Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Бөлім. Екінші деңгейлі банктің бағалы қағаз нарығында атқаратын рөлі мен орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Бағалы қағаз нарығының пайда болуы және нарықтағы банктердің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Екінші деңгейлі банктегі бағалы қағаз операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар операцияларын реттеу және қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
II Бөлім. Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.1 Банктің құрылтай.эмиссиондық қызметінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2. Екінші деңгейлі банктердің қор биржасындағы қызметі ... ... ... ... ... ... ...33
III Бөлім. Банктердің бағалы қағаздарымен опрерацияларының даму перспективалары және мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекемешіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы онжылдықта дүние жүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындарда, халықта осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі -жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі, олар өз несиесіне мемлекеттік иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам рентінде қайта құрудан басталады. Акционерлік қоғамның иесі - акционер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алушы сол қордың иемдеушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке ұйым. Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жекеменшіктендіру чегін акция сату 1994-1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорлар чектерін тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық-құқықтық формасы - акцияонерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру - бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Бөлім. Екінші деңгейлі банктің бағалы қағаз нарығында атқаратын рөлі мен
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Бағалы қағаз нарығының пайда болуы және нарықтағы банктердің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Екінші деңгейлі банктегі бағалы қағаз
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3 Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар операцияларын реттеу және
қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
II Бөлім. Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .31
2.1 Банктің құрылтай-эмиссиондық қызметінің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .31
2.2. Екінші деңгейлі банктердің қор биржасындағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ...3 3
III Бөлім. Банктердің бағалы қағаздарымен опрерацияларының даму
перспективалары және
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .39

I-бөлім. Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығында
атқаратын ролі мен орны
1.1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және элементтері

Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік
қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық
қатынастарға сай өзгерту тек оны жекемешіктендіру арқылы ғана іске асады.
Соңғы онжылдықта дүние жүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру
өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан
жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да
өркендеген нарық жағдайында мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы
өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан
жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру
арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындарда, халықта осындай жаңа
құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.
Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі -жекеменшіктендіру чектерін
(купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі,
олар өз несиесіне мемлекеттік иелігінен алып, жекеменшіктендірілген
меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік
қоғам рентінде қайта құрудан басталады. Акционерлік қоғамның иесі -
акционер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген
кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру
чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады.
Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа
акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың
акцияларын сатып алушы сол қордың иемдеушісінің біреуі болып есептеледі.
Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке
ұйым. Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға,
сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады.
Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және
жекеменшіктендіру чегін акция сату 1994-1995 жылдары өтті. Ол кездерде
көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорлар чектерін
тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа
түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның
жаңа ұйымдық-құқықтық формасы - акцияонерлік қоғамдардың көптеп құрылуына
және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен
облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін
шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру -
бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.
Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа,
нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және
оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл
өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде
қаржы нарығы, банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ.
Нарықтық экономика - адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі
және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүние жүзі
мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.
Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту
- тек ашық нарыққа өту ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік экономикалық
саясаттағы субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.
Шаруашылықты нарық әдістерімен жүргізу қаржы нарығының мол мүмкіндігін
пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы мемлекеттің бүкіл ақша қорларының
жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әр түрлі субъектілерінің сүранысы мен
ұсынысы әсерінен өзгеріп отырады және үнемі қозғалыста болады. Қазіргі
кезде дүние жүзінде АҚШ-тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы
ең үлкен қорларды иемденуде.
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен
алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді
реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік
беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан
астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып,
оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар
нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар - оларды
шығарушылар (эмитенттер) және инвесторлар немесе инвестициялық институттар.
Мемлекет эмитентті заң жүзінде белгілейді. Эмитент - заңды тұлға, ол
мемлекеттік орган немесе жергілікті басқару органы болуы мүмкін. Ал
инвестор (салым иесі) жеке адам немесе заңды тұлға болуына құқылы. Олар
бағалы қағаздарды өз қаржысына сатып алады. Инвестициялық институттар -
заңды тұлға. Олардың ұйымдық түрлері әртүрлі болады, мысалы коммерциялық
банктер, инвестициялық банктер, әртүрлі қорлар. Бағалы қағаз нарығына
қатысушы - заңды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке адамдар мамандығы
туралы аттестат алулары шарт.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар
тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда
анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен
жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені таза ақшаның жетіспеушілігін
әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отьщ.)
Курстық жүмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы
ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Өз кезегінде қаржы нарығы алғашқы және екінші (қосалқы) нарық болып та
бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шыққан қаржы міндеттемелері
орналастырылса, екінші нарықта оның бұрын шыққандары айналымда болады.
