Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.7

1. ХІХ ғ. 60.70 жж. ПАТШАЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ
БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
1.1 ХІХ ғ. 60 жылдарындағы саяси реформалар: енгізудің себептері, дайындық барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.13
1.2 1867 ж. реформа және жаңа билік жүйесінің Оңтүстік өңірлерге енгізілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.18
1.3 1868 ж. реформа және оның ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... 19.24

2. ХІХ ғ. 80.90 жж. ОТАРЛЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ
НЫҒАЮЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
2.1 1886.1891 жж. “Ережелер” және оның сипаты ... ... ... ... .25.32
2.2 ХІХ ғ. соңындағы отарлық қанаудың күшеюі (қоныс
аудару саясаты) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.39
2.3 Отарлық басқару ережелері негізіндегі рухани өмірге
көрсетілген қысым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40.45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46.47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 48.49
Тақырыптың өзектілігі.
Ресей мемлекетінің қазақ халқын саяси билігінен біржола айырып, өзінің толық отарына айналдыруға белсене кіріскен кезі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары болатын. Ғасырлар бойы Орта Азияны жаулап алуға ұмтылып келген патшалыққа әуелі осы бағыттағы тек экономикалық қана емес, стратегиялық пиғылдары тұрғысынан да сенімді плацдарм болып табылатын Қазақстанды империяның толыққанды отарына айналдыру қажет болды. Оған тек қазақ даласындағы әкімшілік басқаруды өзгерту арқылы ғана қол жеткізу мүмкін еді.
60-шы жылдардың ортасында Ресей Орта Азияны түгелге жуық, ал Қазақстанды толығымен өз иелігіне айналдырды. Енді Қазақстан үшін де империяның басқа ұлт аймақтарындағы сияқты өзіндік ерекшеліктері бар арнайы басқару тәртібі дайындалып, күшіне енгізілді. Бұл Қазақстанды Ресей империясының отары ретінде толығымен заңды түрде бекіткен 1867, 1868, 1886, 1891 жылдардағы әкімшілік басқару реформалары болатын.
Көп уақыт бойы патша үкіметінің қазақ халқына қатысты жүргізген саясаты туралы бірыңғай сыңаржақ көзқарастар үстемдік алып келгені белгілі. Ресей өзіне қосылған елдерге тек прогрессивті, оң ықпал етті деген тұжырымдамалар жасалды. Оның теріс, керітартпа, залалды зардаптары жасырылып келді, сөйтіп, пікір қайшылығы туындады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі кездегі тарих ғылымына жаңа көзқарас тарихи шындықты, патшалықтың отарлау саясатын мойындатуға тырысқан революцияға дейінгі тарихнама мұрасын мұқият зерттеуді талап етеді.
Мәселенің тарихнамасы өз бастауын сол жылдары-ақ мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген материалдардан алды. Әр түрлі бағыттағы газет-журналдарды “Уақытша Ереженің” негізінде қазақ даласында жаңа әкімшілік-басқару жүйесінің енгізіле бастауы туралы, оған қарсы 1869 жылы Орал, Торғай өңірінде етек алған бас көтерулер мен олардың себептері, басталуы және барысы жөнінде мағлұматтар үздіксіз жарияланып тұрды. Бұл хабарламаларда көтеріліс себептері “Хиуа ханының әзәзілдігімен”, “жаңа реформа бойынша бұрынғы билігінен айырылған жергілікті феодалдардың арандатушылығымен” немесе “христиан дінін күшпен қабылдату жөніндегі өсек-аяңмен” түсіндірілді /1/. Өйткені, оның шынайы себептері мен реформаның астарлы бағыттарын ашып көрсету сол кездегі мерзімді баспасөз материалдары авторларының мүддесінде емес еді.
1. Внутренное обозрение //Вестние Европы.-1869. –N 10. С. 86-91.
2. Венюков М. Россия и Восток. –СПб. 1877.
3. Собрание литературных трудов Гейнса А.К. –СПб., 1897.
4. Лобысевич Ф. Тургайская область и ее устройство //Военный сборник. –Т. 28.-1871. С. 275-284
5. Середа Н.А. Из истории волнении в Оренбургском крае //Русская мысль. –Кн. 7-10. –1891. С.78-116.
6. Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии.-Т. 1,2. –СПб., 1906. –122 с.
7. Потто В. Из путевых заметок по степи //Военный сборник. –Т. 118. –1878. – с. 42-44.
8. Мачулин П. Экспедиция на Эмбу в 1871 году //Нива. –1872. – N3,7,9.
9. Юзефович Б. о быте киргизов Тургайской области //Русский вестник. Т. 14. –1880. –Апрель. –С. 799-832.
10. Лобысевич Ф. Киргизская степь Оренбургского ведомства. –М., 1891. 66 с.
11. Алтынсарин И. Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе о киргизов Оренбургского ведомства //Записки Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 1. 1870. С. 72-81.
12. Седалин Т. О развитии хлебопашества по бассейну реки Тургая //Записки Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 1. 1870. С. 81-89.
13. Дауылбаев Б. рассказ о жизни киргиз Николаевского уезда // Записки Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 4. 1881. С. 89-117.
14. Словоохотов Л.А. Народный сут обычного права киргиз Малой орды //Труды Оренбургской Ученой Архивной Комиссии. –Т. 15. Оренбург, 1905. С. 5-15.
15. Крафт И.И. Принятие киргизами русского подданства //Известия Ор. Отд. ИРГО. –Вып. 12. Оренбург, 1897. –59с.
16. Добросмыслов А.И. Тургайская область: Исторический очерк // Сонда, Вып. 17. –Тверь, 1902. –С. 252-524.
17. Речь Крыжановского Н.А. // Записки Ор. Отд. ИРГО. –Вып. 1. Казань, 1870. С.13-30.
18. Баллюзек Л.Ф. Новое административное деление Тургайской области //записки Ор. Отд. ИРГО. –Вып. 1. С. 232-234.
19. Записки Чернова И.В. //Труды ОУАК. –Т. 18. –Оренбург, 1907. –224 с.
20. Иванов Н. Исторические миниатюры //Труды ОУАК. –Т. 23. Оренбург, 1911.
21. Исследования Н.Чернавского //Труды ОУАК. –Т.7,10 СПб., 1900. –213 с.
22. Букейханов А. Киргизы //Таңдамалы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1895. Б. 66-77.
23. Тынышпаев М. История казахского народа. Алма-Ата, 1993. –224 с.
24. Шонанұлы Т. Жер тағдыры, ел тағдыры. Алматы: Санат, 1995. –224 б.
25. Галузо П.Г. Национально-освободительное движение в Средней Азии в эпоху завоевания русскими. Ташкент, 1935. –222 с.
26. Сафаров Г. Колониальная революция: Опыт Туркестана. Алматы: Жалын, 1996. 271 с.
27. Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР. Л., 1941. –368 с.
28. Сулейменов Б.С. Подготовка реформы 1867-1868годов в Казахстане //Известия Каз. Фил. Ан СССР. –1946. N 2.
29. Сапаргалив Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане. Алма-Ата, 1966. –375 с.
30. Бекмаханова Н.Е. Царское правительство и институт султана в Среднем жузе в ХІХ в. //Известия Ан Каз ССР. 1968. Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 1. 1870. С. 72-81. N 2.
31. Жиренчин К.А. Реформа управления 60-х годов ХІХ века в Казахстане и их политические и правовые последствия. Автореферат дисс канд. Алма-Ата, 1979.
32. Жақыпбек С.Қ. Қазақ қалай шоқындырылды //Ақиқат. 1997. N 3. Б. 46-49.
33. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995. –368 б.
34. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы: Санат, 1994. –136 б.
35. Абдрахманова Б.М. История Казахстана: власть, система управления, территориальное устройство в ХІХ веке. Астана, 1998.
36. Дулатова Д.И., Нуртазина Н.Д. К истории просвещения в Казахстане и в Средней Азии в ХІХ-начала ХХ веков //Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковедение. Алматы, 1994. С. 17-24.
37. Материалы по истории политического строя Казахстана.-т.1.- алма-атағИзд.Ан КазССР,1960.-442с.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақстанның жаңа және
қазіргі заман тарихы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)

Орындаған: 5 курс
студенті

Дәулетбақова Ж.Р.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., аға оқытушы

Саржанова С.С.

Қорғауға жіберілді: “_____” _____________2006 ж.

Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор_____________ Қаражан Қ.С.

