Кен орынның жалпы жағдайы



I Кіріспе
II Кен орынның жалпы жағдайы
1. Сратиграфиясы
2. Тектоникасы
3. Физика.химиялық құрамы
4. М9най, газ және газконденсат қоры
III Техника.технологиялық бөлімі
IV Экономикалық бөлімі
1. ”Құлсарымүнай “МГӨБ құрылымы
V Қоршаған орта
VI Қорытынды
Терең - өзек кен орны Атырау қаласынан оңтүстік батысында 180 км. қашықтықта орналасқан.
Кен орнының мұнайлылығы 1952 – 53 жылдары жүргізілген геологиялық барлау - іздестіру бұрғылау жұмыстарының мәліметтерінен тағайындалды, игерілуге 1956 жылы берілді. Кен орнының мұнай қоры 1958 жылы анықталды және игеру барысында бірнеше қабаттарда мұнай қоры қайта есептелді.
1. №2 өндірістік практика кезіндегі дипломдық жұмысқа МГӨБ- нан жиналған мәлметтер.
2. Ғ.М. Нұрсұлтанов Мұнай және газ өнеркәсібінің орысша- қазақша сөздігі. Алматы, ҚазҰТУ, 1998ж.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе

II Кен орынның жалпы жағдайы

1. Сратиграфиясы
2. Тектоникасы
3. Физика-химиялық құрамы
4. М9най, газ және газконденсат қоры
III Техника-технологиялық бөлімі
IV Экономикалық бөлімі
1. ”Құлсарымүнай “МГӨБ құрылымы
V Қоршаған орта
VI Қорытынды

I. Кіріспе.
Терең - өзек кен орны Атырау қаласынан оңтүстік батысында 180 км.
қашықтықта орналасқан.
Кен орнының мұнайлылығы 1952 – 53 жылдары жүргізілген геологиялық
барлау - іздестіру бұрғылау жұмыстарының мәліметтерінен тағайындалды,
игерілуге 1956 жылы берілді. Кен орнының мұнай қоры 1958 жылы анықталды
және игеру барысында бірнеше қабаттарда мұнай қоры қайта есептелді.

II. Кен орнының жалпы жағдайы.
Терең өзек кен орны оңтүстік Ембі мұнайлы ауданының оңтүстік шығыс
бөлігінде, Каспий теңізінің маңында орналасқан. Геологиялық жағдайы бойынша
кен орны солтүстік – Каспий құлауының Қаратан ойпатына кіреді.
Әкімшілік жағдай бойынша Ембі ауданына, Атырау облысының кіреді.
Кен орны Атырау қаласымен топырақты жол бойынша байланысқан 180 км., ол
тас жол бойынша Құлсары қалашығымен байланысқан 100 км.
Ең жақын темір жол станциясы Құлсары станциясы болып табылады. Қазіргі
жағдайда Құлсарыдан Теңізге қатынайтын темір жол салынды, ол Қаратан
поселкасынан өтеді.
Кен орны теңіз деңгейінен 21,5-27м төмен тұзды жазықтықта орналасқан.
Жерінің кей жерлерін тұзды сулар “сор” басып жатыр.
Кен орнын қатты (күшті) теңіз желдері кезінде Каспий суы басып кетеді,
сондықтан мқны болдырмау үшін кен орнын айналдыра дамбылар көтерген.
Ауданның климаты шұғыл континентальды. Қысы суық, әдетте қары аз,
қаңтар айының орташа температурасы –12 ден –18 градусқа дейін. Ал жазы
өте ыстық, құрғақ, орташа температура 28 градустан 32 грдуске дейін. Күшті
желдер қыста қарлы боран, ал жазда шаңды-тұзды желдерге жиі әсерін
тигізеді.
Өсімдігі аз. Көбінесе тұзға шыдамды шөптер өседі. Жусан аз мөлшерде
және жантақ, тікенек. Көзге көрінуі де, өсуі де аз.

