Құранда аты аталған өсімдіктер



Күллі ғаламның жаратушысы аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Барлық мадақ пен мақтау жалғыз Аллаға ғана тән. Екі әлемнің мырзасы, пайғамбарлар падишасы хазіретті Мұхаммедке және оның отбасына, ардақты сахабаларына Ұлық жаратушының сәлемі мен нұры жаусын!
Диплом жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Құран мен хадисте келген өсімдіктер қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бұл ғылыми жұмыста Құран мен хадисте аты аталған өсімдіктерді баяндадым. Құран Кәрімде бірнеше өсімдіктердің аты аталғанымен, олардың ерекшеліктері жайлы қысқа ғана айтылып өткен. Құран, осындай жаратылыстарды танып білуіміз үшін бірегей қайнар көз болып табылады. Осы дүние әрі ақырет бақытына жетуді үйрететін мұғжиза Кітабымызда адамзат тұтынатын азық-түліктердің аттарына да орын берілген. Олардың ішінен адам саулығы үшін маңызды рөл атқаратын протеиндер, көмірсулар және өсімдік майларын да айта кеткеніміз жөн болар. Құрамында протеині бар нәрселерден: ет, балық және сүт. Ал, құрамында көмірсуы бар тұтынатын нәрселерден: бидай, пияз, сарымсақ, жасымық, құрма және жүзім сияқты көкөністер мен жемістер де Құранда баяндалған. Сонымен қатар, аты аталған көкөністер мыналар: ажур (қияр тектес), асқабақ, райхан, дәмдеуіштер, зімбір, қара бұрыш, беде (клевер), қыша және камфора.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) Исламның дамып, өркендеуінде рөлі ерекше. Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінде де бірнеше өсімдіктер атаулары кездеседі. Және Алла елшісі өзі ұнатқан жеміс-жидектер мен көкөністердің адам ағзасына пайдаларын баян етіп кеткен. Әртүрлі өсімдіктер жайлы айтып кеткеніне қарай біздің көсбасшымыздың көп қырлылығын көре аламыз.
Қазіргі таңда медицина Құранда аталған барлық өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы зор екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін дәлелдеді. Жеміс-жидектер жер анадан қорек алған ағаштарда өседі, солайша табиғаттан пайдалы, шипалы қасиеттерді сіңіреді. Мұның бәрі әрине Алла Тағаланың құдыреті.
Зерттеудің мақсаты. Осы ғылыми жұмысымды жазу барысында Құран мен хадисте келген өсімдіктерді толықтай қамтуды мақсат еттім. Өсімдіктердің жаратылысын зерттей отырып, олардың адам ағзасына өте қажетті әрі пайдалы екендігін түсіндім. Құранның әр жерінде келген өсімдіктер жайлы үзінділерді бір араға жинау. Олардың адамзатқа берер пайдасымен қатар шамамыз жеткенше Құрандағы рөлін анықтауды жөн көрдім. Олар жайында біраз да болсын мағлұмат беру. Ғылыми жұмысымда Құрандағы өсімдіктер ғана емес, сонымен бірге Пайғамбарымыздың (с.а.с) тұтынған әрі жақсы көрген жемістері мен көкөністері қамтылған.
1 Халифа Алтай. Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі. Мәдина қаласы. 1991ж
2 Мұхаммед ибн Исмаил әл-Бұхари. «әл-Жамиъ әл-Муснад әл-Сахих». Бейрут қаласы 1972ж
3 Муслим ибн әл-Хәжжаж. «Сахих Муслим».дәрул Тәиибә 2006ж
4 Әбу Дәуід Сүлеймен ибн әл-Әшғас ибн Исхақ. «Сунан Әби Дәуід». Әл-мактаба әл-Ъисрия.Бейрут 2010
5 Ибн Мәжа Әбу Абдулла Мухаммед ибн Язид әл-Қазуини. «Сунан Ибн Мәжа» Дәрул иһия әл-Кутубул арабия, 2010ж
6 Әбу Иса Мұхаммед ибн Иса ибн Сәура әт-Тирмизи. «Сунан әт-Тирмизи»
7 Ахмад бин Ханбәл. «Муснәд Ахмад». Мәдина
8 Хак дини Куран дили тәпсірі, 9т. Заман, Б. 303-311
9 И.Н.Сокольский. «Растения из Садов Священного Корана» Москва, «Сад» баспасы 2008ж
10 Ахмед Өзпынар. «Куранда ады гечен бесинлер» Стамбул 2006ж
11 Д.Кемалиддин Хасан әл-Баттануни. «Нәбәтәт фи Ахадиси әр-Расул»
12 Щека Ю.В. «Турецко-русский словарь»
13 Ахмад Шакирибн Хиббән. «Сахих ибн Хиббән» Дәрул мағариф 1952ж
14 Имам Нәсафи «Мадарику әт-Тәнзил уә хақайқут тәуил»
15 Мухаммед ибн Жәрир әт-Тәбәри «Тарих әт-Тәбәри» 1 том, 121 бет.Дәрул Мағариф 1387-1967жж
16 Әбу Яғлә Ахмад ибн Әли ибн әл-Мусни. «Муснәд».Дәрул Мәмун лилтирас Димашк 1984
17 Ибн Әби Шәйба. «Мусаннафат»
18 Әбу Бәкір ибн Әби Ғасим. «Китәбус-сунна», мәктәбә Әлисләмия, Бейрут 1980ж
19 Х.К.Баранов. «Большой арабско-русский словарь» Мәскеу қаласы, 2000ж. «Русский язык» баспасы
20 http //www.sorusorcevapbul.com
21 http //www.islam.ru
22 Муаммер Каяхан. «Саглыклы яшам ве зейтинягы» Нисан 1995, 48-бет

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Күллі ғаламның жаратушысы аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Барлық мадақ пен мақтау жалғыз Аллаға ғана тән. Екі әлемнің мырзасы, пайғамбарлар падишасы хазіретті Мұхаммедке және оның отбасына, ардақты сахабаларына Ұлық жаратушының сәлемі мен нұры жаусын!
Диплом жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Құран мен хадисте келген өсімдіктер қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бұл ғылыми жұмыста Құран мен хадисте аты аталған өсімдіктерді баяндадым. Құран Кәрімде бірнеше өсімдіктердің аты аталғанымен, олардың ерекшеліктері жайлы қысқа ғана айтылып өткен. Құран, осындай жаратылыстарды танып білуіміз үшін бірегей қайнар көз болып табылады. Осы дүние әрі ақырет бақытына жетуді үйрететін мұғжиза Кітабымызда адамзат тұтынатын азық-түліктердің аттарына да орын берілген. Олардың ішінен адам саулығы үшін маңызды рөл атқаратын протеиндер, көмірсулар және өсімдік майларын да айта кеткеніміз жөн болар. Құрамында протеині бар нәрселерден: ет, балық және сүт. Ал, құрамында көмірсуы бар тұтынатын нәрселерден: бидай, пияз, сарымсақ, жасымық, құрма және жүзім сияқты көкөністер мен жемістер де Құранда баяндалған. Сонымен қатар, аты аталған көкөністер мыналар: ажур (қияр тектес), асқабақ, райхан, дәмдеуіштер, зімбір, қара бұрыш, беде (клевер), қыша және камфора.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) Исламның дамып, өркендеуінде рөлі ерекше. Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінде де бірнеше өсімдіктер атаулары кездеседі. Және Алла елшісі өзі ұнатқан жеміс-жидектер мен көкөністердің адам ағзасына пайдаларын баян етіп кеткен. Әртүрлі өсімдіктер жайлы айтып кеткеніне қарай біздің көсбасшымыздың көп қырлылығын көре аламыз.
