«мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар»



Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... ... . 3

1 Тарау. Мұнай мен газды игеру процесіндегі құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы.
1.1. Жер қойнауын пайдалану аясындағы нормативтік актілердің тарихы мен жүйесі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.3. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектілері және субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... 20

2 Тарау. Мұнай және газ саласындағы контрактілер.
2.1. Мұнай және газ саласындағы контрактілердің жалпы сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... 29
2.2. Концессия туралы контракт . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... 34
2.3. Өнімді бөлу туралы контракт . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... 39
2.4. Сервистік қызмет көрсету туралы контракт . . . . . . . . . ... 44

3 Тарау. Мұнай және газ секторын құқықтық реттеуде шет елдердің тәжірибесі.
3.1. ТМД елдерінің мұнай және газ секторын құқықтық реттеудегі тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... ... ... 47
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... 57
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізді демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Мұндай саяси және экономикалық бетбұрыстардың нәтижесі жаңа нарықтық қатынастардың пайда болуына, әлемдік шаруашылық байланыстарға кіруге және халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік туғызды. Ашық типті экономика құруының құқықтық негізі жеке меншікті мойындау мен қорғауды, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциялық ережелері болып табылады.
Әлемдік шаруашылықтың қазіргі жағдайы соңғы онжылдықтарда әртүрлі мемлекет экономикаларының ғаламдастыру үрдістің кеңеюімен және тереңдеуімен айқындалып отыр. Шаруашылық өмірді ғаламдастыру бағыттарының бірі болып капитал экспорты табылады, атап айтқанда шетелдік инвестициялар. Тікелей шетел инвестициялардың ең көп бөлігі экономикамыздың мұнай және газ секторларына құйылып жатыр.
Қазақстанда мұнай өндірісінің бастамасы 1898 жылға жатады. Ембі ауданында жоғары сапалық мұнайдың 2 кен орны: Доссор (1898ж.) және Манат (1915 ж.) ашылып, өңделе бастаған болатын. 1914 жылы Ембіде мұнайдың максималды өндіруі 272 мың тоннаға дейін жетті. Ал, 1899 жылы қарашаның 13 жұлдызында бірінші мұнай фонтанын Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Жылыой ауданының Қарашоңғыл жеріндегі №7 скважина берді және ол 10 метр тереңдіктегі фонтанның 1 күндік дебиті 22-25 тоннаға жеткен.
Нормативтік-құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы және ерекше бөлім) .
3. 1992 жылы 20 мамырда қабылданған «Жер қойнауы және минералдық шикізатты қайта өңдеу туралы» Кодекс (күшін жойған).
4. 1996 жылы 27 қаңтарда ҚР Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бар Жарлығы.
5. 1995 жылдың 18 сәуірінде ҚР Президентінің «Мұнай операциялары туралы» Жарлығы (күшін жойған).
6. 1995 жылдың 28 маусымында ҚР Президентінің «Мұнай туралы» Заң күші бар Жарлығы.
7. 2001 жылдың 31 шілдесінде қабылданған ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу жөнінде Модельдік контрактіні бекіту туралы» № 1015 Қаулысы.
8. 2002 жылдың 29 маусымында қабылданған ҚР Үкіметінің «Мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігерлермен келісім-шарттарда Ұлттық компанияның міндетті үлестік қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделерді білдіру ережелері туралы» № 708 Қаулысы.
9. 2002 жылдың 20 ақпанында қабылданған ҚР Президентінің №811 «Ел экономикасының мұнай және газ секторларында мемлекеттің мүдделерін әрі қарай қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығы 10. 1995 жылдың 6 желтоқсанында Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасымен қабылданған «Өнімді бөлу туралы келісім туралы» Федералдық Заңы

Әдебиеттер:

11. Жүсіпов Е.Б. з.ғ.к. дисс. «Правовое регулирование недропользования в Республике Казахстан». Алматы, 2001 жыл
12. «Гражданский Кодекс Республики Казахстан» (Общая часть. Комментарий. В двух книгах. Кн. 1). Жауапты редакторлар: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998жыл.
13. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл». Алматы: Атамұра, 2003 жыл, 158 бет
14. Маттей У., Суханов Е.А. Основные положения права собственности. – М.: Юрист, 1999жыл.
15. «Право и иностранные инвестиций в РК» под ред. проф. Сулейменова М.К., Алматы: Жеті Жарғы, 1997ж.
16. Мауленов К.С. «Государственное управление и правовое регулирование в сфере иностранных инвестиций в РК» Алматы, 2000 ж.
17. Мауленов К.С. «Правовое регулирование нефтебизнеса в государствах СНГ» // Известия МОН РК, НАН РК. Серия общественных наук. 2002 ж. №3
18. Конопляник А.А. «Основные виды и условия соглашений, действующих в нефтяной промышленности капиталистических государств, между ТНК и принимающими странами». М., 1991жыл.
19. Ландау Б.А. «Концессионное право Союза ССР» М.: 1925ж. 5 бет.
20. Мухитдинов Н.Б., Тукев А.Ж., Мороз С.П. «Горное право РК», учебное пособие, Алматы, 1992ж.
21. Ларрасабль Р., Перес Л. «Нефть и будущее Венесуэлы». М.: Мысль, 1980ж.
22. «International Petroleum Transactions», Den ver, Colorado, 1993жыл
23. В.В. Гаврилов «Международное частное право». – М.: Издат. Норма. 2000ж.
24. М.М. Богуславский «Международное частное право». М.: Международные отношения, 1994ж.
25. Боганчиков С.М., Перчик А.И. «Соглашение о разделе продукции. Теория, практика, перспективы». Право и экономика. М.: Нефть и газ, 1999ж.
26. Надиров Н.К. «Нефтегазовый комплекс Казахстана»// Нефть и Газ, №3, 2000 жыл
27. Алимов С.Т. «Соглашение о разделе продукций в Казахстане»// Нефть и Газ, №2, 2001 жыл
28. Елюбаев Ж.С. «Особенности правового регулровния недропользования» (критический анализ законодательства о нефти, о недрах и недропользовании, иных нормативно-правовых актов РК). По материалам конференции для юристов нефтегазавой отрасли, Алматы, 2002 жылдың 27-28 қыркүйегі.
29. Василевская Д. «Концессионное законодательство и его место в в российской системе недропользования»// Нефть, Газ и Право №3 (39), 2001ж.
30. Теплов О.М. «Вопросы недропользования при формировании законодательства о концессиях в Российской Федерации »// Государство и право. 1994ж. №11
31. В. Лисица «Концессия как форма взаимоотношения государства с инвестором» // Нефть, Газ и Право №3(396) 2001ж.
32. Кирин А. «Инвестиционная политика и право» // Экономика и жизнь. 1995, №34.
33. Конопляник А.А., Субботин М.А. «Концессионное законодательство и инвестиционный климат в России» // Инвестиции в России. М.: 1995 №5 (12)
34. 32. Сосна С.А. «Комментарий к Федеральному Закону «О соглашениях о разделе продукции» М.: Юрист, 1997ж.
35. «Возможно будет создан Миннефтегаз»//Панорама №33, 30 августа 2002ж
36. «Казахстан страхует себя от напастей» //Нефтегазовая вертикаль, №07.02ж.
37. Нефтегазовый сектор Туркменистана //Нефть, Газ и Право, 1/2001 35 бет.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

Азаматтық құқық кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар

Орындаған: Халықаралық құқық факультетінің
4 – курс студенті Ерназаров И.Б.
Ғылыми жетекші: з.ғ.к., профессор Базарбаев Б.Б.

