Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы



Жоспар:

1. ҚР.да қор нарығының қалыптасуы.
2. Мемлекет меншігін мемлекет иелігінен шығару мен жекешелендіру. Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері.
3. Бағалы қағаз нарығының қызметтері, құрамдас бөліктері.
4. Бағалы қағаз нарығына қатысушылар
ҚР-да қор нарығын қалыптастыру негіздері. ҚР – ның орталықтандырыл-ған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өндіріс сипатын (меншік қатынастары, шаруашылық субъектлері құрылымы мен қыз-мет ету механизмі, олардың арасындағы қаржылық байланыстар формалары, қоғам қабаттарының шаруашылық қызметі нәтижелеріне мүделлілік дәрежесі) өзгерте түседі.
Мемлекет иелігінен алу – бұл шаруашылық басқармасы қызметтері мен сәйкес өкілдіктерін мемлекеттен кәсіпорын дәрежесіне беру, тік шаруашылық байланыстарды көлденең шаруашылық байланыстарға ауыстыру; мемлекет ие-лігінен алу меншік иесін өзгертпей-ақ жүрілуі мүмкін.
Жекешелендіру – заңды тұлғалар мен заматтардың мемлекеттен мемлекет-тік меншік объектлерін, сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды қайта құру жолымен құрылған акционерлік қоғамдар акциясын сатып алу.
ҚР-дағы экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешеленді-рудің негізгі формалары:
 мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға, басқа шаруашылық қоғам немесе серіктестікке айналдыру;
 азаматтардың, сондай-ақ, мүлкі мемлекет меншігі болып табылмайтын заңды тұлғалардың конкурс бойынша немесе аукционда мемлекеттік кәсіп-орындар мүлкін немесе мемлекеттік акцияларды сатып алуы;
 меншік иесінің шешімімен холдингтер мен акционерлік қоғамдар бөлін-ген жағдайда акционерлік қоғамдардың акцияларын, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші және қызмет көрсететін кәсіпорындарының акцияларын сатып алу.
1991-1995 жылдар аралығында Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің екі бағдарламасы жүзеге асырылды: 1) 1991-1992жж. – ша-ғын жекешелендіру – негізінен сауда және қызмет көрсету объектлерін қамты-ды, сондай-ақ, мемлекет меншігін кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына беруін қарастырды; 2) 1993-1995 жылдардағы бағдарлама шағын жекешелендірумен қатар жаппай жекешелендіруді, жеке жобалар бойынша жекешелендіруді (ірі және ерекше объектлер үшін) және агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіруді қамтыды.
Жаппай жекешелендіруге қарапайым халық жекешелендіру инвестиция-лық купондар арқылы қатысты. ондай купондар азаматтардың мемлекет мүлі-гіндегі үлесін білдірді. Купондар конкурс негізінде қаржылық делдалдарда, яғни купондарға жекешелендірілген объектлер акцияларын сатып алған инвес-тициялық жекешелендіру қорларына жинақталды. Объектлерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру шеңберінде стратегиялық инвесторларға ашық сату-мен қатар (акционерленгеннен кейін) сенімді басқаруға, оның ішінде акцияның мемлекеттік пакетін ары қарай сатып алу арқылы шетелдік заңды тұлғаларға беріледі.
1996-1998 жылдары Қазақстанда мемлекет меншігін жекешелендіру және қайта құру бағдарламасы жүрілді, онда мемлекет меншігінде қалған

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті
Әлеуметтік-техникалық колледжі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы

Пәні : Бағалы қағаз және қор нарығы

Орындаған: Исмаилов А.Қ.
Тексерген:

Қостанай 2009
Жоспар:
1. ҚР-да қор нарығының қалыптасуы.
2. Мемлекет меншігін мемлекет иелігінен шығару мен жекешелендіру.
Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері.