АЛМАТЫ, 2006
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы
(1867-1891 жж).
Жұмыстың құрылысы: бітіру жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мазмұны: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай орнаған
әскери губернатор мен облыстық басқарма билік орындарының жергілікті
халықтың күнделікті тіршілігі мен өміріне тереңдеп еніп, оларды түбегейлі
өзгертуге қажет ешқандай да даярлықтары болған емес. Жергілікті халықтың
тұрмысын, оның экономикалық және мәдени жағдайын өзгертуге байланысты оның
белгілі бір мақсатты әрекеті де байқалған жоқ болатын. Облыстық әкімшілік
құрамындағы межелеу және құрылыс бөлімдері олардың аты көрсетіп тұрғандай,
негізінен қоныс аудара келген еуропалықтардың жағдайы үшін ашылған
бөлімдер еді.
1891 жылғы Ереже жер мәселесі бойынша ашықтан-ашық отаршылдық
сипатта болды. Дала тұрғындарының көпшілік бөлігінің, қазақтардың
материалдық құндылықтарын, рухани дүниесін, шаруашылық құрылымын негізінен
қалыптастырған көшпелі тұрмыс салты олардың рулық-патриархаттық дәстүр
аясында қауымдық меншіктің ерекше нысаны сияқты көрінетін жерге қатынасы
туралы қате түсінік туғызды. 1891 жылғы Ережені әзірлеген кезде
шенеуніктер қазақтардың ақша-рыноктық қатынастарға тартылуына байланысты
жерге меншік қатынастарының бұрынғы стихиялық көзқарасы күрт өзгергенінің
мәнін ұға бермеді.
Патшалық Ресейдің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы ұлттық
мемлекеттіліктің қалыптасуына жол бермеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Патшалық Ресейдің 1867 – 1891 жылдар
аралығындағы отаршылдық саясатын толық қамту жұмыстың мақсаты болып
табылады. Бұл мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылды:
- Саяси реформаларды енгізу 1867-1868 үшін жүргізілген даярлықты
баяндау;
- 1867-1868 жж. реформаларды талдау және оған баға беру;
- Патшалықтың саяси билігінің нығаюы мен оның зардапты салдарын
айқындау, бұл тұста 1886-1891 жж. “Ережелеріне” сүйене отырып
баяндау.
Жұмыс көлемі: 49 бет.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-7

1. ХІХ ғ. 60-70 жж. ПАТШАЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ
БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
1. ХІХ ғ. 60 жылдарындағы саяси реформалар: енгізудің себептері,
дайындық барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-13
2. 1867 ж. реформа және жаңа билік жүйесінің Оңтүстік өңірлерге
енгізілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-1 8
3. 1868 ж. реформа және оның ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... 19-24

2. ХІХ ғ. 80-90 жж. ОТАРЛЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ
НЫҒАЮЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
2.1 1886-1891 жж. “Ережелер” және оның сипаты ... ... ... ... .25-32
2. ХІХ ғ. соңындағы отарлық қанаудың күшеюі (қоныс
аудару саясаты) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33-3 9
3. Отарлық басқару ережелері негізіндегі рухани өмірге
көрсетілген қысым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40-45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46-47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 48-49

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.
Ресей мемлекетінің қазақ халқын саяси билігінен біржола айырып,
өзінің толық отарына айналдыруға белсене кіріскен кезі ХІХ ғасырдың 60-шы
жылдары болатын. Ғасырлар бойы Орта Азияны жаулап алуға ұмтылып келген
патшалыққа әуелі осы бағыттағы тек экономикалық қана емес, стратегиялық
пиғылдары тұрғысынан да сенімді плацдарм болып табылатын Қазақстанды
империяның толыққанды отарына айналдыру қажет болды. Оған тек қазақ
даласындағы әкімшілік басқаруды өзгерту арқылы ғана қол жеткізу мүмкін
еді.
60-шы жылдардың ортасында Ресей Орта Азияны түгелге жуық, ал
Қазақстанды толығымен өз иелігіне айналдырды. Енді Қазақстан үшін де
империяның басқа ұлт аймақтарындағы сияқты өзіндік ерекшеліктері бар
арнайы басқару тәртібі дайындалып, күшіне енгізілді. Бұл Қазақстанды Ресей
империясының отары ретінде толығымен заңды түрде бекіткен 1867, 1868,
1886, 1891 жылдардағы әкімшілік басқару реформалары болатын.
Көп уақыт бойы патша үкіметінің қазақ халқына қатысты жүргізген
саясаты туралы бірыңғай сыңаржақ көзқарастар үстемдік алып келгені
белгілі. Ресей өзіне қосылған елдерге тек прогрессивті, оң ықпал етті
деген тұжырымдамалар жасалды. Оның теріс, керітартпа, залалды зардаптары
жасырылып келді, сөйтіп, пікір қайшылығы туындады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі кездегі тарих ғылымына жаңа
көзқарас тарихи шындықты, патшалықтың отарлау саясатын мойындатуға
тырысқан революцияға дейінгі тарихнама мұрасын мұқият зерттеуді талап
етеді.
Мәселенің тарихнамасы өз бастауын сол жылдары-ақ мерзімді баспасөз
бетінде жарық көрген материалдардан алды. Әр түрлі бағыттағы газет-
журналдарды “Уақытша Ереженің” негізінде қазақ даласында жаңа әкімшілік-
басқару жүйесінің енгізіле бастауы туралы, оған қарсы 1869 жылы Орал,
Торғай өңірінде етек алған бас көтерулер мен олардың себептері, басталуы
және барысы жөнінде мағлұматтар үздіксіз жарияланып тұрды. Бұл
хабарламаларда көтеріліс себептері “Хиуа ханының әзәзілдігімен”, “жаңа
реформа бойынша бұрынғы билігінен айырылған жергілікті феодалдардың
арандатушылығымен” немесе “христиан дінін күшпен қабылдату жөніндегі өсек-
аяңмен” түсіндірілді 1. Өйткені, оның шынайы себептері мен реформаның
астарлы бағыттарын ашып көрсету сол кездегі мерзімді баспасөз материалдары
авторларының мүддесінде емес еді.
Орыс тарихнамасында Қазақстанның саяси-әкімшілік құрылымы жөнінде
бұрын соңды арнаулы еңбектер болған емес. Бірақ, қарастырылып отырған
кезеңдегі отарлық әкімшіліктің ұйымдастырылуы мен қызметіне қатысты кейбір
мәселелер шенеуніктердің, шығыстанушылардың еңбектерінде көрініс тапты.
Олардың арасынан М.Венюковтың 2, А.К.Гейнстің 3, Ф.Лобысевичтің 4
және Н.А.Середаның 5 жұмыстарын атап өткен жөн. Бұл еңбектерді талдау
барысында, патша үкіметінің қазақ халқын басқаруды қайта құруды
заңдастырған Уақытша Ережелерді қабылдаудағы түпкі мақсаты, ол
реформаларды қазақтардың қабыл алу сипаты сияқты күрделі мәселелерге жауап
іздестірілді. Бірақ, ХІХ ғасыр тарихнамасында аталған мәселелерді жан-
жақты, объективті тұрғыдан талдау ешуақытта көзделген емес. Дегенмен,
жалпы қалдырылған көптеген мәліметтер мен түрлі пікірлер бұл еңбектерге
ерекше көңіл аударуды және олар империялық позиция тұрғысынан
жазылғандықтан, әбден елеп-екшеп, байыппен, ғылыми түрде талдап
қарастыруды қажет етеді.
Орыс шығыстанушыларының қатарын көбіне әкімшілік шенеуніктері мен әскери
қызметтегі адамдар құрады. Олар қызмет бабындағы әрекетімен қоса, қол
астындағы халық жөнінде жеткілікті мәліметтер жинау үшін қазақ даласын жан-
жақты зерттеуге міндетті еді. Бұл бағытта, әсіресе, әскери тарихшы
М.А.Терентьевтің “Орта Азияны жаулап алу тарихы” 6 атты кітабын ерекше
атап өткен жөн. Автор бұл кітапта Орта Азиядағы отарлық әкімшіліктің
қызметіне және оның жергілікті халықпен қарым-қатынасына көңіл бөле
отырып, шімірікпестен, қазақ даласының билеуші топтарын қазақ халқына
қатысты қатал әскери шаралар мен басқару әдістерін қолдануға шақырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс зерттеушілері В.Поттоның 7,
П.Мачулиннің 8, Б.Юзефовичтің 9 және Ф.Лобысевичтің 10 еңбектері
тікелей қарастырып отырған мәселенің этнографиясына қатысты қызықты
мәліметтер береді.
Орыстың Императорлық Географиялық Қоғамының Орынбор бөлімінің
“Жазбалары мен “Хабарларында”, Орынбор Ғылыми Архив Комиссиясының
“Еңбектерінде” жарияланған материалдар атап айтсақ, сол басылымдардың
беттерінен алынған Ы.Алтынсариннің 11, Т.А.Сейдалиннің 12,
Б.Дауылбаевтың 13 және Л.А.Словоохотовтың 14 мақалалары қазақ
халықтарының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, шаруашылығы, сот ісі жөнінде сөз
қозғайды.
Қазақстанда патшалық билігінің тарихы, сол сияқты, И.И.Крафттың
15, А.И.Добросмысловтың 16 еңбектерінде де сөз болады. Н.А.Середа
еңбегінің өңделген нұсқасы сияқты Добросмысловтың “Тарихи очерктері” өлке
қазақтарының тарихы жайлы материалдармен қоса, “Уақытша Ереженің” мәтіні,
және оған қарсы көтерілістің кейбір тұстары көрініс тапқан.
Бөлім “Жазбалары” мен Комиссия “Еңбектерінің” бетінен жаңа әкімшілік-
басқару жүйесінің құрылу барысы жөніндегі Н.А.Крыжановскийдің сөзі 17,
Л.Ф.Баллюзектің мәлімдемесі 18, И.В.Черновтың 19 және Н.Ивановтың 20
мақалалары, ол авторлардың отаршылдық мүдде тұрғысынан айтқан ой-пікірлері
мен тұжырымдары бізге жаңа реформаның мақсатын, жергілікті әкімшілік
қызметінің отарлық мәнін және өлке халқына жүктелген міндеттерді ашып
көрсетуге мүмкіндік береді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында метрополия қазақ даласында мұсылман
дінін қудалап, православиелік миссионерлердің қызметін күшейте бастады.
Өздерінің еңбектерінде миссионерлер 21 христиан дінін уағыздап, қазақтар
арасында православие дінін тарату қажеттілігін баса көрсетті.
Өздерінің өмірін елінің егемендігі үшін күреске арнаған қазақ
зиялылары Ә.Бөкейханов 22, М.Тынышпаев 23 патша үкіметінің отарлық
саясатын батыл әшкерелеген тұңғыш қазақ зиялыларының қатарына жатады. Олар
революцияға дейін-ақ үкіметтің түпкі мақсаты - қазақтардың жерін тартып
алып, оларды әдет-ғұрпынан, салт-санасынан, ата-дәстүрінен айырып,
орыстандыру екенін дәлелдеп берді.
Т.Шонанұлы еңбегі 24 Ресейдің отарлау саясатын, шаруалар
қоныстануын, соның салдарынан көшпелі шаруашылықтың тығырыққа тірелуін
жаңаша зерделеуге көмектеседі. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ өлкесінің
әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін және ұлт-азаттық қозғалыстарды,
патшалықтың отарлық саясатын толық қамтуға көмектескен еңбектер қатарынан
П.Г.Галузо 25, Г.Сафаров 26, М.П.Вяткин 27 есімдерін ерекше атауға
болады.
Әкімшілік басқару реформаларының дайындалуы, Қазақстандағы отарлық-
әкімшілік жүйенің саяси дамуы және қызметі, патшалықтың қазақ жерін
отарлау саясаты мен жазалау шаралары Б.С.Сүлейменовтың 28,
Г.С.Сапарғалиевтің 29 үлкен еңбектерінде айтылды.
Соңғы жылдары Қазақстандық тарихнамада патша үкіметінің оқу-ағарту,
орыстандыру бағытындағы саясаты қазіргі заман талабына сай сарапталып
зерттелуде. Бұл бағытта жазылған еңбектердің қатарында Н.Бехмаханова 30,
К.А.Жиренчин 31, С.Қ.Жақыпбек 32 еңбектерін ерекше атап көрсетуге
болады. Сондай-ақ М.Қ.Қойгелдиев 33, С.М.Мәшімбаев 34, Б.Әбдірахманова
35, Д.И.Дулатова 36 еңбектері жұмысты жазу барысында жетекші рөл
атқарды.
Жұмыстың деректік негізі. Жұмыстың деректік негізін ХХ ғасырдың
басындағы жарық көрген газет, журнал, орыс шенеуніктерінің жазбалары,
қазақ интеллигенциясының мерзімді басылым беттерінде жарияланған
мақалалары, ресми құжаттық материалдар37 құрайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Патшалық Ресейдің 1867 – 1891 жылдар
аралығындағы отаршылдық саясатын толық қамту жұмыстың мақсаты болып
табылады. Бұл мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылды:
- Саяси реформаларды енгізу 1867-1868 үшін жүргізілген даярлықты
баяндау;
- 1867-1868 жж. реформаларды талдау және оған баға беру;
- Патшалықтың саяси билігінің нығаюы мен оның зардапты салдарын
айқындау, бұл тұста 1886-1891 жж. “Ережелеріне” сүйене отырып
баяндау;
Сонымен бітіру жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ІХ ғ. 60-70 жж. ПАТШАЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ

БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

1. ХІХ ғ. 60 жылдарындағы саяси реформалар: енгізудің себептері,
дайындық барысы
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының орта тұсында Ресей әскері Жетісу,
Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстаннан Қоқан хандығын біржола
ығыстырып тастап, бұл өлкені өзінің әкімшілік-басқару жүйесіне енгізу
шараларына кірісіп кетті.
1865 жылы патша үкімімен қазақ даласы мен Түркістан өлкесіне ерекше
Дала Комиссиясы шығарылып, ол екі жыл өткен соң бұл өлкені басқаруға
қатысты өз тұжырымдарын ұсынды.
1867 жылы наурызда император ІІ Александрдың үкімімен Ресейдің Орта
Азиялық иелігінде басқару жүйесін құруға қатысты ұсыныстар даярлау
мақсатында соғыс министрі Д.А.Милютиннің төрағалығымен Ерекше Комитет
құрылады. Оның құрамында Орынбор генерал-губернаторы Крыжановский, Бас
штаб бастығы генерал-адъютант граф Гейден, Азия департаментінің директоры
Стремоухов, Ішкі істер министрлігінің жалпы істер департаментінің
директоры Мансуров, генерал-майор Черняев, Дала Комиссиясының мүшелері
Гирс, Гутковский, Гейнс және Проценко сияқты шенеуніктер бар болатын.
Комитет келіп түскен түрлі ұсыныстарды талдай отырып және өлкенің сол
тұстағы саяси, әскери, шаруашылық және әкімшілік жағдайын талдауға ала
отырып, мынадай шешімге келді:
1) Түркістан облысын Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлу және мұны
кейінге қалдырмастан іске асыру;
2) Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан Семей облысының бөлігін, яғни
Тарбағатай жотасының оң жақ бетін алып, оны әкімшілік тұрғыдан
Түркістан облысына қосу;
3) Комитет белгілеген басты тұжырымдарды негізге ала отырып, жаңа
шекаралық өлкенің әкімшілік басқару жобасын жасау;
4) Жаңа өлкеге әскери-округтық жүйелердің жалпысына бірдей дербес
әскери ұйымдық сипат беру.1
1867 жылы 11 сәуірде Ерекше Комитет ұсынған баяндаманы патша
бекітіп, ендігі уақытта Дала комиссиясына жаңа өлкенің әкімшілік басқару
жобасын даярлауды, ал Бас Штабқа жаңа әскери округ жөнінде ереженің
жобасын жазуды тапсырады.
Министрлер Комитеті жаңа басқару ережесін даярлаушыларға мынадай екі
талапты негізге алуды тапсырады: “...әкімшілік және әскери биліктің
тұтастығын, олардың бір қолда шоғырлануын, саяси сипаты жоқ барлық ішкі
істерді сол халықтың өз ортасынан сайланғандарға жергілікті құқық пен
дәстүрге сай жүргізуге беру”.
1867 жылы 11 шілдеде патша ІІ Александр империя құрамында Түркістан
генерал-губернаторлығын құру жөнінде жарлыққа қол қояды. Осымен бір
мезгілде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару ережесінің жобасы”
бекітіледі.
Түркістан генерал-губернаторлығы екі облыстан тұрды. Орталығы
Ташкент қаласы болған Сырдария облысынан және орталығы Верный қаласы
болған Жетісу облысынан.
Жетісу облысының оңтүстік-шығыс шекарасы Қытай мемлекетінің Шығыс
Түркістан өлкесімен, оңтүстік-батыста Ферғана облысымен, батысында
Сырдария облысының Әулие-Ата және Семей облысының Қарқаралы уездерімен,
солтүстік-батыста Семей облысының құрғақтағы шекарасы және Балқаш көліне
дейінгі аралықты қамтыды.
“Ереже жобасы” бойынша губерниялық басқару “әскери-халықтық” аталды
да, оны жүргізу генерал-губернаторға жүктелді. Ал генерал-губернаторды
тағайындау немесе босату тек патшаның шешімі арқылы ғана жүрді.6
Облыста басқару ісі әскери губернатор мен облыстық басқармаға
тиесілі болды. Әскери губернаторға облыстағы әскери және әскери-халықтық
басқару жүктелді, ол сондай-ақ Жетісуда орналасқан казак әскерін оның
Наказной Атаманы есебінде басқарды. Облыстық басқармаға губерниялық
басқару міндеті жүктелді, ол губернаторлық кеңес қызметін, қазыналық
палата, мемлекеттік мүлікті басқару және басқа губерниялық әкімшілік және
сол мекемелер қызметін жүргізді. Облыстық басқарма әуелде, яғни 1867 ж.
уақытша ереже бойынша үш бөлімнен (шаруашылық, қаржы және сот) тұрды.
Кейінірек оларға құрылыс (1877) және межелік (1880) бөлімдер қосылды. Бұл
бес бөлімдердің тек соңғысы ғана облыстық Земскі жиынынан, ал қалғандары
мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылды.
Бұлардан басқа облыстық басқарма жанында облыстағы ормандардың
күтімі мен олардан құрылыс материалдарын даярлау мүмкіндігін жобалайтын
облыстық орманшы қызметі (1870 ж., Түркістан генерал-губернаторы
белілеген) болды.
Облыстық басқарма өз қызметінде губерниялық басқарманың жеке
бөлімдері үшін белгіленген талаптарды басшылыққа ала отырып, оларды мүмкін
болғанша жергілікті жағдайға бейімдеп қолдануға тиіс болды. Ал бұл ретте
соңғы шешімді әскери губернатор қабылдады. Еуропалық Ресей
губернаторлығына тиесілі жалпы құқықтардан басқа Жетісу губернаторына
облыстық басқарма қабылдаған шешімдердің тек өзі келісетіндерін ғана іске
асыруға жол беріп, ал келіспейтіндеріне қатысты өз қалағандай шешім
қабылдап, ол жөнінде генерал-губернаторға жеткізіп отыруға тиіс болды, ал
генерал-губернатор болса соңғы шешімді бекітуге немесе бекітпеуге құқылы
еді. Сондай-ақ әскери губернаторға облыстық басқарма отырысында қаралатын
істердің арасында оның алдын ала өз шешімі болуға тиіс деген істер
танысуға беріліп отырды. Мұндай құқын облыс басшылары мейлінше еркін
пайдаланды.15
Сот істері қылмыстық және азаматтық сот жүргізу заңы негізінде
орындалды, ал сот бөлімі өз қызметін мировой соттар съезі мен қылмыстық
және азаматтық соттар палатасы құқы шеңберінде атқарды. Жалпы қылмысқа
жататын қылмыстық істерді ол бастапқы айыптау камерасы деңгейінде ғана
қарап, ал біржола шешім қабылдауға облыстық әскер бастығы жанындағы әскери
сот комиссиясына жіберіп отырды.
Қаржы бөлімін жүргізу ісі кейінірек Түркістан қазына палатасы
ашылған соң соның қарауына өтті, ал облыстық басқарма міндетінде: салық
төлеуге міндеттілер есебін анықтау, қазыналық палатаға облыс бойынша
қазына есебіне түсуге тиіс жиын жөнінде мәліметтер беріп отыру; сауда ісін
жүргізу және Верный уездік қаражат бөлімін тексеру қалдырылды. 1889 жылы
Омбы қазына палатасы ашылған соң Жетісу бойынша қаржы бөлімінің қызметі
соның құзырына өтті.
Оқу бөлімі Жетісу облысы Далалық генерал-губернаторлығы құрамына
өткеннен кейінгі уақытта Батыс Сібір училищелері бас инспекторы, ал бұл
