Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының экономикалық-географиялық сипттамасы



1 МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Жер бедері және географиялық орналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мақтаарал ауданының тарихи географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Ауданның климаттық жағдайы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 1.5 Ауданның флорасы мен фаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2.1 Ауданның әкімшілік бөлінуі және әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... 19
2.2 Ауданның демографиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Білім беру және мәдениет саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.4 Халыққа әлеуметтік көмек көрсету және денсаулық сақтау саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.5 Ауыл шаруашылығы, оның құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.6 Өсімдік шаруашылығы секторының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.7 Мал шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.8 Өнеркәсіп салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
2.9 Бюджет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
2.10 Шағын кәсіпкерлік және инвестиция саласы құрылыс ... ... ... ... .46
2.11 Көлік және байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
2.12 Ауданның экологиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Мақтаарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстігінде орналасқан. Жерінің аумағы 176,9 мың км. тұрғындарының саны – 263,5 мың адам (2005). Әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы. Аудан 24 әкімшілік аумақтық бірліктен тұрады. Олар 1 қала, 3 поселке, және 20 ауыл округтерінен құралады.
Бакалаврлық бітіру жұмысы 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әкімшілік ауданның қалыптасу тарихы, орналасқан жері, оның экономикалық географиялық және физикалық географиялық жағдайы айтылады. Бөлімнің келесі тақырыптарында ауданның жер бедері физикалық географиялық тұрғыдан сипатталып, оның шаруашылығының әр қилы салаларын дамытудағы ролі айтылған. Қандай да болмасын ауданның (аймақтың) дамуына ондағы климатты, жер беті суларының, сонымен бірге топырақ және өсімдік жамылғысының маңызы зор екені белгілі.Сондықтанда Мақтаарал ауданының өзен-көлдері, суғару суландыру жүйелері сипатталады.
Жұмыстың екінші бөлімінде аудан аумақтарында тұратын халық саны, ірі елді мекендері баяндалады.Одан кейін аудан экономикасының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына, орта және шағын кәсіпкерліктерге толық тоқталып, оларды талдау үшін әртүрлі кестелер пайдаланылады. Сонымен бірге, ауданның әлеуметтік салаларына , оның ішінде мәдениет, денсаулық сақтау білім беру, көлік шаруашылығы, аудан экологиясы баяндалады. Соңында диплом жұмысына қорытынды жасалып, пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы 2005 жыл
2. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық энциклопедиясы
3. Бегім Серіков. «Мырзашөл – Атамекенім» Алматы.Тұран - 2002
4. «Мақта ордасы – Мақтаарал» (Ауданның 75 жылдығына арналған жинақ) Алматы.Тұран - 2003
5. Мұқан Әліпбеков, Мылтықбай Ерімбетов. «Мырзашөл тарихы» Алматы. «М-Талант» баспасы - 2001
6. Жұмали Шарақымбаев. «Аграрлық реформаның кейбір нәтижелері» Алматы. «Бастау» ЖШС – 2005 жыл
7. Ќазаќстан Республикасы (жылды жылнама) - Ќазаќстан Республикасы, статистика жµніндегі агенттігі.
8. Ќазаќстанныњ демографиялыќ жылнамалыѓы (2004 жыл).
9.Омарбек Нұржанов «Атқарылған істер аз емес» Мақтаарал аудандық қоғамдық саяси газет 2006
10. «Мырзашөлім – мырза елім» кіабы.Алматы. Әл-Фараби 1998 жыл
11. Мейірі өскен Мырзашөл О.Нұржанов «Егемен Қазақстан» 2005 №18
12. Жатушы еді сыр бүгіп, Мырзашөлдің даласы. Мартай Жақып. «Мақта ордасы Мақтаарал» кіабы. «Тұран» баспасы Алматы 2003 жыл
13. Мақтаарал ауданының әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері (2003- 2005 жылдар)
14. Н.Ә.Назарбаев «Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі» Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесі.Егемен Қазақстан № 20 1.02.2005
15. А.Мұқашев «Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың ілімдік негіздемесі » Жаршы 2003 жыл №3
16. О.Ю. Акимов «Малый и средний бизнес» Москва 2003
17. Ж.Ш. Шарақымбаев «Оңтүстік өңірдің республика ауыл шаруашылығындағы орны және мақта өсіретін кәсіпорын параметрлері» Жаршы 2004 жыл №2
18. Т.М. Баетова «Стратегия социально - экономического развития регионов и их функции» Вестник сельскохозяйственных наук Казахстана 2001 №1
19. Б.С. Шойынбаев «ОҚО- дағы мал шаруашылығының даму үрдісі» Жаршы 2005 жыл №12
20. Социально – экономического развития ЮКО за 2003 и 2004 годы. Шымкент 2005
21. «Оңтүстік Қазақстан.Ауыл анықтамалығы» Алматы 2004
22. «Нұрын шашқан оңтүстік» Алматы 2003

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Экономикалық және әлеуметтік география кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПТТАМАСЫ

Орындаған: Керімбекова
М.И
4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі:
ғ.к., аға оқытушы Ақашева Ә.С.

Норма бақылаушы:
аға оқытушы Ғабдолла
О.Ж.

Қорғауға жіберілді
“ ” 2007
Кафедра меңгерушісі
г.ғ.д., профессор Надыров Ш.М.

Реферат

БІТІРУ ЖҰМЫСЫНДА: 16 КЕСТЕ, 1 СУРЕТ, 3 КАРТА-СҰЛБА БЕЙНЕЛЕНГЕН.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР САНЫ 22, БАРЛЫҒЫ 61 БЕТ.
Жұмыста қосымша келесі түйінді сөздер: вегетация, трихограмма,
дотация, акция, вакцина, инновация кездеседі.
Қысқартылған сөздер: ТМД, АҚ, ӨҚ, АҚШ, МТС, ЖШС, РЭС, ҚР.
Бітіру жұмысы Мақтаарал ауданының экономикасын сипаттауға арналған.
Ауданның экономикасының басты мақсаты – аудандағы мақта шаруашылығының
бүгінгі күнде дамуы, ондағы өнімдердің шығарылуы, сол арқылы экономиканың
дамуына ықпал ету.
Бітіру жұмысымның мақсаты: ауданның шаруашылықтарының әр саласын
қарастырып, бүгінгі таңдағы экономикада алатын орнын анықтау. Осы мақсатқа
жету үшін келесі мәселелерді қарсатыру көзделген:
- Ауданның қалыптасу тарихына тоқталу;
- Ауданның шаруашылықтарының әр саласын жете талдау;
- Мақта шаруашылығының бүгінгі таңда экономикада алар орнын талдау;
Бітіру жұмысы 3 бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ші бөлімде Ауданның физикалық-географиялық жағдайы қарастырылады
2-ші бөлімде Ауданның экономикасы қарастырылады.

