Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы



І.Кіріспе

1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі .
II.Негізгі бөлім
1.Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түрлері.
2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
3. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
4. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
5. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
6. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
7. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
8. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
9. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеуін кейінге қалдыру
10. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
11. Төтенше мән.жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру
12. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
13. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату

III. Қорытынды
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады .Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы"1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған , бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай – ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК – тің 65-68 – баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай – ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан – жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән – жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,- деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай – ақ немесе оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы ,өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін .
Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты белгілейді . Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан , жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар . Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады .Сондықтанда көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай – ақ жүзегек асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет .
Қ.Р – ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: " Құқық қолдану іс тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту .Ашық , демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып ,біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін , бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтындығын естен шығармауымыз керек .
Біріншіден , құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шарасын жетілдіру жөніндегі іс қимылын үйлестіруді күшейтуі қажет Екіншіден , Өз назарымызды жас өспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына акударып , мұны кеміту шараларін қолдануы міндет.
III. Заңды материалдар:

А) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана , 2007 жылғы 28 ақпан .
Ә)Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., Жеті Жарғы, 1995.
Б) Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. А., Жеті Жарғы, 1998.
В) Комментарий к угловному Кодексу РК. Караганда, 1999.
Г) Уголовный Кодекс Республики Казахстан с алфавитным указателем. А., Данекер, 2000.
Д) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының қаулылары.
IV. Оқулықтар:
А) Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім. I және II том. А., Дөнекер, 2000. Б) Уголовное право. В двух частях. А, Данекер, 2000.
Ә) Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы Жеті жарғы 2000 жыл.
Б) Т.Ә. Баланбо. ҚР Қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім Альбом үлгі, Алматы. 2001.
В) ҚР Қылмыстық клдексіне түсінік. Авторлар кодексі Алматы 2)001 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
І.Кіріспе

1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі .
II.Негізгі бөлім
1.Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түрлері.
2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
3. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
4. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
5. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
6. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
7. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
8. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
9. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеуін кейінге
қалдыру
10. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
11. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру
12. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден
босату
13. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық
пен жазадан босату

III. Қорытынды

Кіріспе .

