Алексей Иванович Тевкелев Петербург елшісі



Алексей Иванович Тевкелев - Россия Сыртқы істер коллегиясының құпия істер жөніндегі тілмашы, елші. 1722 ж. Парсы жорығы кезінде Петр І-нің құпия істер жөніндегі аға тілмашы болды. Тевкелев парсы, қалмақ тілдерін, олардың әдет-ғұрыптарын жақсы білді. 1731 ж. Тевкелев Россияға қосылу жөнінде Санк-Петербургке келген Әбілхайыр ханның елшілігімен келіс сөз жүргізді. 1731ж. 14 қаңтарға дейінгі «Күнделігін» Сыртқы істер коллегиясына тапсырды. Онда қазақтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде көптеген деректер бар.
1731 жылғы 19 ақпан - императрица Анна Иоанновна Әбілхайыр ханға және «бүкіл қазақ халқына» олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды.
Кіші жүздің Россияға қосылуы туралы қазақтарға хабарлау үшін және оларға ант қабылдаттыру үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде қазақ даласына А. И. Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберілді. Тарих А. Тевкелевтің миммиясын талай ғасырлар бойына қалыптасқан орыс-қазақ байланыстарын юридикалық тұрғыдан тұжырымдау жөніндегі Россия үкіметінің акциясы ретінде куәландырды; мұның өзі Қазақстанның Россияға ерікті түрде қосылуы туралы халықаралық праволық актіге қол қою арқылы жүзеге асырылды. Бұл орыс мемлекетінің XVIII ғасырдағы аса ірі және маңызды дипломатиялық қадамдарының бірі болды.
А. И. Тевкелевтің елшілігімен бірге Қазақ даласына Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған қазақ елшілері де оралды.
А. И. Тевкелев үшін талдап жасалған нұсқау Әбілқайырды және басқа да қазақ билеушілерін Россия қоластына қарауға ант бергізуді талап етті. Егер Әбілқайыр немесе басқа қазақ билеушілерінің қайсыбірі, мүмкін бәрі бірге ант беруден бас тартатын жағдай туған ретте орыс елшісі оларды осыған көп діруі, яғни өзінің миссиясын жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тиіс болатындығы қарастырылды. А. И. Тевкелев сондай-ақ Россияға ерікті түрде аманаттар жіберткізуге уәкілдік алды.
А. И. Тевкелевке күн сайын «Журнал» жүргізіп отыру, оған көргендерінің бәрінен алған әсерлерін жазып отыру жүктелді. Ол неғұрлым қолайлы қатынас жолдарын анықтауға, жер бедерін суреттеуге, қалалардың, тұрақтардың, көші-қон орындарының санын, халық санын, олардың айналысатын кәсібін, тұтынатын дінін, малының санын, хандардың өз қоластындағылармен қарым-қатынасын, хандықтардың шекараларын, көршілес халықтармен және елдермен қарым-қатынасын, сауданың жайын

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: А.И.Тевкелев Петербург елшісі.

Орындаған:
Тексерген:

Алексей Иванович Тевкелев - Россия Сыртқы істер коллегиясының құпия
істер жөніндегі тілмашы, елші. 1722 ж. Парсы жорығы кезінде Петр І-нің
құпия істер жөніндегі аға тілмашы болды. Тевкелев парсы, қалмақ тілдерін,
олардың әдет-ғұрыптарын жақсы білді. 1731 ж. Тевкелев Россияға қосылу
жөнінде Санк-Петербургке келген Әбілхайыр ханның елшілігімен келіс сөз
жүргізді. 1731ж. 14 қаңтарға дейінгі Күнделігін Сыртқы істер
коллегиясына тапсырды. Онда қазақтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде
көптеген деректер бар.
1731 жылғы 19 ақпан - императрица Анна Иоанновна Әбілхайыр ханға және
бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғаны
туралы грамотаға қол қойды.
Кіші жүздің Россияға қосылуы туралы қазақтарға хабарлау үшін және
оларға ант қабылдаттыру үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде қазақ даласына А.
И. Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберілді. Тарих А. Тевкелевтің
миммиясын талай ғасырлар бойына қалыптасқан орыс-қазақ байланыстарын
юридикалық тұрғыдан тұжырымдау жөніндегі Россия үкіметінің акциясы ретінде
куәландырды; мұның өзі Қазақстанның Россияға ерікті түрде қосылуы туралы
халықаралық праволық актіге қол қою арқылы жүзеге асырылды. Бұл орыс
мемлекетінің XVIII ғасырдағы аса ірі және маңызды дипломатиялық
қадамдарының бірі болды.
А. И. Тевкелевтің елшілігімен бірге Қазақ даласына Сейітқұл Қойдағұлов
пен Құтлымбет Қоштаев бастаған қазақ елшілері де оралды.
А. И. Тевкелев үшін талдап жасалған нұсқау Әбілқайырды және басқа да
қазақ билеушілерін Россия қоластына қарауға ант бергізуді талап етті. Егер
Әбілқайыр немесе басқа қазақ билеушілерінің қайсыбірі, мүмкін бәрі бірге
ант беруден бас тартатын жағдай туған ретте орыс елшісі оларды осыған көп
діруі, яғни өзінің миссиясын жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін
істеуге тиіс болатындығы қарастырылды. А. И. Тевкелев сондай-ақ Россияға
ерікті түрде аманаттар жіберткізуге уәкілдік алды.
А. И. Тевкелевке күн сайын Журнал жүргізіп отыру, оған көргендерінің
бәрінен алған әсерлерін жазып отыру жүктелді. Ол неғұрлым қолайлы қатынас
жолдарын анықтауға, жер бедерін суреттеуге, қалалардың, тұрақтардың, көші-
қон орындарының санын, халық санын, олардың айналысатын кәсібін, тұтынатын
дінін, малының санын, хандардың өз қоластындағылармен қарым-қатынасын,
хандықтардың шекараларын, көршілес халықтармен және елдермен қарым-
қатынасын, сауданың жайын анықтауға тиіс болды. Елшілікке көмекке
геодезистер, А.Писарев пен М.Зиновьев қосып берілді.