Келісемін: Азаматтық құқық кафедрасының
Меңгерушісі з.ғ.д., профессор Диденко А.Г.

АЛМАТЫ – 2003

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . ... ... ... ... ... . 3

1. Тарау. Мұнай мен газды игеру процесіндегі құқықтық реттеудің жалпы
сипаттамасы.
1. Жер қойнауын пайдалану аясындағы нормативтік актілердің тарихы мен
жүйесі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... ... ...
7
2. Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
3. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектілері және субъектілері . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  ... ... ...
20

2. Тарау. Мұнай және газ саласындағы контрактілер.
1. Мұнай және газ саласындағы контрактілердің жалпы сипаттамасы . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ...
29
2. Концессия туралы контракт . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
... ... 34
3. Өнімді бөлу туралы контракт . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
... ... 39
4. Сервистік қызмет көрсету туралы контракт . . . . . . . . . ...
44

3. Тарау. Мұнай және газ секторын құқықтық реттеуде шет елдердің
тәжірибесі.
1. ТМД елдерінің мұнай және газ секторын құқықтық реттеудегі
тәжірибесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
... ... ... ... ... ... 47
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . ... ... ... ... 57
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

К і р і с п е

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы елімізді демократиялы, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Мұндай саяси және экономикалық
бетбұрыстардың нәтижесі жаңа нарықтық қатынастардың пайда болуына, әлемдік
шаруашылық байланыстарға кіруге және халықаралық экономикалық
ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік туғызды. Ашық типті экономика құруының
құқықтық негізі жеке меншікті мойындау мен қорғауды, кәсіпкерлік қызметтің
еркіндігін бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциялық ережелері болып
табылады.
Әлемдік шаруашылықтың қазіргі жағдайы соңғы онжылдықтарда әртүрлі
мемлекет экономикаларының ғаламдастыру үрдістің кеңеюімен және тереңдеуімен
айқындалып отыр. Шаруашылық өмірді ғаламдастыру бағыттарының бірі болып
капитал экспорты табылады, атап айтқанда шетелдік инвестициялар. Тікелей
шетел инвестициялардың ең көп бөлігі экономикамыздың мұнай және газ
секторларына құйылып жатыр.
Қазақстанда мұнай өндірісінің бастамасы 1898 жылға жатады. Ембі
ауданында жоғары сапалық мұнайдың 2 кен орны: Доссор (1898ж.) және Манат
(1915 ж.) ашылып, өңделе бастаған болатын. 1914 жылы Ембіде мұнайдың
максималды өндіруі 272 мың тоннаға дейін жетті. Ал, 1899 жылы қарашаның 13
жұлдызында бірінші мұнай фонтанын Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Жылыой
ауданының Қарашоңғыл жеріндегі №7 скважина берді және ол 10 метр
тереңдіктегі фонтанның 1 күндік дебиті 22-25 тоннаға жеткен.
Бүгін Қазақстан Республикасы әлемдегі ең ірі, мұнайға бай елдердің
қатарына жатады. Мемлекетіміздің мұнай және газ аудандарының перспективті
аумағы 1 млн 700 мың км2-ге тең, яғни бүкіл жеріміздің 62% құрайды. Қазіргі
кезде 200-ден астам мұнай мен газ кен орындары ашылған.
Біздің ел дүние жүзінде барланған қордың көлемі жағынан мұнай бойынша
12-ші (Каспий шельфін есепке алмағанда), газ және конденсат бойынша 13-ші,
ал өндіру деңгейі бойынша 23-ші орында. Қазақстан мұнайдың 2,2 млрд тонна,
конденсаттың 690 млн тонна және газдың шамамен 2 трлн м3 алынатын қоры 208
мұнай және газ кен орындарымен ұсынылған және оның үлесіне барланып
дәлелденген әлемдік мұнай қорының 1,5% (шельфті есепке алмағанда) тиісті.
Мұнайдың болжамдық ресурстары шамамен 13 млрд тоннаны құрайды.[1]
1993-1997 жж. мемлекетімізге құйылған 6,7 млрд АҚШ доллары
көлеміндегі шетел инвестициялардың 43,9% мұнай және газ секторларында
қолданылған. Жаңадан ашылып жатқан мұнай және газ кен орындарының көбеюі,
осы салаға шетел инвестицияларының келуіне әсер етуде. 1999 жылы келіп
түскен 1,8 млрд АҚШ доллары көлеміндегі шетел инвестицияларының 84,7% осы
мұнай және газ кешеніне келіп түсіпті.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі шамамен 35-40% мөлшерінде мұнай
және газ саласы есебінен құрылады. Болашақта бұл көрсеткіш Каспий шельфінде
өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты елеулі түрде өседі.[2] Тұтастай
аланда, 2010 жылға қарай Каспийдің өндірісті әлуеті 150-200 миллион тонна
болады деп бағалануда.[3]
Осы мағынада бұл жұмыс тақырыбының өзектілігі, айтарлықтай дәрежеде
ел экономикасында алдыңғы қатардағы орынды алып тұрған мұнай және газ
секторының маңыздылығымен айқындалады. Осыған орай, мұнай және газ
секторының азаматтық-құқықтық реттелуін ғылыми тұрғыдан зерттеу аса маңызды
болып табылады және теоретиялық та, практикалық та тұрғыдан өте үлкен роль
атқарады.
Осы жұмыстың пәні болып мұнай және газ секторының жер қойнауының бір
түрі ретіндегі азаматтық-құқықтық реттелуі табылады.
Жұмыстың мақсаты мұнай және газ саласындағы ұлттық заңнаманың
кемшіліктерін табу, оларды жою жолдарын іздестіру, азаматтық-құқықтық
шарттардың мәнін ашу, басқа елдердің тәжірибелерімен және бұл саладағы
ғалымдардың еңбектерімен танысу болып табылады.
Осы саланың және жалпы еліміздің жас екенін ескере келе, бұл тақырып
жақыннан бастап зерттеле бастады. Осы саладағы зерттеушілер ретінде
М.К.Сулейменов, К.С.Мауленов, Е.Б.Жүсіпов (з.ғ.к. дисс. Правовое
регулирование недропользования А-2001), Ченцова О.И. сияқты ғалымдарды
атауға болады.

