Туристік жорықтар, саяхат сұрақ-жауап түрінде



Бір ж\е екі күндік қонумен ұйымдастырылған,яғни демлаыс күндердегі жорықты демалыс күнгі жорық деп атайды.Бұндай жорықтар көбінесе қатысущшылардың демалу және сауықтыру мақсатымен ұйымдастырылады. Сонымен бірге оқу мақсатымен жаттығу мақстаымен (спорттық) ұйымдастыралыады.Демалыс күнгі жорық атақты әрі массалық шара болып табылады.ОЛ демалыс күні ұйымдастырылады және турист үшін алғашқы мектеп болып табылады. Ол ұзақ жорықтарға дайындаудың маңызы.Бқл жорықтарда бастаушы турист бірінші жорық өмірімен танысып ,бірінші әдеттерді алып физикалық дайындығын жоғарлатады. Жорыққа қалаушылардың барлығы қатыса алады.. Көпкүндік жорық рекреайиялық және спорттық та бола алады. Көпкүндік категориясы жоқ жорықтар ол танымал маршруттармен физикалық кұшті қалпына келтіретін және өз аймағымен жақын танысу үшін ұйымдастырылады. Тур жорықтар сонымен қатар қиындық категориясына сай бөлінеді. I, II, III, IV, V. I - V категориялы жорықтар көбінесе каникул және кезекті демалыс кезінде ұйымдастырылады. Жорық қатысушыларының үйлесімді құрамын алдын ала орнатқан маңызды. Тәжірибеде жасалғандай топ санының құрамы 10-15 адаммен шектелген дұрыс. ( бір күндік саяхатқа 20 адамнан артық адам болу қажет ). Адама саны кедергіде табиғи ептілікті сақтап қозғалыс графикасын , жылдам жеңуді қамсыздандырады . Табиғатта белсенді демалушылардың үлкен көлемдегі адам санынан паралельді топтар жасауға болады. Және кез келгенге дене тәрбие коллектив секциясында топты құру қиын емес себебі олардың құрамы мен қызуғышылықтарына қарай бөлуге болады.Ең қиыны жорықты бір бірін танымайтын адамдар тобынан құрған егер де бір күндік сапар болса да.Көбінесе жорықтар алдын ала жазудың және хабарландырудың (газет журналдардағы) және көшеде ілінген афишалар бойынша орындалады.
Жорық басшысы топ тізімін жасаған кезде адамдардың кейбір критерийлеріне сай таңдайды; физикалық дайындығы бірдей ұтымды сандық құрамы анықтап жабдықталғандығын анықтап қатысышылар арасында жүкті бөледі(азық туліктерді де).
Демалыс күнгі жорықтың ережесі негізгі ол түнеусіз және қоғамдық тамақ даярламау, қаржы мүлдем жұмсалмайды тек транспортқа ақшадан басқа. Топтық жабдықтар.Ізденген тәжірбелі басқарушы жорық басында өзіне көмекшілерді яғни асудан өткен кезде басқа адамдарға көмектесу үшін көмекшілірді алады.Бірнеше км ден кейін жорыққа қатысушының физикалық дайындық дәрежемін байқауға болады. Егер демалыс күнгі жорық бірнеше күнге созылатын болса қонағасымен онда әр қатысушыға міндеттерін бқлу керек.Топ басқарушысы мен оның көмекшісінен басқа шаруашылық меңгерушісі болуы міндетті. Топ ішіндегі міндеттер.Алдымен міндеттерді тағайындау қажет.Топ жетекшісі топтың дайындығы мен спорттық шынығуын басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұқсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет.Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орындағандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет.Шаруашылық меңгерушісі (завхоз) тамақ пен жабдықталуға жауап береді, олардың есебін жүргізеді, жүктерді (тамақ пен құралдарды) рюкзактар бойынша таратады, ас мәзірін (меню) жасайды, жолда ас қорын толтыру мәселесін шешеді.Қазынашы жорық алдында ақша жинайды, оны өзі сақтайды немесе сақтау үшін туристердің арасында таратады. Барлық қаржы есебін жасайды.Санинструктор (фельдшер) дәрі қобдишасын қалыптастырады, оны алып жүреді. Санитарлық-гигиеналық ережелер орындалуын қадағалайды, қажет болса, ағашқы медициналық жәрдем береді.Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады. Фотограф немесе сүретші жорықты толығымен фото немесе сүретпен көрсетеді.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
5 Блок ТЕХТАК
1.Демалыс күнгі жорықтарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

Бір ж\е екі күндік қонумен ұйымдастырылған,яғни демлаыс күндердегі жорықты демалыс күнгі жорық деп атайды.Бұндай жорықтар көбінесе қатысущшылардың демалу және сауықтыру мақсатымен ұйымдастырылады. Сонымен бірге оқу мақсатымен жаттығу мақстаымен (спорттық) ұйымдастыралыады.Демалыс күнгі жорық атақты әрі массалық шара болып табылады.ОЛ демалыс күні ұйымдастырылады және турист үшін алғашқы мектеп болып табылады. Ол ұзақ жорықтарға дайындаудың маңызы.Бқл жорықтарда бастаушы турист бірінші жорық өмірімен танысып ,бірінші әдеттерді алып физикалық дайындығын жоғарлатады. Жорыққа қалаушылардың барлығы қатыса алады.. Көпкүндік жорық рекреайиялық және спорттық та бола алады. Көпкүндік категориясы жоқ жорықтар ол танымал маршруттармен физикалық кұшті қалпына келтіретін және өз аймағымен жақын танысу үшін ұйымдастырылады. Тур жорықтар сонымен қатар қиындық категориясына сай бөлінеді. I, II, III, IV, V. I - V категориялы жорықтар көбінесе каникул және кезекті демалыс кезінде ұйымдастырылады. Жорық қатысушыларының үйлесімді құрамын алдын ала орнатқан маңызды. Тәжірибеде жасалғандай топ санының құрамы 10-15 адаммен шектелген дұрыс. ( бір күндік саяхатқа 20 адамнан артық адам болу қажет ). Адама саны кедергіде табиғи ептілікті сақтап қозғалыс графикасын , жылдам жеңуді қамсыздандырады . Табиғатта белсенді демалушылардың үлкен көлемдегі адам санынан паралельді топтар жасауға болады. Және кез келгенге дене тәрбие коллектив секциясында топты құру қиын емес себебі олардың құрамы мен қызуғышылықтарына қарай бөлуге болады.Ең қиыны жорықты бір бірін танымайтын адамдар тобынан құрған егер де бір күндік сапар болса да.Көбінесе жорықтар алдын ала жазудың және хабарландырудың (газет журналдардағы) және көшеде ілінген афишалар бойынша орындалады.