Қазіргі таңда медицина Құранда аталған барлық өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы зор екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін дәлелдеді. Жеміс-жидектер жер анадан қорек алған ағаштарда өседі, солайша табиғаттан пайдалы, шипалы қасиеттерді сіңіреді. Мұның бәрі әрине Алла Тағаланың құдыреті.
Зерттеудің мақсаты. Осы ғылыми жұмысымды жазу барысында Құран мен хадисте келген өсімдіктерді толықтай қамтуды мақсат еттім. Өсімдіктердің жаратылысын зерттей отырып, олардың адам ағзасына өте қажетті әрі пайдалы екендігін түсіндім. Құранның әр жерінде келген өсімдіктер жайлы үзінділерді бір араға жинау. Олардың адамзатқа берер пайдасымен қатар шамамыз жеткенше Құрандағы рөлін анықтауды жөн көрдім. Олар жайында біраз да болсын мағлұмат беру. Ғылыми жұмысымда Құрандағы өсімдіктер ғана емес, сонымен бірге Пайғамбарымыздың (с.а.с) тұтынған әрі жақсы көрген жемістері мен көкөністері қамтылған.
Зерттеудің міндеті:
1.Құранда аты аталған жеміс ағаштары
2.Құранда келген астық тұқымдастар мен хош иісті шөптер
3.Хадисте келген өсімдіктер
4.Пайғамбарымыз (с.а.с) ұнатқан жеміс-жидектері мен өсімдіктері
5.Кейбір өсімдіктер жайлы Пайғамбарымыздың (с.а.с) берген кеңестері
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында көптеген ізденістерімен, теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды. Осы жолда бұл жазылып отырған зерттеуді мешіт мімберлерінде айтылып, жұмыс іс жүзінде пайдалану жолдарына тиімді болуы үшін барынша жеңіл жолдарын ойластырдым.
Жұмыстың құрылымы мен қысқаша мазмұны. Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚҰРАНДА АТЫ АТАЛҒАН ӨСІМДІКТЕР

1.1 Құранда аты аталған жеміс ағаштары

Исламнан бұрын адамдар ауырған кезде қай шөптің қай ауруға ем екенін білмеген. Кейбіреулер қолданса жазылып кететін, ал кейбіреулері болса шөптің кері әсерінен көз жұматын.
Ислам келгеннен кейін уақыт өте келе Пайғамбарымыз (с.а.с) қай шөптің қай жерге немесе кімге, қалай қолдануына дейін хадисте келген емдік шөптерді айтып кеткен. Олардың ішінен адам саулығы үшін маңызды рөл атқаратын протеиндер, көмірсулар және өсімдік майларын да айта кеткеніміз жөн болар. Құрамында протеині бар нәрселерден: ет, балық және сүт. Ал, құрамында көмірсуы бар тұтынатын нәрселерден: бидай, пияз, сарымсақ, жасымық, құрма және жүзім сияқты көкөністер мен жемістер де Құранда баяндалған. Сонымен қатар, аты аталған көкөністер мыналар: ажур (қияр тектес), асқабақ, райхан, дәмдеуіштер, зімбір, қара бұрыш, беде (клевер), қыша және камфора.
Қазіргі таңда медицина Құранда аталған барлық өсімдіктердің адам ағзасына пайдасы зор екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін дәлелдеді. Жеміс-жидектер жер анадан қорек алған ағаштарда өседі, солайша табиғаттан пайдалы, шипалы қасиеттерді сіңіреді. Мұның бәрі әрине Алла Тағаланың құдыреті.
Ал енді жеміс ағаштарына тоқталайық. Құранда аты аталған жеміс беретін ағаштар: Банан, Жүзім, Анар, Зімбір, Інжір, Шие және Құрма ағаштары.
Банан - жұмақ жемісі. Олар тікенсіз сидыр ағаштары. Жемістері үсті-үстіне шоғырланған банан ағаштарының созылған көлеңкесінің астында болады[1, 5628-30].
Банан-дәмді әрі жеміс беретін, көпшілікке танымал өсімдік. Қазіргі уақытта бананның жай түрлері мен будандастырылған түрлері көп. Олар Musa (Банан) деп те аталады. Олардың ішінде тек сәндік өсімдік ретінде өсірілетіні де бар. Мысалы, жапондық Musa Basjoo Sieb. And Zucc немесе филиппиндық M.textiles Nee. Бұл түрлері тек қана талшықтар үшін өсіріледі. Ал ол талшықтарды әртүрлі жіптер мен шай қалташаларын өндіруде пайдаланады. M.ensete деп аталатын абиссиндік банан Эфиопияда да талшықтар жасап шығару үшін қолданылады. Және азық ретінде қолдануға бөлек көшеттерін алып өсіреді.
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда жемістері жеуге мүлдем жара-майды. Бірақ өсімдік, ауруларға төтеп беруде жақсы бағаланады.
Ең алғаш жеуге жарамды банандар б.з.д 3-4 ғасырда Еуропада пайда болды.
Финикиялық саудагерлер мен Африка, Үндістан және Жерорта теңізі жаға-лауларына келген саяхатшылар бананның таралуына зор үлес қосты.
Жүздеген жылдар өте, шамамен б.з. 67 жылы Плиний өзінің еңбектерінде бұл өсімдікті pala деген атпен атап көрсеткен. Кейіннен классикалық грек тіліне енді. Теофраста осы банан жайлы әңгіме жазылған. Ол жерде кейбір дана кісілер банан көлеңкесінде жиналыс өткізуді жақсы көрген. Уақыт өте келе бананның да пайдаларын біле бастайды. Жемісін жей отырып, олар күш жинап отырған. Сондықтан болар, көне латын тілінде өсімдік атауы Musa sapientium, яғни даналар бананы аталған.
Орта ғасырларда елді әділ халифалар басқарып тұрған кез еді. Ислам мемлекетінің ұлғайған кезеңі болатын. Бананның Таяу Шығыста, Африка құрлығында және Оңтүстік Еуропада таралуында араб көшпенділері, саудагерлер және әскерлер айрықша рөл атқарды. Әділ халифалардың кезеңінен соң банан жайында ұмытыла бастады. Кейін Крест жорықтарының басталған шағында банан қайта тарала бастады.