1 Тарау. Мұнай мен газды игеру процесіндегі құқықтық реттеудің жалпы
сипаттамасы

1.1. Жер қойнауын пайдалану аясындағы нормативтік

актілердің жүйесі және даму тарихы

Қазіргі кезде Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға байланысты белгілі
бір заңнама жүйесі қалыптасып үлгерді. Бұл жүйе Қазақстан Республикасының
1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан бастап қалыптаса бастады.
Жалпы азаматтық заңнаманың қалыптасуымен қатар, белсенді түрде жер қойнауын
пайдалану туралы заңнама жетіле бастады, соның ішінде мұнайға қатысты
арнайы заңнама.
Жер қойнауына қатысты ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 6
бабының 3 тармағында көрсетілген. Онда жер қойнауы мемлекеттің меншігі
екені туралы айтылып, жер қойнауын пайдалану кезінде негізгі қағидаға
айналды.[4]
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық задардың ішінде
алғашқылардың бірі болып 1992 жылы 20 мамырда қабылданған Жер қойнауы және
минералдық шикізатты қайта өңдеу туралы Кодекс[5] (әрі қарай – Жер
қойнауы туралы Кодекс) еді. Жер қойнауы туралы Кодекс Қазақстанның осы
экономика саласында өте үлкен роль ойнап, республикадағы жер қойнауын
пайдаланудың құқықтық негізін қалаған болатын.
1996 жылы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң күші бар Жарлығы[6] (әрі
қарай – Жер қойнауы туралы Жарлық) қабылданған еді. Осы жарлық
қабылданғаннан кейін Жер қойнауы туралы Кодекс күшін жойды.
Жер қойнауы туралы жаңа заңнаманың қажеттілігі, бұл аяға шетелдік
инвестициялардың үлкен қызығушылығымен туған болатын. Шетелдік инвесторлар
өздеріне қатысты қазақстандық заңнаманы бағалай келе, 1992 жылы қабылданған
Жер қойнауы туралы Кодекстің ішінде көптеген кемшіліктер мен қарама-
қайшылықтар бар екенін айқындады. Ең бастысы, жаңа жағдайларға Жер қойнауы
туралы Кодекстің идеологиясы жарамай қалды. Осы Кодекс әкімшілік
қатынастарға негізделіп, басқару органдарының қатал тәуелділігінде болатын
мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге арналған
болатын. Бұл әрине, совет өкіметінің заманындағы қолданылған идеологияның
сол жылдардағы әлсіреп келе жатқан соңғы әсерлері еді. Қазақстан рыногының
мұнай және газ секторына шетелдік инвесторлардың келуі қысқа мерзімде
олармен қарым-қатынастарды заңи түрде реттеу туралы сұрақтарды шешу
қажеттілігін туғызды.
Жер қойнауы туралы Жарлықтың пайда болуына дейін, мұнай туралы
арнайы заңнама өңделіп, жарияланған болатын.
1995 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Мұнай
операциялары туралы[7] Жарлығы, ал 1995 жылдың 28 маусымында Қазақстан
Республикасы Президентінің Мұнай туралы Заң күші бар Жарлығы[8] (әрі
қарай – Мұнай туралы Жарлық) қабылданып, сол жылдың 1 шілдесінде күшіне
енді. Мұнай туралы Жарлық Жер қойнауы туралы Жарлықтың концепциясы мен
мазмұнына ең байсалды деген әсерін тигізді. Соңғысы, Мұнай туралы
Жарлықтың концепциясына толық негізделіп, нәтижесінде жер қойнауының
барлық пайдалы қазбаларына қатысты операцияларға қолданылып жүр.
Сонымен қатар, жер қойнауы операцияларын жүргізуіне байланысты
ерекшеліктер пайдалы қазбалар мен техногенді минералды түзілімдердің жеке
түрлеріне қатысты осы пайдалы қазбалар мен техногенді минералдық түзілімдер
туралы жеке заң актілерімен айқындалады (Жер қойнауы туралы
Жарлықтың 4 бабының 1 тармағы).
Мұнай туралы Жарлық теңіз бен ішкі суларды қосып алғанда, Қазақстан
Республикасының юрисдикциясында орналасқан территориясында мұнай
операцияларын жүргізу кезінде пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.
Егер, Мұнай туралы Жарлықтың ережелері мұнай операцияларын реттеуге
байланысты басқа Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келсе,
Мұнай туралы Жарлықтың арнайы заң актісі ретінде ережелері қолданылады.
Осыдан, Мұнай туралы Жарлықтың күші Жер қойнауы туралы Жарлықтан басым
болады. Ал егер, мұнай операцияларына қатысты кейбір қатынастар Мұнай
туралы Жарлықпен реттелмей қалса, онда осы қатынастарға ортақ негізде Жер
қойнауы туралы Жарлықтың ережелері қолданылады.
Ж.С.Елюбаевтың айтуы бойынша бұрынғы кездегі сияқты Жер қойнауы және
жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жасап шығару керек. Бұл Кодекс мұнай
және газ саласындағы барлық заңдарды біріктіріп, осы саладағы
кодификацияланған нормативтік акт ретінде болуы тиіс - дейді.[9]       
Мен келесі себептермен айтылған оймен келіспеймін. Біріншіден. Еліміздің
мұнай және газ саласындағы заңнама әлі толық қалыптасып үлгерген жоқ, яғни
мұндай қадамға дайын емес.
Екіншіден. Кодексті жай заңмен салыстырғанда өзгерту немесе толықтыру
қиынға соғады, ал бұл дегеніміз уақыт, күш-жігер.
Қазақстан Республикасының құқықтық базасы бүгінгі күнге осы аса
маңызды Жарлықтармен қоса, мұнай операцияларына немесе жалпы жер қойнауына
қатысты сұрақтарға арналған басқа да заң актілерінен тұрады. Мысалы, 2001
жылдың 31 шілдесінде шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
Республикасында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу жөнінде
Модельдік контрактіні бекіту туралы № 1015 Қаулысы, 2002 жылдың 29
маусымында шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мұнай операцияларын
жүзеге асырушы мердігерлермен келісім-шарттарда Ұлттық компанияның міндетті
үлестік қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделерді білдіру ережелері туралы №
708 Қаулысы және т.б.

