Сақ тайпаларының мәдениетi



Кіріспе

1. Сақ тайпаларының мәдениетi.
2. Қолөнер
3. Тұрғын үй және киімі
4. Діни нанымдары мен ғұрыптары
5. Бейнелеу өнері . аң стилі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.
Б.з.д. бiрiншi мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерiнде Ассирия мен Мидия мемлекетi құрылады. VIғ. Мидия мемлекетiнiң орнын Ахеменидтер мемлекетi басады. Бiр топ парсы тайпаларының көсемi II-Кир оның негiзiн салды, б.з.д. 550ж. Ол Мидияны талқандап, өзiне бағындырады да, тiптi Орта Азияның оңтүстiк аудандарында қоластына қаратып орасан зор империя құрады. Б.з.д. 530 – 522 жылдар арсында Ахамедин мемлекетiнiң құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Соғғиана, Сақа енедi, ал Орта Азия мен Қазақстан територриясын мекендеген халықтарды Ахеменидтер не жаулап алады, не бағындырады.
Көне деректерге жүгiнсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдiктердiң терiскей жағын “желдей жүйрiк атты көшпелi турлар” мекендеген. Парсы деректерiнде турлар - сақтар деп аталады, бұл “еңiреген ерлер” деген сөз, ал грек авторларының туындыларында олар скифтер деген атпен кiрген, бұл көшпелiлердiң екiншi аты, бейнесi ретiнде айтылып, әдетке айналып кеткен.
Б.з. Iғ. Көне рим оқымыстысы Плинийдiң үлкенi: «Яксартты» (Сырдарияның көне аты) арғы бетiнде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оны сақтар деп атайды. Скиф халықтарының саны хисапсыз көп олардың iшiнде ел - жұртқа әйгiлi болғандары сақтар, масагеттер, дайлар, исседондар, аримасптар» - деп жазады.
Бiздерге жеткен сипаттама деректерге қарағанда, сақтар малшылар болған, олар жылқы, мүйiздi iрi қараны, уақ малдарды өсiрген шеттерiнен ат құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзiнен ататын садақшы-мергендер екен.
Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрiнен де бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтса керек. Олардың iшiндегi ең көбi масагеттер болған. Геродот олар туралы былай деп жазады: «Бұл халық Аракс (тегi Сырдария секiлдi) өзенiнiң арғы бетiнде, исседондарға қарама - қарсы тұрады, Киетiн киiмдерiне, тұрмыс салтына қарасақ, скифтерге ұқсайды. Олар атпен де, жаяу жүрiп те соғысады. Соғыстың осынау екi тәсiлiне де жетiк, садақпен де, сүңгiмен де шайқаса бiледi; әдетте, айбалтамен де қаруланады. олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан, олар егiн екпейдi, үй жануарларының етiмен, балықпен қоректенедi, Аракс өзенi оларды балыққа шаш-етектен келтiредi. Олар сүт iшедi».
1) Нығмет Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы»

2) Т. Х. Ғабитов. М. Ш. Өмірбекова, Мәдениеттану негіздері. Алматы, 2003

3) К. Р. Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы. Алматы «Білім» 2002.

4) Қазақтың көне тарихы. Алматы «Жалын» 1993.

5) Қазақстан тарихы очерктер. Алматы «Дәуір» 1994.

6) Қазақстан тарихы. І том. Алматы «Атамұра» 1996.

7) «Қазақ совет энциклопедиясы», 8-том.

