Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі



КIРIСПЕ


1.1Капитал мен тауарлардың халықаралық қозғалысы
1.2 ҚР.ң төлем балансындағы капитал қозғалысының есебі.


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

2.1Ашық экономикадағы Манделл . Флеминг моделi
2.2 Қазақстан Республикасының экспорт пен импорт қызметтеріндегі кезіндегі протекционизм саясаты


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазiргi жаһандану кезенде әлемдегi барлық елдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болып, әлемдiк шаруашылықты құрып отыр.
Егемендiгiн алғанына аз ғана уақыт болған елiмiздiң де осы әлемдiк экономикада өзiндiк үлесi бар. Елiмiз әлемдiк шаруашылықта рыноктық қатынастағы дамушы ел деп танылуда.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Осы аталған тиімсіз даму формасы болып отырған экономиканың шикізаттық бағытынан экономиканың индустриялы-инновациялы түріне көшу елдің ішкі саясаттарымен қоса, сыртқы экономикалық қатынастары мен әрекеттеріне де тікелей байланысты болып табылады. Себебі, сыртқы сауда, халықаралық капитал қозғалысы, ашық экономика, шетел инвестициялары, капитал және тауардың халықаралық қозғалысы, дамыған елдердің өзіндік ерекшеліктерінің әлемдегі 50 алдынғы қатарлы елдер қатарына кіреміз деп алдыға нық қадам басып отырған Қазақстан Республикасы үшін маңызы орасан зор болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасы сыртқы сауда саясатының тауарлар, шикізат және капитал ағымына әсері” деп алдық.
Осы тақырыпқа макроэкономикалық тұрғыдан келетiн болсақ экономиканы жабық және ашық экономика деп қарастыруға болады. Ашық экономикада негiзгi макроэкономикалық теңдеуге экспорт пен импорт ұғымдары қосылады. Мұның мағынасы бiр елдегi артық тауарлар мен қызметтердiң екiншi бiр сол өнiмдерге сұранысы туып отырған елге экспортталуымен және басқа қажеттi өнiмдердi импорттаумен байланысты болып отыр.
1. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
2. Байгiсиев Майдан-Әли / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
3. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. – Макроэкономика. - Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416с.
4. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.
5. Мэнкью Н.Г. - Макроэкономика. – Москва. - 1994 г. – 630 с.
6. Гальперин В.М. и др. - Макроэкономика. – СПб. - 1997г. - 630 с.
7. Дорнбуш Р., Фишер С. - Макроэкономика. - Пер. с англ. – М.: Изд-во МГУ. - 1997. – 784 с.
8. Микро-макроэкономика. - Практикум. - Под общ. ред. Ю.А. Огибина. – СПб. - 1994 г. - 230 с.
9. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
10. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
11. Кожахмедов Д.Б. “Машиностроение как основа формирования конкурентспособной экономики Қазахстана” // Аль-Пари , №1.2004г.
12. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1.1Капитал мен тауарлардың халықаралық қозғалысы
1.2 ҚР-ң төлем балансындағы капитал қозғалысының есебі.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

2.1Ашық экономикадағы Манделл – Флеминг моделi
2.2 Қазақстан Республикасының экспорт пен импорт қызметтеріндегі
кезіндегі протекционизм саясаты

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КIРIСПЕ

Қазiргi жаһандану кезенде әлемдегi барлық елдер бiр-бiрiмен тығыз
байланыста болып, әлемдiк шаруашылықты құрып отыр.
Егемендiгiн алғанына аз ғана уақыт болған елiмiздiң де осы әлемдiк
экономикада өзiндiк үлесi бар. Елiмiз әлемдiк шаруашылықта рыноктық
қатынастағы дамушы ел деп танылуда.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі
төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс
көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.
Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң
бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң
өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы
үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және
қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Осы аталған тиімсіз даму формасы болып отырған экономиканың шикізаттық
бағытынан экономиканың индустриялы-инновациялы түріне көшу елдің ішкі
саясаттарымен қоса, сыртқы экономикалық қатынастары мен әрекеттеріне де
тікелей байланысты болып табылады. Себебі, сыртқы сауда, халықаралық
капитал қозғалысы, ашық экономика, шетел инвестициялары, капитал және
тауардың халықаралық қозғалысы, дамыған елдердің өзіндік ерекшеліктерінің
әлемдегі 50 алдынғы қатарлы елдер қатарына кіреміз деп алдыға нық қадам
басып отырған Қазақстан Республикасы үшін маңызы орасан зор болып табылады.

Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасы сыртқы сауда
саясатының тауарлар, шикізат және капитал ағымына әсері” деп алдық.
Осы тақырыпқа макроэкономикалық тұрғыдан келетiн болсақ экономиканы
жабық және ашық экономика деп қарастыруға болады. Ашық экономикада негiзгi
макроэкономикалық теңдеуге экспорт пен импорт ұғымдары қосылады. Мұның
мағынасы бiр елдегi артық тауарлар мен қызметтердiң екiншi бiр сол
өнiмдерге сұранысы туып отырған елге экспортталуымен және басқа қажеттi
өнiмдердi импорттаумен байланысты болып отыр.
Меркантелистердiң өздерi елдiң дамуы үшiн iшкi экономикалық
қызметтермен қатар сыртқы экономикалық сауданың орнының ерекше екенiн атап
көрсеткен. Қазiргi халықаралық экономикалық қатынастарда әр ел өзiнiң
экономикалық жағдайына байланысты әлемдiк шаруашылыққа әр түрлi әсер ете
алады. Республикамыз ендi ғана экономикасы жанданып келе жатқан тұста
әлемдiк экономикаға әлi де өз әсерiн тигiзе алмайды. Сондықтан ол әлемдiк
стандарттар бойынша қызмет етедi, яғни экономикалық жағдайы әлемдiк
өзгерiстерге тәуелдi. Ал мұндай экономиканы макроэкономикада кiшi ашық
экономика деп атайды. Осы кiшi ашық экономиканың макроэкономикалық
талдауларын тиiмдi жүргiзiп, тиiмдi қолдана бiлсек елiмiздiң болашағы
жарқын болмақ.
Жұмыстың құрылымына келетін болсақ, бірінші тарауда ашық
экономикадағы капитал және тауарлар қозғалысын макроэкономикалық талдау
және айырбас бағамы, оның негізгі түрлеріне тоқталып кету болып табылса, ал
екінші тарауда Манделл-Флеминг моделі мен Қазақстанның қазіргі сыртқы сауда
жағдайын талдау болып табылады.

СЫРТҚЫ САУДА ЖӘНЕ КIШI АШЫҚ ЭКОНОМИКА

Ашық экономикадағы капитал мен тауарлардың халықаралық қозғалысы

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан
басталады, өйткенi халықаралық экономикалық қатынастардың негiзiн сыртқы
сауда құрайды. Ашық экономиканың маңыздылығы қазiргi уақытта экспорт пен
импорттың көлемi ЖҰӨ деңгейiне, жұмысбастылыққа тiкелей әсер етедi. Бұл
көрсеткiштер жалпы макроэкономикалық теңдестiкке әсерiн тигiзедi.
Экспорттық салалардағы өндiрiстiң өсуi шет мемлекеттерде қарастырылып
отырған мемлекеттiң тауарларына сұраныстың өсуiн көрсетедi, бұл
қарастырылып отырған мемлекеттiң ЖҰӨ көлемiн өсiредi. Керiсiнше, импорттың
өсуi шет мемлекеттердiң тауарына сұранысты өсiредi, бұл жағдай ЖҰӨ көлемiн
кемiтедi. 1, 394 б.
Ашық экономиканың жабық экономикадан ерекшелiгi жабық экономикадағы
макроэкономикалық көрсеткiштерге ашық экономика көрсеткiштерi қосылады.
Мысалы, экспорт пен импорт, әлемдiк пайыз қойылым және айырбас бағамдары.
Ашық экономикада ұлттық табысты есептеу келесi теңдеумен берiледi:
Y = C + I + G + ( EX – IM ) (1)

