Лексикалық интерференцияның лингвистикалық аспектісі



Шет тілін оқыту әдістемесінде ағылшын тілінің лексикасын меңгеру көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Ағылшын тілін үйренуші студент белгілі бір деңгейде лексикалық бірліктерді есте сақтап қана қоймай, сонымен қатар, оларды сөйленіс кезінде дұрыс қолдана білуі тиіс [37, 27 б.]. Алайда, ағылшын тілінің лексикасын меңгеру ана тілі (қазақ тілі) мен бірінші шет тілінің (орыс тілі) интерференциялық әсері есебінен айтарлықтай дәрежеде қиындық тудырады.
Р.М. Гайсина лексикалық интерференцияға мынадай сипаттама береді: «Тілдер арасында ортақ құбылыстар болса, онда шет тілін меңгеруде ешқандай қиындық туындамайды, себебі, тілді үйренуші ана тілінде қалыптасқан дағдысы мен қабілетін шет тілін үйрену үдерісінде қолданады. Осыған орай, бірінші тіл мен меңгерілетін екінші тілдің тілдік жүйелеріндегі ұқсастықтар оң ауысуға негіз болады. Алайда, меңгерілетін тіл мен ана тіліндегі лексика семантикалық жүйе арасындағы айырмашылықтар мен әр тілдің өзіне тән ерекшелігі теріс ауысуға негіз болады. Мұның салдары қатенің туындауына септігін тигізеді және лексикалық интерференцияның орын алуына алып келеді» [38, 67 б.]. Осыған орай, тілді үйрену лексиканы меңгерумен тығыз байлынысты. «Лексика» деген ұғымды көбінесе сөзге қатысты қолданғанмен, лексикалық материалдар тек жеке сөзден ғана құралмайды. Сондықтан лексиканы меңгеру сөйлеу үдерісіндегі барлық лексикалық бірліктерді оқып-үйрену деген сөз [39, 248 б.]. Алайда, шет тілінің лексикасын меңгеру ана тілінің интерференциялық әсерінен айтарлықтай дәрежеде қиындық тудырады.
Тілді үйренуші шет тілінің лексикасын меңгеру барысында үйреніп жатқан тілдің лексикалық жүйесіндегі ерекшеліктерге байланысты бірқатар қиындықтармен кездеседі. Баршамыз білетіндей, тілдердің лексикалық жүйесі өзіне тән қайталанбас өзгешеліктермен ерекшеленеді. Кез келген тілдегі сөздер лексика-семантикалық жүйені құрай отырып, бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондай-ақ, олар жеке дара және оқшау түрде кездеспейді [40, 8 б.].
Тілдердің лексикалық құбылыстарына тән өзіндік ерекшеліктерге қатысты мынадай қорытынды жасауға болады: негізінде екі тілдің лексикалық жүйесіндегі сөздердің арасында түпкілікті сәйкестік (терминологиялық лексиканы есепке алмағанда) болмайды. Бұл сөйлеу кезінде сөздердің қызметіндегі айырмашылықтар мен ерекшеліктерді анықтайды. Екі тілдегі лексикалық құбылыстар арасындағы айырмашылықтар мен олардың ерекше сипаттары бұл құбылыстарды салыстыру арқылы анықталады. Лингвистер мен әдіскерлер тілдерді салыстыру арқылы оқыту қажет деп есептейді. Ана тілі мен үйреніп жатқан тілдегі ерекшеліктерді есепке ала отырып, шет тілдерін оқыту үдерісінде туындайтын әдістемелік мәселелерді, атап айтқанда, лексикалық интерференцияның алдын алу мәселесін шешу үшін қажетті ғылыми мәліметтерді алуға мүмкіндік береді [41, 7-9 бб.].

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Лексикалық интерференцияның лингвистикалық аспектісі

Шет тілін оқыту әдістемесінде ағылшын тілінің лексикасын меңгеру көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Ағылшын тілін үйренуші студент белгілі бір деңгейде лексикалық бірліктерді есте сақтап қана қоймай, сонымен қатар, оларды сөйленіс кезінде дұрыс қолдана білуі тиіс [37, 27 б.]. Алайда, ағылшын тілінің лексикасын меңгеру ана тілі (қазақ тілі) мен бірінші шет тілінің (орыс тілі) интерференциялық әсері есебінен айтарлықтай дәрежеде қиындық тудырады.