1.2. Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және мазмұны

Жер қойнауын пайдалану құқығы - заттық құқықтың бір түрі болып
табылады. Ол параллельді түрде басқа да меншік, шаруашылық жүргізу, жедел
басқару, жерді пайдалану және т.б. құқықтар сияқты өмір сүреді.
Осы сипатта жер қойнауын пайдалану құқығы ең алғаш рет Жер қойнауы
туралы) Жарлықта бекітілген еді. Бұл уақытқа дейін жоғарыда айтылып
кеткендей жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты қатынастар әкімшілік
құқық шеңберінде жүзеге асырылатын.
Жер қойнауын пайдалану құқығын азаматтық құқық институты болып
табылатын заттық құқыққа трансформациялау идеясының авторы М.К.Сулейменов
танылады. М.К.Сулейменов  Жер қойнауы туралы Жарлықтың жобасын жасау
жөнінде жұмыс тобының меңгерушісі бола тұрып, бұл институтқа теоретикалық
негіздеме беріп, оның негізгі ережелерін қалыптастырды.
Жер қойнауын пайдалану құқығының заттық құқықтың бір институты
ретінде және бөтеннің мүлкіне құқық ретінде пайда болуының себебі ретінде
жер қойнауы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тек мемлекет
меншігінде болатыны туралы ережені атауға болады.[10]
Кейбір дүние жүзі мемлекеттерінде жер қойнауы жеке меншікте болу
мүмкіндігі орын алып отыр. Бұл жағдайда жер қойнауына байланысты
операциялар жер қойнауына жеке меншік құқығы негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әртүрлі мемлекет заңнамаларында өздерінің тарихи,
ұлттық, діни және басқа да салт-дәстүрлеріне сәйкес жер қойнауына деген
меншік құқығына қатысты әртүрлі ережелер қалыптасқан. Ішіндегі ең
консервативті болып, жердің меншік иесі оның қойнауына да меншік құқығын
иеленеді, бұл құқық осы жерге меншік құқығы бар болғанша және ол басқаға
ауыспағанша сақталады деген ереже саналады. Мұндай келіс АҚШ-ты кейбір
штаттарында қазіргі кезде де қолданылып тұр. Осыған орай, жер қойнауына
қатысты мемлекеттің функциялары тек қана қоршаған ортаны сақтаумен
шектеледі. Айтып кететін тағы бір мәселе, осы мемлекетте жер қойнауына
қатысты операцияларды жүргізу, пайдалы қазбаларды жеткізу және қайта өңдеу
кезінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты дамыған әрі өте қатал заңнама
қалыптасқан. Сонымен қатар, бұл заңнама жоғары дәрежедегі
нақтыландырылғанымен ерекшеленеді. Мысалы, мұнай өндіруді ұйымдастыру
кезіндегі скважиналар арасындағы ара-қашықтықты реттейтін арнайы ережелер
бар.
Бұл жағдай Батыс Европаның бірқатар елдерінде кішкене өзгеше
шешілген. Француз Азаматтық Кодексінің 552 бабы, Италия Азаматтық
Кодексінің 940 және 945 баптары, Алмания Азаматтық Кодексінің 905
параграфы жердің меншік иесі оның қойнауының да меншік иесі болып
табылатындығы туралы айтады.
Осылайша, Француз Азаматтық Кодексі жер учаскесінің иесіне жермен
байланысты жұмыс жүргізуге, кез-келген жер асты құрылыс тұрғызуға және жер
қойнауында табылу мүмкін кез-келген материалдарды өндіруге құқық береді.
Сонымен қатар, 1956 жылы қабылданған Кен-тау Кодексі кендерді пайдалану тек
қана мемлекет тарапынан берілетін концессия негізінде жүзеге асыруға
рұқсат, яғни, ол жер қойнауына қатысты жер учаскесінің үстінде орналасқан
жерге меншік құқығынан ерекшеленетін, жаңа, жер қойнауына меншік құқығын
бекітіп отыр. Аталған норма егер, концессия сол кен табылған жер
учаскесінің меншік иесіне берілсе де бірдей таралады. Жер учаскесінің
қойнауында пайдалы қазбаларды іздестіруге байланысты жұмыстарды жүргізу
үшін осы жер учаскесі иесінің рұқсаты қажет. Бірақ, оның бұл құқығы учаске
қойнауында орналасқан пайдалы қазбалардың құнын бірен-саран бөлігін
құрайтын компенсация беру туралы, меншік иесінен мәжбүрлеп алынуы
мүмкін.[11]
Осыған ұқсас бұл жайт Алманияда да реттелген. Жер қойнауы туралы
Федералдық Заңға сәйкес пайдалы қазбаларға меншік құқығы, осы пайдалы
қазбаларды өндіруге қатысты концессия бар тұлғаға тиесілі. Концессия беру
туралы өтініш жасаған тұлға осы жер учаскесінің меншік иесі болу керек
немесе меншік иесімен жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шарт
жасасуы тиіс.
Италия занамасы жердің меншік иесі құқықтарына одан да қатал түрде
қарайды. Уго Маттей жазғандай Жер учаскесі иесіне оның пайдалы қазбалары
тиесілі еместігі аз болғандай, тіпті іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер
учаскесіне қатысты мемлекет тарапынан рұқсаттың керегі де жоқ. Жер
қойнауын пайдалану құқығынан мәжбүрлеп айырғаны үшін төленетін компенсация
сомасына табылған пайдалы қазбалардың құны қосылмайды.[12]
Осылайша, Батыс Европа мемлекеттерінің заңнамаларына келесі белгілер
тән. Біріншіден, жерге және жер қойнаына байланысты құқықтың бөлінуі және
олардың жеке меншікте болу мүмкіндігі. Екіншіден, жер қойнауынынауын
пайдалануды жүзеге асыру жер қойнауының меншік иесі болса да тек қана
өкілетті мемлекеттік органымен берілетін арнайы рұқсаты арқылы жүргізу
мүмкіндігі.
КСРО кезінде идеологиялық және экономикалық жағдайларды ескеретін
болсақ, жер қойнауының тек қана мемлекеттік меншікте болғанын көруге
болады.
Жер қойнауына қатысты меншік құқығы ерекше түрде қоғамдық салт-
дәстүрлер басым Ислам мемлекеттерінде түсіндіріледі. Мемлекет бұл жерде
қоғамдық игіліктің қорғаушысы рөлін атқарып, қоғам мүддесі үшін жер
қойнауын пайдалану құқығын белгілі бір жағдайларға және белгілі бір уақытқа
беріледі. Осындай принциптердің негізінде Таяу және Орта Шығыстың ең ірі
мұнай өндіруші мемлекеттерінің жер қойнауын пайдалану туралы заңдары
жасалған.[13]
Көптеген елдерде мемлекет заңи негіздеменің бір нысанын тауып,
заңнамалы түрде жер қойнауына және оның ресурстарына қатысты өзінің
егеменді құқығын бекітеді. Осыған орай, бірқатар жағдайларда пайдалы
қазбаларды барлау және өндіру үшін территорияны берген жер учаскесінің
меншік иесі осы пайдалы қазбаларды барлау және өндіру құқығын бергені
әдетте төленіп отыратын белгілі бір төлемдер нысанында болатын компенсация
