Мұнайгаз кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігі



Кіріспе 6

1 Кәсiпорынның қаржы ресурстарын басқарудың теориялық негіздері 8
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері 8
1.2 Кәсіпорынның қызметін қаржылық шешімдермен басқару жүйесі. 14
1.3 Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін көрсеткiштер 22

2 «Амир Терминал» ЖШС қаржылық басқару жағдайын талдау 35
2.1 Баланс активтерiнiң құрамын және орналасуын талдау 35
2.2 Кәсiпорынның ағымдық және перспективтi 49
төлем қабiлеттiлiгiн талдау 49

3 . Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру 58
3.1 Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын жоғарлатудің негiзгi бағыттары 58
3.2. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы 66

Қорытынды. 75

Әдебиеттер тізімі: 80
Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорлар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу дипломдық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Аталған жағдайлар зерттеу тақырыбы ретінде қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін мұнайгаз кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін таңдауды анықтады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - мұнайгаз кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігін кешенді зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау мен бірқатар ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес мына міндеттері қойылды:
• кәсіпорынның қаржы ресурстарының теориялық аспектісін зерттеу және оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау;
• шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын тиімді басқару арқылы жоғарғы пайданы алу мен рентабельділікті көтеру жолдарын нақтылау;
• қаржы ресурстарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық талдаудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, басқарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.
1. Н.Назарбаев. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2030 жылдарға арналған стратегиясы».//Алматы, 2003 ж. 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен
2. Қазақстан Республикасының 10.06.1998 ж «Акционерлiк қоғамдар туралы» Заңы - «Казахстанская правда» 1998 ж,24,25,27,28 шiлде.
3. Заң күшi бар «Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы.- «Вечерний Алматы», 1995 жыл ,30 маусым.
4. ҚР-ның «Шағын кәсiпкерлiктi қорғау» туралы, ҚР-сы территориясында шаруашылық қызметтi айқындайтын Заңдар Пакетi, 1992 ж, II бөлiм
5. Абрютина.М.С, Грачев.А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия (Учебно- практическое пособие.) ДиС,2009г.
6. Баканов М.И, Шеремет А.Д Теория экономического анализа:Учебник-4-ое издание.М;ФиС,1997г
7. Бороненкова С.А,Маслова Л.И, Крылов С.И Финансовый анализ предприятий.-Екатеринбург;2007 г
8. Балабанов Д.Т. Основы финансового менеджмента: Учеб.пособие.-М.: Финансы и статистика,2004 г.
9. Богдановская Л.А., Виноградов Г.Г.,Мигун О.Ф. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник/-2- изд.Минск 2000г
10. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы – 2001
11. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К. анализ финансовой устойчивости предприятия: Справ.серия/ Бюллетень бухгалтера, ноябрь,№21-22 (64-65).
12. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учеб.пособие/ А.: Экономика,1998 г.
13. Ілиясов Қ. «Қаржы», Алматы - 2003
14. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
15. Ковалев В.В.Финансовый анализ:Управление капиталом.Выбор инвестиций.Анализ отчетности.-М.:Финансы и статистика,2007 г.
16. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» Алматы – 2001
17. Любушин Н.П, Лещева.В.Б, Дьякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: Учеб.пособ.ЮНИТИ-ДАНА,2000г
18. Мырзабай Л.У. «Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедурасын орны мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.
19. Мұханбетова Э.С. «Мемлекеттің әлеуметтік аяны реттеудегі фискалдық саясаттың маңызы» //Хабаршы № 4, 2003 ж.
20. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы
21. Радостовец В.К.Финансовый и управленческий учет на предпрятии.-А:НАК «Центраудит»,1998 ж.
22. Русак Н.А,Русак В.А Финансовый анализ субъекта хозяйствования.-Мн.:Выш.шк.,1997 г.
23. Савицкая Г.Л., Анализ хозяйственной деятельности – М.:Инфра,2009г
24. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Алматы/2002
25. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы- Қаржы-қаражат, 2010
26. Экономика предприятия.Под ред. Горфинкеля В.Я. Купрякова Е.М.,М: Инфра, 2009 г.
27. Экономика предприятия. Под ред. Горфинкеля В.Я .,Швандара В.А.,М: Юнити,2010 г.
28. Любушин Н.П, Теория экономического анализа:Курс лекций.-Н.Новгород, НКИ;2011 г.
29. Шеремет А.Д, Сайфуллин Р.С Методика финансового анализа.-М.: ИНФРА 2009г.
30. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бухгалтерлiк балансы 2007-2009 ж.ж
31. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның өндiрiстiк-қаржылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептеме, 2007 -2009 ж.ж
32. Умбеталиев А. Салық және салық салу. Алматы 2006ж.
33. Бекболсынова А. С. Салық жүйесінің негіздері. Астана 2007 ж.
34. Берстембаева Р.К. Организация государственных финансов в отдельных развитых странах. Алматы, 2010 г
35. Дернберг Р.Л. Международное налогообложение. – Москва, ЮНИТИ, 2009
36. Ильясов К.К., Идрисова Э.К. Налоги развитых зарубежных государств, Алматы, 2008 год.
37. Русакова И.Г. Налоги в развитых странах. – М., Статистика, 2008 г.
38. Дробозина Л.А., Можайсков О.В. Финансовая и денежно-кредитная система Англии., М., Прогресс
39. Налоги и налогообложение-учебник под. ред. Юткиной Т.Ф.-М.: Юнити, 2009 г.
40. Налоги и налогообложение – учебное пособие под.ред. Гурина А.С.- Санкт-Петербург, 2008 г.
41. Налоговое право- учебник под.ред. Пепеляева С.Г.-М.: ИД ФБК ПРЕСС, 2007 г.
42. Налоги-учебник под ред. Д.э.н., профессора Черника Д.Г.-М: Финансы и статистика, 2010 г.
43. Құлпыбаев С. К. Қаржы. Оқу құралы. Алматы, 2011ж.
44. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы- учебник для вузов. Алматы: Фин Эко, 2012 г.
45. «Налоговый эксперт» журнал общественного Фонда «Формирования налоговой культуры»
46. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане.[Текст] : учебное пособие / Сейдахметова Ф.С. - Алматы : "LEM", 2012

