. Бұл бір қараған
кісіге бай мен кедейдің таптық күресі секілді көрінгенімен, әңгімедегі
көтеріліп отырған көкейкесті мәселе – жетім мен жесір тағдыры [5, 72 б.].
Расында, Қорғансыздың күні әңгімесі тақырыбынан – ақ бір сұмдық
оқиғаны баяндағалы тұрғанын сездіреді. Әңгімеде қорлықтың құрбаны болған
жас Ғазизаның тағдыры мен жоқшылық суреттеледі. Үстем тап өкілінен көрген
жан, тән азабынан Ғазизаның пәктігі ада болады да, өзін өлімге байлап
береді: Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта жадыраған ізі
де қалған жоқ. Балалық жүзінде: Менде жазық жоқ, мен тазамын деген ашық
тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар.
Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақ түтегінен адасып
өліп, мәңгі толас тапқандай [2, 22 б.].
Әуезовтің балаларға арналған әңгімелерін сараптаған Шынар Ахметова
былайша ой түйеді: Сөз жоқ, Жетім, Қорғансыздың күні, Көксерек
әңгімелері алдымен үлкендерге арналып жазылғанын естен шығармауға тиіспіз.
Әйтсе де, бұл шығармаларда жазушының бала психологиясын беру шеберлігі бәрі
– балалар өмірін игерудің алғашқы баспалдағы екені анық [6, 84 б.]. Жалпы
балалар әдебиеті дегенде, оның тап-таза жеке түрін ғана іздемей, оның
негізінен алғанда үлкендерге арналған әдебиет ішінде де кішігірім эпизод
түрінде кездесетініне баса назар аударғанымыз дұрыс.
Балалар әдебиетінде өзіндік алар орны бар келесі жазушы – Сайын
Мұратбеков. Бұл жазушының өзіндік ерекшелігі де бар. Ол оқиға мен
кейіпкерлерді іздемейді, өзі көріп білген адамдардың тағдырын сипаттайды.
Яғни, ол тудырған кейіперлердің өзі өскен ауылда протатиптері болуы әбден
мүмкін. Сайын ағаның өзі Жусан иісі туралы - Бұл біздің ауылдағы соғыс
кезіндегі балалардың тағдырынан жинақталған,- деп еді. Сол жолы күліп
отырып, мына әңгімені еріксіз еске түсірген: Аянның тағдыры тым аянышты.
Жусан иісін ұмыта алмайтын баланың ауылды, жусанды ұмытып кетуі мүмкін
емес. Әңгімедегідей бізде Аянның Жусанды ауылға қайтып оралуын тілеп едік.
Әңгіменің тым шынайы жазылғандығынан болар, жерлестерім ол шығарманың
бойынан өздерін іздеп, өз болмыстарын танып жататындығы [7, 110 б.].
Жақында Жусан иісіндегі Аян қайтып оралғандығы жөнінде Айқын
газетінен Б.Абаған хабарлады. Аянның протатипі – Науқан Керімов. Қазіргі
кезде Талдықорғанның Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылында тұрады. Еңбек
ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында 15 бала бар. Естеріңізде болса,
Сайын ағаның осынау әңгімесі былайша аяқталады: Шынында, бұл күнде Аян
қайда екен? Ондай бала тірі болуы керек. Ал тірі болса, Жусандытөбеге бір
оралмауы қалай? Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой [8, 3б.]. Сайын
Мұратбековтің қаламынан туындаған әрбір туынды балалар жүрегінен мықтап
орын алған. Оның Жабайы алма, Жусан иісі атты повестері соғыс
салдарынан жапа шеккен балалар тағдырын суреттейді. Соғыс зардабынан
әкелерінен айырылған жеткіншектер тағдыры жазушыны бей-жай қалдырмағаны
анық. Әсіресе, Жусан иісіндегі жетім бала – Аянның өмірі. Әжесінен
қорған іздеген Аян соғысқа кеткен әкесін күтеді. Оған сандаған хаттар
жазады. Балалармен бірігіп ойнағаныман, Аянның олардан ішкі жан дүниесі
ересек көрінетін. Тағдырдың теперішін көп көрсе де мойымаған Аян, әжесі
өлгенде де өзін жігіт санап, көзіне жас алмаған батыл бала: Жарғақ сары
тон киген Аян, күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-
боз есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші-қолаң әйелдер бір-бірімен
шуылдаса көрісіп, азан-қазан боп жатқанмен ол көзіне жас алмапты [7, 97
б.]. Аянның ақылдылығынан болар, ауыл балалары оны үйірсектеп, жанынан
бір шықпайды. Аянмен достасуға барлығы құштар. Кейде момын, кейде ызаланып,
ашуын да көрсете білетін. Аян – бәрінен де ертегі айтқанды жақсы көретін.
