Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Жас отбасы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың міндеттері мен құрылымы ... ..10
2. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тәжірибесі ... ... ... ... ... ...15
2.1. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың формалары мен әдістері ... ... ..15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса – көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі.
Отбасы барлық уақытта ежелгі фиолософтардан бастап қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс - өмірдегі кездесетін проблемалардын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік қызметін толық орындай алмайтын отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен қамтамасыз етеді [1].
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан откізіп, отбасының әлеуметтік проблемалары шұғыл күшейіп жатқан кезде өзекті болатыны байқалды. Көбінесе, бұл іс-әрекет мемлекеттің әлеуметтік саясатына байланысты, бұл жұмыс көпшілік жағдайда халықтың белгілі топтарының мүддесі үшін іске асырылады.
Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады. Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу. Отбасы қоғамның бір институты болғандықтан әрқашан үздіксіз қозғалыста болады. Сондықтан бұл маңызды салалардың бірі болып және әлеуметтік жұмыстың басты объектілерінің бірі болып табылады.
Отбасы өмірі рухани және материалдық процестермен анықталады. Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары жалғасып отырады. Отбасы, оның құрылымы мен қызметі тікелей қоғамның қатынастарына толығымен тәуелді.
Қазір отбасы өрістеудің күрделі кезеңінің – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үрдісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, оның қызметі, билік жүйесі, отбасылық роль, жұбайылардың функционалды тәуелділігі, отбасыдағы бала жағдайы өзгеруде, ал бұл өз кезеңінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне алып келді. Бала туу төмендеп, ажырасу саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға әкеліп, бұл өз кезегінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етті.
Отбасы – ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат байланысады және ол моралдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады, сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жеткізеді.
1. Богданов Г.Т., Богданович Л.А. Супружеская жизнь: гармония и конфликты. М:Профиздат,1991
2. Гребенников И.В. Основы семейной жизни: Учеб. Пособие для пед. ин-тов.-М.:Просвещение,1991
3. Зацепин В.И. О жизни супружеской. М,1978
4. Лисовский В. Книга молодой семьи.-Л:Лениздат,1990
5. Кузнецова М.В. Молодая семья и ее социальная защита в современном обществе – Социальная работа с семьей. –М,1995
6. Сысенко В.А. Супружеские конфликты. –М.:Мысль,1989
7. Шеляг Т.В. Современная семья и социальная работа. – М.: Социально-технический институт,1999
8. Юркевич Н.Г., Красовский А.С. Этика и психология семейной жизни: Книга для учителя. –Мн.: Нар.асвета,1989
9. Антонов А.И., Медков В,М. Социология семьи. –М.: Изд.Междн.Унив.Бизнеса и Управления,1996
10. Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане иее проблемы. –А.: Казак Унив., 2004
11. Шуман С.Г. Конфликты в молодой семье: причины, пути устранения. – Мн.: Университетское, 1989
12. Мацковский М.С. Социология семьи: проблемы теорий методелами и методики. –М,1989
13. Хорчев А.Т. Социология семьи: проблемы становления науки. –М.:ЦСП, 2003
14. Технологии социальной работы: учебник под общ. Ред. Проф. Е.И. Холостовой. –М.: ИНФРА, 2001
15. Сизанов А.Н., Быков В.М. Безопасное и ответственное поведение: Цикл бесед, практических и тренинговых занятий с учащимися І-ХІ классов о ВИЧ-инфекций и наркотической зависимости.-Мн.: Тессей, 1998

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..5
1.1. Жас отбасы әлеуметтік жұмыстың объектісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың міндеттері мен құрылымы ... ..10
2. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізудің
тәжірибесі ... ... ... ... ... ...15
2.1. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың формалары мен әдістері ... ... ..15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .23

Кіріспе
Қазіргі отбасы өзімен - өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса – көптеген
жақсылықтар, қателіктердің жемісі.
Отбасы барлық уақытта ежелгі фиолософтардан бастап қазіргі заманғы
ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардын, ілгері саяси
және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында әлі күнге дейін болуда.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс - өмірдегі кездесетін
проблемалардын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік
қызметін толық орындай алмайтын отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдауды
жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени
өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Қоғам отбасының қарапайым түрде
көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі
мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде тек отбасы
ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік ролді орындаушылармен
қамтамасыз етеді [1].
