Қытайдағы мемлекет пен қоғамның қалыптасу негіздері



1. Х.з.д. 3.2 мыңжылдықтағы Қытай
2. Шань.инь дәуірі. Х.з.д. 18.11ғғ.
3. Батыс хжоу. Х.з.д. 1122.770жж.
4. Шығыс Чжоу дәуірі.770.256жж.
5. “Чуньцю” кезеңі. Х.з.д. 7.5ғғ.
6. Хжаньго кезеңі (х.з.д. 453.221)
7. Х.з.д. 3ғ. Қытайдағы бір орталықтанған мемлекет.Цинь империясының құрылуы.
8. Цинь Ши.хуаннің ішкі саясаты. Реформалары.
9. Біріңғай заң жүйесін енгізу.
10. Ақша реформасы.
11. Цинь империясының сыртқы саясаты.
12. Ежелгі Қытайдың мәдениеті.
Қытай тарихы дамыған неолит дәуірінен бастағанда кем дегенде жеті мың жылдық уақытты қамтиды. Осы мерзімнің үштен біріне жуығын ежелгі Қытай өркениеті кезеңі алады. Оның басталу кезеңі х.з.д. 3-2 мыңжылдық шеңберіне сәйкес келеді. Ал оның аяқ кезеңі деп Хань империясының күйреу уақытын есептейді (х.з.д.220 жыл).
Ежелгі Қытай цивилизациясы неолит мәдениеті негізін де х.з.д.5-3мың жылдықтарда Хуаңхэ өзенінің орта ағысын да пайда болды. Хуаңхэ бассейні ежелгі Қытай этникалық қауымының қалыптасқан негізгі территориясы және ұзақ уақыт бойы оқшау дамыған дүниежүзілік мәдениеттің ең көне орталықтарының бірі болды. Ең көне адам да Хуаңхэ өзені аңғарында осыдан 500 мың жыл бұрын пайда болды.
Х.з.д. 5-3 мыңжылдықтарда Хуаңхэ өзенінің орта ағы сында дамыған неолиттік мәдениет қалыптасты. Соның бірі-Яншао мәдениеті. Яншао тайпалары Хуаңхэнің бір саласы Вэйхэ өзені аңғарын мекендеген.
Хуаңхэ бассейніндегі неолиттік Яншао мәдениетін Қытай археологтары жан-жақты зерттеген. Яншао мәде ниетіне жататын сол кездегі адамдардың тұрғын үйлері көбінесе төрт бұрышты немесе дөңгелек жартылай жер үйлер болған, төбесін топырақпен жапқан. үйдің ішінде кішігірім ошақ болған, үйдің есігі оңтүстікке қаратып жасалған. Үй жанында шошқа қора және азық-түлік сақтайтын қоймасы болды. Шағын ауыл бірнеше үйлерден тұрды, осы жерде қару жасайтын және қыш күйдіретін шеберханалар болды. Тастан жасалған құрал-саймандар: балта, пышақ, сүймен, балға, дәнүгіткіш, орақ т.б. Ал тебен, ине, ілгек, біз, оймақ, ара, пышақ сияқты саймандар сүйектен жасалды. Негізгі қару ретінде жебесі мен садақ болды. Тастан, сүйектен, ұлу сүйектерінен әр түрлі әшекей заттар жасай білген. Түрі, сырт бейнесі жағынан сан-алуан және әр түрлі мақсатқа арнап жасаған керамика бұйымдары көп кездеседі. Өлген адамдардың молалары ауылдың маңына орналасты, өлген адам мен бірге көптеген бұйымдар бірге жерленген және адамның басын батысқа қаратып жерлеген.
Яншао мәдениетін жасаушы тайпалардың орнын х.з.д. 3 мыңжылдықтың екінші жартысында Луньшань мәдениетін жасаушылар алды. Луншань мәдениеті Яншаоға қарағанда прогрессивті мәдениет болды. Егіншілік құрал-саймандары жетілдірілді. Мал шаруашылығы жақсы дамығанымен, ол Қытай топырағына толық орныға алмады.
Луншань мәдениетінің тараған аймағының бірі-Цицзя (провинциясы-Ганьсу) жерінде металл өндіруді де біл гендігін дәлелдеп отыр.
1. “Истори Китая”

под редакцией В.И.Василенко
Москва-1998г.

2. “Древний Китай”
Москва-1974.

3. “История Древнего Китая”
Шань Вань Хао
Москва-1984г.

4. Ежелгі Қытай тарихы
Алматы-1992ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қытайдағы мемлекет пен қоғамның қалыптасу негіздері

1. Х.з.д. 3-2 мыңжылдықтағы Қытай
2. Шань-инь дәуірі. Х.з.д. 18-11ғғ.
3. Батыс хжоу. Х.з.д. 1122-770жж.
4. Шығыс Чжоу дәуірі-770-256жж.
5. “Чуньцю” кезеңі. Х.з.д. 7-5ғғ.
6. Хжаньго кезеңі (х.з.д. 453-221)
7. Х.з.д. 3ғ. Қытайдағы бір орталықтанған мемлекет-Цинь империясының
құрылуы.
8. Цинь Ши-хуаннің ішкі саясаты. Реформалары.
9. Біріңғай заң жүйесін енгізу.
10. Ақша реформасы.
11. Цинь империясының сыртқы саясаты.
12. Ежелгі Қытайдың мәдениеті.