8) Көкіш Рысбфйұлы «Қазақстан тарихы: Зерттеулер, Құжаттар»

9) Асфендияров С. Д, Кунте П.А // Прошлое Казахстана в источниках и материалах.
10) Мусин Ч. «Қазақстан тарихы»

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Сақ тайпаларының мәдениетi.
2. Қолөнер
3. Тұрғын үй және киімі
4. Діни нанымдары мен ғұрыптары
5. Бейнелеу өнері - аң стилі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Б.з.д. бiрiншi мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерiнде
Ассирия мен Мидия мемлекетi құрылады. VIғ. Мидия мемлекетiнiң орнын
Ахеменидтер мемлекетi басады. Бiр топ парсы тайпаларының көсемi II-Кир оның
негiзiн салды, б.з.д. 550ж. Ол Мидияны талқандап, өзiне бағындырады да,
тiптi Орта Азияның оңтүстiк аудандарында қоластына қаратып орасан зор
империя құрады. Б.з.д. 530 – 522 жылдар арсында Ахамедин мемлекетiнiң
құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Соғғиана, Сақа енедi, ал Орта Азия
мен Қазақстан територриясын мекендеген халықтарды Ахеменидтер не жаулап
алады, не бағындырады.

Көне деректерге жүгiнсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдiктердiң
терiскей жағын “желдей жүйрiк атты көшпелi турлар” мекендеген. Парсы
деректерiнде турлар - сақтар деп аталады, бұл “еңiреген ерлер” деген сөз,
ал грек авторларының туындыларында олар скифтер деген атпен кiрген, бұл
көшпелiлердiң екiншi аты, бейнесi ретiнде айтылып, әдетке айналып кеткен.

Б.з. Iғ. Көне рим оқымыстысы Плинийдiң үлкенi: Яксартты (Сырдарияның
көне аты) арғы бетiнде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оны сақтар деп
атайды. Скиф халықтарының саны хисапсыз көп олардың iшiнде ел - жұртқа
әйгiлi болғандары сақтар, масагеттер, дайлар, исседондар, аримасптар - деп
жазады.

Бiздерге жеткен сипаттама деректерге қарағанда, сақтар малшылар
болған, олар жылқы, мүйiздi iрi қараны, уақ малдарды өсiрген шеттерiнен ат
құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзiнен ататын садақшы-мергендер
екен.

Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрiнен де
бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтса керек. Олардың iшiндегi
ең көбi масагеттер болған. Геродот олар туралы былай деп жазады: Бұл халық
Аракс (тегi Сырдария секiлдi) өзенiнiң арғы бетiнде, исседондарға қарама -
қарсы тұрады, Киетiн киiмдерiне, тұрмыс салтына қарасақ, скифтерге ұқсайды.
Олар атпен де, жаяу жүрiп те соғысады. Соғыстың осынау екi тәсiлiне де
жетiк, садақпен де, сүңгiмен де шайқаса бiледi; әдетте, айбалтамен де
қаруланады. олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан, олар егiн екпейдi,
үй жануарларының етiмен, балықпен қоректенедi, Аракс өзенi оларды балыққа
шаш-етектен келтiредi. Олар сүт iшедi.

Басқа бiр авторлар: Соғдының ар жағында, Яксарттың (Сырдария) бойын
қуалай сақтар қоныс тепкен - сияқты мәлiметтi келтiредi.

Парсының сына жазуларында сақтардың үш тобы туралы сөз болады:
парадарайя (теңiздiң арғы бетiндегi сақтар), хаомаварга-сақтар (хаома
сусынын жасайтын сақтар), тиграхауд-сақтар (шошақ бөрiктi сақтар). Ол
тайпалардың қай араны мекен еткенiн кәзiр ашып айту қиын, өйткенi ежелгi
авторлар тiлге тиек боларлық ғылыми-жағрафиялық деректер қалдырмаған.
Бiрқатар зерттеушiлердiң пiкiрiне сенсек, парадарайя сақтары Арал өңiрiнде,
Сырдария мен Амударияның төменгi ағысында немесе Қаратеңiздiң терiскей
бетiнде өмiр сүрiп, тiршiлiк құрған; тиграхауд - сақтары Сырдарияның орта
аймағы мен Тән - Шәндi мекендеген; хаомаварга-сақтар МЅрғаб алқабынан қоныс
тепкен. К.А. Ақышевтың пiкiрi бойынша, иран жазба деректерiндегi тиграхауд
сақтарына ортокарибантия скифтерi сәйкес келедi, өйткенi жоғарғы екi
атаудың екеуi де шошақ бөрiктi сақтар деген сөз. Бұған қоса айтатын бiр
жәй, Персеполдегi Ксеркс сарайының барельефтерiнде бейнеленген сақтардың
бет пiшiнi моңғолоидтi және олар биiк шошақ киедi, ендеше бұлар, әсiлi,
тиграхауд-сақтар болуға тиiс – дейдi ғалым. Моңғолоидтер таралатын
орталықтардың бiрi Жетiсу аймағы болуы мүмкiн екендiгi себептi тиграхауд –
сақтар Жетiсуда тұрып тiршiлiк еткен деп қорытынды шығарады ол. Есiк
обасына қойылған сақ патшасының басына биiк шошақ бөрiк кигендiгi оның бұл
болжамын дәлелдеп дәйектейдi. Зерттеушiнiң ой – пiкiрiнше, осынау сақтардың
иайпалық одағына сол сияқты аксатагилер, аристейлер, мүмкiн, аргиппейлер де
кiрген болуға тиiс.