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан
откізіп, отбасының әлеуметтік проблемалары шұғыл күшейіп жатқан кезде
өзекті болатыны байқалды. Көбінесе, бұл іс-әрекет мемлекеттің әлеуметтік
саясатына байланысты, бұл жұмыс көпшілік жағдайда халықтың белгілі
топтарының мүддесі үшін іске асырылады.
Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады.
Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір
сүруге әзірлеу. Отбасы қоғамның бір институты болғандықтан әрқашан үздіксіз
қозғалыста болады. Сондықтан бұл маңызды салалардың бірі болып және
әлеуметтік жұмыстың басты объектілерінің бірі болып табылады.
Отбасы өмірі рухани және материалдық процестермен анықталады. Отбасы
арқылы адамдардың ұрпақтары жалғасып отырады. Отбасы, оның құрылымы мен
қызметі тікелей қоғамның қатынастарына толығымен тәуелді.
Қазір отбасы өрістеудің күрделі кезеңінің – дәстүрлі үлгіден жаңаға
ауысу үрдісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, оның қызметі, билік
жүйесі, отбасылық роль, жұбайылардың функционалды тәуелділігі, отбасыдағы
бала жағдайы өзгеруде, ал бұл өз кезеңінде әлемдегі отбасы түрінің
өзгеруіне алып келді. Бала туу төмендеп, ажырасу саны өсіп, жалғыз басты
адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға
әкеліп, бұл өз кезегінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етті.
Отбасы – ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат
байланысады және ол моралдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады,
сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы
туралы білімді жеткізеді.
Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің
ерекшеліктерімен алдын-ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен
кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау
мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айрылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік
институттармен ұзаққа созылған ала ауыздылық күйіне енді және жаңа дағдарыс
табалдырығын аттады.
Терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың нәтижесінде халықтың
көптеген бөлігі кедейлік шекарасында қалып қойды. Адамдардың материалдық
және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру құрылымында мағыналы деформация
болды. Қазіргі таңда аз қамтылғандардың тобына көп балалы және толық емес,
жұмыссыз отбасылар ғана емес, сонымен бірге жастардың, студенттердің
отбасылары, кішкентай балалары бар отбасылар да кіруде. Ерекше көмекті
қажет ететін отбасылар санатына бірінші орынға жас отбасы қойылған. Бұл
бүгінгі таңда жас отбасы мемлекетпен қалай қорғалған, оның өмірін жақсарту
үшін не істеу қажет деген сұрақтарды қарастыру керектігін анықтайды.
Зерттеудің пәні – отбасымен әлеуметтік жұмыс болып табылады.
Зерттеу объектісі – жас отбасымен әлеуметтік жұмыс.
Курстық жұмыстың мақсаты – жас отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстың ерекшеліктерін анықтау.
Қойылған мақсаттардан келесі міндеттерді шешу негізделген:
1. Жас отбасыны әлеуметтік жұмыстың негізгі объектісі ретінде
қарастыру.
2. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың міндеттері, формасы,
әдістері мен құрылымын зерттеу.

1. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың негіздері
1.1. Жас отбасы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Әлеуметтік жұмыскерлер, сонымен бірге философтар, социологтар,
психологтар әлеуметтік түсініктер туралы әдебиеттерде отбасының 70-ке
жуық терминімен кездеседі.
Отбасы туралы көптеген түсініктер бар, оның біразі оның өмірлік
қызметін және отбасының белгілерін тізіп отырады( отбасы бір-бірін сүйейтін
топ, немесе ата-бабалары бір, бірге тұратындар). Отбасы жайлы түсініктердің
ішінде көз тоқтататынымыз жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, ата-ана мен
бала арасындағы қатынас, отбасы мүшелерінің бір-бірімен неке арқылы немесе
туысқандық қан арқылы байланысқан, бір-біріне адамгершілік жауапкершілікпен
қарайтын қоғамға қажетті адамдар тобы.
Отбасына біз қандас немесе интимдік, жыныстық қатынастар арқылы бір-
біріне жақын адамдардан тұратын туысқандар тобын жатқызамыз. Отбасы
негізінде некеден құралып, қоғамдық қатынастар мен өмірдің басқа да әдет-
ғұрыптарына қарағанда, тұрақты болады. Дегенмен, бірге тұрып,
шаруашылықтарын бірге жүргізіп, бірақ заң түрінде некеге тіркелмеген
отбасылар да кездесіп жатады [1].