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 6

1 Кәсiпорынның қаржы ресурстарын басқарудың теориялық негіздері 8
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері 8
1.2 Кәсіпорынның қызметін қаржылық шешімдермен басқару жүйесі. 14
1.3 Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін көрсеткiштер 22

2 Амир Терминал ЖШС қаржылық басқару жағдайын талдау 35
2.1 Баланс активтерiнiң құрамын және орналасуын талдау 35
2.2 Кәсiпорынның ағымдық және перспективтi 49
төлем қабiлеттiлiгiн талдау 49

3 . Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру 58
3.1 Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын жоғарлатудің негiзгi бағыттары 58
3.2. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы 66

Қорытынды. 75

Әдебиеттер тізімі: 80

Кіріспе

Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорлар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу дипломдық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Аталған жағдайлар зерттеу тақырыбы ретінде қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін мұнайгаз кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін таңдауды анықтады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - мұнайгаз кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігін кешенді зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау мен бірқатар ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес мына міндеттері қойылды:
* кәсіпорынның қаржы ресурстарының теориялық аспектісін зерттеу және оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау;
* шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын тиімді басқару арқылы жоғарғы пайданы алу мен рентабельділікті көтеру жолдарын нақтылау;
* қаржы ресурстарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қызметінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық талдаудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, басқарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.
Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған болатын.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Екінші бөлімде Амир Терминал ЖШС-нің қаржылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табыстылығы мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде кемшіліктер анықталды.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде ұсы-ныстар жасалынды. Кәсіпорыннның қаржылық жақсарту бойынша іс-шаралар негізгі үш проблеманы шешуге бағытталады: кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықтың және іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ағымдағы деңгейде сақтау және кәсіпорынды қызметінің рентабельділігін арттыру.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы оның қызметінің тиімділігін сақтап тұру және кемшіліктерін жою бойынша іс- шара-лар дайындау болып табылады. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруда ішкі жә-не сыртқы көздер пайдаланылуы мүмкін.
Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Қаржы ресурстары мен оны басқару мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А.М., Жуйриков К, Ильясов К.К., Касенов М.Р., Купешов Ш.К., Мельников В.Д., Мырзалиев Б.С., Сатыбалдин А.С, Сабден О.С., Отаров Э.К., Тажибаев С.Д. және т.б.

1. Кәсiпорынның қаржы ресурстарын басқарудың теориялық негіздері.
1.1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері

Қаржы ресурстары мен капитал түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.
Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып отырған категорияларды талқылаудың біріңғай жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы орайда біз қаржы ресурстарының анықтамасын әртүрлі позицияда бағалап көреміз. Онда біз осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға тоқталамыз.
Қаржы ресурстары категориясына бір мәнді және негізделген талқылама жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы ресурстарына тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы олардың ролін, қызметтерін анықтауды білдіреді.
Қаржы ресурстары категориясын қарастыру кезінде критерийлердің негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми әдістемелік тәсілі кездеседі.
Бірқатар экономистер қаржы ресурстарын анықтау кезінде негізгі кезең ретінде олардың айналыс шегін немесе нақтырақ айтқан кезде - олар объектісі болып саналатын, басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына: мемлекеттің жалпы қаржы ресурстарын, кәсіпорын мен мекемемелердің қаржы ресурстарын және т.б. жатқызуға болады.
Ғалымдардың келесі тобы қаржы ресурстарын критерий ретінде анықтауда олардың қалыптасуының қайнар көздерін таңдайды, ол жиынтық қоғамдық өнім. Олар қаржы ресурстарының көлемін анықтауда жиынтық қоғамдық өнімнен белгілі шығындарды, ең алдымен қарапайым қайта өндіріспен байланысты шығындарды шегеру тәсілін қолдануды ұсынады.
Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар ескертулер жасаған дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім қаржы ресурстарын қалыптастырудың жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі жағдайдай, елдің экономикасындағы қаржы ресурстарының қайнар көзі ретінде ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар қаржы ресурстары құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі формалары ерекешеленеді.
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект - меншік иесі болып табылады.
Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: қаржы ресурстары деп - шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер.
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар - бұл меншікті акцияны және облигацияны және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар - бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Ресурстардың үшінші тобы туралы айтқан кезде шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайына өту кезінде кәсіпорындар маңызды қаржы ресурстарын, ақшалай қаражаттарды сала ішінде қайта бөлу және бюджеттік қаржыландыру негізінде алатындығын айта кеткен жөн.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру процесінде қайта бөлу тәртібінде құралатын қаржы ресурстарының құрылымында сақтандыру компанияларынан түсетін сақтандыру төлемдері үлкен рольді алады, ал одан кейінгі орынды бюджеттік қаржыландыру қайнар көздері алады.
Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері - міндеттемелер мен капитал сипатталады.
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері ретінде олардың өмір сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
1. қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
2. мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары;
3. кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
4. қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
5. қаржы ресурстарының сақталуы.
Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген элменттерінің қатынасын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.
Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен құралады: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері (облигациялық заемдардан басқа); басқа заңды қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары).
Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен шығындармен шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналдық тұрғын үй, жолаушылар транспорты, ауыл шаруашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Қаржылық жоспарлау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін:
* Бюджет экономикалық болжау ретінде.
* Бюджет бақылау негізі ретінде.
* Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі ретінде.
* Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді (жоспарларды) құру бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлімшелерде болашақта жасалуы мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.
Кәсіпорындарда қаржылық ресурстарды жоспарлау туралы әдебиеттерде бюджеттерді (жоспар) құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі сызбасын ерекшелейді: break-down тәсілі бойынша (жоғарыдан төменге) және build-up (төменнен жоғарыға).
Break-down тәсілі бойынша бюджетті құру бойынша жұмыстар жоғарыдан басталады, яғни кәсіпорынның басшылығы мақсаттар мен тапсырмаларды, оның ішінде пайда бойынша жоспарлы көрсеткіштерді анықтайды. Осыдан кейін көрсеткіштер бөлшекті түрде, кәсіпорынның құрылымының төменгі деңгейлеріне қозғалуы дәрежесіне байланысты бөлімшелердің жоспарларына қосылады. Build-up тәсілінде керісінше. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген өткізу бөлімшелері бастайды және осыдан кейін кәсіпорынның өткізу бөлімінің басшысы осы көрсеткіштерді біріңғай бюджетке (жоспарға) жинақтайды, ал ол осыдан кейін кәсіпорынның жалпы бюджетінің (жоспарының) құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
Break-down және build-up тәсілдері екі қарама-қарсы тенденцияны көрсетеді. Тәжірибеде осы тәсілдердің тек біреуін ғана пайдаланған дұрыс. Бюджетті жоспарлау мен құрастыру әртүрлі бөлімшелердің бюджеттерін координациялауды үнемі жүзеге асыруды қажет ететін ағымды процесс.
Кәсіпорын жоспарлау мен бақылауды негізгі екі экономикалық облыста жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның қызметінің пайдалылығы (тімділігі) мен қаржылық жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет (жоспар) пен қаржылық жоспар (бюджет) ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементтері болып табылады.
Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, сонымен қатар ең төменгі бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны ұсына алатын банкті табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын мақсаттармен салыстыру, әртүрлі қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана банк займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге болмайды. Бөлшекті түрде, уақытты дұрыс таңдау қажет: акция нарығы жанданып тұрғанда акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары болғанда қарыз алмау және т.б.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік -- бір процестің -- шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның -- экономиканың негізгі буыны -- кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субьекті сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
1. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта -- қаржы жоспарында (болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың -- жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғалыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
2. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары -- мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
3. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты -- басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды -- экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді.
Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс -- төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдың құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты -- басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Қаржы резерві дегеніміз - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі Табыс ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.[6]
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдың түсімдер жатады.
Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:
:: кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
:: өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
:: шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
:: өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;
:: өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
:: өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
:: өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;
:: кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;
:: кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.
Сонымен, кәсіпорын экономикасы -- өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, кұнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі қызмет көрсетулер.