Сақ тайпалары туралы деректер халық жадында көмескеленгенiмен Қазақ
Даласының жер-су аттарында мол сақталған. Сақ тайпалары туралы мағлұматтар
Қытай жылнамаларында, тарих атасы Геродоттың, Ксенофонттың (б.д.д. 430-
354ж.ж.), Страбонның (б.д.д. 64 - б.д.д. 23ж.ж.) шығармаларында айтылады.

Сақтар туралы деректердi Антикалық тарихшылар да, Қытай жылнамашылары
да Қазақ Даласына келiп жазған жоқ. Керiсiнше, олар Батысқа және Шығысқа
қоныс аударып барған, жергiлiктi қуатты елдерге айналған бiздiң ежелгi
аталастарымызбен қарым-қатынас орнатқан кездерi жазылған деректер.

1. Сақ тайпаларының мәдениетi.

Қазақ тарихының зерттеген тарихшы, этнограф, антрополог, археолог
ғалымдардың бiрсiпырасы қазақ халқының арғы тегi ерте заманда Орта Азияны
мекен еткен ежелгi сақ тайпаларынан шыққан дейдi. Әйгiлi ғылым А.Н.
Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. Ол: “қазақ” деген сөз ерте
замандағы “қаспи” және “сақ” деген екi тайпаның қосылуынан шыққан, яғни
қаспи – сақ, қас – сақ - қазақ болған деп тұжырымдайды. Тарихшы М.
Ақынжанов қазақ деген сөз “қас” (нағыз), “сақ” деген екi сөзден “қас-сақ”
дегеннен шыққан. Қазақтар – түрiк, маңғол тектес халықтың екi бұтағынан
құралған ежелгi халық дейдi.
Қазақ халқын қалыптастырған арғын, қыпшақ тағы басқа тайпалар iшiнде
сақ деген атты қолданған рулар да бар. Мысалы, сақтоғалық, бес-сақ, сақ
құлы, бо-сақ, қар-сақ тағы басқалар. Қазақ халқының арғы тегi болған ежелгi
үйсiн бiрлестiгiнiң құрамында сақ тайпаларының барлығы елiмiздiң ежелгi
жащба деректерiнде айқын айтылады. Онда: Үйсiн халқы iшiнде сақ тайпалары
да, ұлы иозы тайпалары да бар дейдi. Бұл тарихи фактiлер қазақтың арғы
тегiнiң бiр саласы ежелгi сақ тайплары екендiгiн дәлелдейдi.
Елiмiздiң ежелгi замандағы жылнамалары мен томдарында сақ тайпалары
(сәйжүң) (шижүң), (шимо), (шижа) түрiнде кездеседi. Бұлар (сақ) және (сақ
тайпалары) деген атаудың өз кезiндегi ханзушы дыбысталуы едi.
Ежелгi заманда Орта Азия өңiрiн мекен еткен сақ тайпалары туралы
тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба
деректерiнде сақталған. Ежелгi грек тарихшылары оларды “Азиялық скифтер”
деп атаса, парсы тарихшыларды оларды “сақ” деп атаған.
Ахменид иранның сына жазу текстерiнде, оның iшiнде накширостемдегi
жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварга сақтары (хаомо