алу құқығын өзінде сақтап қалып отыр, ал кейбір жағдайларда бұл төлемдер
толық немесе жекелеген түрде мемлекет қазынасына түсіп отырады.
Қазіргі кезде халықтар мен ұлттардың өз елінің табиғи байлықтарымен,
соның ішінде жер қойнауы және оның ресурстарымен иелену, пайдалану және
билік ету құқықтары әрбір мемлекет егемендігінің ажырамас элементі ретінде
қарастырылады. Бұл ереже тіпті жалпы танылған халықаралық нормаға айналуы
десек те болады.
Осылайша, жер қойнауы жеке меншікте де (әдетте жер учаскесіне жеке
меншік құқығы бар тұлғада), мемлекеттік меншікте де болу мүмкіндігін
көрдік. Осыған орай, Қазақстанда орын алып отырғандай жер қойнауыны
мемлекет меншігінде болуы осы объектіге меншік құқығы пайда болуының тек
қана табиғи сипатымен емес, мәдени және ең негізгісі, әлеуметтік пен
экономикалық тәртіп сияқты көптеген басқа да себептер кешенімен
түсіндіріледі.
Жер қойнауы - бұл жалпы ұлттың ортақ мұрасы. Пайдалы қазбалар
өндірістің көптеген салаларының шикізаты және тек қана халық шаруашылығының
емес, сонымен қатар бүкіл адамзат үшін энергоресурстарының қайнар көзі
болып табылады, яғни соңғы есепте экономикалық және қоғамның қалыпты өмір
сүруін қамтамасыз етудің негізі екенін көруімізге болады. Сондықтан, жер
қойнауының жеке меншікте болуы қоғамның мүдделерімен қарама-қайшылыққа түсу
мүмкін.
Мемлекет - жер қойнауының меншік иесі бола тұрып, жер қойнауын
пайдалануға байланысты операцияларды өзінен-өзі жүзеге асыруға қабілеті
жоқ, оны белгілі бір шаруашылық субъект жүзеге асыра алады. Әрине, ондай
шаруашылық субъект ретінде өзінің қызметін шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын қазыналық кәсіпорын
бола алады.
Әртүрлі елдерде жер қойнауының мемлекеттің меншігінде болған
жағдайдағы жер қойнауын пайдалануды ұйымдастыру мәселесі әрқалай шешіледі.
Кейбір жағдайларда, жер қойнауын пайдалану құқығын беру белгілі бір
мемлекеттік органның біржақты билік негізінде жүзеге асатын кезде,
әкімшілік-құқықтық құралдар басымырақ қолданылады. Ал кей-кезде құқықтық
құрылымға азаматтық құқықтық элементтер қосылады. Бұл жағдайларда әдетте,
шарттық қатынастар қолданылады да, осының нәтижесінде жер қойнауын
пайдалану міндеттемелік құқыққа негізделеді. Бұл саладағы зерттеуші Жүсіпов
мырза осы мәселеге қатысты былай дейді:
 Экономикалық мағынадан жер қойнауын пайдалану аясындағы
міндеттемелік құқық институтының болуы тиімсіз. Жер қойнауын пайдаланушы
өзін өндірістің иесі ретінде сезінбейді, оның қызметінде тез арада пайда
өндіру сияқты мүдделері басымырақ болып, жер қойнауына қатысты тонаушылық
көзқарас қалыптасады. Сонымен қатар, осы экономикалық қатынастарға оларға
қажетті тұрақтылық және уақыт ұзақтылығтысты тонаушылық көзқарас
қалыптасады. Сонымен қатар, осы экономикалық қатынастарға оларға қажетті
тұрақтылық және уақыт ұзақтылығы қамтамасыз етілмейді. Мұндай шарттың
тараптары ретінде оған арнайы өкілетті органмен құзыреттелген мемлекет
болып табылатын жер қойнауының меншік иесі және жер қойнауын пайдаланушының
өзі. Мемлекет субъект болып табылатын міндеттемелік қарым-қатынастың осы
қатынас субъектілерінің тең құқықтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан
қарағанда, әрқашанда күмәнді болып келеді. Басқаша айтқанда, міндеттемелік
құқыққа негізделген жер қойнауын пайдалану құқығы экономикалық тұрғыдан жер
қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге қажетті сияқты сенімді
әрі кепілді емес.[14]
Заттық құқық институты ретінде құрастырылған жер қойнауын пайдалану
құқығы, бір жағынан жер қойнауын пайдалануда әкімшілік-құқықтық ұйымдастыру
болған кездегі жағдаймен салыстырғанда жер қойнауын пайдаланушылық құқықтық
мәртебесін тұрақтандыруға, ал екінші жағынан мемлекеттің өз меншік
объектілерін пайдалану процестеріне әсерін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Мұндай объект ретінде бұл жерде жер қойнауы және оның ішіндегі пайдалы
қазбалар болып табылады. Осының нәтижесінде жер қойнауы жеке меншікте
болған жағдайда пайда болатын жағымсыз зардаптардан аулақ болуға
көмектеседі.
Осыған орай, бөтеннің мүлкіне заттық құқық институты моделімен
құрастырылған жер қойнауын пайдалану құқығы осы қазіргі кездегі меншік
қатынастары жағдайында, менің ойымша қарастырып жатқан өндіріс саласының
экономикалық қажеттіліктеріне сай келеді. Бұл, әрине, тиісті құқықтық
актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен осы институтты әрі
қарай дамыту және теоретикалық тұрғыдан ұғыну проблемасын шешпейді.
Жер қойнауы туралы Жарлық жер қойнауын пайдалану құқығын
контрактілік аймақ негізінде жер қойнауын иелену және пайдалану құқықтарын
жер қойнауын пайдаланушыға беру ретінде қарастырады. Сонымен қатар, осы
Жарлық жер қойнауын пайдаланушыны, жер қойнауын пайдалану бойынша
операцияларды жүргізуге құқығы бар тұлға ретінде көрсетеді. Мұндай
операциялар қатарына Жер қойнауы туралы Жарлық жер қойнауына
мемлекеттік геологиялық зерттеу, барлау және өндіру бойынша жұмыстарды және
сол сияқты тағы да басқа жұмыстарды көрсетеді.
Осылайша, Жер қойнауы туралы Жарлық бір мезгілде жер қойнауын
пайдалану құқығы мазмұнын ашудың 2 тәсілін қолданады:
1) Жер қойнауын пайдалану құқығы субъектісінің негізгі өкілеттіктерін
атау арқылы (бұл тәсіл заттық құқық түрлерінің мазмұнын ашып көрсетудің
нағыз цивилистикалық келісі болып табылады);
2) Жер қойнауын пайдаланудың мазмұнын белгілі бір өндірістік қызметтің
түрі ретінде, сол қызметтің Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың
түрлеріна атап көрсету арқылы. Мұндай келіс табиғи ресурстарға байланысты
қатынастарды реттеуде әкімшілік-құқықтық әдіс-тәсілдер қолданылған кезде
орын алады.
Мұндай дуализм жер қойнауын пайдалану құқығының жалпы құқық
институтынан жеке құқық институтына ақырындап трансформацияланудың және
құқықтық реттеу әдістемелігінің ауысуының нәтижесі болып табылады.

1.3. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектілері және субъектілері

Жер қойнауын пайдалану құқығының мәнін түсіну үшін бізге жер
қойнауының заттық құқық объектісі ретінде нені түсінуге болатынын айқындап
алуымыз керек. Өзінің құқықтық және табиғи ерекшеліктеріне байланысты жер
қойнауы заттық құқықтың объектісі бола тұрып арнайы құқықтық режимге
бағынады.
Жер қойнауы табиғи реусрстардың бір бөлігі болып табылады. 1997 жылы
15 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
туралы Заңына сәйкес табиғи ресурстар - бұл қоғамның материалдық, мәдени
және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және басқада
қызмет түрінде қолданылатын қоршаған ортаның құрамдас бөлігі.
Жер қойнауын пайдалану құқығының объектісі ретінде жер қойнауы мүлік,
ал жер қойнауын пайдалану құқығының өзі - құқық ретінде қарастырылады.
Жоғарырақта айтылып кеткендей жер қойнауы Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес тек қана мемлекеттің меншігі болып табылады. Жер
қойнауы туралы Жарлық меншік мәселесін шеше отырып мүліктің бірнеше түрін
атайды: жер қойнауы, минералды шикізат, пайдалы қазбалар және техногендік
минералдық түзілімдер. Енді оларды қысқаша жеке-жеке қарастырайық.
Сонымен, бірінші түрі жер қойнау болып табылады. Жер қойнауы туралы
Жарлықтың 5 бабының 1 тармағына сәйкес жер қойнауы мемлекеттік меншікте
екендігі туралы айтылған және бұл норма Қазақстан Республикасы
Конституциясының 6 бабының 3 тармағына және Конституциялық нормаға ұқсас
Азаматтық Кодекстің 193 бабына сәйкес келіп тұр.
Жер қойнауы мүліктің бір түрі ретінде жылжымайтын мүлікке жатады.
Азаматтық Кодекстің 117 бабы жылжымайтын мүліктер тізімін көрсете отырып,
жер қойнауын атамайды. Бірақ, жермен тығыз байланыстылық туралы жалпы
түсініктен шығатын болсақ, әрине, жер қойнауы жылжымайтын мүлікке жатады.
Егер, біз Ресей Федерациясы Азаматтық Кодексінің 130 бабына қарайтын
болсақ, жылжымайтын мүлік қатарына жер қойнауы учаскелерін тікелей көрсетіп
отырғанын көреміз.
Мүліктің екінші түрі болып минералдық шикізат табылады. Минералдық
шикізат - бұл пайдалы қазбалары бар жер үстіне көтерілген жер қойнауының
бір бөлігі. Жер қойнауынан ерекшелігі, оған қатысты меншік құқығы
мемлекеттік де, жеке меншікте де болуы мүмкін. Ол контрактіге байланысты
болады.
Мүліктің үшінші түрі ретінде Жер қойнауы туралы Жарлық пайдалы
қазбаларды атайды. Пайдалы қазбалар - бұл минералдық өндірісте пайдалануға
жарамды қатты, сұйық немесе газ түріндегі жер қойнауында болатын табиғи
минералдық зат. Оған қатысты меншік құқығы аналогиялық түрде минералдық
шикізат сияқты шешіледі.
Е.Б.Жүсіпов осы сұрақты қарастыра келе мынандай кемшілікті атап
көрсетеді: Жер қойнауы туралы Жарлықтың 5 бабының 1 тармағы ҚР
Конституциясына сәйкес жер қойнауы, соның ішінде пайдалы қазбалар
мемлекеттің меншігінде екендігін айтады. Ол қате. Пайдалы қазбалар бұл жер
қойнауы емес, ол тек қана жер қойнауының құрамында болады. Сондықтан, бұл
норманы мынандай редакцияда берген дұрыс:
  Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар - деп көрсеткен
жөн дейді зерттеуші.
Мүліктің төртінші түрі - техногендік минералдық түзілімдер болып табылады.
Оған да қатысты меншік құқығы контрактімен айқындалады.
Заттық құқық объектілеріне қатысты айтылғандарды қорытындылай келе, келесі
мән-жайларды белгілеп көрсетуге болады.
Біріншіден, жер қойнауы, минералдық шикізат, пайдалы қазбалар және
техногендік минералдық түзілімдер заңи мағынада әртүрлі мүліктің түрлері
болып табылады. Осыған орай, жер қойнауы әрқашанда мемлекеттік меншік
құқығының объектісі ретінде болады.
Екіншіден, минералдық шикізат, жер үстінде көтерілген пайдалы
қазбалар және техногендік минералдық түзілімдер мемлекеттік те, жеке де
меншік объектісі бола алады.
Үшіншіден, минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер
және жер үстіне шығарылған пайдалы қазбалар - жер қойнауын пайдалану
құқығының объектісі бола алмайды. Себебі, жер қойнауын пайдалану құқығы
заттық құқық түріне жатады, ал онда объект болып бөтеннің мүлкі саналады
(яғни, бөтеннің меншігіндегі мүлік). Сондықтан, Жер қойнауы туралы Жарлық
әдейі минералдық шикізатты қайта өңдеуді жер қойнауын пайдалану
операцияларына жатқызбайды (Жер қойнауы туралы Жарлықтың 20 бабы).
Жер қойнауының мүлікке жататындығы туралы мәселені шешіп алғаннан кейін,
оның мүліктің қай түріне жатады? - деген сұрақ пайда болады. Қазақстан
Республикасы Азаматтық Кодексінің 115 бабының, 2 тармағына сәйкес мүліктің
құндылықтар мен құқықтарға мыналар жатады: заттар, ақшалар, соның ішінде
шетел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық
интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижесі, тауарлық белгілер
және бұйымдарды дараландырудың басқа да құралдары, мүліктік құқықтар және
басқа да мүлік. Осы аталған тізімнің ішінен жер қойнауы зат немесе басқа
да мүлік түсінігіне кіруі мүмкін.
Осыған байланысты Б.В.Покровский былай деп жазады: зат деген сөздің
түсінігіне азаматтық заңнама материалдық құндылықтардың әлеуметтік қасиеті
бар, сыртқы дүниенің материалдық пәндерін, онымен қоса энергияның әртүрлі
түрлерін, сұйық және газ тәрізді заттар, жануарлар және өсімдік әлемін,
тіпті табиғи ортадан ерекшеленген бактерия мен вирустарды да
жатқызады.[15]
Осы түсініктемеге толық келісе отырып, жер қойнауының  зат
ұғымына кіретінін көруімізге болады.
Жер қойнауының заттық құқық объектісі ретінде айтылған ой-пікірлерді қорыта
келе, олардың мынандай ортақ қасиеттерін көрсетуге болады:
1. Жер қойнауы зат түріндегі мүлік (мүліктік құндылық) болып табылады;
1. Жер қойнауы тек мемлекет меншігінде болады, бірақ заттық құқықтың
объектісі ретінде жер қойнауын пайдалану құқығы түрінде басқа тұлғаға
беріле алады;
2. Мүліктің бір түрі ретінде, жылжымайтын мүлік санатына жатады.
Енді жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілерін қарастырайық.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болып, қазақстандық та,
шетелдік те, жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін (Жер қойнауы туралы
Жарлықтың 11 бабы). Сонымен қатар, Жер қойнауы туралы Жарлық жер қойнауын
пайдаланушыны жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге құқығы
бар жеке немесе заңды тұлға ретінде айқындайды. Жер қойнауы туралы Жарлық
өзінің бастапқы редакциясында жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері
ретінде шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдарды атаған болатын. Бірақ,
соңырақ бұл норма алынып талталған болатын және менің ойымша бұл дұрыс.
Мұндай әрекет қана саяси тұрғыдан емес, заңи нақтылықты сақтау тұрғысынан
да дұрыс.
Қазақстандық заңды тұлғалаға Қазақстан Республикасы
территориясында және заңнамасына сәйкес құрылған зады тұлғалар (соның
ішінде шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар) жатады.
Шетел заңды тұлғасы дегеніміз Қазақстан Республикасынан тыс жерде
және шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания,
фирма, кәсіпорын, ұйым, ассоциация және с.с.).
Шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауын пайдалану
құқығы субъектілері арасынан бөліп көрсетудің үлкен тәжірибелік маңызы бар.
Себебі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланудың
жалпы режимінен ауытқулар болу мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен
Америка Құрама Штаттары арасындағы жасалған және Вашингтонда 1992 жылы қол
қойылған (ҚР Жоғарғы Кеңесі 1992 жылы 18 желтоқсанда ратификациялаған)
Капиталдық салымдарды ынталандыру және өзара қорғау туралы шартында былай
деп айтылған: Қазақстан Республикасы төменде келтірілген салалар мен
сұрақтарда өзінде ең қолайлы режимінен шектеулі сипаттағы шараларды бекіту
немесе сақтап қалу құқығын қалдырады: жермен, оның қойнауымен, - басқа да
табиғи ресурстарымен иелену (Қазақстан Республикасы және Америка Құрама
Штаттары арасындағы жасалған Шартқа Қосымша, 3 тармақ).
Жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты ұлттық заңнамамыз шетел
инвесторлары үшін қандай да бір шектеулік сипаттағы шаралар көздемеген.
Тіпті, осы мәселеге қатысты жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
заңнаманың бір қағидасы ретінде жер қойнауын пайдалану операцияларын
жүргізу үшін инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасау туралы норма
көзделген (Жер қойнауы туралы Жарлықтың 3 бабының 7 тармағы).
Бірақ, шетелдік инвесторлар үшін жерді пайдалануға қатысты
мәселелерде шектеулер қойылған. 24 қаңтар 2001 жылы қабылданған Қазақстан
Республикасының Жер туралы заңына сәйкес шетелдік жер пайдаланушылар
тұрақты жер пайдалану құқығын иелене алмайды. Олар жерді тек қана 49 жылға
дейін жалға немесе құрылыс орналасқан жер учаскесіне меншік құқығын алуға
мүмкіндіктері бар. Бұл норманың шетел инвесторы үшін жер қойнауын пайдалану
құқығын тұрақты түрде алуға шектеу ретінде қарастыруға болады.
Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар ешбір кедергісіз жер қойнауын
пайдалану бойынша операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болған және
меншігінде орналасқан минералдық шикізатты, пайдалы қазбаларды сыртқа
шығаруға (экспорттауға), сонымен қатар Қазақстан республикасы
территориясында жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыру нәтижесінде түскен
пайдаға өз бетінше билік етуге, тіпті шетел валютасына аударып, сыртқа
шығаруға құқығы бар.
Жер қойнауын пайдаланушылар екі түрге бөлінеді: тұрақты және
уақытша. Тұрақты жер қойнауын пайдаланушылар - бұл жер қойнауын пайдалану
құқығының мерзімі көрсетілмеген сипаттағы тұлғалар. Ал уақытша жер қойнауын
пайдаланушылар - бұл жер қойнауын пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен
шектелген тұлғалар.
Жер қойнауын пайдалану - кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып
табылады. Бұдан ауытқу ретінде көп таралған пайдалы қазбаларды жеке
мұқтаждығы үшін өндіруді айтуға болады. Ал кәсіпкерлік қызмет шеңберінде
жер қоағы заңды тұлға бола алады.
Жер қойнауын пайдаланушы жеке тұлға болған жағдайда, әрекетке
қабілетті азамат болуы қажет. Бұл жеке тұлға Қазақстан Республикасының
азаматы, шетел мемлекетінің азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға болуы
мүмкін.