Қытайдағы мемлекет пен қоғамның қалыптасу негіздері

Х.з.д. 3-2 мыңжылдықтағы Қытай

Қытай тарихы дамыған неолит дәуірінен бастағанда кем дегенде жеті мың
жылдық уақытты қамтиды. Осы мерзімнің үштен біріне жуығын ежелгі Қытай
өркениеті кезеңі алады. Оның басталу кезеңі х.з.д. 3-2 мыңжылдық шеңберіне
сәйкес келеді. Ал оның аяқ кезеңі деп Хань империясының күйреу уақытын
есептейді (х.з.д.220 жыл).
Ежелгі Қытай цивилизациясы неолит мәдениеті негізін де х.з.д.5-3мың
жылдықтарда Хуаңхэ өзенінің орта ағысын да пайда болды. Хуаңхэ бассейні
ежелгі Қытай этникалық қауымының қалыптасқан негізгі территориясы және ұзақ
уақыт бойы оқшау дамыған дүниежүзілік мәдениеттің ең көне орталықтарының
бірі болды. Ең көне адам да Хуаңхэ өзені аңғарында осыдан 500 мың жыл бұрын
пайда болды.
Х.з.д. 5-3 мыңжылдықтарда Хуаңхэ өзенінің орта ағы сында дамыған
неолиттік мәдениет қалыптасты. Соның бірі-Яншао мәдениеті. Яншао тайпалары
Хуаңхэнің бір саласы Вэйхэ өзені аңғарын мекендеген.
Хуаңхэ бассейніндегі неолиттік Яншао мәдениетін Қытай археологтары жан-
жақты зерттеген. Яншао мәде ниетіне жататын сол кездегі адамдардың тұрғын
үйлері көбінесе төрт бұрышты немесе дөңгелек жартылай жер үйлер болған,
төбесін топырақпен жапқан. үйдің ішінде кішігірім ошақ болған, үйдің есігі
оңтүстікке қаратып жасалған. Үй жанында шошқа қора және азық-түлік
сақтайтын қоймасы болды. Шағын ауыл бірнеше үйлерден тұрды, осы жерде қару
жасайтын және қыш күйдіретін шеберханалар болды. Тастан жасалған құрал-
саймандар: балта, пышақ, сүймен, балға, дәнүгіткіш, орақ т.б. Ал тебен,
ине, ілгек, біз, оймақ, ара, пышақ сияқты саймандар сүйектен жасалды.
Негізгі қару ретінде жебесі мен садақ болды. Тастан, сүйектен, ұлу
сүйектерінен әр түрлі әшекей заттар жасай білген. Түрі, сырт бейнесі
жағынан сан-алуан және әр түрлі мақсатқа арнап жасаған керамика бұйымдары
көп кездеседі. Өлген адамдардың молалары ауылдың маңына орналасты, өлген
адам мен бірге көптеген бұйымдар бірге жерленген және адамның басын батысқа
қаратып жерлеген.
Яншао мәдениетін жасаушы тайпалардың орнын х.з.д. 3 мыңжылдықтың
екінші жартысында Луньшань мәдениетін жасаушылар алды. Луншань мәдениеті
Яншаоға қарағанда прогрессивті мәдениет болды. Егіншілік құрал-саймандары
жетілдірілді. Мал шаруашылығы жақсы дамығанымен, ол Қытай топырағына толық
орныға алмады.
Луншань мәдениетінің тараған аймағының бірі-Цицзя (провинциясы-Ганьсу)
жерінде металл өндіруді де біл гендігін дәлелдеп отыр.
Х.з.д. 5-4 мың жылдықтағы боялған Яншао керамикасы мәдениетін
құрушылар протосинотибеттіктер деп аталады. Х.з.д. 2 мың жылдықтағы Инь
этникалық қауымы осы протосинотибеттіктердің оңтүстік тайпаларымен араласуы
нәтижесінде пайда болды. Батыстағы топтары Чжоу этни калық қауымын құрды.
Инь мен Чжоу қауымдарының өзара байланыстары нәтижесінде х.з.д. 1-мың
жылдықта Хуанхэ өзенінің орта ағысында ежелгі қытай этносы қалыптасты. Оның
қалыптасуына, сонымен қатар, көрші жатқан этни калық топтар да үлес қосты.
Олар солтүстік палеоазиат және оңтүстік-шығыс та аустроазиат көне тілінде
сөйлеген.
Х.з.д. 2-мың жылдықтан жеткен аңызға қарағанда, бір заманда Аспан асты
мемлекетін данышпан Яо билеген. қартайған соң, ол өз орнына баласын емес,
талапты да ширақ Шуньды қалдырады. Осы Шунь билеген кезде мемлекетті топан
су апатынан құтқара алатын адамның қолына беретіндігін мәлімдейді. Мұндай
ауыр міндетті Ұлы Юй дейтін адам өз мойнына алады. Ол өзеннің аңғарын
тереңдетеді де, су теңізге ағып кетеді. Сөйтіп, Юй мемлекет билеушісі
болады. Оның орнын басқан баласы Ци болады. Осыдан бастап Аспан асты
билеушісі мұрагерлікпен тағайындалатын болады. Бұл аңыздағы Ци-ұлы Юйдің
баласы, ең көне Қытай әулеті-Сяның негізін салушы болады. Қытай тарихының
атасы Сыма Цяннің “Тарихи жазбаларында” осы әулеттің билеушілерінің аттары
және олардың билік ету кезеңдері жазылған. Бірақ, нақты басқа жазба
деректердің болмауынан, біз бұл Ся мемлекетінің толық мәнін түсіне
алмаймыз. Аңыз бойынша, Сяның соңғы билеушісі Цзе өте қатал болған. Оған
қарсы барлық наразы тайпалар көтерілген. Сондай наразы тайпаның бірі-Шанның
билеушісі Таң жауыз билеушіге қарсы көтеріліс бастайды да, мемлекет билігін
өз қолына алады. Оның енді Чэн Таң яғни “Таң жасампаз” деп атайды. Сөйтіп
жаңа әулет-Шаң билігі басталады. Ол х.з.д. 17ғ. Бастар Инь деген атққа ие
болады. Сыма Цяннің баяндауы бойынша, бұл тайпалар орта Қытай жазығын
мекендеген. Шан қаласы қазіргі Хэнань провинциясы Аньян қаласы маңында
орналасқан.