16 ғасыр басында Испандық және Португальдық теңіз саяхатшылары арқылы банан Батыс Африкадан Оңтүстік Америкаға жеткен. Қазіргі уақытта банан барлық ылғалды, тропикалық аймақтарда өседі. Жеміс беруден әлемдік экономикада үздік бес жемістің қатарына кіреді. Олардың қатарында: жүзім, цитрус өсімдіктері (лимон, апельсин, мандарин) құрма және алма.
Ал, жәннат бананы деген атауды Карл Линней берген. Ол мұсылман-дардың банан жәннатта өседі деп айтқанына сүйене отырып айтқан. Әрине бұл одан бұрын Қасиетті Құранда айтылған.
Қазіргі уақытта шамамен 300-ге жуық жеуге жарамды бананның түрі бар. Олар екіге бөлінеді: тәтті және крахмалды. Тәтті банандарды шикі түрде жеуге пайдаланса, крахмалды банандарды қайнатады, қуырады, буға пісіреді, қақтайды, ет, балық, күріш тағамдарымен ас дайындайды.
Америка және Еуропа елдерінде бананның жаңадан піскен сары әрі тәтті жемісін ғана банан (banana) деп атайды. Ал крахмалды жемістерін аспаздық үшін өңделген түрін плантайн (plantain) деп атайды екен.
Қантты банандар деп аталатын қортық банандар да бар. Дәмі кәдімгі банандарға қарағанда тәттірек болып келеді екен. Тағы да қызыл банан деген түрі де бар. Қабығы мен іші қызыл түстен бастап, күлгін түске дейін өзгереді. Ал, бананның бұл түрі тасымалдауға жарамсыз. Сондықтан да көп елдерге таныс емес. Тек бананның осы түрі өсетін елдерде ғана болмаса. Сонымен қатар бананның жұқа, жасыл қабықты түрі бар. Дәмі алмаға ұқсас болып келеді.
Көбінде Таяу Шығыс елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдерінде банан жемісін көп мөлшерде тұтынады.
Көпшілік бананды ағаш деп есептейді. Негізінде банан көпжылдық, өте ірі шөп тектес өсімдік. Жылтыр, сопақша жапырақтары ыстық ауа-райында аптасына бір жапыраққа көбейіп отырады. Жапырағының ұзындығы 2,7 метрге, ал ені 60 сантиметрге дейін жетеді. Олар толық жасыл болып келеді. Немесе жасылдың үстіне қою қызыл дақтары да болып келеді. Немесе беті жасыл, іші күрең қызыл болып та өседі. Жапырақ сабақшалары өскеннен кейін, 6-8 айдан соң гүлдейді. Гүлдері алдымен үлкен, ұзын конус тәрізді, қызылкүрең бүршік болып атады. Ілмешектің ашылуымен түтік тәрізді ақ гүлдері пайда болады. Гүлдері екі қатарға бір шоқ болып жиналып өседі. Және өсімдік сабағының бойында шиыршықтармен орналасқан.
Аналық гүлдер төменгі қатарда орналасқан. Аналық гүлден жоғары екіжынысты және жыныссыз гүлдер де бірнеше қатар болып өседі. Ал, аталық гүлдер болса ең жоғарғы қатарда орналасқан. Жас жемістер аналық гүлден дамиды және жаймен саусақ тәріздес жұқа жасыл болып өседі. Көп кешікпей ілмешектері түсіп, піскен жемістері әр шоғырда салмағы 10-нан 90 кг-ға дейін өседі. Осы салмақпен өсімдік сабағы иіледі. Тізілген банандар керісінше аударылып қалады. Жемістің пісу мерзімі 90-120 күн аралығында. Жемістерінің түсі жасылдан сары түске немесе қызыл түске айналады. Кейде ақ жолақты болып та келеді[9, 6-8бет].
Көпшілік зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, банан Оңтүстік-Шығыс Азияның ыстық аймақтарында өседі. 1862 жылы медицина-хирургиялық академиясының профессоры, ботаник және табиғат зерттеуші П.Ф.Горянинов Эфиопия экспедициясы кезінде жабайы өсетін банандарды тапқан. Және оның ойынша, бананның тағы бір отаны Шығыс Африка болып табылады. Айта кететін жәйт банан атауы Африкадан шыққан. Банан деген атпен Конго тайпалары атаған екен[9, 12-бет].
Бананның толық піскені 75% судан, 20-22% қанттан, 1,6% крахмал, ақуыз, май, дәрумендер, органикалық қышқылдардан, аминқышқылдары, эфир майы, макро және микро элементтерден тұрады. Банан жемісінің бір килограммында 970 калория болады екен. 5-6 бананның өзі түскі астың калориясына жеткілікті.
Бүгінгі таңда банан жемісі құнарлы жеміс болып табылады .Тез сіңеді және құрамында адам ағзасына пайдалы биологиялық заттар бар. Банан жемісінің құрамында А витаминдер негізі, В1, В2, В3, В6, В9, С, Е витаминдері бар. Макроэлементтерден: калий, кремний, магний, натрий, фосфор бар. Ал, микроэлементтерден: алюминий, йод, кобальд, марганец, селен, хром және цинк бар.
Бананның көп ауруларға пайдасы бар. Әсіресе температура көтерілгенде, ас қорыту жолының бұзылуында, бұлшық еттердің түйілуінде әсері зор. Банан құрамында калийдің көп болуы, адам ағзасынан зиянды қалдықтарды шығарады. Банан, қан қысымының түсуіне, аллергияны емдеуде өз септігін тигізеді. Құрамындағы калий мен натрий біріге жүрек соғысын және денедегі су мен тұз балансын реттейді. Банан құрамындағы В6 дәрумені адам ағзасында тапшы болса, тез шаршау, қызбалық, ұйқысыздық, қаназдық пайда болады. Бүйректе тас пайда болып, терінің нашарлауына апарады. Жаңадан шыққан жапырақтарын күйген және ісінген жараларды емдеуде пайдалануға болады. Қайнатылған гүлін болса диабетті емдеуде қолданады.
Банан ислам әлеміне де өте танымал өсімдік. Жоғарыда айтып өткеніміздей Құранда келген өсімдіктердің бірі. Жұмақ жемістері қазіргі біз өмір сүріп жүрген жеріміздегі өсімдіктер сияқты емес. Өйткені жерде жемістер белгілі уақыттарында, мерзімдерінде ғана өседі. Және биікте өседі. Ал жәннатта болса, банандар және т.б. жемістер кез-келген уақытта, кез-келген мөлшерде қолжетімді. Жемістердің төменде өскені соншалық, Алла құлдары оларға кез-келген күйде жете алады. Алла Тағала айтады: Расында тақуалар саяларда, бастауларда болады. Көңілдері соққан жемістерде. (Оларға): "Істеген амалдардың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын" (делінеді.) Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз[1, 7741-44].