iшiмдiгiн iстейтiн сақтар), парадария сақтары (теңiздiң ар жағындағы
сақтар) және тиграхауда сақтары (шошақ төбелi тымақ киетiн сақтар) деп
аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан – байтақ өңiрiн мекен еткен.
Ол заманда “сақ” немесе “скиф” деген жалпы атпен аталған халықтың
iшiнде әрқайсысының өзiне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың
көпшiлiгi көшпендi мал шаруашылығымен, бiр бөлегi егiншiлiкпен шұғылданған.
Ерте замандағы грек авторларының суреттеуiне қарағанда, олардың көшiп
қонатын көлiгi екi, төрт, алты дөңгелектi арба, оған екi, үш жұп өгiз, ат
немесе түйе жегiлген. Осы арба күймесiнiң сырты сырымен, яки киiзбен
қапталған. Бұлар шөптiң сонысы мен судың тұнығын жүзiп, малдарын оттатып
көшiп жүрген. Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-мүкәмалмен күймелi арбада,
қонғанда киiз үйлерде отырған. Олардың қыстауларында кесектен жасалған там
үйлерде болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр,
түйе өсiрген, егiншiлiкпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. Тiптi ма
шаруашылығымен айналысқандардың да қыстауларының маңында шағын егiншiлiк
болған.
Ежелгi грек авторларының деректемелерiде сақтардың бiрсыпыра
тайпалардың аты аталды: масагет, яксарт, дай немесе дахи, фарат, көмар,
асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи тағы басқалар.
Ежелгi грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар өте батыр
жауынгер, “қасқа қатал, досқа адал” халық болған. Олар қастасқан жауын
аямаған. Соғыста өлтiрген жауларының бас сүйегiн iшiмдiк iшетiн ыдыс еткен.
Жауларының жон терiсiнен шылбыр жасаған. Олар батыр жауынгердi ардақтап
құрмет еткен. Жыл саыйн үлкен мерекелер жасалып, бұл мерекеде ортадағы
ортақ ыдыстан тек жауды өлтiрген жауынгерлер ғана iшiмдiк iше алатын
болғна. Сақ деп аталардың тайпалардың арқайсысында өз алдында ханы болған.
Ханға қаза болса, оның өлiгiн арбаға салып ел аралатқан. Ханның өлiгiн
көргенде бұқара қатты қайғырып, өз құлағын қанатып, шашын жұлып, бетiн
жыртып, көзiн тырнаған. Сол қолын оқпен тескен. Қаза болған хан үлкен
қорғандарға жерленген, өлiкпен бiрге алтын, күмiс ыдыс жабдықтарды және
сойылған аттарды бiрге көмген. Тiптi ханның ханымы мен қызыметкерiн де
өлтiрiп, онымен бiрге жерлейтiн болған жоралғылар болған.

