Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні ... ... .4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырылады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айыршаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылады, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде ( АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
1. «Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы» заңы, 2005 жыл
2. ҚазЭУ хабаршысы, 2005ж. №1
3. ҚазЭУ хабаршысы, 2006ж. №1
4. Аль Пари, 2006ж. №1
5. Аль Пари, 2005ж. №7
6. Мир финансов, 2005ж. №7
7. Транзитная экономика , 2005ж. №3
8. М.А. Сейтказиева «Инвестиционная активность предприятий республики Казахстан» алматы, 1999ж
9. Гитман Л.Дж. «Основы инвестирования» 1997ж
10. У.Баймуратов «Инвестиции и инновации: нелинейный синтез» Алматы, 2005ж
11. Шарп «Инвестиции» 2001ж
12. Олейничева Т.Д. «Инвестиционная деятельность финансово-кредитных учреждении» 1995ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..4
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні ... ... .4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар
ағымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет
етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық
потенциалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..31

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..32

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .33

Кіріспе

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде
пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде
“жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша
жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың
кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық
салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес
капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет салынатын интеллектуалды бағалықтар,
несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және
осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында.
Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырылады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айыршаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылады, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымдарға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде ( АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.

1.Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі.

1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні.