2.Тарау. Мұнай және газ саласындағы контрактілер.
2.1.Мұнай және газ саласындағы контрактілердің
жалпы сипаттамасы
Контракт – жер қойнауын пайдалануда ең маңызды роль атқарады десек те
болады. Біріншіден, контракт жер қойнауын пайдалану құқығының пайда
болуының негізінде жатқан заңи фактісі болып табылады. Екіншіден, контракт
тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындай отырып, жоғары дәрежеде жер
қойнауын пайдалану құқығының мазмұнын айқындайды.
Әледік тәжірибеде халықаралық мұнай компаниялары әртүрлі
мемлекеттерде өздерінің қызметтерін лицензия немесе контракт негізінде
жүзеге асырады. Дүние жүзінің мұнай өндіру өнеркәсібінде 3 негізгі контракт
түрі қалыптасқан. Олар: 1. Концессия туралы контракт; 2. Өнімді бөлу туралы
контракт; 3. Сервистік қызмет көрсету туралы контракт. Олардың қолдану
географиясын №1 кестеден көруге болады.

1-Кесте. Дүние жүзінің мұнай өндіру өнеркәсібіндегі контракт түрлерін
қолдану географиясы[16]

КОНЦЕССИЯ ПРОДАКШН ШЕРИНГ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
КОНТРАКТІСІ ТУРАЛЫ КОНТРАКТ
Канада, Барбадос, АҚШ, Чили, Куба, Гватемала, Эквадор, Мексика, Куба,
Заир, Колумбия, Алжир, Суринам, Боливия, Кот Аргентина, Бразилия,
Тринидад және Тобаго, д'Ивуар, Гана, Ангола, Нигерия, Бенин, Сауд
Конго, Ангола, Камерун, Тринидад және Тобаго, Арабиясы, Ирак, Иран,
Нигерия, Габон, Ливия, Заир, Алжир, Египет, Бруней, Тунис және т.б.
Кения, Дубай, Въетнам, Габон, Кувейт, Бахрейн,
Турция, Жаңа Зеландия, Тунис, Малайзия, Китай,
Гвинея, Пәкістан, Индия, Индонезия,
Австралия. Бангладеш, Оман, Катар,
Сирия, Йемен, Въетнам,
Бирма, Тайланд,
Филиппины, Ресей,
Қазақстан және т.б.