Шығарма соңында әрбір оқырманға ой тастай отырып аяқталатын Сайын
Мұратбековтің кейіпкерінің тағдыры біз үшін беймәлім. Бірақ, автор оның
алдағы өмірі жарқын болуы керек,- деп байлам айта кетеді.
Жазушының Аянға ұқсас кейіпкері де бар. Ол – Жанболат. Жанболат та Аян
секілді әке-шешеден жетім қалған. Әңгіме авторлық баяндау арқылы жазылған.
Яғни, автор да осы әңгіменің ішінде етене араласып жүреді, бірақ өзінің кім
екенін оқырманға сездірмейді. Мұратбековтің осы Жанболат әңгімесі
Әуезовтің Жетім әңгімесімен ұқсастықтары кездеседі. Жанболат та Қасым
секілді әке-шешесі қайтыс болған соң, ағасы мен жеңгесінің қолында қалады.
Екеуінің ендігі тағдыры солардың қолында. Жеңгелері ызақор, долы әйелдер.
Жанболаттың жеңгесі: Япырай, мына, көктей солғыр жетімекті – ай! [9, 39
б.] ,- деп қарғап – сілей жөнелсе, Қасымның жеңгесі де қатігез, мейірімсіз
жан болатын. Жанболат жетім қалған соң, осы ағасы мен жеңгесі үйін
иемденіп, мал - мүлікке бас - көз болған сыңай танытады. Жеңгесінің бар
уайымы да сол - Жанболат өссе, мал - мүлікті тартып ала ма деп қауіптенеді.
С. Мұратбеков әңгімелерін тереңнен зерттеген Уәлиханов Шардияр Жанболат
әңгімесі турасында былайша пікір білдіреді: Жанболат – батыл кейіпкер. Ол
ағасы мен жеңгесіне ашуланбайды да. Керісінше, олардың ұсақтығы мен
бейшаралығына налып, мүсіркей қарайды [10, 77 б.]. Қанша жетім болса да,
Жанболат батыл, өз пікірін айқын білдіреді. Бұдан шығар қорытынды,
жетімдердің барлығы қорқақ, ынжық емес екендігін көрсетеді. Жанболат жұмыс
істеп, өз еңбегімен ақша тапқысы келеді. Және бұл ойын аға-жеңгесінің
қарсылығына қарамастан іске асырады. Колхозда еңбек етуге бел буды.
Әңгіменің аяғы да үміт берумен, Жанболаттан жақсы азамат шығатынына сенім
білдірумен аяқталады.
Қаламгерге тән жазу мәнері - көркем әдебиеттің ең басты объектісі.
Адамды, адам жанының терең иірімдерін қапысыз тани білетін талантты
суреткерлеріміздің бірі – Д.Исабеков.
Дулат ағамыздың қаламынан бүгінге дейін оннан аса повесть, көптеген
әңгімелер, драмалық шығармалар туған. Тоқырау деген таңба басылған
кезеңмен тұспа-тұс келіп, бұл кезеңнің зар-зардабын замандастарымен бірге
бөліскен жазушының шығармаларында замана келбеті көрініс тапты.
Жазушының Сүйекші, Тыныштық күзетшісі повестерінде жалғыздық,
жатсыну мәселелерін қозғайды. Автор кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне
терең үңіле отырып, оның қайғы-мұңының негізгі себебі неде екенін ашып
береді. Әрі бір ерекшелігі осы екі шығарманың басты философиялық ой түйіні
Өмірдің мәні неде? деген сұраққа келіп тіреледі, оқырманның ойына түрткі
салады. Адамдардың қазіргі қоғамымызда да рухани құлдырауы жиі кездеседі.
Автор еңбегінде осы трагедиялық образдар арқылы бұл қоғамның үлкен
трагедиясы екенін астарлы оймен жеткізеді. Адамның туған туыстарынан
айырылып, тіпті, өзінің кім екенін ұмытып, кейде тірі, кейде өліге айналып
кету қаупін көрсетеді. Адам атаулының бойындағы ең басты құндылық – рухани
байлығы, адамгершілік, мейірімділік, бір - біріне деген қамқорлық болмаса,
осындай трагедиялық жағдайларға әкеп соғатынын аңғартады.
