Төле би



Жоспар

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Төле би шешендік өнері .
2.Төле би және қазақ шешендік өнері.

ІІІ.Қорытынды.
Кіріспе.
Төле Әлібекұлы (1663—1756) казіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазар шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектсн Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынаң қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдал, өзінен бүрынғы өткен шешен билер мен хандар, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді тапқыр өнегелі накыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібекте сөзге ділмәр шешен би болған кісі.Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парлсаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Теле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба» әуелі жауап айтпас бурын бір бұма солкылдақ шыбық алдырады:
— Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылган шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
— Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? — Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.Сонда Төле бала:
— Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнсі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Сақ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жауда, дау да ол-оңай алады дегеніңіз ғой.
— Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін адымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың ылтымаққа барамын» дегеннін мәнісі осы, депті.
Төленің жас кезі. Жотада мал бағып жүрсе, анадай жерде бес-алты аттылы кетіп бара жатады. Бала олардың алдынан шығып сәлем береді. Орталарыңдағы ақ-сақалды Қоңқа би деген жасы жетпістерге келген кісі екен.
— Балам, бұл қай ауылдың малы?-
— Әлібек бидің.
— Анау үйездеп жатқан жылқылар кімдікі?
— Ол Жыланкөз байдікі.
— Е,е, іздеп келе жатқанымыз сол Жыланкөз бай еді.
— Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді, сіздерге ілесе барайын,— дейді Төле бала.
Әдебиеттер.
1.Қазбеков.М. Қазақтың шешендік өнері.-Алматы,1999.
2.Шешендік өнер.-Алматы,2001.
3.Шешендік шыиырлары.-Алматы,1998.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Төле би шешендік өнері .
2.Төле би және қазақ шешендік өнері.
ІІІ.Қорытынды.