Шань-инь дәуірі. Х.з.д. 18-11ғғ.

Х.з.д. 2-мыңыншы жылдықтың екінші жартысында Қы тайдың кеңбайтақ
даласында-Ганьсуден Шаньдунге, Хэбэй ден Хунань мен Цзянсиге дейінгі
аралықтағы өзен бойларында ертеқалалық қоныстар шашырап жатты. Бұл қола
дәуірінің алғашқы мемлекеттік құрылымдарын негізін қалаған протомемлекеттік
қалалар болды. Көлемі 6 шаршы км-ге дейін жететін, дуалмен қоршалған
“қалалар” белгілі бір жоспар бойынша жасалды, онда сарай кешендері, қол
өнершілер және қола құятын шеберханалар орналасқан көшелері болды. Осындай
бір немесе бірнеше “қалалардың” аймағын да жаңа пайда болып келе жатқан
өркениеттің алғашқы ошақтары пайда бола бастаған. Қауымдардың бірігуіне
себеп болған шаруашылық және әскери себептер болды. Ша- руашылықта су
тасқындарына бірлесіп қарсы тұру, суару жүйелерін салу т.б. себеп болса,
әскери жағдай көрші тайпалармен болып тұратын үздіксіз соғыстарға
байланысты бірігуді қажет етті.
Инь қауымының дамуындағы бұдан кейінгі өзгерістер, оның ішінен ерекше
көзге түсіп, бөлініп шыққан Шан қала сы ежелгі Қытай ертемемлекеттік
құрылымының үлгісі бол ды.
Шан қала қауымы туралы ең алғашқы мәліметі бізге Қы- тай территориясынан
табылған эпиграфикалық жазба ес- керткіштер береді. Хэнань провинциясындағы
Аньян қала- сы маңынан 20ғ. басында табылған, құрбандыққа шалған малдың
сүйегіне жазылған балгерлік жазулар Қытайдың иероглифтік жазуының ең
алғашқы түрі болды, яғни Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш рет жазу пайда
болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастақан.
Қытайдың дәстүрлі тарихнамасы Шан-Инь дәуірін х.з.д. 1766-1122 жылдар
деп есептейді. Оның х.з.д. 14-11ғғ. Екінші кезеңінен археологиялық және
этнографикалық деректер көптен жетті. Шан-Инь қоғамының әлеуметтік құрылысы
өте күрделі болған. Қауым ішінен мүліктік жіктеліс нәтижесінде бөлініп
шыққан ауқатты топтар, діни абыздар, әскери адамдар ерекше жағдайға ие
болды. Шан қаласы астана ретінде болып, оның орталығында ауқатты әлеуметтік
топтар тұрған. Шан қаласының айналасын Инь тайпалары мекендеген. Шан-Инь
қоғамының саяси бірлігі билеуші-ван арқылы көрінді. Ван шаруашылық
мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Тек ван қана
қайтыс болған әруақтарға арнап діни дәстүрді орындаған.
Шан-Инь мемлекеті өзінің құрылысы жағынан “қала мемлекеттердің”
бірлестігі болған. Коалициялық билікке не гізделген “Шан қалалар одағын”
оған дұшпан тайпалар қоршаған еді. Сондықтан да иньдіктер белсенді сыртқы
саясат жүргізген. Шан-Инь қоғамы У Ди-ванның тұсында күшейген. У Ди өлген
соң бұл мемлекет өзінің әлсіреу кезеңіне тап болады.
Шан қала-мемлекетін қоршаған тайпалармен жүргізіл ген үздіксіз
соғыстары оны әбден әлсіреткен еді. Ақыры Шанның соңғы билеушісінің кезінде
ол батыс жағынан қоршаған хжоу тайпаларының шабуылына ұшырайды. Оны
тарихнамада “Чжоу шапқыншылығы кезеңі” деп атайды. Бұл х.з.д. 11ғ. Соңғы
ширегінен 1122 жылға дейінгі уақыт ты қамтиды. Чжоу қоғамында да
иньдіктердің әсерімен мемлекеттік құрылыс қалыптаса бастаған болатын. Сыма
Цяннің деректері бойынша хжоулықтардың билеушісі Цзи Ли Шанның ванынан Си-
бо деген титул алған. Сондай-ақ оның ұлы Вэнь-ван тұсында хжоу қоғамы
күшейе түскен. Чжоулықтар өздеріне шан мәдениетін қабылдаған: инь жа зуы,
әскери жасақтар, қола бұйымдар мен ақсүйекткрінің тұрмыс-салты т.б. Вэнь-
ван алысты болжаған саяси жоспар жасап, Чжоудың төңірегіне шандықтарға
дұшпан топтарды жинақтайды. Бірақ ол бұл істі аяғына дейін жеткізе алмады.
Бұл маңызды жоспарды оның баласы Фа іске асырады. Фа Қытай тарихында У-ван
деген атпен белгілі.
Әкесінің ісін жалғастырған У-ван 1027 жылы Му деген жерде Шанның соңғы
ваны хжоу Синнің әскерлерін талқан дап, жеңіске жетеді. Бұл қорлыққа
шыдамаған хжоу Синь асылып өледі. Шан қаласына енген У-ван қаланың билеу-
шісі етіп, хжоу Синнің ұлы У Гэнді тағайындайды. Содан кейін, жеңімпаз
жауынгерлеріне бағалы сыйлықтар үлесті- ріп, одақтастарын да құрметке
бөлеп, еліне қайтады. У Гэн нің қолында баяғыша Шан мемлекетінің барлық
билігі сақ- талды.
Шанды жеңгеннен кейін көп ұзамай У-ван қайтыс бола ды. Билік оның
бауыры хжоу-гунның қолына тиеді. Себебі У-ванның мұрагері хэн-ван әлі
кәмелеттік жасқа толмаған еді. Осы жағдай Шан билеушісі У Гэнге ұнамайды
да, ол хжоу билеушісіне қарсы билік ұйымдастырады. Билік үш жылға созылады,
хжоу-гунның көп күш жұмсауы нәтиже сінде толық басылады.

