Қыпшақ хандығы жайлы



. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

І. Қыпшақ хандығының әкімшілік . құқықтық жүйесі және шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II. Қыпшақтардың мәдениеті мен өнері
2.1. Қыпшақтардың материалдық мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.2. Қыпшақтардың тілі, жазу өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.3. Қыпшақтардың рухани мәдениеті: діні, салт.дәстүрі ... ... ... ... ..8

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Қазіргі кезде тарихшы-ғалымдардың алдында тереңдей зерттеуді қажет ететін күрделі де қызғылықты мәселелердің ішіндегі уң маңыздысы – бір кезде жер бетінен «жойылып кеткен» халықтар тарихы. Бұл халықтар хақында – хазарлар,печенегтер, скифтер, қыпшақтар – біздің бәріміз де «Игорь жорығы туралы жыр» мен Пушкин, Блок шығармалары арқылы мектеп қабырғасынан-ақ жақсы хабардармыз. Киев князьдерінің көшпелілермен қиян-кескі щайқастары орыс шежірелерінде кең қамтыла көрсетлген.
Олардың тұрмыс тіршілігі, көші-қоны, бет-бейнесі, бүкіл тарихы әлі күне дейін зерделі түрде зерттелінбей келеді. Әлбетте, жер қойнауына жете үңіле білетін археология мамандары өздері қазба жұмыстарын жүргізген ескілікті елді мекендердң, қоныстарынан, оба-қорғандар мен кесенелерден табылған көптеген «ұсақ-түйек» жебе, сауыт, қалқандар тағы басқа заттардың мол қоры арқылы олардың өмір-тарихын қайтадан қалпына келтіруге тырысады. Алайда, өздерінің құдіретті күшімен, тіпті, европалық мемлекеттердің зәре-құтын алған «көшпенділер империясы» атанғанған көптеген ұлыстардың одақтары тарихи шежірелер мен географиалық жазбаларда болмаса артына қанды жорық іздерінен басқа ешқандай археологиялық белгілер қалдырмаған.
Сондықтанда археологтар бұл халықтар жайында сақталған әрбір ұсақ –түйек мәліметтерді көркем ойдан шығарылған аңыз-әңгіімелермен салы салыстыра отырып, шыдық елегінен өткізеді.
Осындай халықтардың бірі – қыпшақтар.
1. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1989, 251-273 беттер.
2. Плетнева С.А. Қыпшақтар ерте заманнан – XIX ғ. Кезеңінде
Жалын – 1998ж. № 7-8 24-37 бет.
3. А. Тұңғыш «Түркілер тарихынан»
Заман – Қазақстан – 1995ж. №13 - 8-бет
4. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін. А., 2004, 118 б.
5. М.Қани. Қазақтың көне тарихы. А., 1993, 187 б.
Мусин. Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003, 39-56 беттер

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

І. Қыпшақ хандығының әкімшілік – құқықтық жүйесі және
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .

II. Қыпшақтардың мәдениеті мен өнері
2.1. Қыпшақтардың материалдық мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.2. Қыпшақтардың тілі, жазу өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.3. Қыпшақтардың рухани мәдениеті: діні, салт-дәстүрі ... ... ... ... ..8

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

І. Кіріспе

Қазіргі кезде тарихшы-ғалымдардың алдында тереңдей зерттеуді қажет
ететін күрделі де қызғылықты мәселелердің ішіндегі уң маңыздысы – бір кезде
жер бетінен жойылып кеткен халықтар тарихы. Бұл халықтар хақында –
хазарлар,печенегтер, скифтер, қыпшақтар – біздің бәріміз де Игорь жорығы
туралы жыр мен Пушкин, Блок шығармалары арқылы мектеп қабырғасынан-ақ
жақсы хабардармыз. Киев князьдерінің көшпелілермен қиян-кескі щайқастары
орыс шежірелерінде кең қамтыла көрсетлген.