1. Стратиграфия
Терең - өзек кен орнының геологиялық құрылымында комплексті шөгінді
жыныстар кездеседі. Олар гидрохимиялық Кунгур ярус қабатынан жоғарғы бо
шөгіндісіне дейін жатыр. Барлық комплексті шөгінділер көлденең төрттік
шөгінділермен жабылған.
Төменде тіліктің мінездемесі қысқаша келтірілген:
Перм жүйесі (Р)
- Төменгі перм бөлімі
- Кунгур ядросы – біртұтас тұз тасының қабаты, конгломерат, құмайттар
бірге түсіндіріледі. Жоғарғы қабат күңгірт гипс, әктас – саз және
ангидриттермен бірге түсіндіріледі. Қабат қалыңдығы (қуаты) – 75м.
- Пермрітиас жүйесі – мықты әктасты саз, құм, құмайт және әктас
қабаттары.
- Жоғарғы перм бөлімі - әктасты саздар, сұр құмдар және құмайттар.
Галектің сирек қабаттары кездеседі.
- Триасты жүйе - әктастар және мергелдер, әктасты саздар. Шөгінді қуаты
180-200м.
- Юра жүйесі
- Төменгі юра бөлімі – негізінен сулы құмдар, бөлек сазды қабаттары бар,
құмайттар мен галегтер. Тіліктің табаны құмды-галекті тастопша;
құмдартүсі ашықсұр, орташа және үлкен түйіршікті.
Тіліктің жоғары жағы құм және саз, саздың түсі сұр және күңгірт, қуаттары
әртүрлі. Тілік құмды саз қабатымен аяқталады, құмайттар мен галегтер
қабаты кездеседі (құм қабатында). Шөгінді қуаты 30-150м аралығында
өзгеріп отырады.
- Орталық юра бөлімі – үш ярусқа бөлінеді: байостық, бат-байостық және
батсты.
- Байостық ярус – құмайтты және сазды жыныстардың, саз біртіндеп өседі,
кезектесіп орналасуы. Саздар – сұр, күңгірт сұр; құмдар сұр,
ұсақтүйіршікті, бос; құмайттар сұр, берік карбонатсыз, ұсақ
түйіршікті, қуаты 150-160м.
Батсты ярус – келловейстік, оксфордтық және төменгі волжстық ярустар
шөгінділері болып бөлінеді.
Келловейстік ярус – негізінен тығыз сұр саздар; (сұр, сазды, берік
құмайтты қабаттары бар әктасты саздар). Қуаты 80-90м.
Оксфордтық ярус – сирек тығыз сазды – мергел қабаттары бар сұр саздар.
Қуаты 20-25м.
Төменгі волжстық ярус – сұр, жасыл сұр түсті, тығыз, берік мергел.
Саздар – күңгіртсұр, тығыз құмайт қабаты бар әктасты. Құмайттар – сұр,
сазды, тығыз. Ярус қуаты 110-130м.
Бор жүйесі
Төменгі бор бөлімі
Төменгі неоком – екіге тарамдалады: валанжиндік және готеривтік.
Валанжиндік ярус – құмайттармен, карбонатты емес, араласқан тығыз, сұр
саздар. Қуаты 30-50м.
Готеривтік – құм, құмайт және мергел қабаттары бар жасыл-сұр көкшілдеу
саздар. Тіліктің жоғарғы жағы жасыл-сұр саздар мен құмайттар. Одан жоғары –
сары-жасыл немесе жасыл-сұр түсті құм, майда түйіршікті; ярус қуаты 80м.
Жоғарғы неокон
Барремдік ярус – майда түйіршікті құм, құмайт, сирек мергелді қабаттары
бар (пестроцветный) саздар.
Саздар – қоюқызыл, жасыл, кейде сарғылт жасыл, тығыз. Құмдар – сарғылт
сұр, жасыл сұр, майда түйіршікті, әлсіз цементтелген. Құмайттар – күңгірт –
сұр, майда түйіршікті. Мергел – тығыз. Ярус қуаты 150м.
Апттық ярус – ярус шөгінділері неоконның шайылған бетіне құйылады. Екі
ярусқа бөлінеді: төменгі және жоғарғы. Төменгі күңгірт-сұр, қара, тығыз,
көбінесе қою саздар. Сазда ашық-сұр алевролитті құмның жіңішке қабаты, жиі
құмайттар, қара түсті мергел қабаты кездеседі. Жоғарғы ярусқа күңгірт-сұр
құмайтты саз бен майда түйіршікті құм және құмайттардың кезектесіп
орналасуы. Ярус қуаты 90-100м.
Альб ярусы – Шөгінділер үш ярусқа бөлінеді: төменгі, орталық және
жоғарғы. Төменгі – күңгірт саз бен ашық-сұр, жіңішке және майда түйіршікті
құмдардың кезектесіп орналасуы. Сазды құмайттар кездеседі.
Орталық ярус және жоғарғы да сазды құмдар мен құмайттардан тұрады.
Қуаты 340-350м.
Жоғарғы бо ярусы
Сеноман ярусы – майда және орташа түйіршікті, ашық-сұр, бос құмдар.
Құмда ашық-сұр, құмайтты, әктасты саздар қабаттары мен құмайт қабаттары
кездеседі. Қуаты 70-90м.
Турондық ярус – ярустың табанына ашық, тығыз мергелдер құйады. Тіліктің
үлкен бөлігін ашық-сұр және жасыл-сұр түсті әктастар, тығыз және өте тығыз
саздар алып жатыр. Ярус қуаты 30-60м аралығында өзгереді.
Сантондық ярус – шөгінділер екіге бөлінеді: төменгі және жоғарғы.
Төменгі сантон сұрғылт-жасыл және ашық-сұр, тығыз, ақ бор араласқан саздан
тұрады.
Жоғарғы сантон төменгі жағында жасыл саз бен мергел қабаты бар бос, ақ
бордан тұрады. Тіліктен жоғары қарай ақ бор мен мергел араласқан сұрғылт-
жасыл, тығыз әктасты саздар. Ярус қуаты 30-70м.
Кампанский ярус – Ашық-сұр, жасыл-сұр, жасыл, тығыз саздардан құралған.
Ярус қуаты 70-80м.
Маастрихтті ярус
Ярус табанында – тығыз, ашық-сұр мергел. Тілікпен жоғары қарай саз,
гирит қоылған сұрғылт-ақ, тығыз немесе бос бор. Ярус 85-120м.
Датский ярус – бұл ярус күмбездің тек қанаттары мен опырығында
кездеседі. Ярус тығыз мергел, ашық-сұр, ашық-жасыл әктасты саздан және
тығыз бордан құралған. Қуаты 25-30м.
Үштік жүйе
Палеоген шөгінді опырығының тек батыс жағынан ашылған.
Палеоцен – түменгі эоцен
Шөгінді саз қабаттары бар мергелден құралған.
Орталық эоцен
Шөгінділер – тығыз, әктасты, ақшыл-жасыл және сұр мергелдермен бірге
қара, жасыл саздардың кезектесіп түзілген. Қуаты 50м.
Ширек жүйесі
Шөгінділер бүкіл кен орнын жауып жатыр. Олар үлкен құмайтталған,
әктасты және ұсақ, орташа түйіршікті құмды саздардан құралған. Шөгінді
қуаты 7 ден 48м ге дейін ауытқиды.