Р.М. Гайсина лексикалық интерференцияға мынадай сипаттама береді: Тілдер арасында ортақ құбылыстар болса, онда шет тілін меңгеруде ешқандай қиындық туындамайды, себебі, тілді үйренуші ана тілінде қалыптасқан дағдысы мен қабілетін шет тілін үйрену үдерісінде қолданады. Осыған орай, бірінші тіл мен меңгерілетін екінші тілдің тілдік жүйелеріндегі ұқсастықтар оң ауысуға негіз болады. Алайда, меңгерілетін тіл мен ана тіліндегі лексика семантикалық жүйе арасындағы айырмашылықтар мен әр тілдің өзіне тән ерекшелігі теріс ауысуға негіз болады. Мұның салдары қатенің туындауына септігін тигізеді және лексикалық интерференцияның орын алуына алып келеді [38, 67 б.]. Осыған орай, тілді үйрену лексиканы меңгерумен тығыз байлынысты. Лексика деген ұғымды көбінесе сөзге қатысты қолданғанмен, лексикалық материалдар тек жеке сөзден ғана құралмайды. Сондықтан лексиканы меңгеру сөйлеу үдерісіндегі барлық лексикалық бірліктерді оқып-үйрену деген сөз [39, 248 б.]. Алайда, шет тілінің лексикасын меңгеру ана тілінің интерференциялық әсерінен айтарлықтай дәрежеде қиындық тудырады.
Тілді үйренуші шет тілінің лексикасын меңгеру барысында үйреніп жатқан тілдің лексикалық жүйесіндегі ерекшеліктерге байланысты бірқатар қиындықтармен кездеседі. Баршамыз білетіндей, тілдердің лексикалық жүйесі өзіне тән қайталанбас өзгешеліктермен ерекшеленеді. Кез келген тілдегі сөздер лексика-семантикалық жүйені құрай отырып, бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондай-ақ, олар жеке дара және оқшау түрде кездеспейді [40, 8 б.].
Тілдердің лексикалық құбылыстарына тән өзіндік ерекшеліктерге қатысты мынадай қорытынды жасауға болады: негізінде екі тілдің лексикалық жүйесіндегі сөздердің арасында түпкілікті сәйкестік (терминологиялық лексиканы есепке алмағанда) болмайды. Бұл сөйлеу кезінде сөздердің қызметіндегі айырмашылықтар мен ерекшеліктерді анықтайды. Екі тілдегі лексикалық құбылыстар арасындағы айырмашылықтар мен олардың ерекше сипаттары бұл құбылыстарды салыстыру арқылы анықталады. Лингвистер мен әдіскерлер тілдерді салыстыру арқылы оқыту қажет деп есептейді. Ана тілі мен үйреніп жатқан тілдегі ерекшеліктерді есепке ала отырып, шет тілдерін оқыту үдерісінде туындайтын әдістемелік мәселелерді, атап айтқанда, лексикалық интерференцияның алдын алу мәселесін шешу үшін қажетті ғылыми мәліметтерді алуға мүмкіндік береді [41, 7-9 бб.].
Жасанды қостілділік жағдайында тілді үйренуші ана тілдегі тілдің құзіреті толық қалыптасқаннан кейін шет тілін меңгеруді қолға алады. Олай болса, шет тілі ана тілінің негізінде меңгеріледі. Біз кез келген жаңа жүйені кұра отырып, тілді үйренуші студентті бұрын қалыптасқан жүйені естен шығаруың тиіс деп мәжбүрлей алмаймыз, себебі ол барынша табиғи және берік болады [42, 112 б.]. А.А. Леонтьевтің пікірінше, егер тілді үйренуші саналы түрде ана тілінің грамматикалық жүйесін жалпылай алса, онда ол қандай жағдайда болмасын шет тіліндегі білімді өзінің бұрын қалыптасқан білімі арқылы қабылдайтын болады. Сондықтан, психологиялық тұрғыда алып қарастырсақ, мұның басқа жолы болуы мүмкін емес [43, 58 б.]. Біздің ойымызша, бұл пікір лексикалық жүйеге де қатысты айтылған.