Демек, алғашқы нарықта олар сатылады, ал екіншісінде - сатып алынып, қайта
сатылады.
Бағалы қағаздардың екінші реттегі нарығының қайнаған ортасы қор
биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып
алу, сату ісі жүреді. Бұл биржалардың пайда болуы нарықтық қатынастардың
дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге келуі ішкі зат,
ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен
түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері бұлардың биржалық
тауарға ауысуын сипаттайды. Белгілі бір ережелермен сипатталатын ұйымдық
құрылымы саудаласу, нақты сату, тауарды көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік
береді. Биржа мынадай қызметтер атқарады:
- құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды кездестіреді;
- құнды қағаздар курсын тіркейді;
- акция түрлерімен облигацияларға инвестордың қатынастарын жинақтайды;
- бағалы қағаздарды тікелей сату мен сатып алу жүретін орнын
белгілейді. Капиталдың бір саладан (кәсіпорыннан) басқа салаға ауысуының
механизмін зерттейді.
Банктер бағалы қағаздардың эмитенттері ретінде
Бағалы қағаздар рыногындағы банкілік операциялардың түрлері.
Бағалы қағаздар рыногында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде,
бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады және
табыс алу мақсатында өз атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске
асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес бағалы
қағаз дегеніміз белгіленген форманы және міндетті реквизиттерді сақтай
отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік
құқықтарды куәландыратын құжат.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес бағалы қағаз ұғымы бәрінен
бүрын мүліктік құқықты куәландыру тәсілін білдіреді. Дәлірек айтар болсақ,
бағалы қағаздардың іскерлік айналымдағы мақсаты мүліктік құқықтық
қатынастарды растау. Сондай-ақ, бағалы қағаздар тапсыруды және тиісті
құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мәмілелерді жүзеге асырудың
максимальді деңгейіндегі мүліктік құқықтардың айналымын қамтамасыз ететін
құқықтық механизмнің қажеттілігі нәтижесінде пайда болды. Экономикалық
теорияның ережелеріне сәйкес, бұйымдардың шектеусіз мөлшері иелену,
пайдалану және билеу құқықтарының объектісі болып табылатын материалдық
ресурстардың ролін атқарады.
Мұндай объектілерге деген мүліктік құқық мүліктен ажыратылуы және жеке
зат ретінде — бағалы қағаз түрінде болуы мүмкін. Объектілердің әрбір түріне
өз бетінше меншік объектісі бола алатын, сатуға, сатып алуға, кепілге
беруге болатын бағалы қағаздары болады. Мысалы: жерге - ипотекалық куәлік;
жылжымайтын мүлікке — акция, ипотекалық куәлік; өнімге — коносамент,
фьючерстік контракт, товарлық опцион; ақшаға — облигациялар.
Бағалы қағаз — ақша қаражатына және материалдық товарға мүліктік
құқықты растау ғана емес. Оның құндылығы сол бағалы қағазды иеленушіге
беретін құқықтарымен де түсіндіріледі. Бағалы қағаздың иесі өзінің товарын
немесе ақшасын сол бағалы қағаз ақша немесе товардан артық болған жағдайда
ғана бағалы қағазға ауыстырады.
Экономикалық тұрғыда бағалы қағаз — өзінің ерекше рыногында — бағалы
қағаздар рыногында айналымда болатын ерекше товар. Алайда оның бұйымдық та,
ақшалай тұтынушылық та құны болмайды, яғни, физикалық товар немесе қызмет
болып табылмайды.
Бағалы қағаздар сату-сатып алудың және мазмұнына мәміле мен басқа да
заңды айғақтардың негізінде құқықтың бір субъектіден екінші субъектіге өтуі
кіретін азаматтық-құқықтық айналымның объектісі болады.
Осылайша, құқықтық және экономикалық ұғымдарды біріктірер болсақ,
төмендегідей анықтама аламыз: яғни, бағалы қағаздар дегеніміз — мүліктік
объектіге қатысты, материалдық та, материалдық емес те тәсілдермен расталуы
мүмкін, сонымен қатар, азаматтық-құқықтық айналымның жеке-дара объектісі
ретінде бола алатын құқық.
Заңмен бағалы қағаздардың мынадай түрлері бекітілген:
1. Акциялар.
2. Облигациялар.
3. Ипотекалық куәліктер, коносаменттер және бағалы қағаз құзыретіне ие
болатын құжаттардың басқа да түрлері.
4. Құнды қағаздар.
5. Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан
Республикасы аумағында өкілді орган бекіткен тәртіпте айналымға жіберілген,
шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары.
6. Бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасының заңдарымен танылған
басқа да түрлері.