Кіріспе

Мақтаарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстігінде
орналасқан. Жерінің аумағы 176,9 мың км. тұрғындарының саны – 263,5 мың
адам (2005). Әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы. Аудан 24 әкімшілік
аумақтық бірліктен тұрады. Олар 1 қала, 3 поселке, және 20 ауыл
округтерінен құралады.
Бакалаврлық бітіру жұмысы 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әкімшілік
ауданның қалыптасу тарихы, орналасқан жері, оның экономикалық географиялық
және физикалық географиялық жағдайы айтылады. Бөлімнің келесі
тақырыптарында ауданның жер бедері физикалық географиялық тұрғыдан
сипатталып, оның шаруашылығының әр қилы салаларын дамытудағы ролі айтылған.
Қандай да болмасын ауданның (аймақтың) дамуына ондағы климатты, жер беті
суларының, сонымен бірге топырақ және өсімдік жамылғысының маңызы зор екені
белгілі.Сондықтанда Мақтаарал ауданының өзен-көлдері, суғару суландыру
жүйелері сипатталады.
Жұмыстың екінші бөлімінде аудан аумақтарында тұратын халық саны, ірі
елді мекендері баяндалады.Одан кейін аудан экономикасының негізгі салалары
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына, орта және шағын кәсіпкерліктерге толық
тоқталып, оларды талдау үшін әртүрлі кестелер пайдаланылады. Сонымен бірге,
ауданның әлеуметтік салаларына , оның ішінде мәдениет, денсаулық сақтау
білім беру, көлік шаруашылығы, аудан экологиясы баяндалады. Соңында диплом
жұмысына қорытынды жасалып, пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

Мазмұны

1 Мақтаарал ауданының физикалық географиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5

1. Жер бедері және географиялық
орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Мақтаарал ауданының тарихи географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Ауданның климаттық жағдайы
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Су
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..11 1.5 Ауданның флорасы мен
фаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 Мақтаарал ауданының экономикалық географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2.1 Ауданның әкімшілік бөлінуі және әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... 19
2.2 Ауданның демографиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Білім беру және мәдениет
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 22
2.4 Халыққа әлеуметтік көмек көрсету және денсаулық сақтау
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.5 Ауыл шаруашылығы, оның
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .31
2.6 Өсімдік шаруашылығы секторының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...33
2.7 Мал шаруашылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..39
2.8 Өнеркәсіп
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...41
2.9
Бюджет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .44
2.10 Шағын кәсіпкерлік және инвестиция саласы құрылыс ... ... ... ... .46
2.11 Көлік және
байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...52
2.12 Ауданның экологиялық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..55

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .60

Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

1. МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Мақтарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүтігінде, Сырдария
өзенінің сол жағалауында абсалюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті
жазықтықта орналасқан.Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстан
мемлекетімен шекаралас.Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені
арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі.Ауданның жер қойнауынан
минералды су, құрылыс материалдары барланған [10].

1.1. Жер бедері және географилық орналасуы

Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз
деңгейінен 200-300 метр болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып
жатыр.Терістігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм,
облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл
алып жатыр.
Мақтараал ауданы ол Сырдария өзенінің сол жақ қанатында кең жайылып, он
мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан ұлан-ғайыр құмды жазық, шөл дала
болып табылады.Шығысында және Солтүстік шығысында Сыр арнасымен Фархад
жартастарының маңайында түйіседі,ол Шардара іс жүзінде Мырзашөлдің
солтүстік шегін түйіндейді, яғни Қызылқұмға жалғасады. Оның батыс
қанатындағы шекарасы Шардара мен Жызақ арасындағы белдікпен айқындалады,
оңтүсігінде Нұрата таулары мен Түркістан жотасының сілемдеріне тіреліп
тоқтайды. Мырзаның шөлі қазірде Өзбекстанның Жызақ және Сырдария облыстары,
оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал, Шардара сияқты үлкен өңірлерінің мекен
тұрағына айналған [12].
Мақтаарал ауданы оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан.
Ауданның оңтүстік, шығыс, батысы Өзбекстан мемлекетімен, солтүстігінде
Шардара бөгені және Сарыағаш ауданымен шектеседі.Жер бедері негізінен
жазықты болып келеді.Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер
:ағын сулар мен желдер.Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың
шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына
зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы: каналдар мен суару аймақтары, авто
жолдар.
Ауданның жер көлемі – 176,9 мың шаршы шақырым. Жалпы егістік көлемі –
135,7 мың шаршы шақырымды құрайды.

Карта физикалық - 1

1.2.Мақтаарал ауданының тарихи географиялық сипаттамасы.