“Инвестиция" терминінің бірнеше мағынасы бар. Ол біршама қаржылық
нәтижелерді ескеріп акция немесе облигациялар сатып алуды білдіреді;
белгілі бір тауарды өндіру мен сатуға талап етілетін нақты активтерді,
мысалы машиналарды білдіреді.
Инвестиция-бұл капиталдың сақталуын немесе құнының өсуін және ол
бойынша оң табыс алуды қамтамасыз ететін капиталды орналастыру әдісі. Бос
ақша қаражаттары- инвестиция емес, себебі қолма-қол ақшаның құндылығы
инфляциямен “жеп” қойылуы мүмкін және олар табысты алуды қамтамасыз ете
алмайды. Егер,сол ақша қаражаттарының сомасын банктін жинақтаушы шотына
орналастырсақ, онда оларды инвестиция деп атауға болады, себебі шот белгілі
бір табысқа кепіл береді.
Инвестициялық процесті талдаулар таза инвестициялардың артқы Ж.Ұ.Ө-
ң мультипликативті өсуін басқаратынын көрсетеді. Басқаша
айтқанда,инвестициялық ақшалар – бұл “қуаттылығы жоғарылатылған “
ақшалар.Мұның баламалы әсеріне мемлекеттік шығындардың өсуі де әкеледі.
Кез келген экономикалық инвестициялық ортасы негізгі болып табылады
және елдің экономикалық өсуін анықтайды, ал инвестициялық саясат
экономикалық саясаттың приоритетті сферасы болып табылады.
Капиталды орналастырудың түрлі нысандары бар.Олар бірқатар
факторлармен айқындалады: бағалы қағаздарға және жылжымайтын мүлікке;
қарыздық міндеттемелерге; акция және опциондарға;аз немесе көп
тәуекелмен;қысқа немесе ұзақ мерзімге;тікелей және жанама.
Бағалы қағаздар және мүліктік салымдар.
Бағалы қағаздар немесе қор құндылықтары-бұл кез келген біреудің қарыз
міндеттемелерін көрсететін немесе меншік иесі ретінде компаниядағы үлесін
сату немесе сатып алу құқығын қамтамасыз ететін ақша салымдарының құралы.
Мүліктік салымдар-бұл компанияның нақты активтеріне немесе жеке нақты
мүлікке салымдар.
Нақты активтер-бұл жер,құрылыстар және жермен тұрақты
‘’байланыстырылғандардың’’барлығы.
Нақты жеке мүлік-бұл алтын, антиквариат,өнер өндірісі және басқа да
коллекциялық заттар.
Тікелей инвестиция – бұл қор немесе мүліктік құндылықтар түріндегі
активтерге талаптартарды инвестор тікелей иеленетін капитал салымы.
Жанама инвестиция – бұл портфельге қаражат салу,басқаша айтқанда
бағалы қағаздардың,не мүліктік құндылықтардың жиыны. Мысалы,инвестор
әртүрлі фирмалар шығарған бағалы қағаздардың диверсификацияланған жиынын
көрсететін өзара байланысты қордан акция сатып ала алады.Осы сатып алудан
кейін,инвестор жеке алынған компаниялардың активтеріне талаптарды емес, ал
портфельдегі үлеске ие болады.
Ережеге сәйкес, инвестициялар не кредиторлардың
мүддесімен,не капиталға меншік иесі ретінде қатысуымен байланысты. Қарыздық
бағалы қағаздар мүліктік емес активтерге салымдар ретінде пайыз (%) түрінде
табыс алу құқығына айырбасқа берілген қаражаттарды және белгіленген уақытта
қарыз сомасын қайтаруға қарыз алушының міндеттемесін білдіріді. Инвестор
қарыздық қаржы инструменттерін сатып алған кезде, мысалы облигацияны
айналысқа шығарғанды несиелейді және келісім шарттың аяқталуында қарыздың
бастапқы сомсын қайтаруға міндетті болатын келісілген уақыт ішінде
бекітілген пайыздарды төлеу міндеттемесін алады.
Капиталға қатысу немесе үлестік салымдар - бұл уақыт шектеулерімен
байланысты емес белгілі бір компанияның немесе мүлкінің иесінің үлесі.
Негізінде инвестор акция деп аталатын бағалы қағаздарды сатып ала отырып
компания каиталына қатысу құқығын иеленеді.Опциондар қарыздық
инструменттерге де,үлестікке де жатпайды; бұл инвесторларға басқа бағалы
қағаздарды немесе келісілген мерзім аяқталғанша алдын – ала белгіленген
баға бойынша активті ссатып алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Кейде инвестицияларды тәуекел деңгейі бойынша бөледі. ’’Тәуекел’’
термині жағымсыз нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді.
Тәуекелі төмен инвестицилар- бұл белгілі бір табыс алу тұрғысынан
қауіпсіз деп есептелетін салымдар.
Тәуекелі жоғары инвестициялар- бұл белгілі бір табыс алу кепілі
тұрғысынан спекулятивті болып есептелетін салымдар.
Спекуляция- бұл қаржы инструменттерінің құнымен табыстылығы болашақта
анықталған болатын қаржы инструменттерін сату және сатып алу операциясы.
Жалпы, инвестициялық процесс- бұл ақша ұсынушылар мен сұранушылар
арасындағы механизм.Екі жақ әдетте,қаржы институттарында немесе қаржы
нарығында кездеседі.Қаржы институттарын – банк және қарыз жинақтаушы
ассоциациялар сияқты ұйымдар,әдетте, алдымен салымдар алады,содан соң
ақшаларды кредитке береді,басқаша айтқанда инвестициялайды.Қаржы нарықтары
– бұл қор биржасы сияқты делдалдар көмегімен келісімдер жасау үшін қаржы
ресурстарын ұсынушылар мен іздеушілерді мемлекеттің ағымдағы қажеттіліктері
табылады.
Жалпы,мемлекет – бұл ақша қаражаттарын таза тұтынушы,яғни ол ақша
қаражаттарын бергенге қарағанда көп пайдаланады.
Көптеген компаниялар (типіне тәуелсіз) өз қызметін қолдау үшін күрделі
қаражаттарды қажет етеді.Мемлекетке ұқсас компаниялар,жалпы таза ақша
қаражаттарын сатып алушылар болып табылады.
Жеке тұлғалар инвестициялық процеске әр түрлі әдістермен ақшаларды
жеткізе алады,мысалы,ақшаларды жинақтаушы шоттарға орналастыру,акция және
облигациялар сатып алу,сақтандыру полистерін сатып алу,әр түрлі мүліктерді
сатып алу.
Жеке тұлғалар – ақшаларды таза жабдықтаушылар;басқаша айтқанда,олар
инвестициялық процеске ақшаны алғанға қарағанда көп береді.
Инвестициялау деп – ақшаларды олрдың құндылығын арттыру немесе оң
табыс алу мақсатында арнайы таңдалған қаржы инструменттері арқылы
орналастыру процесін айтамыз. Бұл қызмет үлкен экономикалық маңызға ие, ол
логикалық кезекті әректтерді орындай алады, ал оның нәтижесі табыс алу
болып табылады.
Инвестициялардан табыс немесе пайда 2 негізгі нысанның біреуінен
алынуы мүмкін: ағымдағы табыс немесе салынған қаражаттардың құнының өсімі
ретінде.Мысалы,банктің жинақтаушы шотына орналастырылған ақшалар немесе бос
жер учаскесін сатып алуға салынған ақшалар.(оның табысы жерді сатып алу мен
сату уақыты арасында учаске құнының өсімі түрінде болады).
Инвестициялық белсенділік экономиканың дамуының маңызды жағдайы,
құрылымдық қайта құруларды жүзеге асырулардың, бәсекелестіктің нығайуының
маңызды жағдайы болып табылады.
Әлемнің әрбір елі инвестициялық кризистен өз жолдарымен
шығады.Қалыптасқан инвестициялық саясат сол елдің не басқа елдің нақты
қаржылық - өндірістік мүмкіндіктерін есепке алуы тиіс.
Толық және дамыған инвестициялық бағдарлама инвестициялау көздерінің
барлық жиынының ‘’жұмысын’’ кіріктіруі қажет.Инвестициялық көздер мен
экономикалық даму арасындағы өзара байланыс жүйелі түрде келесідей
көрсетілуі мүмкін.
Инвестициялау көздерінің жалпы құрылымын қарастырайық.