Қазақстан Республикасында 1999 жылы 11 тамызда енгізілген өзгерістерге
сәйкес құзыретті органмен контракт жасамастан бұрын жер қойнауын
пайдаланушы лицензия алуы тиіс деген норма алынып тасталды.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда лицензиялық-контрактілік жүйе өмір
сүрген еді, яғни жер қойнауын пайдаланушы екі кезеңнен тұратын процедураны
өтуге тиіс еді. Олар: лицензия алу және келісім-шарт (контракт) жасау.
Мұндай жүйе жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан сынға алынып, тәжірибеде
өзінің негативті жақтарымен көзге түсті. Енгізілген өзгерістерге сәйкес жер
қойнауын пайдалану құқығын алғысы келген тұлғалар қос процедурадан өтпей-
ақ, контракт жасасуы жеткілікті болып табылады.
Мұнай туралы Жарлықтың 1 бабына сәйкес, контракт – бұл мердігермен
құзыретті органның арасында мұнай операцияларын жүргізу үшін жасасқан
келісім-шарт, - деп анықтама берілген.
1999 жылғы өзгерістерге дейін Мұнай туралы Жарлықтың 25 бабының 1
тармағы мұнай операцияларын жүргізу үшін келесі контракт түрлері көзделген
болатын:
1. Өнімді бөлу туралы контракт;
2. Сервистік қызмет көрсету туралы контракт;
3. Бірлескен қызмет (заңды тұлға құру және құрмау арқылы) туралы
контракт.
1999 жылы 11 тамызда енгізілген өзгерістер нәтижесінде Мұнай туралы
Жарлықтың 25 бабының 1 тармағы контрактілердің келесі түрлерін атайды:
1. Барлау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған Контракт;
2. Барлау және Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған
Контракт;
3. Өнімді бөлу туралы Контракт;
4. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы Контракт;
5. Жерасты қоймаларын және Мұнай резервуарларын Салуға және
пайдалануға арналған Контракт.
Осы Жарлықтың 27 бабының 4 тармағына сәйкес контрактілерді жасасу
тәртібі ҚР Үкіметімен анықталады. ҚР-да жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізуге арналған модельдік келісім-шартты бекіту туралы ҚР
Үкіметінің 2001 жылы 31 шілдедегі № 1015 Қаулысының 2 тармағына сәйкес ҚР
Үкіметінің жер қойнауын пайдаланумен келісім-шарттар жасасу және орындау
жөніндегі құзыретті органы келісім шарттарды дайындау және жасасу кезінде
Модельдік келісім-шарттыі ережелерін басшылыққа алуы тиіс. Бұл Модельдік
контракт жалпы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға арналған.
Сондықтан, бұл жекелеген жер қойнауы операцияларының ерекшеліктерін, соның
ішінде мұнай мен газға қатысты операциялардың ерекшеліктерін қамти алмайды.
Аталған Модельдік келісім-шарттың мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
Кіріспе; 1. Анықтамалар; 2. Келісім шарттың мақсаты; 3. Келісім шарттың
қолдану мерзімі; 4. Келісім шарттық аумақ; 5. Мүлік пен ақпаратқа арналған
жеке меншік құқығы; 6. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және
иеліктен шығару; 7. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері; 8. Жұмыс
бағдарламасы; 9. Барлау кезеңі; 10. Коммерциялық табу; 11. Өндіру кезеңі;
12. Есепке алу және есеп беру; 13. Өлшеу; 14. Қосалқы мердігерлік
жұмыстарды орындау; 15. Қаржыландыру; 16. Салық салу; 17. Бухгалтерлік
есеп; 18. Сақтандыру; 19. Тарату және тарату қоры; 20. Жер қойнауын және
табиғи қоршаған ортаны қорғау; 21. Тұрғындар мен қызметкерлердің
қауіпсіздігі; 22. Мердігерлердің келісім-шарттың шарттарын бұзғаны үшін
жауапкершілігі; 23. Кездейсоқ оқиға; 24.Құпиялылық; 25. Құқықтар мен
міндеттерді тапсыру; 26. Қолданылатын құқық; 27. Дауларды шешу тәртібі; 28.
Келісім-шарт тұрақтылығының кепілдіктері; 29. Келісім шарттың қолданылуын
тоқтату; 30. Келісім-шарт тілі; 31. Қосымша ережелер.
Бұл құжатқа заңи көзқарастан қарайтын болсақ, міндеттілік жүктеген
дұрыс болмайды. Е.Б.Жүсіповтың айтуынша, мұндай құжатқа міндетті заңи
күштің берілуі, оның құқықтық табиғатына қайшы келеді.[17] Модельдік
контрактінің нұсқаулық сипаты жайлы К.С.Мауленов те айтып кетеді.[18]
Бұл ғалымдардың пікірлерімен келісе отырып, қарастырып отырған
контрактінің азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа жататындығын ұмытпағанымыз
жөн. Ал, азаматтық-құқықтық қатынастарда теңдік принципі қолданылады.
Бірақ, менің ойымша Модельдік келісім-шарттың 20 бөлімі (Жер қойнауын
және табиғи қоршаған ортаны қорғау) талқылануға және өзгерістерге ұшыратуға
жатпауы тиіс. Бұл бөлім Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
туралы Заңына сәйкес жаслып, қатал түрде бақылауда болуы керек.
Конопляник А.А. әлемдік мұнай өндіру өндірісіндегі шетелдік мұнай
компаниялары мен қабылдайтын мемлекеттер арасындағы келісімдерді екі
негізгі санатқа бөледі: концессиялар және контрактілер (мердігерлік
шарттар). Екеуінің арасындағы ең басты айырмашылық, бұл концессия кезінде
қабылдайтын мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығын концессонерге береді,
ал екінші санаты бойынша бұл құқықты өзінде қалдырады.[19]
Осыған байланысты Д. Василевская былай дейді: Келісімдердің ең
негізгі айырмашылығы минералдық ресурстарға қатысты меншік құқығына деген
көзқарас. Айтып кететін бір жәйт, романо-германдық және англо-саксондық
құқық жүйелеріндегі мемлекеттерде жер қойнауына және ондағы пайдалы
қазбаларға қатысты меншік құқық сұрағы әртүрлі шешілген. Осыған байланысты,
әлемдік шарттық қатынастар шеңберінде екі жүйе қалыптасты: кнцессиялық және
контрактілік. Контрактілік жүйеге өнімді бөлу туралы контракт пен сервистік
қызмет көрсету туралы контракт кіреді, ал концессиялық жүйеге – концессия
кіреді. Контрактілердің концессиядан айырмашіліғы, концесси кезінде
мердігер меншігіне не жер учаскесін, не жер қойнауы учаскесін алмайды.[20]
Концессиялық жүйенің өмірге келуі англосаксондық құқықтық әдет-
ғұрыпымен байланысты болса, контрактілік жүйе романо-германдық құқықтық
отбасынан бастау алады. Қазіргі Қазақстан мен Ресейді осы аталған романо-
германдық жүйеге жатқызуға болады.
Сонымен, әлемде қалыптасқан контрактілердің кейбір түрлеріне қысқаша
тоқталайық.
2.2. Концессия туралы контракт
ҚР-да концессия туралы контрактінің шарттары ең алғаш рет 1991 жылы
23 желтоқсанда ҚР-ның Жоғарғы Кеңесімен қабылданған Қазақстан
Республикасында концессиялар туралыЗаңымен айқындалған болатын. Бірақ, 8
сәуір 1993 жылы бұл заң нормаларының декларативтілігіне байланысты күшін
жойған болатын.
Заң ғылымында концессияның құқықтық табиғатына қатысты екі келіс
қалыптасқан. Осыларға сәйкес концессия - бұл:
1.Заңи құқықтарды беретін (мысалы, тек қана мемлекет меншігінде
болатын жер қойнаулары мен өзге де объектілерді пайдалануға қатысты)
мемлекеттік органның құқықты қолдану актісі (әкімшілік немесе өзге де
басқару актісі). Осылайша Қырғызстан Республикасының Қырғызстан
Республикасындағы концессиялар және шетелдік концессиялық кәсіпорындар
туралы Заңының 1 бабына сәйкес, концессия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық негіз
Жер қойнауы жерлерін құқықтық қорғау
Мұнай газ саласындағы салық салу: түсінігі мен түрлері және ерекшеліктері
Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Ғимараттар мен құрылыстар техникасы
Сыртқы саудада тауарларды сату-сатып алу
Дүниежүзілік қоғамдастық
«ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ»
Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен қарым - қатынастары
Пәндер