Мырзашөл жазықтығы Сырдария өзенінен Оңтүстіктіктегі Түркістан
сілемдеріне дейін бір миллионға жуық гектар жерді алып жатыр.Осы жердің
өзіне сай тарихы бар,әсіресе ең қызығы осы шөлейтті қуаң даланы суландыру,
жаңа жерлерді адамзат игілігіне игеру.
Сулы жер – нулы жер деп дана халқымыз айтқандай, осы жерлер екі
туысқан, көршілес Қазақстан, Өзбекстан республикаларының үш облысының екі
миллионнан астам халқының табыс көзіне, тұрақты мекен-жайына айналып
кеткен.Бұл жерлерде жүздеген шақырым бас каналдар, мыңдаған шақырым
кішігірім арықтар қазылып, ертелі-кеш көпеген елді мекендер, кенттер,
қалалар, зауыт және басқа өндіріс кәсіпорындары ашылып, үлкен өндіріс
күштеріне еге аймаққа айналды.
Мырзашөлді игерудің әр уақыттағы кезеңдері тарихта белгілі: Патшалық
Ресейдің билігінің кезеңі, Қазан төңкерісінен кейінгі уақыт, одан соң 20-шы
ғасырдың екінші жартысындағы кезеңдері. Қай кезеңде болмасын шөлді игеруге
адам қаракеттенген, алғашқы кезеңдерде күрек, кетпен, білек күшімен,
кейінгі кезеңде қуатты техника күшін, ғылым және тәжірибені кеңінен
пайдаланған, оларды тиімді басқарған.
Жер туралы тереңірек ойлансақ , жер – ана табиғаттың түрлі
құбылыстарына тәуелді: топан су, жалынды от, найзағайлы нөсер, бұрқасынды
дауыл, құйынды жел болсын. Сол сияқты жайма шуақ көктемнің күні, көк майса
даласы, аңызақты ыстық шілде, алтын күз, жылдың әр мезгіліне тән
құбылыстар. Барлығына қуанатын және көнетін, шыдап тіршілік жасайтын Жер
мен Адам.
Мырзашөл ерте дәуірден-ақ тоқсан жолдың торабы болған. Бірақ бұл
жерде елде мекендер сирек жайғасқан.Оған себеп – судың жоқтығы, шөлдегі
аптап ыстық, қыстың қатал суығы, бұрқасынды бораны болса керек.
Қытай жылнамашыларының деректеріне сүйенсек, біздің жаңа дәуірімізге
дейін 140-127 жылдары Сыр бойын ел мекендегенін, олар егіншілікпен де, мал
шаруашылығымен де айналысқандығын білеміз [5].
Хорезм ханы, әрі жылнамашы-шежіреші Әбілғазы Бахадүрдің деректері
бойынша Сыр бойындағы ел ауыл шаруашылығын өркендете білген. Ал 1219 жылғы
Шыңғысхан тұсындағы жаугершілікте елді де, су шаруашылығын да жойып
жіберген.
Белгілі шығыстанушы академик В.В.Бортольд Мырзашөлде ерте заманда
қалың ел жасаған деген жылнамашы Сюань Цзинаның (Қытай) деректеріне күман
келтіреді. Сол сияқты тұжырымдар Чань-Чунь (1221жыл) саяхат күнделігінен де
кездестіргенін жазады.
Ал Абдулланамедағы Әмір Темірдің жорығында Шахрухиядан
(Шахристаннан) басталған шөл далада бірнеше ащы сулы құдықтар кездеседі
делінген.
Бабырнамада келтірілген жолдарға қарасақ, Ходженттен Нұрата
тауларына дейінгі кең жазықтықта ескі Усурушан аймағы жайғасқан екен [3].
Мырзашөлді топографиялық зерттеулермен айналысқан бірегей ғалым
Г.А.Әминов 1869 жылы мынадай деректер жазып кеткен: Мырзашөл деп аталған
атына қарама-қарсы қуаң, елсіз шөлді зерттеп көргенімде, адам қызығарлық
ештеңе таба алмадым. Ал енді тереңірек қарап, жан-жақты зерттегенімде, бұл
аңырап жатқан қу далада, ерте кезде адам тіршілік жасаған, отырықшыл ел
болған сияқты. Ол елдің жұрнақтары осы шөл далада кездеседі. Оның белгілері-
ескі бұзылған дуалдардың орны, егін салған жер және арық- атыздардың
іздері. Ал Мырза –тоғай жылғасында Мырза-Рабат керуен сарайының
құрылысының қалдықтары бар.
Шөл даланы көлденеңінен кесіп өтетін Шыназ бен Жызақтың арасын қосып
жатқан үлкен қара жолдың бойында жатақ тамдар құдықтар кездеседі. Шыбынтай,
Аққұм, Жантақсай, Ақша, Ағашты, Үш-төбе деп ертеден аталып келе жатқан
Патша жолының бойында бекеттер, елді мекендер болған.
Құдық үстінен, яки жанынан Үнді әдісімен лайдан құрылған, төбесі
күмбез іспетті, биіктігі 12-15 метр су сақтағыш кепелер бар.Оның негізгі
тіршілікке қажеттілігі – қыста қар жинап сақтап қою және оның буланып, еріп
кетпеуі үшін жасалған. Бұл құрылыстың аты Сардоба. Ол парсы тілінде су
сақтағыш деген мағананы береді. Нақ осындай Сардоба Сырдария облысындағы
Ш.Рашидов ауданының осы аттас шаруашылығындағы Самарқан құдық құдығының
жанында қазірге дейін сақталған. Сол сияқты Жызақ облысының Мырзашөл
ауданындағы Өзбекстан шаруашылығының Түйе дала құдығының жанында орны
белгілі болып тұр [11].
12-15 ғасырларда Сырдариядан су шығару үшін канал қазылып, өзеннің
жағалауындағы ойпатты жерлерді суландыру әрекеттері жасалған. Солардың
алғашқысы Орынбай арық басы дарияның Иіржар тұсынан басталады, ұзындығы
70 шақырым. Осы арықпен суландырылып, игерілген жер көлемі 7,0 мың гектарға
жақын.
Иіржар деген атау ескіден келе жатыр, оның ұзындығы -90 шақырым.
Сырдың иір жарлық жағалауына ұқсатып, алғашқыда бейнелеп айтылған. Алғашқы
рет Иіржар атауы Николай каналдың ең алғашқы басына берілген, ұзындығы
9 шақырым. Бұл қолмен қазылған каналға су шығару үшін өзеннің иір жерінен
су айналып өткен аралдардың арасын бөгет жасап, су деңгейін көтерген.
Мырзашөл даласында мың тарих қана емес, мың жылдық тарих бар. Мұны
бүгінгі ғылым, археологиялық қазба деректері, көне заманның ғұлама
тарихшылары мен жиһанкездерінің жазбалары дәлелдеп отыр. Шаш-Ташкент
шаһарынан таяқ тастам жерде жатқан, айналасын ғылым-мәдениет ордасы болған
Отырар, Сайрам, Сығанақ, Сауран, Созақ, Иассы-Түркістан, Самарқан, Үргеніш
сияқты қалалар қоршаған, үстінен қоңыраулатып дүниенің шар тарабына
керуендер өткен, Жібек жолының бойындағы дүбірлі күйді кәрі құлағы ғасырлар
бойы тыңдаған Мырзашөлде тарих болмауы мүмкін емес қой. Мырзашөл төсін
Ескендір Зұлқарнайын мен Тұмар ханым, Шыңғысхан мен Ақсақ Темір, Тәуекел
баһадүр-хан мен еңсегей бойлы Ер Есімхан қосындарының тұлпар тұяқтары
дүбірлеткен, Қазақ ұлтын оның арғы ата-бабаларын бесігіне бөлеп тербетіп,
ақ сүтін беріп емізіп өсірген Сырдария ананың сол қанатында жалпақ жайылып,
жазылып жатқан құшағы кең Мырзашөлдегі адамның тіршілігі мен іс-әрекеті
есте жоқ ескі заман- дарда басталыпты.
Ескендір Зұлқайнарынның осы шөл далаға су тартып, гүлдендірмекші
болғаны туралы халық арасындағы аңыздар қазіргі кезге дейін ұмытылмай
сақталған. Ол аңыз ұмытылмайды да. Себебі, әлдеқашан құрғап қалған ежелгі
үлкен канал жүлделерінің бірі Ескендір-арық деп аталды. Біздің дәуірімізге
дейінгі 329-327 жылдары парсыларды бағындырғаннан кейін Ескендір
Зұлқарнайынның Соғдианаға жорық жасағаны тарихи дәлелденген. Әміршінің
еркімен осыдан екі мың үш жүз жылдан астам уақыт бұрын аймақта арықтар
қазылып, суландыру жұмыстары жүргізілді, шаруалар дәнді дақылдар өсіріп,
егіншілікпен шұғылдана бастаған.
Халық тасемшек боп қатып жатқан шөл құла дүздің болашағына, зор үміт
артып, уақыты келгенде жібіп, нәрленіп кететініне сенген. Сондықтан, қарға
баласын аппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді дегендей шөл даланы
еркелете аялап Мырза атауын берген. Сүйікті де қымбатты туған жерлерін
осылай атағанда халық еш қателеспеген. Мырзашөл атауының мағанасы жомарт
дала, жомарт шөл, қазыналы, бай өлке, құйқалы, құнарлы топырақ, қасиетті
жер деген ұғымдарды білдіреді.Иә, шөл даланың Мырзашөл деп аталуында
осындай толып жатқан астарлы, жұмбақ әңгімелер бар, Мырза деп атауының
басты себебі – осы шөл далаға, елсіз жапанға су жіберсе, ол гүлденген нулы
аймаққа, нағыз жердегі жұмаққа айналады.
1924 жылы маусымда Орталық Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік
межелеу туралы арнайы қаулы қабылданды. Сонда бұрынғы Иіржар болысы
Ташқазақ уезіне кірді. 1928 жылы 17 қаңтарда уезден болыстар таратылып,
Иіржар болысы негізінде Иіржар ауданы құрылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару
комитеті сол жылғы 3 қыркүйекте бекітті, яғни жаңа, біздің ауданның туған
күні осылайша заңды күшіне енді. Ал, 1990 жылғы 23 шілдеде Бүкілодақтық
Атқару комитетінің қаулысы бойынша сол жылғы 17 желтоқсаннан бастап
Мақтаарал ауданы болып аталды. Сөйтіп, ұйқы құшағында жатқан алып дала
дүр сілкініп ояна бастады, қойнына басып жатқан құт-берекесін бере түсті.
Мақтаарал ауданы Қазақстанның қиыр оңтүстігінде Мырзашөл даласында
орналасқан. Аудан Өзбекстан Республикасының Ташкент, Сырдария және Жызақ
облыстарымен шектеседі. Жер көлемі – 176,9 мың шақырым. Жалпы егістік
көлемі – 135,7 мың шаршы шақырым [4].