2. Қолөнер

Сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды. Еңбек
құралдарын , киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар жасауға
керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерде
өндіріп, өңдеді. Өнерлі шеберлер өз қауымы мүшелерінің қажет заттарын жасап
беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылық өнімдерін алды. Қауым ішіндегі
айырбасқа қоса руаралық және тайпааралық айырбас та кеңінен тарады. Кен-
руда шикізатты, бірқатар шаруашылық бұйымдар, әшекейлер кейде шалғай
жерлерден тасып әкелінді. Бірақ неғұрлым кейінгі уақыттағы қолөнер
өндірісінен айырмашылығы - сақ қолөнері түрлерінің дамымағандығымен және
мал шаруашылығына тығз байланыстылығымен ерекшеленеді, үй кәсібі де жақын
болып, бөлініп кете қойған жоқ.
Б.з.б. І мыңжылдықтың басы бұрынғы КСРО аумағының оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген тайпалар мен халықтар үшін адамға
темір қызмет көрсете бастаған заман болды.
Қазақстан, Орта Азия және Сібір аумағының ертедегі халықтары өздерінің
батыстағы көршілері – скиф – сармат тайпаларына қарағанда темірмен неғұрлым
кейінірек танысты деп топшыланатын еді. Мәселен, Геродот массагеттер
тайпаларын суреттей келіп, “темір және күміс олардың күнделікті тұрмысында
мүлде жоқ, өйткені бұл елде ол материалдарды атымен кездестірмейсің. Мұның
есесіне онда алтын мен мыс мол” деп тура айтады. Алайда, зерттеудің
көрсеткеніндей, мұндай пікір тым асырып айтылған пікір болып шықты. Б.з.б.
І мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағының ертедегі тайпалары қызыл және
қоңыр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез балқитын кен түрлерімен
таныс болған. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс-жұтын қазу
кезінде Тоғай-1 кенішінен табылған жақсы сұрыпталған темір кеннінің
үйіндісіне қарап білуге болады. Б.з.б. VІІ-VІ ғасырларда темірден соғылған
бұйымдардың Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан табылған едәуір
жиынтығы (темір қанжарлар, пышақтар, жүген әшекейлері), сондай-ақ Аралдың
шығыс өңірінің ертедегі сақтар тұрақтарындағы тікелей рудадан алынған темір
балқымасының (кесектер мен қоқыстар) көптеген іздері де осыны дәлелдейді.
Қазақстанның бірқатар аудандарында, негізінен орталық бөлігінде (Шығыс
Қарқаралы аймағы) темір өндірілген ескі орындар сақталған, олардың біразы
сол кезде пайдаланылған.
Дегенмен, ежелгі Қазақстанда мыс пен қалайы өндіру неғұрлым басым
болды. Саяқ пен Жезқазғандағы, Қолба мен Нарымдағы ірі-ірі түсті
металлургия орталықтарынан алынған құрамында күшала және қалайы бар қоладан
жасалған жоғары сапалы қола бұйымдары темір бұйымдыларынан кем түскен жоқ,
сондықтан адамдар темірден көміртегі мол болат қорытуды үйренген кезде
барып қана қоланың орнына темір қолданылатын болды.
Сақ заманында кен ісі руда шикізатын алғашқы өңдеу техникасы андронов
дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ тайпалары әсіресе қола құю
ісі мен басқа металдарды өңдеу техникасында елеулі табыстарға жетті.
Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға арнап алуан түрлі
бұйымдар жасады. Құйма қалыптар ретінде қыш, металл, кейде тас
пайдаланылды. Жебенің құйма ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі немесе
үш ұялы жармалардан тұратын қарапайым құйма қалыптарды қолданды, сақ