Ерекше көмекті қажет ететін отбасылар санатына біз бірінші орынға жас
отбасыны қоямыз. Жаңарған қоғамда жас отбасы терминінің пайда болуы үшін
көптеген уақыт пен күш жігер керек болды. Бұл отбасының ерекше түрінің
қалыптасқандығын айтпайды. Оның мәселелері жаңашіл отбасының негізін
құратын мәселелерге кіреді. Сондықтан да жас отбасыға деген қарым-қатынас
толығымен отбасы институтына қатысты жүргізіліп жатқан әлеуметттік
саясатпен анықталады. Сонымен қатар, жас отбасының қоғам өміріндегі ерекше
маңыздылығы мен ерекше функцияларын да елемей қоюға болмайды. Оны біз оның
инновациялық әлеуеттілігі, өмір сүру мен қызмет стилін анықтау кезінде
түсініп, көруіміз тиіс. Жас отбасы мәселесін тек осы уақыттағы ғана емес,
сонымен бірге болашақ қоғамның өмір сүру қызметінің барлық салаларында да
қарастыруымыз керек.
Жас отбасы критериі ең алдымен неке кезектігі, біріншіде бірге тұрған
кездің ұзақтығы, яғни үш жылға дейін және жұбайлардың жас шекаралары – 18-
ден 30 жасқа дейін [2].
Өзінің құрылымы бойынша жаңа жас отбасы толық, типтік және әлеуметтік
қауіпті отбасы болып бөлінеді. Ақырғы типтегі отбасыға толық емес, жалғыз
және анасы кәмелетке толмаған отбасылар, яғни мұндай отбасыларға әкесі
әскери борышын өтеп жатқан отбасы, студенттік отбасы, сонымен қоса отбасы
мүшесінің біреуі мүгедек болған жағдайдағы отбасылар жатады. Осылардың
ішіндегі ең көбі толық емес және студенттік отбасылар [3].
Көптеген ғылыми-зерттеулік орталықтардың жаңа жас отбасылардың
жағдайына баға беру қазіргі уақытта жас отбасы мен оның мүшелерінің
мәселелері ішінде бірінші орынға – кедейлік пен аз қамтылғандық проблемасы,
өмір сүру қызметінің экономикалық шектелгендігі қойылған [2].
Өмір сүру мен физиологиялық минимумдар сияқты әлеуметтік құралдар
өзінің маңызді фунцияларын орындай отырып, зерттеушілерге кедейлік пен аз
қамтылғандық жағдайын анықтауға мүмкіндік берсе, басқару органдарына сәйкем
келетін топтарды қолдау үшін ресурстарды бөлуге көмектеседі. Бірақ барлық
осы минимумдар жас отбасы өмірінің тек қысқа уақытындағы кезеңдерге жатады,
сонымен бірге өмір сүруді қолдауды ғана емес, өмірлік ресурстарды өте тез
жоғалтып алуды да қорғайды. Минималды тұтыну бюджетінің анықтамасы кедейлік
пен қамтылғандық арасындағы шекараға сәйкес келуі тиіс болатын, бірақ
біздің жағдайымызда минималды тұтыну бюджетінің көлемі өте көп халық
топтары үшін қол жетпейтіндігі анық.
Әлеуметтік минимум өзіне өркениетті мемлекет тұрғындар өкілдері мен
күту арасындағы прагматикалық компрамистің

Бір жағынан бюджеттің шамалы мүмкіндігі, екінші жағынан мемлекеттік
көмектің әлеуметтік бағытталуы, яғни ол субъектінің биологиялық өмір сүруін
қолдап қана отырмай, сонымен бірге оның әлеуметтік өмірлік қызметтін де
қолдауы тиіс. Осылай бағытталған көмек балаларға көмек көрсетуде ерекше
көрінуі керек, яғни физиологиялық пісіп жетілу кезінде жеткіліксіз
тамақтану индивидтің бүкіл өмірін толық емес жәрдемақы тұтынушының
интеллектісі мен денсаулығына зияндығының тиюі, оның біліми,
коммуникативті, жалпы әлеуметтік қажеттіліктерінің жетіспеуі жас адамды
дезадаптациялану оның өмірінің бастауында артта қалуына, әлеуметтік
зияндылық, аяғында әлеуметтік иждивенияға алып келеді.