Исабековтің осынау Сүйекші мен Тыныштық күзетшісі аталатын
повестерінің басты кейіпкерлерінің тағдырлары ұқсас. Екеуі де жындыға
телінген, айналасындағы адамдар тарапынан жатсынуға ұшыраған, бейкүнә
жандар.
Балалық шақтың қызығы мен қиындығы жайлы, өткен өмірдің жүрекке тастап
кеткен қуанышы мен қайғысы туралы, әсіресе, соғыс жылдарындағы күлкіге
сараң, мұңға жомарт қысталаң да ауыр шақтары жайлы талай шығармалар
жазылғаны белгілі. Міне, осы аталған соғыс зардабының жай-жапсарын
Д.Исабековтің Тыныштық күзетшісі повесімен танысу арқылы біле аламыз.
Аталған шығармада соғыс кезеңінің иықтан езген жадау да жабырқау күйге
түскен қарапайым адамдардың тағдыры суреттеледі. Бірақ, баланың аты қашанда
бала. Олар ішерге тамақ, киерге киім таппаса да, бейғам күлкіге дайын
тұрады. Шығарманың басты кейіпкері бүкіл ауыл үдере қашатын Демесін. Ал,
Демесін болса, осы кезге шейін біреуге күш көрсетіп, қиянат жасап көрген
емес. Автордың суреттеуінше: Оның әке-шешесін ақ бандылар алты жасар
Демесіннің көзінше атып кеткен. Содан ол кеңкелес боп қалған көрінеді [
11, 72 б.].
Шығармадағы әр кейіпкердің өз қайғысы жеткілікті. Күйеуінен қара қағаз
келсе де ауыл адамдарының көңілін түсірмес үшін жасырған Ардақ, әкесі
майданда өліп, шешесі боранда адасын өлген Хадиша мен оның төрт жасар
інісі, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппай ауыл адамдарын шеттен
келген жаулардан қорғаймын деп жан ұшырып жүрген Демесін – бәрі-бәрі
біреулер кішкентай ауыл деп, біреулер Есалаң аулы, енді біреулер
Демесін аулы деп айдар таққан ауылдың тұрғындары. Жетімдіктің тауқыметін
тартқаны аздай, одан бар адам әзірейлі келе жатқандай қашатыны Демесіннің
жанына бататын. Тіпті ауыл тұрғындарының кейбіреулері Демесінді
жындыханаға жабу керек!- деген секілді сөздер айтып қалатын.
Иә, соғыс құрбандық таңдамайды! Осылайша ауыл тұрғындарын жаудан қорғап
жүрген Демесін өзі де бақилық болды. Ол кеткен соң ауыл үстін қорқынышты да
тылсым тыныштық басты.
М.Әуезов: Біздің әдебиетіміз ұлы орыс әдебиеті мен мәдениеті кешіп
өткен шыңдала шынығу дәуірін бастан кешкен жоқ. Сол себепті біздің
жазушыларымыздың мойнында тұрған аса жауапты міндет-оқушыны тәрбиелегенде
оның мәдениетін көтеріп, білімін тереңдетуіміз керек. Олай болса,
әдебиеттегі интеллектуал дәстүрді туғызып, өсіре беруіміз керек [1,486б.],
- деген еді. Бұл ойы шынымен орындалған сияқты. Әлеуметтік өмірдегі әртүрлі
оқиғаларға үн қосып, онда да асығып-аптықпай, әліптің артын бағып, әбден
жетіліп, тиісті бағасын алған соң барып, болған жағдайларды жазуға отыратын
қаламгерлердей емес, Оралхан Бөкей бүгінгі таңда қылаң беріп келе жатқан
құбылыстарға назар аударып, өзі көтеретін мәселені тереңнен қозғап, түп-
тамырын қопара көрсетуге ұмтылды. Сол үшін жазылуы ұзақ уақытқа созылмайтын
ұшқыр жедел жанрға жүгінді. О.Бөкей-өр Алтайдың аясында туып, өзінің
сүйікті оқырмандарына жаңаша көркем сипатпен келген қажырлы қаламгер. Ол –
қазақ прозасына романтикалық сарын, өзіндік философиясын қоса ала келген
дарын иесі. Жазушы шығармашылығы туралы алыс-жақын шетел жазушыларынан
бастап, қазақтың маңдай алды жазушылары, сыншылары бір сыпыра жазды.
Оралханды және онымен тұтас тегеурінді суреткерлерді тудырған замана
толғағы біреу болғанымен, сол Оралханның шығармашылық әлемі мүлде оқшау
құбылыс болғанын мойындаймыз. Кез келген дарын иесі сияқты Оралхан да
халқының тағдыры қыл үстінде ілініп тұрғанын ертерек сезінген суреткер.