Экономикалық теорияда инвестиция көздерінің сыныптамасы оның
негізіндегі белгілермен ерекшеленеді.Егер,көздердің негізгі арналымынан
қарастырсақ,ұлғайтылған инвестициялық шығыстарды ескірген құрал –
жабдықтарды алмастыруға бағытталған амортизациялар және физикалық капиталды
кеңейтетін, яғни экономикалық өсімге әсер ететін таза инвестицияларға
бөлуге болады.
Инвестицияны қаржыландырудың ішкі көздері.
Жоғарыда айтқандай,ішкі көздердің бірі болып жинақтар табылады. Ел
масштабында,жинақтардың жалпы деңгейі тұрғындардың, ұйымдардың және
үкіметтің жинақ деңгейіне тәуелді.
Елдегі жинақтардың көлемі елдегі инвестициялар көлеміне әсер етеді.
Инвестициялар болашақта бүкіл экономикалық өндірістік қуатын арттыратын
негізгі қорлардың сатып алу шығыстарын көрсетеді. Қоғам өзінің ағымдағы
табыстарының бір бөлігін жинақтаса, бұл өндірістің бір бөлігі тұтынуға
емес,инвестицияға бағытталғандығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта,сыртқы көздерден қаржыландырылатын шетел
инвестицияларына көп көңіл бөлінеді.Оларға жеке тікелей және портфельді
инвестициялар,сондай – ақ шетел несиелері мен қарыздары жатады.
Қазір инвестиция түріндегі шетел капиталына үлкен үміт артылуда.
Бұл, жол берілетін көлемде шетел валютасының біріктіретін механизм. Қаржы
нарықтарының бірнеше түрлері бар:акция нарығы,облигация нарығы, опциондар
нарығы.
Әрбір атқарушы билік деңгейіне өз қызметін қаржыландыруға ауқымды ақша
сомалары талап етіледі.Әдетте,мұндай жобалар әртүрлі ұзақ мерзімді
міндеттемелер – облигациялар шығару арқылы қаржыландырылады. Ақшаға
сұраныстың басқа көзі болып құйылуы ұлттық экономиканы сауықтыруға әрекет
жасайды. Екіншіден, қазір интеграция кезінде, шетел инвестициялары ұлттық
мемлекеттердің жақындасуының бір құралы болып табылады.
Қазіргі уақытта, екі негізгі ұйымдар даму деңгейі төмен нлдерге,
соның ішінде Қазақстанға да, қаржылық қаражаттар салады. Олар – Халықаралық
Валюта Қоры және Халықаралық Даму Банкі.Бірақ, бұл халықаралық ұйымдар
‘’приоритетті’’ салаларын қаржыландырады, мысалы, ауыл шаруашылығы.
Қазақстан қазір іс – жүзінде барлық салаларды қаржыландыруды қажет етеді.
Қазіргі кезде, кәсіпорынды концессия көмегімен шетел иелігіне
беру жолымен Қазақстан өндірістік процесті қалпына келтіру әдісін дамытуда.
Ережеге сәйкес,бұл кәсіпорындар металлургиялық, тау – кен өндірісі,және тау
– кен өңдеуші салаларға жатады. Бірақ,қазір,ұлттық экономикаға жағымды әсер
етеді.
Қ.Р.Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі
міндеттері.
Қ.Р.Президенті жанындағы Шетел инвесторлары Кеңесі (ШИК) Мемлекет
басшысының №3985 1998 ж 30 маусымындағы жарлығымен құрылды. Ондағы мақсат
Қазақстандағы жұмыс жасайтын инвесторлармен тікелей келіссөз жүргізуде,
сондай– ақ инвестициялық
Қызметпен байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету.
Кеңес – ақылдасушылық – консультативтік орган болып
табылады.ШИК–н Қазақстан Республикасының Президенті басқарады. Ол оның
қызметін басқарады, сонымен қатар нұсқаманы бекітеді жене Кеңес отырысында
өкілеттік етеді.
Кеңес құрамына Қазақстан Республикасынан Премьер – Министр,Ұлттық
Банк Төрағасы, Сыртқы істер Министрі, Индустрия және сауда
Министрі,экономика және бюджетті жоспарлау Министрі,Қаржы Министрі,
Индустрия және сауда Министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитет Төрағасы
және шетел инвесторларының жолдауын қарау жөніндегі ведомстволық
комиссияның төрағасы кіреді.
Кеңес құрамына шетел жағынан халықаралық қаржылық ұйымдардың және
шетел компанияларының бірінші басқарушыларының белгілі бір саны кіреді.
Кеңес отырысында оның құрамына кірмейтін компаниялар мен
ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. ШИК шегінде 5 бірлескен жұмыс топтары
қызмет етеді – салық салу, заңнама, шетел инвесторларының ағымдағы қызметі,
Қ.Р. инвестициялық беделдік арттыру және мұнай газ секторы мәселелері
бойынша.
Кеңестік қызмет органы мен қызметінің негізгі координатор болып
Қ.Р. индустрия және сауда Министрлігінің инвестиция жөніндегі Комитет
табылады.’’Шетел Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі’’ Ассоциациясы шетел
жағынан координатор болып табылады.Комитет, мүмкіндігінше, өндірістік және
шетел инвесторларының іскерлік ассоциациясы,мемлекеттер
өкілдіктерінің(Қазақстан Республикасында тіркелген ). ‘’Шетел
Инвесторларының Қазақстандық Кеңесі ‘’Ассоциациясымен келісіп ұсыныстарды
ескере отырып Кеңестің шетелдік мүшелерінің 13 құамын өзгерту жөнінде
ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына бере алады.
Кеңес отырысы жылына бір немесе екі рет жүргізіледі.Оның
құрылған мезетінен бастап мемлекет басшысының төрағалық етуімен 13 пленарлы
отырысы өтті:1998ж 25 қыркүйек, 1999ж 2маусым, 1999ж 3 желтоқсан, 2000ж 8
желтоқсан, 2001ж 13маусым,2001ж 15желтоқсан, 2002ж 05 щілде, 2002ж 06
желтоқсан, 2003ж 05 маусым, 2004ж 4 маусым, 2004ж 10 желтоқсан және 2005ж
17 маусым.
Бұдан басқа, Кеңестің ағымдағы отырысы жиі болады және жұмысшы
топтардың кездесулері ұйымдастырылады.
Кеңестің пленарлы және ағымдағы отырыстарының қорытындысы
бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жетілдіру бойынша
министірліктер мен ведомстволарға тапсырыспен қаулылық шешімдер
қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетел
инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар табылады:
1. Инвестициялық қызмет мәселелерін реттейтін заңнамаларды
жетілдіру бойынша ұсынымдарды және сонымен қатар халықаралық маңызға ие
Қазақстан Республикасының ірі инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын
жүзеге асыруымен байланысты мәселелер бойынша ұсынымдарды Қазақстан
Республикасы Президентіне қарауға беру.
2. Инвестициялық климатты, сондай–ақ Қазақстан Республикасы
экономикасына шетел инвестицияларын тарту стратегияларын жақсарту бойынша
ұсынымдар жасауға.
3. Әлемдік экономикалық процестерге елдің экономикасының
интеграциясы бойынша ұсыныстар жасау.
Кеңес отырыстарында мәселелердің кең спектрі талқыланады, оның
ішінде:
- Қазақстан Республикасының инвестициялық беделдік арттыру
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- Салық салу және салық әкімшілігі жүйесін жақсарту
- Заң шығару процесінің айқындылығын арттыру
- Шетел жұмысшы күшінің елге келуін лицензиялау
- Инвестициялық пікірталастың келіспеушіліктерін жою және сотсыз шешу
- Көрші елдермен тарифтік саясаттың координациясы және транспорттық
тарифтер.
- Шетел компанияларының басты буындарының келуі мен кетуі
процедураларының жеңілдету.
- Бюрократия және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- Инвестицияларды саяси және жиі болатын тәуекелдерден сақтандыру.