қызмет жойылған соң Батыс Сібір оқу округі қамқоршысы (попечителі)
қарауына өтеді. Облыстағы төменгі буын оқу орындарын қадағалау жергілікті
училищелері инспекторы үлесіне тиді. Облыстық басқарма қарауында Халық
Ағарту Министрлігі билігіне өтпеген, 1887 жылы қазақ ауыл шаруашылық
мектептері болып қайта құрылған қазақ интернаттары, оқушылар пәтері мен
бұратаналық мектептер болды. Облыстық басқармаға бұдан басқа санаттағы
мектептер мен жаңадан ұйымдастырылған мектептерге қаржы іздестіру ісі де
жүктелді.28
Пошта ісі Жетісу облыстық пошта бөлімі басқармасына қарады. 1886
жылы Түркістан пошта-телеграф округі құрылғанда облыстағы пошта-телеграф
мекемелері соның қарамағына көшті. Ал облыстық басқарма міндетіне пошта
станцияларын көлікпен қамтамасыз ету, олардың түрлі мұқтажын өтеу
жүктелді.
Бұдан басқа облыстық басқарма тау-кен істерімен де айналысты, металл
және басқа қазба байлықтарын іздестіру ісін жүргізуге қатысты рұқсат
куәлігін берді. Облыс территориясындағы Бахты, Жәркент және Пржевальскі
мекемелері арқылы сыртқы сауда қатынасын бақылау ісі жүргізілді.
Облыстағы казак әскері станицаларын басқару ісі алғашқы кезеңде
облыстық басқарма құзырында болды, ал 1891 жылғы 3 маусым заңы бойынша
казак әскері басқармасына өтті. Қалаларды басқару ісі 1892 жылы патша
бекіткен Қала Ережесіне сәйкес облыс басқармасынан алынып, жаңадан
ұйымдастырылған облыстық қала істері мекемелеріне берілді.
Жетісу облыстық басқару мекемелерін құру және олардың жұмысын
ұйымдастыру ісі облыстағы тұңғыш әскери губернатор қызметіне тағайындалған
генерал Герасим Алексеевич Колпаковскийдің есімімен байланысты. Генерал
Колпаковский 1868 ж. 17 қыркүйектегі N 1924 Түркістан генерал-
губернаторына жолдаған хатында облыстық басқару мекемелерін ұйымдастыру
ісінің салбыр жүріп жатқандығын, сондықтан да оған “сеніп тапсырылған
істердің өз уақытында және сәтті атқарылмай қалу” қаупі бар екендігін
айтып, бастығына шағым жасайды. Мұндай мазасыздыққа негіз бар еді.
Мәселен, 1867 жылдың қазан айынан бастап келесі 1868 жылдың 19 ақпанында
Облыстық басқарма ресми түрде ашылғанға шейін барлық ұйымдастыру ісінің
ауыртпалығы әскери губернатор мен оның көмекшісінің үлесіне тиген болатын.
Облыстық басқарма іске кірісіп кеткенімен де, оның белгіленген штаттық
құрамы біраз уақытқа шейін толық бола қойған жоқ-тын.22
Облыс ашылған бетте оның құзырына Семей облыстық басқармасы, Семей
Әскери губернаторы кеңсесі мен Сібір Казак әскери басқармасы қарауынан
өткен жерлер мен әскер бөлімшелеріне қатысты құжаттар да тапсырылды. Ал
1868 жылдың 1-ші қаңтарында Жетісу облыстық басқармасына Қапал және
Сергиополь Округтік Приказдарының, Алатау Округтік Басқармасының сот және
шаруашылық іс құжаттары өтті. Анығырақ айтқанда облыстық басқармаға сол
мезгілге дейін аталған мекемелерге тән іс құжаттарымен бірге әлі де толық
шешімін таппаған істер де өткен болатын.
Облыстық басқарма құрылған жылы оның штат құрамы бар болғаны 16
адамнан тұрды. Құжаттық материалдарда бұл берілген шенеуніктердің сапалық
(білім деңгейі) құрамы жөнінде ештеңе айтылмаған. Дегенмен, жыл өткен
сайын басқарманың жұмыс ауқымының өсуі кейінірек оның құрамында жаңа
бөлімдердің ашылуына, сондай-ақ жаңа штаттық қызметтердің пайда болуына
алып келді. Мәселен, 1877 жылы оның құрамында құрылыс бөлімі, ал 1880 жылы
межелеу бөлімі ашылды. 1908-1909 жылдары Түркістан генерал-
губернаторлығында патша тапсырмасымен болып өткен ревизия кезінде Жетісу
облыстық басқарма штатындағы шенеуніктердің құрамы мынадай көрсеткіштермен
сипатталған: Әскери губернатор, оның жанындағы ерекше тапсырма бойынша аға
шенеунік және кіші шенеунік; вице-губернатор, оның 2 кеңесшісі, ерекше
тапсырмалар бойынша 2 шенеунік, 4 іс қағаздарын жүргізушілер, олардың 4
көмекшілері, есеп істері бойынша шенеунік, “Облыстық Ведомствалар”
редакторы және типография меңгерушісі, 3 аудармашы, тіркеуші, мұрағатшы
(архивариус), облыс инженері, облыс архитекторы, кіші архитектор, хатшы
және құрылыс бөлімінің 2 чертежнигі, статистикалық комитеттің хатшысы және
ауыл шаруашылығы мен оброктық статья бойынша шенеунік. Барлығы 39 штаттық
қызметкер.
Граф К.К.Паленнің ревизия материалдарында Облыстық басқарма
шенеуніктерінің білім деңгейіне қатысты мынадай фактілер келтіріледі. Вице-
губернатор, яғни облыстық басқарманың төрағасы уездік училищені аяқтаған,
ал қалған шенеуніктердің жоғары білімі бары – 8, орта білімдісі – 9,
бастауыш білімі бары – 14, үйден хат танығаны –5. Жоғары білімі барлары:
Облыстық басқарманың екі кеңесшілерінің бірі, аудармашылардың бірі, кіші
архитектор, су жүйесін меңгеруші, статистикалық комитеттің хатшысы, ерекше
тапсырмалар бойынша кіші шенеунік, құрылыс бөлімінің бастығы және оброктық
статья бойынша шенеунік.35
Басқармадағы 36 шенеуніктің 14-і қазақ тілімен таныс болған.
Шенеуніктердің 28-і бұл өлкеде 10 жылдан астам, 3-і бес жылдан астам, ал 5-
і бес жылдан астам қызмет жасаған.
Шыққан тегі жағынан: дворяндардан,-3-, көпестерден-1, шенеуніктің
отбасынан-6, мещандардан –7, діни атағы барлардан-5, казактардан-7,
шаруалардан-7.
Шенеуніктердің жергілікті тұрғындардан шыққаны бар болғаны –8,
олардың екеуі ғана тілмаш қазақтар, ал басқа өлкеден келгендері 28,
олардың жартысы, яғни 14-і Сібір мен Дала облыстарынан.
Облыстық басқарманың штаттық құрамы 1917 жылғы ақпан революциясынан
кейін, яғни патшалық билік жойылған сәтте жоғарыда көрсетілген құрамда
болғандығын байқаймыз.
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай орнаған
әскери губернатор мен облыстық басқарма билік орындарының жергілікті
халықтың күнделікті тіршілігі мен өміріне тереңдеп еніп, оларды түбегейлі
өзгертуге қажет ешқандай да даярлықтары болған емес. Жергілікті халықтың
тұрмысын, оның экономикалық және мәдени жағдайын өзгертуге байланысты оның
белгілі бір мақсатты әрекеті де байқалған жоқ болатын. Облыстық әкімшілік
құрамындағы межелеу және құрылыс бөлімдері олардың аты көрсетіп тұрғандай,
негізінен қоныс аудара келген еуропалықтардың жағдайы үшін ашылған
бөлімдер еді. Сондықтан да бастапқы кезеңдегі Г.А.Колпаковский сияқты жеке
тұлғалар қызметінің жалпы алғанда өлкеге түбегейлі өзгеріс алып келуі,
әрине, екіталай нәрсе болатын.