Жүзім - пайдалы жеміс. Негізінде тақуалар үшін құтылу бар. Бақшалар, жүзімдер бар. Жас өспірім құрдас қыздар бар. Толып тасыған кесе бар[1, 7831-34].
Батыс Азиялық және Еуропалық мәдени өсімдіктерден болған жүзім ірі шырмауықтың бір түріне жатады. Тамырымен қосқанда ұзындығы 30-40 см-ге дейін жетеді. Өсімдік өркені көктемде өсе бастайды. Түсі жасыл немесе қызғылтқа боялған қызыл-қошқыл әртүрлі реңде болады. Күзге қарай өркені қуарып қоңыр немесе алтын түске боялады. Сортына қарай жүзім жапырақтары әртүрлі көлемде өседі. Ал пішіні дөңгелектенген, жүрек тәрізді, жұмыртқа тәріздес және бүтін немесе бірнеше айрықты болып келеді. Гүлі сансыз көп, майда жасыл, реңсіз,бестемді. Жұмсақ және күрделі болып болып жиналады.
Жемісі-шырынды жидектер көбінде дөңгелектеу немесе сопақтау пішінде өседі. Жұмыртқа тәріздес домалақ т.б түрлері де кездеседі. Көлемдері сегізден жиырма бес мм-ге дейін немесе оданда көп мөлшерде өзгере береді. Жидегі ақ, қызғылт, бұлыңғыр, қызғыш, күлгін, көк не қара түсті. Жұмсақ еті тәтті, қышқылтым, иіссіз немесе жұпар иісті болады. Қабығының дәмі ауыз қуыратын, қышқыл, дәмсіз болып та келеді. Кейбір жүзім сорттары төзімді. Бұл сорттар ұзақ жолды тасымалдауға шыдамды және ұзақ сақталады. Ал жұқа қабықты жүзімдер жинап алынғаннан кейін тек сол кезге жарамды болып қалады. Жүзім мәдени өсімдіктің сансыз сорттары жеміс беруде, түсімен, құрамында қанттың болуымен, дәмімен, иісімен бір-бірінен ерекшеленеді. Осы күнге дейін бұл өсімдіктің қайда және ең алғаш қашан келгенін ешкім нақты айтаалмайды. Бірақ, зерттеушілердің көпшілігі ең алғаш Батыс Азиядан шыққан деп болжамдайды. Оның ішінде Батыс Азияға кіретін Шығыс Азия түбегі, Армиян таулы өлкелері Иран таулы өлкесінің көп бөлігі Араб түбегі, Месопотам ойпаты, Шығыстан Жерорта теңізіне қарай және Кипр кіреді. Осы үлкен аумақтарда археологиялық жұмыстар кезінде көптеген айғақтар табылған. Ертедегі ғимараттар мен мазарлардың қабырғаларында жүзімнің суреттері табылған. Үй және сарай қоймаларынан жүзім жапырақтарының ізтаңбалары, дәндері табылған. Осы қазба жұмыстары Египет пен Батыс Азияда жабайы жүзімдерді жақсарту б.з.д алтыншы мыңжылдықта басталғанын көрсетеді. Ежелгі гректердің бұрын айтылып кеткен сөздеріне қарағанда, жүзімді ең алғаш Фракияда өсірген екен. Және теңіз саяхатшыларымен қоныс аударушылар арқылы кіші Азияға жеткен[9, 36-бет].
Грецияда жүзімді өсіру б.з.д. 2-мыңжылдықта басталған. Олар оған дейін де жүзімнің 150-ге жуық түрін білген. Мәдени жүзім Грециядан жақын елдерге тарай бастады. Осылайша жүзім шаруашылығы бүкіл Оңтүстік және Орта Еуропаға тарайды. Еуропалықтардың әлемнің түкпір-түкпіріне қоныс аударуы осы жүзімнің кең тарауына үлкен үлесін қосты. 16-ғасырда жүзімді Мексика, Перу, Чили және Аргентинада өсіре бастады. Африкада 17-ғасырда жүзім егіншілігі пайда болды. Ал, Калифорния, Австралия және Жаңа Зеландияда 18-ғасырда егіле бастады[9, 38-бет].
Исламға дейінгі дәуірде шарапты барлық жерде тұтынатын. Венециялық сатушы әрі саяхатшы Марко Поло өзінің Қытайға барған саяхатында былай жазған: Оларда бидай, арпа, нанның әртүрлісі, шарап пен түр-түрлі жемістер бар[9, 39-бет].
Бірақ Ислам келген сәттен бастап, нығайғанға дейін шарапқа деген қатынас уақыт өте өзгере бастады. Иман еткендер Құранды оқи отырып, шарап ішуге болмайтынын біліп ішуді жаймен тастай бастады. Алғашында мына аят түскен болатын: Құрма ағаштарының жемістерінен және жүзімдерден арақ әрі көркем қорек жасап аласындар. Рас мұнда ойлаган елге анық үлгі бар[1;1667]. Басқа аятта шарапты қолдану құмар ойынмен тең және күнә деп келеді: (Мұхаммед а.с) олар сенен арақтан, құмардан сұрайды. Оларға : Екеуінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайда-сынан көрі күнәсі зорырақ де[1;2219].
Сосын артынша құлшылық жасағанда мас күйінде тұрмау аят түседі: Әй, мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарынды білгенге дейін намазға жақындамаңдар[1;443]. Бұл аяттың түсу себебі, бір топ шарап ішіп алған мұсылмандар намазда тұрғанда жаңылыстырып оқиды. Бұл әрине құлшылықтарын бұзады. Осыдан кейін ішкілікке тиым салынған аят түседі: Әй, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және балашатыноқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыласыңдар[1;590].
Ислам келгеннен соң кейінгі екі жүз жылдықтан соң жүзім шаруашылығы мұсылман елдерінде жақсы өркендеді. Қазіргі уақытта мұсылмандар үшін мас қылатын ішімдіктің бәріне тиым салынған. Себебі адамға пайдасы жоқ. Адамның жүрегінде маскүнемдік және сенім қатар өмір сүре алмайды. Біреуі екіншісін шығарып тастап отырады.
Кезінде арабтар егіншілікке шебер болмаса да, олар аз уақыт ішінде сол аймақтарда ежелде өмір сүрген жұрттан меңгеріп алды. Олар жүзім алқабын өсірген және қазір де жалғасын тауып келеді. Шырын өндірісі үшін азықтық және мейіз сорттарын өсіреді. Азықтық үшін өсірілген сорттарын тағамдарға пайдаланды. Мейіз сортынан ұзақ сақталатын өнім шығарады. Мейіз- жүзімнің кептірілген дәнді түрі. Ол қара, қызыл, сары және қоңыр түсті болып келеді. Кишмиш болса, кептірілген, тәтті, майда және дәнсіз Азия жидегі. Көбінде ақ және қара түрі таралған. Еуропа аспаздығында қара мейіз (коринка) атымен танымал. Мейіз бен кишмиш жүзімнің өзіндік қасиетін сақтайды.