1.2. Кәсіпорынның қызметін қаржылық шешімдермен басқару жүйесі

Басқару -- бұл ең алдымен еңбек түрі немесе қызмет және ортақ қоғамның мекемедегі еңбегі. Басқармалы қызмет ең алдымен арнайы бағытқа және заңға бағына отырып, жеке жүйеге айнала алады.
Жұмыс істеу еңбегі қаржылық басқармалық бағдарламасы міндеттері кері байланыс болмайды. Кері байланыс көрсетеді.Кері байланыс жалпы көрсететін қандай да бір тасқын процесте әсер ететін жағдайда шапшаң шешімді қабылдаудың тигізетін әсері.Кері байланыс салыстырмалы жоспар мен фактілік (нақты) көрсеткіштерден құралады. Кері байланыс әр түрлі мақсаттарды пайдалану мүмкін; альтернативті іздеуді, жұмыс бағытының өзгеруінде, шешімнің қабылдау әдістерінде, жоспарлауында және орындалатын есептік формада жетекші-бақылау жүйесінде тек қана техникалық әдістерін көру, қайта өндіру мағлұматтарын, бірақ та адамдардың қарым - қатынастарына міндетті түрде көңіл бөлуі керек.[29]
Басқару қызметі мамандандыру процесінде бөлінеді: функцианалдық қатарға немесе дәлелденген мамандандыру бөліктері болып басқарылады.
Сондықтан басқару функциясы - бұл ерекше басқару қызметінің түрі. Өндірістік шаруашылық жүйесінің басқару қызметі үздіксіз жүріп отырады және келесі түрлерде көрінеді. Басқарушы орган обьектінің жеке жағдайымен және ішкі ортасы туралы мәлімет алып отырады. Бұл мәлімет басқарушы органда түрлі программалармен жүзеге асады. Нәтижесінде шешім қабылданады. Сол шешім белгілі бір форма ретінде басқару обьектісі болуы тиіс. Мәліметте команданың орындалуы жөнінде, сондықтан информация обьектінің басқаруы жаңа жағдайда және ішкі ортаның оған деген көзқарасы, басқарушы органга түседі. Бұл әрекеттер үздіксіз қайталанады.
Қаржылардың басқару нәтижелері барлық сұрақ қаржылық бөліммен және басқарушы бухгалтердің келісімімен шешіледі, себебі олар маңызды болып келеді.Болашақта жұмыс істеуге әрекет етеді.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдауға келесi этаптар кiредi:
1) Есеп берiп отырған периодта кәсiпорынның қаржылық жағдайының және оның қаржылық көрсеткiштерiнiң өзгерiсiнiң алдын-ала (жалпы) бағасы.
2) Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн және қаржылық тұрақтылығын талдау.
3) Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгiн және оның балансының өтiмдiлiгiн талдау.
4) Айналым құралдарының айналымдылығын талдау.
5) Кәсiпорынның қаржылық нәтижелерiн талдау
6) Кәсiпорынның банкрот болу жағдайын талдау.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың көпшiлiк әдістемелері көрсеткiштердiң келесi тобының есептеуiн бейнелейдi:
төлем қабiлеттiлiгi;
несие қабiлеттiлiгi;
қаржылық тұрақтылығы.
Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi оның қаржылық тұрақтылығының негiзгi көрсеткiштерiнiң бiрi болып табылады, сондықтан онымен тығыз байланысты. Оның талдауын қолда бар және түскен құралдарды алғашқы қажеттiлiктегi төлемдермен өлшеу жолымен жүзеге асырады. Ағымдағы және күтiлiп отырған (перспективтi) төлем қабiлеттiлiгiн ажыратады.
Ағымдық төлем қабiлеттiлiгi - балансты құру уақытына анықталады. Егер кәсiпорынның мердiгерлерге, банк несиелерi және басқа да есептемелерi бойынша уақытынан асып кеткен қарызы болмаса, ол төлем қабiлеттiлiгi бар кәсiпорын болып саналады.
Күтiлiп отырған (перспективтi) төлем қабiлеттiлiк - нақты күтiлiп отырған мерзiмге, оның төлемдiк құралдарының сомасын кәсiпорынның осы мерзiмдегi жедел (алдыңғы жоспарлы) мiндеттемелермен салыстыру жолымен анықтайды.
Төлем қабiлеттiлiк төлем қабiлеттiлiгiнiң коэффициентi арқылы сипатталады. Ол нақты мерзiмге немесе болашақтағы мерзiмде анықталатын, қолда бар ақша кұралдарының, жедел төлем сомасына қатынасымен сипатталады. Егер төлем қабiлеттiлiгiнiң коэффициентi 1-ге тең болса немесе 1-ден көп болса, ол кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi бар екенiн көрсетедi. Егер коэффициент 1-ден төмен болса, талдау процесiнде төлем құралдарының жетiспеушiлiгiнiң себептерiн анықтау керек.
Төлем құралдарының сомасын анықтау мәселесi бойынша әр түрлi көзқарастар бар. Төлем құралдарына ақша құралдарын, қысқа мерзiмдi құнды қағаздарды жатқызған жөн, себебi олар ақшаға тез айналады және тез өткiзiледi, дебиторлық қарыздың бiр бөлiгiн жатқызуға болады.
Жедел мiндеттемелер құрамына ағымдық пассивтер кiредi, яғни өтеу керек болатын қарыздар және мiндеттемелер: банктiң қысқа мерзiмдi несиелерi, қысқа мерзiмдi қарыздар, кредиторлық қарыз және басқа да пассивтер.
Төлем құралдарының жедел мiндеттемелерден көп болуы кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiнiң бар екенiн сипаттайды. Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiнiң болмауын банкте есептiк шотта және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке бережақ мерзiмiнен асып кеткен несиелердiң, қарыздардың болуы, қаржы органдарына қарыздардың болуы, енбекақы төлеу бойынша мерзiмдi бұзу т.б көрсетедi.
Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi қысқа мерзiмдi талдау жүргiзген кезде нақты көрiнедi (апта, жарты ай).
Төлем күнтiзбесi аналитикалық есептеме мәлiметтерi, банк выпискалары, төлемдер жеделдiгiнiң картотекасы т.б мәлiметтер негiзiнде құралады. Мұндай есептесулер күн сайын немесе 3-5 күнде бiр рет және тағы да басқа уақыт өлшемiнде жүзеге асырылады. Есептесулердiң периодтылығы кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiк жағдайынан тәуелдi болады. Егер ол тұрақты болса, есептесулердi сирек жүргiзуге болады, ал егер тұрақсыз болса жиi өткiзу керек. Ағымдық төлем қабiлеттiлiгiн талдау кезiнде сандық көрсеткiштерден басқа, сандық өлшемi жоқ, сапалық сипаттамаларды да зерттеу керек. Олар кәсiпорынның қаржылық икемдiлiгiнен тәуелдi деп сипатталады.
Қаржылық икемдiлiк - төтенше жағдайларға байланысты ақша құралдары түсiмiнiң күтiлмеген үзiлiстерiне кәсiпорынның қарсы тұру қабiлетiн сипаттайды.
Ол акционерлiк капиталды ұлғайту, активтердi сату және қайта орналастыру, өзгерiп тұрған жағдайларда өмiр сүру үшiн, кәсiпорын қызметiнiң сипатын және деңгейiн өзгерту қабiлеттiлiгiн көрсетедi.
Кәсiпорынның ақша құралдарын қарызға алу қабiлеттiлiгi әр түрлi факторлардан тәуелдi және тез өзгередi.
Ол кәсiпорынның табыстылығы, тұрақтылығы, көлемi, саладағы жағдаймен, активтер құрылымы, капитал құрылымымен анықталады. Ең алдымен ол несие нарығының өзгерiсiнiң жағдайы және бағыттары сияқты сыртқы фактордан тәуелдi. Қарыз алу қабiлеттiлiгi ақша құралдары қажет болған кезде және кәсiпорынға қысқа мерзiмдi несиелердi ұзарту керек болған жағдайда ақша құралдарының негiзгi көзi болып табылады.
Кәсiпорынның қаржылық икемдiлiгiне баға беру кезiнде оның вексельдерiнiң, облигация және артықшылығы бар акциялардың рейтингi, активтердi сату шектеулiлiгi, шығындардың кездейсоқтық дәрежесi, өзгерiп тұрған жағдайларға тез бейiмделу қабiлеттiлiгi (мысалы, сұраныстың төмендеуi, материалдармен қамтамасыз ету көздерiнiң жойылуы) есепке алынады.
Ағымдық (қысқа мерзiмдi) төлем қабiлеттiлiк тар түсiнiк, себебi ол перспективаға бағытталмайды. Кәсiпорынның перспективтi (ұзақ мерзiмдi) төлем қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн (бiр жылдан астам) өтiмдiлiктiң динамикалық, статикалық көрсеткiштерi қолданылады.
Динамикалық көрсеткiштердiң бiрi өнiм өндiруден (қызмет көрсету) түскен табыстың орташа ағымдық пассивтерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшiн алымында қарастырылып отырған мерзiмде есептiк счет бойынша дебеттiк айналымды алуға болады (шарттық үлесiмен), ал бөлiмiнде осы периодтағы ағымдық пассивтердiң орташа қалдықтары алынады. Осы берiлген есептеуде алымы балансты құру мерзiмiне емес, ал белгiлi мерзiмге ақша құралдарының ағымын көрсетедi.
Нарықтық экономиканың теориясы және тәжiрибесi төлем қабiлеттiлiгiнiң терең және детальды талдауы үшiн қолданылатын басқа да көрсеткiштер белгiлi. Олардың iшiнде пайда және ақша табу қабiлеттiлiгi үлкен мәнге ие, себебi осы факторлар кәсiпорынның қаржылық денсаулығын анықтау үшiн қажет.
Ақша табу қабiлеттiлiгi дегенiмiз кәсiпорынның болашақта өз қызметiнен пайда алу қабiлеттiлiгi. Осы қабiлеттiлiктi бағалау үшiн ақша құралдарының жеткiлiктiлiк коэффициентi және олардың капитализациясы талданады.
Ақша құралдарының жеткiлiктiлiк коэффициентi кәсiпорынның күрделi шығындарын жабу үшiн, айналым құралдарының өсiмi және дивидендтер төлеу үшiн, ақша табу қабiлетi. Циклдық және басқа да кедергiлердiң әсерiн болдырмау үшiн алымында және бөлiмiнде 5 жылдың мәлiметтерi алынады.
Өнiм сатудан түскен табыс (1)
Кжа=
Күрделi шығындар + төленген дивидендтер+айналым құралдар өсiмi
Ақша құралдарының жеткiлiктiлiк коэффициентi 1-ге тең болса, ол кәсiпорынның сыртқы қаржылындыруға келмей-ақ, өзi қызмет ететiнiн көрсетедi.
Ал егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, кәсiпорынның өз қызметiнiң нәтижелерi есебiнен дивидендтер төлеуге және өндiрiстiң қазiргi деңгейiн ұстап тұруға қабiлетсiз екенiн көрсетедi. Ақша құралдарының жеткiлiктiлiк коэффициентi кәсiпорынның қаржылық қажеттiлiктерiне инфляция әсерiн және талдау тереңдiгiнiң бағыттарын бейнелеу мүмкiн екендiгiн ескеру қажет. Ақша құралдарының капитализациясы (Кка). Кәсiпорынның активтерiне салынатын инвестиция деңгейiн анықтау кезiнде қолданылады және келесi формула бойынша есептеледi:
өнiм сатудан түскен табыс - төленген дивидендтер (2)
Негiзгi корлар + алғашқы құны бойынша
Как= басқа активтер +
Инвестициялар +
таза айналымдағы капитал