Өзінің актуалдылығына қарамастан жас отбасыға экономикалық
проблемалар жалғыз проблема болып келмейді. Әлеуметтік минимум комплексіне
жан басына шаққандағы кіріс, тамақтанудың дәрежесі мен сапалылығы сияқты
экономикалық көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге тұрғын-үймен қамтылуы,
мәдениет пен ақпарат, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелеріне қол
жеткізудің мүмкіндіктері сияқты әлеуметтік көрсеткіштер де кіруі керек.
Жас отбасы әлеуметтік жұмыстың ұжымдық клиенті ретінде мемлекеттік,
қоғамдық және басқа да әлеуметтік қызметтердің көмегін қолдана отырып,
сонымен қоса өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуіндегі өзіндік қызметі,
өзінің функционалды міндеттері мен құрылымдық байланыстарын сақтаумен
айналысатын қиын объективті және субъективті табиғаты бар. Кейбір
жағдайларда отбасының өзіндік әлеуеті ішкі ресурстарын қолдана отырып,
өзінің экономикалық жағдайын жақсартуға, жәрдемақы алатын разрядынан
қаржылай тәуелсіз өзін-өз қамтамасыз ете алатын субъект разрядына өтуге
жеткілікті болады. Бұл тиімді даму сызығы мемлекеттің бюджеттік қиындықтары
ғана емес, сонымен аз қолдануды қажет ететіндерге көмекті көрсетпей,
құралдарды көмекті қатты қажет ететіндерге атаулы қолданудың пайдасына
бағытталуымен түсіндіріледі. Өз аяғында нық тұрып, өзінің күш-жігеріне
сенетін тәуелсіз тұлғаның бейнесі жоғары жәрдемақымен қамтамасыз етілген
иждивен бейнесіне қарағанда әлеуметтік-психологиялық жағынан шексіз
қызықтырады. Отбасынның ішкі резервтерінің әлеуметтік ынталандыру
мағыналылығы өсуде – экономикалық, демографиялық, тәрбиелік,
рекреационалдық және т.б.
Неке мен отбасыға мыңдаған кітаптар мен ғылыми зерттеулер арналған.
Отбасыны құру өмір сүрудің ортақ стилінің қалыптасуы, жұбайлардың бір-
біріне өзара бейімделуі, талғамдарының ұқсауымен т.б басталады. Жас
отбасының қалыптасу кезеңін кеңірек қарастырайық, өйткені дәл осы уақыт
отбасының негізгі қиындықтары мен проблемаларын анықтайды. Нақ осы уақытта
жас отбасы сырттан нақты қолдауды қажет етеді де, осылай әлеуметтік
жұмыстың объектісіне айналады.
Болашақ жұбайлардың талғамдарының жақындасуы, баға берулері некеге
тұрмай тұрған кезде болады. Жас адамдар бірін-бірі түсініп, қабылдап, бір-
біріне қатысты барлық қымбат адамдар мен заттарды жақсы көруге тырысады.
Бірге тұрып жүрген күндердің басында жұбайлардың рухани жақындасуының
күшеюі, бір-біріне деген алаңдау мен бір-бірінің қызығымен өмір сүруге
ұмтылу мақсаты айқын көріне бастайды. Бірақ бірінші бақытты күндер,
апталар, айлар кеткен кезде, адам жұбайына кездейсоқ, кейде ұнамсыз
жақтарынан ашыла бастайды. Аяғында бірінші ұрыс, бірінші қайшылық,
бірінші реніш пайда болады [4].
Көптеген социологтардың, психологтардың, педагогтардың зерттеулері
отбасы жас адамдардың отбасылық өмірге нақты дайындығымен тұрақты
болатындығы айтады. А.Н.Сизановтың пікірі бойынша отбасылық өмірге
дайындық түсінігі әлеуметтік адамгершілік, мотивациялық, психологиялық
және педагогикалық дайындықтардан тұрады [5].