Кіріспе.
Төле Әлібекұлы (1663—1756) казіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң
жайлауында дүниеге келген. Қазар шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан
Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би
(Тоғыз ұлды Құдайберді деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектсн
Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша
тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынаң қазақтың
аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдал, өзінен
бүрынғы өткен шешен билер мен хандар, әсіресе өзінің бабалары Жанту,
Жарылқамыс билердің кесімді тапқыр өнегелі накыл, шешен сөздерін ойында
сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібекте сөзге ділмәр шешен би болған кісі.Төле
бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне
араласып, өзінің ақыл, парлсаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге
түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп
батасын алады.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба
ынтымақ ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Теле Қалай еткенде бірлік
болады, оның күші қандай болмақ дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі
жауап айтпас бурын бір бұма солкылдақ шыбық алдырады:
— Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылган шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
— Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? — Төле ортасынан буылған
шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.Сонда Төле бала:
— Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнсі: ынтымағы, бірлігі мықты елді
жау да, дау да ала алмайды. Сақ жүрген таяқ жейді демекші, бірлігі,
ынтымағы жоқты жауда, дау да ол-оңай алады дегеніңіз ғой.
— Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін адымен елді ауыз
бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. Бақ қайда барасың ылтымаққа барамын
дегеннін мәнісі осы, депті.
Төленің жас кезі. Жотада мал бағып жүрсе, анадай жерде бес-алты аттылы
кетіп бара жатады. Бала олардың алдынан шығып сәлем береді. Орталарыңдағы
ақ-сақалды Қоңқа би деген жасы жетпістерге келген кісі екен.
Балам, бұл қай ауылдың малы?-
Әлібек бидің.
Анау үйездеп жатқан жылқылар кімдікі?
Ол Жыланкөз байдікі.
Е,е, іздеп келе жатқанымыз сол Жыланкөз бай еді.
— Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді, сіздерге ілесе барайын,— дейді
Төле бала.
Олар жүріп келе жатып сәске түс кезікде көп жылқыны көреді. Жылқының
көптігі соншалық, кіші бесінге дейін шетіне шыға алмайды. Сонда жол серік
бала:
Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы болды екен? Білесіз
бе? — деп сұрайды, Оған Қоңқа би.
Қарығым, бұл нысапсыз деген байдың жылқы –дейді.
Нысапсыз деген қандай бай?
— Балам, айтайын; нысапсыз деген, осы малды жия берген, жия берген. Бұл
нашарға, кедейге қайырымы жоқ, ат майын бермейтін байдың малы.
Олар одан әрі жүріп келе жатады. Кенет кең далада жайқалып өсіп тұрған
қалың егіннің үстінен туседі.
Ойпырм-ой, ата, мынау қандай адамның егіні болды екен? Көз
жауын алып, жайқала өсіп тұр ғой,— дейді бала.
Ә, шырағым, бұл егін кайырсыз деген байдың егіні.
Қайырсыз деген бай ма? Қай ел болады, ата?
— О, шырағым, айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жалдап, осынша
жерді айдатты. Арзанға жұмыс істетіп, еңбегін бір жеді. Еңді егінді
біреудің еңбегімен орғызып,қырманға салды. Бастыртып, қамбаға құйды. Мұның
бәрін өзі істемеді, біреуге істетті. Сонан соң елде астық болмай қалған
жылы қымбатқа сатты. Өзі жан қинамай үйде
май шайнап жатты. Келесі жылы тағы егін ектірді.
Енді екі есе адам жалдады. Жылдан-жылға осылай кете берді.
Одан жұртқа пайда жоқ. Ел ашыққанда,қымбатқа сатты. Мұның
қайырсыз болатын себебі осы.
— Түсіндім, ата.
Екеуі келе жатса, бір жерде көп адам жиналып, көр қазып жатады.
— О, балам,— дейді Қоңқа би,— анау жиналған топ адам кімдер? Көзің
жетік қой, қарашы? — дейді.
Бала қарайды:
Ата, өлген адамды қойғалы жер қазып жатқан көрінеді.
Ендеше, сен барып блдіп қайт. Көметіндері өлген адам ба, тірі адам ба екен?
Соны сұрағың.
Бала шабады да кетеді. Барып көр қазып жатқандарға сәлем береді.
— Сіздердің жерлейтіндеріңіз өлген адам ба, тірі адам ба?
Жақыны өліп, жаны күйіп тұрғандардың біреуі:
— Не деп былшылдайды мынау? — Екінші бірі келіп,баланы камшымен
басынан салып жібереді.
— Иттің баласы, не оттап тұрсың? Бозбалалардың екеу-үшеуі оған жабыла
кетіп еді, бір қариялау кісі:
Тоқтаңдар,— дейді айқайлап. Әуелі жөн сұрайық.Қайдан келе жатқан бала екек,
білелік. Кәне, балам, сен не дедің?
Көміп жатқандарыңыз өлі адам ба, тірі адам ба? — дедім,
Қарағым, осы сөзді өзің айтып тұрсың ба, жоқ басқа біреу айтқызды ма саған?
Қасымда үлкен кісі бар еді. Сол кісінің атқосшысы едім. Ол кісі:
Аналардың жерлейін деп жатқаны өлген адам ба екен, тірі адам ба
екен, барып біліп келші? — деп жұмсады.
Апырм-ай, мұны сұраған қария тегін адам емес екен-ау. Қой, балаңы
ұрмаңдар, жігіттер. Мұнда бір мән бар. Сол қарияны
біреуің барып шақырып келіңдер.
Екі жігіт қарияға барып сәлем береді.
Ақсақал, бір қадірлі адамымыз қайтыс болып, соны қойып жатыр едік,
ілгерінің жолы, өлікке құран оқып аттаныңыз.—-. Қоңқа би:
Ә, ондай болса жарайды,— деп атының басын бұрып, әлгілерге
барады. Өлікті қойып болған соң көпшілік:
Ақсақал, алыстан келе жатыр екенсіз. Өзіңіз де бір қадірлі кісі көрінесіз.
Бұл кісі де қадірлі адамымыздың бірі еді. Мына баланы бізге жіберген
екенсіз. Бала шауып келді де бізден:
Қойып жатқаң өліктеріңіз өлген адам ба болмаса тірі адам ба? —
деді. Соны көңілімізге ауыр алып, осында бозбалаларымыз қол көтерді.
Баладан мұны қалай сұрадың, өзің бе, жоқ саған біреу
үйретті ме? — деп едік, ақсақалым бар еді, сол кісі осылай сұра
деп жұмсады — деп шынын айтты. Тағы бір қария былай деп
сұрады.
- Сізден сұрайтыңымыз, мұны қалай айтгыңыз? Бұл өлі адам ба, жоқ тірі
адам ба дегеніңіздің мәнісі қалай, түсіндірініз?
Ә, оны дұрыс сұрайсыңдар. Тірі адам ба дегенім,артында өзіңдей болатын
балашағасы бар ма, ас-су беретін мал-жаны бар ма дегенім. Ал өлі адам ба
дегенім,өзіндей болып өсетін артында бала-шағасы жоқ болса,
ас-суың беретін мал-жаны жоқ болса, мұның аты шың өлік, шырақтарым. Осының
қайсысы екенін білгім келіп еді. Бұл өлік осының қайсысы?
Уа, ата, артында баласы бар, ас-суына жарайтын мал-жаны бар дәулетті кісі.
Қоңқа ақсақал құран оқып,бата қылады. Көпшілік.
Ауылға жүріңіз, мейман болыңыздар,— деп өтінеді.
Шырақтарым, маған ауылға қонуға болмайды. Мен түздің адамымын,—•
деп Қоңқа би атының басын бұрып жүріп кетеді. Жолда келе жатып
бала тағы да:
Ата, түздің адамымын? — дегеніңіз қалай? — деп сұрайды.
Қарағым, өзің аңғарымпаз бала екенсің. Сенің атын кім?
Атым — Төле.
Төле қарағым, түздің адамымын дегенім — көпшіліктің, халықтың адамымын
дегенім...
—- Бата берейін, сені түзде кездестіріп, серік болдым. Мен секілді
сенің де өмірің түзде өтсін түздің адамы бол, балам,— деп бетіп сипайды
қарт.
Төле би есейгенше сол жол үстінде жолыққан Қоңқа қартты үнемі құрметтеп
еске алып, озіне ұстаз тұтқан екен.
Ертеде Шу озеншің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын
тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып,
кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік
айтушыларға көңілі толмайды. Ол:
Ақты ақ деп бағалар!
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар,—
деп сөз бастай бергенде:
— Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без деуші
еді. Мына бала кім өзі? —• дейді, терде отырған би. Төле қасқая қарап
тұрып:
—О, би аға, он үште отау иесі демес пе,
Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?
Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,
Ала көз болу ағайын адамға лайық па? —
деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:
—О,игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда,
Жасырынып жауымыз? —
Сонда әлігі би:
— Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа ғой,
Жасы кіші демендер,
Ақылы асса аға ғой.—
деген ғой, балам, билікті саған бердім, — дейді. Бала Төле жұлып
алғандай:
— Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу
өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұғай қалай қарайсыздар?
— дейді.
Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Төле бидің ролі
Төле би жайлы
Төле би жайлы ақпарат
ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ (1657-1756 жж.)
Төле би Әлібекұлы өмірібаяны
Төле би және оның заманы
Төле би өмірбаяны
Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 350 жыл толады
ҚАЗАҚ БИЛЕРІ. Тауке ханның басқару кезінде
Төле бидің Ресей губернаторына хаты
Пәндер