Жоғарыда атап өткен түрлі авторлардың пікіріне және шет тілдерін оқытудағы тәжірибеге сүйене отырып, шет тілін үйренуші өзінің ана тіліндегі табиғи тәжірибесін қолданады деген қорытында жасауға болады. Алайда, ана тілі мен үйреніп жатқан тілдің лексикалық жүйесі сәйкес келмейді. Ана тілі мен шет тілінің сәйкес лексика-семантикалық бірліктерін салғастыруда қателік жіберудің алдын алу үшін олардың арасындағы дәлме-дәл корреляцияны табу қажет. Мұндай корреляцияны белгілеу үшін қатынасқа түсетін тілдерге салғастырмалы талдау жасау арқылы қол жеткізуге болады. Оқу үдерісінде екі нақты тілдік жүйені салғастыруға келмейтін жағдай туындағанда, жасырын аударма орын алады, ережеге сәйкес, бұл лексикалық бірліктер арасындағы жалған сәйкестікке алып келеді.
Тілдік жүйелерді салғастырмалы тұрғыда зерттеудің мақсаты интерференция мәселесін зерттеудің міндеттеріне сәйкес келеді. Интерференция тілдегі элементтер арасында айырмашылықтар болған жағдайда орын алады, бұл жағдайда тілді үйренушілер олардың арасындағы айырмашылықтарды ажырата алмайды.
В.Г. Гактың ойынша, салғастырмалы лингвистикалық талдауда сөздердің лексика-семантикалық топтарымен қатар, жекелеген сөздер мен сөз тіркестері де қарастырылады. Лексика саласы бойынша салғастырмалы талдауда сөздердің құрылымы (cөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамның типтері), немесе оның семантикалық аспектісі (сөз мағынасының көлемі, лексикадағы ассиметрияның көрініс табуы: полисемия, синонимия және т.б.) нысанға алынады [44, 264 б.].
Сөз материалдық (форма) және идеалдық (мағына) болып келетін күрделі бірліктерден тұрады. Шет тілінің лексикасын меңгерудің қиындық тудыратындығы оның формальды жағымен қатар мағыналық жағымен де байланысты екендігі айдан анық. Алайда, шет тілінің лексикасы бойынша зерттеулердің бірқатарынан алынған мәліметтер бойынша және студенттердің лексиканы қолдану кезінде жіберген қателерін талдау арқылы ана тіліндегі интерференция сөздің мағыналық жағын меңгеруде барынша көбірек көрініс табады. [45, 128 б]. Е.И. Пассов психологиялық тұрғыдан келгенде, сөздің екі ерекшелігі бар деп атап көрсетеді, олар: формалық жағы мен мағыналық жағы. Оның біріншісі сыртқы, екіншісі ішкі жағы деп қарастырады. Сөз мынадай компоненттерден тұрады: сөзді көзбен көру және құлақпен есту компонентінен (оны көруге және естуге болады) сонымен бірге, сөздің артикуляциялық және моторнографиялық компонентінен (оны айтуға және жазуға болады) тұрады. Сөздің мағыналық жағы жайлы сөз болғанда, сөз бен ұғымның білдіретін мағынасы қарастырылады [46, 134 б.].
Нақты екі немесе одан да көп тілдердің лексикалық жүйесін салғастыра отырып, мынадай нәтижелерге көз жеткізуге болады:
1) салғастырылып отырған тілдердің баламасы бар және баламасы жоқ лексикасын ажырата алу керек;
2) толығымен сәйкес келетін сөздер қатары өте шектеулі;
3) сөздердің көпшілігінің баламасы табылып жатады, яғни ана тіліндегі көп мағыналы сөзге шет тіліндегі бір ғана мағына беретін немесе көп мағыналы сөз сәйкес келеді. Бұл лексикалық деңгейдегі интерференцияның негізгі потенциалды қайнар көзі болып табылады. Сөз формалар мен мағыналардың күрделі бірлігі болып табылатындықтан, салғастырылып отырған тілдердегі сөздер арасында келесі қатынастар болуы мүмкін:
1 - сөздердің мағынасы мен формасы сәйкес келеді: museum - музей - музей;
2 − сөздердің формасы сәйкес келгенімен, мағынасы сәйкес келмейді: prospect - перспектива - болашақ;
3 - сөздердің формасы сәйкес келмейді, ал мағынасы сәйкес келеді (бұл негізінен термин сөздерде кездеседі): medicine - лекарство - дәрі-дәрмек;
4 - сөздердің формасы да, мағынасы да сәйкес келмейді: potassium - калий - калий [47, 70 б.].