1.3. Ауданның климаттық жағдайы

Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың
негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына ) және жер бедерінің
сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі
және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы
ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық айы қаңтар
айы. Жазы ыстық: ең ыстық кезең шілде айы. Вегетация кезеңі 230-320
тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау етектерінде
300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады.Жауын-шашын
негізінен көктем мен күз айларында болады.Қар жамылғысының орташа қалыңдығы
20-40 см, аралығында, жазықта екі айға, тауларда бес айға дейін жатады. Қар
қарашының соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.
Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым.
Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен
оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден
260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15-
20 күнге дейін азайды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері
де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады.Облыста оңтүстік және
солтүстік батыс желі көбірек тұрады.Желдің орташа жылдамдығы 1,9-3,9 метр
секунд. Желдің қатты тұратын аймағы–Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1
метр секундқа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті
соғады.
Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына тағы басқа
метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем
аралығын құрайды. Ерекшелігі жауын-шашынның негізгі мөлшері (62-67 пайыз)
наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп
жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 245-260 тәулік.Жыл
маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа – 90 күндей. Жазы ұзақ
– 160-170 күнге дейін созылады [2].
Мақтаарал ауданның климаты тым континенттік, жылдың жауын-шашын мөлшері
240 мм.Сұр топырақты келеді. Көктемде эфемер өсімдіктер қалың шығады, бірақ
жаз айларында жусан тұқымдас шөптерден басқалары түгел қурап кетеді. Орта
Азия мақта шаруашылығы және мақта өнеркәсібі жөніндегі ғылыми-зерттеу
институның 1932 жылы Мәскеу – Ташкентте жарық көрген жинағында аймақ
табиғатының өзіндік ерекшеліктері былай сипатталады: 25 жылда жылдық орташа
температурасы 13,8 градус жылы, ең жоғарғы мөлшері 42,6 градус жылы, ең
төменгі нүктесі 32,7 градус суық.Ең жоғарғы тәуліктік орташа температура
шілденің соңы мен тамыз айының басына тұспа-тұс келеді.Дәл осы кезден ауа
райы біртіндеп суыта бастайды. Ақпанның екінші жартысынан бастап
желтоқсанның соңғы күндеріне дейін орташа тәуліктік температура нольден
жоғары болады. Аязсыз кезең жиырма бес жылдық орташа мөлшерге шаққанда 194
күнге созылады. Көктемдегі соңғы қатқақ суық көкек айының аяғында, ал
күздегі алғашқысы қазан айының екінші жартысына тоқайласады. Алайда, аязсыз
уақыттың ұзақтығында орташа деңгейден айтарлықтай айырмашылық-алшақтықтар,
елеулі ауытқулар ұшырап отырады. Мысалы, 1908 жылы аязсыз кезең 223 күн
бойы, ал 1928 жылы ол 133 күнге теңеледі. Кешеуілдеген көктемгі және
әсіресе ерте соққан күзгі суықтар мақта шаруашылығына үлкен зиянын тигізіп,
өнімділігін кемітеді.

1.4. Су ресурстары

Облыстың су қорларынан ірілі ұсақты 127 өзен ( жалпы ұзындығы 5 мың
шақырымдай), 34 көл ( көлемі 110 милион текше метр),30 бөген ( көлемі 6
милиад текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су
көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 мллиард
текше метрге жуық су келіп, осынша мөлшерде су кетіп отырады.
Облыстың ең ірі және ұзын өзені – Сырдария өзені басқа мемлекеттерден
басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы
Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау
мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат
(60 км), тағы басқа көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі
өзендер қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.
Облыстағы ең үлкен суқойма – Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға
берілген, су сыйымдылығы 5,2 миллиард текше метр. Одан су алатын Қызылқұм
(106 км), Шардара (10 км), каналдары арқылы 71,5 мың гектар егістік жер
суландырылады. Бөген су қоймасының сыйымдылығы 37 миллион текше метр, ол
Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336
шақырым су арналары, 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды
ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.
Обылыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да
мақсаттарға пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 миллион метр куб) балық
ауланады, Қызылкөл суының (5,9 метр куб) ем үшін пайдасы зор.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай,
Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу
артезиан алабының су қоры 260 миллион текше метрден асады, минералды сулар
Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылдарында арнай рұқсатпен
пайдалануға берілген.
Өзендері. Облыс аумағындағы гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі
емес.Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады.Жалпы облыс
өзендері Сырдария және Шу өзен алаптарына жатады.
Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан
бастау алып, негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария
өзенінің облыстағы негізгі саласы – Арыс өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем
тау жоталарының беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс – Түркістан каналы
іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8-ден 31 метр
куб секундқа азайды.
Бұдан басқа Бөген, Келес ,Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың
жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі, Бесарық,
Ермексу, Қарашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.
Облыстың қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу
өзендерінің төменгі ағысында қамтиды.
Көлдері. Негізінен Сырдария, Шу өзендерінің сағаларында орналасқан.
Олар тасыған өзен суларымен, ал ұсақ көлдер жерасты суларымен толығады.
Облыс аумағында 43 көл бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың шақырым.
Облыстың солтүстік аймағында Шу өзенінің төменгі ағысында Ақжайық, Қарқын
тұзды көлдері, Құмкент елді мекені жанында тұйық жер асты суымен
қоректенетін Қызылкөл жатыр.
Сырдария өзенінің аңғарында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл, тағы
басқа ірілі-ұсақты көлдер көп кездеседі. Бұл көлдердің көпшілігі ащы,
тұзды.
Облыстағы су желісінің бір ерекшелігі: тақырларда жауын-шашын суларынан
түзелетін көлшіктер мен көлдер пайда болып, кейінірек кеуіп кетеді.
Сонымен қатар облыстағы 22 жасанды су қоймаларының жалпы көлемі 98
мыңнан гектар жерді алып жатыр.Оларға Бадам, Бөген, Шардара,Қапшағай тағы
басқа бөгендер жатады.
Жер асты сулары. Облыста шамамен тәуліктік ресурсы 3000 метр куб тәулік
болатын 30-дан астам жер асты суларының көздері белгілі. Ішуге жарамды
сулардың болжамдық ресурсы тәулігіне 4000 метр кубтан астам мөлшерге
бағаланады.
Облыста Арал, Сырдария және Ташкент (солтүстікжақбөлігі) ойыстарынан
тұратын Сырдария артезиан алабы барланған.
Сырдария және Келес ойысы аумақтарының палеоген жер қыртысында, ойыстың
шеткі бөлігінде 90-170 метр, ортаңғы бөлігінде 1100-1200 метр тереңдікте
жататын сульфат-хлоридті натрийлік суларының көздері табылған.Су көзінің
тәуліктік қор мөлшері 10-15 және 165 метр куб аралығында.Жоғарғы бор дәуірі
жер қыртысында бұл сулар Сырдария ойпаңының оңтүстік-батысында көптеп
кездеседі және 170-600 метр тереңдікте жатады. Судың температурасы 20-40
0С.
Сырдария және Келес ойысы аумақтарындағы жер қыртысында 400-500-ден
2000 метр тереңдікте жататын және температурасы 20-900С болатын аз
минералданған азот сілтілік термальды сулар мол. Олар палеоген және бор
дәуірлері жер қыртыстарының құмды бөліктерінде кездеседі.
Бөгендері мен тоғандары. Облыста 27 бөген мен тоған бар.Шағын бөгендер
мен тоғандар Түркістан ауданында көп кездеседі.Облыстағы суқоймалар 1927-
1992 жылдар аралығында салынып, іске қосылған. Олардың ең үлкені-Шардара
бөгені 1965 жылы іске қосылған.Ол Сырдария өзенінің алабында орналасқан,
көлемі 5200 миллион метр куб, ұзындығы 6000 метр, тереңдігі 28,2 метр.
Көлемі және халық шаруашылығындағы маңызы жағынан екінші орында тұрған
Бөген суқоймасы 1967 жылы іске қосылған.Арыс өзенінің алабында орналасқан,
көлемі 370 миллион метр куб, ұзындығы 5400 метр [2].