Мұндағы:
Y - өнiм көлемi;
С – тауарлар мен қызметтердi тұтыну;
I – инвестициялар;
G – мемлекеттiк шығындар;
( EX – IM ) – экспорт пен импорт айырмасы сальдосы. Бұл таза
экспорт N x-тi бередi. 2, 356 б.
N x - ашық экономикадағы негiзгi компонент болып табылады. Ол
мынаған тең деп белгiленедi:
NX = Y – ( C + I + G ) (2)

Бұл теңдеу ұлттық шоттың негiзгi тепе-теңдiгi болып табылады. Мысалы,

Y C + I + G = N x ↑
Y C + I + G = N x ↓
Ендi халықаралық капитал қозғалысы шоты мен ағымдағы операциялар
шотына нақты келетiн болсақ тағыда негiзгi макроэкономикалық теңдеуге
келемiз. 3, 339 б.
Y = C + I + G + ( EX – IM )

Бұдан келесi теңдеудi шығарып аламыз:

Y – C – G = I + NX (3)

Бұл теңдеудiң сол жағы көрiп отырғанымыздай ұлттық жинақты бередi.
Осылайша, ұлттық жинақ iшкi инвестициялар мен таза экспортты қаржыландыруға
жұмсалады.

S = I + NX (4)

Мұндағы:
S – ұлттық жинақ.
Осы көрсеткiштердi теңдiктiң бiр жағына шығарып, нолге теңестiргенде
ағымдағы операциялар шоты мен капитал қозғалысы шотының негiзгi теiдеуi
шығады. 3, 339 б.
( I – S ) + N X = 0 (5)

Бұл теңдеу ұлттық есептегi халықаралық шоттардың байланысын, яғни (
I – S ) капитал қозғалысы шоты мен N X халықаралық тауарлар мен
қызметтер ағымы арасындағы. Мысалы, ( I – S ) оң сальдо болса, онда N X
екеуi нолге тең болу үшiн терiс сальдо болу керек. Бұл жерде екi жағдай
болуы мүмкiн:

1. I S, мұнда инвестиция сұранысы көп, ұсынысы аз дегендi
көрсетедi. I – капитал немесе инвестиция сұранысы, ал S – капитал немесе
инвестиция ұсынысы. Онда екi шара қолданамыз: әлемдiк экономикадан дайын
өнiмдер аламыз немесе екiншi шара қаржыны несиеге аламыз.
2. I S, мұндай жағдайда ұлттық экономикада жинақтар көбейiп,
сыртқы инвестицияларға сұраныс азаяды және экспорт өседi. 4, 512 б.
Кiшi ашық экономикада басты экономикалық шарт әлемдiк пайыз қойылым
r* = r болып табылады. Өйткенi кiшi ашық экономика әлемдiк экономикаға
әсер ете алмайды, сондықтан iшкi пайыз қойылым әлемдiк пайыз қойылымға тең
болу керек.
Ашық экономика моделiнiң шарттары:
1. Y = Y = F ( K, L );
2. C = C ( Y – T );
3. I = I(r);
4. r = r*
Сонда N х тек қана инвестицияға әлемдiк пайыз қойылымның өзгеруiне
байланысты болады. Оны келесi теңдеуден көру болады:

N X = ( Y – C – G ) – I (r*) (6)
Мұндағы:
r* - әлемдiк пайыз қойылымы.
Осы теңдеу жинақ көлемдi және инвестиция көлемiн немесе капитал
қозғалыс шотын және ағымдағы операциялар шотын қандай элементтер
анықтайтынын көрсетедi. Ол ең бiрiншi ұлттық жинақтың бюджеттiк салық
саясатына байланыстылығы. Мысалы, G↑, Т↓ ондай жағдайда ұлттық жинақ S
көлемi де азаяды.
Екiншiден инвестиция көлемi немесе сұранысы көлемi. Бұл көрсеткiш I→
r*. Ендi осыны 1-шi суретте көрсетейiк. 5, 574 б.

r* S

r*

r0 I (r*)

I, S
80 100
Сурет-1 – Инвестиция кiшi ашық экономикадағы негiзгi өзгерiп отыратын
көрсеткiш