2. 1867 ж. реформа және жаңа билік жүйесінің Оңтүстік өңірлерге
енгізілуі.

Облыстық және жергілікті басқару ісінің негізін құрған заңды құжат
1867 жылы 11 шілдеде бекітілген “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару
Ережесінің жобасы” болды. Сегіз бөлімінен тұратын бұл құжатта облыс
шеңберіндегі жергілікті басқарудың барлық буынына тиесілі атқарылатын
істердің мазмұны белгіленді. Түркістан генерал-губернаторы К.П.Кауфман
1867 жылы 26 қазанда Жетісу облысының әскери губернаторы болып бекітілген
Г.А.Колпаковскийге жолдаған N12 нұсқау хатында оған облыстағы жергілікті
әкімшілік басқару мекемелерін ұйымдастыру ісіне кірісуді тапсырып, бұл
жұмысты жүргізудің реті мен орындаушыларына, аяқтау мерзіміне шейін
көрсетіп береді.

Ереже жобасы бойынша облыста бес, яғни Сергиополь, Қапал, Верный,
Ыстықкөл және Тоқмақ уездерін құрылуға тиіс болды. Олардың шекарасы да
белгіленді. Сергиополь уезінің солтүстіктегі, батыстағы және шығыстағы
шеті Жетісу облысының шекарасын білдірді. Оңтүстікте бұл уезд Басқан өзені
арқылы Қапал уезімен шектесті. Қапал уезінің оңтүстіктегі шекарасы Іле
өзені болды. Верный уезінің оңтүстік батыс шекарасы Балқаш көлі мен Шу
өзені арасын бөліп жатқан тау жоталары арқылы өтіп, одан әрі Алатаудың
солтүстік жоталарын Шілік және Үлкен Кебін өзендерінің жоғарғы сағасын
бөліп жатқан таулармен жүріп, одан әрі Шіліктің оң сағасын Ыстықкөлден
бөліп жатқан жоталармен бойлай отырып, Сантаж ауылына жетіп, одан Кеген
өзені бойымен жоғары Қытай шекарасына барып тірелді. Верный уезімен
шектесетін Тоқмақ және Ыстықкөл уездерінің шеті облыстың шекарасын
білдірді. Бұл екі уезд өзара Үлкен Кебіннің сол сағасын Ыстықкөлден бөліп
жатқан Алатау жотасымен, содай-ақ Шу өңірін Қошқар және Қаракөл өзендерін
сол сағасынан бөліп жатқан таулармен өтетін болып белгіленді.9
Жаңадан белгіленген уезд бастықтарының міндетін атқарушыларға уезд
бастықтары тағайындалып, іске кіріскенше бұрынғы округтық приказға
жүктелген іспен айналысу міндеттелді. Осы ұсыныс хатымен генерал-
губернатор жаңа билік жүйесі ұйымдастырылып біткенге шейін облыстағы
барлық сот істерін уақытша тоқтата тұруды тапсырады. Мұндай шара енді ғана
құрыла бастаған жаңа билік жүйесіне жергілікті халық тарапынан сенімсіздік
туғызбау үшін қажет еді.
Уездердің ашылуымен бір мезгілде жергілікті халық арасында болыстық
және ауылдық басқару орындарын ұйымдастыру мақсатында бес қайта құру
Комиссиялары құрылып, оларды басқару уезд бастығы міндетін атқарушыларға
жүктелді. Оларға көмекке бір әскери лауазымындағы немесе уездік сотқа
белгіленген адамдар қосылды.
Орыс әкімшілігі үшін ең негізгі және біраз күрделілігі бар іс,
әрине, қазақ және қырғыз ауылдарын әкімшілік бөліктерге (ауыл және болыс)
бөлу, сондай-ақ олар үшін жергілікті билік аппаратын құру болғандығы
айқын. Отаршыл әкімшілік құжаттарында жергілікті ауылдарды басқару ісін
жүргізетін орындарды “туземная администрация”, яғни “бұратаналар
әкімшілігі” атады.
“Жергілікті ауылдық және болыстық басқару аппараты мен қызметін
сондай-ақ өзгеру эволюциясын мүмкіндігінше дәл бере алатын құжаттар өте аз
кездеседі. Сонымен, 1867 жылдың соңы 1868 жылдың алғашқы жартысында, яғни,
бас-аяғы 7-8 ай көлемінде Жетісу өңіріне жаңа әкімшілік басқару жүйесі
енгізілді: болыс, билер, аулынай, елубасы, онбасы.37
Болыс басқарушысының кеңсесі өзінен басқа хатшы және түрлі
тапсырмалар орындаушы жігіттен тұрды. Болыс басқарушысының жалақысы
болыстық тұрғындарының саны мен әл ауқатына сай, жылына 300 сомнан 500
сомға дейін болып белгіленді. Аулынай мен оның көмекшілерінің жалақысы 200
сомнан аспауға тиіс болды. Билерге арнайы жалақы белгіленген емес.
1867-1868 жылдары қазақ жеріне орнатылған әкімшілік басқару жүйесі
ең жоғарғы сатысы генерал-губернатор кеңсесінен бастап, оның ең төменгі
сатысы болыс басқарушы мен ауыл старшынына дейін бүтіндей ғасырлар бойы
ішкі ресейлік тарихи эволюция нәтижесінде қалыптасқан басқару жүйесі
болатын. Жаңа ереже жобасы бойынша болыстық және ауылдық әкімшіліктердегі
қызметкерлерді сайлау, салықты ауыл және жеке отбасыларына бөлу және басқа
қоғамдық істерді атқару түгелдей бұрынғы ақсүйек, ықпалды топтарға емес,
ауылдастар сайлаған елубасылары мен онбасылардың құзырына берілген-тін.
Жаңа тәртіптің ең түйінді жері осы тұс болатын. Орыс билігі қазақ
бұқарасына ықпал үшін күресте белсенділікті өз қолына алуға тырысты.15
Жаңа басқару жүйесін енгізушілер болыс басқарушысын, аулынай және
билерді сайлау арқылы рулық қатынастарға соққы беруден үміттенді. Халық
арасында басшы орындарға әділ, дұрыс адамдарды сайлап алуға мүдделілік
артады, сөйтіп халықтың жаңа “жоғарғы орыс өркениетінің” артықшылықтарына,
оны орнықтыратын әкімшілік жүйесінің келгеніне көзі жете бастайды деп
түсінді. 1870 жылы 5 қыркүйекте болып өткен облыстық басқарманың жалпы
мәжілісінің хаттамасында: “Ереже” жобасы бойынша әкімшілік мекемелерінің
бәрі де рулық негізді жою бағытында құрылған: барлық қызметкерге сайлау,
салықты бөлу және қоғамдық істер рубасылары мен байларға емес, шаңырақ
иелерінің басым бөлігінің мүддесін білдіретін сайлаушыларға берілген.23
Сондықтан да орыс билігінің “Ереже” жобасының дәл қолдану барысын
қатаң бақылауы нәтижесінде рулық тұрмыс салт, анығырақ айтқанда оның
зиянды көрінісі болған ру басыларының өктем де әділетсіз билігі уақыт өте
жойылады”, -деп көрсетілді. Бұл жергілікті халықтың ішкі өмірін терең және
дәл түсіне алмағандықтан, оны мағынасыз қарабайыр тіршілік деп танудан
туған үстірт пікір болатын. 1867-1868 жылдары болып өткен алғашқы сайлау
нәтижелері соны көрсетіп берген еді. Оны билік орындарының өздері де