Ақша құралдарының капитализация деңгейi 8-10 % шамасында жеткiлiктi деп есептеледi. Кәсiпорынның перспективтi төлем қабiлеттiлiгiн анықтау үшiн өтiмдiлiктiң көрсеткiштерi кең қолданылады. Олар кәсiпорын активтерiнiң ақша құралдарына айналу жылдамдығын және дайындығын көрсетедi.[29]
Өтiмдiлiк - кәсiпорын мiндеттемелерiнiң оның активтерiмен өтелу дәрежесiмен анықталады, активтердiң ақшаға айналу мерзiмi мiндеттемелердi өтеу мерзiмiне сәйкес келедi. Осы айналым қаншалықты жылдам өтетiндiгiнен кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi және несие қабiлеттiлiгi тәуелдi. Басқаша айтсақ, кәсiпорынның өтiмдiлiгi - өз мiндеттемелерiн сәйкес мерзiмде төлеу үшiн қолда бар құралдарын (активтердi) тез мобилизациялау мүмкiндiгi деп айтуға болады.
Өтiмдiлiк кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн көрсетедi және жалпы сома бойынша да, түсу мерзiмдерi бойынша да оның активтерi мен мiндеттемелерiнiң тұрақты теңдiгiн бейнелейдi. Мәнi бойынша кәсiпорынның өтiмдiлiгi баланс өтiмдiлiгiн көрсетедi. Сондықтан, кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн бухгалтерлiк баланс көрсеткiштерiн терең зерттеген жөн.
Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн көрсететiн негiзгi көрсеткiштердiң бiрi оның несие қабiлеттiлiгi. "Төлем қабiлеттiлiк" түсiнiгi "несие қабiлеттiлiк" түсiнiгiне қарағанда кең болып табылады. Төлем қабiлеттiлiк кәсiпорынның барлық қарыздарын есепке алады. Ол кәсiпорынның өзiнiң барлық қарыздарын жабатын, сонымен бiрге алынған банк несиесiн қайтаратын қаржылық жағдайын қарастырады.
Талдаудың келесi этапы - кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгiн анықтау. Нарықтық экономика жағдайында кәсiпорынның қарыздық құралдарының негiзгi көзi болып банк несиесi табылады.
Қазiргi уақытта нарықтық қатынастарды реттейтiн заңдардың әсерiмен мемлекеттiк және коммерциялық банктер жүйесi қалыптасуда. Олар кәсiпорындардың ұйымдық - құқықтық формасына қарамастан, кешендi несиелiк-есептiк және кассалық қызмет көрсетедi. Несиелендiру процесiнде банктер мемлекеттiң нарықтық қатынастарының дамуына, қоғамдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн көтеруге, экономиканы және қаржыны тұрақтандыруға, жақсартуға, ақша массасының деңгейiнен тыс айналымын шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны (тенге) тұрақтандыруға ықпал етуi керек.
Тәртiп бойынша банктер несиенi өндiрiс тиiмдiлiгiн көтерумен, оның ғылыми - техникалық деңгейiн көтерумен, жаңа жоғары тиiмдi өнiм түрлерiн шығаруды ынталандыру, халыққа әр түрлi қызмет көрсету, экспортқа өнiм шығарумен байланысты мақсаттар және шараларға бередi. Банк ұйымдары несиенi коммерциялық негiзде және қайтарымдылық, жеделдiк, төлемдiк, алынған несиелердi мақсатқа пайдалану принциптерiн қатаң сақтау шарттарымен бередi.
Несиелердi беру және оларды қайтарумен байланысты барлық мәселелер қарыз алушы кәсiпорынның және банк арасында несиелiк келiсiм жасасу негiзiнде, банк ережелерiмен және несиелiк келiсiмдермен реттеледi. Несиелiк келiсiмде мiндеттi түрде келесi мәселелер қарастырылады:
несиелендiру объектiлерi;
несиенiң жоспарланып отырған көлемi, оның жұмсалуы;
несиенi беру шарттары және оны қайтару мерзiмi, қарыз алушының қызметiнiң жақсаруына оның тигiзетiн әсерi;
несиенi беру бойынша проценттiк ставкалар, олардың өсуi немесе төмендеуi, төлеу тәртiбi;
қарыз алушының өз мiндеттемелерiн қамтамасыз ету формалары (кепiлдеме т.б);
өндiрiстiк шығындар және материалды запастарды жабуға жеке айналым құралдарының нормативi;
несиенi беру және оны қайтару бойынша екi жақтың мiндеттемелерi, құқықтары және жауапкершiлiгi;
банкке көрсетiлiтiн құжаттар және т.б шарттар.
Несиелердiң қандай мерзiмге берiлетiндiгiне байланысты олар қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болып бөлiнедi. Несиенiң жеделдiгi оны қайтару мерзiмiмен анықталады. Қысқа мерзiмдi несиелер бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiледi, ал ұзақ мерзiмдi несиелер бiр жылдан ұзақ мерзiмге берiледi.
Қысқа мерзiмдi несие кәсiпорынның айналым құралдарының көздерiнiң бiрi болып табылады. Ол кәсiпорынның ағымдық қызметi процесiнде пайда болатын, ақша құралдары жетiспеушiлiгiнде қажеттiлiктi толықтыруға мүмкiндiк бередi. Бiр жылдан көп мерзiмге кәсiпорын күрделi шығындарға несие ала алады.