Олардың тұрмыс тіршілігі, көші-қоны, бет-бейнесі, бүкіл тарихы әлі
күне дейін зерделі түрде зерттелінбей келеді. Әлбетте, жер қойнауына жете
үңіле білетін археология мамандары өздері қазба жұмыстарын жүргізген
ескілікті елді мекендердң, қоныстарынан, оба-қорғандар мен кесенелерден
табылған көптеген ұсақ-түйек жебе, сауыт, қалқандар тағы басқа заттардың
мол қоры арқылы олардың өмір-тарихын қайтадан қалпына келтіруге тырысады.
Алайда, өздерінің құдіретті күшімен, тіпті, европалық мемлекеттердің зәре-
құтын алған көшпенділер империясы атанғанған көптеген ұлыстардың одақтары
тарихи шежірелер мен географиалық жазбаларда болмаса артына қанды жорық
іздерінен басқа ешқандай археологиялық белгілер қалдырмаған.
Сондықтанда археологтар бұл халықтар жайында сақталған әрбір ұсақ
–түйек мәліметтерді көркем ойдан шығарылған аңыз-әңгіімелермен салы
салыстыра отырып, шыдық елегінен өткізеді.
Осындай халықтардың бірі – қыпшақтар.

І. Қыпшақ хандығының әкімшілік – құқықтық жүйесі және шаруашылығы

Қыпшақ атауы VIII ғасырдан бастап ұшырасады. Қыпшақтар Ертістің бойын
өрлей, оған жапсарлас (іргелес) жатқан Шығыс Қазақстан далаларын және Алтай
тауы баурайын мекендеген.
X ғасырдағы парсы тіліндегі деректерге қарағанда қыпшақтардың бір бөлігі
Орталық Қазақстан жерін, екінші бір бөлігі оғыздармен көршілес жерді
мекендеген. Қыпшақтардың көші-қон жерлерінің шеті Батыс Сібірге дейін
жеткен.
VIII – X ғасырларда қыпшақтар саяси жағынан қимақтарға тәуелді
болып, қимақ мемлекеттік бірлестігінің құрамына енді. Қимақтардың
әлсіреуіне орай қыпшақтар күшейіп XI ғасырдың басында әскери-саяси үстемдік
солардың қолына көшті. Қыпшақтар Сырдарияның бойындағы оғыз жерлерін, Арал
мен Каспий маңы далаларын басып алып, Хорезмшахтың шекарасына таяп келді.
Олар Тараз қаласының маңынан Қанжақ, Сәңгір бекіністерін салды. XII
ғасырдың аяғында Ертістен бастап Еділге дейінгі ұлан-байтақ Қазақстан
далаларын қыпшақ бірлестігінің тайпалары алып жатты. Қыпшақтардың жекелеген
тайпалары Маңғыстауға көшіп қонды. Оңтүстіктегі қыпшақтар одан әрі жылжи
алмады, өйткені ол жерде күшті Хорезм мемлекетімен шектеседі. Батыста
қыпшақтар орыс далаларына жетіп, онда половецтер (далалықтар) деп атала
басталды. Қыпшақтар қоныстанған бұл дала половецтер даласы деп, ал шығыс
қыпшақтардың жері Дешті Қыпшақ деп аталды.
Қыпшақ хандығының экономикалық, әлеуметтік саяси дамуын Орталық және
Кіндік Азиядағы түріктердің жалпы тарихынан бөліп тастауға келмейді.
Қыпшақтар XI–XII ғасырларда сол кезеңдегі ең қуатты бірлестіктің негізін
салып, онымен араб, парсы, славян және романдық – германдық әлемді санасуға
мәжбүр етті.
Қыпшақ қоғамы біртекті болмады. Көшпелі шығыс аудандарда рулық қауым
ыдырау кезеңінде болса, қыпшақ қоғамы әлі де патриархтық болып қала берді.
Феодалдық құрылыс жаңадан туып келе жатты. Батыс аудандарда қоғамдық-
экономикалық дамудың дәрежесі жоғары еді. Осы кезде қыпшақтарда мемлекетті
хақан биледі. Хақанның қолында нақты өкімет билігі болды. Хақан тайпа
ақсүйектерінің өкілдерінен тағайындалды. Хақандыққа тек патша әулетінен
шыққандар ғана мұрагер болды. Тайпа ақсүйетерінің билігі де мұрагерлк
бойынша өтетін еді.