Батыс хжоу. Х.з.д. 1122-770жж.

Батыс хжоу өзінің құрылысы жағынан өте соқылдақ, әл- сіз және
этникалық жағынан да әрқилы мемлекеттік бірлес- тік болды. Онда жергілікті
билеушілер жоғары хжоу билеу шісіне сыйлықтар мен әскери көмек берумен ғана
шектелді, өздеріне тиесілі аймақтарда автономиялық билік жүргізді.
Ван титулын хжоу патшалары өздеріне шандықтардан мұраға алған болатын.
Жергілікті билеушілерді хжухоулар- дың жеке өкімет билігі болды, жергілікті
халықты әкімшілік билік жолымен биледі. Ван осы хжухоулардың үстінен билік
жүргізді.
Батыс хжоу дәуірінде үнемі жүзеге асырылып тұратын құрбандық шалу,
әсіресе, адамды, құлдарды құрбандыққа шалу тоқтатылды. Тарихи деректер
адамды құрбандыққа шалуды дәстүрге айналдырған шандықтарды бағындырған хжоу
мемлекетінің негізін салушы хжоугунның бұл дәс- түрдің жойылуын тікелей
байланыстырады.
Батыс хжоу дәуірінің жазба деректері қатарына эпигра фикалық
ескерткіштер, ең алдымен қоладан жасалған заттарға жазылған жазулар жатады.
Тек хэн-ванның кезеңіне ғана тән, 30-дан астам осындай жазулар сақталған.
Дегенмен, бұл жазба деректер Батыс хжоу мемлекетінің саяси құрылысы туралы
толық хабар бере алмайды.
Алғашқы хжоу билеушілерінің-хжоу-гунның, хэн-ван ның, оның баласы Кан-
ванның және немересі хжао-ван ның билік құрған кездері онша ұзақ болған
жоқ. Олар бар жоғы х.з.д. 1025жылдан 948 жылға дейін билік құрды. Бұл Батыс
хжоу мемлекетінің тарихындағы ең бір даңқты жыл дар болған. Дәл осы дәуірде
хжоу мемлекетінің өкіметтік билігі қалыптасты. Шандықтардың басқару жүйесін
өзде- ріне, қабылдай отырып, олар астананы жаңа орынға көші ріп, жаңа
қалада әкімшілік биліктің орталықтандырылған түрін енгізді. Сөйтіп күшті
орталықтанған билігі бар импе рия құруды армандады. Бірақ алғашқы хжоу
билеушілері кезінде бұл іске асқан жоқ, тек Кан ванның 1004-967жж. Билігі
тұсында орталық өкіметті күшейтуге кеткен нәтиже сіз әрекеттердің орнына
ұсақ әкімшілік бірлестіктер жүйесін енгізді. Осы жолмен Кан-ван елдің
оңтүстігі мен солтүстігіндегі варвар тайпаларына соққы беру арқылы хжоу мем
лекетінің жерін кеңейтпек болды. Бірақ кеңей тілген мемлекет жері ванның
билігін күшейте алмады. Қайта ұсақ удельдердің билеушілері ванның билігінен
қашып, жеке үстемдікке ұмтылды. Бұндай әлсіз саясат келесі хжао-ван 966-
948жж. тұсында да жалғасты.
Ерте хжоу вандарының ішінен келешек ұрпақтарының есінде сақталғаны Му-
ван 947-928жж. болды. Оның аты ел дің солтүстігі мен батысында жасалған
әскери жорықта рымен есте қалды. Батыс хжоу дәуірінің екінші кезеңінде ұсақ
әкімшілік бірлестіктердің билеушілерінің өзара қарқы су соғыстары байқала
бастайды. Ең алғаш рет, х.з.д. 9ғ. отасында, Ли-ван билігі кезінде осындай
қақтығыс болады. Ли-ван өз билігін күшейту мақсатымен, жекелеген
билеушілердің жерлерін өзіне қаратып, қарсылық көрсеткен хжухоуларды қатаң
жазаға тартқан. Осыған наразы болған хжухоулар Ли-ванға қарсы көтеріліп,
оны тақтан тайдырады. Осыдан кейін 14 жыл бойы 842-828 Сюань-ван
кәмелетке толғанша елді князь-регенттер билеген. Бұл кезеңді тарихта гунхэ-
бірлесіп билік ету-деген терминмен атайды. Сюань-ван 827-782 өте қатал
билеуші болды. Ол елдегі саяси бытыраңқы билікті жоймақ болды. Сол үшін
бірқатар реформалар жүргізуге кірісті. Аса үлкен егістік алқаптарды
өндеуден бас тарту, жалпыға бірдей жер салықын енгізу, тұрғын халықтың
санағын жүргізу сияқты әрекеттерді іске асырады. Сюань-ванның ұлы әрі
ізбасары Ю-ван батыс хжоу мемлекетінің ең соңғы билеушісі бар жоғы он жыл
билік етті. Осыдан кейін Ю-ванның заңды мұрагері Пин-ван бірнеше өзіне
тәуелді вассал-хжухоулардың көмегімен шығысқа қоныс аударады. Осылайша
елдің астанасын Лои қаласына көшірумен Батыс хжоу дәуірі аяқталды.