О.Бөкей өзі: Әйтеуір не жазсам да өз заманымды сол заманда табан ет,
маңдай терімен жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге
тырысамын [12, 3 б.], - дейді. Осы сөзінің дәлелі болатын автордың
Тортай мінген ақ боза ат әңгімесі арқылы жалғыздықты жанына серік еткен
Тортай тірлігінің қайталанбас суреттерін бедерлеп түсірген. Асқар Егеубаев
ағамыздың тілімен айтсақ: Жазушының шығармасы – ХХ ғасырдағы қазақ
ауылының күрделі полотносы [13, 4 б.], - дейді .
Оралхан ағамыздың шығармаларында оқыған сайын жүрегіңді жаншитын өршіл
рух, мұңлы сағынышқа толы әдемі сезім, өзіңді өзіңе танытатын қиын қыстау
кезінде өмір үшін күресе алатын рухы күшті кейіпкерлерді кездестіреміз.
Небәрі 4 беттен тұратын шығарманың айтар ойы орасан. Бұл Тортай мінген ақ
боз ат атты әңгімесі еді. Оралхан бұл әңгімесін жазарда Әуезовтің стиліне
салып, табиғатты суреттеуден бастайды: Шілденің дәл ортасы болса да, бұл
жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді.
Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жайма-шуақ сәтінде, төбеңнен
көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып
ойнайсың [14, 8 б.]. Жалпы көп жазушыларымыз осы стильді ұстанады.
Оралхан да осылайша бастап, әңгімені одан әрі өрбітеді. Яғни, автор
әңгіменің ішінде өзі де бар. Және айтпағы бұл емес, өзінің досы Тортай
жайында: Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала
болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының
есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар,
бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді [14, 9 б.]. Я, Тортай Жетім
болатын. Кітапты серік еткен, Тортай оқуды жақсы көретін. Бұл кейіпкер
С.Мұратбековтің Жусан иісіндегі Аянды есіңізге түсіре ме? Расында, сюжет
ұқсас. Тортай да, Аян секілді жетімдер жайлы ертек айтатын: Баяғыда бір
жетім бала болыпты.... Неге, жетімдер жайлы ертегі айтады екен? деген
сұрақ келеді көкейімізге. Ол жетімдердің шын өмірде бақытты болмаса да,
ертегіде бақытты болып, мұратына жетіпті,- дей отырып, қоғамға, оқырманға
ой салғысы келеді. Болашақта үлкен жазушы болғысы келеді. Бірақ, күндердің
күнінде Тортай бүкіл кітабын Оралханға береді. Ораш, осы кітапты сен
оқышы, үлкен адам болшы, жазушы болшы, - деп. Мен ауылдың қойын бақсам да
күнімді көремін ғой. Саған үлкен үміт артамын, - дейді. Сонда бала кезден
өмірдің философиясын түсініп отыр.
Әр жазушың жазу стилі әр түрлі. Әуезов, Исабековтер жетімдіктің бар
тауқыметін тартқан кейіпкерлерін шығарма соңында өлімге қиса, керісінше,
Мұратбеков, Бөкей, Соқпақбаевтар кейіпкерлерін батыл, төзімді етіп
суреттейді. Б.Соқпақбаевтың Өгей шеше әңгімесі қарапайым өмірден алынған
оқиғаны сол қалпында баяндайды. Бір күннің ішінде өгей шешелі болған автор
өз басынан кешкен оқиғаны ортаға салады. Кейіпкердің өз тілімен айтсақ:
Мен міне тағы да Қостөбедемін. Құттықтап қойыңыздар - өгей шешелі болғам.
Күлімбала түтетіп отырған түтін сөнгеннен кейін басым ауған жаққа қаңғып
жөнелмей, енді өгей шешені де бір көрейін, көрмегенім осы еді деп, Күміс
дейтін адамның қолына келдім [15, 3 б.]. Осылайша басталған әңгіме
анасынан айырылған қос жетімнің өгей шешеден көрген азаптарын суреттеумен
жалғасады. Өзі естияр болғасын, үш жасар інісінің ендігі өмірі оны қатты
алаңдатады. Ол деп отырғанымыз -автор. Туған шешесі қайтқалы бері қараусыз,
лас боп жүретін інісі екі рет ауруханаға түседі. Бірде су орнына аптол ішіп
қойса, бірде қолын күйдіріп алған. Тұрдыбекке тағдырдың сыйлаған мешелдігі
аздай, енді дәрігерлердің сауатсыздығыан саусақтары жабысып, қалақ болып
қалады. Автор бұның бәріне інісіне қарамаған өгей шешесін кінәлайды. Жас та
болса, бас бола білген кейіпкеріміз болашақта жазушы болуды армандайды.