1.5. Ауданның флорасы мен фаунасы

Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы
кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1-1,5 мыңдайы балдыр, 2,5-3
мыңдайы саңырауқұлақ, 200-ге жуығы – қына, 500-ге жуығы-мүк тәрізділер және
3 мыңнан астамы-жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің шамамен 250
түрі тек қана облыс жерінде кездесетін эндемиктер. Қазақстанға тән 10-12
эндемик тұқымдастардың жетеуі осында өседі: физандра, рафидофитон, жалған
шөпмасақ, жалған шандра, бочанцевия, тобылғыгүл, канкриниелла.Оңтүстіктің
қазіргі флрасы ежелгі флоралардың негізінде қалыптасқан.Сол флоралардың
өкілдері бүгінгі флораның құрамында реликт түрінде кездеседі.
Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы, түрлері мен эндемиктердің
топтасуы биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты
болып келеді.Облыс жерінде құрғақ субтропикалықтан (Жетісай, Сарыағаш)
бастап мұздықтарға (Ақсу-Жабағылы) дейінгі Солтүстік жарты шардағы барлық
табиғи аймақтардың сарқыншақтары кездеседі.
Облыстың жазық бөлігі Иран-тұрандық ботаникалық –географиялық аймақтың 2
провинциясының құрамына кіреді (жоңғар-солтүстік тұрандық және оңтүстік
тұрандық). Жоңғар-солтүстік тұрандық шөлдер Созақ ауданы жерінде.
Оңтүстіктұрандық шөлдер Қаратаудың күнгей беті мен Батыс Тәңіртау
аралығындағы Түркістан ауданынан Сарыағаш ауданына дейінгі кеңістікті алып
жатыр. Бұл шөлдерді үлкен үш топқа бөлуге болады: жазықтық, тау етегі мен
бөктерлеріне тән адырлық шөлдер мен тықыр шөпті эфемерлі-эферероидты
жартылай саванналар, сонымен қатар өзен аңғарларына тән өсімдіктер.Жазықтық
шөлдерге Қызылқұм жатады.Мұндағы негзгі эдификаторлар (өсімдік
жамылғысындағы басым түрлер) – ақ сексеуіл, раң, басты жусан, жоңғарлық
жусан, түк жемісті мовзолея және бірқатар эфемероидтар. Адырлық шөлдерде
эфемерлер мен эфемероидтар, астық тұқымдастар болады.Бұл шөлдерге тән
негізгі өсімдіктер: толық қияқ өлең, қаудың түрлері және қызғалдақ,
мерендера, шырыш, шиқылдақ, шөл масақ, фломис, көбенқұйрық сияқты
эфемероидты шөптесін өсімдіктер.
Өзен аңғарларына тән өсімдіктер тұқымдастығын шалғындық және тоғайлық
экологиялық қатарлар түзеді.Сарысу мен Шудың төменгі ағысында қалың тоғай
жоқ. Бұл жерлерде – жыңғыл, қамыс, шеңгел мен ажырық өседі.Кейбір тұзды
жерлерде қарабарақ, төбесораң, сарсазан кең тараған. Қалың тоғай
Сырдарияның аңғарында көп. Судың жағалауы тораңғы, талдар, жиде,итмұрын
тұнып тұрған ну тоғай.Ағаштардың бұтағында шырмалаған лианалар- шығыстық
жібілген.шырмауық бар. Тоғайдың шетінде ірі астық тұқымдастар – қамыс,
баттауық және кендір,жантақ және қызыл мия қалың өскен.
Табиғи өсімдіктермен біргелікте өсуі күрделі жаңғақ, анар, құрма секілді
жеміс ағаштары да Мырзашөлдің даласына ойдағыдай бейімделеді. Бүгінде сирек
болса да бір жылдық ұсақ раң, жусан, боз, қызғалдақ сияқты дала өсімдіктері
көрген көзге қуаныш сыйлайды.
Мырзашөл өңірінің өсімдіктер дүниесін зерттеумен айналысып жүрген
ботаник- ғалымдардың айтуынша шамамен 500- гектар таяу түрлі өсімдіктер
мұнда өсіп- өнеді.
Облыс жері өте көне мәдениет және өркениет ошағы болып табылады. Бұл
әрине өсімдіктер дүниесіне тікелей әсер еткен,әсіресе Қаратаудың күнгей
беткейіндегі, Сырдарияның бойындағы қалың орман, тоғайлар сиреп
қалған.Өсімдік дүниесі көптеген мәдени дақылдардың отаны болып
табылады.Облыстың жер аумағы Н.Вавилов айқындап кеткен Орта Азиялық мәдени
өсімдіктер ошағының қомақты бөлігі болып табылады. Ондай дақылдарға қызыл
бидай, арпа, күріш, алма,өрік, жүзім және тағы басқа жатады.Облыстың
өсімдіктер дүниесінен Қызыл кітапқа 176 түр енгізілген, бұл Қазақстандағы
сирек өсімдіктердің 45 пайызы.
Облыстың табиғи флорасы - әлі де пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі болып
отыр.Мұнда жем шөптік малазықтық, дәрілік,азық-түліктік, эфирмайлық және
тағы басқа пайдалы өсімдіктер көп-ақ. Олардың ішіндегі дәрмене жусан,
жабайы алма, жабайы өрік, алша,тау пісте,жабайы жүзім сияқты түрлердің
табиғи популяциялары ғаламдық маңызы генофонд деп танылып отыр.
Облыстың кең – байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай.
Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі.Ал балықтардың 8 түрі қос
мекенділердің 3 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240-тан
астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жатаын 50-ден астам түрлері
мекендейді.
Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды, ал 38
түрі ұрақты мекендейді, 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде
кездеседі.
Балықтар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар,
сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сияқы сирек түрлері
кездеседі.Қосмекенділер класы бойынша шөлді-далалы жерлерде құрбақа, сулы
жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі.Таулы аймақтарда бақалар 2800 метр
биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады.Құрбақалар Қызыл кітапқа
енген. Жорғалаушылардың 9-ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ сығыркөз,
сұр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке. Жыландардың 6түрі
кездеседі: оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұржылан,
жолақтышұбар жылан – улы жыландарға: қалқанбас шұбар жылан, сарыбас жылан,
сарықарын жылан улы емес түрлееріне жатады.Сарлан, оқжылан, төртжолақты
шұбар жылан, сарықыран шұбар жыландар Қызыл кітапқа енгізілген.
Мұнда құстардың 240-тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан
Қызыл кітабырана енгізілген.Олардың ішінде қара дегелік, сақалтай,
бүркіт, жыланжегіш, иелгі, лашын, ақ дегелек, кіші құтан, жамансары сияқты
жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді.Облыс жерінде сүтқоректілердің 8
отрядына жаатын 50-ден аса түрлері мекендейді. Көпшілігінің кәсіптік мәні
бар 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелгендеріде кездеседі
[10]
Кеміруші отрядынан Қызыл кітапқа енген көк суыр Батыс Тянь-Шань тау
жотасында шағын аймақта таралған. Жұптұяқты сүтқоректілер отрядының күйіс
қайырмайтындар тобынан жабайы шошқаны таулы беткейлерден, Қызыл кітапқа
енген күйіс қайыратын арқар, тау ешкі, елік және маралдарды жоғары ендіктер
мен бұталы ағашты алқаптардан кездестіруге болады. Қазіргі таңда арқар,
марал, еліктердің санын сақтап қалу және көбейту мақсатында
трансплантациялау әдісін (қолдан ұрықтандыру) пайдалану жұмыстары
жүргізілуде.
Жыртқыштар отрядынан Батыс Тянь-Шаньдық қоңыр аюдың 60-70-ке жуығы
мекендейді. Мысық тұқымдасары мен қар барысы – ілбістің шамамен 10-15 жұбы
мекендейді.Ілбіс халықаралық табиғатты қорғау орталығының Қазақстан Қызыл
кітабынатіркелген. Түркістан сілеусінін де, бұталы, ағашты алқаптардан
сусар тұқымдастарынан күзен мен борсықты да кездестіруге болады.
Далалы, шөлді жерлерде қарсақ, шиебөрі, қасқыр, түлкі, тағы басқа
аңдардың саны артуда.