Шығыс Чжоу дәуірі-770-256жж.
“Чуньцю” кезеңі. Х.з.д. 7-5ғғ.

Батыс чжоу мемлекеті өзінің өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап-ақ
өзін қоршаған тайпалардың шабуы лына қарсы тұру әрекетімен айналысты.
хжухоулардың сепа ратизмі күшейген сайын вандардың әскери қуаты әлсіреп,
патша үкіметінің беделі төмендей түсті. хжоу билеушілері елдің солтүстік-
батысы мен оңтүстік-шығысынан қысқан тайпалардың шабуылын күннен-күнге әзер
күшпен тойтарып отырды. Х.з.д. 8ғ. Орталық Азияның ішкері аймақтарынан
келген көшпелі тайпалардың қысымымен хжоулықтар Вэйхэ өзені аңғарын
мекендеген ата-қоныстарын тастап көшуге мәжбүр болды. Х.з.д. 771 жылы Ю-
ванның әскерін көшпенділер талқандаған соң, ол өзі тұтқынға түседі, содан
кейін оның ұлы Пин-ван астананы шығысқа, жаңа астана Лои ауданына қарай
көшіреді. Осы оқиғаға байланысты дәстүрлі қытай тарихнамасы Шығыс хжоу
х.з.д. 770-256жж. дәуірін бастайды.
Оның бастапқы кезеңі, яғни х.з.д. 7-5 ғғ. Жылнамалық дәстүр бойынша
”Чуньцю” (“Көктем мен күз”) дәуірі деп аталады.
Елдің шығыс жағына бекінген Пин-ван бұл жерде астанасы Лои қаласы
болған кішігірім мемлекет құрады. Осы уақытта Қытай жерінде 200-ге жуық
патшалық болған. Дәстүрлі Қытай тарихнамасына сүйене отырып, ғалымдар
бұларды қала-мемлекеттер болған деген пікір айтады. Шы ғыс хжоу дәуірінде
өмір сүрген патшалықтардың ішінде Лу, Сун, Цзинь т.б. патшалықтарын атап
өтуге болады.
Ұлы Қытай жазығындағы Хуаңхэнің төменгі және орта ағысында таралған
патшалықтардың кейбіреулері өздерін хжоулықтардың, кейбіреуі шандықтардың
ұрпақтарымыз деп санады. Бірақ олардың барлығы хжоу-ванның жоғарғы билігін
мойындады. Хжоу-ван өзін Көктің ұлы деп жария- лады, ал елін – орталық
патшалық (хжуңго) – Дүниенің кін- дігі деп есептеді. Осы кезде кеңінен
тарай бастаған ғұрып тық-магиялық концепция хжоу-ванның өзін Көктің ұлы -
Ұлы тәңірге теңестіріп есептеуі Қытайда хжоу мемлекет- тінің пайда болуымен
байланысты дүниеге келген еді. Хжоу мемлекеті өзін Аспан асты мемлекеті –
Тянься деп атап, оның билеушісі Көктің ұлына ерекше мандат беріп, оны
қасиетті адамға теңестіріп көрсетті. Дегенмен Шығыс- хжоу патшалығы бұл
кезде аса ірі емес және әскери күш қуаты жағынан онша күшті де емес еді,
бірақ осы мемлекет қана “хжоу әлемін” бірлікке, біртұтастыққа жеткізді. Осы
патшалық бүкіл “хуньцю” кезеңі бойында “жер кіндігі пат шалықтарының”
арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнатуда аса зор роль атқарды.
“Жер кіндігі патшалықтарынан” басқа “хжоу әлемінің” жерінде көлемі
жағынан да, мәдениеті жағынан да еш кем емес, басқа да мемлекеттер болды.
Олардың арасынан ерекше бөлек көрінгендері Янцзының орта ағысындағы ху
патшалығы, Янцзының қос айырындағы (дельтасындағы) У патшалығы және олардын
оңтүстікке таман Юэ патшалығы болды. Олардың тұрғындары оңтүстік – шығыс
Азияның вьетнам, хжуан, мяо, яо, тан және басқа да халықтарының арғы
аталарымен туыстас болды. Х.з.д.7 ғасырға қарай ху патшалығы ең күшті
патшалықтардың қатарына кіреді, оның билеушілері өздерін ван деп атап,
оңтүстік патшалық тардың коалициясына билік етіп, ежелгі Қытай патшалық
тарының Аспан асты мемлекетінің гегемондығы жолындағы күресіне белсене
қатысады.
Хжоу өркениеті Шан-инь мәдениетінің ең маңызды жетістіктерін қабылдап,
оны одан әрі дамытты. Әсіресе пет роглифтік жазу мен қола құю өндірісінің
техникасын жетілдірді.
“Хуньцю” дәуірі Қытайдағы қола ғасырының дамыған кезеңі болады. Бұл
кезеңде қола құймаларды жасау әдісі өркендейді. Қоладан еңбек құрал-
саймандарын жасау кеңейе түседі. Әскери қару жарақтар, әсіресе атқыш
құралдар жасау пайда бола бастады. Ху патшалығында сол кезде дөңгелекті
арбаға орнатылған қуатты атқыш құрал жасалды. Осы кезеңде мәдени-саяси
орталақтар ретінде қалалардың өсуі байқалады. Олардың көлемі аса үлкен
болмағанмен, кейбі реулеріндегі халық саны 5-15 мыңға дейін жетті. Көне
патшалықтардың билеушілері қызметіне қарай жер үлестіруді әдетке
айналдырады. Көптеген патшалықтарда қауымдық меншіктің ыдырауына байланысты
қауымдарға жер бөлу тоқтатылып, жер үлестері енді жеке отбасыларға
мұрагерлікке бекітіліп беріле бастайды. Ал бұл жағдай мемлекеттің негізге
өндірушілерден артық өнімдерін жинау жүйесіне өзгерістер әкелді.
Деректерге сүйенсек, алдымен Лу патшалығында (х.з.д. 594 ж.), сонда
кейін ху (х.з.д. 548 ж.), одан әрі басқа да мемлекеттерде қауымдық жердің
патшаның пайдасына тиесілі бөлігін коллективтік өңдеу енді әр отбасының
жерінен алынатып астық салығымен ауыстырылды (әдетте өнімнің оннан бірі).
Бұл дегеніміз, егіншілерді тұрақты түрде салықпен қамтудың басы болды және
ол қауымдардың өзін-өзі басқару органдарының сипатына әсерін тигізді.