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс
жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады
.Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының "Қылмыстық жаза
тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы"1999 жылғы
30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған ,
бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық
жаза қолданбай – ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс
жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай
адамдарды ҚК – тің 65-68 – баптарында көрсетілген негіздер бойынша
қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза
шараларын қолданбай – ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің
жан – жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән – жайларына
және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,-
деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте
мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай – ақ немесе
оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы
,өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге
асырылуы да мүмкін .
Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты
белгілейді . Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан
, жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар . Бұл
институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың
сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады .Сондықтанда көрсетілген
мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда
ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны
қолданбай – ақ жүзегек асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет .
Қ.Р – ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында: " Құқық қолдану іс тәжірибесін жетілдіру және құқық
тәртібін нығайту .Ашық , демократиялық қоғамның іргесін дәйекті
нығайта отырып ,біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз
ұғымдар екенін , бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтындығын естен
шығармауымыз керек .
Біріншіден , құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың
құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық
шарасын жетілдіру жөніндегі іс қимылын үйлестіруді күшейтуі қажет
Екіншіден , Өз назарымызды жас өспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі
проблемасына акударып , мұны кеміту шараларін қолдануы міндет.
Үшіншіден , өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі
қылмысы мен еларалық қылмыс секілді қателерге қарсы күресу үшін
қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.
Төртіншіден , елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы
мемлекеттік жүйесінің жасақталып , жұмыс істеуін қамтамасыз ету ,бұл
іске жұртшылық мен халықты кеңінен тарту керек." деп айтылған .
Қылмыстық заң бойынша қылмыстқ жауаптылықтан босотудыңу мынадай
туорлері көрсетілген :
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату .
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан
босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне
6. Рақымшылық немесе кешірім жасыру актісі негізінде қылмыстық
жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі
түрде шартсыз жүзеге асырылады .
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден
жазаны өтеуді жалғастырудан босатылу немесе оның жазасының
жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін .
Қылмыстық заң бойынша жазадан босатылу мынадай негіздер бойынша
жүзеге асырыдады :
1.Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату ;
2.Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату ;
3.Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру ;
4.Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру ;
5. Төтенше мән - жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны
өтеуді кейінге қалдыру ;
6.Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден
босату :
7.Рахымшылық немесе кеншірім жасау актісі негізінде жазадан босату
.
Қылмыстық жауаптылықтан босату ,жазадан босату немесе жазаны
одан әрі өтеуден босатудың бір – бірінен айырмашылығы оларды
қолдану негіздеріне байланысты болады . Әдетте қылмыстық
жауаптылықтан босату істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша
көп болмаған және оны істеген адаманың түзелуі , жаза қолданбай
– ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Мұндай жазадавн босату
тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады
.
Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты
қылмыстық атқару құқымен ұштасып отырады. Бірақта, бұл салада жазадан
босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейін
немесе жазадан босату туралы ұсыныстан кейін орындалады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір
түрлері жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады
.Мысалы ,жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босакту жазаны
өтеу мекемесінің және бақылау комиссиясының бірлескен ұсынысы
болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге асырылады .Қылмыстық
жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату , айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге
байланысты жазадан босату (69 ,75 – баптар ) жұртшы - лық
өкілінің пікірін ескермей – ақ қолданыла береді .
Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл
жаза қолдану (ҚК-тің 55-бабының бірінші бөлігі) және шартты түрде соттау
(ҚК-тің 63-бабы) міндетті белгілер ретінде саналады яғни қылмыстық жазадан
босату институтымен әсіресе осындай жаза тағайындауда тығыз байланыста
болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату — адамның әрекетінің қоғамға
қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-
ақ түзелуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты
қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны
жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған.

1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі және
түрлер

Қылмыстық жауаптылықтан босату — қылмыстық заңдарға және қылмыстық іс
жүргізу заңдарына сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-
құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады. Қылмыстық
жауаптылықтан босату институтында сонымен қатар әділеттілік, ізгілік, жеке
кінәлі жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидаттары міндетті
түрде бірге жүзеге асырылып отырады. Кейбір жағдайларда кінәлі болып қалған
адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ
оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзімінен
бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы
көзделген міндеттерді орындап тиісті мақсатқа жетуге болады. Құқық қолдану
органдары қызметкерлері осы мәселелерді шешу барысында қылмыстың жасалуының
қоғамға қауіптілігін ескеруі, кінәлінің жеке басына оның қылмыс жасағанға
дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі әрекеттеріне мән беруі керек (шын
өкінуі, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға жәрдемдесуі т.б.).
Қылмыстық жауаптылықтан босату — адамның әрекетінің қоғамға
қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-
ақ түзелуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты
қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны
жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
мыналар болып табылады:
- шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-тің 65-
бабы);
- қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК-тің 66-бабы);
- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК-тің 67-бабы);
- жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-
тің 68-бабы);
- ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
(ҚК-тің 69-бабы);
- рақымшылық жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚК-
тің 76-бабы);
- Арнайы белгілерге байланысты кейбір жеке қылмыстардың санаттары
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері қарастырылған (ҚК-тің
125 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312, 326, 352, 358, 372,
373, 375, 376, 377, 378, 379, 381-баптарының ескертулері).
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
міндетті және факультативтік болып бөлінеді. Қылмыстық жауаптылықтан м і н
д е т т і босатылу болып ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылу
(бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан және қылмысы
үшін өлім жазасы тағайыңдалған жағдайлардан басқа) танылады.
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ҚК-тің
Ерекше бөлімінің 125, 165, 231, 233, 234, 236, 251, 252, 259, 297, 312,
326, 352, 358-баптарының ескертулерінде көрсетілген. Қылмыстық
жауаптылықтан босатудың басқа түрлері ф а к у л ь т а т и в т і к
белгілерді қамтиды, яғни заңмен қарастырылған жағдайларда формальды негізді
қолдану міндеттілікті тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстық
жауаптылықтан босатудың түрі қылмыс құрамының белгілері, қылмыстық
жауаптылықтың негізі бар болған жағдайда ғана қолданылады. Сот, прокурор,
тергеу, анықтау органдары қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын
негізге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімге келеді.
Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға
жататын әрекеттері болған жағдайда ғана қарастырылады.

Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі және түрлері.

Қылмыстық құқықтағы қылмыстық жазадан босату институты, белгілі бір
санаттағы қылмыс жасаған адамға тиімді бола отырып мемлекет атынан болатын
әлеуметтік сипаттағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Қылмыстық жазадан,
рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде босатуды қоспағанда,
қылмыстық жазадан заңда көрсетілген негіздер мен тәртіптерге сай босату,
сонымен қатар тағайындалған жазаның жеңілірек болуы тек қана соттың
құзыретімен жүзеге асады деп айтуға болады.
Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты
қылмыстық атқару құқымен ұштасып отырады. Бірақта, бұл салада жазадан
босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейін
немесе жазадан босату туралы ұсыныстан кейін орындалады.
Жазадан босатудың материалдық негізі сотталған адамға оның
денсаулығына қатысты, немесе басқа мән-жайлардың болуымен байланысты немесе
кінәлінің түзелуі үшін жазаны толық өтеуінің қажет еместігі болып табылады.
Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза
қолдану (ҚК-тің 55-бабының бірінші бөлігі) және шартты түрде соттау (ҚК-тің
63-бабы) міндетті белгілер ретінде саналады яғни қылмыстық жазадан босату
институтымен әсіресе осындай жаза тағайындауда тығыз байланыста болады.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі алдыңғы заңдармен
салыстырғанда, белгілі бір қылмысы үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым
жеңіл жаза қолданудың, шартты түрде соттаудың нақты ұғымына талдау жасай
отырып оларды жазадан босату институтының қатарына қоспайды.
Заңда белгіленген негіздерге сәйкес сотталған адам:
1) сотпен тағайындалған жазаны өтеуден;
2) жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын
өтеуден босатылады.
Бұл жалпы негіздердің жазадан босатудың әрбір түрін қолдануда маңызды
байланысы бар.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі жазадан босатудың
мынадай түрлерін қарастырады:
- жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (ҚК-тің 70-
бабы);
- ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (ҚК-тің 73-бабы);
- төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру (ҚК-тің 74-бабы);
- айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден
босату (ҚК -тің 75-бабы);
- рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босату (ҚК-тің 76-бабы);
- кәмелетке толмағандарды жазадан босату (ҚК-тің 81-бабы);
- жазаны жоятын немесе жеңілдететін заңның қабылдануы және оның заңды
күшіне енгеннен кейін, жазасын өтеп жүрген адамға қолданылуы.
Қарастырылып отырған жазадан босатудың түрлері өзінің табиғи
заңдылықтарына байланысты сараланады.
Саралаудың анықтамаларына қарай жазадан босатуды міндетті және
факультативтік деп екі түрге бөлуге болады.
Жазадан босатудың міндетті белгілеріне, соттың қарауына жатпайтын және
деформальды шешімді талап етпейтін жағдайларды қамту (ескіру мерзімі,
рақымшылық немесе кешірім етуі, психикалық ауруға шалдығуы, заңның жазаны
жеңілдететін жағына қарай өзгеріп, егер заңды күшіне енсе сотталған адамның
жазаны өтеуден босатылуы) жатады.
Тек соттың қарауымен жазадан босату мәселелері шешілетін жазаның
қалған түрлері факулътативтік белгілері деп аталады.
Жазадан босату, мерзімінен бұрын шартты түрде немесе түпкілікті босату
болып табылады (мерзімнің өтуі).(
Уақыт бойынша, жазадан босатуды қолдануды былайша бөлуге болады:
жазаның іске асырылуы кезінде қолдану (мерзімінен бұрын шартты түрде
босату);
жазаның тағайыңдалуы кезеңінде (төтенше мән-жайлардың салдарынан)
қолдану.
Кәмелетке толмағандарды жазадан босату мәселелері арнайы, 20-тарауда
сондай-ақ жазалылықты жоятын заңның қабылдануы салдарынан жазаны өтеуден
босатуда тиісті тарауда қарастырылғандықтан бұл тарауда ол мәселелер
қамтылмады.