металлургтері металл бұйымдарын жасаудың “жойылатын үлгі” тәсілімен құю
сияқты күрделі әдістерін де білген. Оның мәні балауыздан немесе тоң майдан
үлгі жасап алып, оның сыртын балшықпен қаптау болатын. Балшық кепкеннен
кейін қалып тұтас қыздырылып, еріп кеткен балауыздың немесе майдың орнына
металл құйылады. Нақ осындай тәсілмен ірі бұйымдар: үлкен мыс қазандар,
құрбан шалатын үлкен ыдыстар, үлкен қоңыраулар құйылады. Құйма қалыптарында
олардың салмақты жармаларын бөлетін тіректер ретінде құбырлар деп арнайы
істелген кішкентай цилиндрлер қолданылады. Жануарлардың қуыс мүсіндерін
жасау үшін мәнерлі біліктер мен құйма жалғамалар пайдаланылды. Құйып
жасалған заттардың көбі кейін қырналып, тегістелді, қажет жерлері бұрғымен
тесілді.
Қалайымен аптау техникасын меңгеру ертедегі құюшылардың елеулі
жетістігі болды. Қалайымен апталған бұйымдар онша татанбайды әрі көпке
шыдайды.
Сақ металы арасында қола және мыс қазандар, құрбан шалғыштар мен
шырағдандар жиынтығы ерекше көп орын алады, олар жетісу сақтарының өнері
мен көркем құймаларының жалпы жұрт таныған ескерткішіне айналды. Металл
өңдеудің жоғары деңгейі мен көркем құйма өнері сақ заманы қола индустриясы
гүлденген кезең болғанын дәлелдейді. Шаруашылықтың жаңа түрлері,
мәдениеттің біршама биік деңгейге жетіп дамуы, тұрмыстың қиындауы келе-келе
еңбек құралдарының, қару мен тұрмыс және табыну заттарының алуан түрлі
болуын талап етті. Алайда қола дәуірінің шой шүйделі балталары, пальстав
сияқты шоттары, қырлы және ұшты қашаулары, жетісулық үлгідегі деп аталатын
орақтары сияқты қола бұйымдарының ең мінсіз түрлері сақталып қалды.
Ертедегі құймашылар ат-тұрманын, қару-жарақ мен тұрмыстық керек-
жарақтар жасауға ерекше назар аударды. Көне сақ заманының жүгендері
ебедейсіз әрі күрделі болатын. Оның қола ауыздықтары екі ұшы кішкентай
үзеңгі тәріздес етіліп жасалды. Үзеңгі тәріздес ауыздықтар жүген
жақтауларына айшықтармен жалғастырылды; үш тесігі немесе ілгелі бар бұл
айшықтар қоладан, сүйектен, мүйізден жасалды.
Б.з.б. V ғасырдан бастап жүгендер барынша ыңғайлы етіліп жасалатын
болды; ауыздықтардың ұштары шығыршықталып, екі тесікті айшықтар шықты,
тұтас алғанда жүгеннің құрылысы біршама қарапайым бола түсті. Осы уақыттан
бастап ауыздық темірден жасалатын болды. Ат әбзелдерінің басқа да көптеген
керек-жарақтары: айылдың құйма тоғалары, қаңылтыр қаптырмалар, тартпалардың
айқасқан жерлеріне арналған алуан түрлі өткермелер де мәлім.
Сақтардың қару-жарағы жебелі шағын садақтардан, парсылар ақинақ деп
атаған, шабуға да, түйреуге де ыңғайлы қанжарлардан, ұзын семсерлерден,
сүйменшілер, найзалардан және бітімі әр түрлі (бір жағы істік не жалпақ
жүзді, екінші жағы балға секілді ұзын сапты қарулар) жауынгерлік
балталардан тұрды. Сақ жауынгерінің сауыт-сайманы қоладан істелген
дулығадан, шағын қалқаннан және жебе салынған қорамсақ ілінген белдіктен
тұрды. Жебелердің ұшы әр түрлі: қоладан жасалған ілінген неғұрлым ертедегі
ұңғылы және қосқа сапты түрлері болды. Ұңғылы түрлері сүйір жапырақ
тәрізді, ромб тәрізді немесе бір жағы сүйір ромб тәрізді болды. Жебелердің
сапты ұштарының қанды басы үш қырлы етіліп жасалды.
Б.з.б. V ғасырдан бастап Қазақстан аумағында, сірә, скифтерден ауысқан
болса керек, қанды басы үш қырлы, ұңғылы жебелер тараған. Жебелердің ұштары
көптеп жасауға неғұрлым ыңғайлы болу үшін біркелкі түрде келеді де, бұрынғы