1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы.

Қазақстан, сөзсіз ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту
сферасында постсоветті кеңістікке көшбасшылардың бірі болып табылады.
Қазақстан тек шикізаттың стратегиялық түрлерінің экспортері ретінде ғана
емес, сонымен қатар инвестицияларды жүзеге асыру үшін қажетті заңнамалық
база және жағымды орта жасалғандығымен де тартымды.
Жалпы, шетел капиталын тарту және қорғау процедурасы, қазіргі
уақытта 20-дан астам заңдық және нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Соларға сәйкес Қазақстанда шетел инвестициялары барлық ұйымдық – құқықтық
нысандарда рұқсат етілген кез келген обьектілер мен қызмет түрлеріне,соның
ішінде шетел фирмалары құру арқылы, яғни толығымен шетел инвесторларына
тиесілі, оның филиалдарын өкілдіктерін, не бірлескен кәсіпорындар құру
арқылы салына алады.Шетел инвесторларына респуюликада қайта инвестициялау
үшін, тауарларды сатып алу үшін және басқа да мақсаттар үшін табыстарды өз
қалауы бойынша пайдалануға кепіл береді.
Ел экономикасына күрделі ауқымды инвестициялық ресурстарды
тартудың,оларды рационалды және тиімді пайдалану қажеттілігін ескере
отырып,Президент жарлығымен бірыңғай уәкілетті орган – Қазақстан
Республикасының инвестиция жөнінднгі мемлекеттік комитеті құрылды.
Республикада экономиканың приоритетті секторларына тікелей инвестицияларды
тарту бойынша белгілі бір жарнамалық жұмыстар да жүргізілуде.

Шетел инвесторлары үшін келесідей салық жеңілдіктері қарастырылған (2005ж).

Негізгі қаражаттарға Салық жеңілдіктерінің қызмет ету
№ инвесторлардың жалпы мерзімі(инвестор салықтан босатылатын
көлемі көрсетілген Жылдар саны)
экономиканың
приритетті секторларының
атауы.
Табыс* салығы Мүлік салығы Жер салығы
Өндірістік инфрақұры -
лым.
1 10млн(АҚШ)долларына 4 5 4
дейін қоса алғанда.
10 млн.жоғары 5 5 5

Өңдеуші өндіріс
1млн.АҚШ дол.дейін қоса 2 3 3
2 алғанда.
1млн.-5млн.$(АҚШ)қоса 3 4 4
алғанда.
5млн.$(АҚШ) жоғары 5 5 5
Астана қаласының
объектілері.
3 10млн.$(АҚШ) дейін қо- 3 4 4
са алғанда
10млн.$(АҚШ) жоғары 5 5 5
Тұрғын үй**,әлеуметтік
Сфера және туризм
объектілері.
4 4млн.$(АҚШ) дейін қо - 2 3 3
са алғанда
4млн.$-10млн.$(АҚШ) 4 4 4
қоса алғанда
10млн.$(АҚШ) жоғары 5 5 5
Ауыл шаруашылығы.
5 1млн.$(АҚШ)дейін қоса 3 4 5
алғанда
1млн.$(АҚШ)жоғары 5 5 5


* -Салық салынатын табыстар алу мезетіне 5 жыл мерзіміне, бірақ келісім
шарт жасалған мезеттен 8 жылдан артық емес мерзімге табыс салығын төлеуден
босатылады
** -Салынған тұрғын үйлерді сатудан алынатын табыстар аталғанды жүзеге
асыру жылында табыс салығынан босатылады.
Қабылданатын заң актілері мен ұйымдастырушылық шаралар Қазақстандық
экономикаға шетел инвестицияларының құйылуына әрекет жасайды. Оған, қазір
40 шақты елдер өз қаржылық ресурстарын жұмсауда. Шетел инвестицияларының
негізгі көлемі тау-кен өндірісі өеркәсіптерінің негізгі қаражаттарын (75%)
құруға бағытталады. Құрылыстағы шетел инвестицияларының жалпы республикалық
көлемінің ең көп үлесі Батыс Қазақстан (66%), Атырау (22%), Ақтөбе және
Маңғыстау (4-5%) облыстарында игерілуде. Қазақстан Республикасы экономика
және сауда министірі Жақсыбек Кулекеевтің мәліметтері бойынша 2002 жылы
Қазақстан Экономикасына тікелей шетел инвестицияларының көлемі 4,5млрд.$
құрады. Ол алдынғы жылдан 1млрд.-қа көп. Оның айтуы бойынша тікелей шетел
инвестицияларының көлемі 2003 жылы 5млрд.$ кем болуы керек. Жақын 10 жылда
инвесторлар Батыс Қазақстанның мұнай инфрақұрылымын нығайтуға 65 млрд.$ көп
салым салуға дайын.
Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан Орта Азияға түскен барлық
тікелей инвестицияларының 80%-н алды. 2001 жылы Әлем банкі Қазақстанды
инвестицияның едәуір көлемін тартатын әлемнің 20 елінің қатарына қосты.
Донор-елдерден тікелей шетел инвестицияларының түсуі
(02.06.2006 жылы жаңартылған).