3. Бағалы қағаз нарығының қызметтері, құрамдас бөліктері.
4. Бағалы қағаз нарығына қатысушылар

ҚР-да қор нарығын қалыптастыру негіздері. ҚР – ның
орталықтандырыл-ған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі
қоғамдық өндіріс сипатын (меншік қатынастары, шаруашылық субъектлері
құрылымы мен қыз-мет ету механизмі, олардың арасындағы қаржылық байланыстар
формалары, қоғам қабаттарының шаруашылық қызметі нәтижелеріне мүделлілік
дәрежесі) өзгерте түседі.
Мемлекет иелігінен алу – бұл шаруашылық басқармасы қызметтері мен
сәйкес өкілдіктерін мемлекеттен кәсіпорын дәрежесіне беру, тік шаруашылық
байланыстарды көлденең шаруашылық байланыстарға ауыстыру; мемлекет ие-
лігінен алу меншік иесін өзгертпей-ақ жүрілуі мүмкін.
Жекешелендіру – заңды тұлғалар мен заматтардың мемлекеттен мемлекет-тік
меншік объектлерін, сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды қайта
құру жолымен құрылған акционерлік қоғамдар акциясын сатып алу.
ҚР-дағы экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешеленді-
рудің негізгі формалары:
▪ мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға, басқа
шаруашылық қоғам немесе серіктестікке айналдыру;
▪ азаматтардың, сондай-ақ, мүлкі мемлекет меншігі болып
табылмайтын заңды тұлғалардың конкурс бойынша немесе аукционда
мемлекеттік кәсіп-орындар мүлкін немесе мемлекеттік акцияларды
сатып алуы;
▪ меншік иесінің шешімімен холдингтер мен акционерлік қоғамдар
бөлін-ген жағдайда акционерлік қоғамдардың акцияларын, сондай-
ақ, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші және қызмет көрсететін
кәсіпорындарының акцияларын сатып алу.
1991-1995 жылдар аралығында Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және
жекешелендірудің екі бағдарламасы жүзеге асырылды: 1) 1991-1992жж. – ша-ғын
жекешелендіру – негізінен сауда және қызмет көрсету объектлерін қамты-ды,
сондай-ақ, мемлекет меншігін кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына беруін
қарастырды; 2) 1993-1995 жылдардағы бағдарлама шағын жекешелендірумен қатар
жаппай жекешелендіруді, жеке жобалар бойынша жекешелендіруді (ірі және
ерекше объектлер үшін) және агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіруді қамтыды.
Жаппай жекешелендіруге қарапайым халық жекешелендіру инвестиция-лық
купондар арқылы қатысты. ондай купондар азаматтардың мемлекет мүлі-гіндегі
үлесін білдірді. Купондар конкурс негізінде қаржылық делдалдарда, яғни
купондарға жекешелендірілген объектлер акцияларын сатып алған инвес-
тициялық жекешелендіру қорларына жинақталды. Объектлерді жеке жобалар
бойынша жекешелендіру шеңберінде стратегиялық инвесторларға ашық сату-мен
қатар (акционерленгеннен кейін) сенімді басқаруға, оның ішінде акцияның
мемлекеттік пакетін ары қарай сатып алу арқылы шетелдік заңды тұлғаларға
беріледі.
1996-1998 жылдары Қазақстанда мемлекет меншігін жекешелендіру және
қайта құру бағдарламасы жүрілді, онда мемлекет меншігінде қалған объект-
лерді қайта құра отырып, жекешелендіру процесі аяқталды. Мұнда мемлекеттік
кәсіпорындар мүлкін сатудың екі түрі қолданылды:
1. Аукциондық және тендерлік негізде саудада сату. Аукцион меншік құқы-
ғын, сауда барысында ең көп баға ұсынған және бекітілген тәртіппен
ресімдеп, ақы төлеген субъектіге беруді білдіреді. Тендер объектіге меншік
құқығын ресімдегенде айтарлықтай жоғары бағамен қатар сатып алушының
сатудың белгілі шарттарын орындауын (профилін, жұмыс орнын, т.б. сақтау)
немесе жақсы жағдайлар ұсынуын білдіреді.