үлгілер біртіндеп қала бастайды. Темірден жасалған жебелер шыға бастайды,
бұлардың бастапқылары үш қырлы сапты қола ұштардың бітіміне ұқсас болды.
Біздің заманымыздың ІІ-ІІІ ғасырларында темір жебе ұштары барлық жерде
тарала бастайды.
Б.з.б. VІІ-VІ ғасырларда соғыс қанжарлары қоладан құйылды. Алғашқы
ақинақтардың ерекше белгісі саңырауқұлақ тәрізді немесе шамбол кесек
бәйегі, көлденең келген сопақша қалағымен немесе қол тірейтін қырымен қоса
құйылған сабы болды. Кейбір ақинақтар, мәселен, Нұрманбет-4 қорымынан
табылған ақинақ өте шебер жасалған. Неғұрлым кейінгі кезеңдегі қанжарлардың
тұтқыры б.з.б. VІ ғасырлардың аяғынан бастап ұштары төмен немесе жоғары
қараған айшық түрінде болды. Тұтқырлар көбінесе ғажайып жартқыш құс -
самұрықтың бас бейнесімен безендірілді немесе сақиналанып тұйықталды.
Мұндай қанжарлардың бәйектері бітімі жағынан көбелектің қанатына ұқсас
болды немесе қарапайым қалақша тәріздес жасалды. Патша қабірлерінен (Есік)
табылған семсерлер мен қанжарлар алтынмен апталған. Б.з.б. VІ ғасырлардың
аяғында-ақ темірден не қола аралас темірден жасалған қанжарлар кездеседі.
Солтүстік Қазақстандағы Айдабол қорымынан табылған ақинақ осындай қоспа
металдан жасалған қанжарлардың мысалы бола алады. Б.з.б. ІV-ІІІ ғасырлардан
бастап соғыс қанжарлары тек темірден ғана жасалатын болды.
Қорамсақтар мен ақинақтар әдетте жауынгерлердің белдіктерімен бірге
табылады. Сақтардың белдіктері салмақтылығымен ерекшеленген, әдетте
құрастырмалы болып, іші қуыс ірі қола қаптырмалардан тұрған. Мұндай
қаптырмалардың сыртқы беті ою-өрнекпен әшекейленеді, кейбіреуі мүсіндер
тәріздендіріліп жасалды.
Тұрмыстық керек-жарақтан ең көп табылатыны – пышақтар. Олардың бәрінің
де жетесі шағын тікше, сабының ұшы дөңгелетіліп немесе тура сабының өзіне
дейін тесілген болады. Б.з.б. VІ ғасырдың аяғында-ақ қола пышақтардың
орнына түгелдей дерлік темір пышақтар жасалатын болды. Темір пышақта ең
қарапайым әідіспен – б.з.б. VІІ-V ғасырлардан-ақ қолдана бастаған темірді
суықтай соғу әдісімен жасалады. Б.з.б. VІІ- V ғасырлардан бастап салмақты,
жиегі шығыңқы, дөңгелек табақша қола айналар кеңінен тарады. Олар айнаның
сыртына орнатылған ілмегімен әйелдердің белдіктеріне ілінді. Б.з.б. V- ІV
ғасырларда олардың орнына дөңгелегі жайпақ және жиегінде қарапайым тұтқасы
бар айналар шықты. Елеулі бір нәрсе, сақ айналарының өзінің алдындағы
андронов айналарынан айырмашылығы - олардың бетіне балқытылғн қалайы
жалатылған, мұның өзі оларды жылтыратып тұрған.
Сақ заманында металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ
жасау, тас қашау, сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылық сияқты
басқа түрлері де болды.
Сақ тайпаларының басым көпшілігінің көшпелі тұрмысы ыдыстың жаңа
түрлерін туғызып, жаңа материалдарды – металл, тері және ағашты қажет етті.
Көшпелі тұрмыс басым болған Орталық Қазақстанда керамикалық ыдыс тым аз
жасалды, тері, ағаш және металл ыдыстар ұсталды. Жетісу, Ертіс бойы және
Батыс Қазақстанның орманды-далалық аудандары сияқты басқа аудандарда
керамикалық ыдыстар бұрғысынан жасала берді, бірақ олардың түрі қола
дәуіріндегі отырыұшы, бақташы тайпалардың ыдыстарынан басқаша болды.
Жетісуда көшіп-қонғанда алып жүруге қолайлы тұрқы аласа, жатаған
ыдыстар кеңінен таралды. Олардың арасында жайпақ дөңгелек тостағандар,
шомбал саптыаяқтар, текше ыдыстар мейлінше жиі ұшырасады. Түбі дөңгелек