Мұндағы:
r0 - iшкi пайздық қойылым;
r* - әлемдiк пайыздық қойылым.
Капитал қозғалысы шотына және ағымдағы операциялар шотына әсер ететiн
факторлар немесе саясаттарына iшкi бюджеттiк салық саясат, шетелде
жүргiзiлетiн бюджеттiк-салық саясаттары және инвестиция сұраныстың өзгеруi
жатады.
1) Iшкi бюджеттiк-салық саясатының әсерi. Мысалы, G↑, T↓ деп алайық.
( Сурет-2) 6, 737 б.
а) G↑ өссе S↓, яғни I S онда N x терiс болып келедi.
ә) T↓ → ( Y – T )↑ → C↑ → S↓ жағдайлары орын алады.
G↑, T↓ - экспанция бюджеттiк салық саясаты, ал G↓, T↑ - рестрикция
бюджеттiк салық саясаты деп аталады. 2, 364 б.
2) Шетелде жүргiзiлетiн бюджеттiк-салық саясаты.
Шетелдiк саясаттар кiшi ашық экономика болғандықтан ұлттық экономикаға
өз әсерiн тигiзедi. Шетелдiк мемлекеттiк шығындар өссе G↑ онда олардың
жинақтары азаяды да, шетелдiк пайыз қойылымы өседi. Ұлттық инвесторлар
сыртқа шыға бастайды, соның есебiнен таза экспорт өседi.

r* S2 - I S1 - I

r1

r=r* I (r*)

I, S
I = S

Сурет-2 – Iшкi бюджеттiк-салық саясатының G↑, T↓ кездегi әсерi

3) Инвестиция сұраныстың өзгеруi. Мысалы, iшкi экономикада мемлекет
салық жеңiлдiктерiн енгiзедi деп есептейiк.

r* S

r1
I2 (r*)
r* I (r*)

I, S
I = S
Сурет-3 – Iшкi экономикада жеңiлдiктердiң енгiзiлуi
Мұндай жағдайда ұлттық экономикада инвестиция деген сұраныс артады,
iшкi пайыздық қойылым көтерiледi, шетелдерден инвестициялар келе бастайды,
жалпы таза экспорт көлемi азаяды. Яғни, I S, r↑, N x ↓. 3, 340 б.
Сыртқы экономикадағы айырбас бағамдары