Бірақ бағалы қағаздарды осылайша болу жалпы сипатқа ие, себебі, біздің
мемлекетімізде корпоративті бағалы қағаздар және мемлекеттік бағалы
қағаздар бар. Сонымен қатар, заң бағалы қағаздардың қор құндылықтары
ретінде қаралатындарын ғана қалдыра отырып, төлем құжаттарын (чек, вексель,
банкілік сертификаттар және т.б.) бағалы қағаздардан бөліп қарастырады.
Корпоративті бағалы қағаздар — мемлекеттік емес заңды тұлғалар
шығаратын қағаздар. Іс жүзінде бағалы қағаздардың кейбір түрлері
корпоративті де, мемлекеттік те болады (Мысалы: облигациялар).
Бағалы қағаздардың жеке түрлерін талдап шығайық. Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша акция дегеніміз — иесіне акционерлік
қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамның
істерін басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам жойылған жағдайда оның
мүліктерінің бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Осы
бағалы қағазға тән белгісі — оны тек акционерлік қоғам ғана шығарады және
Жарғылық қорға қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2-
мамырда шыққан Шаруашылық серіктестіктері туралы заң күші бар Жарлығы
акциялардың екі түрін жәй және басымдылығы бар акцияларды шығару
мүмкіндігін бекіткен.
Жәй акция бойынша оларды иеленушілерге қоғамның тапқан табысына қарай
дивидендтер төленеді. Қарапайым акцияны иеленушінің акционерлердің жалпы
жиналысында дауыс беру құқығы бар, ол басқару органдарын және ревизиялық
комиссияны сайлауға, бақылауды іске асыруға және іскерлік саясатты бекітуге
қатысады,
Басымдылығы бар акцияны иеленуші табыс мөлшеріне қарамастан,
кредиторлардан кейін, бекітілген дивидендтер алуға, сондай-ақ, заңды тұлға
таратылған жағдайда оның мүлкін бөлуге қатысуына басым құқығы бар. Бұл
акцияларды иеленушілердің Жарғымен басқаша көзделмесе, акционерлік қоғамды
басқаруға қатысу құқығы болмайды. Қазақстан Республикасының заңдарына,
сәйкес, облигация дегеніміз — оны иеленушінің облигацияны шығарған
тұлғадан, онда көрсетілген мерзімде облигацияның номиналдық құнын немесе
мүліктік эквивалентін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация
сонымен қатар, оны иеленушіге облигацияда көрсетілген облигацияның
номиналдық құнының бекітілген процентін немесе басқа да мүліктік құқықтарды
алуға құқық береді. Облигациялардың мынадай түрлерін шығаруға болады:
а) Ішкі мемлекеттік және жергілікті заемдардың облигациялары.
б) Заңды тұлғалардың облигациялары.
Заңды тұлғалардың облигацияларын Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үш
жыл аралығында шығынсыз жұмыс істеу шартымен шығара алады. Алайда,
облигациялардың мөлшері эмитенттің Жарғылық қорының мөлшерінен аспауы
керек.
Облигициялар бір тұлғаның атына, ұсынушы тұлғаға, процентті және
процентсіз, еркін айналымдағы және шектеулі айналымдағы деп шығарылуы
мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары заңды тұлғаларға бағалы қағаздар
шығаруға және олармен операциялар жүргізуге шектеулі мүмкіндік береді. Бұл
қатынастардың ерекшелігі бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың басым
көпшілігінде қаржылық-құқықтық реттеуді қолданудың қажеттігіне нұсқайды,
себебі, бағалы қағаздардың кейбір түрлері мемлекеттің қаржылық қызметінің
өнімі ретінде, ал олармен жасалатын операциялар мемлекеттің қаржылық
операциялары болып табылады. Осы тұрғыда мемлекет бағалы қағаздардың
эмиссиясын жүзеге асырады және олардың эмитентінің ролін атқарады.
Бағалы қағаздармен болатын қатынастар қаржылық-құқықтық сипатта болса,
міндетті субъектісі мемлекет болып табылатын, біржақты ерікті сипатқа ие
болады.
Бағалы қағаздар қаржыларды тартудың құралы және сонымен қатар,
қаржылық ресурстар салымының объектісі ретінде қарастырылады. Бағалы
қағаздар товарлық өндіріс пен рынок принциптеріне негізделетін экономиканың
маңызды элементі болып табылады. Бағалы қағаздардың айналымы ақша
айналымына келіп тіреледі, тіпті, кейде, оның құрамдас бөлігін құрайды.
Біріншіден, ақшаны бағалы қағазға және керісінше, бағалы қағазды ақшаға
айналдыру оңай; екіншіден, бағалы қағаздың кейбір түрлері ақша орнына жүруі
мүмкін, яғни, оларды төлем құралы ретінде қолдануға болады.