Хақанның қарамағында елді басқаратын және салық жинайтын он бір
басшысы болды. Олардың басқаруындағы жер мұрагерлік бойынша балаларына
мирасқа қалып отырды. Хақан жерінде әскери көсемдер де билікке ие еді.
Бұлар өз қызметі үшін хақаннан үлес алып, иеліктерінде әскер жасақтап
отырды. Ірі-ірі тайпа билеушілері өз жағдайын нығайтуға ұмтылды. Кейбірі
ішінара дербестікке қол жеткізіп, өз ордаларын айныла берік, биік
дуалдармен қоршап алды. Биік төбелі жерлерге бекіністі сарай қамалдар
салды. Бекіністің ішінде көп әскер ұстады, байлығы мен азық-түліктерін
сақтады. Қыпшақтарда он бір басқарушының болуы, нақ сонша он бір аймақтың
болғанын көрсетеді. Хақан ордасы өз төңірегіндегі жермен қоса он екінші
үлкен аймақ болды.
Көшпелі тұрмыс жағдайында тарих сахнасындағы бір тайпалық одақтың
екіншісімен ауысуы еш уақытта алғашқысының құрып кетуін білдірмейді, қайта
олар жаңа пайда болған этникалық және саяси құрлымдарда сақталынып қалады.
Қыпшақтар кезеңінде далалық материалдық және рухани мәдениеттің жаңа
бір сатысына көтерілді, оған шаруашылығының дамуындағы өзгерістермен қатар
әкімшілік құрылымындағы ерекшеліктер куә бола алады. Дәл қыпшақтар
дәуірінде қолөнері мен сауда шоғырланған қалалар гүлдене бастады.
Қыпшақ хандығы кезінде түрік және басқа да тайпалар этникалық және
ақыл-ой, зердесін топтастыруы жағынан үлкен жетістіктерге жетіп, көшпелілер
де отырықшылар да қыпшақ тілінде сөйлеп қыпшақ әдебиеті пайда болды.
Академик М. Қозыбаевтың пікірі бойынша қыпшақ халқы XI–XII ғасырларда
қалыптасты, себебі бұл кезде олар үшін барлық жағдай жасалған еді: ортақ
территория, жалпы тіл, бір-біріне ұқсас көшпелі және жартылай көшпелі
тұрмыс, біртұтас рухани-мәдени көзқарас, әскери демократияға негізделген
әскери-әкімшілік құрылым.
Қыпшақ хандығында басқа да көшпелі қоғамдардағы секілді әскери-үштік
оң, сол қанат және орталық болды. Әскер мен халықты үштікке бөлу ең алғаш
рет ғұндар (хунн) кездесіп, өзінің жалғасын түрік орта ғасырлық монғол,
монғолдарға дейінгі, монғолдардан кейінгі мемлекеттерде XV–XVII ғасырларда
Қазақстан мен Кіндік Азияда тапты.
Көшпелілерде екілік жүйенің де болғанын атап өткеніміз жөн. Мәселен,
X–XII ғасырлардағы оғыздарда екі қанат-бұзықтар (оң) және ұшықтар (сол)
кездесетін. Әскери-әкімшілік жағынан қыпшақ хандығы ежелгі түрік
дәстүрлерін ұстана отырып екі қанатқа бөлінді: оң қанат ордасын Орал өзені
(Еділ өзені) бойындағы Сарайшық қаласының тұрған жеріне, сол қанат ордасын
Сырдария бойына орналастырды. Көшпелілердегі үштік әскери ұйымының пайда
болуы бірінші кезекте мемлекетік-саяси тұрақтылықтың әскери күшке
сүйенетінінде болса керек, себебі олардың террториясы тым үлкен
болғандықтан осылайша басқару тиімді еді. Көшпелілер әскер, өндіріс
жұмыстарына да тартылып тұратын. Қыпшақтардағы территория көшпелілер мен
отырықшылар жері болып шартты түрде екіге бөлінді. Салықтың негізгі
түрлері: көшпелі аудандарда – зекет, егіншілікті жерлерде ұшыр сондай-ақ
сыбаға, соғым беру өзгеріссіз қалды, дегенмен де бағыныштылықтың негізгі
түрі – әскер борышы болып қала береді.