Халықаралық валюталық қатынастар дегенiмiз – дүниежүзiлiк шаруашылықта
орын алатын валюталық iс-әрекеттер кезiнде қалыптасатын және ұлттық
шаруашылықтар қызметi нәтижелерiнiң өзара айырбасын жүзеге асыратын
қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерi
вексельдiк және айырбастау әрекеттерi түрiнде ежелгi Греция мен Римде орын
алғандығы тарихтан белгiлi. Валюталық қатынастар дамуының келесi кезеңi
ортағасырлық Лион, Антвериен қалаларындағы “вексельдiк жәрменкелер” болып
табылады.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң
басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық
ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда
болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы
валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға
байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң
қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен
бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық
көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының
әрекетiн бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне
тән қызмет етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер
етедi. Басқа факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны
неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының
төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуелдiлiгi
әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың халықаралық
айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
2. Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта
бағамының жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған
деген сұраныс күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта
бағамының төмендеу беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы
мiндеттемелерiн өтеу үшiн борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
3. Әралуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз
мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда
халықаралық, ең алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер
етедi. Пайыз мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын
ынталандырса, оның төмендеуi капиталдардың шекарының арғы жағына
ауысуы дем бередi.
4. Валюталық рыноктағы және алып сатарлық валюта операцияларының
қызметi. Егр қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы
байқалса, онда фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын
нашарлататын мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi.
Экономикалық саясаттағы өзгерiстердi , бағамдық арақатынастардың
ауытқуының валюталық рыноктарын тез сезiнедi;
5. Белгiлi бiр валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесi;
6. Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтарда сенiм дәрежесi. Ол елдегi
экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бiрге валюта
бағамға ықпал ететiн жоғарыдағы қарастырылған факторлармен
айқындалады.
Ашық экономикада айырбас бағамдарының орны ерекше. Айырбас бағамы
атаулы және нақты болып бөлiнедi.
Нақты айырбас бағамы – екi мемлекетте өндiрiлген тауарлардың
салыстырмалы бағалары немесе сауда шарттары болып табылады. Ол келесi
теңдеумен берiледi:
E = e P P* (7)
Мұндағы:
Е – нақты айырбас бағамы;
е – атаулы айырбас бағамы;
Р* - шетелде шығарылған тауардың бағасы;
Р – iшкi бағалар. 2, 347 б.
Мысалы, Р P* = E↑, онда N x ↓ азаяды. E↑ iшкi валюта
құнсызданады. Нақты айырбас бағам көтерiлсе онда бiздiң тауарларымыз
қымбаттайды, импорт көбейедi немесе керiсiнше жағдай болуы мүмкiн.
Атаулы айырбас бағамы (е) – екi елдiң валюталарының салытырмалы
бағасы.
E = e P P*
Мұндағы атаулы айырбас бағамы АҚШ бойынша e = $ теңге, Европа
жүйесi бойынша e = теңге $ болып келедi. Сондықтан экономикада
көбiнесе нақты айырбас бағамын қолданады, өйткенi ол арқылы екi елдегi
тауарлардың салыстырмалы бағалары қарастырылады. 2, 351 б.
Нақты айырбас бағамды анықтайтын факторларға:
1. N x таза экспорт, төлем балансының ағымдағы шоты;
2. N x = S – I;
а) S = Y – C – G;
ә) Инвестиция функциясымен немесе әлемдiк пайыз қойылыммен
байланысты. 6, 443 б.
E N = S - I (8)
Мұнда екеуiн теңестiретiн жерi айырбас бағамы болып табылады.
E S - I

Ұсыныс

E0 N x (E)

N x

Сұраныс
Сурет-4 – Нақты айырбас бағамының тепе-теңдiк нүктесi

Мұндағы:
Е0 – нақты айырбас бағамының тепе-теңдiк нүктесi.
Ендi осы нақты айырбас бағамына әсер ететiн саясаттарды қарастырайық.

1) Бюджеттiк-салық саясаты.
а) Мемлекет жүргiзетiн iшкi бюджет-салық саясаты. Мысалы, мемлекеттiк
шығындар өссiн деп есептейiк. ( Сурет-5)

E S2 - I S1 - I

E1
N x (E)
E0
N x
50 100
Сурет-5 – Нақты айырбас бағамға iшкi бюджет-салық саясаты әсерi
Суреттен көрiп отырғандай мемлекеттiк шығындардың өсуi сәйкесiнше
ұлттық жинақтарды азайтады, соның салдарынан нақты айырбас бағамы өседi,
таза экспорт азаяды. 3, 341 б.
ә) Сыртқы бюджеттiк-салық саясаты. Мысалы, шетелде мемлекеттiк
шығындар көбейсiн деп есептейiк, онда келесiдей жағдай болады. (Сурет-6)

E S1 - I S2 - I

E0

E1 N x (E)

N x
Сурет-6 – Нақты айырбас бағамға шетелдегi бюджет-салық саясаты әсерi

Суреттен көрiп отырғандай, шетелдiк мемлекеттiк шығыстардың өсуi
ұлттық жинақтың өсуiне әкеледi. Соның нәтижесiнде нақты айырбас бағамы
ұлттық экономикада төмендейдi, ал таза экспорт өседi.
б) Халықаралық сауда саясатының әсерi.