2 МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген реформалардың
нәтижесінде бүгінде Қазақстан әлемдегі ең қарқынды өркендеу үстіндегі
экономиканың біріне ие болып отыр.
Елімізде нарық тетігі іске қосылып, сұраныс пен ұсыныс бағаны
реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын,
инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасалды. Мемлекет меншігіндегі
кәсіпорындар, шаруашылықтар таратылып, жекешелендірілді. Кәсіпкерлікті
дамытуға, табиғи байлықтар қоры мен минералдық – шикізаттық ресурстарды
игеруге, инвестийиялар тартуға, ұзақ мерзімге арналған бағдарламалар (ауыл,
білім, денсаулық, индустриялық – инновациялық, тұрғын үй және т.б)
жасалынып, оларды жүзеге асыруға күш салынуда [1].
Осындай нақты іс-қимылдардың арқасында 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі
кезеңде еліміз экономикасын дамытуға 27,8 миллиард доллар мөлшерінде
инвестициялар тартылып, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД –да бірінші
орынды иеленді.
Бұл қаржылар өнеркәсіп, құрылыс, көлік, энергетика, ауылшаруашылығы,
әлеуметтік салалар кешендерін дамытуға бағытталып, тоқтап тұрған
кәсіпорындар жүргізіліп, ірі-ірі жаңа өндіріс орындары іске қосылды, жаңа
жұмыс орындары ашылды.
Еліміз қол жеткізген экономикалық табыс республика басшылығы, бірінші
кезекте Елбасымыз таңдаған экономикалық даму моделінің дұрыстығын
дәлелдейді. Мұны нақты ішкі жалпы өнім өзгерісі айқын көрсетеді. Мәселен,
2005 жылы 1991 жылмен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің артуы 106,3 пайызды
құрады.
Елдің 2010 жылға дейінгі әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясында
ішкі жалпы өнімді екі есе арттыру көзделген. Алайда, бұл меже 2008 жылы
орындалады деп күтілуде. Ал сараптық бағалаулар бойынша ішкі жалпы өнім
37,5 миллиард доллар шамасында, яғни әр адамға 2,5 мың доллардан келеді.
2007 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,8 мың долларға дейін өседі деп күтілуде.
Экономиканың тұрақтана бастауы ауылды, білім, денсаулық сақтау, мәдениет
салаларын дамытуға, аз қамтамасыз етілгендерге әлеуметтік жағынан қолдау
көрсетуге, шекара, қорғаныс мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік жасады.
Елбасы 2003-2005 жылдарды Ауыл жылдары деп жариялап, мемлекеттік
аграрлық азық – түлік бағдарламасын бекітті, мемлекет тарапынан ауылды
дамытуға 2003 жылға 51,5 миллиард, 2004 жылға 64 миллиард, 2005 жылға 70
миллиард теңге қаржы қарастырылды [14].
Соңғы 3-4 жыл бойы Қазақстан жыл сайын дәнді дақылдардың миллиард
пұттарын жинауды дәстүрге айналдырды.
2005-2007 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшін
барлық қаражат көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 300 миллиард теңге,
оның ішінде басым бөлігі қайтарылуға жататын негізде 150 миллиард теңге
мемлекет есебінен бөлу көзделуде. Осы бағдарламаға сәйкес 2007 жылдың
аяғында 12 миллион шаршы метр тұрғын үй іске қосылмақ, 200 мыңдай отбасы (1
миллионға жуық адам) қоныс тойын жасамақ. Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге
асыруда ипотекалық жүйеге басымдылық берілетін болады.
Тәуелсіздік жылдары біздің облысымызда да асқарлы істер жүзеге асырылды.
Облыста өнеркәсіп, көлік, құрылыс кешендері дамып, кәсіпкерлік қарыштап
қанат жаюда, ірі мөлшерде инвестициялар таратылып,әлемдік дәрежеде өнім
шығара алатын өндіріс орындары іске қосылуда. Жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Кедейшілікпен күрес, жұмыссыздықты азайту бағдарламалары да жүзеге
асырылуда. Облыс әкімиятының басшылығымен облыста жүргізіліп жатқан тұрғын
үй құрылысының жағдайы, жалпы атқарылып жатқан іс-әрекеттер Елбасы
тарапынан оң баға алды.
Облыс дихандары Ауыл жылдарының екінші жылында – 2004 жылы үлкен
табыстарға қол жеткізді, 415 мың тоннадан астам астық, 466 мың тоннадан
астам шитті мақта өндірді, көкөніс, бау-бақша өнімдерін өндіруде де татымды
табыстарға ие болды.

