Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді



Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ Негізгі бөлім

1)Тәрбиелеу дегеннің мәнісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2)Тәрбие мән . мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3)Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді ... ... ... ... ... ... ... ..11
4)Тәрбие жұмысының формаларының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
5)Тәрбие жұмысының формасын топтап бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

IV Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Кіріспе
Тәрбие пелагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкіллеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған руханн мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- пегдагогикалық мағынада - бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымластырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі аламгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырулын маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсок та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік-мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады). көніл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуте ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін) жағдайға орай орыналуымен (негізгі құралы –тәрбиелік жағдай) болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. С.Б. Бабаев, Ж.К. Оңалбек «Жалпы Педагогика» Алматы 2006 ж
2. Н.И. Болдырев «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы» Алматы 1987 ж
3. С.Б. бабаев «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы 2007 ж
4. «Педагогика» дәріс курсы Алматы «Ныұрлы әлем» 2003 ж
5. С. Әбенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы Дарын 2004 ж
6. С.Ш. Әбенбаев «Сынып жетекшісі» Алматы 2004 ж
7. О. С. Богданова, В.И. Петрова «Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы» Алматы 1980ж
8 «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» С. Әбенбаев
9.«Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі»
О.Е. Омарұлы Түркістан - 2004
10. «Жалпы педагогика»
11. С.Б. Бабаева Ж. К. Оңалбек

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ Негізгі бөлім

1)Тәрбиелеу дегеннің
мәнісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...4
2)Тәрбие мән –
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...8
3)Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір
сүрмейді ... ... ... ... ... ... ... ...11
4)Тәрбие жұмысының формаларының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
5)Тәрбие жұмысының формасын топтап
бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .20
IV Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 21

Кіріспе
Тәрбие пелагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ
өкіллеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында
жасаған руханн мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер,
ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- пегдагогикалық мағынада - бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін
ұйымластырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты
процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық
демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі
аламгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп
жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырулын маңыздылығын
ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсок та, мақсатты бағытта да әсер,
ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік-
мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты
(тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау)
бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық
икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына
сай орындалады). көніл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін
қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуте ұсыну үшін емес, өз
меншікті тәжірибесін құрастыру үшін) жағдайға орай орыналуымен (негізгі
құралы –тәрбиелік жағдай) болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға
арналады) ерекшеленеді.