Қыпшақтардың күн көріс кәсібінің бірі – аңшылық еді, ол жекеше түрде
немесе топтасқан күйі де өткізіле беретін. Аңға жиналып, топтасып шығудың
ерекшелігі үйрену, машығу, әскери іске жаттығу іспеттес еді.
Уақыт өте келе қуатты күшке айналған соң, X ғасырдың ортасында
қыпшақтар русь шекараларына жетіп половцы деген атқа ие болды. Русьті
көктей өткен қыпшақтар Кіші Азияға еніп, 1071 жылы Анадолы қаласын басып
алып, сол арқылы Осман түріктерінің негізін салды. Одан кейін қыпшақтар
Карпат, Дунай, Балқан тауларына да жетті, олардың Дунайдан асып кеткендерін
венгрлерден кунам, коман деп аталады.
Бүгінгі таңда да венгр қыпшақтар мадярлар негізінен екі аймақта өмір
сүреді. Шығыс қыпшақтары өздерін ұлы қыпшақ деп, батыстықтар Кіші қыпшақ
деп атайды.
Үштік ұйымның негізгі белгісі әскерді бөлудегі ондық жүйенің орын
алуы, яғни әскерді ондық, жүздік, мыңдық, онмыңдықтарға бөлу. Бұл жерже
айта кететін бір жағдай, осы ондық әскери-иерархиялық принцип барлық
еуразиялық көшпенділер: хунн (ғұн), ертедегі түріктер, қидан, қыпшақ,
қырғыз, өзбек, қазақ және басқаларына да тән.
Қыпшақ қоғамына бәрінен бұрын қоғамдық қатынастар жүйесінің негізінде
пайда болып, көшпелілер арасында өндіріс процесі, бөлініс, айырбас және
тұтыну барысында қалыптасқан әлеуметтік дифференциация тән болды. Бұл жерде
негізінен күнкөріс көзі мен еңбек өніміне бағытталған қарым-қатынастар
басымырақ. Қыпшақтардағы мүліктік теңсіздіктерге итермелеген негізгі
себептер малға деген жеке меншік болды, өйткені мал әлеуметтік теңсіздікті
тудырған ерекше бір капитал болып табылды. Мүліктік теңсіздіктің сипаты
жайлы мәліметті бізге жазба деректері, археологиялық зерттеулер береді.
Мәселен, П. Карпини, В. Рубрук былай деп атап көрсеткен болатын: олар
(қыпшақтар) малға өте бай: түйе, өгіз, қой, ешкі, жылқы деген жетіп
артылады. Көші-қон малының көп болғандығы соншалық, біздің оймызша, әлемде
олардан басқа ешкім де ондай мал жоқ шығар... Дегенмен, олардың негізгі
байлығы жылқы болып есептеледі.
Жазбалар деректердің айтуына қарағанда, қыпшақ елінің көпшілігінің
мыңдаған керемет жылқылары болды, тіпті кейбіреулерінің он мың, оданда көп
табыны болса, баз біреулер тек өз қожайынының табынын бақты. Осыған
байланысты, айта кететін жайт, малға деген жеке меншік ертнден қалыптасқан
кәдімгі права (төре) нормаларымен қатаң қадағаланды. Меншікке қол сұғу,
ұрлықта қатаң жазаланды. Ибн Батуға ұрыны қатаң жазалаған заңды былай деп
мысалға келтірді: Бұған байланысты қыпшақтардағы шешім мынандай, егер
ұрланған жылқы кімнен табылса, сол адам жылқыны иесіне қайтаруға және
сонымен қатар иесіне дәл сондай 9 жылқы беруге міндетті. Бұл заң
орындалмаған жағдайда ұры өлтірілетін.