Осы сарындас Ж.Ерғалиевтің Жетімдік атты әңгімесі бар. Бұл әңгімеде
де анасы қайтыс болған Әсел мен Әсет және оның әкелерінің тіршілігі
суреттеледі: Бір үйлі жанның жетімсіреген тіршілігі, міне, осылайша
жалғасып жататынды. Ауыр сырқаттан дүние салған Ақнұрдың мына екі бірдей
жетімегінің қазіргі көңіл- күйлері бейуақ іңірдің тылсым қараңғылығымен
бірге күңгірттеніп барады[16, 9 б.]. Тірі адам тіршілігін жасайды. Осылай
жалғасып жатқан өмірге өгей шеше келіп араласады. Бұрынғыдай емес, әкей
бұлардан гөрі жаңа әйеліне көбірек назар салатын сияқты. Уақыт өте келе
жұмсақ дауысты өгей шеше, нағыз долы әйелге айналып шыға келді: Ішіп
болсаңдар, кетіңдер, жетімектер! [16,8 б.], - деп өгейліктің тағы бір
өткір найзасын сұғып алды. Әкесін үгіттеп, қызын интернатқа, ұлын күндіз –
түні қарайтын балабақшаға орналастырып тынды. Я, расында өгей шеше
өгейлігін танытады екен ғой. Тірілей әкелерінен де айырылған олардың алдағы
өмірі бұлыңғыр.
Медицина саласында жүрсе де, өмірбаяндық кітап жазған М.Мырзалиевтің
балалық шағы аянышты. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан барлығы белгісіз
деп атап кетен бұл баланың аты - Қайсар болатын. Орысша тәрбиеленген Қайсар
ана тілін түсінбейді. Арада уақыт өткенде бір ауылдық жерден Алыс
жамағайыны Жексен келіп асырап алады. Екеуі екі тілде сөйлейтін
жамағайындар әзер түсініседі. Бірақ, барлығы басқаша болып шығады. Яғни,
Қайсарды жұмсау үшін асырап алған екен. Енді оның ішкені ірің, жегені желім
болды. Өз тілімен айтсақ: Өлместің қамын жасап, тоқал ешкілердің емшегін
сорып, шикі сүтпен жүрек жалғаймын, шикі дүмбіл, жуа, сарымсақ, жабайы
алма, бүлдірген жеп күн көрдім... [17, 9 б.]. Осылай өмірі қорлықпен өтіп
жатқан бала өз бетімен әріп танып, газеттер оқи бастаған Қайсар үйінен
қашып шығып вокзалға келеді. Қолында тек кітаптары бар. Сондықтан ол өзінің
жетімдігін ойлап күрсініп қояды. Оның алдағы өмірі белгісіз...
Ендігі келесі бір кейіпкеріміз жетім, бірақ оның баласы жетім бомаса да
жетім деген сөз оған қосақталды. Неге? Бұған Қ. Мүсіреповтің Жетім атты
новеласы жауап береді. Мәкәрім жетімханада өскен жетім бала. Әке-шешесі
қайтыс болғанда, жетімханаға өткізіп жіберген. Ана сүтімен келетін ана
тілінен ада болғанына Мәкәрім өкінеді: Ата-анасыз өскен жетімдігім-ана
тілімді білмегенімнен көрінеді екен ғой, тілін білмеген адам жетім емей
немене? [18,76 б.].
Кешегі Әуезов қалдырған жетімдер тақырыбы қазіргі сәтте тірі жетімдер
мәселесіне ауысқан . Я, Мәкәрім өз баласының жетім аталуын түсінбей дал: -
О, Мәкәрім, біз сенің балаңды интернет – пансионға алдық, жетім деп, жетім
деп... [18, 74 б.]. Мына қасіреттен сомдалған суық сөздер Мәкәрімнің
құлағына тағы да солқылдап естілді. Мәкәрім өз баласын қалай қолдан жетім
жасағанын сезбей де қалды. Шындығында, барлығы тәрбиеге байланысты секілді.
Бір данышпан айтқан екен: Отбасы болу үшін, оның мүшелерінің туыс болуы
міндетті емес,- деп. Бұған М.Мағауиннің Бір атаның балалары повесі
дәлел.
