Ақпараттық технологиялар, интернет және саясат



Қоғам өмiрiнде ақпарат ерекше маңызды рөл атқаратыны бәрiмiзге белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан берi осылай болып келедi және бола бермекшi. Адам ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және басқаларға тарату қызметiн әрдайым атқарып отырады. Егер ерте замандарда бұл аңшылыққа, жер өңдеуге байланысты болса, бертiн келе ауыз әдебиетi дүниеге келiп, аңыздар, ертегiлер ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн болды. Кейiн жазу фольклордың орнын алып, ақпарат алмасу жеңiлдедi. Адамдардың ой-өрiсi, бiлiмi дамып, ақпарат олардың танымының ажырамас бiр бөлiгiне айналды.
Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Атап айтсақ, бұл жазудың, кiтап басудың(XVI ғ. ортасы), электр жарығының (XIX ғ. аяғы) және де микропроцессорлық технологияның (XX ғ. 2-шi жартысы) пайда болуына байланысты едi. Ал, микропроцессорлық технологияның арқасында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты. Ал, компьютердiң қазiр өмiрiмiзде қандай орын алып отырғанын бiлемiз.
Сол компьютер негiзiнде қазiргi заманда электрондық ақпарат, бағдарлама арқылы басқарылатын құрылғылар пайда болып көптеген үрдiстердiң жеңiлдеуiне мүмкiндiк туғызды. Осылайша негiзi ақпараттық технологиялар болып табылатын үлкен бiр сала ақпараттық индустрия қалыптасты. Қазiргi замандағы ақпараттық технологиялар компьютерлiк техника мен коммуникация құралдарына иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпараттық қоғам деп аталатын ұғымды тудырды.
Жапон ғалымдарының айтуынша, ақпараттық қоғамдағы компьютерлендiру үрдiсi адамға ақпараттың сенiмдi көзiне ие болуға себiн тигiзедi, өндiрiс пен әлеуметтiк салада ақпаратты өңдеудi автоматтандырып жұмыстың анағұрлым жоғары дәрежеде орындалуын қамтамасыз етедi. Қоғамның қозғаушы күшi бұрынғыдай материалдық өнiм емес ақпараттық өнiм болуы керек. Неге десеңiз, алдыңғысы соңғысынан қымбат.

Ақпараттық технологиялар, Интернет және саясат
Қоғам өмiрiнде ақпарат ерекше маңызды рөл атқаратыны бәрiмiзге
белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан берi осылай болып келедi және бола
бермекшi. Адам ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және басқаларға тарату
қызметiн әрдайым атқарып отырады. Егер ерте замандарда бұл аңшылыққа, жер
өңдеуге байланысты болса, бертiн келе ауыз әдебиетi дүниеге келiп, аңыздар,
ертегiлер ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн болды. Кейiн жазу фольклордың орнын
алып, ақпарат алмасу жеңiлдедi. Адамдардың ой-өрiсi, бiлiмi дамып, ақпарат
олардың танымының ажырамас бiр бөлiгiне айналды.
Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып,
адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Атап айтсақ, бұл жазудың, кiтап
басудың(XVI ғ. ортасы), электр жарығының (XIX ғ. аяғы) және де
микропроцессорлық технологияның (XX ғ. 2-шi жартысы) пайда болуына
байланысты едi. Ал, микропроцессорлық технологияның арқасында компьютер,
компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты. Ал, компьютердiң қазiр
өмiрiмiзде қандай орын алып отырғанын бiлемiз.
Сол компьютер негiзiнде қазiргi заманда электрондық ақпарат,
бағдарлама арқылы басқарылатын құрылғылар пайда болып көптеген үрдiстердiң
жеңiлдеуiне мүмкiндiк туғызды. Осылайша негiзi ақпараттық технологиялар
болып табылатын үлкен бiр сала ақпараттық индустрия қалыптасты. Қазiргi
замандағы ақпараттық технологиялар компьютерлiк техника мен коммуникация
құралдарына иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпараттық қоғам деп
аталатын ұғымды тудырды.