мойындайды. “Заңдық шаралар халық тұрмысын бірден өзгерте алмайды,-деп
мойындады жоғарыда аталған облыстық басқарма мәжілісі. Рулық негіз халық
тұрмысы мен санасында өзінің қуатын толық сақтай отырып, жаңа тәртіппен
айқасқа түсіп, мүмкін болған жерде оның сыртқы көрінісін өз пайдасына
пайдалануға тырысуға тиіс-тін. Соның нәтижесінде жаңа құрылымды енгізгенде
болыс басқарушыларының, оларға кандидаттардың, би және ауыл старшындарының
басым бөлігі бұрынғы ру басылары, манаптар, сұлтандар, олардың туыстары
мен жігіттері болып шыға келді”.24
Жаңадан енгізілген билік жүйесін рубасылары мен байлар өздеріне
берілген артықшылық есебінде қабылдап, барлық қызметті өзара бөліске
салды. Мәселен, Қапал уезіндегі Арасан болыстығының басқарушысы болып
Есенбек Танекин, ал оған кандидат болып әкесі Танеке, Томақ уезіндегі
Сарыбағыш болыстығының басқарушысы болып Мырзалы Жантаев, ал оған кандидат
болып інісі Мананай сайланған еді. Қайсібір екі немесе одан көп рудан
құрылған болыстарда болыс басқарушысы болып ішіндегі ең үлкен рудың
басшысы, ал оған кандидат болып келесі кішірек рудың басшысы сайланады.
Осылайша сайлау ісіне рулық мүдде тұрғысынан келу болыс, старшын және би
қызметіне қабілетсіз, лайық емес адамдардың келуіне жол ашты. Қарапайым
халық алғашында бұл қызметтегі адамдардың атқаратын міндетін түсіне
алмады, оларға артылған жүкті құрметті атақ деп ұқты.
1870 жылы облыс губернаторы генерал Колпаковскийдің тапсырмасымен
Сергиополь уезіндегі халыққа “Ереже” жобасын түсіндіруге шыққан ерекше
тапсырмалар бойынша шенеунік подполковник Рейнталь Тасбоқан өзені бойында
отырған Арғанаты болысындағы сайлаушылардан өз құлағымен естіген мынадай
бір оқиғаны баяндайды. Осы болыстың басқарушысы Тынысбай деген кісі
қызметтен кететінін мәлімдеп, оның орнын Нзыккай алып, ал болысқа
кандидаттың орны бос қалады. Шілде айының орта тұсында болыстыққа келген
уезд басшысының кіші көмекшісі Құнанбай Өскенбаев елубасыларды жинап,
кандидатты сайлау жөнінде айтып, бұл орынға Бекбосын деген кісінің
сайланатындығын мәлімдеп, елубасыларға алдын ала даярланған қаулыға қол
қоюды талап етеді. Сайлаушылар уезд басшысы көмекшісіне қарсылық көрсетіп,
дауыс беруге шар-талап етіп, оның үстіне араларына 12 сайлаушының жоқ
екенін айтып, мұндай сайлау тәртібімен келіспейтіндіктерін білдіреді.
Құнанбай Өскенбаев сайлаушылардың келтірген пікірлерін құлаққа ілместен,
оларға зекіп, ұрсып қаулыға қол қойдырады.24
Халық арасында міне осы сыңайдағы “Ереже” жобасында көрсетілен
заңдық ұстанымдарды өз мағынасы және дәрежесінде түсіне алмаушылық
жеткілікті еді. Өзінің қызмет ауқымы мен міндетін тура ұғына алмаушылық
немесе оны жүзеге асыруда асыра сілтеушілік, әсіресе болыс басқарушылары
арасында көп кездесті. Болыс басқарушылары өздерін болыстықтағы барлық
істерді шешуге құқылы рубасыларындай сезінді. Билер сотының ісіне,
болыстағы сайлаушылар анықтауға тиіс отбасына салық бөлуге араласты. Олар
өздерінің негізгі “Ереже” жобасына сәйкес функциялық міндеті: а) өз
болыстығы шеңберінде тыныштық пен тәртіпті сақтау, адамдардың жеке және
меншіктік құқының бұзылуына жол бермеу; ә) үкімет және жергілікті
басқарушы орындардың шығарған заңдары мен үкімдерін жұртқа жеткізіп, әрі
олардың орындалуын қадағалау: (“Ереже” жобасының параграф 109); билердің
болыстық съездеріне қатынасып, тәртіп сақталуын бақылау (параграф-196),
билердің талап етуі бойынша жауапкерлер мен куәларды шақырту (параграф-
207) және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету (параграф-111) және
басқа сол сияқты екендігін түсінгісі келмеді. Болыс басқарушылары
азаматтарды соттауға, сондай-ақ оларға салынатын салық ісіне араласуға
құқылы емес-тін.37
Тура осы мазмұндағы түсінбеушіліктерді аулынай, елубасы және
онбасылар да жіберді. Мәселен соңғы екі қызметтегілер салық ісіне келгенде
өздерін полицейлер міндетін атқарушылар есебінде сезініп, өздері сайлаған
аулынай мен болыс басқарушыларының бұйрықтарын орындады. Ал шын мәнінде,
сайлаушылардың (елубасы мен онбасы) міндеті ең төменгі буындағы
қызметкерлерді (болыс, аулынай және би) сайлау, аулынай мен болыстарға
төленетін жалақы көлемін анықтау және оны тұрғындарға шашу, жиналатын алым
салықты болыс тұрғындарына бөлу (“Ереже” жобасының параграф-61, 93, 100,
183, 257, 266, 269, 355) еді.35
Осы мазмұндағы қайшылықтар билердің статусы мен қызметінде байқалды.
Мәселен, “Ереже” жобасының 183 параграфына сәйкес билерді болыс
басқарушыларымен бір мезгілде сол бір құрамдағы сайлаушылар сайлады. Ал
сайлаушыларға аулынайлар мен болыстар өздеріне тәуелді адамдарды, сондай-
ақ өз пікірі жоқ жағымпаздарды бекітті. Сайлаушылардың сапалық құрамының
төмен болуы билердің қатарына ескі қазақ билеріндей ешкімге жалтақтамай
әділ шешім қабылдай алатын адамдар емес, керісінше болыс бастығына
тәуелді, қабілетсіз адамдар сайланып жатты. Сөйтіп “халық соты”
дербестігінен айырылды, параға сатылатын қызметке айналды. Бұған қосымша
билер сотының өз үкімін іс жүзіне асыру құқы мен күші жоқ-тын. Сондықтан
да билер өздері шығарған үкімді орындату үшін болыс бастығына өтінішпен
қайырылуға мәжбүр болды. Өз ретінде болыс бастықтары ел алдында билердің
беделі неғұрлым төмен болса, өздерінің беделінің соған сай өсе
түсетіндігін жақсы білді. Міне бұл жағдайды байқаған ауыл адамдары өз
мәселесін билерден гөрі тікелей болыс басқарушысына барып шешіп алуды жөн
көрді. Болыстар сот істеріне араласуға қатаң тыйым салған Ереже жобасының
196-параграфы билердің беделін түсірді. Сөйтіп билік айтушының ел
арасындағы беделі мен әділдігіне негізделген қазақтардың байырғы билер
институты келмеске кетіп, оның орнын сайлану арқылы келген шенеуніктер
басты.