ыдысты Батыс және Солтүстік Қазақстанның мал өсірушілері деп пайдаланған,
ол бірінен бірі үлкейе беретін жеке-жеке таспа сияқты саздан жасалған.
Керамика жасаған кезде қалып ретінде топырақ толтырылған мата үлгі
пайдаланылған. Жетісудың обалы молаларынан жайпақ табақтар мен сатаулар
түріндегі ағаш ыдыстар табылды, көмбедегі табылған заттардың арасынан алуан
түрлі тағандар мен аяқтары бар үлкен қола қазандар да көп кездесті.
Шығыс Қазақстанның таулы аудандарының тұрғындары түрі басқаша қыш
ыдысты артық санаған. Мұнда майқұйғыш тәрізді және тік мойынды құмыралар
мен аласа көзелер жиі кездеседі. Б.з.б. V- ІV ғасырларда мұндай
құмыралардың сыртына көбінесе қоңыр түсті минерал бояумен әшекей салынған.
Таулы Алайдың Пазырық обаларынан ағаш және тері ыдыстардың өте мол
жиынтығы табылды. Ауданның табиғи жағдайлары арқасында (оба тоңы) онда
алуан түрі нақыштармен әшекейленген торсықтар, мал және аң терілерінен
жасалған аяққаптар, ағаштан ойылған биік аяқтары бар ағаш үстелдер
сақталған, оларды металдар, тұс киіздер мен кілемдердің үлгілері сақ
тайпаларының тері илеу ісінің және қолөнерінің басқа да түрлерінің жан-
жақты дамуын толықтыра түседі.
Ертедегі темір дәуірінен тас пен сүйектен жасалған бұйымдар жеткен. Сақ
заманында тасқа қашап өрнек салу, бір және екі жағынан бұрғылап тесу және
абразив материалмен тегістеп жылтырату техникасы кемелденді. Қанжармен және
пышақпен бірге белдікке тағылып жүретін қайрақ тас сақ малшысы мен
жауынгерінің жанына тастамайтын заттар болған. Белдікке таққанда ыңғайлы
болу үшін оның жоғарғы жағы арнайы тесілетін болды. Қайрақ тасқа арналған
негізгі материал құм тас болды. Бұл тас неғұрлым күрделі бұйымдар тастан
құрбан шалатын үстел жасау кезінде қолданылды. Мұндай заттарды жасарда өз
ісіне жетік шебер өзекті әрі өрнекті құм тастың неғұрлым әдемі түрлерін
іріктеп алған.
Ертедегі сүйек оюшылар материал ретінде оларға шаруашылық кәсіп пен
аңшылықтың өзі беретін шикізатты пайдаланды. Ең алдымен жылқының қойдың,
маралдың жілік сүйектері, жылқының тақта сүйектері, марал мен таутекенің
мүйіздері өңделді. Барлық сүйектер өңделердің алдында ұзақ қайнатылатын.
Өткір металл құралдардың жиынтығы пайдаланып, сүйектен және мүйізден жебе
ұштары, айшықтар, белдікке салынатын алуан түрлі қаптырмалар, түйреуіштер,
тізбелер, жайпақ бедерлі тоғалар мен ілгектер, шаш түйрегіштер жасалды.
Іле өзеніндегі Бесшатыр қорымның Тянь-Шань шаршасымен жабылып, шірімей
сақталған қабірлері ағаш өңдеу мен ағаш құрылыстарды салудың кейбір
ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді. Бесшатыр мазарларын салу үшін
құрылыс ағашы Іленің қарсы беттегі жағасынан 200-250 шақырым, Іле
Алатауының сілемдерінде дайындалған. Ағаш кесілген жерде бұталып,
тегістеліп, бөренелерге кертелер салынған. Дайындалған бөренелер арнаулы
ағаш сүйретпелермен өзеннің жағасына тасылған, содан кейін байланып, қарсы
бетке өткізіліп, құрылыс орнына жеткізілген. Ауыр бөренелерді үш метрден
астам биіктікке көтеру кезінде иіндер мен шығырлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Сақтардың мәдениеті мен өнері
САҚ ӨНЕРІ
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
Сақ ескерткіштері
Сақ әйелдерінің әшекей бұйымдары
Алтын адам туралы дерек
Сақтардың мәдениеті
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы тайпалар одақтары
Пәндер