Әлеуметтік адамгершілік отбасылық өмірге дайындық азаматтық пісіп-
жетілу (жас, орта білімі, мамандығы, адамгершілік санасының дәрежесі),
экономикалық тәуелсіздік, денсаулықты анықтайды. Социологиялық зерттеулер
некенің ерте қиылуы жұбайлар арасындағы қарым-қатынастың қанағаттануына
әсер ететін фоктор болып табылатындығын көрсетеді. Отбасын 18 жастан
жасауға болады, бірақ медициналық тұрғыдан некеге тұру қыздар үшін – 20-22
жас, ұлдар үшін 23-28 жас (мұнда ұлдардың организмі қыздардікінен кейін
ғана толық жетілуге жететіндігі ескеріледі) жағымды болып келеді. Сәтті
және сәтсіз некелерді зерттегенде (сәтті некелерге – екі жұбайы да
өздерінің қарым-қатынастарына қанағаттанатын және өздерінің некелерін берік
деп санайтындар жатады) сәтті отбасылар тобына 43% әйелдер 21 жасқа дейін
некеге тұрады, сәтсіз отбасыларда оның көрсеткіші – 69%. Н.Г.Юркевич
көрсеткіштері 21 жасқа дейінгі ерлер арасындағы некенің бұзылуы некенің
беріктігінен 2,2 есе көп болады екен[6].
Жас адамдардың адамгершілік сана дәрежесі – отбасы жасауға дайындықтың
негізгі шарттарының біріне жатады. Дамыған адамгершілік сана жастардың
отбасының әлеуметтік мағыналылығын түсінумен, некені маңызды деп санаумен,
өмірлік жарын таңдаумен, жасалатын отбасыға жауапкершілікпен қарауымен,
болашақ әйелі немесе күйеуіне, үлкен адамдар өкіліне және де басқа отбасы
мүшелеріне, олармен қатынас кезінде терең силасымдықпен қараумен көрініп
отырады.
Мысал ретінде социологиялық зерттеулердің көрсеткіштері көрсеткендей
қазіргі келіндер өздерінің болашақ жарынан интеллегентілікті іздейді, яғни
өте қиын жоғарғы адамзаттық қасиеттердің комплексі болып табылады. Бұған ой
да, эрудиция да, этика да, ішкі және сыртқы мәдениеттілік те жатады. Екінші
орында - әйелдерге деген достық қарым-қатынас, отбасыға, балаға деген
ерекше күтіммен қарау, сонан кейін – тәуелсіз ерік, еңбекқорлық, ойының
түзулігі, жан-жақты болуға ұмтылысы, физикалық сұлулығы [7].
Ал жігіттер болса, өздерінің жарларынан ең алдымен жақсылықтың,
жұмсақтылықтың, жігерлік пен некелік парызына сенімділігімен сәйкес келуін
қалайды. Оларға сонымен қоса, күйеуімен бірдей дәрежеде еңбек етуге тура
келетіндігі, жарының ақылдылығы мен іскерлігі де маңызды.
Отбасыға дайындығы мен оның сәттілігі көп жағдайда некеге тұрушы
жастардың денсаулықтарына байланысты. Бірақ денсаулық бір күннің ішінде
қалыптаспайды, ол түгел өткен өмірінің аралығында қалыптасады. Салауатты
өмір салты адамның рухани мәдениетінің дамуына, отбасының ішіндегі
қатынасты нығайтуға, қоршаған адамдармен достық және жоғары адамгершілік
қатынасты қолдауға негіз болып, отбасылық өмірде болып тұратын стрестік
ситуациялар мен психоэмоционалды қиындықтарды адамға жеңіл жеңуге мүмкіндік
береді.
Жас адамдар отбасы жасаған кезде, әрине, материалды және тұрғын-үй
проблемалары туралы ойлайды. Көптеген зертеулер көрсеткендей отбасы
тұрақтылығына материалды және тұрғын-үймен қамтылу факторлары ешқалай әсер
етпейді. Бірақ та өмір сүрудің нашар материалды шарттары басқа себептерден
туған қайшылықты ситуацияларды күшейте түседі. Таңдаулы социологиялық
зерттеулер көрсеткендей жас жұбайлардың 44 % ата-аналармен тұрмақшы. Ал
басқа жас жұбайлар жатақханаларда, жеке немесе жалдамалы пәтерлерде,
коммуналды пәтерлердің бөлмелерінде тұрмақшы болған. Сонымен бірге жұбайлы
қыздар мен жігіттердің 23% -ң жауаптары бір-біріне сәйкес келмеген. Жалпы
алғанда қазіргі жастарға ата-аналарынан бөлек тұруға талпыныс тән болса да,
жастардың ата-аналарынан тәуелділігі жоғары. Мысалы, некеге тұрушылардың
80%-ға жуығы материалды көмекті ата-аналарынан алатындығын айтқан, мұның
өзі жастардың экономикалық және әлеуметтік тәуелділігін көрсетіп отыр [7].