1)Тәрбиелеу дегеннің мәнісі
"Жас бала — жаңа өркеен жайған жасыл ағаш тәрізді"-дейді халқымыз.
Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып,
саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек
етеді. Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, од қоғамның пайда
болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс
қалыпасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие — халықтың гасырлар бой жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі
мен ізгі қасиетіерін жас ұрпақтың бойьша сіңіру, олардың айналамен қарым-
қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптстыру
құралы.
"Тәрбие — біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету...
Тәрбие — бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп,
бір адамның екінші адамға ықпал етуі" (Л. Н. Толстой).
"Тәрбие - кең мағынасында — бұл рухани жазғынан үнемі жетілу және
баюда көпсалалы процесс" (В. А. Сухомлинский).
"Тәрбие кең мағнасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті
азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді,
адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі
қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі"
(М. Жұмабаев).
"Тәрбие — бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын
жетілдірудің ең күшті сыры бар" (Иммануил Кант).
"Тәрбие — тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процессі"
(X. Й. Лийметса).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына
жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен
моральдық бейнесінің калыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие — адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы
әрекеттерді орынадауға, көптеген әлеуметтік қызметгерді атқаруға
дайындаудың табиғи зандылық процессі.
Н. К. Крупская "Тәрбие" атты мақаласында (1929 ж): "Тар мағынада алып
қарағанда, "тәрбие" деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-
құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде
жасайтын белгілі бір ықпалы", ал кең мағынасында "...қоғамдық мекемелер,
айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді" — деп
түсіндіреді.
Осы жағдайға байланысты К Д. Ушинский "...мектеп, тәрбиеші және
ұстаздар — адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті,
ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам,
халық ...және оньщ тілі болады", - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы
тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.
Олай болса, тәрбие көптің ісі Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар,
мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ.
Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес кең мағынасында, бір жақты
емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның мектеп пен ата-
аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара
әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы,
белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке
адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай
білуге үйрету.
Олай болса тәрбие процессі деп - қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір
жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық
ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыпастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің,өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері
бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі,
идеологииясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны
мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып
отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қозғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал
қоғам дегеніміз -адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына
сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Осы тәрбиешілердің өз
қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның мемлекеттің әл-
ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие - біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді
Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыпастыру жеке-дара
атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, біріңғай жағдайда жүзеге асырылады.
Өйткені тұлғаның қалыптастып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс Жеке адамның қальптасуы бүтіндей бір
ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге
дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін~өзі тәрбиелеу
процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе
жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында
дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы біріңғай қалыпасып дамымайды.
Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие — көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу,
қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының
міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылқпен бірлесіп атқаратын ортақ максаты.
Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар
беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып
отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы — мектеп."
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әр6ір
қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан карағанда тәрбие мақсаты — зрбір тұлғаны
әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам-жер бетіндегі тірі организмнің
жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, басқаша
айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық ой-
пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең
басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің
негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады,
білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері
қарастырылады.
Әдетте принцип дегеніміз, адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа
алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші
басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы зандылықтарын бейнелейтін
бастапқы ережелер. Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың
талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін
іздейді. Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері қолданылады.
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы. Тәрбиенің алдына қоғам
болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады.
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет ету керек. Кез-
келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін
байытумен, санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік, қоғамдық саяси
белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы
ықпалымен бағаланады.
Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың мақсаттары мен
міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже
бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған
орай, әрбір баланың және ұжымының ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие
жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен
тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың
іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс
принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық әлеуметтік және рухани
қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көқкарасын тәрбие
ісінде қолдану болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды
өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудың шынайы
алғышартын жасайды. Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың
тәрбие жұмысындағы өнімді еңбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушылар
да бар. Бұл жеткіліксіз пікір, себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек
ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ. Оқушыларды еңбектік іс-
әрекеттің түрлеріне қатынастырып, ол әрекеттің қоғамның түпкі мүддесі үшін,
материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрмды бөлігі
екенін қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.