Бұл жағдайда несие - кәсiпорынның қарыздық қаржы ресурстарының көзi болады және өндiрiстi кеңейтуге, реконструкцияға, жаңа техника еңгiзуге, қымбат құрал-жабдықтар сатып алуға және басқа да мақсатты бағдарламаларға жұмсалады. ҚР-ның Министрлер Кабинетiнiң № 19, 1993 жылдық 7 каңтарында шығарған "Жеке айналым құралдарын толықтыруға бөлiнетiн кәсiпорындарға және ұйымдарға несие беру бойынша қызметтi ұйымдастыру туралы" жарлығына сәйкес ұзак мерзiмдi несиелердiң бiр бөлiгi айналым активтерiн толықтыруға жұмсалады.
Қысқа мерзiмдi несиелер қарызгерлерге №1, 1994 ж 11 ақпанда КР-ның Ұлттық банк басшылығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзiмдi несиелендiру ережелерiн сақтау негiзiнде ұсынылады. Олар несиелендiрудiң iрiленген объектiлерiнiң ағымдық қызметiнiң мақсаттарына берiледi.
Сонымен бiрге несиелендiру объектiлерi:
тауарлардың экспорттық, импорттық операциялары және сыртқы экономикалық қызмет бойынша шығындар;
жеке еңбек қызметiмен айналысатын азаматтардың алатын шикiзаты, материал, құрал-жабдықтар және басқа да мүлкi;
- ломбардтардық кепiлдiк несиелiк операциялары;
- театр, парк, аттракцион т.б ұйымдардың табыстары және шығындары арасындағы уақытша жетiспеушiлiк;
- банк басшылығының қарастыруы бойынша несие объектiсi болып шаруашылықтан тәуелсiз себептер бойынша түсуi кешiгiп отырған дайын өнiм бола алады;
- егер өнiмге тұтынушылыр сұранысы болса, осы шартпен, келiсiм- шарттарға қарсы, өнiм шығару көлемiн ұлғайту;
- өнiм өткiзуге келiсiм-шарты бар, өнiмдi түсiру үшiн транспорт құралдарының уақытында жеткiзiлмеуi, келiсiм-шарттарды бұзатын, ұқыпсыз төлеушiлерге өнiм түсiрудi тоқтату.
Есептесулер негiзiнде жоспарланып отырған жылға өнiм өндiру, өткiзу көлемi, баға және тарифтер өзгерiсiн есепке ала отырып соңғы жылдарда кредиторлық қарыз және несие бойынша пайда болған қарыздардың жоспарланған есептiк көрсеткiштерi болу керек. Жыл бойы бұл есептеулер банк және қарыз алушының өзара келiсiмi бойынша нақты дұрысталады. Банктер қарыз алушының жеке қаржы көздерiнiң (айналым құралдары, еркiн қорлар) өсiмi қарқынына бақылау жасағаны жөн, қаржы көздерiнiң қарқыны несие салымдарының көбею қарқынынан қалыспауы керек.
Несиелендiруге алынбайды:
- транспорттық қиыншылықтар үшiн, өнiмдi жiберудi кешiктiрумен байланысты туындаған уақытша өнiмнен басқа, дайын өнiмнiң нормадан тыс қалдықтары;
- өткiзумен қамтамасыз етiлмеген немесе шектеулi өткiзудегi дайын өнiм қалдықтары;
- аяқталмаған өндiрiстiң нормадан тыс қалдықтары;
- сезондық қалдықтардан және өндiрiстiң жоспарлы тоқтап қалуы (құрал - жабдықтар жөндеуi т.б дәл себептер) есебiнен болған жинақтардан басқасы;
- бiр жылдан астам қозғалыссыз сақталып тұрған жылдық қажеттiлiктен көп өндiрiлген немесе әкелiнген тауар-материалды құндылықтар;
- қажет емес, артық, қиын сақталатын және қолданылмайтын тауар-материалды құндылықтар;
- сақтау шарттары сақтандыруды камтамасыз етпейтiн тауар-материалды құндылыктар, ол құндылықтардың бұзылуына немесе жойылуына әкелуi ыктимал;
- несиелiк келiсiмде қарастырылған мерзiмiнен жолда көп жүрiп қалған материалды құндылықтар, материалдар;
- өнiмнiң өзiндiк құнына кiрмеген немесе ағымдағы табыс есебiне және т.б көздерге кiрiстiрiлмеген, шығындар сметасынан асып кеткен шығындар;
- уақытында өңделмеген, алдыңғы жылғы ауыл шаруашылық шикiзатының запастары;
- түсiрiлген тауар, дайын өнiм және аяқталмаған өндiрiске жататын өнiмнiң өзiндiк құнының өсуi.
Несие алу үшiн қарызгер өзiнiң негiзделген жазбаша арызымен банкке барады, онда несиенi жұмсаудың мақсаты, оның пайдалану мерзiмi, қайтарудың нақты мерзiмi, сомасы көрсетiледi.
Сонымен бiрге несиелендiрiп отырған шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиiмдiлiгi көрсетiледi. Осы уақытта ол банкке арыз-мiндеттеме ұсынады, ол банктен несиелiк шот ашу үшiн қажет. Банкте несиелiк шот есептiк счет ашылған жерi бойынша ашылады.
Несие алу үшiн қарызгер, несиенi пайдалану мерзiмiнен тәуелсiз, банкке келесi мәлiметтер ұсынады:
- несиелендiрiп отырған шараның техникалық-экономикалық негiзделуi, жоспарланып отырған шығындар, айналым активтерiнiң қозғалысы және өнiм өткiзуден күтiлiп отырған түсiм есептемелерiн қоса;