Материалдық фундаментсіз отбасы құруға ұмтылған жас адамдарға көп
жағдайда әділ ескертулер естуге тура келеді. Сонда да мұндай отбасын құру
міндетті түрдегі материалдық қамтылуды қолдайтындарға қарағанда көбірек
рационалды негізі бар. Ережеге сай ұзақ уақыт жүргеннің салдары махаббаттық
қатынастың құлдырауына алып келеді.
Отбасылық өмірге мотивациялық дайындық өзіне махаббатты отбасын
құрудың, құрылған отбасыға деген жауапкершіліктің, бала туу мен тәрбиеге
дайындықтың негізгі мотиві деп қарастырылады. Бәріне белгілі, көптеген
адамдар отбасыны махаббаттың негізінде құрайды. Бұндай отбасылар,
социологтардың деректері бойынша 70-75%. Қатты сезімсіз ақылға сүйеніп
отбасыны 15-20% жас жұбайлар құраса, 5-10%-ға жуығы отбасының
материалдылықты негізге алап жасауда(болашақ жарының біреуінде машинасы,
жеке меншік пәтері,жақсы жалақы төлейтін қызмет орны, т.б. бар) [8].
Отбасы құрудағы психологиялық дайындық – бұл адаммен қарым-қатынас
біліктілігінің дамуы, дүниеге және отбасылық өмірге деген көзқарастарының
бірлігі мен ұқсастығы, отбасыда моральды-психологиялық сау климат орната
білу, мінезі мен сезімінің тұрақтылығы, тұлғаның дамыған жігерлік сапалық
қасиеттері. Болашақ жұбайдардың өсіп, тәрбиеленген отбасы атмосферасынан
көп жағдайда олардың өздерінің болашақ отбасыларының өмірі қалай болатыны
байланысты, яғни ол сәтті бола ма немесе көптеген қиыншылықтар мен
проблемаларға кездесіп, құлдырай ма.
Социологиялық зерттеу деректері көрсетіп отырғандай, ата-аналарының
ажырасуы балаларының ажырасу мүмкіндігін 3 есе жоғарылатады, ал толық
отбасыдағы балардың ажырасуы 100-ден 5-ті құрайды [8].
Отбасы құрудағы педагогикалық дайындық өзіне педагогикалық сауаттылық,
шаруашылық-экономикалық біліктілік пен іскерлік және жыныстық тәрбиелікті
қамтиды. Отбасылық өмірге құадам басып отырған жас адамдардың педагогикалық
сауаттылығы бала дамуының заңдылықтары мен оларды тәрбиелеу ерекшеліктерін
білуі мен кішкентай жаңа туған сәбиді күту біліктілігіне негізделген болса,
шаруашылық-экономикалық біліктілік пен іскерлік отбасылық бюджетті
қадағалау, тарату, жоспарлай білуді, демалыс уақытты ұйымдастыра білу мен
отбасылық жылулықты жасай білуге негізделеді. Жыныстық тәрбиелік адам
өмірінің интимді жақтары туралы керекті білімдерді игеру, әр жыныс
өкілдерінің қатынасына дұрыс көзқарас пен з махаббатын қалай сақтап қалуды
қарастырады.
Сонымен, сәтті, әрі тұрақты отбасы жас адамдардың ортақ отбасылық
омірге нақты дайындығы болған кезде ғана функциялана алады. Жас отбасында
туындағын әлеуметтік мәселелерді шешу әлеуметтік жұмыстың, сонымен бірге
жастарға арналған әлеуметтік ұйымдардың қызметтерінің ұйымдасуынсыз жүзеге
аспайды.
Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс жас отбасылардың қалыптасуына үлкен
әсер етеді. Ол әр бір жас адамның дамуына әлеуметтік-экономикалық жақсы
жағдай жасап, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының негізі болып, индивидтің
барлық еркіндікті игеруі мен қоғам өміріне толыққанды қатысуын қамтамасыз
етеді.

1.2. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың міндеттері мен құрылымы
Осы кезеңде әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы әлеуметтік жұмыс
түсінігінің толық мағынасын айқындайтын анықтама қалыптастыруда көптеген
қиыншылықтар туындауды. Әлеуметтік жұмыс тұлғаның, топтың, т.б әлеуметтік
құқығын қамтамасыз ету аспектісінде қалыптастырылады. Мұндай көзқарас
әйгілі сатылы анықтамаға негіз болады – не әлеуметтік құқық барлық емес,
тек дамыған демократиялық модернизацияны басынан өткеріп жатқан қоғамның
ажырамас бөлігі болып танылады, сонымен бірге, егер де әлеуметтік қызметтің
барлық саласымен емес, сөз нақты проблема, нақты әлеуметтік ситуация туралы
айтылған жағдайда тек барлық немесе бірнеше әлеуметтік институттардың
бірігуімен жүзеге асатын нақты қызметтің спецификалық мінездемесін береді.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, әлеуметтік жұмыстың мағынасы – бұл
индивидтер, отбасылар, топтардың әлеуметтік құқықтарының орындалуы мен
толық қанды әлеуметтік өмір сүруге кедергі жасайтын физикалық,
психологиялық, интеллектуалды, әлеуметтік және басқа да кемшіліктерді
компенсациялауға көмек көрсету қызметі [2].
Әлеуметтік жұмыстың мазмұны индивид, отбасы, топтың және басқа да
әлеуметтік таптар мен халықтың проблемалы санаттарының өмір сүруін қолдау
болып табылады. Отбасы болашақ жан-жақты әлеуметтік институт болып
табылғандықтан өзіне барлық әлеуметтік проблемалардың бейнесін көрсетеді:
аз қамтылғандықты да, әлеуметтік бейімделеалмаушылықты да, мүгедектер мен
көп балалылардың қиыншылықтарын да, босқындардың жағдайы, балалар мен
әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді де, жастайынан ана болуды да және т.б.
Әлеуметтік проблемеар отбасыда жан-жақты көрініп отырады. Маңызды
дәрежеде отбасыға кәсіби көмек көрсетудегі қиыншылықтар мен қажеттіліктер
оның типіне байланысты. Проблемалылар санатына әлеуметтік жұмыс жастарды
әлеуметтік қорғау жүйесі негізінде жүзіге асып отырған жас отбасылар
жатады. Сондықтан да бұл сұрыққа толығырақ жауап беруге тырысып көрейік.
Әлеуметтік қызметті әлеуметтік қызмет көрсететін өнеркәсіптер,
мекемелер, ұйымдар және басқа да түрлі жеке меншік формалары бар заңды
тұлғалар, сонымен қатар, заңды тұлға білімі жоқ, бірақ әлеуметтік қызмет
көрсетумен айналысатын азаматтар қамтамасыз етеді.
Жастарды әлеуметтік қорғау жүйесінің субъектілерінде келесідей
әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің құрылымы бар:
1. Келесілер кіретін, әр қала мен аудандағы міндетті минимум:
А) әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (бөлімдер: әр бір үйге
көрсетілетін әлеуметтік көмек, күндізгі, уақытша және жедел әлеуметтік
көмек);
Б) отбасы мен балаға әлеуметтік көмек орталығы;
В) жасөспірімдерге арналған әлеуметтік-реабилитациялық орталық;
Г) әлеуметтік қонақханалар;
Д) балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік приют.
2. Келесілер кіретін, қалалар мен аудандардағы қосымша желі:
А) психо-педагогикалық көмек көрсету орталығы;
Б) телефон арқылы көрсетілетін жедел психологиялық көмек орталығы;
В) қайырымдылық үйлері;
Г) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ранлаған реабилитациялық орталық
(сонымен бірге, балалар мен жасөспірімдерге)
3. Келесілер кіретін, республикалық, облыстық, ауданаралық мекемелер:
А) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрсету орталығы;
Б) интернат үйлер: балалар, психоневрологиялық, арнайы;
В) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған жатақханалар.