Қауымдардың өзін-өзі басқару органдарының өкілде рінен бізге
белгілісі: ақсақалдар кеңесі – фулао, оларды қауымдардағы қарапайым халық
сайлайды, үш басты ақса қалдар коллегиясы және қала әкімі-лихжэн. Қауымдық
өз- ін-өзі басқару органдарының өкілдері еңбек міндеткерлі гінің
орындалуын, салықтардың жиналуын, қауымдағы тәртіптің сақталуын,
қауымаралық дәстүрдің сақталуын қадағалап отырды. Олар жергілікті
жасақтарды құра алатын, қаланы қорғауды ұйымдастыра алатын болды, сондай-ақ
олар қауым адамдарын жазаға тартып және оларды өлім жаза сына дейін
жазалауға мүмкіндігі болды. Кейбір патшалықтарда олар тіпті сыртқы дүниемен
байланысқа түсті, жергілікті жасақтардың күшімен патша тағына таласушылар
арасындағы бәсекелестік күреске де өз ықпалын тигізіп отыр ды.
Қауымның жіктелуі тереңдей түскен сайын, құлдыққа түсу жағдайлары
пайда бола бастады. Жеке меншік қауым дарда патриархалдық құлдық кеңінен
тарады. Ұй жұмыста рына Нуханьцзы-құлдар пайдаланылды. Құн еңбегі егінші
лікте де кеңінен пайдаланылды. Бұл кезеңде құлдардың санының көбеюі құл
сату фактілерінің кездесетінің жоққа шығармайды. Дегенмен, жеке құл иелену
осы кезде аса қатты дами қойған жоқ. Мемлекеттік құл иеленушіліктің көзі
соғыс тұтқындары мен қылмысқа тартылғандар болды. Осы заманда құлдықты
білдіретін классикалық термині қалыптасады да, ол Қытайдың тарихының бұдан
кейінгі кезеңдерінде қолданылатын тұрақты ұғымға айналады.
Шығыс хжоу қоғамының құлиеленушілік сипатына тән нәрсе- құлдың жеке
құқық субъектісі ретіндегі белгілерінің сақталуы еді.
“Жер кіндігі патшалықтарынан” аумағында этно-мәде ни қауым-хуасяның
қалыптасу процесі жүрді. Хуася туралы қалыптасқан пікір бойынша, ол
“дүниенің төрт бұрышы ның варварларынан” ерекше тұрған және олардан мәдени
артықшылығымен сипатталды. “хжуңго жэннің” мәдени артықшылығын абсолютті
дәріптеу идеясы осы уақыттан бастап ежелгі қытайлықтардың этникалық сана-
сезіміндегі маңызды сипат болды. Бірақ сол заманның өзінде-ақ бұл түсінік
ежелгі Қытай ойшылдарының арасында талас пікір тудырып, олар бұның өздері
өмір сүріп отырған заман шындығына сай емес екенін мойындаған болатын.
Хуася патшалықтарының “дүниенің төрт бұрышының варварларының”
барлығына қарсы тұруы “хуньцю” дәуі рінде ерекше көзге түседі. Х.з.д. 7ғ.
аяғы-6ғ. басында шеткері хуася емес патшалықтар саяси аренада гегемондық
үшін күресте алға шығып, хуньцю дәуірінде Көк Тәңіріне өз ықпалын жүргізе
білген. Солардың ішінен, ежелгі Қытай тарихи дәстүрі “варварлық”
патшалықтардың төрт билеушісінің атын атайды: солтүстік-батыс жун патшалығы-
Цинь, оңтүстік маньдық патшалықтар-ху мен У және ең оңтүс тікте орналасқан
этникалық құрамы арқылы-Юэ патшалығы. Олардың ішінде тек Цинь патшалығы
ғана шығыс хжоу ванының билігін номиналды түрде мойындаған.
Ғасырлар бойында “жер кіндігі патшалықтары” осы және басқа да Шығыс
Азияның басқа этникалық халықтары және тайпаларымен тұрақты және жан-жақты
байланыста болып, оның нәтижесінде олардың арасында ассимиляция және өзара
ықпал ету процесі жүріп отырған. Хуася қауымының қалыптасуына х.з.д. 12-
11ғғ. орта Қытай жазығында солтүстік ди тайпаларының орнығуы елеулі ықпалын
тигізді. Бұл ди тайпалары ”скиф әлемі” деп аталатын дүниеге жататын.
“Бөтен” этностардың мәдени жетістіктерін қабылдау “жер кіндігі
патшалықтарының” әлеуметтік-саяси, экономикалық және идеологиялық дамуына
зор ықпалын тигізді. “хуньцю” дәуірінің аяғынан бастап хуася территориясы
Хуаңхэ өзені аумағы мен Янцзы өзенінің орта ағысында кеңейе түседі. “Жер
кіндігі патшалығының” шет кергі Цинь, Янь және ху патшалықтарымен
байланыстары барған сайын жақындай түседі, өз кезегінде бұл патшалықтарда
Хуасяның мәдени ықпалына тікелей тартыла бас тайды. Х.з.д. 1-ші
мыңжылдықтың екінші жартысында пат шалықтар арасындағы бақталастық күрестер
мен қырғын соғыстар өрши түседі. “Жер кіндігі патшалықтарының” өз ішінде де
жік туып, бақталастық күрес күшейеді. Ірі пат шалықтарда билікті сақтап
қалу үшін орталықтанған саяси-әкімшілік билік күшейтіледі. Х.з.д. 1-ші
мыңжылдықтың ортасында ежелгі Қытайдың саяси картасы “хунь цю” дәуірінің
бастапқы кезеңімен салыстырғанда түбірлі өзгеріске ұшырайды: екі жүздей
мемлекеттік құрылымдардан тек отыздайы ғана қалады, олардың ішінен “жеті
мықтысы” – Цинь, Янь және ху сияқты шеткергі және Вэй, хжао, Хань және Ци
деп аталатын “жер кіндігі патшалықтарының” іші нен шыққандар ерекше көзге
түседі. Олардың арасындағы Аспан асты еліне билік пен үстемдікке ие болу
үшін бітіспес күрес ежелгі Қытайдың саяси тарихының бұдан кейінгі х.з.д. 5-
3 ғ. кезеңінде шешуші мәнге ие болып, ол “хжаньго” дәуірі деп аталды.
“хжаньго” (соғысушы патша лықтар) дәуірі х.з.д. 221 жылға дейін созылды.
Хжаньго кезеңі (х.з.д. 453-221)