- бухгалтерлiк және статистикалық есептемелер, пайда және шығындар туралы есептеме, табыс туралы декларация және қарыз алушының несие қабiлеттiлiгiн, қаржылық жағдайын анықтау үшiн т.б мәлiметтер;
- банк тәжiрибесiнде қабылданған формалар бойынша несиенi уақытында қайтаруды қамтамасыз ететiн мiндеттемелер (жедел мiндеттеме, кепiлдiк мiндеттеме, кепiлдеме, сақтандыру куәлiгi).
Қажет болған жағдайда сол жерде алдын-ала тексеру жүргiзiп, қарызгердiң қаржылық-шаруашылық қызметi жөнiнде аудиторлық ұйымның қорытындысын талап ете алады.
Басқаша айтсақ, кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгi - несие алу құқығы және мүмкiндiгi. Ол кәсiпорынның бұрын алған несиелерiмен есептесу нақтылығымен, ағымдық қаржылық жағдайымен және қажет болған жағдайда әр түрлi қаржы көздерiнен ақша құралдарын мобилизациялау мүмкiндiгiмен бейнеленедi. Несие қабiлеттiлiгiн талдаудың мақсаты-қарыз алушының сапалы бағасын беру, клиенттiң несиелiк келiсiм шарттарына сәйкес қарызға алған құралдарын қайтару дайындығын және қабiлетiн алдын-ала анықтау, несиелiк салымдардың мақсатын және несиелендiру облысында банк мақсатын және қарыз алушы арасындағы қатынастарды әрi қарай дамыту (жалғастыру, несиелендiрудi тоқтату, жауапсыз қарызгерлерге санкциялар қолдану).
Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгiн талдаудың негiзгi мiндеттерi:
1) кәсiпорынның қаржылық жағдайын анықтау;
2) қарыз алушының тиiмсiз шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде несиелiк ресурстарды жою қаупiнiң алдын алу;
3) қарыз алушы кәсiпорынның тиiмдiлiгiн көтеру бағытында қызметiн ынталандыру;
4) несиелендiру тиiмдiлiгiн көтеру.
Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгiн бағалаудың негiзгi тәсiлi оның ресми бухгалтерлiк есептемесiн талдау болып табылады. Оған сүйенiп, банк келесi жағдайларды бағалайды:
1) кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн және өтiмдiлiгiн;
2) айналым құралдарының және алынған несиенiң пайдалану тиiмдiлiгiн;
3) өтiмдi құралдармен барлық қарыздық мiндеттемелердi жабу;
4) шаруашылық айналымда жеке айналым құралдарының бiрi;
5) кәсiпорын тиiмдiлiгi.
Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгiнiң бағасы динамикада және белгiлi бiр мерзiмде жүзеге асырылады.
Банк мекемелерi төмен тиiмдiлiгi, тұрақсыз қаржылық жағдайы бар қарызгерлермен несиелiк қатынастарды ұйымдастыру мәселелерiн қарастырғанда, аса ұқыпты болу керек, себебi несие беру банк үшiн тәуекелдiлiк деңгейiн көтередi. Несие қабiлеттiлiгiн бағалаған кезде банктер кеңiнен өтiмдiлiктiң жалпы коэффициентiн қолданады.
Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, банк төлем қабiлеттiлiгi жоқ кәсiпорынмен iсi болады және несие тек айрықша шарттарда берiледi. Ал егер бұл коэффициент деңгейi 1-1,5 деңгейiнде болса, қарызды уақытында қайтарудың белгiлi бiр тәуекелдiлiгi болады, ал коэффициент деңгейi 1,5-тен жоғары болса, несиенi қайтару кепiлдiгiнiң қамтамасыз етiлуi жеткiлiктi болып саналады.
Нарықтық қатынастарға көшу несиеге сұранысты кеңейттi, бұл өз алдына несиенiң берiлуiнiң шарттарын күшейте түседi. Сондықтан несие қабiлеттiлiгiн талдаған кезде өтiмдiлiктiң көрсеткiштерi және тиiмдiлiк деңгейi емес, сонымен бiрге айналым құралдарының айналымдығы, айналым құралдарының бар болуы, өткiзудiң өсу қарқыны, өнiм көлемi өсiмiнiң қарқыны және банк несиелерiнiң өсiм қаркынының қатынасы, несие бойынша мерзiмiнен асып кеткен қарыз сомасы және мерзiмi, есептiк шот жүргiзуде белсендiлiк (кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгiн көрсетедi және клиенттiң несие қабiлеттiлiгiн анықтайтын факторлардың бiрi) сияқты экономикалық көрсеткiштер қолданылады.
1.3 Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін көрсеткiштер

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру жайлы
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы және жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік
Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер
Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері. Қазақстан - Каспийшельф ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау
Компанияның ақша қаражаттары
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Пәндер