2. Тектоникасы
Тектоника жағынан кен орны мұнайлы Орал-Ембі провинциясының тұзды-
күмбезді структура түріне жатады.
Тұздың үстіңгі жыныстар комплексі лықсымалы ажыраулар арқылы екі
қанатқа бөлінген: солтүстік және оңтүстік, қанаттар грабендермен айырылған.
Солтүстік қанат – құрылымның көтеріңкі қанаты, ол өндірістік
мұнайлылығы бойынша өнімсіз болып табылады. Қанат лықсымалармен бірнеше
блоктарға бөлінген жартылай күмбез ретінде көрсетілген. Лықсыма амплитудасы
10-20м аралығында ауытқиды. Қанат оңтүстік жағында грабеннің лықсымасымен
шектеледі, лықсыма ауданы оңтүстік бағытта 65-70 градус бұрышпен құлайды.
Қабат өнімсіз болғандықтан, оның бейнелеуі аз келтірілген.
Оңтүстік қанат – солтүстікпен салыстырғанда төменірек. Оған бор
шөгінділерінің мұнайлылығы еншіленген. Солтүстік жағында қанат грабеннен
лықсымасымен ажыратылған, лықсыма ауданы солтүстік бағытта 60-70 градус
бұрышта құлайды. Лықсыма амплитудасы 30-50м.
Оңтүстік қанат аймағында екі құрылым элементі анық ерекшеленіп бөлініп
тұр: грабен маңы сатысы және қанаттың қалған бөлігі. Қанаттың ұзын
лықсымасы екіге: лықсыма маңы мен негізгі жазыққа бөлінген. Лықсыма
амплитудасы 20-170м аралығында ауытқиды, лықсыма ауданы солтүстік бағытта
55-60 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАЖАНБАС МҰНАЙ КЕН ОРНЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Әлібекмола кен орыны
Жаңажол кен орны бойынша өндіру ұңғыларының солт
Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
Қабатты және ұңғыны гидродинамикалық зерттеу
Амангелді кен орнының геологиялық-физикалық сипаттамасы
Малеев кен орнына сипаттама беру, бұрғылау жұмыстары
Қаражанбас кен орны туралы
Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарының қазіргі жағдайы және оларды толық пайдаланудың мәселелері
Аманкелді кенорнын газбен өндіру
Пәндер