Екі тілде формасы мен мағынасы жағынан сәйкес келетін сөздерден лексикалық интерференция туындамайтындығы баршаға белгілі, мысалы:
film, volley-ball, tennis, philology, folklore, temperature.
Ағылшын тілінде формасы жағынан қазақ тіліне сәйкес келетін, алайда мағынасы жағынан сәйкес келмейтін сөздерді мысал ретінде алайық. Мұндай сөздер студенттер үшін өте қарапайым және жеңіл болып көрінеді. Осындай сөздердің форма жағынан ұқсастығы олардың мағынасы жағынан да ұқсас деп ойлауға септігін тигізетін жалған ассоциацияға алып келеді. Мысалы, студенттер ағылшын тіліндегі monitor сөзін әдетте топ басшысы деген мағынада емес, компьютердің мониторы деген мағынада қолданады. Ал repetition сөзін - қайталау деген мағынасында емес, репeтиция деген мағынада қолданса, family сөзін - жанұя деген мағынада емес, фамилия деген мағынада қолданады.
Ағылшын тілін оқыту тәжірибесі мен әдістемелік зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, лексикалық интерференция тілді үйренудің барлық кезеңінде дерлік орын алады. Демек, интерференция рецептивтік сөйлеу іс-әрекеті (тыңдап түсіну, оқу) мен экспрессивтік сөйлеу іс-әрекетінде (сөйлеу, хат жазу) көрініс табады және ол тұрақты болып келеді. Лексикалық интерференцияны ескерте отырып игеруде оның түрлерін анықтап, түсіндіру өте маңызды [48, 43 б.].
М.В. Никитин лексикалық интерференцияның орын алу жағдайларын топтастырды. Ол лингвистика ғылымының мәліметтерін негізге ала отырып, лексикалық интерференцияның мүмкін жағдайларын бөліп қарастырады. Лексикалық интерференцияның түрлерін толықтай топтастыру үшін лексикалық бірліктердің барлық параметрлерін негізге алған жөн. Лексикалық деңгейде тілдік бірліктердің келесі параметрлері бөліп көрсетіледі:
1) фонетикалық құрамы,
2) морфологиялық құрылым,
3) синтаксистік сипаттама,
4) сөздің негізгі мағынасы,
5) коннотативті мағына,
6) әлеуметтік-мәдени факторлар,
7) валенттілік,
8) семантикалық құрылым [49, 34 б.].
Жоғарыда аталып өткен кейбір терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп өтейік. Коннотативті мағына дегеніміз - сөздің эмоционалдық-стилистикалық мағынасы, оның эмоционалдық сипаты ретінде түсіндіріледі. Бұл субъективті-сезімдік бағалау (оң және теріс) сипатындағы сөйленіс түрінде орын алады. Ағылшын тіліндегі dog сөзі мен орыс тіліндегі собака сөзі және қазақ тіліндегі ит сөзі бірдей мағына береді, бірақ, олардың коннотативті мағыналары әр түрлі болып келеді. Мысалы, собачья жизнь − ит өмір және Lucky dog you are! (Сен өмірде жолың болғыш адамсың!) тіркестерін салыстырайық. Алғашқы жағдайда, қазақ және орыс тілдерінде теріс баға берілсе, екіншісінде - оң баға беріледі.
