Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы туралы



КІРІСПЕ 2
1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру 3
2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудыц көздері. 7
3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары 10
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен белігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алын-ган таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң кемегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді жөне өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытгалған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық, қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нэтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны
ұйымдастыру 3
2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудыц
көздері. 7
3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары 10
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

КІРІСПЕ

1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны
ұйымдастыру

Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін тұрғын үй-
коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа
кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін
ұйымдардың үлкен белігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алын-ган таза
табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру,
қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және
ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды
шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру;
азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен
спортты дамыту: заң кемегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді
жөне өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге
бағытгалған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен
айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік
қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ)
нысанындағы заңи тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде
көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты
пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық, қажеттіліктерді
қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер
мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған
ұлттық табысты қайта бөлу нэтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын
ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы
қатынастары қалыптасады:
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен
және кейбір жағдайларда бюджет алдындагы қаржылық міндеттемелерді
орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын бөлумен жоне орталықтандырумен байланысты жоғарғы
және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, яғни олардың бөлімшелері
арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық — түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері
арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген
қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.б.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң
анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарналарды — кіру және
мүшслік жарналарды телеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір
жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер
бойынша;
коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның қызметін
қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарында қаражаттар беру
жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери
қызметшілердің, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерінің
және т.б.) қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.
Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және
пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарга біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қорлар;
күрделі жұмсалымдардың қорлары;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы
оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет көрсетушілердің
материалдық, әлеуметтік-мөдени және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумен
байланысты қорлар;
негізгі қызметті дамыту қорлары.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың
ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар
қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді,
ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және
қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері
сметалық қаржыландыру (көрсетілген қызметтер мен игіліктердің өтеусіздігі
кезінде) және шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздері (өтеулігі
кезінде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбісі коммерциялық
есеп негізінде көшуде — көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша
сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.
Сметалық қаржыландыру — меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен
мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын
беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы
бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны белу шығыстардың сметасымен
анықталады. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен
қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір
бөлігі қаржылавдырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде
шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді
тұтынушылардың жарналары мен толемдері бағытталуы мүмкін. Ақша қаражаттары
бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспарында -
шығыстардың сметасында қамтып көрсетіледі, негізгі капиталдарды,
материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтерді телеуге, жалақы
беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемеде шаруашылық
немесе коммерция-лық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кіріс-
шығыс сметасында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланады.
Сметалық қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң
қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта
болуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді
қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
Шаруашылық жургізудің шаруашылық-коммерциялық есебі шығындарды
матсриалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-
ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың
қызметгері ақыға көрсстіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім
беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары,
бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті
коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындары пайдаланады. Олар
қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен
қызметтерді өткізе отырып, түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып
түсуі қорланымды құрайды. Бұл кәсіпорындарда қаржы материалдық өндіріс
кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Шыгындардың өзін-өзі өтеу әдісі ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық
қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз
шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі,
бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби машықтар мен білім алу
жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып — үйренудің
курстары мен мсктептері) қолданылады.
Негізінен коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлар, игіліктер мен
қызметтерді өндіру және олармен қамтамасыз етудің қажеттігімен айқындалады,
олардың мазмүны 10.1. бөлімде баяндалған. Қоғамдық тауарлардың белгілі бір
түрлерін өндіруді едөуір ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзіне алады.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық, негізі
өндірістік емес арналымдагы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық
және ақша нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен
мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады.
Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана болады.
Материалдық емес өнім мен кызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын
өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы
жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе
жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолданылады, сондықтан шығындарда
әдетгегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материаддық емес өнім
қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруга болмайды, бірақ
оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріңдегі қызметтер көрсету (жасау) ақша
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, озгеше қаржы қатынастарымен
қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру
процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде
ондірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы
көздері қалыптасады.

2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудыц
көздері.

Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік секторды шығара
отырып) жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай
дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын,
театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді
ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы
қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық
игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен гана
түсіңдірілмейді. Жеңіддік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды,
сарайларды, мүндағы басты критерий — көрсетілетін қызметгердің қогамдық
пайдалылығының дөрежесі. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін
белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.
Коммсрциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру
жоніндегі мемлекеттің іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жоніндегі олардың
үлкен икемділігімен және жеделдігімен түсіндіріледі. Қызметтің коммерциялық
емес түрлерінен алатын пайда немесе табысты пай-даланудың қаржы механизмі,
мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерінің арасында бөлінбейтінін анықтайды.
Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметін пайдаланатын
тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсінетін азаматтар және т.б.)
бағытталады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық пракгикасы басқаша іс-әрекет
етеді; мүнда кәсіпкерлік қызметтен алынған кез келген табысқа, салық
салудың езге де объектілеріне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б.)
сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және
мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, етеусіз берілген мүлік, өтеусіз
негіздегі аударымдар мен қайырымдылық түрінде алған табысы салық салуға
жатпайды.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып
келеді. Оларды бүл құрылымдардың іс-әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу
дәрежесіне қарай топтастыруға болады:
бюджет қаражаттары;
мемлекетгік бюджеттен тыс қорлар;
жаппай шараларға билетгер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім
өткізуден түскен түсім-ақша;
түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келісімшарттарға
сөйкес орындалған жұмыстар менқызметтер көрсеткені үшін түскен қаражат
түсімдері;
мүлікті жалга беруден түскен түсім-ақша;
халықтың қаражаттары;
кадрларды дайындаудан (қайта дайындаудан, біліктілікті артырудан және
т.с.с.) түскен табыс және басқалары.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға
жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджвттің қаражаттары есебінен жүзеге
асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс,
ішінара білім беру жөне денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулсрге
жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражаттар есебінен
қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық
мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды,
тсатрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік
теле-және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға
пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі
көрсетілетін қызметтердсн, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (тусім-
ақша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты
кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның
меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған
шығындарын жабады және ұйымның одан әрі ездігінше дамуына жеткілікті таза
табысты (пайданы) кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық
сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың
қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты
және ұйымның басқа мүлкін жалға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы туралы түсінік
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Мемлекет қаржысының мәні мен қызметтері
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Кәсіпкерлік мекемелердің қаржысын ұйымдастыру
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
Пәндер