КАРТА 2

2.1. Ауданның әкімшілік бөлінуі және әлеуметтік жағдайы

Мақтаарал ауданы 1997 жылдың 24-ші сәуірде мақталы үш аудан Асықата,
Жетісай, Мақтаарал таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталық – Жетісай
қаласы болатын (Жетісай) Мақтаарал ауданы құрылды.
Аудан 24 әкімшілік – аумақтық бірліктен тұрады. Олар 1 қала, 3 поселка
және 20 ауыл округтерінен құралады. Аудан орталығы – Жетісай қаласы.
Ауданда 1 университет, 4 колледж, 2 кәсіби мектеп, 1 арнаулы мектеп
интернат, 117 жалпы білім беретін мектеп, 13 бала-бақша бар.
Асықата – Мақтараал ауданындағы кент. Аудан орталығы – Жетісай қаласынан
солтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан. Тұрғыны 10,8 мың адам (2003).
Іргесі 1939-1940 жылдары қаланды. Мырзашөл даласын игеру кезінде қаланып,
Бағара ауданы деп аталған, 1940-1962 жылдары Киров ауданының орталығы
болды. 1962 1967 жылдары Киров ауданы, 1967-1995 жылдары Киров кенті болды.
1996 жылы аудан Асықата болып өзгеріп, орталығы – Асықата кенті болды. 1997
жылдыңаудан таратылып Мақтаарал ауданына қосылды. Кентте республикадағы ең
ірі мақта тазалайтын зауыт жұмыс істеген, соның негізінде мақта жинайтын,
өңдейтін АҚ,ӨҚ, шаруа қожалықтары құрылған. Ауданда тұрмыстық қызмет
көрсету орындары, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, клуб, аурухана, емхана жұмыс
істейді.
Атакент – Мақтаарал ауданындағы кент. Аудан орталығы – Жетісай
қаласынан солтүстік шығысқа қарай 20 км жерде. Тұрғыны – 14,0 мың адам
(2003). Іргесі 1924 жылы мақта өсіретін мақтаарал совхоз – техникумы
ұйымдастырылуына байланысты құрылып, 1932 жылы Ильич кентіне айналды. 1940
– 1957 жылы аудан орталығы болды. 1969 жылы кентте одақтықмаңызы бар
Мақтаарал тәжірибе стансасы құрылды. 1998 жылдан Атакент аталады.
Мақтаарал шаруашылығы негізінде 2 АҚ, 3 ӨК, бірнеше шаруа қожалықтары
құрылып, ЮТЕКС жаңа мақта тазарту зауыты, шитті мақта қалдығынан
медициналық мақсаттарға пайдаланатын мақта шығаратын фабрика іске қосылды.
Кентте жалпы білім беретін 4 мектеп, 1 кәсіптік –техникалық мектеп,
аурухана,Халықтар достығы сарайы, 2 мейманхана, спортзал, тағы басқа
мекемелер жұмыс істейді.Аудан арқылы Ташкент – Жизақ темір жол, Шымкент –
Жетісай автомобиль жолы өтеді.
Мырзакент – Мақтараал ауданындағы кент. Аудан орталығы – Жетісай
қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 30км жерде Достық (бұрынғы С.И.Киров
атындағы) каналының сол жағалауында. Тұрғыны 10,9 мың адам (2003). Іргесі
1910 жылы Мырзашөлді суландырумен айналысқан орыс жер қазушылардың қонысы
болып қаланған. Әр жылдары Гавриленко, Славянский, Славиянка ауданы деп
аталған. 1930 – 1997 жылы Мақтаарал ауданының орталығы болып келеді. 1958 –
1990 жылғы жібек құртын өсіру питомнигі құрылып, жібек шаруашылығы дамып,
піллә өндірілді. 1967 – 1993 жылдары Славянка кенті болып аталды. Кентте
ірі мақта өндіруші кәсіпорындар, Мырзакент АҚ, ауыл шаруашылық
энергетика, құрылыс мекемелері жұмыс істейді 3 орта мектеп, 3 бала –бақша,
мәдениет үйі, кітапхана, Сырдария университетінің бөлімшесі, емхана,
стадион бар.
Аудан тұрғындарына 1 орталық аудандық, 3 аудандық аумақтық аурухана,
өкпе аурулары және тері – венерологиялық диспансері, 31 жанұялық дәрігерлік
амбулатория, 74 ФАП, 13 фельдшерлік пунктер дәрігерлік қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар Қ.Жандарбеков атындағы драма театры, клубтар мен
кітапханалар, стадиондар мен спорт алаңдары аудан тұрғындарының рухани
дамуына, салауатты өмір сүруіне қызмет етіп келеді.
Өткен жылы 7013 нәресте өмірге келді. Орташа есеппен мың адамға 27
баладан тура келеді. 2005 жылы 2931 жаны бар 630 отбасы көшіп келді. Ал
1991 жылдан осы күнге дейін алыс және жақын шетелдерден 9517 отбасы оның
құрамында 32486 адам көшіп келді.Табиғи өсім 4,3 мың адамды құрайды.
2005 жылы облыс бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 404 миллиард 633 миллион
теңгеге, ал аудан бойынша 41 миллиард 99 миллион теңгеге дейін жеткен, бұл
алдыңғы жылмен салыстырғанда: облыста өсу қарқыны – 112,4 пайыз, ал ауданда
100,7 пайызды құрайды. Жан басына шаққанда өнім көлемі облыста 180,8 мың
теңгеге жетсе, ауданда 156 мың теңгені құрайды [18].

КАРТА 3

2.2 Ауданның демографиялық жағдайы

Мақтааралда халық халық өте тығыз орналасқан, шағын территорияда 264 мыңнан
астам адам тұрады, әр шаршы километрге 148-ден келеді. Қазақстан бойынша
бұл көрсеткіш 5,5 адамды құрайды. Ауданымызда бүгінде 60-тан астам ұлт
өкілдері бар.Соның ішінде қазақтар - 82,5%, тәжіктер - 6,8%, өзбектер -
3,8%, орыстар - 2,3% және де тағы басқа ұлт өкілдері тұрады [8].
Халықтың орташа орналасу тығыздығы 1 км2 шаққанда 141,3 адамнан (халқы
жағынан облыстағы ең тығыз қоныстанған аудан) келеді. Тұрғындардың 27,1 %-ы
қалада, 72,9 %-ы ауылда тұрады.Ірі елді мекендері: Жетісай қаласында (30,5
мың адам), Атакентте (14,0 мың адам), Асықатада (10,7 мың адам),
Мырзакентте (10,7 мың адам) тұрады.