3. 1868 ж. реформа және оның ерекшелігі
Сонымен 1868 жылы 21 қазанда “Орал, Торғай, Ақмола және Семей
облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ережені” бекітті.
Министрлер Комитеті “мұндай істерде тек тәжірибе ғана жетекші бола
алады” деп есептеп, “Уақытша Ережені” Орынбор және Батыс Сібір
территорияларына, 1869 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2 жыл мерзімге тәжірибе
ретінде қолдануға тапсырма берді. Екі жыл бойы басқару орындары Министрлер
Комитетіне “Ереже” жобасына енгізілуге тиісті өзгерістер туралы мәлімдеп
тұрулары керек болды.
“Уақытша Ережелер” бойынша Қазақстан территориясы үш генерал-
губернаторлыққа және алты облысқа бөлінді. Түркістан генерал-
губернаторлығының құрамына Жетісу және Сырдария облыстары, Батыс Сібір
генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола және Семей облыстары кірді.18
Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығының
құрамына енді. “Уақытша Ереженің” 3-4 баптарында “Орал облысы Орал казак
әскерінің жерлерінен, Орынбор қырғыздары облысының батыс бөлігінен және
орта бөлігінің біраз жерлерінен”, ал “Торғай облысы Орынбор қырғыздары
облысының шығыс бөлігінен және орта бөлігінің қалған жерлерінен құралады”
делінген. Орал облысының орталығы Орал қаласы деп белгіленді де, Торғай
облысының басшылығы уақытша Орынбор қаласында орналасты.
Орынбор өлкесіндегі орталық әкімшіліктің ең жоғарғы өкілі болып –
генерал-губернатор саналды. Генерал-губернатор әрі әскери округтің
қолбасшысы бола отырып, өз қолына әскери және азаматтық билікті де
толығымен жинақтады.
Облыс әкімшілігінің басында әскери губернатор тұрды. Әскери
губернаторларға да өз облыстарының әскери және азаматтық билігі жүктелді.
“Орал облысының әскери губернаторы, сонымен қатар, Орал казак әскерінің
тағайындалған атаманы болып табылды”.
“Уақытша Ереженің” 26-бабына сай, Орал және Торғай облыстарының
әскери губернаторларының құқығы мен міндеттері Ресейдің ішкі губерниялары
губернаторлығының құқығы мен міндеттеріне теңестірілді. Облыстық, уездік
басқарудың барлық жоғарғы қызметтеріне тек патша шенеуніктері, әсіресе
дворяндардан және казактардан шыққан офицерлер тағайындалды, облыс
территориясында орналасқан әскер, полиция, түрме мекемелері солардың
билігінде болды.21
Әскери губернатордың жанында облыстық басқармалар ашылып, оған вице-
губернатор төрағалық ететін болды. Ол да, әскери губернатор секілді Ішкі
істер министрлігінің ұсынуымен және Әскери министрдің келісуімен
тағайындалатын болды.
Әр облыс 4 уезге бөлінді. “Орал облысында уездердің басқару
орталықтары Орал және Гурьев қалаларында, Калмыков станицасында және Ембі
постында орналасады. Александровск бекініс жанында көшіп жүрген халық үшін
ерекше кесте бойынша Маңғышлақ приставствосы құрылды” деп анықталды.
Ал “Торғай облысында уездердің басқару орталықтары Елек
қорғанысында, Николаев станицасында, Орал (Ырғыз деп өзгертілді) және
Орынбор (Торғай деп өзгертілді) бекіністерінде орналасады. Ырғыз және
Торғайға қала мекенінің құқы берілді” (14-бап) деп көрсетілді. Уезд
бастықтары және олардың аға көмекшілері, жоғарыда атап көрсеткеніміздей,
орыс шенеуніктері мен офицерлерінен тағайындалды да, кіші көмекшілері
болыстар, ауыл старшындары формальды түрде қазақтардан сайланатын болды,
ал бұл сұлтандардың саяси беделін түпкілікті әлсіретуге бағытталған шара
еді 24.
“Уақытша Ереже” жергілікті басқаруға ерекше көңіл бөлді. Уездер
облыстарға, облыстар ауылдарға территориялық принциптер бойынша бөлінді.
Болыстарға жалпы саны 1000-2000 аралығындағы, ауылдарға 100-200
аралығындағы шаңырақ бірігуі тиісті болды. Аталмыш құжатта болыстардың
құрылу принципі былайша көрсетілді: “болыстар жергілікті қолайлылықтар
ескеріліп, қыстаулардың пайдаланылуына қарай көршілес орналасқан
ауылдардан құралады”. Бір ауылдан екінші ауылға өту тек өкіметтің
рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Осылайша, “әкімшіліктің рулық белгілері
бойынша бөлініс жойылды және де ол ұлттық тұрмыс-салт ерекшеліктерін
ескермей, басқару ісіндегі қандай да болмасын дербестікті жоқ қыла отырып,
басқарудың территориялық принципімен ауыстырылды”37.
Қазақ даласының бұл реформаға сай жаңаша бөлінуі жайылымдарды
пайдаланудың байырғы қалыптасқан тәртібінің бұзылуына, ірі рулардың
бөлшектенуіне, соның негізінде ру билеушілерінің ықпалының әлсіреуіне алып
келді. Қазақ даласын жасанды түрде бөлгенде патша үкіметінің нендей
дәлелді басшылыққа алғанын Түркістан өлкесінің ревизоры К.К.Пален былайша
атап көрсетті: “Қырғыздарды рулық байланыс бойынша бөлу заңды түрде
жойылды, бұл шара үлкен рудың бір ру басының қол астына бірігуі, далада
тыныштықты сақтауды қиындататын болғандықтан жүргізіліп отыр”. Яғни,
өлкенің территориялық принцип бойынша қайта бөлінуі патшалықтың саяси және
әскери міндеттерін шешу мүддесімен астасып жатты.22
Сот құрылымы жүйесіне де көптеген өзгерістер енгізілді. Әскери сот
және империяның жалпы заңдары негізіндегі азаматтық сот құрылды. Әскери
соттың билігі ұлғайтылды. Оларға тек “саяси” қылмыстарды ғана емес,
сонымен қатар, жалпы мемлекеттік қылмыстар категориясына жататын істерді
де қарау тапсырылды. Оның есесіне, билер сотының қызметі шектеліп, оларға
тек қазақ қоғамының ішкі тұрмыстық жақтарын қамтитын істерді қарау
өкілеттілігі ғана қалдырылды. Ол, ол ма, халықтық соттар әкімшіліктің -
уезд бастықтары мен губернаторлардың бақылауына қойылды, ал олар билер
шешімдерін бекітпей, өзгертіп, қайта қарауға жібере алатын болды. Билерді
сайлау тәртібі болыстарды сайлау тәртібімен бірдей және бір уақытта
жүргізілді.
Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлану тәртібіне
келетін болсақ, сайлауды екі сатыда өткізу көзделді және бұл қызметтерге
“халық арасында құрметке және беделге ие болған” адамдар сайлана алатын
болды. Әуелі әр 50 шаңырақтан “сайланған” сайлаушылар съезінде уезд
бастығының қатысуымен болыс және оның кандидаты сайланатын болды. Ал әр 10
шаңырақтан “сайланған” сайлаушылар жиынында болыстың қатысуымен ауылнай
және оның кандидаты сайланды. Сайлау кезінде артық шарға ие болған адам
болыстыққа немесе ауыл старшындығына, ал одан кем шарға ие болған адам
кандидаттыққа сайланады деп есептелді. “Болыстар мен ауыл старшындары 3