2) Тәрбиенің мән мағынасы
Сонымен, тәрбие — бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында
мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы
ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған
әлеуметтік процесс.
Орыстъщ ұлы сыншысы В. Г. Белинский: "Адамды табиғат жаратқанмен, оны
өсіріп, тәрбиелейтін - қоғам", -деп өте орынды айтқан. Педагогика ғылымында
тәрбие мен оқытудың мақсаты және міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда
қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен
байланысты қарастырады.
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті
түрде білдіреді. Яғни, "тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді"
деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен
бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі қоғамның
мақсатын, талап-тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр
кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму
дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса "Тәрбиедегі мақсат (А. С.)
адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлык адамзат дүниесін
бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты. Адамзат
дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытта болса, адамзат дүниесі бақытты.
Қысқасын айтқанда, тәрбиедеғы мақсат — адам деген атты құр жала қылып
жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару".
Қоғамның материалдық негізі мен идеологиясының өсуі әртүрлі қоғамдық-
экономикалық формацияның алмасуына ықпал етеді Ол өз алдына тәрбие мен
оқытудың мақсат-міндеттерін, оның мазмұны және әдістерінің өзгеруіне де
себепші болады.
Бізге мәлім, ерте замандағы педагогтар әрекетінде тәрбиенің мақсат-
міндетіерін белгілеуде ортақ пікір болмаған. Ол негізінен екі бағытта
өрбіген. Біріншісі, прогрессивтік идеяны ұсынса, яғни, жалпыға бірдей білім
бере отыра жеке басты жая-жақты, үйлесімді дамыту болса, ал, екішшсі, яғни
реакциялық идеяның өкілдері үстем таптың мүддесін көздеп, дін мен
идеалистік философияның теорияларын уағыздады.
Бүгінгі таңда қоғамның жаңа сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі
еліміздің әлеуметтік-экономнкалық саласында жаңа міндеттерді, жаңа
талаптарды шешуді жүктеп отыр. Егерде қоғамның әлеуметтік саласында қайта
құру міндеті жүктелсе, яғни ол жалпы орта білім және тәрбие беретін
мекемелер алдына жаңа сатыдазғы сапа жағынан жаңа міндеттерді шешудің
объективтік қажеттілігі туындағанын көрсетеді.
Тәрбие барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға тән қоғамдық өмірдің
ортақ және мәңгілік категориясы. Ойшылдарлың пікірлерін тұжырымдап айтқанда
қоғамдық тәрбие нақты тарихи сипатқа ие, өйткені ол белгілі бір қоғамдағы
экономикалық, саяси, әлеуметтік және өзге де қатынастармен байланысты.
Олардың өзгеруіне қарай қоғамдық тәрбиенің міндеттері, мазмұны, формалары
мен әдістері де өзгеріп отырады.
Шынында да тәрбие барлық уақытта да қоғам ықпалына байланысты.
Қоғамдық қатынастар жиынтығының мазмұны мен сипаты, оның қоғам мен нақты
объективтік және субъективтік қарым-қатынастары дара даму ерекшеліктерін
белгілеп береді.
Тәрбиенің қоғамдық түрі өз мүмкіндіктерін ұжымдық мазмұнның
біржақтылығы, шығармашылық даралықты дамыту негізінде ғана көрсете алады.
Қоғамдық тәрбие идеялары тіпті социал-утопистер Т.Кампанелла, Ш.Фурье,
Р.Оуэн және басқалардың еңбектерінде де орын алған. Кейбір мәндердің едәуір
айырмашыдығына қарамастан олардың тұғырнамалары түптеп келгенде біреу.
Біріншіден, қоғамдық тәрбие барлық балаларды туылғаннан бастап қамтиды. Ол
теңдік пен зайырлылык идеалдарына берілген жан-жақты үйлесімді дамыған
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Екіншіден, тәрбие жүйесінің оның қоғам
өмірімен байланысының негізі қоғамдық және өндірістік еңбек болып табылады.
Бұған балалар жас күнінен бастап тартылады. Ата-аналар мен тәрбиешілер
тәлімгер рөлінде әрекет етелі. Үшіншіден, барлық балалар әр түрлі балалар
мекемелерінде тәрбиеленеді, олармен маман мұғалімдер айналысып, бұл істен
ата-аналарды босатады. Дегенмен ересек адамдар, өзінен кішілерге қамқорлық
жасайтын жасы үлкен балаларды қосқанда барлығы да балаларға байланысты
тәрбиешілік міндеттерді атқарады.
Жас ұрпақтың жан-жақты және үйлесімді дамуы тәрбиені материалдық
өндіріспен жалғастыру негізінде ғана мүмкін болалы. Бұл қағида К.Маркс пен
Ф.Энгельстің еңбектерінде ғылыми негізлелген.
Республикамыз егемендік алған және қоғамымыз жаңарған қазіргі жағдайда
білім берудің шын мәніндегі демократиялық жүйелерің құру принциптері өз
мәніне сай қалпына келтірілуде. Олар шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға
қайталанбас даралықты дамытуға бағытталған. Әрбір бала өмірдің оқу-тәрбие
процесін еркін субъектісі. Шын мәніндегі білім беру адамды
тәрбиелеу ісін зайырлы етуді мақсат тұтады, осындай басым бағытта
педагогикалық көзқарасты да жаңарту байқалады.
Қазіргі міндеттерді шешу мақсатында педагогикалық теориялар мен
тәжірибелерді дамыту қоғамлық тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру мен әдіс-
тәсілін белгілеуде жаңа көзқарастарды қажет етеді. Бұл орайда мектептерде
болсын, мектептен тыс бірлестіктерде болсын білім беру-тәрбие процесіне
тұластық беру теориясы үлкен маңызға ие. Тұтастық көзқарасы адамның
жекелеген қасиеттерін тәрбиелеуді емес, жалпы алғанда адамдық дара тұлғаны
қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми биімдерді өзара ұштастыруды талап етеді.
Мұның өзі педагогикалық құбылыстардың мәніне сүйенуге, қоғамдық тәрбиедегі
тенденциялар мен заңдылықтарды ажырата білуге көмектеседі. Жеке адамды
қалыптастырудың тұтас білім беру-тәрбие процесі философиядағы,
социологиядағы, психологиядағы, физиологиялағы және басқа да ғылымдардағы
зерттеулердің нәтижелеріне, олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие мақсатты процесс
Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту міндеттері
Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру
Балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Тәрбиенің негізгі мақсат – міндеттері
Мектептегі берілетін тәрбие
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Мектеп оқушыларына тәрбие берудің жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Қазақ тілі сабағында жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту әдістемесі
Пәндер