Әлеуметтік және мүліктің дифференциацияның (теңсіздіктің) тағы бір
жарқын мысалы мынандай еді, қолдарына жылқы табынын және басқа да малдың
орасан бөлігін шоғырландырған қыпшақ ақсүйектері, хандар, бектер, әмірлер,
аса бай мал иесі және бүкіл көшпенділік процесі жүріп жатқан жайылымдардың
да иесі болып саналады, бірақ та бұл меншік заңды түрде тіркелмеген еді.
Әлеуметтік теңсіздік іздерін өзінің ерекшелігімен өзгелерінен дара
тұратын ақсүйектердің жерлеу орындарынан да байқауға болады.
Қыпшақ қоғамының негізгі бұқарасын тікелей өндіруші-көшпелі малшылар
құрады, олар заң жағынан да, өмірде де басы бос адамдар еді.
Дегенмен, өзін және өзінің мүлкін ауқатты рулас-туысқанына берген олар
шын мәнінде сол адамдарға тәуелді болып қала беретін. Малынан айырлғаннан
кейін, көшіп-қонуға мүмкіндігі болмаған басы бос қауым мүшесі отрықшы
тұрғын (жатақ) санатына кіретін. Бірақ та, сол кедей жатақ өзіне
жетерліктей мал басын жинап алған соң, қайтадан көшпелі шаруашылыққа
ауысып, өте беретін.
Қыпшақ қоғамында патриархалды құлдық кездесіп тұратын. Дегенмен де,
еріктілерді пайдаланудың арнайы түрі жоқ болуы себепті құлдықтың
экономикалық рөлінің сипаты толық бола алмайды. Құлдардың қатары
тұтқындардың және негізгі әскери олжа-әйелдер мен қыздардың есебінен
толықтырып тұрады мұның өзі құлдарды үйде ұстаудың басым болғанын
көрсетеді. Бұдан басқа да құлдарды сатуға әкетіп жатты.
Қыпшақтардың орасан зор территорияда, әсіресе Еуазияның далалы
аймақтарында шоғырлануы осы тайпалардың шаруашылық іс-әрекеттерінің негізін
қалыптастыруға әсер етті. Қыпшақтардың өмір сүру жүйесі табиғат өзгерісіне
байланысты (экстенсивті) көшпелі мал шаруашылығына негізделді.
Еуразия далаларындағы халықтардың көшпелілігі бір жағынан қоғам мен
табиғаттың өзара әрекет етуінің бір түрі болса, екінші жағынан ол адамның
ерекше бір өмір сүру жағдайына бейімделуі болғандықтан, табиғат ресурстарын
көбінесе өндірістің биологиялық құралдарымен тазартуға ұмтылды.
Көшіп-қонудың аймағы мен шекарасы көбінесе табиғат факторына тәуелді
екендігі сөзсіз. Жер бетінің кебуінің ауа райының өзгеруі, көшпелілерді
басқа шөбі шүйгін жерлерге қоныс аударуға мәжбүр етті, мұндай жерлерде су
көздерінің көп болуына байланысты, осы фактор мал басының өсіп-өнуіне, оның
көшіп-қонуға бейімделуіне әсер етті.
Қыпшақтардың маусымдық көшуі арнайы жолдар арқылы ғана жүзеге
асырылатын әрі олардың көшу аймағы өте үлкен болатын.
Тұрғын халық киіз үйде тұрады және жаз бен қыста жақсы жайылым,
көкорай шалғын, сондай-ақ су көздері бар жерлерде көшіп жүреді. Олардың
байлығы – қой, тағамы – жазда сүт, қыста келтірілген ет. Ибн-ал-Асирдың
байқауынша, қыпшақтардың жерлері қысы-жазы жайылымға мол, онда жазды
салқын, жылы, шұрайлы жайылымдары жетерлік жерлер теңіз бойындағы
далалар...
Қыпшақ қоғамындағы малдың өте көптігі, азығы мол кең-байтақ
жайылымдардың болуын талап етті. Шөп пен су - көшпелінің өмір сүруінің
ненгізі, тіпті, ең біріншісі екені жайлы жазба деректерде де кездесетін
тұрақты формула еді.