Елдер Көлемі($ млн.) Жалпы көлемдегі үлес
Салмағы(%)
АҚШ 994 46,6
Канада 252 11,8
Ұлыбритания 232 10,9
Италия 191 9,0
Ресей Федерациясы 81 3,8
Нидерланды 79 3,7
Қытай 96 4,5
Германия 16 0,8
Индонезия 47 2,2
Оңтүстік Корея 25 1,2

Қазіргі уақытта, Қазақстан дамуға ресми көмек шегінде бірқатар
Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық қайта құру және даму банкі
(ХҚҚДБ), Азия даму банкі (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі
(ЕҚҚДБ), Ислам даму банкі (ИДБ) сияқты халықаралық қаржылық экономикалық
ұйымдармен және Жапония, АҚШ, ГФР және т.б. донор-елдер өкіметімен қаржылық
ынтымақтастықты дамытуда.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы
(ұйымдастырылмаған саудадан басқа) кеден статистикалық мәліметтері бойынша
2001жылы 15009,9млн. АҚШ долларын құрады. Ресеймен тауар айналымы 4,7млрд.
долларды құрады, Қытаймен 1,5 млрд.доллардан асып түсіпті, Қазақстан мен
Иран арасында 220млн. Доллар, Украинамен - 645млн. доллар,Өзбекістанмен -
204млн. долларды құрады.
Табыс және мүлік салықтарына қатысты екі ретті салық салуды болдырмау
туралы келісімдер: Тәжікстан Республикасы, Германия Федеративтік
Республикасы, Украина, Белорусь Республикасы, Қырғыз Республикасы,
Өзбекістан Республикасы, Иран Исламдық Республикасы, Түрік Республикасы,
Швейцария, Молдова Республикасы, Эстон Республикасы, Румыния, Бельгия
Патшалығы, Чех Республикасы, Франция , Болгария, Грузия, Корея, Швеция,
Литва, Түркменістан, Индия, Ресей Федерациясы, Канада, Азербайжан,
Нидерланды, Пәкістан, Венгрия, Италия, АҚШ, Норвегия,Латвия.
Құқықтық көмек, құқықтық ақпаратпен алмасу және құқықтық қатынастар
туралы, ынтымақтастық туралы келісімдер: Өзбекстан, ҚХДР, Түркменістан,
Грузия, Қырғыстан, Пәкістан, Тукия, Литва, Монғолия, Қытай, Иран, Ресей
Федерациясы.
Инвестицияны өзара қорғау және оған әсер ету туралы келісімдер:
Тәжікстан, Болгария, Ресей Федерациясы, Бельгиялық-Люксембургтік
Экономикалық Одақ, Франция, Кувейт, Өзбекстан, Қырғыстан, Индия, Чех
Республикасы, Грузия, Иран, Израиль, Ұлыбритания, Венгрия, Монғолия, Сауд
Аравиясы, Польша, Украина, Литва, Швейцария, Египет, Финляндия, Қытай, АҚШ,
Туркия, Испания, ГФР, Грекия, Нидерланды, Австралия.