Әлеуметтік-мәдени факторларда коммуникация жағдайына, сөйлеуші- лердің тәжірибесіне және олардың ниетіне байланысты сөздің мағынасы нақтылана түседі. Сонымен, east wind және восточный ветер шығыс желі сөз тіркестерінің әлеуметтік-мәдени мағыналары әр түрлі. Англияда шығыс желі ылғалдылық және суық деген сөздермен ассоциацияланады, яғни, жай ғана желді емес, ылғалды және суық желді білдіреді.
Лексикалық валенттілік дегеніміз - сөздің нақты лексикалық мағына оралымындағы сөздермен тіркесе алу қабілеті ретінде түсіндіріледі. Актив валенттілік бір сөздің тәуелді сөзді жалғап алуы болса, ал, пассив валентілік сөздің басқа меңгеруші сөзге жалғануы болып есептеледі [50, 41 б.]. Мысалы:
бөлме гүлдері − комнатные цветы - pot flowers
толық реформа − полная реформа − a through reform
соңғы жаңалықтар − cвежие новости − latest news
Сонымен, жоғарыда аталған лексикалық мағыналардың параметрлері бойынша біз лексикалық лексикалық интерференцияның лингвистикалық топтамасын құрастырамыз.
I. Фонетикалық құрамның ұқсас болып келуіне байланысты лексикалық бірліктердің мағынасын жалған сәйкестендіру. Оның мысалы ретінде аудармашының жалған достары деген сөздіктегі бірнеше сөздер қатары алынады:
Dutch -- даниялық (Danish), (голландиялық деген сөздің орнына)
data -- дата, күн тәртібі, (мәліметтер деген сөздің орнына)
session -- сессия, емтихан, (мәжіліс, сеанс деген сөздердің орнына)
paragraph -- параграф, (азат жол, абзац сөздерінің орнына);
II. Семантикасы бірдей лексикалық бірліктердің, соның ішінде морфологиялық құрылымдардың, формалардың жалған сәйкестендірілуі:
орыс тілінде композитор − сompositor (composerдеген сөз орнына)
орыс тілінде экзаменатор − examinator (examiner деген сөз орнына)
орыс тілінде архитектор − architector (architect деген сөз орнына).
III. Фонетикалық құрамы бойынша ұқсас, мағынасы жағынан жуық болып келетін лексикалық бірліктердің коннотативтік мағынасын жалған сәйкестендіру:
Мысалы: ағылшын тіліндегі business сөзі қазақ және орыс тілдерінде бизнес және іс - дело деп аударылады. Орыс тіліндегі бизнес сөзі ағылшын тіліне тасымалданып, теріс ауысуға алып келеді. Студенттер күнделікті сөйлеу кезінде бұл сөзді қолданбауға тырысады, себебі олар бизнес сөзінің мағынасын іс деген мағынада да қолдануға болатындығын жете түсінбейді.
IV. Әлеуметтік-мәдени факторлардың жалған сәйкестендірілуі. Мысалы, please деген ағылшын сөзі мен пожалуйста деген орыс тіліндегі сөздерді алайық. Ағылшын тіліндегі please сөзі алғыс білдірген жағдайда жауап ретінде қайтарылмайтындығы баршаға белгілі. Бұл please сөзінің орыс тіліндегі пожалуйста сөзінен ең басты айырмашылығы болып табылады:
- Thank you for all you have done for me.
- Not at all.
Мұндай сөздерді дұрыс қолдану үшін олардың мағынасын есте сақтап қана қоймай, сонымен қатар, олардың қандай қатынас жағдаятында қолданылатындығын да жақсы білу керек.
V. Ағылшын тіліндегі лексикалық бірліктердің семантикалық құрылымы мен олардың орыс және қазақ тілдеріндегі корреляттарын жалған сәйкестендіру. Басқаша айтқанда, мұндағы басты мәселе лексикалық бірліктердің білдіретін мағынасының көп немесе аз болуы (саны бойынша) жағынан олардың бір-біріне сәйкес келмеуі болып табылады. Бұл тип бойынша үш жағдайды атап көрсету керек:
V.1. Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерференция құбылысы
Интерференция құбылысының теориялық негіздері
Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері
Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері
Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі
Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері
Қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің үлгісі
Oнoмастика және аударма
Қазақ - ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі
Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика - фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Пәндер