Араб медицинасының ғылым қайраткерлерінің айтуы бойынша, жүзімді күнделікті азыққа қолдану жүйке-жүйесін нығайтатын әсер береді, ашуды басады, жүректің жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Ақ мейіз ішектерді тазартады. Қайнатылған түрі жөтелді жеңілдетеді. Егер мейіз сүйегін алып тастап, орнына қара бұрыштың бір түйірін салса, салқын тигеннен болатын ауруларды емдеуде, бүйрек және зәр шығару жолдарын емдеуде дәрі ретінде пайдалануға болады. Және бүйректегі тастарды ерітеді. Жұмсартылған мейізді жануар майымен араластырып, шыққан тұнбаны ісікті, сыздауықты сорып алатын жабыстырғыш ретінде қолданған. Сонымен қатар, дұрыс емес өскен тырнақтарды жоюға көмегі зор[9, 42-бет].
Заманауи ғылымда жүзімнің құрамында жүз елуден асатын биологиялық белсенді заттар бар екені дәлелденді. Олар: ақуыз, майлар, көмірсулар (глюкоза және фруктоза) органикалық қышқылдар, флавоноидттер, эфир майы, А, В1, В2, В6, В9, С, Р, РР, Е, К, Н. Макроэлементтерден: темір, кальций, калий, кремний, магний, натрий, күкірт,фосфор, хлор; Микроэлементтерден: алюминий, бор, бром, ванадий, йод, кобальт, марганец,никель, рубидий,фтор, хром, цинк[9, 45-бет].
Жүзімнің кез-келген адамның денсаулығына пайдасы зор. Адамның қартаюын бәсеңдетеді, қан құрамын жақсартады, иммунитетті көтереді, психоэмоциональды қозғыштықтан сақтайды, ұйқыны реттейді, көңіл күйді жақсартады, жүрек қантамырларының жүйесіне де жақсы әсері бар. Жүзімді мүмкіндік болғанша күніне 200-300 грамм мөлшерде жеу керек. Жүзімді мұсылман елдерінде жемісінен бөлек жапырағын да тағамға пайдаланады[9, 48-бет].
Анар - жәннат жемісі. Біз жүзім бақтарын, бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған зәйтүн, анар шығарамыз. Мәуеленгенде әрі піскенде жеміс-терінде бір қарандар; міне шексіз осыларда сенген ел үшін әрине дәлелдер бар[1;699].
Ибн Аббас айтады: Анар-жәннаттық жемістерден Исламда Жәннат сипаты толық көрсетілген. Жәннат тіпті Құранда да айтылған: Әл- Жәннат терминін аударғанда Бақтардың әдемісінің әдемісі,-деп аталады. Ол жерде көлеңкелі ағаштар бар, олар жемістермен қапталған. Солардың бірі- анар. Анардың жемісі көбінде қызыл-қошқыл дәнді болып келеді. Бұл жеміс мұсылмандар үшін жәй ғана жеміс емес, молшылық пен жан тыныштығының символы[9, 76-бет].
Араб әлемінде анар жемістерін Румман деп атайды. Ал, орыс тіліндегі атауы латын тіліндегі granatus сөзінен енген. Яғни қызыл көп дәнді жеміс. Швед табиғат зерттеушісі, қазіргі биологиялық жіктеудің негізін салушы Карл Линней, ол мың бес жүзге жуық өсімдіктер мен жануарлар түріне атау берген. Анарға да Punika granatum-пунилік анар деген ғылыми ат берген. Бұл атты беру себебі, байырғы заманда пуниліктер өмір сүрген жерде анар өскен. Римдіктер құлиеленуші қала Карфагеннің тұрғындарын осылай атаған. Карфаген-Солтүстік Африкада орналасқан.
Әдеттегі немесе пунилік анар бұтағы кішкентай ағаш болып келеді. Бойы бес метрге дейін өседі. Бұтақтары жылтыр, тегіс және қоңыр, сары түсті болып келеді. Жапырақтары болса кең, қияқ жапырақты немесе дөңгелектеу келген, қысқа шыбықты, гүлдері шұңғыма тәрізді, қызғылт сары немесе қызыл қанды, дара, ірілеу, диаметрі 2,5 см және одан да үлкенірек. Жемісі-жидекке ұқсас, домалақ, көлемі ірі сортты алмаға ұқсас, жұқа қабықшамен қапталған. Ішінде 400-700-ге жуық дәні бар, қызыл етпен қапталған[9, 77-бет].
Анар ағашы сексен немесе одан да көп жыл өмір сүреді. Үш-төрт жылда жеміс беріп отырады. Анардың 140-қа жуық сорты бар. Олар Қызыл теңіз бен Каспий теңізі аралығындағы аймақтарда өседі. Анар үшке бөлінеді: қышқыл, орташа тәтті және тәтті. Ең көп әрі сапалы анарлар температурасы бес айда 28-300С болатын елдерде өседі. Сонымен қатар анар, інжір мен цитрус тектес өсімдіктерге қарағанда суыққа төзімді.
Анардың отаны Иранның таулы аймақтары. Басқа көзқарастарға қарағанда Араб түбегі деп те келеді. Анар бұрыннан азық ретінде қолданылып келеді. Иран, Ауғаныстан, Үнді елі және Жерорта теңізінің көп жерлерінде, Африка, соның ішінде Тунис, Алжир, Мароккода, сонымен бірге Ливия, Мавритания, Батыс Сахарада яғни Батыс Араб елдерінде өсіріледі[9, 81-бет].
Кордова Халифасы Әбд Әр-Рахманның (912-961жж) және оның ұлы Хакаманың (961-976жж) билігі кезі Кордова мемлекетінің ең гүлденген кезі еді. Испанияда анар ағаштары өте көп егілген болатын. Тіпті мемлекеттің эмблемасына айналады. Анар суреті Испанияның мемлекеттік елтаңбасының орта жағына салынған. Анар ағаштары қазіргі кезде әлемнің тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі[9, 86-бет].
Әли ибн Әбу Талиб (р.а) айтады: Анар жеңдер, ол асқазан жұмысын жақсартады. Авиценна да осыны құптай отырып, анардың барлық түрі адам ағзасына пайдалы екенін айтып кеткен. Оның айтуы бойынша,анар ісікке қарсы, қызу көтерілгенде басады, зәр айдайтын қасиеті бар. Қышқыл анар түрі безгек ауруына пайдалы. Және де жүректің біркелкі соғуына да көмегі бар. Ал тәтті анар болса ішкі құрылыс жолын тазалайды. Анар дәнін балмен араластырып, тіс ауруларына, құлақ ауырғанда және тұмауға пайдалануға болады.