Жорық басшысы топ тізімін жасаған кезде адамдардың кейбір критерийлеріне сай таңдайды; физикалық дайындығы бірдей ұтымды сандық құрамы анықтап жабдықталғандығын анықтап қатысышылар арасында жүкті бөледі(азық туліктерді де).
Демалыс күнгі жорықтың ережесі негізгі ол түнеусіз және қоғамдық тамақ даярламау, қаржы мүлдем жұмсалмайды тек транспортқа ақшадан басқа. Топтық жабдықтар.Ізденген тәжірбелі басқарушы жорық басында өзіне көмекшілерді яғни асудан өткен кезде басқа адамдарға көмектесу үшін көмекшілірді алады.Бірнеше км ден кейін жорыққа қатысушының физикалық дайындық дәрежемін байқауға болады. Егер демалыс күнгі жорық бірнеше күнге созылатын болса қонағасымен онда әр қатысушыға міндеттерін бқлу керек.Топ басқарушысы мен оның көмекшісінен басқа шаруашылық меңгерушісі болуы міндетті. Топ ішіндегі міндеттер.Алдымен міндеттерді тағайындау қажет.Топ жетекшісі топтың дайындығы мен спорттық шынығуын басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұқсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет.Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орындағандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет.Шаруашылық меңгерушісі (завхоз) тамақ пен жабдықталуға жауап береді, олардың есебін жүргізеді, жүктерді (тамақ пен құралдарды) рюкзактар бойынша таратады, ас мәзірін (меню) жасайды, жолда ас қорын толтыру мәселесін шешеді.Қазынашы жорық алдында ақша жинайды, оны өзі сақтайды немесе сақтау үшін туристердің арасында таратады. Барлық қаржы есебін жасайды.Санинструктор (фельдшер) дәрі қобдишасын қалыптастырады, оны алып жүреді. Санитарлық-гигиеналық ережелер орындалуын қадағалайды, қажет болса, ағашқы медициналық жәрдем береді.Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады. Фотограф немесе сүретші жорықты толығымен фото немесе сүретпен көрсетеді.

2.Жорық құрал-жабдықтарын таңдау және даярлау.

Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады.
Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуге оңай болуы, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.
Палаткалардың талай түрлері болады: 1, 2, 3, одан да көп орындық; жеңіл каркас арқылы құрылатын, бір-екі таяқпен орнастырылатын. Палаткаларға қойылатын талаптар мынадай: олар жеңіл және жинауға оңай болуы қажет, су өткізбейтін (ол жөнінде этикеткасында қанша мм жауын-шашын шыдайтыны жазылады, мысалы, 500 мм, 2000 мм т.с.с.), мықты, тынысты тарылтпайтын және көп орын алмайтын болғаны дұрыс.Сонымен қатар, топтық құрал-жабдықтарға әртүрлі ас пісіретін саймандар кіреді: жандырғы, газ немесе бензин, таған, үлкен ыдыстар, ожау, кәкпір, пышақ, тақтай, үгіткіш, ыдыс жуатын құралдар, күрек, ара, балта, жөндеу саймандары, дәрі қобдишасы және т.б. Кейбір жағдайда, әсіресе коммерциялық турларда, көшпелі әжетхана да болуы мүмкін. Ұйқы қаптары (спальные мешки) жеңіл және жылы материалдан жасалады: синтепон, құстың мамығы (ең жылысы. Рюкзактар,Аяқ киім,Киім.
Арнайы құралдарға түрлі сақтандыру және спорт түрлеріне байланысты құралдар жатады. Альпеншток - жүрген кезде сүйенетін және жолды қарастыратын таяқ. Альпеншток жиналған кезде қысқа болады, ал жүргенде ұзартылады. Мұзшапқыштар қар мен мұздың үстінде жүргенде қолданылады. Мұзшапқыш сап пен үшкір және жалпақ ұштарынан тұрады. Арқан өткізу үшін бір-екі тесігі бар. Мұзшапқышты жоғалтып алмауға арналған бүлдіргесі бар. Мұздықта сақтандыру үшін кошки, мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер (айс-фифи) қолданылады. Мұз бен жартасқа өрмелеу үшін арқан, карабиндер, жумар, тас ілгектері, сегіздік сияқты саймандар қолданылады. Басты тастың құлауынан сақтау үшін мықты каска қолданылады. Байланыс жасау және дабыл соғу үшін ракетница болуы керек.
Жөндеу саймандары:Сумка, Жеңіл пассатижи (тістеуік),Әртүрлі жұмсақ сым,Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент,Қайрақ, үш қырлы егеу, Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка,БФ желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі,Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер,Тігін материал салатын қорапша,Түйреуіштер, рәзіңке, қысқыш.
Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары: 1) тізім жасау,2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру,3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау. Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек (пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.


3.Тау жер бедерінің элементтері және таудағы бағдарлау.
Жер бедері (рельеф) дегеніміз - әртүрлі көлем мен кескінмен сипатталатын жер қыртысының дөң мен ойпат жерлерінің жинағы. Құрлықта жазық ойпаттар (200 м дейін), биікке көтерілген үстірттер мен жайпақтаулар (2000 м және одан да жоғары) және шұғыл да ірі биіктік айырмашылықтарымен сипатталатын таулар (7000 м - 8848 м дейін) орналасады.