Әлеуметтік қызметтердегі жасардың шынайы қажетіліктерін зерттеу,
олармен әлеуметтік жұмыс жүйесін қалыптастырудың негізгі элементі болып
табылады. Зерттеулер бойынша ең алдымен жастар еңбек биржасын, құқықтық
қорғау пунктері мен құқықтық кеңес беруді, сенім телефонының жұмыс істеуі,
әрі қарай – сексологтың кеңесі, жас отбасыға кеңес беру орталығы, үйде
қайшылықты жағдайға тап болған жасөспірімдерге арналған жатақхана приюттерн
қажет етеді. Осының ішінде жас жұмысшылар құқықтық қорғау пунктері мен
құқықтық кеңес беруді, жастардың еңбек биржасын, жас отбасыға кеңес беру
орталықтарын қаласа, оқитын жастар - сенім телефонынын, сексологтың кеңесі,
еңбек биржасын қалайды.
Жастардың негізгі проблемаларына жұмықа тұру, жақсы жалақы мен қызықты
жұмыс орны жатады. Нарыққа өту түбірлі түрде жас адамдардың экономикалық
белсенділігінің мотивтері мен стимулдарын өзгертіп, жас ұрпақтың жаңа
жағдайларды жұмыс істеуге қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастырады.
Жастардың әр түрлі санатындағы еңбекке қатынасын зерттеу көптеген жастар
үшін өмірде жақсы жұмыс орны, еңбек ұжымындағы жақсы қатынас, жақсы еңбек
жағдайлары маңызды екендігін көрсетіп отыр. Осылай 67-ден 75% сұралғандар
жауап берген
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді ұйымдастырған кезде олардың
міндеттерін нақты анықтап алуымыз керек. Мысалы, жасөспірімдерге арналған
әлеуметтік реабилитациялық орталық: диагностика бөлімі, әлеуметтік
реабилитация, күндізгі бөлім немесе стационардан құралған.
Диагностика бөлімінің міндеттері дезадаптацияланған бала мен
жасөспірімді анықтау, олар туралы мәліметтер базасын құру, әлеуметтік
дезадаптация факторларын анықтап, талдау жасап, оның формасы мен сатысын
көрсету, денсаулық жағдайын, тұлғалық даму ерекшелігі мен бала,
жасөспірімнің мінез-құлығын зерттеу; жасөспіріммен әлеуметтік
реабилитацияның қалыпты өмір қызметі үшін жағдай жасау мен қиын ситуациядан
шығуға бағытталған жеке бағдарламаны қолданатын шаралар кешенін жасаудан
тұрады.
Әлеуметтік реабилитация бөлімінің негізгі міндеттеріне
жасөспірімдердің әлеуметтік реабилитация бағдарламасын сатылай орындалуын
ұйымдастыру; отбасы, отбасы ішіндегі мүшелермен жоғалтылған қарым-қатынасты
орнату, жасөспірімнің тұлғаралық байланысын сауықтыру, құрдастары ұжымында
оның әлеуметтік мәртебесін қайта қалпына келтіру, психотравмалық жағдайдан
құтылуға көмектесу, адмгершілік нормалары негізінде құрдастары мен үлкен
адамдармен қатынас жасауға үйрену, мамандық алуы мен жұмыс істеуге
көмектесу, құқықытық және медико-психологиялық көмек кешенін көрсету.
Айтылғандардың негізінде жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың негізгі
мақсаттары мен міндеттерін анықтауға болады:
- жас отбасыны репродуктивті әлеуметтік бірлік ретінде нығайту үшін
шаралар жасау мен оны жүзеге асыру;
- өтпелі нарықтық экономика жағдайына жас отбасыны бейімдеу;
- жас отбасының рухани, материалдық, адамгершілік жағдайын жақсарту;
- жас отбасыларға арналған әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
қызмет жүйесін құру мен дамыту;
- жас отбасының әлеуметтік және отбасы-тұрмыстық функцияларының
сәйкес келуі үшін жақсы жағдайлар жасау;
- жастардың іскерлік белсенділігін арттыру;
- отбасының бос уақыты мен демалысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні және әдістері
Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Отбасы тәрбиесінің функциялары
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Отбасымен жүргізілетін жұмыстың түрлері
Отбасының репродуктивті функциясы
Жас отбасының әлеуметтік мәселелері
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Пәндер