2. Тікелей атаулы сату жекешелендіруге дейінгі шаралар мүлікті сатып
алу құқығымен жалға беруді, не мемлекеттік акция пакетін тендер негізінде
ары қарай сатып алатын сенімді басқаруға бере отырып, акционерлеуді
қамтыған объектлерге қатысты белгіленеді.
Қазір ҚР-на экономиканы құрылымдық қайта құруға, оның приоритетті
салалары, жоғары технологиялық деңгейде өндірісті дамытудың нақты объект-
леріне тікелей инвестиция қажет. Мұнымен қаржылық нарық, оның ішінде Ба-
ғалы қағаздар мен қор биржалары туралы Заң (1991ж.) және Бағалы қағаз
нарығын қалыптастыру шаралары туралы Президент Жарлығы (1994ж.) негі-зінде
қалыптасқан қор нарығы қамтамасыз ете алады. 1995 жылы сәуірде баға-лы
қағаздар бойынша ҚР-ның Ұлттық комиссиясын құру туралы Президент Жарлығы
шықты. Оның негізгі міндеті – бүкіл нарықтық жүйенің айырылмас бөлшегі
болып табылатын мәдениетті қор нарығын қалыптасыру.
Экономикалық-құқықтық механизмге сүйенетін нарықтық қатынастар
объектлері байланысының материалданған формасы ретінде бағалы қағаз әр
мемлекеттің төлем айналысында маңызды роль атқарады, бағалы қағаз арқылы
инвестициялар автоматты түрде халық шаруашылығының ең тиімді сфералары-на
жіберіліп, оны айтарлықтай өміршең нарықтық құрылымдар алатындай етіп
құрылған инвестициялық процесс жүзеге асырылады.
Бағалы қағаз қаржылық институттар, қаржылық нарықтар және оларды
реттейтін құқықтық нормалармен қатар мемлекеттің қаржылық жүйесінің
құрамдас бөліктері болып табылады.
Бағалы қағаз нарығы оған сәйкес қаржылық институттар жүйесімен қатар
меншік қатынастары жүзеге асырылатын, экономикалық өсімнің қаржылық көздері
қалыптасатын, инвестициялық ресурстар шоғырланып, бөлінетін сфера. Бағалы
қағаз нарығының поиенциал резервтерін пайдаланбай, елдің ЖІӨ-дегі
өндірістік инвестиция үлесін арттыру мүмкін емес.
Қаржылық нарық — бұл үнемі қозғалыста болатын, бөлінетін немесе қайта
бөлінетін, экономиканың әртүрлі субъектлері тарапынан сол ресурстарға
сұраныс пен ұсыныстың қатынасының ықпалымен өзгеріп отыратын елдің барлық
ақшалай ресурстарының жиынтығы.
Бағалы қағаз нарығы нарықтың басқа түрлерінен өз тауарының ерекше
сипатымен айрықшаланады. Бағалы қағаз - ерекше тауар. Ол меншік пырағы да,
қарызды міндеттеме де, табыс табу құқығы да, табысты төлеу міндеттемесі де
болып табылады. Бұл меншікті құны болмаса да, жоғары нарықтық бағамен
сатылатын тауар. Нарықтық бағаның номиналдан ауытқу мүмкіндігі бағалы қағаз
фиктивті капитал болып табылатынын білдіреді.
Бағалы қағаз нарығына қатысушылар 1-суретте көрсетілген.