Шығу тегі бойынша таулар тектоникалық, жанартаулық, эрозиялық тауларға бөлінеді. Тау жыныстарының экзогендік факторлар әсерінен ыдырауы үгілу деп аталады, ал үгілген жыныстардың тау беткейінен төмен жаққа тасымалдануы - денудация.
Жер бедердің қалыптасуы тау жыныстарына байланысты. Мығым тау жыныстары жер бедердің биік жерлерін қалыптастырады. Әктас пен доломиттер тік құлайтын қабырғаларды түзейді. Бұл қабырғалар аз тілімделген, тік бұрышты жұмыр кескінді келеді. Балшық тақтатастардан, мергельден тұратын жер бедер формалары ті қабырға қалыптастырмайды. Қатты тілімделген, нобайы жұмсақ, жайпақ болады. Гранит пен гнейс бірқалыпты түрде үгілмейді; беткейлері тік, адыр-бұдыр, көрініп тұратын жондарды, жоталарды қалыптастырады.
Көлеміне байланысты жер бедері макрорельеф (жер бетінің өте ірі формалары: тау жоталары, жайпақтаулар және т.б.); мезорельеф (жер бедердің ірі бөліктері: шатқалдар, аңғарлар, жон, т.б.); микрорельеф (жер бедердің ұсақ формалары) болып бөлінеді.
Жер бедер формалары мен элементтері.
Таулар немесе таулы аймақтар - тектоникалық үрдістердің нәтижесінде пайда болған, тілімделген және биіктіктің шұғыл айырмашылықтарымен сипатталатын, жер бетінің биікке көтерілген үлкен аймақтары.
Тау қыраттары - басым бөлігінен биік көтеріліп тұрған жоталары мен массивтері бар ауқымды жайпақтаулар (Тибет, Памир, Армян қыраты және т.б.). Беткей - таудың жоғарыдан төмен қарай орналасқан кең жағы. Беткейлер профилінің көлбеуі мен формасына қарай тік, ойыс, томпақ және сатылы болады. Тау етегі мен беткейінің жанында орналасқан топографиялық беттің бүгілген жері тау табаны деп аталады.Тау жоталарының пішіні түзу, жайпақ, үшкір, ара тәрізді (sierra) болуы мүмкін. Аласа, орташа және биік таулар түсініктері толығымен анықталған жоқ. Арасындағы шекаралар (әдеттегі көрсеткіштер 1000 м және 2000 м) биіктігі таулы өлкенің орналасуына, ең алдымен ендігіне байланысты. Мысалға, Поляр маңындағы Орал тауында (ең биік шыңы 1895 м) орта тау мен биік тау шекарасы 2000 метрден әлдеқайда төмен жатыр.Тау бөктері (предгорья) - таулар мен тау жүйелерінің шеткі аласалау өңірлері. Адырлы немесе таулы келеді.Шоқы ( пик) - үшкір шың.Шың - таудың ең биік нүктесі. Шыңдардың талай түрлері: шоқы, ине, тіс, мүйіз, мұнара, пирамида, конус, күмбез, үстел тау болады.Тау массивы - биіктік айырмашылығы шамалы келетін таудың бөлек тобы.Тау жотасы - ұзынынан-ұзақ түзілген, ойпаттар және асулармен бөлінген тау шыңдарының тізбегі. Беткейлері сайлармен тілімделген.Тау тізбегі - бірнеше ұзын тау жоталарының тобы.Таулар тобы - басқа тау топтарынан терең және енді аңғарлармен бөлінген таудың дербес тобы.Қырқа, жота - тау жотасының қарама-қарсы беткейлерін қосатын сызық. Жоталар үшкір, жайпақ, ара тәрізді (испан тілінде сьерра) болады.Жартас мойнағы (перемычка) - екі шағын төбенің (жандармның, шағын шыңның) арасындағы жота бөлігі. Асу - жотаның ең төмен жері, жотадан екі жаққа қарай төмендейтін аңғарларды қосатын, бір аңғардан екіншіге өтуге жеңілдеу тұсы.Таудың қыры - тау шыңы тұсындағы қысқа жон, негізгі жотадан басталатын екінші дәрежедегі жота.Бірінші жағдайда туристер компас, жұлдыздар, карта бойынша бағдарлау әдістерін қолданады. Бағдарлау құралдары - топографиялық карта, компас, GPS қондырғылары және т.с.с. өзеннен өткен кезде сақтандыру әдісі ретінде туристердің горизонталды арқан бойымен жүргендегі өз-өзін сақтандыру әдісі қолданылады. Осыған орай су туризміндегі бағдарлау негізі - картаны оқып, өзеннен көрініп тұрған бағдарларды танып біліп өзен ағысы бойымен жүзу болады. Топографиялық картамен бірге су туристері бағдарлау құралы ретінде лоцияны пайдаланады. Лоция дегеніміз өзеннің навигациялық ерекшеліктері (жағалау сипаттамасы жазылған өзен ағысының күрделі жерлері, өзен арнасындағы кедергілер және олардан өту әдістері) нақты көрсетілген белгілі бір өзенде кемелерде жүзуге арналған нұсқау. Керісінше, шаңғы туризмінде желінің жолы әдетте анық көрііп тұрмайды. Маршрут бойынша дұрыс қозғалу үшін туристер бағдарлаудың барлық әдістері мен құралдарын, жергілікті жердегі барлық мүмкін болатын бағдарларды пайдаланады.

4.Белсенді туристік жорықтың материалдық-техникалық жабдықталуы.
Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады.Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуге оңай болуы, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет. Палаткалардың талай түрлері болады: 1, 2, 3, одан да көп орындық; жеңіл каркас арқылы құрылатын, бір-екі таяқпен орнастырылаты, және т.б. Палаткаларға қойылатын талаптар мынадай: олар жеңіл және жинауға оңай болуы қажет, су өткізбейтін (ол жөнінде этикеткасында қанша мм жауын-шашын шыдайтыны жазылады, мысалы, 500 мм, 2000 мм т.с.с.), мықты, тынысты тарылтпайтын және көп орын алмайтын болғаны дұрыс. Пайдаланған кейін палатканы тазартып, жақсылап кептіріп дұрыс жинақтау керек. Егер кеппеген күйінде жинап қойса, палатка шіріп кетеді. Орнатқан кезде қазықтар қолданылады: олар жеңіл материалдан жасалынуы керек. Палатканы құмда орнатса, қазықтары ұзын болуы керек. Егер қазық жерге қадалмаса, палатканың шеттерін жіп өткізіп таспен бекітеді. Сондықтан әрқашан бір бума жіңішке жіп пен пышақ алып жүру керек. Кейде су өтіп кетпеу үшін үстіне жабатын полиэтилен қолданылады. Сонымен қатар, топтық құрал-жабдықтарға әртүрлі ас пісіретін саймандар кіреді: жандырғы, газ немесе бензин, таған, үлкен ыдыстар, ожау, кәкпір, пышақ, тақтай, үгіткіш, ыдыс жуатын құралдар, күрек, ара, балта, жөндеу саймандары, дәрі қобдишасы және т.б. Кейбір жағдайда, әсіресе коммерциялық турларда, көшпелі әжетхана да болуы мүмкін. Ұйқы қаптары (спальные мешки) жеңіл және жылы материалдан жасалады: синтепон, құстың мамығы (ең жылысы). Кейде екі-үш қапты біріктіріп бірге ұйықтауға болады. Қаптың ішіне тазалық сақтау үшін ақжайма салып қоюға болады. Қапты мүмкіндікше суламай сақтау керек.Рюкзактар жүк тасуға ыңғайлы болуы керек. Жақсы рюкзак болса салмақ ортасы төмен орналасады, ауыртпалық иыққа емес, арқа мен белге түседі. Жүрген кезде рюкзакты түзеп жүру мүмкіндігі болуы қажет. Жүкті рюкзакқа дұрыстап арту керек: еш нәрсе арқаға батпау керек, ауыр жүк түбінде, жеңілдері және жолда керек болатындары үстінде орнатылады. Рюкзакқа жүк артқанда заттарды нығыздап салу керек; еш нәрсе салбырлап, сылдырлап, шайқалып тұрмау керек, рюкзак қозғалыс кезінде былқ етпегені дұрыс. Аяқ киім жорық қиындығына, жыл мезгіліне, ауа райы жағдайына сәйкес болуы керек. Қалың шұлық сиятындай, үлкенірек аяқ киім алған жөн. Аяқ киім мықты, материалы мүмкіндікше гортекс, табаны тайғанамау үшін жақсы протекторы болса дұрыс. Қатты аяз болса арнайы екі қабатты сырты пластик бәтіңке кию керек (мысалы, кофла), ұйқы қабына аяқ киім шешпей жата береді. Аяқ киімді кептіргенде ұлтарағын суырып алып бөлек кептіру керек, ішіне қағаз тығып кептіреді. Ешқашан оттың жанында кептіруге болмайды: аяқ киім бүрісіп қатып кетеді де ертеңіне аяқ қажалады. Шұлықты да оттың жанында кептіруге болмайды: синтетикалық жіптер балқып қатып қалады да аяқты қажап жаралайды.
Киім климат жағдайына сәйкес болуы керек. Міндетті түрде бірнеше іш киім, бірнеше жеңіл және қалың шұлық, қолғап, күн өткізбейтін бас киім, жылы бас киім, қара көзілдірік, екі-үш көйлек (футболка), желден қорғайтын күртке, жылы (құс мамық) куртка, түрлі шалбар мен шорты, плавки, т.б. болуы керек. Арнайы құралдарға түрлі сақтандыру және спорт түрлеріне байланысты құралдар жатады. Альпеншток - жүрген кезде сүйенетін және жолды қарастыратын таяқ. Альпеншток жиналған кезде қысқа болады, ал жүргенде ұзартылады. Мұзшапқыштар қар мен мұздың үстінде жүргенде қолданылады. Мұзшапқыш сап пен үшкір және жалпақ ұштарынан тұрады. Арқан өткізу үшін бір-екі тесігі бар. Мұзшапқышты жоғалтып алмауға арналған бүлдіргесі бар. Мұздықта сақтандыру үшін кошки, мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер (айс-фифи) қолданылады. Мұз бен жартасқа өрмелеу үшін арқан, карабиндер, жумар, тас ілгектері, сегіздік сияқты саймандар қолданылады. Басты тастың құлауынан сақтау үшін мықты каска қолданылады. Байланыс жасау және дабыл соғу үшін ракетница болуы керек. Жөндеу саймандары: Сумка,Жеңіл пассатижи (тістеуік), Әртүрлі жұмсақ сым, Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент, Қайрақ, үш қырлы егеу,Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка,БФ желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі, Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер, Тігін материал салатын қорапша
Түйреуіштер, рәзіңке, қысқыш.
Су туризмі. Бәтіңкенің орнына - кроссовки, тапочки, рәзеңкеленген матадан жасалған етік-шалбар. Сонымен қатар, міндетті түрде, құтқару жилеті, құтқарушы гидрокостюм. Соңғы жылдары қорғау-құтқару костюмы (ЗСК) және шлем (каска) қолданылады. Су туризміне арналған шағын кемелер: байдарка, катамаран, үрмелі қайықтар, сал. Байдарка - жеңіл, жіңішке, ескек тұтқасы (уключина) жоқ қайық, толқыны үлкен емес өзендер мен көлдерде жүзуге арналған. Бір (каяк), екі, үш орынды байдаркалар болады. Ескекшілер алға қарап екі қалақты ескекпен қайықтың екі жағынан кезекпен жұмыс істейді. Байдаркалар тегіс немесе құрылатын байдарка болады. Құрылатын байдарка қаңқалы, қаңқалы-үрмелі, үрмелі болады. Қаңқалы байдарка (каркасная) 3 дәрежеге дейінгі су саяхаттарында жиі қолданылады, мысалы, 1-, 2-, 3 орынды Таймень.Ең қолайлы байдарка - Э.Космачевтің КНБ-81 қаңқалы-үрмелі байдаркасы. Б. ұзындығы 450см, ені 75см, биіктігі 30см, салмағы 12кг. Толық жүк көтеру қабілеті 500кг, пайдалы - 220кг.