Міне, біз талдаған жетімдер тағдыры сан түрлі. Бірі тас жетім болса,
бірі өгейлік өксігін көргендер. Жетімдер тақырыбы прозада, поэзияда үнемі
көтеріліп, коғамның індеті, адамдардың мейірімсіздігін сипаттауда. Осынау
жетім тақырыбын бар қасіретімен ашып көрсете білген Тыныштықбек
Әбдікәкімовтің Жеке қоныр өлеңі жоғарыда аталаған барша кейіпкерлерімізге
арналағандай:
Қайта-қайта маңырап қоңыр қозым,
Суландыра бердің-ау көңіл көзін.
Қозысы едім менде бір қоңырлықтың,
Көп өксіктен көкірек сөгілгесін...
Жалғыздық тұр түріңнен байқалып шын.
Сол шындықты қосыла айталықшы.
Жетім зарын ұкпайтын жандар да бар,
Желіні жоқ мал сені қайдан ұқсын!
Жетімдікті солайша мал да сынар,
Жырым-жалғыз, мен-жалғыз,
Сен бе сыңар?...
Жүр, іздейік, біздерді түсінетін,
Кім біледі, біреулер бар да шығар?! [19, 10 б.]
Жоғарыда талқылаған мәселелеріміз – жетімдер тағдыры. Жазушыларымыз
бастан өткен оқиғаларды тілге тиек етсе, тіпті бірі қоғамның мәселесін
шыңғырта жазды. Бұл тасбауыр болып бара жатқан қазақтарды райынан қайтару,
жетімдерге қол ұшын созу керектігінен туындаған әдеби көрініс.

1.2 Жетімдер бейнесін жасаудағы подтекстің рөлі. Прозадағы әңгіме мен
повестерге тоқталмас бұрын подтекст терминінің төңірегіне қысқаша
тоқталып өтейік. Жалпы подтекстке анықтама сөздікте былай береді:
Внутренний добавочный смысл текста, высказывания чувства и мысли,
которая вкалыдваются в текст чтецом или актером [20, 441 б.]. Бұл термин
негізінен лингвистика саласында тереңірек, әрі кеңірек қаралады. Ал, көркем
әдебиеттегі орнына тоқталсақ, ХХ ғасырдың басында ең көркейген, дамыған
кезі еді. Орыс әдебиетінде подтекст Э.Хеменгуэй шығармалары үлгі болған.
Орыс әдебиетінде подтекстті Андрей Плотонов қарастырған.
Ашық айтылмайтын, бірақ шығармалардағы ең салмақты ойын жасырып тұратын
сана түкпіріндегі ой процесі. Әдебиетте подтексттің негізінде шығарманың
қоғамда адамдармен бірге өмір сүретін қомақты да, күрделі мәселелерді
оқырман назарына жеткізетін бірден-бір таптырмас терең ой құралы.
Енді О.Бөкейдің, Д.Исабеков, М.Әуезов тағы басқа авторлардың
шығармаларындағы подтекст қандай терең мағыналарды, ойларды қозғағанына
назар аударайық. Алдымен О.Бөкейдің Тортай мінген ақ боз ат шығармасына
тоқталсақ, мұнда бас кейіпкер Тортай ақ боз атқа көп көңіл бөледі.
Неліктен? Бұл арқылы автор не айтқысы келеді?
Тортай көзі жайнап, астындағы жақпар тасты тебініп-тебініп қалғанда,
ар жағындағы шатқалға құлап кетеді екен деп, зәре-құтым қалмайды. - Ақ боз
ат демекші, түнде түсімде көк өгізім арғымақ болып, жер тарпып кісінеп тұр.
О несі екен? - деп, бұзауларымен бірге кәперсіз оттап жүрген өгізіне күн
сап қарады. Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің, - дедім мен шын
көңілімнен [14, 10 б.].
Шығармада ақ боз ат - уақыт символы ретінде берілген. Өмір өтіп бара
жатыр, бірақ адамның білетінінен білмейтіні көп, уақыт та, білім де шексіз.
Оны түгел танып-білу мүмкін емес екенін көрсетеді. Бұл жерде ақ боз ат -
подтексттік деталь ретінде қызмет етіп тұр. Яғни, подтекстті ұғыну үшін
автор шығармасында осындай детальдар арқылы, кейіпкерлер арқылы бір-екі
ауыз сөз негізінде береді.