жылға сайланды”. Болыс басқарушылары мен олардың кандидаттарын уезд
бастығы бекітетіні анықталды.
Қазақтардың “өзін-өзі басқару” орындарын осылайша құру арқылы патша
үкіметі бір жағынан, “қазақ қоғамының демократиялық құрылымының иллюзиясын
жасауға тырысса”, екінші жағынан, бұл аппаратқа еңбек ақы төлеудің бүкіл
ауыртпалығын халыққа жүктеді.
“Ереже” бойынша Орал, Торғай облыстарында әскери губернаторлардың
тағайындалуы, оларға облыс территориясында орналасқан әскери бөлімдер мен
казак әскерлерінің бағындырылуы, облыстарда әскери соттардың нығайтылуы
қазақ өлкесінде Ресей империясының әскери-басқыншылық режимінің орнағанын
көрсетті. Өлкеде шын мәнінде әскери жағдай енгізілді.28
Жергілікті басқарудың облыстар мен ауыл старшындары құрайтын төменгі
буыны әскери губернатор мен уезд бастығының қол астында және тікелей
бақылауында болды. Әкімшілік реформаның негізінде шексіз билікке ие болған
патша шенеуніктері қазақ даласында бассыздық пен жүгенсіздікке, озбырлық
пен қазақ халқын басынушылыққа, жабайылықпен емін-еркін талан-таражға
салуға мол мүмкіндік алды.
“Уақытша Ереже” ресми түрде қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына
да өзгерістер енгізді. Қазақтардың бәрі, соның ішінде сұлтандар да,
құқықтық жағынан “село тұрғындарына” жатқызылды. Басқа сословиеге өту тек
Ресей империясының “жалпы заңдарының негізінде” жүзеге асырылатын болды.
Демек, егер сұлтандар мен билер дворяндық жағдайға көтерілгілері келсе,
патша құзырына “құлдық ұрып”, беріле қызмет етулері керек болды. Сонымен,
“Уақытша Ереже” арқылы, патша үкіметі сұлтандардың артықшылық жағдайларын
жойып, оларды қолдау саясатын тоқтатты. Патшалық қазақ даласында орыс
әкімшілігің нығайта отырып, отарлық саясатын жүзеге асыруда енді болыстар
мен старшындарды өзінің басты тірегіне айналдыруды көздеді.27
“Уақытша Ереже” бойынша, Қазақстанды түпкілікті отарға айналдыру
бағытындағы әкімшілік қайта құрулар көптеген экономикалық шаралармен
күшейтілді. Құжаттың негізінде қазақ жерлері мен ормандары Ресей
империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды. Бұдан былай патша үкіметі
қазақтың өз жерін өзіне тек “қоғамдық пайдалануға” ғана беретін болды. Жер
мәселесінің осылайша шешілуі патша үкіметіне қазақ жерлерін жаппай
отарлауға мүмкіндік берді. Ресейден қоныс аударып келгендерге құрылыс
жұмыстары үшін, егіншілікпен, саудамен, қолөнермен айналысу үшін тегіннен-
тегін жерлер, ағаштар алу құқығының берілуі жаппай отарлаудың бастамасы
еді.
“Уақытша Ережелердің” көмегімен салық жүйесіне де өзгерістер
енгізілді. Түтін салығы екі есе ұлғайтылып, әр шаңырақ жылына 3 рубль
төлеуі тиіс болды. Онымен қоса, жергілікті әкімшілікті және ауылдарға
келген патша шенеуніктерін “асырау”, “баптап күту”, халық ағарту ісін,
жолдар мен көпірлер құрылысын өтеу сияқты міндеткерліктер де халықтың
мойнына жүктелді. “Ережеде” көрсетілген түтін салығын есептеу тәртібі
отаршыл әкімшіліктің талай қулық-қиянаттарға баруына жол ашып берді.
“Уақытша Ережеде” мұсылман дінінің қазақтарға және қазақтардың
қоғамдық өміріне ықпалын шектеуге бағытталған шаралар да қарастырылды.
Қазақтардың рухани істері Орынбор мұсылман қоғамының қарамағынан алынып,
Ішкі істер министрлігіне бағындырылды (251-252-баптар). Әр болысқа бір
ғана молда белгіленіп, өз бетімен мешіттер салуға, мұсылман мектептерін
ашуға тыйым салынды. “Ережеде” мұсылман дін иелерінің құқығына көптеген
шектеулер қойылса, керісінше, христиан дінін қабылдайтын қазақтарға
жеңілдіктер берілді. Қазақтарға балаларын ана тілінде оқытуға тыйым
салынып, орыс-қазақ мектептерінің ашылатыны айтылды. Осылайша, “Ережеде”
қазақ даласында әкімшілік қайта құрулар жасау-өлкені орыстандыру
мақсатындағы рухани отарлау жұмысымен қатар қойылды.
Қазақстанды басқару ісін қайта қарауға бағытталған әкімшілік басқару
реформалары қазақ халқының “тұрмыс жағдайын жақсарту, олардың өміріне
мүмкіндігінше көбірек азаматтық енгізуді” көздеген патшаның “әкелік
қамқорлығы” емес, қазақ даласында отаршыл әкімшілік органдарды нығайту
арқылы өлкені Ресей империясының түпкілікті отарына айналдыруды заңды
түрде бекіту мақсатын көздеген бағдарлама болды. Оған “Уақытша Ережені”
дайындау жұмысына қатысқан Л.Баллюзектің мына сөздері де куә: “Жаңа
Ережені дайындаған кезде біз тек қырғыздардың тұрмысын жақсартып,
салықтарды ұлғайтуды ғана емес, ең бастысы, бұрын тек сөз жүзінде ғана
иеленіп келген өлкеде өзіміздің билігімізді нығайтуды мақсат еттік;
сондықтан Жаңа Ереже бұл мақсатқа толығымен жетудің бастапқы нүктесі ғана
бола алады, ал ол үшін біздің үкімет көптеген құрбандықтарға баруы қажет,
онсыз Жаңа Ереже ...халықтың өміріне енбей, тек қағаз жүзінде ғана қалып,
халыққа да, үкіметтің мүддесіне де ешқандай пайда әкелмейді”.
Патша шенеуніктері Қазақстанда жаңа басқару жүйесін енгізу әжептеуір
күш салуды қажет етеді деп түсінді. “Уақытша Ережені” дайындау
комиссиясының құжаттарында Орынбор өлкесіне, халықтың “басқа қырғыздардан
гөрі жабайы және жауынгер мінезді болуына байланысты, ерекше көңіл бөлген
жөн” деп ескертілді.37
Орынбор генерал-губернаторы Крыжановский әскери министр Милютинге
(1868 ж. 9 қараша): “...әшейін, қалыпты жағдайда, әскер ұстауды керек ететін
бұл өлкеге реформа енгізілетінін ескерсек, онда тұрақты әскердің қажет
екені, сірә, айтпаса да түсінікті шығар”-деп жазып, “Уақытша Ережені”
енгізу үшін қосымша әскер күшін жіберуді сұрайды.
Үкіметтің көрсетуімен, 1868 жылдың аяғында “Уақытша Ережені” Орынбор
өлкесінде енгізуге қатысты дайындық жұмыстары жүргізілді: уездер мен
болыстардың шекаралары анықталып, ұйымдастыру комиссиялары құрылды.
Комиссиялар жергілікті әкімшіліктің жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
1867-1868 жылдардағы реформаны жүргізудің әскери-саяси себептері және оған дайындық
Отарлық басқару ережелері негізінде рухани өмірге көрсетілген қысым
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
ХІХ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Министрлікпен келісім бойынша әскери губернатор лауазымына ұсыну
Ресейдің отарлауы алдындағы Қазақстан
ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласы
Патшалық ресейдің оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтың өрістеуі
Пәндер