2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі

Канада – Қазақстан және екі жақты ынтымақтастықтың ерекшеліктері

Орталық Азия қауіпсіздік, сауда және тиімді экономикалық басқару
мәселелеріндегі ынтымақтастықты нығайтуға Канаданың күш-жігерлері
бағытталған бірінші дәрежелі өңір болып табылады. Бүгінде осы аймақ
лаңкестікпен күресудегі дипломатиялық және әскери күш-жігерлердің
ортасында. Оның сондай-ақ әлемнің болашақ энергетикалық қауіпсіздігі үшін
де орасан зор мәні бар. Орталық Азиялық өңір үшін жылдам өзгерістер де,
сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың арта түскен зейіні де тән. Тәуелсіздік
жарияланғаннан кейінгі 15 жылдың ішінде Қазақстан өңірдегі көшбастаушы елге
айналды, мұнда қарқынды және түбегейлі саяси, әлеуметтік және экономикалық
өзгерістер жүріп жатыр.
Канаданың Орталық Азиядағы және, атап айтқанда, Қазақстандағы
мүдделері, біздің тауарларымыз, көрсететін қызметтеріміз бен адамдарымыз
үшін ашық өңірдің өсіп-өркендеуі мен тұрақтылығына қолдау көрсету саласына
шоғырланған, мұнда тұрлаусыздық пен аймақтық шиеленістер азайып келеді. Осы
елге терең қызығушылықты сезінген мен Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын
Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі болып келдім. Мен үшін екі жақты
қатынастарды тиімді кеңейту және өңірдегі канадалық мүдделер мен
құндылықтарды нығайтатын стратегиялық жоспарлар жасау басты мәселе болып
табылады.
Біздің екі еліміз географиялық жағынан алшақ болса да, бірақ біздің
ортақ нәрселеріміз көп. Әр ел үшін ең елеулі ұқсастықтар – ұқсас климаттық
жағдайлар, халқының саны аз кең байтақ аумақ, табиғи ресурстардың байлығы,
мәдени және этностық саналуандық, үлкен және қуатты көрші ел.
Біздің екі еліміздің берік екі жақты қатынастары бар. Осының ең елеулі
көрінісі біздің экономикалық байланыстарымыз болып табылады. Мәселен, 1991
жылдан бері канадалық инвесторлар Қазақстан экономикасына қомақты үлес
қосты. Барша канадалықтар Қазақстан рыногына ең басынан канадалық
компаниялардың ойдағыдай және нық сеніммен кіргенін мақтан тұтады. Қазіргі
міндет былай, қос елдің экспортшылары мен инвесторлары барынша мол
бірлескен пайда табулары керек. Нақ осы тұрғыда мен мынаған үміт артамын,
2003 жылы қол қойылған “Екі жақты экономикалық серіктестікті нығайту
жөніндегі канадалық-қазақстандық іс-әрекеттердің бірлескен жоспары” сауда
саласында канадалық-қазақстандық анағұрлым күшті және өзара тиімді
серіктестікті дамыту үшін бізге ортақ платформа береді.
Сонымен қатар, Канаданың G8 Global Partnership алдындағы
міндеттемелерінің аясында және ЕҚЫҰ мен НАТО-ға біздің қатысуымыздың
шеңберінде, біздің өңірдегі саяси тұрақтылық пен демократияландыруды
қамтамасыз ету бойынша Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық жасағымыз келеді.
Канадалықтар Қазақстан туралы ойлаған кезде, олар шөл сахаралы,
далалы, таулы және өзенді елді елестетеді. Қазақстанда теңіз жағалауы мен
зерттелмеген үлкен әлеует бар екені көбіне көлеңкеде қалып қояды. Каспий
теңізінің қазақстандық секторынан жуырда табылған офшорлық мұнай ресурстары
осы елді негізгі мұнай өндірушілер мәртебесіне көтерді. Минералды
ресурстардың орасан үлкен кендері, ауыл шаруашылығының өсе түскен секторы
мен дамыған мұнай-газ саласы Қазақстанға Орталық Азиядағы басқа елдердің
үстінен басымдық берді. Таяу болашақта Қазақстан ОПЕК-ке кірмейтін елдерде
мұнай-газ ресурстарына өңдеу жүргізуге ұмтылатын халықаралық энергетикалық
компаниялар үшін ең озық әлемдік перспективаларды ұсынатын болады. Өтпелі
кезеңге сөзсіз ілесетін үлкен қиындықтарға елдің әлі де кездесіп жатқан
фактісіне қарамастан, Қазақстан осы кезеңнің ішінде саяси және экономикалық
реформалар жолында айтарлықтай ілгері жылжыды және “жол салатын” нағыз ел
ретінде, дамудың өршіл бағдарламаларын енгізу тұрғысында жігерлене жұмыс
жасап жатыр, олар негізінен индустриялық және ииновациялық мақсаттарға
бағытталған.
Канада мен Қазақстанның дипломатиялық қатынастарды 1992 жылдан бері
орнатқаны белгілі. Бүгінде олар “көпаспекті” ынтымақтастық жүргізуде.
Канаданың Қазақстанмен қатынастары тығыз ынтымақтастық, тұрақты
консультациялар мен ұлғайған инвестициялар тұсында айтарлықтай дамыды.
Қазіргі кезде, Канаданың халықаралық саясат мәселелері жөніндегі
басымдықтарына сәйкес, Канада үкіметі Қазақстанмен ынтымақтастық
стратегиясын жасады, ол қауіпсіздік, экономикалық даму, демократиялық
құндылықтар мен заңды құрметтеу қағидаттарына негізделген.
Бұл екі жақты ынтымақтастық үшін берік іргетас қалады. Соңғы бес жылда
біздің саяси байланыстарымыз анағұрлым жандана түсті. Канада мен Қазақстан
“Парламенттік дипломатиялық бағдарлама” аясында парламенттік
делегациялармен алмасу жүргізді: Канада парламентінің Хатшысы, Құрметті Гар
Кнутсон, Қазақстанға 2001 жылы ресми сапармен келді. Өз кезегінде Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылы қарашада Канаданың
Премьер-Министрі Кретьенмен кездесті. Осы кездесулердің барлығы біздің екі
жақты байланыстарымыздың серпінді кеңеюіне белсенді ықпал жасады. Президент
Назарбаевтың 2003 жылы Канадаға жасаған сапары канадалық-қазақстандық
ынтымақтастыққа жаңа күштер қосты. Сапар кезінде Президент Назарбаев
әлемдік қоғамдастық үшін орасан қызығушылық танытатын Ауғанстан мен Таяу
Шығыстағы және жоғары дәрежелі шиеленістегі өзге де өңірлердегі жағдай