Ал, С.Мұратбековтің Жусан иісі повесіндегі жусан – сағыныш символы
қызметін атқарады. Шығармада жусан бірнеше рет негізге алына отырып, Аянның
әкесіне деген сағынышын жеткізеді. Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды
көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке
дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның
иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ-
ұзақ иіскедім [7, 101 б.].
Пенденің бір басында жақсы да, жаман да қасиеттері бар. О.Бөкейде де
кейіпкерлерінің бір басынан осы екі ұдай сезімді қатар іздеп, жан дүниесіне
терең үңілумен болады. Табиғат адамсыз тіршілік құра алады, ал адам
табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі. Керемет ақыл иесі – адамның
өмірдегі рөлі неде? Міне, шығармада осындай терең ойды, ойлануды қажет
ететін, әр оқырманына ой салатын мәселелер сөз болады.
Тортай мінген ақ боз ат әңгімесіне келсек, басты кейіпкер Тортайдың
арман - мақсаты бар, көңілі үмітке толы адал да, қанағатшыл образ. Оның
болашағы мен үміті үлкен жазушы болу, ақ боз атқа міну.
Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз - ақ нәрсем бар, ол -
кітап, - дейтін. - Әкем де, шешем де сол - кітап. Кейбірін екі - үш қайтара
жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі - бәрі ұмытылып, басқа
бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды
одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап
жазып, жазушы болғым келеді [14, 10 б.].
Оралхан Бөкейдің Тортай мінген ақ боз ат әңгімесі Сайын Мұратбековтің
Жусан иісі әңгімесімен сабақтасуы ерекше бір жайдың ұшығын танытқандай.
Қос әнгіменің мазмұны мен пішін, болмыс ұқсастығы әдебиетшілерді
таңдандырмай қоймасы анық. Әңгімелердегі авторлық шешім де барынша бірдей
болуы неліктен? - деген заңды сұрақ туындайды. Оның жауабы біреу: Оралхан
Бөкей пен Сайын Мұратбековтің жазушылық мүддесі бір және сол замандағы
алапат та жойқын, сонымен қатар топас қоғам алдындағы қаламгерлердің
ұстанған тенденция бірлігінен.
Өмір дегеніміз - ақиқат дейміз, ендеше, ақиқат тек әділдік болғанда
ғана өмір сүреді. Тортайдың бар сенері, бар үміті рухани тазалық, адалдық,
әділдік атты өмірдің мағынасы. Ендеше, адам өміріндегі ең сүйіктісі ақиқат
болмаса, оның орны алдау, арбау, әділетсіздік болса, онда өмірдің
мағынасының жоғалғаны емес пе? Автор қоғамымызда рухани құлдырау процесі
орын алып бара жатқанын ескертеді. Сол апаттан біз өзімізді, яғни, қоғамды,
ұлтымызды қорғап қалуымыз керек.
Бұл туралы автор да өз ойын айтып кеткен болатын: Жиырмасыншы ғасырдың
гуманистік ойы жазушылардан гуманистік шығарманы талап етіп қана қоймайды,
заманының тамыршысы, емшісі болуды талап етеді [12, 440 б.]. Бұл талапқа
жазушы шығармалары жауап бере алғанына көзіміз жетіп отыр.
Әуезовтің Жетім, Қорғансыздың күні атты әңгімелерін алсақ,
адамдардың жалпы мінезінің өзгешелігі, рухтарының бір қазанда қайнаса да
қабыспайтын қарама-қайшылығы бітпес күрес сияқты. Мысалы, Иса мен Қасым,
Ақан мен Ғазиза бір-бірімен еш уақытта бітіспейтін жақсылық пен жамандықтың
мәңгілік күресін көрсетеді. Адамның шынайы болмысы, бет-бейнесі басына іс
түскен қиын сәтте танылып, ақтарыла ашылады ғой. Ақан болыс пен Ғазизаның
бір-біріне антоним кейіпкерлер екені белгілі. Ғазиза – нәзік жанды,
қорғансыз кішкене қыз болса, Ақан болыс - бар байлығы мен билігі қолында,
төрт құбыласы тең, арам ниетті жан. Әңгімеде бұл жағдайларды жазушы барынша
шынайы, кейіпкер іс-әрекеттері, характер қақтығыстары арқылы ашып отырады.
Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау
мұртты, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын
қисық біткен, кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық
бар. Кішкене мұрны көз, қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні
құмарлықққа көп салынғандығын білдіріп тұрады [2, 8 б.].