Сондай-ақ қыпшақтар, жылдағы көші-қонын кең сахарада шүйгін шөп қорын
іздеген бей-берекет қозғалыс емес, уақыты да, жол жүруі де тәртіпке
келтірілген көш екенін естен ешуақытта шығармайтын, бұл көшуді тек қана өте
маңызды экономикалық, әлеуметтік және саяси себептер ғана өзгерте алатын.
Ибн-Батута атап өткендей: Мал үшін жем қорын сұлтан да жасй алмайды. Бұл
даланың (Дешті-Қыпшақ) ерекшелігі сонда, өсімдігінің құнарлығы арпадай.
Мұндай ерекшелікті басқа елден кездестіре алмайсыз, сондықтан бұл жердің
малы көп.
Жазба деректер мен археологиялық қазбалар, мал сүйектерінің қалдықтары
қыпшақ отар-табындарының құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Көшпелі
халықтың бүкіл өмірінде мал негізгі капитал рөлін ойнайды: бұл тамақ, әрі
киім, әрі көлік құралы, ол сондай-ақ басқа да тауарларға айырбас ретінде де
жүре беретін. Қыпшақтар малға өте бай болды, көшпелілердің негізгі байлығы
малдың төрт түрі (жылқы, қой, түйе, ірі қара малы) қыпшақтардың
шаруашылығында әртүрлі рөл атқарады және табиғи-климаттық жағдайларға
байланысты әртүрлі көлемде өсірілді. Тарихшы С.М. Ақынжанов осы жайлы былай
деп жазды: Шындығында, ірі қара мал тек қана оларды ұстай алатын, табиғаты
жайлы, тамаша шүйгін шөбі бар жерлерде өсірілген болуы керек. Түйе кейбір
қосалқы жағдайлар үшін қажет болғандықтан барлық жерде өсіріле бермейтін
(солтүстік аймақтарда оны білмейді). Дегенмен де, көшу барысына өте
икемделген жылқы мен қой болды, оның жүні мен терісі киім тігу, киіз
бастыру үшін пайдаланылды. Жылқының көптігі қыпшақтар үшін байлық
көрсеткіші болумен қатар, әрі төзімділігінің арқасында шалғайда жатқан
жайылымдарды игере бастады. Жергілікті жердегі табиғат жағдайы мен жыл бойы
тебінге жақсы үйренген олар қымыз бен етті көп беретін. Жылқы сондай-ақ
бүкіл отарға да септігін қатты тигізді, себебі қатаң қыс пен жұт жылдары,
тек жылқы малы ғана тереңдігі 40 см-ге жететін қарды теуіп аршып, қой мен
сиырларды жайылымның шөбіне жеткізді.
Дешті-Қыпшақтың аридтық (аридная) аймағындағы сұрапыл континентальдық
климат жағдайында тебін әдісін қолданудың аса зор маңызы болды. Жылқы
малының мал шаруашылығында б.ж.с.д. (біздің жыл санауымызға дейінгі) II
мыңыншы жылдықтың ортасынан бері мініс, көлік құралы ретінде ерекше орын
алатыны тарихтан белгілі. Қыпшақ жылқыларында кездесетін бірнеше
артықшылықтар мен ерекшеліктер оның құнын арттыра түсті.
Дешті-Қыпшақта XI ғасырда болған Ибн-Баттута Үндістанда Дешті-Қыпшақ
жылқыларын жарысқа қосып, бәйге алу үшін емес, соғыс қажеті үшін сатып
алды, мықты әрі жүрісі өнімді бұл жылқыларға темір сауыт кигізілетінін
атап өткен.
Қазақ хандығы дәуірінде жылқы табынындағы жергілікті тұқымдарға ерекше
мән беріледі, себебі ол орыс, башқұрт, қалмақ жылқыларынан ерекше
төзімділігімен дараланды. Қыпшақ жылқыларына Ресей мемлекеті мен Кіндік
Азияда сұраныс өте күшті болды.