сияқты кейбір мәселелерді талқылады. Осы сапар Канада мен Қазақстан
көшбасшыларының шешуші мәселелер бойынша ортақ саяси көзқарастарды
ұстанатынын растады.
Бүгінде, Канаданың Премьер-Министрі Стивен Харпердің басшылығымен,
біздің екі жақты саяси диалогымызға қосымша, Канада мен Қазақстан біздің
екі еліміздің арасындағы БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО және басқа да халықаралық ұйымдар
аясындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жандандырды.
Мәселен, Канаданың Ұлттық қорғаныс Департаменті Қазақстанмен бірге әскери
тренингтер бойынша көмек көрсету Бағдарламасын әзірледі, ол Қазақстанның
Бейбітшілік жолындағы серіктестік НАТО Бағдарламасына кіруіне жәрдемдесуге
бағытталған. ЕҚЫҰ контрибьюторының алтыншы ірі қатысушысы ретінде Канада
осы ұйыммен тұрақтылықты нығайту, тиімді басқару және Қазақстанның
халықаралық қатынастар мен міндеттемелер құрылымына толық интеграциялану
мәселелері бойынша белсенді жұмыс істейді.
Канадалық-қазақстандық қатынастар оқу-білім, мәдениет және ғылым
саласында күн санап нығайып келеді. Оған мысал – Жаһандық Серіктестік
Бағдарламалары мен Халықаралық Ғылым және Технологиялар Орталығы
бағдарламаларының аясындағы көптеген бірлескен бастамалар, Қазақстанда
канадалық фильмдер фестивалін өткізу, Қазақстандық менеджмент, экономика
және стратегиялық жоспарлау институтында (КІМЕР) жуырда Тұрлаулы Қалалық
Даму Орталығын ашу.
Мұнымен қатар, 1992 жылдан бері, Канаданың халықаралық даму жөніндегі
агенттігі (CIDA) Қазақстанға грант түрінде көрсетілетін көмекті дамыту үшін
30 млн-нан астам канада долларын берді. Канадалық Даму Бағдарламасының
негізгі міндеті елдің нарықтық экономикаға өтуіне қолдау жасау болып
табылады. Елдің 2003 жылы қол жеткізген жақсы экономикалық нәтижелерін
ескере отырып, біздің даму жөніндегі бағдарламамыз Қазақстанда өз
бағыттылығын өзгертті. Жуырда бөлінген екі жақты гранттар бірінші кезекте
техникалық және кәсіптік білім беруді нығайтуға бағытталды, сондай-ақ олар
жеке бастамаға негізделетін, негізінен ауылдық жерлердегі шағын жобаларды
жүзеге асыруға қабілетті жергілікті ұйымдарға да берілді. Олар, мәселен,
шағын несиелеу, ауыл әйелдері арасында бизнес-бастамаларды дамыту, немесе
жастардың бастамаларына қолдау жасау жөніндегі жобалар.
Қазақстанмен техникалық ынтымақтастық мәселелеріндегі Канаданың күш-
жігерлері де сондай-ақ адал басқару мен нормативтік және құқықтық ортаның
мөлдірлігі бағдарламаларын дамытуға жұмсалады. Біз тұрақты негізде көмек
көрсетеміз және біздің қазақстандық серіктестерімізге мынадай салалардағы
әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуі мүмкін бастамаларды қолдаймыз, олар:
аймақтық дамуды жоспарлау мүмкіндіктері, әлеуметтік қауіпсіздік саясаты мен
бағдарламалары, қоғамдық және жеке сектордағы серіктестік, қалалық
менеджмент, аймақтық және облыстық тиімді ынтымақтастық, экономикалық
әртараптандыру.
Канада мен Қазақстан арасындағы екі жақты сауда айналымы 2005 жылы 500
млн. долларды құрады, бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 54 %-ға және
2000 жылдағыдан 18 есе көп. Канаданың Қазақстан экономикасына
инвестициялары 2,2 миллард доллардан асты және инвесторлардың инвестициялық
және күрделі қаржы жұмсалымдары бойынша ағымдағы міндеттемелерді есепке
алғанда оның 3,0 миллиард долларға дейін өсетіні ұйғарылып отыр.
Канаданың Экспорттық Дамуы жөніндегі Канада Агенттігі Қазақстанға
канадалық экспортшылар үшін ең елеулі әлеуеті бар секторлар ретінде
энергетикалық секторды және ауылшаруашылық техникасы секторын белгіледі де,
“ТұранАлем” банкі арқылы арнаулы тікелей қаржыландыру жасады.
Канада мен Қазақстан сондай-ақ Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі
қолдау көрсететін, әсіресе Қазақстандағы мемлекеттік зейнетақы реформасы
саласындағы, және Астана қоғамдық көлік жүйесіндегі инвестициялық және
заңнамалық қолдау жобаларының аясында да тығыз ынтымақтастық жүргізеді.
Қазір Канада Қазақстанның БСҰ-ға кіруін белсенді түрде қолдап отыр
және осы үдерісті жылдамдатуға өз көмегін ұсынады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 130-дан аса канадалық компаниялар жұмыс
істейді, әрі солардың 35-і елде ұдайы болады. Канада Қазақстандағы мұнай-
газ секторының, сондай-ақ ауыл шаруашылығыауылшаруашылық техникасы, кен
өндіру өнеркәсібі, құрылыс, жаңа технологиялар сияқты секторлардың
мүмкіндіктері туралы канадалық экспортшылар мен импортшыларға ақпарат
беруді одан әрі жалғастыруда.
Канада сауда көрмелеріне Канаданың да, сондай-ақ Қазақстанның да
компанияларының қатысуын ұлғайтуға жәрдемдесті. 2005 жылы Канаданың бірнеше
делегацияларының Қазақстанға сапарлары ұйымдастырылды (делегациялар
құрамына Саскатчеван, Манитоба, Онтарио, Альберта және Ньюфаундленд
провинцияларынан сауда дамуы жөніндегі Агенттіктің өкілдері де кірді), олар
KIOGE-2005 және АгроПродЭкспо-2005 көрмелеріне қатысты.
Бүгінде канадалық кен өндіру және ауылшаруашылық жабдығына үлкен
сұраныс жасалады. Саскатчеван, Манитоба, Альберта провинциялары мен
Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы секторында технологиялармен және
тәжірибе алмасу үшін тамаша серіктестер болып табылады, оған Қазақстанның
ауылшаруашылық Министрі А.Есімовтың осы жылдың маусым айының соңында
Канадаға жасаған сапары мысал болады, сапар барысында Канаданың
ауылшаруашылық Министрі Строл мырзамен және Саскатчеван провинциясының