Бағалы қағаздар рыногын реттейтін қазіргі күші бар заңдарда бағалы
қағаздардың классификациясы берілген. 130-баптың екінші бөлімі бағалы
қағаздарды ұсынбалы, ордерлік және атаулы деп бөледі. Ал, Бағалы қағаздар
туралы заңның 4-бабы бастапқы және туынды бағалы қағаздар деп қарастырған.
Жоғарыда келтірілген классификациялаудан басқа атаулы заңның 7-бабы бағалы
қағазды шығару тәсіліне қарай да классификациялайды.
Бағалы қағаздарды классификациялаудың түрлері көп және олардың
негізінде әр түрлі белгілер жатады. Бағалы қағаздарды меншік құқығының
объектісі ретінде қарастырайық. Бұл жерде аталған құжаттардың қозғалатын
бұйым ретіндегі айналым процесіне көңіл аудару керек. Осы тұрғыдан алғанда
негізгі екі белгісі бойынша классификациялаудың құқықтық маңызы зор.
Бағалы қағаздар абстрактылы және казуальді деп бөлінеді. Мұндай
бөлудің түп-тамырына бағалы қағазды айналымға шығаруға негіз болатын заңды
айғақ пен бағалы қағаз арасындағы байланыс жатады. Нақты айтар болсақ:
бағалы қағаздың мазмұнында сол бағалы қағаздың пайда болуының шарттары
көрсетілуі қажет.
Классификацияның екінші түрі бағалы қағаздарды тәсіл негізі бойынша
болу болып табылады. Аталған негізге бағалы қағазды иеленушінің
өкілеттігінің расталуы жатады.
1) Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды
ұсынушыға тиесілі болады. Осылайша, ұсынбалы бағалы қағазда нақты тұлғаның
аты-жөні жазылмайды, тек қана осы құжат ұсынбалы бағалы қағаз екендігі
көрсетіледі.
2) Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған
адамға тиесілі болады. Ал ол бұл құқықтарды Азаматтық кодекстің 132-бабының
3-тармағында көрсетілген тәртіп бойынша берген жағдайда — басқа құқықты
адамға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағаз өкілетті субьект болып
табылатын нақты бір тұлғаның атына беріледі. Борышқор бастапқы иесі құжатты
кімге берсе сол тұлғаға қатысты міндеттемені іске асыруы тиіс. Ол
индоссамент деп аталады және борышқорға бағалы қағазда көрсетілгеннің
барлығын белгілі бір тұлғаның пайдасына атқарылуын бұйырады.
3) Атаулы бағалы қағазбен куәландырыдған құқықтар онда аталған адамға
тиесілі болады, яғни, атаулы бағалы қағазбен талап ету құқығы осындай
бағалы қағазда оның меншік иесі ретінде нақты көрсетілген тұлғаға ғана
тиесілі. Атаулы бағалы қағаз арқылы құқықтар басқа біреуге тапсырылатын
болса, құжат жойылады және жаңа иесіне жаңа құжат жазылады.
Бағалы қағаздарды борыштық және үлестік бағалы қағаздар деп те
классификациялайды.
Борыштық бағалы қағаздар қарызға алған ақша қаржыларын пайдаланғаны
үшін процент алу құқығын куәландырады. Борыштық бағалы қағаздар белгілі бір
мерзімге беріледі, яғни, өтеу мерзімі болады. Борыштық бағалы қағаздардың
негізгі түріне облигациялар жатады.
Үлестік бағалы қағаздар кәсіпорынның дамуына мерзімсіз негізде, үлес
түрінде белгілі бір қаражаттар салғанын растайды. Үлестік бағалы
қағаздардың негізгі түрі акциялар болып табылады.
Өзінің акцияларын шығаратын банктер қаржылық-несиелік қоғам формасында
емес, акционерлік қоғам түрінде болады.
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларда делдал ретінде бола отырып
банктер акциялар шығарған кәсіпорындардың тапсырмасы бойынша оларды сату,
қайта сату, олар бойынша дивидендтерді сақтау және алуды іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарменен операциялары
Банктің кіріс операциясының есебі
«Банктердің шығыстары мен кірістері»
Кірістерді құру көздері және банктің қаржылық нәтижесіне оның әсері. банк кірістері мен шығындарының есебі
Банк кірістері мен шығындарының есебі
Тепе-теңдік прициптері,бухгалтерлік баланстың маңызы
Қазақстан Республикасының банктерінің операциялары
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Коммерциялық банктердің несиелеу жүйесіне жалпы сипаттама
Банктің бағалы қағаздармен операциялары
Пәндер