Туындыдағы суреткерлік шеберліктің қапысыздығы жазушының сюжет
іріктеуінен, шығарма құрылымынан, кейіпкер даралауынан, баяндау стилінен де
айқын аңғарылып отырады. Мысалы, жазушы Көксерек атты әңгімесінде аңның
дене бітімін ерекше бейнелеу арқылы оның ішкі табиғатына тереңдей түседі.
Көксерек арлан еді, сондықтан бұның бойы биіктене берді. Атылып келе
жатқан садақ оғындай үңілген, сүйірленген бір бітімі бар [2, 97 б.].
Осы суреттен көз алдыңызға жемтігіне шапқан аңның түр-тұлғасы анық
елестейді. Көксерек секілді жемтігіне шапқан Ақан да Ғазизаға зорлық
көрсетеді.
Ғазизаның әуелде үрейі ұшып кетіп, есін жиып алғанша, Ақан көтеріп
пішен қораның қуысына алып келді. Қалтай шамды өшіріп жіберіп, қораның
ішіне қарай кетіп калды. Дүниені қараңғылық басты. Ғазизаның үрейі үшып,
жүрегі тулап, есі шыққандай болып, сезімнің бәрі жоғалып, жалғыз-ақ
құтылсам-ау! дегенді ойлап, қайта-қайта қатты жұлқынып ұмтылды. Сезімі
жоқ, қатты ұстаған мықты қол рақым ойлап жібермеді [2, 19 б.]. Оның жанары
жаутаңдаған көзінде бүкіл әлем көріністеніп, сол әлемнің ендігі қожасы
қатыгез Адам да, қоларасын сайлап әзір жүрді, ал сол адамның қомағай
қарашығында қорғансыз-жетім жас қыз да тулап, тұтқында тұрған екен.
Әуезов адамзат алдындағы қордаланып қалған планетарлық мәселе табиғат
пен адам арасындағы шиеленістің көкейкестілігін айғақтау үшін өткір
публицистикаға барып отырады: Ғазиза кетіп бара жатып, ойланып артына
қарап, бишаралықтың кебін киген кішкене ескі қорасын көрді. Ұйтқып аспанға
ұшқан ұсақ қар жүрген сайын көзінен ол қораны жасырып барады. Үстінен
үскіріп соққан қатты жел қарды айналасына төгіп, оны да көмбекші [2, 20
б.].
Кейіпкер тағдыры мен жаратылыс тұтастығы М.Әуезовтің тек Қорғансыздың
күні әңгімесіне ғана емес, бірнеше шығармаларының негізгі тіні іспеттес.
Автордың Жетім әңгімесін алсақ та табиғатпен ажырамас үндестік жатыр.
Жетім Ғазиза мен Қасымның рухы сыналатын кеңістік – табиғат. Олардың
өміріндегі шешуші қадам осы табиғатпен жеке-дара бетпе-бет келген тұста
жасалады.
Әуезовтің жетім бала Қасымның бейнесін жасаудағы подтекстің рөлі
орасан. Ғазиза мен Қасымның тағдырларын салыстыра отырып қарастыру біраз
тұжырымдар жасауға жетелейді. Типологиялық тұрғыдан алсақ, екі шығарманың
тоқайласатын жері – олардың тақырыбы, идеясы, адам мен табиғат арасындағы
тығыз байланыс. Дегенмен, қос шығармадағы тақырыпты ашудағы көркемдік әдіс-
тәсілдер мен идея айқындаудағы эстетикалық талғам табиғаттары арасында
әрине, айырмашылықтар да жоқ емес.
Кейінгі жылдардағы прозада адам және табиғат қарым-қатынасын әлемдік
және ұлттық концепцияларға сай дамытуда М.Әуезовтің бүкіл шығармашылығы
зор ықпал жасағанын аңғарар едік. Адам санасындағы өзгерістер оның қоғам,
тереңдей беретін болсақ табиғатта алатын орны жайлы үлкен ізденістер әлі де
жалғасын тауып келе жатқанын аңғарып жүрміз.
Табиғаттың тылсым күшіне қарап, әлдене боларын сезіп отырасың.
Кейіпкерлер қайғырса, табиғат та күрсіне түседі. Әңгімеде ол былайша
баяндалады: Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ деректі фильмі: әлеуметтік киноның ерекшелігі («Жетімдер қалашығы» атты фильм негізінде талдау)
Сағи дауысы
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Көне замандағы таңбалардың сипаттамасы
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Әлеуметтік жағдайлардың - Адам өмірімен байланысы
Жеткіншек жас кезеңіне қатысты қарым - қатынас тұрғылары
Тәрбие берудің табиғат қорғаудағы ұлттық негіздері
Пәндер