Кесте 1 – Аудан халқы

Жылдар
2003 2004 2005
1 Халық саны 254,4 259,8 263,5
- қала халқы 33,6 34,2 35,1
- ауыл халқы 220,8 225,6 228,4
2 Халықтың ұлттық
құрамы:
- қазақтар 212,9 214,6 217,6
- тәжіктер 15,7 17,8 18,0
- өзбектер 10,1 9,9 9,7
- орыстар 5,9 5,7 5,5
3 Бір шаршы 143,8 146,9 149,3
киломтерге
шаққандағы
халықтың тығыздығы

2.3. Білім беру және мәдениет саласы

Ауданда 118 жалпы білім беретін мектеп, оқу өндірістік комбинаты,
әскери оқу орталығы, балалардың саз мектебі мен спорт мектептері, 14
бала бақша бар .Жалпы білім беретін мектептерді 74 мыңнан астам оқушы,
шәкірттерге 6600 ден астам ұстаздар тәлім тәрбие беруде.
Білім мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға коніл болінуде. 2002
жылы 10,5 миллион тенге қаржы бөлініп 16 мектеп күрделі жөндеуден
өтсе,
2003 жылы 15миллион теңге бөлініп 17 мектеп күрделі жөндеуден өтті,
2004 жылы 21 мектепті күрделі жөндеуге 15миллион теңге жұмсалды.
Соңғы 3 жылда бюджет есебінен 3 мектепке 192 орындық үш оқу
корпыстары салынды , 94 мектеп телефон желісіне, интернетке, 6 мектеп
спутниктік жүйеге қосылды. Мектептерге 2844 парта, 263 тақта,77 химия,
физика кабинеттері әперілді .Үлгілі ауылдық округінің, Жамбыл ауылында
кәсіпкер А.Қалыбекоав өз қаржысына бастауыш сыныптары үшін ғимарат салып
берді.
Аудан әкімдігі аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын
нығайту, ұстаздар қауымының оқушылардың білім сапасын көтеруге деген
жауапкершілігін арттыру бағытында тұрақты түрде жұмыстар алып барады. 2005
жылы білім мекемелерін қаржыландыруға 2 миллиард 601,3 миллион теңге
жұмсалды. Ал биылғы жылға 3 миллиард 125,8 миллион теңге қарастырылып отыр.
Білім мекемелеріне 2005 жылы 611, 2006 жылы 505 қосымша штат бөлінді.
Аудан әкімдігінде өткізілген кеңесте білім бөлімі мен бірқатар мектеп
басшыларының атына қатаң сындар айтылып, оларға оқушылардың білім сапасын
жақсартпаса жұмысы туралы мәселе көтерілетіні ескертілді.Қазір аудандағы
118 мектептегі 6,8 мыңдай ұстаздың басым бөлігі 72,5 мыңдай оқушыға сапалы
білім , саналы тәрбие беруге үлесін қосуда.
2005 жылы өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеу қортындысы 2004 жылмен
салыстырғанда сынаққа қатынасқан мектеп бітірушілердің білім сапасы біршама
жақсарғанын көрсетті.Тестілеуге қатынасқан 3673 мектеп бітірушінің 40
баллдан төмен алғаны 528, 40-70 балл алғандары 2403, 71-100 балл алғандары
693,101-120 балл алғандары 49,ал аудан бойынша орташа көрсеткіш-57,1балл
болды. Бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 10,3 балл жоғары. Өткен жылы Алтын
белгі иегерлері – 8 (2004 -1), үздік аттестат иегерлері-32(2004-7)
болды.548 мектеп бітіруші грантқа , 2286 мектеп бітіруші ақылы оқу
орындарына, 429 оқушы колледждерге 3 оқушы Болашақ бағдарламасымен шет
елдердің оқу орындарына оқуға түсті.
Елбасымыздың мектептерді телефондандыру және интернет жүйесіне қосу
жөніндегі тапсырмасын орындау бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Өткен жылы 14 мектеп телефон, 4 мектеп интернет желісіне қосылып, олардың
жалпы саны тиісінше 105 пайыз және 88 пайыз болды [9].

Кесте 2 - Аудан мектептерін байланыс, интернет, спутниктік жүйелерге
қосу, компьютерлендіру жағдайы

2005 жыл 2006 жыл
Телефон орнату 105 107
Жалғасы
Интернет жүйесіне қосу 88 100
Спутниктік қашықтықтан 6 68
оқыту
Комьютермен қамтамассыз 920 1030
ету

Кесте – 3 Аудан мектептерінің соңғы екі жылда өткізілген ұлттық біріңғай
тестілеу қортытындылары

2005 жыл 2006 жыл
ҰБТ бойынша Орташа ҰБТ бойынша Орташа
бітірушілердің деңгейлік бітірушілердің балыдеңгейлік
жиналған балы көрсеткіш көрсеткіш
57,1 39,50 59,13 50,49

Мәдениет саласы
Мырзашөл топырағындағы мәдениет жөнінде сөз болғанда Құрманбек
Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ музыкалы драма театры жөнінде айтпай
қалу мүмкін емес.Жетісай театры өз сахнасын Бейімбет Малинның Жалбырымен
ашқан сонау 1969 жылдың он сегізінші қаңтарын туған күнінен санайды.Бірақ
театрдың басталуы оның әріректе жатыр.
1964 жылы Киров ауданының көркемөнерпаздары Кремль сахнасында қазақтың
ұлы жазышы Ғабит Мүсіреповтың Қыз Жібегін қойып, республика ғана емес,
бүкіл Одақтың көрермен қауымын тәнті еткен болатын.Сол жылы біздің
өнерпаздарымызға Халық театры атағы берілді. Бұл көркемөнерпаз мүшелеріне
тұрақты жұмыс істеу үшін қаржы бөлінді, жағдай жасалды.
Халықтың мәдени-рухани мұрасын насихаттау, жастарға эстетикалық тәрбие
беру,өнерлі жастардың танылуына,қанат жаюына қолдау көрсету, олардың
арасында шығармашылықты дамыту мақсатында аудандағы 26 мәдениет үйлері мен
клубтарда, 35 кітапханада, мұражайда бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілуде.
Ауданда мәдениет саласының игі шараларын жүзеге асыру мақсатында 2006
жылы аудан бюджетінің жалпы мәдениет саласына 51,3 миллион теңге қаржы
бөлініп, ол толығымен игерілді. Бұрын соңды болмаған мәдениет ошақтарын
күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 4,5 миллион теңге
бөлініп игерілді.
Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен көпшілік
спортты дамыту бағытында бүгінгі таңда аудан көлемінде 271 спорт нысандары,
оның ішінде – 3стадион, 69 спорт зал, 124 спорт алаңдары,1 теннис корты, 57
бейімделген ғимаратар және 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс
істейді. Аудан өнерпаздары облыстық байқауларға, іс-шараларға қатынасып,
жүлделі орындарға ие болып жүр. Дегенмен, бұл салада атқарылар іс көп-ақ.
Бүгінгі таңда клуб, мәдениет үйі кітапханалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Мақтааралдың мақтанышы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Дара жеке шаруашылығы орналасқан облысының топырақ картасы
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Жер ресурстары туралы түсінік
Пәндер