Қазақстан даласында малшылықтан басқа отырықшы-егіншілік шаруашылығы
болғаны да мәлім. Археологтар мен тарихшылардың соңғы зерттеулері Қазақстан
даласында отырықшы-егіншілік тұрғындардың болғанын көрсетеді. Осы азғантай
тұрғындар көшпелі қоғамның малы жоқ, өте кедей өкілдерінің қыстауларының
орнында біртіндеп пайда бола бастады. Кедейленген көшпелілер жатақтар деп
аталынды. Осы жайлы Мұхаммед Қашқари былай деп жазған еді: Олар ешқайда
көшпей тек қана қалада тұрады және бұлар ешкіммен соғыспайды, яғни далада
қалған жатып ішер – жалқаулар. Қыпшақтардың жартылай көшпелі және тұрақты
тұрғындары көбіне егіншілік үшін қолайлы өзен жағалауларында, сондай-ақ
таулы аудандарында орналасты. Бірқатар зерттеушілер атап өткендей,
қыпшақтар қысқы жайылымдық қыстауларында тұра беретін, әдетте қысқы тұрағы
арбаға қондырылған киіз үйде болуы керек, сондай-ақ олар жер төлелерде,
ағаштан жасаған үйлерде тұруы мүмкін. Қыпшақтарда кездесетін мәдени
дақылдардың негізгі түрі – тары (просо) болатын.
ХІ ғасырдың бірінші жартысында этникалық процесс өрлеу бағытында
жүрді және үзілген жоқ. Бұған шаруашылықты жүргізудің бір түрлілігі,
қоғамдық қатынастардың жүйесі, тілдердің ұқсастығы немесе ортақтылығы себеп
болды. Қыпшақтардың құрамына енген этникалық топтардың бірі – түрік тайпасы
қимақтар еді. Қимақтар қыпшақтармен бірге Қазақстанның батыс аймағына көшіп
келді. Қыпшақ бірлестігінің құрамында баяндұрлар, баяуыттар, қаңлылар,
башқұрттар да болды.
Рашид ад-Диннің айтуынша Хорезм шахы ІІ Мұхаммедтің шешесі Тұрқан қатын
ұран тайпасының қызы, оның әкесі қыпшақ ханы болыпты. Монғол шапқыншылығы
қарсаңында қыпшақ хандары мен әскер басшылаларының біразы ұран тайпасынан
шыққандар болған.
Қыпшақтардың этникалық бірлестігі бертін келе екі топқа бөлінді. Олар
Батыс қыпшақ немесе половец бірлестігі және Шығыс қыпшақ бірлестігі. Шығу
тегі жағынан бұл бірлестіктер жақын рулар мен тайпалардан құралған.
Шығыс қыпшақ тайпалары да Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпалары
(қарлұқтар, қимақтар), қарақытай және басқа тайпалармен өзара байланыста
болды. Қыпшақ бірлестігінің негізінде қандас туыстық емес, қайта жергілікті
шаруашылық байланыстар басым болды. Қыпшақ этносы ендігі жерде феодалдық
қатынастардың орнығуы кезіндегі халыққа жақын болды.
Қазақтардың этногенезінде ХІІ ғасыдың аяғы – ХІІІ ғасырдың басында
халықтың құрылуы жолында көп ілгері басқан Шығыс қыпшақ тайпалары елеулі
рөл атқарды. Шығыс қыпшақтардың біразы қырғыз, өзбек, қарақалпақ және
ішінара түркімен халықтарының қалыптасуына қатысты болды.
XII ғасырда Дешті-Қыпшақтағы осы мәселе жайлы Петахья бұл жерде нан
жемейді, қорегі сүтке пісірілген тары деп атап өткен еді. Плано Карпини
мен Рубрукта қыпшақтардың тағамында бірінші орын тарыға берілетін атап
өткен. Археологиялық зерттеушілердің мәліметіне қарағанда, қыпшақтардағы
тары егісі Сырдария, Сарысу, Есіл өзендері бассеиндерінде кездескен.