Жапон ғалымдарының айтуынша, ақпараттық қоғамдағы компьютерлендiру
үрдiсi адамға ақпараттың сенiмдi көзiне ие болуға себiн тигiзедi, өндiрiс
пен әлеуметтiк салада ақпаратты өңдеудi автоматтандырып жұмыстың анағұрлым
жоғары дәрежеде орындалуын қамтамасыз етедi. Қоғамның қозғаушы күшi
бұрынғыдай материалдық өнiм емес ақпараттық өнiм болуы керек. Неге десеңiз,
алдыңғысы соңғысынан қымбат.
Тағы бiр айта кететiн мәселе, ақпараттық қоғамның өзiндiк ерекшелiгi -
адамдардың 50 %-нан астамы ақпараттық қызмет саласына жұмылдырылады.
Бұл қоғамда тек өндiрiс қана өзгерiп қоймай, сонымен бiрге жалпы
өмiрдiң сипаты мен құндылықтар жүйесi басқадай түрге енедi. Индустриялық
қоғамда тауар өндiрiлiп, ол пайдаланылса, ақпараттық қоғамда адамның ақыл-
ойы мен бiлiмi басты рөл ойнайды. Яғни, бұл дегенiңiз творчестволық
қабiлетке, зердеге және оқып-бiлуге ынта мен қажеттiлiк жоғары деңгейде
болады деген сөз. Осы қоғамның материалдық және технологиялық базасы болып
компьютерлiк техника мен компьютерлiк желiлер, ақпараттық технологиялар
және телекоммуникациялық байланыс негiзiндегi түрлi жүйелер қалыптасады.
Сонымен қатар, өзiндiк ақпараттық инфрақұрылым түзiледi. Оның негiзiнде
озық электрондық техника көмегiмен кешендi түрде ақпарат өндiрiледi,
өңделедi, сақталады және пайдаланылады.
Қазiргi заманда барлық елдер саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б.
үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету үшiн жаңа технологияларды қолдана отырып,
ақпараттық қоғам жағдайына жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде. Бұл
мақсатқа жете алмаған елдер қай жағынан болсын артта қалған болып
есептеледi.
Қоғамды ақпараттық жағынан жетiлдiрудiң аяқ алысы мен сипаты саяси
қарым-қатынастарға тәуелдi болмақ. Ақпараттық технологияларды қоғам өмiрiне
енгiзудiң саяси тұрғыдан алғанда мынандай негiзгi үш тиiмдi жағы бар.
Бiрiншiсi. Ақпараттық қоғам жағдайында адамдардың мiнез-құлқы олардың
таптық сана-сезiмiне емес, ой-пiкiрлер мен мүдделерiнiң әр-алуандығына
(плюрализмге) байланысты болады. Бұл дегенiңiз, әрбiр адам дара тұлға
ретiнде өзiнiң әйел ме әлде ер ме, мұсылман ба әлде христиан ба, не болмаса
қандай да бiр ұлт өкiлi екендiгiн өзi анықтайды. Бiр сөзбен айтқанда, өзiн
таптық саясат ықпалынан қашық ұстайтын болмайды.
Екiншiсi. Адамдардың партиялар мен партиялық топтарға бiрiгуi,
топтасуы олардың әлеуметтiк-таптық тегiне тәуелдi болмайды. Бұл жерде жеке
тұлға ұсынатын саяси бағдарлама рөл ойнайтын болады.
Үшiншiсi. Компьютер (Интернет арқылы) әрбiр адамға үкiметтiң iс-
қимылын бақылауға мүмкiндiк бередi.
Нелiктен ақпараттық қоғамда мұндай өзгерiстер болады. Қазiргi
жаһандану заманында адамдар саяси мәселелерде бiртiндеп партияларға сенуден
қалып барады. Партиядан гөрi олардың басшыларына, яғни адамдарға сенедi,
оларға дауыс бередi. Осылайша ақпараттық қоғамда саясат таптық түрден
символдық нысанға ауысады.
Қоғамды ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды қолдану
үрдiсiнде 1990-1991 ж.ж. пайда болған Интернет жүйесi World Wide Web (WWW
немесе “Бүкiләлемдiк компьютер торы”) аса маңызды рөл атқаруда.
Батыста Интернет өте кең тараған. Мысалы, АҚШ-тағы жанұялардың 65%-ы
үйде отырып осы әлемдiк торды қолданады. Ал, ересек адамдардың 55%
Интернеттi тұрақты қолданады. Ақпараттық қоғамды дамыту кезеңiнде өкiмет
құрылымдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Сымсыз технологиялар»
Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Пәндер