Бағалы қағаз нарығы – нарықтық экономикадағы көптеген стихиялық
процестерді реттеуші. Бұл ең әуелі, капиталды инвестициялау процесіне қатыс-
ты. Соңғысы капитал миграциясы қажет жеріне құйылу және артық капиталдың
кетуі түрінде жүзеге асырылатынын білдіреді. Ондай қозғалыс механизмі айт-
паса да, түсінікті: қандай бір тауарларға сұраныс өседі, демек, олардың
бағала-ры да, оларды өндіруден түсетін пайда да өседі және осы салаларға
бос капиталдар сұраныс азайып, экономикалық жағынан тиімділігі азайып бара
жатқан өнім өндіретін салаларды тастап, ауыса бастайды. Бағалы қағаз осы
механизм жұмысын қамтамасыз етеді. Олар уақытша бос капиталдарда өз бой-
ларына сіңіріп, сату-сатып алу арқылы оны қажет бағытқа жұмсауға көмектесе-
ді. Нарықтық экономика тәжірибесінде бұл капиталдың қоғамға тікелей қажетті
өндірістерге қолданылуына ықпал етеді. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің оп-
тимал құрылымы пайда болады (тек капитал тарату бойынша ғана емес, жеке-
ленген салалар мен өндірістердегі оның мөлшері бойынша да) және тапшылығы
жоқ экономика құрылады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай
келеді. Бұл дамыған нарықтық экономиканың үлкен жетістігі болып саналады.
Жалпы алғанда, Бағалы қағаз нарығы – бұл меншік формасы әртүрлі болып
келетін субъектлердің өзара әрекеті. Бағалы қағаз нарығына мемлекет
мүддесін көздейтін құрылымдардан басқа жеке отандық және шетелдік капитал
өкілдері, акционерлік банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қор-
лар, зейнетақы қорлары мен қор биржалары қатысады.
Бағалы қағаз нарығына қатысушылар – бағалы қағаз сататын немесе сатып
алатын жеке тұлғалар немесе ұйымдар.
Бағалы қағаз нарығына қатысушылардың төмендегідей топтары бар:
- эмитенттер;
- инвесторлар;
- қор делдалдары;
- бағалы қағаз нарығына қызмет көрсететін ұйымдар;
- реттеу дәне бақылау жүргізетін мемлекеттік ұйымдар
Эмитенттер – бағалы қағ,аздарды айналымға шығарушылар.
Инвесторлар – бұл айналымға шығарылған Бағалы қағазды сатып алушылар.
Қор делдалдары – бұл бағалы қағаз нарығында брокерлік немесе дилерлік
қызметті немесе Бағалы қағазды басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын
ұйымдар.
Бағалы қағаз нарығының қызмет етуіне ықпал жасайтын ұйымдарға
төмендегілер жатады:
- бағалы қағаз нарығын ұйымдастырушылар (қор биржалары немесе нарықтық
биржалық емес ұйымдастырушылар);
- есеп айырысу орталықтары;
- депозиторлар;
- тіркеушілер;
- ақпараттық органдар немесе ұйымдар.
Эмитент – заңды тұлға өзара келісім-шартпен байланысқан заңды тұлға-лар
тобы немесе инвесторлар алдында өз атынан міндеттеме алатын мемлекет-тік
билік және жергілікті басқару органдары.
Эмитент қор нарығына тауар ретінде бағалы қағаз шығарады, оның сапасы
эмитент статусымен, оның қызметінің шаруашылық-қаржылық нәтижесімен
анықталады.
Бағалы қағаз нарығында ең әуелі эмитент өзі шығарған Бағалы қағаздың
инвестициялық сапасы тұрғысынан бағаланады.
Эмитент ретінде жеке кәсіпорындар тек қарыздық бағалы қағаз ғана (көбі-
несе вексель және облигация) шығара алады. Оның үстіне облигация шығару
үшін көбінесе жеке кәсіпорындар бірігеді.
Брокер деп брокерлік қызметпен айналысатын бағалы қағаз нарығының
кәсіби мүшесін айтамыз.