Су слаломы үшін каноэ қолданылады. Каноэ тегіс (ағаш діңі немесе фанера, пластмассадан жасалған), құрастырылған каноэ (қаңқасын рәзеңкеленген матамен орайды) және үрмелі болады. Катамаран (бірге байланған бөренелер деген тамил сөзінен) - үстінгі жағында қосылған екі параллелді корпустан тұратын кеме. Су туризмінде үрмелі катамарандар қолданылады. Әрбір корпусы - үрмелі гондола, бір-бірімен қатты қаңқамен байланған. Экипаж 2-4 адамнан тұрады, каноэ сияқты, ескекшілер бір қалақты ескектермен жұмыс істейді. Ең жиі кездесетін мөлшерлері: екі кісілік каноэ - ұзындығы 3,1-3,3м, ені 1,5-1,6м, қалтқының ең үлкен диаметрі 45-48см, көлемі 730-770л. Сал (плот) - бір-бірімен қосылған бірнеше бөренеден, бөшкеден, үрмелі баллоннан, т.с.с. тұратын жүзетін платформа. Әдетте ағыс бағытымен жүзеді. Ағысқа қарсы немесе қиғаш жүзу керек болса, ескек немесе түбіне тірелетін ұзын таяқтар қолданылады. Сал құрамы: став (корпус) алдыңғы және артқы подгребица мен 2 гребень - салды ағыста жылжыту үшін. Қазіргі кезде қаңқалы үрмелі салдар қолданылады. Сал мен катамаран буданы - честер. Оның құрамына алды мен артында ағысқа көлденең орналасқан 2-4 гондола бар. Честер өлшемдері: 4,5х2,2м, гондоланың диаметрі 0,8, ұзындығы 3,2м, кеме мөлшерлері 5х3,2м. Құрастыруы оңай, жарты күн ішінде дайын болады. Ескек, лақтыру ілмегі. Лақтыру ілмегі (бросательный конец) жағалаудан сақтандыру жасауға арналған құрал. Ұзындығы 25-30м, диаметрі 6-8мм капрон репшнуры. Алыстан көрінетін бояумен боялған қапта жатады. Қаптың түбінде диаметрі 10-12см, қалыңдығы 5см пенопласт шайбасы бекітіледі.Шаңғышы. Саяхат үшін ені 10 см дейін шаңғы қолданылады. Ұзындығын анықтау үшін адамның бойына (см) оның салмағының жартысын (кг) қосу керек. Бәтіңкесі 2 размер үлкен болу керек. Аяқ киімнің ішіне қар кіріп кетпеу үшін арнайы шұлыққа ұқсайтын бахилы (фонарики) қолданылады, ұзындығы 40 см. Міндетті түрде бірнеше жылы киім болу керек. От жағатын саймандар: примустар, газ немесе бензин, желден қорғайтын және жандырғы жылуын сақтайтын шыны талшығы бар мата (стеклоткань) болу керек.
Коммерциялық қиын емес треккинг (10 клиент, 20 қызметкер) болса, екі 8 литрлік, 3 бес литрлік кастрюля жетеді. Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі негізгі (10-12 мм) арқан, 10м репшнур [жіңішке (8 мм) арқан], 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница. Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, жөндеу саймандары, безмен (таразы), сағат.Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары: 1) тізім жасау;2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек (пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.
Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді.
Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуге оңай болуы, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.
Топтық:
1. Үш орындық палатка - 3-4 шт
2. Палаткаға қазықтар - 2-3 компл.
3. Палатка астына төсегіштер
4. Конистрлер - 2 шт
5. Шелек - 1 компл.
6. Туристік балта - 2 шт
7. Қос қолды ара - 2 шт
8. Сіріңке - 3 қорап
9. Дастархан - 2 шт
10. Планшет - 1шт
11. Фонариктер(қосымша батарейкаларымен) - 2-3 шт
12. Компас
13. Бинокль
14. Фотоаппарат
15. Медициналық қобдиша
16. Негізгі арқан - 50м
17. Репшнур - 50м
18. Карабин
19. Жумар
20. Мұз жарғыш
Бивак үшін ыңғайлы кең жер, отын мен су керек. Қатты желі жоқ ық орын болса жақсы, бірақ шағатын жәндіктер көп болса, жел есетін жерді таңдау қажет. Жылдың суық мезгілінде бивакты күннің көзіне, күн ыстық болса көлеңкеде орналастырады. Мүмкіндікше шығысқа қарай ашық орын іздеген жөн: күн ерте шығып дымқыл палаткаларды кептіріп үлгереді. Пана ретінде ірі жартастарды, үңгірлерді, құлаған ағштарды пайдалануға болады. Ең алдымен таңдаған орын қауіпсіз болу қажет. Өзеннің аласа жағалауында, аралдарда, тартылып кеткен өзендердің арналарында, тар шатқалдар мен каньондардың түбінде су тасқыны қауіпі себебінен бивак орнатуға болмайды. Жай түсу (найзағай) қауіпі болғандықтан асуларда, жоталарда, шыңдарда тоқтауға болмайды. Бивак жанында кесіле бастаған, шіріген, тесіктері бар ағаштар болмау керек: жел соқса олар құлауы мүмкін. Түнеу орнын қараңғы түспей орнату керек. Бір адамға 2х0,75 м жер болса ыңғайлы болады. Жылы маусымда ең оңай жасалатын баспана жіңішке ағаш пен матадан жасалған күрке болады. Мата не пленка болмаса құры ағаштан да жасауға болады. Шырша немесе қарағай бұтақтарын шифер сияқты салу керек, сонда су күркенің астына ақпай сыртына қарай кете береді.