E S1 - I

E2
N x (E)
E1
N x (E)
N x

Сурет-7 – Халықаралық сауда саясатының әсерi

Кейде бұл саясатты отандық өндiрiстi қолдау, яғни “протекционистiк”
саясат деп те атайды. Бұл саясаттың негiгзi әдiсi импортты шектеу болып
табылады, ал экспортқа әсерi жоқ. Осылайша импорт азаюы әсерiнен таза
экспорт өседi. (Сурет-7) 5, 574 б.
Көрiп отырғанымыздай протекционизм саясаты айырбас бағамды өсiредi.
4, 561 б.
Валюта бқозғалысының ағымын талдау барысында номиналдық және
нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған. Нақты валюта
бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi бағаларындағы
өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының индекссiн бiлдiредi.
Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталан топға жататын
елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының
өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi.
Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды
және нақты түрде есептеледi.
Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртiптемесiн валюталық бағамды
реттеудiң маңызды құралы болып саналады.
Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның
халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын
талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге
құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға
айырбастауды мейлiнше ырықтандыру. Мұның өзi бiр жағынан балансталған,
екiншi жағынан шетелдiк тауарлар мен валюталар үшiн ашық ұлттық рыноктың
болуын талап етедi. Теңгенiң еркiн ауысатын валюталармен салыстырғандағы
бағамының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшiн дүниежүзiлiк рынокқа
шығудың тиiмдi жолы.
ҚР-ң төлем балансындағы капитал қозғалысының есебі.

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы
ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Төлем балансының ішіне елдің
барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді.
Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына –
операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады.
Елдің экспорттық операциялары елдің импорттарынан артық болған
жағдайда төмен балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда – пассивті
(теріс) сальдоллы деп атаймыз. Оң төмен балансы импортқа қажет шетел
валютасымен қамтамассыз етеді.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1. ағымдағы операциялар сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік
және жеке тұлғалардың)
2. капитал қозғалысының байланысы, ұзақ мерзімді инвестициялар – тікелей
және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы
3. тұрақтандырушы тармақты қорларды қайта бағалау және қозғалысы.
Халықаралық валюта қоры қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері
4. қорлардың соңғы өзгерісі алтын, шетел валютасының, несиелердің
өзгерісі.
Егерде ҚР-ң ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде сауда
жасасаңыз ол төмен бола алмайды. Себебі Ресейде мемлекет белгілеген өзіндік
валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР-ң аумағында сауда жасауға ниет
білдірсе, онда ол төмен құралы ретінде теңге валютасын қолдануы керек.
Мысалы, Қазақстандық компания Ресейде бір компаниясына ұн сатты дейік.
Ресейдегі сатып алушы қазақстандық жабдықтаушыға ұнның құнын теңгемен
төлеуі қажет.
ҚР-ң әлемдік экономика қоғамына тең құқылы мүшесі ретінде енуі үшін басқа
елдердің либералды халықаралық қаржылық капитал қозғалысы тәжірибесіне
сүйенуі керек. Мысалы, егер 1990 жылдары капиталды сыртқа шығару ағымдары,
өнеркәсібі дамыған елдер болатын. Олар негізінен үш ел еді: АҚШ – Батыс
Еуропа – Жапония. Ал Еуропада үлкен экспортер болып – Голландия, Швеция,
Швейцария саналады.
АҚШ инвестицияларды қызықтырудан және капиталды сыртқа шығару
көлемінен лидер болды.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрқты әдеуметтік –
экономикалық дамуды қамтамассыз ету, сыртқы қолайсыз фактроларға тәуелді
болмау үшін Ұлттық Қор құрды.
Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық
қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда
1,4 млрд АҚШ доллардан асып түсті.
Бізде ашық сыртқы сауда саясатынын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық,
2004 жылы сыртқы сауда айналымы келемінің оң сальдосы 7млрд доллардан
асатын 33 млрд АҚШ долларына жетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
негізінен ТМД-ң ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздыңгеографмясы да
біршама тарамдана түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылғы
Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға
шықты.
Жыл басынан бері теңгенің АҚШ долларына шаққандағы номиналдық -----
4,28% құрады.
Биржалық операциялардың қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса
есептегенде 5,5% артып, 575,6 млн долларға жетті. Биржадан тыс валюта
рыногындағы операциялардың көлемі 9,2% артты.
2004 жылғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Кедендік операцияларды жүргізу тәртібі
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Орталық Кедендік орган
Пәндер