Қытай территориясында бір орталықтанған мемле кеттің құрылуына дейінгі
Чжаньго, немесе Шайқасушы пат шалықтар кезеңі х.з.д. 453-221жж. Қытай
тарихының күр делі, әрі аз зерттелген беттерінің біріне жатады. Ол кезде
Қытай территориясы көптеген жеке патшалықтарға бөлін ген. Олардың ішіндегі
ең ірілері-Цинь, Чу, Ци, Хань Чжао, Вэй және Янь патшалықтары болды.
Цинь патшалығы елдің солтүстік батысында орналас ты. Оның территориясы
кәзіргі Шэньси провинциясының батыс және солтүстік-шығыс бөліктерін,
Ганьсудың щығыс бөлігі мен Сыхуань провинциясының солтүстік аймақтарын
қамтыған. Патшалық астанасы-Сянь Ян қаласы болды. Шы ғысында Цинь
патшалығын басқа патшалықтардан таулар мен Хуаңхэ өзені бөліп тұрған.
Бұндай орналасу страте гиялық қатынаста ұтынды болды, әрі одан кейінгі
кездерде де патшалық тарихында маңызды рөль атқарды.
Елдің оңтүстігінде ең үлкен Чу патшалығы орналасты. Территориясы
қазіргі Хубэй провинциясының, Хунань про винциясының солтүстік-шығыс
бөлігін, Цзянси және Ань хуэйдің солтүстік бөліктерін, Шэнсидің оңтүстік-
шығыс, Хэнаньнің оңтүстігін және Хуайхэ өзенінің солтүстігіндегі
Цзяяньсудың бір бөлігін қамтиды. Ху патшалығының аста насы алғашында Ин
қаласы болды, ал х.з.д. 241жылы ол Шоучунь қаласына ауыстырылды.
Ци патшалығы Шандунь провинциясының орталық, батыс бөліктерін және
Хэбэй провинциясының оңтүстік-шығысын қамтыды. Патшалық астанасы алғашында
Линь цзыда болды, кейін келе Цзися қаласына ауыстырылды.
Хань патшалығы Хуанхэ өзені бассейнінің таулы ай мақтарында
орналасқан. Ол Шаньси провинциясының оң түстік-шығыс бөлігі мен Хэнань
провинциясының орталы ғын қамтыған. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында
Вэй патшалығы мен батысында-Цинь патшалығымен, оң түстігінде және оңтүстік-
шығысында-Чу патшалығымен ше караласты. Х.з.д. 5-3ғасырларда Хань
патшалығының ас танасы Пиняннан Иянға, кейіннен Янхжайға, ақырында х.з.д.
375 жылы Чжэн қаласына ауыстырылды.
Хжао патшалығы Хуанхэ саласының солтүстігінде орналасты. Ол Шаньси
провинциясының солтүстігін және оңтүстік-шығысын, Хэбэдің оңтүстік-шығысын
және Хэна ньның солтүстігін қамтыған. Хжао патшалығының оңтүс тігінде Вэй
патшалығымен, шығысында – Ци және Янь патшалықтарымен шекараласты. Ал
солтүстігінде, Инь тау лары аймаүтарында көшпелі сиуңну, лоуфань және линху
тайпаларының шабуылынан қорғану үшін Ұзын қабырға са лынды. Астанасы
алғашында Цзиньянда, ал х.з.д. 386 жылы Ханьянь қаласына көшірілді.
Вэй патшалығы Хуанхэ бассейнінің орталығында орналасқан. Оның
территориясы Шаньси провинциясының оңтүстік батысын және Хэнань
провинциясының солтүстік-шығысын қамтыды. Оңтүстігінде – Хань патшалығымен,
шығысында – Сун және Ци патшалықтарымен, солтүс тігінде - Чжао
патшалығымен, батысында – Цинь патшалы ғымен шекараласты. Астанасы Аньи
қаласынан х.з.д. 361 жылы Далян қаласына ауыстырылды.
Янь патшалығы елдің солтүстік-шығысында орна ласты. Ол қазіргі Хэбэй
провинциясының солтүстігі мен орталығын, Шаньси провинциясының солтүстік-
шығысын қамтыған. Оңтүстігінде – Ци, батысында - Чжао патшалық тарымен,
солтүстік-шығысында - қазіргі Кореямен шекара ласты. Астанасы – Цзи қаласы.