2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылық-тан босату.

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негізі —
кінәлінің қылмыс жасағаннан кейінгі қоғамға тигізген зардабының қауіптілігі
аз мөлшерде болуы. Кінәлінің шын өкінуі, қылмыстық жауаптылықпен жазаны
жеңілдететін мән-жайлар ретінде Қылмыстық кодекстің 53-бабының "к" және "д"
тармақтарында қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 65-бабы қылмыстық
жауаптылықтан босатуды көздейді.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңға сай
талаптарға сүйеніп соған байланысты орындалады.
Бірінші peт кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе
қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде
қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. (ҚК-тің 65-
бабын бірінші бөлігі). Бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған немесе
сотталмаған, сонымен қатар қылмыстық жауаптылыққа тартылса да қылмыстық
қудалау заң негізінде қысқартылған азаматты бірінші peт қылмыс жасағандар
қатарына жатқыза aлaмыз.
Егер басқа да қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылса немесе
тергеуден, соттан бұлтарса, сотталған я болмаса соттылығы жойылған немесе
соттылығы алынып тасталған болса онда мұндай адамдарды бірінші рет қылмыс
жасағандар деп айта алмаймыз. (ҚК-тің 77-бабы). Шын өкінуде — қылмысы үшін
кінәлі адамның кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі,
қылмысты ашуға жәрдемдесуі және келтірілген зиянның орнын толтыруы
белгілері болуы шарт. Кінәсін мойындап келу деп — кінәлінің қылмыс
жасағандығы үшін, яғни қылмыс жасағаннан кейін тергеу, прокуратура, анықтау
тағы басқа да мемлекеттік органдарға өз еркімен арыз беруін айтуға болады.
Кінәсін мойындап келудің себебі ретінде өкінуді, іштей қатты күйзелуді,
жазалылықтан үрейленуді, қорқуды т.б айтуға болады.
Шын өкінудің тағы бір түрі кінәлінің қылмысты ашуға жәрдемдесуі яғни,
оның тиісті органдарға көмектесуі, мән-жайларды айқын баяндауы, қылмыс
жасаған адамдарды анықтап беруі қылмыс құралдарын табуға көмектесу болып
табылады. Қылмысты ашуға көмектесу тек қана кінәсін мойындап келген соң
орын алады.
Қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтіру болып кінәлінің
өз еркімен тигізген материалдық зиянның орнын толтыруы, келтірілген
моральдық зияны үшін жәбірленушіден кешірім сұрауы және тағы басқа
әрекеттер жатады ҚК-тің 65-бабының екінші бөлігінің бірінші бөліктен
айырмашылығы сот қылмыс жасаған адамды, егер ол ұйымдасқан қылмыстарды
немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарды
болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық
сыбайластық жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді
түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. ҚК-тің 65-
бабының екінші бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс
істегендерге қолданылмайды. Жеке адамдарға қарсы қылмыстар жүйесі қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің 1-тарауында көрсетілген. Белсенді түрде
жәрдемдесу деп қылмыстық ұйымның, қылмыстық сыбайластықтың қылмыс жасауға
дайындалуын немесе қылмыс жасағандығын тиісті органдарға хабарлау немесе
қылмыстық әрекетке қарсы шығу және соның нәтижесіңде қылмыстың ақырына
дейін жетпеуін жағдайын айтуға болады.
Шын өкінудің бір шарты қылмысы үшін кінәсін мойындап келу болып
табылады. Ол қылмысты алдын ала ашуда немесе сотта орын алады. Қылмыстық
жауаптылықтан босатуды міндетті емес және шартсыз деп екіге бөлуге болады.
Міндетті емес босату деп — бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы
қылмыс жасаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмысқа қатысты емес, ұйымдасқан
топ немесе қылмыстық сыбайластық та жасалған қылмыстағы босатуды, шартсыз
босату деп — көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданған
жағдайда жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың кінәлінің жеке басы алып
жүруіне байланыссыз болуы жағдайын айтамыз. Мұндай жағдайлардағы
қабылданған шешім қайта қаралуға жатпайды.

3. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
Қоғамдық қауіпті кол сұғушылықтан болған үрейлену, қорқу немесе
сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-
жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (ҚК-тің 66-
бабы). Қажетті қорғану — қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының
өзін немесе өзге бір адамның жеке басын, құқықтарын қорғауы.
Қажетті қорғаныс шегінен асу, жалпы қағида бойынша құқыққа қарсы болып
табылады, яғни оның салдарынан адамның заңсыз өмірінен айырылуы, денеге
ауыр жарақат келуі мүмкін. Мұндай жағдайда әрекет, кодекстің 99, 109-
баптары бойынша саралануы мүмкін.
Қажетті қорғаныс шегінен асу белгілері әдетте қоғамға қауіпті қол
сұғушылықтан болған үрей, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан орын алады.
Үрей — нақты төніп тұрған немесе төнуі мүмкін болған қорқу,
тынымсыздық немесе қорқынышты салдар.
Қорқу — қатты жан күйзелісінен пайда болған жан дүниенің қалыпты
жағдайының бұзылуы, өзгеруі.
Сасқалақтау – ессіздікке жақын емес, яғни адамның белгілі бір себептен
уақытша жинақтала, өз өзіне келе алмауы, өзінің ырқынан шығуы. Сондықтан,
кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам қажетті қорғану
шегінен асса да, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қылмыстық
жауаптылықтан 66-баптың негізінде босатылу — тек қана қоғамға қауіпті қол
сұғушылықтан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдары болып қана
қоймай, ол нақты анық айқындалған жағдайда орын алуы керек.
Егер де істің мән-жайы үрей, қорқу, сасқалақтау белгілерін қамтымаса,
ондай әрекет қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылып тиісті бапқа сәйкес
қылмыстық жауаптылық туады. Белгіленген қылмыстық жауаптылықтан босату тек
сот арқылы шешіледі. Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босатылу міндетті шарт
емес. Сот негіздерге сүйене отырып жауаптылықтан босатуы немесе босатауы
мүмкін. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар орын алмаса, онда сот айыптыға
аталған бапта көрсетілген жеңілдікті қолданбауға құқылы.

4.Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату.