Анар жемісінің құрамында ақуыз, майлар, көмірсулар, А, В1, В2, В6, ВС, С, Р, РР дәрумендері бар. Микроэлементтерден болса: алюминий, бор, марганец, молибден, никель, селен, стронций, хром, цинк бар. Макроэлементтерден: темір, кальций, калий, магний, натрий[9, 92-бет].
Інжір және оған байланысты түскен Тин сүресінің тәпсірі
Құранда кейбір тамақтар мен өсімдіктердің аттары анық аталып өтілген. Уақыт өтіп, ғылыми зерттеулер жүргізілгеннен кейін көптеген тамақтардың пайдасы мен зияны анықтала түсуде. Құранда аты аталған тамақтардың жаңа қырларын анықтау арқылы олардың адам өмірі мен денсаулығында қаншалықты пайдасы туралы көбірек түсіне бастаймыз.
Қасиетті Құран Кәрімде аты аталған жемістердің бірі Тин (інжір) сүресі. Тин - інжірдің арапша аты. Бұл сүренің алғашқы аятында Ұлы Жаратушымыз: Інжірге және зәйтүнге серт, - деп баяндайды. Олай деуінің себебі, Інжір мен зәйтүн - пайдалы жеміс, адамның денсаулығы мен өсуіне айтарлықтай әсер етеді және аурулардың алдын алады, һәм дәмі тіл үйіретін азық және сауда-саттық тұрғысынанда пайдалары жетерлік.
Інжір - тұт тұқымдасына жататын субтропиктік жеміс. Тамыры жақсы дамыған, сабақтары жасыл, сүтті - шырынды ағашта өседі. Аталық ағашын капфирикус, ал аналығын фиг деп атайды. Ылғалды жерде өсіп, жаздың ыстығына төзімді, топырақ талғамайды, бірақ қара шірігі мол саздақ топырақта жақсы өседі. Тарихшылардың айтуы бойынша ең алғаш Малайзияда пайда болған екен. Інжір - түрлі дәрумендерге бай. Атап айтсақ құрамында C, B1, B2 дәрумендерімен қатар каротин, кальций, калий, фосфор, қант, пектин заты бар.Мысалға, кептірілген інжір құрамы мынадай болып келеді: Су, Кұнарлығы, Ақуыз, Майлылығы, Көмірсу, А дәрумені, Тиамин, Рибофлавин, B2 Ниацин, Кальций, Фосфор, Темір, Натрий, Калий.
Інжірдің пайдалары
Інжір мен зәйтүн тағамдық және фармацевтикалық құндылыққа ие болғандықтан, адам денсаулығында ерекше рөл атқарады. Інжір қақырық себебінен болатын құрғақтықты кетіріп, әсіресе тамақта толық шықпай қалған қақырықты түсіреді, тамақ, кеуде, суық тию, тұмау ауруларына өте пайдалы. Жөтелі күшейген адам үшін таптырмас ем. Зәрді көбейтеді. Тәбеті нашар болған кісі үшін аш қарынға жаңғақ немесе миндаль дәнімен қосып жесе тәбеті ашылады. Әрі суық тиюге қарсы антисептик боп саналады. Гемморой, қан тамырлары ауруына інжірдің пайдасы мол. Бүйрек тасын түсіріп, қуықты тазалайды. Улануға қарсы күресу қасиетіне ие. Кептірілген інжір де өте пайдалы. Мәселен, сүт немесе сумен қайнатып ішсе, қызылша, қышыма ауруларына, ыстық-суықтан пайда болған қызаруларға пайдалы. Жүйке жүйесін тыныштандыру қасиетіне ие. Суға қайнатып ауыз қуысын шайса, етжиек жараларына ауыз қуыс жараларына ем. Інжірдің жүкті немесе бала емізетін аналар үшін орасан зор пайдалары барІнжірді піскен немесе шикі күйінда пайдалануға болады. Сондықтан оны жылдың кез-келген мезігілінде қолдана аламыз.
Жеуге болмайтын жағдайлар: Інжір ішектері қабынған немесе қант диабеті ауыруына шалдыққан адамдарға көп пайдаланбаған жөн. Сондай‑ақ інжір жеу бауыры әлсіз адамдарға және ас қорыту жүйесі ауыратын адамдарға насихат етілмейді. Себебі інжірдің құрамында қант және ақуыз мөлшері жоғары. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) былай дейді: "Кімде-кім жүрегінің жақсы жұмыс істеуін қаласа, інжір жеуді жалғастырсын" - деп айтқаны тегін емес. Себебі, құрамында калий көп болғандықтан жүрек қан тамырлары ауруларына таптырмас ем, мұны қазір медицина ғылымы да дәлелдеп отыр.
Ислам тарихшыларының айтуынша, Зұлқарнайын пайғамбар жорыққа шыққанда ас орнына пайдасы мол, алып жүруге ыңғайлы адамды той-дыртатындай азық ретінде осы інжір жемісін көп пайдаланған екен.
Құран аяттарының сырын үйрену біздің ғұмыр бойы жасайтын құлшылығымыз. Иләһи кітаптың әрбір аятын үйрене түскен сайын иманымыз күшейе беретіндігі хақ. Аяттардағы хикмет пен сыр ашылған сайын сеніміміз нығая түсері белгілі.
Бара бин Ъазибтен (р.а.) имам Малик риуаят етеді. Яғни: Пайғамбар (с.а.с.) сапарда екі бас намаздың бірінде уат тини уаз зайтунді оқушы еді. Мен ол кісінің дауысындай және қырағатындай көркем дауысты ешкімнен естімегенмін, деген екен. Тин сүресі; Інжірге және зәйтүнге, Тұр Сина тауына, Осы бейбіт қалаға серт. Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық. Бірақ иман келтірген, ізгі іс істегендер басқа. Оларға таусылмас сыйлық бар. (Адам баласы!) Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не? Алла, үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе?Тәпсіршілер әуелгі үш аяттың талқыламасы жайлы түрлі хабар айтқан. Солардың бірі сүредегі тин яғни інжір жемісі деп тұрғаны Дамаск десе, бірі сол Дамаск шаһары маңындағы тау деп түсіндірген. Ал, имам Құртуби тин каһф иелерінің мешіті десе, Ибн Аббастан (р.а.) келтірілген риуаятта: Ол Жуди тауындағы Нұх (ғ.с.) пайғамбардың мешіті, деп айтылған. Тафсирші Мужаһид: тин сіздердің қолдарыңыздағы тин, яғни інжір жемісі, деп айтқан. Имам Насафи де өзінің Мадарикулт Тәнзил уә хақаиқут тәуил атты тәпсірінде: Алла тағала екі ғажайып жеміс ағашымен серт етіп тұр деп жазады. Риуаятта: Алла елшісіне (с.а.с.) бір табақ інжір сыйға беріледі. Пайғамбар (с.ғ.с.) дәм ауыз тиіп, сахабаларына: алыңдар, жеңдер. Егер мен: жәннаттан жерге жеміс түскен, десем, осы жемісті айтар едім. Өйткені жәннат жемісі сүйексіз болады. Жеңдер, інжір ісікті болдырмайды және артритке пайдалы-деп айтылған. Зәйтүн жемісі жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с.):Мүбәрак ағаш зәйтун неткен тамаша мисуак (тіс тазалаушы). Зәйтун ауыз қуысын тазалап, тіс ауруын кетіреді, деген екен. Мажмаъуз зауаид хадис кітабында: Мағынасы: Зәйтүн менің және менен алдын өткен пайғамбарлар мисуагі, деген Алла елшісінің (с.а.с.) сөзі бар. Екінші аяттарғы зәйтүн жайлы Қатада: ол Байтул Мақдистегі мешіт десе, Мужаһид пен Икрима: Ол сіздер майын сығып пайдаланатын зайтун жемісінің өзі деген екен.Үшінші аяттары Синадағы Тұр тауы бұл Алла тағала Мұса (ғ.с.) пайғамбармен тілдескен тау. Ал, Амандық қаласы дегені Мекке шаһары. Ибн Аббас пен Мужаһид және кейбір тәпсіршілер: бұл үш мекен, Алла тағаланың әр қайсысына улул ъазм және үлкен шариғат иелері болып саналатын елші пайғамбар жіберген елдер. Біріншісі: інжір мен зәйтун өсетін жер. Ол Мариямның ұлы Иса (ғ.с.) мекен еткен Байтул Мақдис. Екіншісі Сина Тур тауы. Ол Имранның ұлы Мұсаға (ғ.с.) Алла тағала үн қатқан тау. Үшіншісі, Мекке, яғни Амандық қаласы. Ол қалаға кірген әрбір адам баласы амандықта болмақ. Ол Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық келген шаһар.
Осы үш құтты мекен Таурат кітабының соңында айтылған деседі. Тауратта: Алла тағала Тур Синадан, яғни Имранұлы Мұсамен Алла тілдескен таудан, келді. Сосын Саъир, яғни Иса (ғ.с.) пайғамбар болып жіберілген Байтул Мақдис, тауынан шықты, сосын Фаран, яғни Алла тағала соңғы елшісі Мұхаммедті (с.ғ.с.) жіберген Мекке, тауынан көрінді, деп айтылған. Осылайша соңғы үш елшінің пайғамбарлығы заманымен және ретімен айтылған.Сол себепті Құранда бұл мекендердің шарапаттысын бірінші атап, сосын ең шарапаттысын, соңында алғашы екеуінен де ең шарапаттысын айтып Алла тағала серт етіп тұр.
Жоғарыдағы аяттар серт мағынасында. Құрандағы серт пен ант ету тәсілі және жолдары қандай? Серт етудің себебі мен мақсаты не? Құранда Алла тағала уәл асыр (заманға серт), уәл фаджр (ағарған таңға серт), уад духа, уәл лайли изә сәжә (Сәске уақытына, тым-тырыс түнге серт) деп уақытпен, уәш шамси уә духаһә (Күнге және оның жарығына серт), уәл лайли изә яғшә (Қараңғылық басқан сәтте түнге серт), уәс самаи зәтил буруж (жұлдызды аспанға серт) деп табиғат құбылыстарымен немесе уәл ъадияти дубха, фәл мурияти қодха (Қатты ентігін шапқан, (тұяғынан) от шығарған (тұлпарға серт), уәт тини, уәз зайтун, уә һәзал баладил әмин, деп жаратылыс пен мекенге серт етеді. Бұл Алла тағала серт етіп тұрған уақыт, құбылыс және жаратылыстың маңыздылығын білдіреді. Екінші жағынан, Құранда сүре сертпен басталса, серт аяттарынан кейін аса маңызды адам баласының мән беруі қажет ақиқат айтылған аяттар келетіндігін көрсетеді. Бұл Құранның дәстүрі.
Ал, енді адам баласы інжірге мен зәйтунге серт немесе Күнге және оның жарығына серт деп ант етуіне болмайды. Мұсылман тек Алла тағала атымен ант айтып, серт жасай алады. Мәселен, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аса маңызды сөз айтар кезде: Менің жаным қолында болған Затпен ант етемін Кағбаның Раббысы атымен ант етемін деп айтушы еді. Ал, антын бұзған жағдайда оның кафаратын өтеуі қажет.
Сүреде ант аяттарынан кейін: Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық, деп серт етудің себебі баяндалуды.
Міне, бұл Алла тағаланың серт етуінің сыры. Алла тағала адам баласын бейнесі мен дене бітімін өте көркем кейіпте жаратқан. Барлық жаратылыс ішінде барлық жағынан да кемел жаратылған тек адам ғана. Көзіміз барлық түстерді, тіліміз барлық дәмдерді, ал құлақтарымыз барлық дыбыстарды айрықша ажырата алады. Бойымыз тік, қолымыз бен аяғымыз барлық қимылды жасауға икемді. Ал, қалған жанзаттардың ішінде мүлдем көрмейтін немесе естімейтін және айналаны тек ақ пен қара түсте ғана көретін, ал кейбірі бауырымен жорғалайтын етіп жаратылған. Кейбір жанзат тек топырақ астында, кейбірі тек суда ғана тіршілік ете алады. Тұла бойы түктен тұратын немесе құс секілді қауырсынды болып келеді. Әрине, табиғаттағы барлық жанзат керемет жаратылған. Алайда, адам баласымен салыстырғанда адамзат ерекше кәміл жаратылыс.
Осы аятқа жанама қатысы бар бір оқиғаны айта кетейін. Жаңадан үйленген бір жас жігіт бір топ ғалымдардың мәжілісіне келіп пәтуа сұрайды. Байғұс жігіт ойнаймын деп от басқан баланың кейпінде еді. Мәселе былай болған еді. Жігіт қалыңдығымен дастархан басында әзілдесіп отырып: егер сен айдай сұлу болмасаң, мен сені талақ етемін, деп қояды. Сонда, келіншегі талақ әзіл үстінде айтылса да, үкімі жүреді, деп үйіне кетуге қамдана бастайды. Жігіт қалыңдығымен ажырасуды мүлдем ойламаған, өз кінәсін тілінен көріп, ғалымдардан жәрдем сұрап келген еді. Әрине, ел арасында ең көркем және аса сұлуды айдай сұлу, жүзі айдай екен дейтін сөз бар. Соған сүйеніп, кейбір ғалымдар: әлбетте, ай сұлу. Бұл сөзіңмен сен әйелінді талақ етіп қойдың, деп жатты. Мәжілісте қатысып отырғандардың бірі ханафи ғұламасы (кейбір деректе Әбу Ханифаның өзі деп айтылады) еді. Ол әйел талақ болып тұрған жоқ. Өйткені Құранда Алла тағала: Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық, деп айтқан. Ай емес адам ең сұлу, деп пәтуасын берген екен. Бұл, ханафи мектебінің адам сөзіне емес Құран аяттарына сүйенетіндігін білдіретін көптеген дәлелдердің бірі деп қабыл алыңыз.
Сүренің бесінші аятында: Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық, делінген. Төмендердің төмені дегені тозақ болып табылады.
Бұл аяттың: екі мағынасы бар. Біріншісі: иман етпегендер тозаққа түседі, дегенді білдірсе. Екіншісі: қор өмір саналған қарттыққа тап болады деген. Соңғы мағынасы Ибн Аббастан және Икримадан риуаят етілген. Икрима (р.а.):
Мағынасы: Кімде-кім Құранды жат алса, қор өмірге қайтарылмайды,- деп айтқан. Яғни, қартайған шағында ешнәрсеге қуаты жетпейтін қорлықта болмайды деген мағынаны білдіреді.Алла тағала адам баласы өте кемел де көркем етіп жарата тұрып, соңында тозаққа тастауының себебі не? Себебі, ол адам Алла тағалаға бойсынбайды және Оның елшісіне (с.а.с.) ілеспейді. Сондықтан да, сүренің келесі аятында: Бірақ иман келтірген, ізгі іс істегендер басқа, деп айтылған. Осы аяттың екінші жартысында: Оларға таусылмас сыйлық бар, деп сүйіншілейді. Таусылмайтын сыйлық бар деген сөздердің мәні: Түн ұйқысын бөліп тахажуд намазын оқу, күндіз ораза тұту секілді парыз ғибадаттан бөлек көптеген нәпіл құлшылықтар жасаумен жастығын өткізген мұсылманның қартайған шағында жас күніндегідей амал ете алмайды. Бірақ, ниетіне байланысты жастығында тақуа болған қартқа сол сауабы жазылады, деп түсіндіреді тәпсіршілер. Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не?. Ибн Әбу Хатим Мансурдан риуаят етеді. Ол кісі: мен Мужаһидтен бұл аят пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қаратылып айтылған ба?, деп сұрадым. Ол: Алла сақтасын, бұл аят адамзатқа қаратылып айтылған, деп жауап берді. Аят адам баласының назарын өзінің жаратылысына қаратуда. Насафи тәпсірінде: Адам бір тамшы судан жаратылған. Сосын оның бойын түзеп адам кейпіне ендірген. Адамды жаратылысында бір қалыптан екіншісіне өткізе отырып, кемелдендіреді. Сосын, қайтадан оны еш нәрсеге дәрменсіз қартты күйге салады. Осының барлығы Жаратушының құдіретін көрсетеді. Адамды жоқтан жаратқан Алла тағала оны қайтадан тірілте алмады деуге бола ма?, деп сұрақ қояды.Дін есеп қисап, қиямет күні мағынасында қолданылып тұр. Яғни, ей, адам баласы! Адамзаттың жоқтан жаратылғанын білдің. Сондай ақ, жоқтан бар еткен Алла тағаланың жаратылысты қайтадан қайта тірілтуін де білдің. Ендеше, қайта тірілудің хақ екенін біле тұра, оны жалған деуге не нәрсе итермеледі?, деп сауал қойылады.Алла, үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе?. Мағынасы: Ешкімге зұлымдық етпейтін және ешкімнің ақысын жемейтін Алла тағала ең әділ төрелік етуші. Алла тағаланың әділдігінің ең жоғары көрінісі әлсіз бен жәбірленушінің залымнан есесін алып беру үшін қиямет күнінің болуы.Осы Алла, үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе? аятын естушінің:Яғни: Әрине, мен де оған (қиямет күнінің боларына) куәлік берушілердің қатарындамын, деп жауап беруі сүннет.Құран аяттарын қаридың әсем әуенмен оқуын тыңдау адамға рақаттық сыйлайды. Ал, аяттардың мән мағынасы біле отырып, Құранға құлақ салу екі есе рақаттық береді.
Зімбір - жәннаттық дәмдеуіш. Пейіште оларға "Зәнжәбил" аралас-тырылған ілімдік кесемен ішкізіледі. Ол пейіште "Сәлсәбил" деп аталатын бір бастау бар[1;7617-18].
Жәннәт бейнесі Құранда егжей-тегжейлі әрі көркем сипатталады. Ол жерде өте әдемі бау-бақшалар бар. Бақшаларда керемет жемістер беретін, ең таза сумен өсетін көлеңкелі ағаштар бар. Солардың бірі- Сәлсәбил ағашы. Одан сондай су алады, зімбір қосылған сусын жасап шығаратын.
Зімбірдің жаңа жұлынған немесе кептірілген және тамырынан жасалған ұнтағы көне Қытай мен Үнді елдерінде көп қолданылатын дәмдеуіш болып табылады. Құран түспей тұрып та зімбір араб және парсы саяхатшылары мен саудагерлері арасында өте танымал болған. Бұл елдерге зімбірден жасалған дәмдеуіштер Қытай мен Үнді елінен келетін. Және ешбір тағам бұл елдерде зімбірсіз жасалынбайтын болған. Арабтарға шай мен кофе келмеген кезінде, олар зімбірден дайындалған сусындар ішетін болған. Осы зімбірді сол кездері бүкіл қалаға таратқан араб саудагерлері болатын. Зімбір үлкен қолданысқа ие болды. Ислам халифалығының алғашқы ғасырының басталған кезеңі еді. Мұсылман саудагерлері мен географтары,сарбаздары мен қажылыққа барушылары қарқынды түрде жаңа құрлық және теңіз жолдарын Үнді елі, Қытай, Корея, Жапония, Орта Азиямен Тибетке дейін аша бастады.
Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде классикалық грек-римдік мәдени және медициналық дәстүр,христиан шіркеуінің ықпалымен жойылып кеткен еді. Дәмдеуіштер де қолданыстан қалған болатын. Кейіннен Еуропа халқы, мұсылман дәрігер, аспаз және саудагерлер себебімен қайтадан жаңалық етіп ашты. Зімбірмен қоса басқа да дәмдеуіштер қайта Еуропа елдерінде пайдаланыла бастады. 9-12 ғасырларда Еуропаға мұсылмандардың келуімен зімбірді дәрі-дәрмек ретінде де қолдана бастады. Араб саудагерлері зімбір тамырының өсетін жерін құпияда ұстады. Ол құпияны Еуропа үшін винециялық саудагер Марко Поло ашты.
Денсаулық - баға жетпес байлық, адам үшін асыл зат. Адам өмірінің мән-маңызы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңбыр тудыратын бұлттар
Диуани Хикмет шығармалары
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік діни қалыптасуы
Діни наным-сенімдердің бастауы
Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебі
ОРТА АЗИЯ ЖӘНЕ АРАБ ҒЫЛЫМЫ
Пайғамбар хадистері
Ислам және ғылым оқу құралы
Түркі халықтарының философиясындағы рух ұғымының тұжырымдамасы
Пәндер