Қыпшақтардың отырықшылыққа өтуі Сырдарияның орта ағысы мен Қаратаудың
солтүстік жоталарында орналасқан Сығанақ, Жент, Янгикент, атап айтқанда
Отырар, Сауран, Құмкент, Қараспан, Баба Ата, Созақ қалаларына еніп,
қоныстануымен қатар жүзеге асты. Олар сондай-ақ Хорезм, Самарқанд, Бұхара
қалаларында да өмір сүреді. Дала шекараларына жақын орналасқан ертеден келе
жатқан қалалардың жергілікті тұрғындарымен қыпшақтар етене араласып,
соларға еніп кетті. Бұл процестер көбінесе инфильтрациялық (сүзгілік)
сипатта болды, себебі қалаға кедейленіп, жоқшылыққа ұшырағандар кіре
бастады. Қала халқының толығуына жағдай жасаған екінші бір себеп саяси-
әскери құбылыстар еді, өйткені көшпелі даланың шалғай шетінде жатқан
қалаларында негізінен көшпелі ақсүйектер мен оның әскери ұландары
орналасты. Уақыт өте келе олардың бәрі де қала халқымен араласып, сіңісіп
кете барды.
XII ғасырдың ортасынан бастап Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси
орталығына айналып, үлкен мәнге ие болды.
Ежелгі орта ғасырларда қалалардың экономикасы қолөнер мен саудаға
байланысты еді. Қазақстан қалалары үшін көшпелі әлеммен байланыста болудың
өте үлкен мәні бар. Ал, бұл байланыс көбінесе қолөнер мен сауданы дамыту
арқылы іске асатын. Тек қала ғана малшылар мен егіншілердің арасындағы
айырбас орталығы ретінде қоғамның ішкі байланысын сақтап отырған аралық
буын болып есептелінді. Қолөнерге мамандану шикізаттың көлеміне байланысты
болды. Көшпенділерде мал шикізаты – тері мен жүннің орасан молдығы, негізгі
қолөнер өндірісі мал өнімі мен бұйымдарын өңдеп, өндірумен тығыз байланысты
болды. Бұған қазақ қоғамы да мүдделі еді. Қолөнердің ең көп тараған түрі:
киіз, кілем, текемет бастыру, тері илеу, одан киім, аяқ киім, ыдыс-аяқтың
әр түрін және басқа да бұйымдар жасау болып есептелінді. Сондай-ақ, ағаш
жонып, өңдеу өнері де жақсы дамыған болатын, бұл үшін арнайы өндіріс
тәжірибесі қажет еді, әсіресе киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктері
(кереге, уық, шаңырақ, есіктер) аса ісмерлікті қажет етті. Құмыра илеу ісі
– керамикалық ыдыс-аяқ жасау да өте жоғары дәрежеде болды. Археологиялық
қазба жұмыстары Дешті-Қыпшақтағы қыпшақ тайпалары темір рудасын өндіргенін
анықтап отыр. Қыпшақтың жерлеу орындарынан табылған үй бұйымдары мен
тұрмыстық заттар, қару-жарақ пен ат әбзелдері қыпшақтардың металды өңдей
білгенін дәлелдейді. Осыған байланысты академик Ә. Марғұлан Ортақ
Қазақстанның далаларындағы тау-кен өндірісі, қара және түсті металдарды
өңдеу дәстүрі – бастауын өте ерте кезеңнен – қола дәуірінен алатынын атап
өткен. Бүгінгі күнге дейін Шығыс-Қарқаралы ауданының темір өңдеген жерлері
Кентөбе, Кенқазған, Қарашоқы, Қарашошақ, Қарасу, Жалпақ-1, Қарашұңқыр
атаулары сақталынып, қалған1. Темір өндіретін ең ірі орталықтың бірі -
Темірші таулары болатын. Қолөнер өндірісінің дамуы біртіндеп қолөнерінің
мамандануына, кәсіпқой-қолөнершілердің пайда болуына алып келді, бірақ
мұның өзі де қолөнерінің үй төңірегінен шығып, өз алдына жеке бір өндіріс
саласына айналуына мүмкіншілік бермеді. Қыпшақ даласында сол қалпы көшпелі
мал шаруашылығы жетекші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Алтын Орда мемлекеті туралы ақпарат
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
М.Х. Дулати – қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Хан жоғарғы билік иесі
Қазақ хандығын зерттеудегі деректік негіздер
Қазақ халқының тарихы
«Түрік» этносы және этнонимі
Пәндер