Батпақ немесе дымқыл жерде баспананы (күркені) жер бетінен сәл көтеріп орнату керек. Қысты күні орнын қардан босатып 4-5 сағат отпен жылтады; -15 градустан жылы болса 2 сағат жеткілікті. Жататын жердің астына шырша, қарағай бұтақтарын, ұсақ тал өсімдіктерін төсеу керек. Қатты қарды кірпіш сияқты қылып кесіп үйшік (иглу) жасауға болады.

5. Белсенді туристік жорықтың топографиялық жабдықталуы. Туристік жорықтың топографиялық жабдықталуы.
Топографиялық дайындық деп картаны оқып қажетті өлшеулер жасауға, жорық пен жарыстарда бағдарлануға, керек саймандар мен құралдарды пайдалануға мүмкіндік беретін білім, істей білу және дағдыларды қалыптастыруды айтамыз. Карта жасау үшін әртүрлі математикалық проекциялар қолданылады. Жерді ңформасы шар, элипс. Проекцтялардың негізгі 3 түрі бар: целиндрлік, конустық, азимуттық. Ал карталардың негізгі түрлері: жалпыгеографиялық карталар, арнайы карталар.
Топографиялық карталар жалпыгеографиялық карталар қатарына жатады. Онда жер бедерң, өсімдік жамылғысы, гидрография, елді-мекендер және де т.б. әртүрлі жасанды объектілер көрсетіледі. ОЛбъектілер масштабты және масштабтан тыс шартты белгілдермен бейнеленеді. Топографиялық карталардың белгілі бір масштабтық қатары бар:

1:1000000
1:500000
1:200000
1:100000 Топографиялық карталар
1:50000
1:25000
1:10000

План: 1:5000 1:2500 Картаның бір бетін номенклатурамен белгілейді.
λ - бойлық φ - ендік у - шартты түрде батысқа 500 км-ге ығыстырылған әрбір зонаның орталық меридианнан алынған арақашықтығы.
Топографиялық картада жасанды жер бедері қара түспен, табиғи қоңыр түспен белгіленеді.
Азимут - солтүстік бағытпен берілген зат арасындағы бұрыш.
oo Географиялық азимут
oo Магниттік азимут
Дирекциялық (бағыттаушы) бұрыш Топографиялық карталардағы масштаб түрлері
Топография негіздері. Масштаб түрлері
oo Сандық: 1: 10000, 1:25000, 1:500000 т.с.с.
oo Атаулы: 1 сантиметрде 500м және т.с.с.
Сызықтық План мен картада жер бетіндегі объектілер өзінің нақтылы мөлшнерінен әлденеше есе кішірейтіліп көрсетіледі.
План мен карта жасау үшін нақтылы табиғи бетіің орнына оның жазықтықта кішірейтілген кескіі алынатыны белгілі. План немесе карта жасау үшін жер бетіндегі сызықтардың горизанталдық кішірейіп алыну дәрежесін масштаб дейді.
Масштаб сандық, сызықтық және атаулы болып 3-ке бөлінеді:
Масштаб түрлері
oo Сандық: 1: 10000, 1:25000, 1:500000 т.с.с.
oo Атаулы: 1 сантиметрде 500м және т.с.с.
oo Сызықтық
Сандық масштаб - бөлшек санмен белгіленеді. Бөлшектің алымы әр уақытта 1-ге тең деп алынады. Ал бөлімі планда жергілікті жердегі горизантальді барлық қашықтықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Бөлімі неғұрлым үлкен болса, масштаб соғұрлым ұсақ болады. Сызықтық масштаб. Сандық масштабты пайдалану пратикада көп уақытты қажет етеді. Ал сызықтық масштабты қолдану жеңілірек, әрі жылдамырақ болады Сызықтық масштаб екіге бөлінеді: жай сызықтық масштаб және көлденең масштаб. Жай сызықтық масштабты сызу үшін горизанталь түзу сызық сызылады да, оның бойына бір немесе бірнеше см өзара тең кесінділер салынады. Бұл өзара тең кесінділер масштабтың негізі деп аталынады Орограф масштаб - тауларда Горизантальдар - биітігі бірдей сызықтарды қосады. Берхштрих - төмен қарай қарап тұрады.

Топографиялық карталарда ара қашықтықты өлшеу Арақашықтықты өлшеуге арналған топографиялық карталардың майысқан, өшірілген, үзілген, бүктелген жерлері болмауы керек. Картаны тегіс бетке орналастырып бекіту қажет, мысалы: сызба тақтаға немесе плпншеттің бетіне. Топографиялық картадағы арақашықтықты өлшеу үшін қарапайым сызғыш, циркуль өлшеуіш немесе курвиметр қолдаылады. өзендердің, жолдардың, шекаралардың және т.б. сызықтар қисық болғандықтан, олардың ұзындықтарын өлшегенде қарапайым сызғыш қолданымайды. Нгізінен бұл ұзыдықтарды циркуль өлшеуіш немесе курвиметрді қолдана отырып өлшегенде өте қолайлы. Мұда циркуль-өлшеуіш инесі үшкір болуы шарт, циркульдің аяғы бүгілген кезде нүктеге сәйкес келіп бір жерге ғана қадалады.

6. Тауда саяхат жасау техникасы мен тактикасы.
Туристердің техникалық-тактикалық дайындығы туристік іс-әрекеттің ең маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Туризм техникасы - күрделі ұғым. Оның ең қарапайым анықтамасы - туризм техникасы туристік міндеттерді тиімді түрде орындау үшін қолданылатын техникалық әдістер мен құралдар жиынтығы деп айтамыз.
*Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.
*Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдау орындарын көздеп табу керек. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.
*Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.
*Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалануға болады.
*Үнемі үш тіреу болу керек, жүогенде тек бір мүшені ғана жылжыту керек.
*Көбінесе аяқтап жүрген жөн, ал қолды тірек ретінде қолдану керек. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін салмақ ауырға түседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.
*Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет
*Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.
*Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.
Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту (техника)
Тау, жаяу туризміндегі табиғи кедергілер. Асу, су кедергілері, шатқалдар, каньондар, ну орман, үйінділер, мұздықтар, қар, фирн, жартастар.
Техникалық табиғи кедергілер туризмнің әрбір түріне бөлек анықталады.
Жаяу туризмінің кедергілері: батпақтар, ну орман-тоғайлар, өзендерден өту, шөпті беткейлер.
Тау туризміндегі негізгі кедергілер - асулар мен мұздықтар. Сонымен қатар, қар, фирн, жартастар, су кедергілері және т.б.
Соқпақпен жүру ережелері. Жүрген кезде бір ырғақты сақтау керек. Тамыр соғуы тоқтағаннан кейін (5-6 мин) қалпына келуі тиіс, шынықпаған адамдікі - 8-10 мин. Жазық жерде рюкзакпен жүргенде жылдамдық 3,5-4 кмсағ болады. Топ созылмау керек. Жүріс жылдамдығы ең артта қалатындардың жылдамдығынан аспаған жөн, сондықтан алда келе жатқан кісі қатты асықпауы қажет және де дәл жетекшінің соңында топтың ең әлсіздерін қою керек. Топ қатты созылып кетсе, тоқтап, арттағыларды күту керек.
Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ жол. Тар шатқалда келе жатқанда тас көшкіні болатын жерлерді анықтау керек. Өте қауіпті болса, алдында байқаушы тәжірибелі адамды қою керек. Көшкін басталса немесе тас домалап келе жатса, қатты дауыстап: Тас! - деп айқайлайды.
Жүрген кезде аяқтың өкшесін толық басып жүрген жөн. Беткей тік болса, қиғаштап жүру. Жүрісті жеңілдету үшін альпеншток қолданған артық емес. Жартас үстіндегі шөпті беткейге бармаған дұрыс, себебі - мұндай жерде аяқ тайғанап кетуі мүмкін.
Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады. Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді болады. Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады, кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк, қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес.
Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар болады - бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек.
Қар түрлері өте көп: дымқыл қар, үлпілдеген жұмсақ қар, біраз жатып тығыздалған қар және т.б. Бірнеше жыл жатқаннан кейін қар қатты тығыздалады, оның құрылымы өзгеріп ол фирнге айналады. Фирн - мұзға әзірше айналып кетпеген қардың тығыздалып өзгерген түрі болып табылады. Фирн таудың биік жерлерінде, мұзды, өңірінде қалыптасады.
Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:
1. Бағыт - су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды
2. Беткейге еңкеймей тұру керек.
3. Тәңертең жүрген жөн.
4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.
5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.
6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.
7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.
8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.
9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. (Кошки деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары үшкір құрал аталады)
10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып тұру керек.
11. Көлбеуі 30 аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады - өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады. Ол үшін топ мүшелері тізбекпен, арқан қолданып жүргшені дұрыс.
12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға) болмайды.
Қарлы жер бедерімен қозғалу қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы - тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай жағдай - жаңа қалың қар түссе де болады. Мұздықтың үстінде қар жатпаса оны ашық мұздық дейді. Мұздың үстінде қар жамылғысы болса ол жабық мұздық. Мұздық үстімен жүріп келе жатқанда қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.
Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын байқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.
Егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе, еңбектеп өту керек.
Тік жатқан мұзға мұзшапқыш қолданып өрмелейді. Табанды жалпағымен қою, шырша әдісін қолдану керек. Одан тік көлбеу ( 25-30) болса, қырындап, мұзшапқышқа сүйеніп шығу керек. Табанын қырынан қою, мұзшапқыштың үшкір ұшын қолданып қиғаштап жүру қажет.
Орташа көлбеу (35-45). Қар көшкіні қаүіпі болмаса, жартылай қырындап, қиғаштап (зигзагпен) өрмелеген жөн. Баспалдақты бәтіңке қырының сыздығымен (рант) ұрып жасау қажетті. Табанын горизоналды, бір біріне параллелді қою керек. Мұзшапқышты беткейге астыңғы ұшымен тіреліп жүреді.
Бұрылыста айқыш-ұйқыш бұрылу керек.
Қардың қабыршағы мықты болмаса (5-10 см), аяқ ішіне кіріп кетсе, қадам сайын қабыршақты сындырып отыру керек.
Көлбеуі тік беткейлер (50-65) тура, үш есепке, беткейге тура қарап, үнемі екі тіреу сақтап міну керек. Екі аяқта тұрып, мұз шапқышты ұшын ағаш тұтқасының жартысына дейін қадау керек (бірінші есеп). Одан кейін, сол аяқта тұрып, шапқыш басын екі қолдап ұстап, оң аяқ ұшымен сол тізе биіктігінде баспалдақ жасау, оған оң аяқты қойып тізені жазу (екінші такт). Оң аяқта тұрып, шапқышты ұстап, сол аяқ ұшымен екінші баспалдақ жасап, оған сол аяқты қою (үшінші такт( және одан әрі сол сияқты).
Траверстер. Беткейді траверс жасап өту дегеніміз - қойдың соқпағы сияқты жайпақ бағыттармен беткейге көлденең жүру: мұндай әдіс қолдансақ, беткейді тік, шұғыл кесіп өтпейміз, жүріс жеңілдейді. Төмен қарай үш есепке түскен жөн, беткейге қарап, үнемі екі жерде тіреліп түседі.
Жартастар. Жартастарда жүру ережелері:
1. Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.
2. Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдау орындарын көздеп табу керек. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.
3. Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.
4. Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалануға болады.
5. Үнемі үш тіреу болу керек, жүогенде тек бір мүшені ғана жылжыту керек.
6. Көбінесе аяқтап жүрген жөн, ал қолды тірек ретінде қолдану керек. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін салмақ ауырға түседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.
Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет
Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.
Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.
Мұз. Мұз беткейінде жүру ережелері:Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері (крючья) болу керек.
Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн
Вибраммен (тайғанамауға арналған протекторы бар аяқ киім) маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.
Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.
Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.
Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі - соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау (екінші аяқты қағып кетпеу үшін)
Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш - аяқ - аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.
Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді - жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.
Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, кезекпен ауыстырып тұру керек.
Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатымен таңдау керек; өрге 45-60 диагональ арқылы көтеріліп, түскен кезде - су ағуы бағытымен тура жүрген дұрыс.
Кошка кисең секірмеуге тырыс.
Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі - кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.
Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе - шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты.
Жайпақ мұз беткейі (20-25дейін). Кошкасыз-ақ жүреді. Тайғанақ болса кошкаларды кию қажет.
Тік емес өр (25-30). Кошкамен тура жүру керек. Шырша әдісін қолдануға болады.
Орташа өр (30-40 ). Қиғаштап, айқыш-ұйқыш жүріп өрмелеу қажет.
Бұрылу.
Тік өр (40-60). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістеріне салмақ түсіріп жүрген дұрыс. Тізені бүгіп, бақайын төмен ұстап, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды - аяқпен көтерілу керек.
Тік өр (50-60). Кәдімгі (тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып жүреді. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тіреліп жүреді.
Мұз қабырғасына өрлеу (80дейін). 12 тісті кошкалар, 2 алдыңғы тісі қалған 10 тісімен тік бұрыш құрады. 2 алдыңғы тіспенен ғана өрлеу керек. Мұзшапқыштың басы оң қолда, сол қолда - мұз ілгектері, оларды кезекпен мұзға қағады.
Тік бұрыш мұз қабырғасы (90). Сатымен, мұзбұрғыш (штопорлық) емесе якорлық ілгектер көмегімен өрлеу керек.
Үшкір мұз қырқасы. Аяқ қырқаның екі жағында, аяқ ұшы төмен қарайды.
Траверс (60 шейін). Қырынан, жақын аяқ ұшын беткейге қаратып алға, екіншісі - төменге, шапқыш дайын тұру керек.
Тік өрдің (60шейін) траверсі. Аяқта тік тұрып, арқаң беткейге қарайды, аяқтың екі ұшы да төмен. Шапқыш ұшын артыңа қадап, аяқты бірінен соң бірін үш есепке жылжыту.
55дейін мұз беткейімен түсу: арқасы беткей жақта, түрегеп тұрып жүреді. Аяқ ұшы төмен қарайды, шапқыш ұшын артында мұзға қадайды.
Өте тік (65) өрден түсу. Тістері бірдей емес кошкаларда бетімен беткейге қарап түсу қажет.
Баспалдақтар жасап жүру
Мұзшапқышты екі қолымен сабынан ұстайды, беткейге жақын қолы оның ұшына жақын болады. Бүлдіргесі (темляк) дұрыс келіп түрса шапқыш салмағы тұтқасын ұстап тұрған қолға емес, бүлдіргеге келіп түседі де саусақтарға жеңілдеу болады.
Баспалдақ жасау. Баспалдақ ені мен ұзындығы топтағы ең үлкен аяқ киімге сәйкес болу қажет. Баспалдақ арасы топтағы ең аласа бойлы спортсменнің қадамынан аспау керек. 50 деін: 45-50қиғаш-жоғарылаумен болады. Беткей сол жақта болса, сол аяқ оң аяқтан жоғары және оның алдында болады. Әрбір цикл екі баспалдақ шабу мен солармен өтуден тұрады. Алдында төменгісін жасайды да одан кейін үстінгісін, ал содан соң төменгісін мұз сынықтарынан тазартады.
Бұрылыс. Бұрышында екі баспалдақ - төменгі бұрылыстық баспалдақ - екі аяқ сиятын орын және үстінгісін әдеттегідей жасайды.
Траверс үшін екі қатар шахмат ретімен жасалады. Баспалдақтың үстінгі қатары (сол аяқ үшін) төменгі қатардан 10-15 см биік жасайды.
Түскен кезде бір қолмен баспалдақ жасайды, ал басқа қолмен одан бұрын жасалған баспалдақты ұстап тұрады.
Құлап бара жатса 1 - екі қолынан шапқышты жібермей, бетін төмен қаратып аударылады; 2 - кошкамен жерге тіреліп қалмау үшін аяқ ұшын көтереді; 3 - шынтақ тұсында бүгілген қолмен шапқыш тұмсығын мұзға шаншып, дененің бар салмағымен оны басады.
Тау туризмінің бірінші қиындық дәрежесіндегі жорықты ұйымдастыру тактикасы мен техникасы. Кеңес Одағында маршруттардың қиындығы бойынша жіктелуі соғысқа дейін басталды. 1990 жылы классификацияға 4000 маршрут болған. Альпинизмде маршруттар жер бедері бойынша жартасты, қар-мұз және түйдектелген (комбинированные) болады. Шыңға шығумен бірге траверстер де жіктеледі. Траверс дегеніміз - кезегімен екі немесе одан көп шыңға бірінен кейін бірі шығу. Шыңдарға шығу мен траверстер 11 дәреже (категория) бойынша бөлінеді: 1б; 2а; 2б; 3а; 3б; 4а; 4б; 5а; 5б; 6а; 6б. Батыс елдерінде 20-жылдарда 6 сатылы Вельценбахтың қиындық шкаласы (Мюнхендік классификация) пайда болды. Ол жалпы түрде қазіргі UIAA халықаралық альпинизм одағының классификациясына сәйкес. Альпі тауларында 1947 жылдан бастап қабылданған классификация алты рим цифрларымен белгіленетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық сауықтыру туризмде туристерді алдын – ала дайындау тәсілдері
«Оқушыларды туристік өлкетану іс-әрекеттері арқылы Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу»
Оқыту технологиясы нені қарастырады
Айқаспалы туристік байлауы
Спорттық туризмнің тактикасы
Қазақстанның туристік келбетін қалыптастыру
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс - тәсілдер негізі
Спорттық-сауықтыру туризмі туралы
Туристік саяхаттың мәні және мазмұны
Пәндер