Сол кезде, барлық жеті патшалық халқының саны – 20 миллион шамасында
болған.
Хжаньго дәуірінде Қытай территориясында аталған жеті патшалықтан
басқа, Сун, Лу, Вэй, Хжен, Тэн, Се, Хжоу сияқты ұсақ патшалықтар да болды.
Олар жеті патша лықтың өзара қырқысу соғысының нәтижесінде жойылып кетті.
Ел территориясының өзара бақталасушы патшалық тарға бөлінуі елдің
экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Патшалықтар арасындағы үздіксіз
соғыстар әсері нен, сол кезде кең таралған қала қолөнері мен сауда, жер
игеру дамуы тежелді. Сондай-ақ елдің әр түрлі аймақтары арасындағы су және
құрлық байланыстары, ирригациялық жүйелер бүлінді. Бұның бәрі де қала
қолөнершілері мен саудагерлердің тұрмысын нашарлатты. Әсіресе, өзара
қырқыстың әсерінен ең ауыр зардап шеккен жер игеру шілер болды. Себебі,
соғыстар жүргізудің барлық салықтар, соған және көп жылға созылған әскери
борыш жер игеру шаруашылықтарының күйреуіне әкеп соқты. Халық арасында
өзара қырғын соғыстарға қарсы наразылық өрши түсті. Бұл наразылық Чжаньго
дәуірінің әр түрлі идеологиялық бағыттағы көптеген философиялық мектеп
терінен айқын көрінді. Мысалы, сол кезде өмір сүрген Қытай философиясының
негізін салушы - Мэн Цзының ең бектерінен осы бейбітшілікке ұмтылушылық өз
көрінісін тапты. Ол “Адамдар қанын төкпей” – елді біріктіруді уағыздады.
Сонымен бірге бір орталықтанған күшті мемлекет құруға ұмтылу әсіресе,
“Люйшихуньцю” трактатында айқын көрінеді. Бұнда “төрт теңіз ішінде (яғни
Қытай территориясында) бір отбасындағыдай болу керек” деген идея
көтеріледі.
Х.з.д. 1-мыңыншы жылдықтың ортасынан бастап ежелгі Қытай тарихында
экономика мен мәдениетте терең өзгерістер әкелген жаңа дәуір басталады.
Өндіргіш күштер дегі түбірлі алға басушылық х.з.д. 6-5 ғғ. темір мен болат
өндірісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды. Темір қорытудың әдісін
игеру басталысымен қолөнер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі ҚХР-дағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселелері
Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының тарихы
Қытай халық Республикасындағы ұлтаралық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері
Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту
САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
«Әлемдік әлеуметтану»
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
Пәндер