Тевкелевтің елшілігі жолда екі айдай болғаннан кейін 1731 жылғы 4
шілдеде Уфаға келіп, осында оған бірнеше башкұрт старшиндары, қосшы 60
адам, 200 жылқы мен 12 түйе косып берілді.
1731 жылғы 22 тамызда Сүйіндік орыс елшілігінін басшысына Әбілқайырдың
хатын берді, онда ол Россия қоластына қабылдануына өзінің келісетінін
растады. Әбілқайырдың елшісі А. И. Тевкелевке Хиуа ханы (Әбілқайырдың
немере інісі) мен Бұхара ханы да Россия мемлекетінің құрамында болғысы
келеді дегенді ауызба-ауыз хабарлады, бұл хабарды Россия елшісі Сыртқы
істср коллегиясына 1731 жылдың 26 тамызда жеткізді.
Қазақтардан орыс қоластына кіру жөнінде ант алу мақсатында өзіне орыс
елшілігінің жіберілгені туралы хабарды Қыдырияс Моллақаевтан естігеннен
кейін Әбілқайыр өзінің ауылдарымен А. И. Тевкелевті қарсы алуға шықты.
Елшілікті қарсы алу және күзету үшін хан өзінің үлкен баласы Нұралы сұлтан
мен Батыр сұлтан бастаған 200 жауынгері бар отряд жасақтады.
Ырғыз өзенінің жағасына қонған Әбілқайырдың ордасына А.И.Тевкелев 1731
жылдыд 5 казанында Нұралы сұлтан бастаған құрамында 200 қазақ бар құрметті
эскорт пен күзеттің бастап жүруімен келіп жетті. Елшіліктің басшысына
Әбілқайырдың резиденциясына жақын маңнан арнаулы киіз үй тігілді;
миссияның 200 жылқысы мен 12 түйесін ханның малына қосты.
Елшілік өз мақсатына жету жолында Қазақ даласындағы әр түрлі билеуші
феодалдық топтардың күресіне байланысты елеулі қиындықтарға ұшырасты;
әсіресе ханның және ханға қарсылардың партиялары арасында елеулі күрес
болды.
7 қазан кешінде А.И.Тевкелев қасындағы геодезистер А. Писаревпен,
М.Зиновьевпен және жеті башқұрт старшинымен қоса Әбілқайырдың майханасында
(резиденциясында) қабылданды. Миссия басшысы Әбілқайырға Анна Иоанновнаның
грамотасын тапсырып, сөз сөйледі; онда келген мақсатын баяндап, халықпен
бірге ханның өзін таққа қалтықсыз адал ұстайтынына Россия үкіметінің
сенімді екенін жеткізді.
Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай
батыр елеулі роль атқарды; ол Россия қоластында болуға ант берді және
өзінің бұл қадамының қажеттілігін түсінгендіктен орыс-қазақ қатынастарын
жақсартуға көмектесетініне уәде етті.
1731 жылғы 10 қазанда А.И.Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына
шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай, Есет, оның тумасы Құдаиназар
мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздің
Россияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды.
1731 жылғы 21 қарашада қарсы партияның 30 ру басымен бірге Құдайназар
мырза келіп, олар Россияға адалдықтарына ант берді. Қарсы партиядағы ру
басыларының көз алдында А.И.Тевкелевтің беделін көтерген, сөйтіп оларды
беругс ойыстырған оқиға да нақ сонда болған еді. Орта жүздің ханы Семекеде
болған қалмақ билеушісі Черен-Дондуктың елшісі оған А.И.Тевкелевпен
кездесуі жөнінде хабарлады. Көптеген ру басыларының алдында қалмақ елшісі
Россияны мадақтап, Россияның қоластында және ұлы мәртебелі императрицияның
камқорлығында болудың пайдасын, жаудың шапқыншылықтарынан қорғайтынын
айтты....
1732 жылғы 21 мамыр Әбілқайыр императрица Анна Иоанновнаға жолдаған
хатында қалмақ билеушісі Доржаның қазақтарды Россияға қарсы айдап
салушылығы туралы жазып, Доржаға, оның Россияға қарсы күресінде
көмектесуден бас тартқанын хабарлады. Әбілқайыр орыс мемлекетіне оның
жауларына қарсы күресте әрдайым көмек беретінін атап көрсетті.
Қалмақ елшілері Әбілқайыр хан Россия қалаларын жаулап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кирилов Әбілқайыр ханның кепілгер тұтқындары
Қытайтану (синология) жайлы
Докучаевтың топырақтану ғылымына салған үлесі. Қазақстандағы топырақтану ғылымының дамуы. Шетелдік топырақтану ғылымының дамуы жəне жағдайы
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
Белгілі революционер Әліби Тоғжанұлы Жанкелдин Ыбырай Алтынсариннің шәкірті
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
Кіші жүздің ханы Ресейге қосылуы жөнінде елшілік жіберуі
ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫП АЛУДЫҢ БАСТАЛУЫ (XVIII ҒАСЫРДЫҢ 30-40-ЖЫЛДАРЫ)
Қазақтың тұңғыш білімді ханы-Жәңгір
“xvii-xix ғ.ғ. орыс-қытай қатынастары”
Пәндер