Брокер ретінде жеке тұлғалар да, ұйымдар да айналыса алады. Қор нары-
ғындағы кәсіби брокерлік қызмет беітілген тәртіппен алынған лицензия арқылы
атқарылады. Брокер лицензияны жергілікті басқару ұйымынан алады.
Бағалы қағаз нарығында қызмет ету үшін брокер немесе брокерлік ұйым
төмендегі кәсіби талаптарға сай болуы тиіс:
- штатта біліктілік аттестаты бар мамандар болу керек;
- инвесторлар алдындағы материалдық жауапкершілікке қажет болатын
меншікті капиталдың ең аз мөлшерін иелену;
- Бағалы қағазмен жасалатын операцияларды дәл және толық көрсететін
есеп жүргізу және есеп беру жүйесінің болуы.
Брокер мен клиент қатынастары келісілген негізде жүріледі. Мұнда тап-
сырма келісімін және комиссия келісімін пайдалана алады. Егер тапсырма келі-
сімі жасалса, ол брокер клиент атынан және клиент есебінен қызмет атқарады
деген сөз, яғни клиент мәміле үшін жауапты. Егер комиссия келісімі жасалса,
онда мәміле жасаған кезде өз атынан қызмет атқарады, бірақ клиент мүддесі
үшін, соның есебінен қызмет атқарады. Бұл жағдайда мәміле бойынша бір жақ
брокер болады және оның орындалуы үшін жауапкершілік алады. Заң бойынша
келісім-шарт орындалғанға дейін клиент біржақты тәртіппен оның әрекетін тоқ-
татуға құқылы.
Тапсырма немесе комиссияның келісім-шартының орындалуы дегеніміз мәміле
жасау туралы клиентке брокердің ресми хабарлама беруі.
Брокер негізгі табысты мәміле сомасынан алынатын комиссиялық сома
есебінен алады.
Көп жағдайда брокер өз қызметін бағалы қағаз нарығында клиентке кеңес
берумен біріктіреді.
Кеңес берудің үш бағыты бар:
- акционер реестрін ұстаушының таңдауын дәлелдеу;
- вексельдік бағдарлама жасау;
- эмитентке олардың имиджін жасауға және қолдауға көмектесі.
Дилер дегеніміз өз атынан, бұқараға хабарлау жолымен бағалы қағаз сату
– сатып алу мәмілелерін жасаушы тұлға.
Дилер табысы сату-сатып алу айырмасынан тұрады. Әдетте ол бағалы
қағаздың белгілі бір түріне маманданады, бірақ ірі ұйымдар бағалы қағаз
нары-ғына толық қызмет көрсете алады.
Бағалы қағаз нарығындағы маманданған мүшелердің бірі – ұйымның нақты
заңдық формасына тәуелсіз, бірақ бағалы қағазды басқару бойнша мемлекеттік
лицензия бар басқарушы компаниялар.
Мұндай қызмет түрлері:
- иелері сәйкес компанияларға берген Бағалы қағазды басқару;
- бағалы қағазға пайдалы салым салуға арналған, клиенттің ақша –
қаражаттарын басқару;
- компаниялар бағалы қағаз нарығында атқаратын қызметі процесінде
алатын ақша – қаражаты және бағалы қағазды басқару.
Басқарушы компаниялардың қызмет етуі мен бағалы қағаз нарығындағы
олардың қызметінің экономикалдық мәні олардың төмендегілерді қамтамасыз
етуінде:
- клиенттердің бағалы қағазды басқару нәтижесінің артуы;
- өз қызметі масштабы есебінен қор нарығындағы операцияларға қызмет
көрсету шығындарының төмендеуі;
- көптеген нарықтар мен әртүрлі елдерде бір жолда жұмыс атқару есебінен
операция эффектілігінң артуы.
Бағалы қағаз нарығындағы коммерциялық банктер. Әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Бағалы қағаздар қаржы рыногы
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қызметінталдау
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Пәндер