Премьер-Министрі Калверт мырзамен кездесулер өтті. Канада мен Қазақстанның
экономикалық қатынастары тұрақты консультациялар және экономикалық
қылмыстылықпен күресуде арта түскен мүмкіндіктер кезінде айтарлықтай
дамыды.
Қазақстанның канадалық экспортшылар мен импортшылар үшін, атап
айтқанда, мұнай-газ саласын дамыту, өнеркәсіп ғимараттарының құрылысы,
тұрба құбырларын салу, офшорлық жабдық пен тренингтер сияқты бағыттарда
үлкен әлеуеті бар екенін атап өту керек. Каспийдің офшорлық кеніштерін
өңдеуді және жаңа мұнай құбырларын салуды жалғастыру ұйғарылып отыр, ол
елдің экономикалық өсуіне келесі 15 жыл бойы жәрдемдеседі. Экология және
биотехнология салалары сияқты құрылыс және кен өндіру салаларының да
канадалық бизнес үшін мүмкіндігі үлкен.
Қысқасы, Канада мен Қазақстан экономикалық серіктестігінің бұдан былай
да шарықтап дами беретініне мен күмән келтірмеймін.
Нидерланды мен Қазақстан:жаңа мыңжылдықтағы ынтымақтастық стратегиясы
Мыңжылдық жылдан, онжылдықтан, ғасырдан басталады. Стратегияны дамыту
үшін тым ұзақ алдағы уақытқа жоспарлау орынды емес, өйткені даму кезең
бойынша жүреді, ал әлемдегі ахуал да өзгереді және кейде өте жылдам
ауысады. Қазақстанның экономикалық дамуы шын мәнінде таяуда басталды. Өсу
қарқыны жылдам сияқты болып көрінеді, бірақ ілгерілеуге мағына мен
ұзақтылық беру үшін көп нәрсе қажет. Халық пен келесі ұрпақтар үшін
прогрестің тұрлаулы болғаны лазым.
Қазақстан кең ауқымды ресурстар сияқты қолайлы факторға ие. Ресурстар
мен табыстар ел үшін ырыс болып табылады, егер оларды дұрыс мағынада және
ашкөздіксіз пайдаланатын болса. Тек сонда ғана елдің прогресіне жетуге және
бейнелеп айтқанда мұнайдың дағы сияқты кең етек жаюға мүмкін болады.
Қазақстанның тарихына көңіл бөлгенде, қоғамның көптеген салалары
дамуда нақты артта қалуды көрсетіп отыр. Осы секторларды дамыту үшін елдің
мүмкіндіктері бар. Алайда бұл белгілі бір үйлесімге және тұрақты болашаққа
жету үшін алдын ала шарттарды жүзеге асыруды талап етеді.
Нидерландының бұрын өткен үлкен жағдайлары бар, онда басқа ұғымдармен
қатар, халықаралық сауда, теңізде жүзу, отарлау, дін, революция мен
демократия “қалыптасқан” мемлекет деңгейіне жетуде маңызды роль атқарды.
Менің бірақ мынаны атап көрсеткім келеді, қалыптастыру аталатын ұғым
біршама салыстырмалы болып табылады. Нағыз жаһандану, мәселен, мынадай
ықпалын тигізеді, ол қоғамды өзгертеді және күтпеген және бұдан бұрын
болмаған жағдайлар мен проблемаларға үн қатуды талап етеді.
Қазақстан мен Нидерланды, географиялық алыс қашықтыққа қарамастан, бір
мезгілде жоғарыда айтылғанды ұмытпау арқылы бір-біріне жақындай алады.
Экономикалық өркендеу адамдардың дамуы үшін алғышарт болып табылады,
бірақ жоғарыда айтылғандай, таңдаудың өзі және ілгері апаратын жолдарды
таңдауды өте абайлап, әрі ел игілігі үшін жасау керек. Бұл, түрлі салаларды
қозғаған кезде, топтасқан тәсілдің қажет екенін білдіреді.
Бір жағынан, оқу-білім, қоршаған орта, денсаулық сақтау, инфрақұрылым,
ауылшаруашылығы саласындағы сектораралық дамуда шоғырлану қажет, бірақ
сонымен қатар, еңбек заңнамасы, әлеуметтік қорғау мен зейнетақы заңнамасы
сияқты әлеуметтік құрылымдар да сондай-ақ осыған барабар ықыласты талап
етеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Нидерланды әлеуметтік және
экономикалық бостандық, капитализм стратегиясын жасауды жүзеге асыруға
жүйелі әрекет жасап көрді. Осы шаралар халықтың табыстары мен пайдаларында
тым үлкен материалдық айырмашылыққа жол бермеу үшін мемлекеттің ұдайы
араласуымен жүргізілді. Тең құқықтыққа қол жетті, ол бойынша коммуналды
ыңғайлылықтар, сондай-ақ экономикалық таңдау еркіндігі мен мүмкіндіктері
ешқандай кемсітушіліксіз баршаға бірдей ашық және әрқашан кез келген мәселе
бойынша жүгінуге мүмкіндік берілген.
Әдетте денсаулығы бойынша адамның сақтандыруы жоқ болғандықтан ешкім
де көшеде өлмейді. Медициналық көмекке мұқтаж науқасқа әрбір аурухана
әрқашан қызмет көрсетеді. Қаржылық салдарлар кейінірек шешіледі. Әлеуметтік
әділдік Нидерландыда тым тереңге кетеді, әлеуметтік сақтандыру қорына
төленетін міндетті жарналар мен зейнетақы қорына жасалатын төлемдерді
айтпағанның өзінде жүйені әрбір салық төлеуші қолдайды – табыстарға
салынатын салықтар 52 %-ға жетеді.
Экономикалық өсудің, капитализмнің жалпыға бірдей еркіндік пен
әлеуметтік әділдіктің ұштасуы тіпті берік тамырлары бар демократиялық жүйе
үшін де тұрақты түрдегі күрделі міндет болып табылады, ол күштер мен
билікті айқын бөліп таратуды талап етеді. Мұндай модель (үлгі) үшін
ынтымақтастық, сондай-ақ құрметтеу мен төзімділік қажет. Осындай
міндеттерді шешу кезінде қоғамда орын алатын материалдық, саяси және мәдени
айырмашылықтардың себебінен қиындықтар сөзсіз болады.
Қазақстанда мықты бір фактор бар, ол дәстүр, оны жалғастыру үшін
қолдау көрсету қажет. Жаһандану, жаңару, сондай-ақ пайда болып жатқан
байлық пен капитализм дәстүрлі қағидаттарды оңай кеміте немесе тежей алса
да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Инвестиция туралы ақпарат
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Инвестиция және оның қазақстан республикасындағы қызмет етуi
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудағы тартылған ресурстардың рөлі
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару туралы
Инвестиция және оның Қазақстан Республикасындағы қызмет етуi туралы
Пәндер