Жауаптылықтан босатудың осы түрі, яғни ҚК-тің 67-бабы неғұрлым терең
талдауды талап етеді. ҚІЖК-нің 37-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық
іс қозғалмайды, себебі бұл жағдайда қозғалған қылмыстық іс тоқтатылады. Ол
жәбірленушінің арызы бойынша — жеке немесе жеке-жариялық тәртіппен іске
асырылады (ҚК-тің 103-бабының бірінші бөлігі; 104-бабының бірінші бөлігі;
105, 111, 112 баптары; 117-бабының бірінші, екінші бөліктері; 120-бабының
бірінші, екінші бөліктері; 121-бабының бірінші бөлігі, 123, 129, 130, 135,
139, 140, 142-баптары; 144-бабының бірінші, екінші бөліктері, 145-бабының
бірінші бөлігі, 176-бабының бірінші, екінші бөліктері; 184-бабының бірінші
бөлігі; 187-бабының бірінші бөлігі; 188-бабының бірінші, екінші бөліктері;
189, 200 баптары; 226-бабының бірінші бөлігі; 227-бабының бірінші бөлігі;
228-бабы; 229-бабының бірінші бөлігі; 296-бабының бірінші бөлігі; 300-
бабының бірінші бөлігі; 327-бабының бірінші бөлігі бойынша). Бұрынғы
Қылмыстық істер жүргізу кодексінде бұл көрсетілген жүйенің ауқымы да
мазмұны да тар еді. Ал, Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі болса
Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
негіздерін мүлдем қарастырмаған.
Назарымыздағы қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрі міндетті емес,
яғни татуласу негіздері заңды мәжбүрлеу шараларына жатпайды.
Мұндай жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай негіздер
болғанда жүзеге асырылады:
Біріншіден, кінәлі адамның істеген іс-әрекеті ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек. Сонымен қатар абайсыздықпен немесе
қасақана жасалған қандай да болмасын қылмысқа тағайындалған жаза бес жылдан
аспайтындай болуы керек.
Екіншіден, тұлғаға моральдық не физикалық немесе мүліктік зардаптың
нақты түрде келтірілуі қажет. Мұндай қылмыс түрлеріне мысалы, 129-баптағы
Жала жабу, 130-баптағы Қорлау, 175-баптың бірінші бөлігіндегі Ұрлық, 104-
баптағы Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, 257-баптың
бірінші, екінші бөлігіндегі бұзақылық және т.б. жатады.
Үшіншіден кінәлінің қылмысты бірінші рет жасауы, сотталғандық атақтың
болмауы және бұрын жасаған басқа да қылмыстардың не қылмыстық жауаптылықтың
болмауы керек.
Төртіншіден кінәлі адам жәбірленушімен өзара татуласып, мәмілеге келуі
қажет. Мұндай татуласу қорқытудан, тәуелділіктен емес, шын өзара
түсіністіктен ғана болуы кажет. Татуласу қылмыстық іс қозғалғанға дейін
орын алуы қажет, яғни алдын-ала тергеу жүргізу барысында немесе істі сотта
қарау кезінде, бірақ соттың үкім шығаруға кеңесуінің алдында болуы шарт.
Бесіншіден жәбірленушіге келген зиянның орны толтырылуы қажет. Орнын
толтыру — жәбірленушіге тигізілген зиянды салдардың орны толық қалпына
келтірілуі немесе оның көңілінен шығуы нәтижесінен көрінуі керек. Бұл
негіздер жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауап-тылықтан
босатудың себептері ретінде 67-бапқа сәйкес іске асырылады. Қылмыстық істің
тоқтатылуы мәселесінің шешілуін анықтау органы, тергеуші прокурор немесе
сот қарастырады.

5. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған
кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес
деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды,
егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-кұлқына байланысты іс сотта
қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе,
сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. (ҚК-тің 68-бабы).
Қарастырылып отырған бап бойынша өз алдына жеке айқындалған, қылмыстық
жауаптылықтан босатудың негізін қарастыратын екі ұқсас түсініктерді
анықтауға болады: қылмыс жасалынғаннан кейін жағдайдың өзгеруіне байланысты
қоғамға қауіптіліктік белгілерінің жойылуы, бірінші peт кішігірім немесе
орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адамның содан кейінгі мінез-құлқының
мүлтіксіз болуына байланысты істелген іс-әрекетінің қоғамға қауіпті емес
деп танылуы.
Қылмыстық кодекстің 68-бабының бірінші бөлігінде қоғамдық
қауіптіліктің жойылуының объективті, сыртқы себептері туралы сөз болады.
Жағдайдың өзгеруі болып, қылмыс жасалғаннан кейінгі елеулі түрдегі өмірдің
шарттарының өзгеруі танылады. Яғни, жағдайдың өзгеруі әлеуметтік,
экономикалық өзгерістерге, елімізде не жеке аймақтарда орын алған
жағдайларға ғана байланысты болады.
Жағдайдың өзгеруінің нақтылы-елеулі мәні соның салдарынан қоғамға
деген қауіптіліктің жойылуымен шарттастықта. Басқаша айтқанда жағдайдың
өзгеруіне байланысты басқаша әлеуметтік жағдай орын алуы керек. ҚК-тің 68-
бабы бойынша мұндағы бірінші белгі бойынша бұл жағдай қылмыс деп танылмау
болса (қоғамға қауіптіліктің жойылғандығы болса), екінші белгі бойынша
құқыққа қайшылықтың сақталып қалуы болып есептеледі.
Жауаптылықтан босатудың бұл түрінде ҚК-тің 9-бабымен ұқсастық белгілер
бар. ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігінен негізгі айырмашылығы, яғни әрекет
немесе әрекетсіздіктің қылмыс болып табылмауы оның жасалу сәтінен басталып
елеулі маңызды қоғамға қауіптілігі болмағандығында.
ҚК-тің 68-бабының екінші бөлігіне сәйкес жағдайдың өзгеруіне
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мына жағдайда ғана орын алуы
мүмкін:
а) қылмыс бірінші peт жасалса;
б) жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауырлықтағы санатқа
жатқызылған болса;
в) адамның қылмыстан кейінгі мінез-құлқы мүлтіксіз болса, істелген іс-
әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса.
ҚК-тің 68-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан
босатудың мәселесінің шешілуі, белгілі бір қылмыс жасаған кезден бастап,
істі сотта қарастырғанға дейінгі уақыттың аралығында болуы қажет. Осы
уақыттың аралығында қылмыстық жауаптылықтан босатылушының мінез-құлқының
мүлтіксіз болуы шарт. Мінез-құлқының мүлтіксіз болуы ешқандай да құқық
бұзушылық, тәртіп бұзушылық, әкімшілік тәртіптің бұзылуының болмауы сияқты
белгілермен бірге түсініледі. Яғни: жұмыс орны, оқуы, тұрғылықты жерінің
болуы, жанұяда қарт адамдардың, жасы толмағандардың я болмаса ауруға
шалдыққан адамдардың болуы. Осындай белгілерге сүйене отырып, тұлғаның
қоғамға қауіпті емес екендігіне баға беріледі. Осы жауаптылықтан босатудың
түрі бойынша, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
істі сотта қарағанда басқа бір қылмысты әшкерелеп ерлік жасаса немесе еңбек
етіп зор табысқа жетсе, онда сот мұндай адамды қоғамға қауіпті емес деп
танып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

6. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген
уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға
сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз.
ҚК-тің 69-бабы ескіру мерзімін қолдану институтының үш шартын
белгілейді:
а) заңда белгіленген мерзімнің өтуі;
б) заңда белгіленген мерзімнің өтуі кезінде адамның ауыр немесе аса
ауыр қылмыс, немесе жаңа қасақана қылмыс жасамауы;
в) қылмыс істеген адамның тергеуден немесе соттан бой тасаламауы.
Мерзімнің өтуінің екі түрі белгіленген:
а) дифференциалдық, яғни қылмыстың ауырлығына байланысты болатын
аралық;
б) бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаудан
басқа, жалпы қарастырылатын қылмыстардың түрлері, тергеуден немесе соттан
бой тасалап жүрген адамдарға қатысты 25-жылдық мерзімінің болуы.
Заң ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босатуды төмендегіше көрсетеді:
а) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл.
Қылмыстық заң нақты белгіленген қылмыстың түрі бойынша жеңілдететін
жаққа қарай өзгергенде ескіру мерзімінің өтуін есептеуде жаңа заң
ескеріледі. Егер жаңа заң жазаны күшейтетін болса, онда ескіру мерзімі ескі
заңмен ескіріледі. Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен басталады. Мұндай
күн деп 24 сағатты қоса есептегенде, қылмыстық зардаптың келтірілгендігімен
байланыссыз немесе байланысты уақытты айтуға болады.
Ескіру мерзімінің өтуі созылмалы қылмыстар үшін уақыт бойынша
қылмыстың тоқтатылуына; адамның өз еркімен тоқтатуына байланысты
есептелінеді (айыбын мойыңдап келу, еркінен тыс, құқық қорғау органымен
ұсталуы). Ал, жалғаспалы қылмыстар үшін — соңғы жасаған қылмыстан бастап
есепке алынады.
Ескіру мерзімі жалпы белгіленген мерзімнің өтуіне байланысты соңғы
күннің 24 сағаты өтуімен жойылады, басқа жағдайларда жылдық күнтізбе
бойынша, сонымен қатар мерзімнің тоқтатылуы болғанда жылдың айлары не
күндерімен есептелінеді. Егер үкім ескіру мерзімінің өтуінен кейін күшіне
енген болса, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам, қасақана жаңа қылмыс
жасаса ескіру мерзімінің өтуі мұндай реттерде жаңа қылмыс жасаған күннен
қайта басталады. Ескіру мерзімі өткенге дейін адам тағы да қылмыс жасаған
өзге реттерде ескіру мерзімі әрбір қылмыс бойынша дербес өтеді.
Егер адам, жаңа қасақана қылмыс жасағанға дейін кішігірім немесе
орташа ауырлықтағы қылмыс жасаса ескіру мерзімінің өтуі үзілмейді я болмаса
ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап ол әрекеттер қасақаналықтың нысанына
жатпаса да ескіру мерзімі үзілмейді.
Ескіру мерзімінің өтуі егер адам соттан немесе тергеуден бой тасаласа
үзіледі. Өткен мерзім өзінің маңызын жоғалтпайды, керісінше адамның кінәсін
мойындап келуі, айыпкердің тергеуінен кейін үш айдан соң, яғни құқық қорғау
органдары мен ұсталуы кезінен бастап жаңартылған мерзімге қосылады. Мысалы,
20 қаңтарда қылмыс жасалды делік. Бұл жағдайда ескіру мерзімі 20 сәуірден
20 қазанға дейін үзіледі, 3 айлық ескіру мерзімінің өтуі 20 қазаннан кейін
жаңартылады.
Тергеуден немесе соттан бой тасалау деп, қылмыстық жауаптылықтан бой
тасалап тергеу органдарын іздеу шараларына әкеп соқтыру танылады. Бой
тасалау тұрғылықты жерден кету, аты-жөнін өзгерту, басқа жаңа орындарда
жалған, бөтеннің атын жамылу сияқты белгілерден тұрады.
Бой тасалаған адам қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық жауапқа тартылмай
ескіру мерзімі үзілмей 25 жылын өткізген жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа
тартылмайды. Ескіру мерзімінің шектелген соңғы мерзімінің аяқталуы: қоғамға
қауіптіліктің едәуір төмендеуі, зардаптың орнының толуы немесе ешқандай
қылмыстың жасалмауы деп түсініледі.
Адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауынан кейін тергеуден немесе
соттан бой тасаласа, ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады. Яғни, жиырма бес
жыл өткенге дейін жаңа қасақана қылмыс жасаса, өтіп кеткен тоқталғанға
дейінгі ескіру мерзімінің өтуі өзінің мәнін жояды да, сол жаңа жасаған
қылмысы үшін ескіру мерзімі қайта басталады. Бұл жерде егер кінәлі осы
екінші қылмысынан кейін де қайталап тергеуден немесе соттан бой тасаласа
екі қылмысы үшін де ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады.
Жасаған қылмысы үшін Кодекс бойынша өлім жазасы тағайындалуы мүмкін
адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер ескіру
мерзімінің бітуіне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату
мүмкін деп таппаса, өлім жазасын тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот
жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір
бойы бас бостандығынан айыруды тағайындайды.
ҚК 69-бабының алтыншы бөлігі, бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімін қолданбау
мәселелерін қарастырады (ҚК-тің 156-164 баптары).

7. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату өзінің мазмұнына
қарай, жазаны өтеу сатысындағы жазадан босатудың түрі болып табылады.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату деп сотталған
адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға, адал көзқарасы негізінде
үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босата отырып,
оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.
Жазаның өтелмеген бөлігі, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде
босатылушыға сынақ мерзімі болып табылады, ал заң шығарушының жазаны
өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату институтын сотталғандарға
қолдануы олардың тез түзелуіне мүмкіндік берудің тиімді жолы болып
табылады.
Сот жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана
отырып сотталған адамды жазаны өтеуден толық немесе ішінара босатуы мүмкін.
Түзеу жұмыстары, әскери қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылық. Жауаптылықтан босату себептері
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер