Қазақстандағы мамандандырылған соттар жүйесін құру



КІРІСПЕ


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТТАРДЫ МАМАНДАНДЫРУДЫҢ БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН МАҚСАТЫ

2.1 Қазақстан Республикасында мамандандырылған соттардың қалыптасуы мен даму кезеңдері және әлемдік тәжірибемен арақатынасы
2.2 Мамандандырылған экономикалық, әкімшілік соттардың қызметі
2.3 Соттарды мамандандырудың қарқыны: кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған соттардың келешегі

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРАЛЫҚ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ
3.1 Аралық соттар институтының дамуына тарихи шолу
3.2 Аралық сот шаруашылық дауларды қарау құралы ретінде


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
Қазақстандағы мамандандырылған соттар жүйесін құрудың мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік дамуындағы рөлін сот билігінің мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы орны мен соттардың тәуелсіздігі принципі тұрғысынан сараптау. Мамандандырылған соттарға қатысты жетістіктер мен болашақта атқарылар шараларды шет мемлекеттердің тәжірибесін саралай отырып талдау.
Мамандандырылған соттар жүйесінің тұтастай мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудағы қызметі ерекше. Себебі, соттарды мамандандыру кез келген сала бойынша даму кепілі. Демек, мамандыру ісін сапа, сот әділдігі, заңдылық қағидаттарына бағыттау арқылы заң үстемдігі мен азаматтар құқығының бұлжымастығын қамтамасыз етумен қатар құқықтық, демократиялық, өркениетті мемлекет құруға бір қадам алға жылжитынымыз анық.
Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында дербес мемлекет ретінде танылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сүйіндіретіні сол, Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық алдында танылып қана қойған жоқ, даму бағдарының негізгі бағыттарын өркениеттілік өлшем шеңберінде айқындап, осы жолмен нық адымдап келеді. әрине болашақты қағаз жүзінде болжау бөлек те, оны тиімді жүзеге асырып, айқын жетістіктер мен нәтижеге жету мүлде басқа әңгіме. Тап осы тұрғыдан келгенде қазақстандық өркендеу көрсеткіші кезіндегі кеңестің шекпенінен шыққан мемлекеттер ішінде оқ бойы озық тұр, әрі демократиялық өрлеу барысында толымды тәжірибе жинақтаған мемлекеттердің жоғары бағасына ие болды.
Айтып отырған ілгерілеулер қоғамдық өмірдің саласына қатысты. Ерекше атап өтетіні, жер бетіндегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынас пен серіктестік бағытын салмақты, бейбіт арнаға бұруы уақыт өткен сайын күрделеніп, тіпті ғаламдық деңгейдегі бас ауруға айналып отырған аласапыран заманда Қазақстан халықаралық қарым-қатынаста өзге елдермен бейбіт, ынтымақтастық, өзара тиімді байланыс орнату стратегиясын ұстанып отыр.
Шынтуайтына келгенде, басқа жұртпен байланыста қандай да бір мүдделестер тобына ілеспей, тұғырлы ұстанымнан танбаудың елдегі тұрақты дамуға бере шапағаты мол. Соның бір дәлелі, биліктің бір тармағы ретінде белгіленген сот саласында алыс-жақын шет мемлекеттермен байланыс берік орнықты. Әлемдік кеңістіктегі құқықтық мемлекеттер қауымдастығына кіру қазақстандық сот жүйесінің, тұтастай алғанда қазақстандық құқықтың дамуына негіз салған алғы шарттардың бірі болды.
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Германияның сот қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанда әкімшілік соттарды құрудың қажеттігі және оны заңдармен қамтамасыз ету проблемалары» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. «Заң газеті», № 64. - 5 қараша - 2003.
2. Мелани Пайсер. Судьялар съезі: пайым мен парыз / Заң газеті. - №46-47. - 2005.
3. С.З. Зиманов. Независимость судьи - фундаментальный принцип правосудия. Международная научно-практическая конференция. 9-10 октября 2003г. - Москва, Россия.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» / Заң газеті. - №15-16.
5. Б. Тұрғараев. «Әлеуметтік теңдік пен тұрақтылық кепілі» / Заң газеті. 23 ақпан. - №15-16.
6. Қ. Мәми. «Қазақстандағы сот реформасының даму кезеңдері». - Астана, 2003.
7. Фридмэн Л. «Введение в американское право» // Государство и право. - №3. – 2001.
8. Н.А. Бекбергенов, «Правоохранительная система в Республике Казахстан». (Учебное пособие). Астана, - Фолиант. - 2000.
9. Становление судебной власти в обновляющийся России / Под ред. Топорнина Б.Н. - Москва, 1997.
10. Сулейменова Г.Ж. «Суд и судебная власть в Республике Казахстан». - Алматы, 1994г.
11. Комментарий к Конституционному закону Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан». - Астана, 2003.
12. Қ. Мәми. «Сот билігінің тәуелсіздігі» // Заң. - №6. - 2003.
13. Қ. Мами. «Форум достиг своей цели» // Заңгер. - №4. - 2004.
14. Инго Риш. «Распределение дел в суде и независимость судьи» // Заңгер. - №4. - 2004.
15. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995. - 30 тамыз.
16. «Құқықтық реформа туралы мемлекеттік бағдарлама» / Егемен Қазақстан. - 1994.
17. Н. Колоколова. «Судебная власть и государственное управление» // Законность. - № 7. - 1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТТАРДЫ МАМАНДАНДЫРУДЫҢ БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕН МАҚСАТЫ

2.1 Қазақстан Республикасында мамандандырылған соттардың қалыптасуы
мен даму кезеңдері және әлемдік тәжірибемен арақатынасы
2.2 Мамандандырылған экономикалық, әкімшілік соттардың қызметі
2.3 Соттарды мамандандырудың қарқыны: кәмелетке толмағандардың істері
бойынша мамандандырылған соттардың келешегі

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРАЛЫҚ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ
3.1 Аралық соттар институтының дамуына тарихи шолу
3.2 Аралық сот шаруашылық дауларды қарау құралы ретінде

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстандағы мамандандырылған соттар жүйесін құрудың мемлекеттің
экономикалық, әлеуметтік дамуындағы рөлін сот билігінің мемлекеттік билік
тармақтарының арасындағы орны мен соттардың тәуелсіздігі принципі
тұрғысынан сараптау. Мамандандырылған соттарға қатысты жетістіктер мен
болашақта атқарылар шараларды шет мемлекеттердің тәжірибесін саралай отырып
талдау.
Мамандандырылған соттар жүйесінің тұтастай мемлекеттік міндеттерді
жүзеге асырудағы қызметі ерекше. Себебі, соттарды мамандандыру кез келген
сала бойынша даму кепілі. Демек, мамандыру ісін сапа, сот әділдігі,
заңдылық қағидаттарына бағыттау арқылы заң үстемдігі мен азаматтар
құқығының бұлжымастығын қамтамасыз етумен қатар құқықтық, демократиялық,
өркениетті мемлекет құруға бір қадам алға жылжитынымыз анық.
Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында дербес мемлекет ретінде
танылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сүйіндіретіні сол, Қазақстан
дүниежүзілік қауымдастық алдында танылып қана қойған жоқ, даму бағдарының
негізгі бағыттарын өркениеттілік өлшем шеңберінде айқындап, осы жолмен нық
адымдап келеді. әрине болашақты қағаз жүзінде болжау бөлек те, оны тиімді
жүзеге асырып, айқын жетістіктер мен нәтижеге жету мүлде басқа әңгіме. Тап
осы тұрғыдан келгенде қазақстандық өркендеу көрсеткіші кезіндегі кеңестің
шекпенінен шыққан мемлекеттер ішінде оқ бойы озық тұр, әрі демократиялық
өрлеу барысында толымды тәжірибе жинақтаған мемлекеттердің жоғары бағасына
ие болды.
Айтып отырған ілгерілеулер қоғамдық өмірдің саласына қатысты. Ерекше
атап өтетіні, жер бетіндегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынас пен
серіктестік бағытын салмақты, бейбіт арнаға бұруы уақыт өткен сайын
күрделеніп, тіпті ғаламдық деңгейдегі бас ауруға айналып отырған аласапыран
заманда Қазақстан халықаралық қарым-қатынаста өзге елдермен бейбіт,
ынтымақтастық, өзара тиімді байланыс орнату стратегиясын ұстанып отыр.
Шынтуайтына келгенде, басқа жұртпен байланыста қандай да бір
мүдделестер тобына ілеспей, тұғырлы ұстанымнан танбаудың елдегі тұрақты
дамуға бере шапағаты мол. Соның бір дәлелі, биліктің бір тармағы ретінде
белгіленген сот саласында алыс-жақын шет мемлекеттермен байланыс берік
орнықты. Әлемдік кеңістіктегі құқықтық мемлекеттер қауымдастығына кіру
қазақстандық сот жүйесінің, тұтастай алғанда қазақстандық құқықтың дамуына
негіз салған алғы шарттардың бірі болды.

2 Қазақстан Республикасындағы соттарды мамандандырудың басты кезеңдері
мен мақсаты

2.1. Қазақстан Республикасында мамандандырылған соттардың қалыптасуы
мен даму кезеңдері және әлемдік тәжірибемен арақатынасы

Дамуының негізгі бағыттарының бірі ретінде құқықтық мемлекет құруды
белгілеген Қазақстанның негізгі діттегені мемлекеттік билік пен жеке тұлға
бостандығының арасындағы үйлесімділікті қалыптастыру. Осындай сәйкестікті
реттеуші фактордың құқық болып белгіленуі де кездейсоқ емес. Құқықтық
мемлекет дегеніміз әділеттілікке құрылған қоғамдық өмірдің өзара үйлесімді
құрылымы.
Құқықтық орта қалыптастыруға бет бүрған елдердің осы ұғым шеңберіндегі
белгілерді орнықтырған мемлекет болуы, ең алдымен қоғамның даму деңгейіне
тәуелді. Басты құндылығы адам құқығы болып танылатын мелекеттердің тәуелсіз
сот жүйесіне иек артатыны анық. Керісінше қоғамның даму көрсеткішін сот
саласының тәуелсіздігі мен кәсіби дәрежесі айқындайтыны айтпаса да
түсінікті. Яғни, сот жүйесіндегі демократиялық үрдістер мен қоғамның
тұтастай өркениеттілік өлшемдеріне сай адымдауы өзара тығыз байланысты.
Адам құқықтарының Жалпы декларациясының 8 бабына сәйкес, конституция
және заңмен берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда, әркім өзінің
бұзылған құқытары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алады. Әрбір адам
өзәне тағылған қылмыстық айыптың негізділігін анықтау үшін, толық теңділік
негізінде, өз ісінің ашық және заңдылық талаптарының сақталуымен тәуелсіз
және бейтарап сотпен ісінің қарастырылуына құқығы бар. Халықаралық құқықтың
жалпы танылған қағидалары мен нормалары Қазақстан республикасының құқықтық
жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, сондықтан қазіргі кезде мемлекет
азаматтардың сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге ұмтылуда.
Сот жүйесінің қарыштап ілгерілеуі тежелген жерде мемлекеттің басқа
салаларының алға басуы мүмкін емес. Тап осы заңдылықты басшылыққа
алғандықтан қазақстандық сот жүйесінің прогресивті бағыты соттарды
мамандандыру болып айқындалды. Соттарды мамандандыру — қоғамық дамудың,
нақтылай түссек жаңа әлеуметтік қатынастардың, нарықтық экономикадағы тың
өзгерістердің заңды талабы. Өткенге көз жіберсек, халықтың сот билігіне
сенімінің артуы жұртшылықтың соттарға жиі жүгінуімен айқындалған еді. Бұл
жөнінде 2001 жылы өткен Қазақстан Республикасы судьяларының үшінші съезінде
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот-құқықтық
реформаның ең негізгі нәтижесін адамдардың сотқа сенімінің артқандығынан,
олардың өркениетті елдердегідей бұзылған құқықтарын қорғау үшін соттарға
жиі жүгіне бастауынан көруге болатынына ерекше тоқталған болатын [26].
Қазақстан азаматтарының өркениетті елдердегідей тек әділ билікке
жүгінуі сәйкесінше сот билігін өркениет талаптарына қарай бір қадам
жақындатуға алғышарт болғаны анық. Тап сол себептен Мемлекет басшысы сот
жүйесінің алдына қазір кезең-кезеңімен өмірге еніп жатқан сегіз түрлі басым
міндеттерді жүктегенді. Солардың бірі — соттарды мамандандыру.
Республикадағы соттарды мамандандыру бүрын да болған. Мемлекеттік
арбитраж төрелік соттар жүйесіне өзгертіліп, 1996 жылға дейін жұмыс істеді.
Осыдан кейін сот реформасы барысында төрелік соттар сот жүйесінің жалпы
юрисдикциядағы шаруашылық алқалар ретінде қайта құрылды.
Тоқсаныншы жылдардың басында болашақ мемлекеттік құрылымды таңдай
отырып, Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының басымдықтарының бірі
ретінде жаңа сот жүйесін құруды, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруды
белгіледі. Бұған қажеттілік партиялық билік әлсірей бастағанда, биліктің
дербес тармағы ретінде толық құқықты тәуелсіз сотты құру керектігі пайда
болғанда туындады. Бұл заңды да. Себебі, сот әділдігі саласын
реформаламайынша, экономика мен әлеуметтік-саяси жаңғырулардың дамуы мүмкін
емес.
Уақыт қойнауына енген жылдарда республиканың сот жүйесінде терең
жаңғырулар жүзеге асырылды. Олар қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерін өз
деңгейінде қорғауға негізделген тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасуын
қамтамасыз етуге бағытталды.
Сот жүйесі қызметінің нетижелілігі экономикалық, саяси, құқықтық
шарттарға айтарлықтай дәрежеде тәуелді. Бұл жерде сот жүйесінің тарихи
қалыптасу жолының, қоғамдағы дәстүрлер мен құқықтық мәддениеттің маңызы
зор. Республиканың тәуелсіздік алуымен Қазақстанның әлемдік құқықтық
кеңістікке кіруі, халықаралық экономикалық қатынастарға интеграциялануы сот
жүйесін түбегейлі реформалаудың басты алғышарттары еді.
2000 жыл Қазақстан үшін айтулы кезең болды. Атқарушы биліктің сотқа
ықпалын жою сот реформасындағы сындарлы өзгерістер қатарына жатты. Сот
реформасындағы қағидатты жетістіктердің бірі Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі Сот жүйесінің тәуелсіздігін
күшейту бойынша шаралар туралы Жарлығы болды [27]. Аталмыш құқықтық
актінің әділбилік үшін маңызы жоғары.
Жаңа заңда республикадағы сот құрылымын, соттардың жұмыс тәртібін
анықтайтын принципті түрдегі тың нормалар көрсетілді. Қазақстан азаматтық
және шаруашылық алқаларды қоса отырып, сот құрылымындағы біріктіру жолын
таңдады. Бізде мемлекеттік төрелік соттар сақталған жоқ. Бірақ,
қолданыстағы сот жүйесі аясында палаталар бойынша мамаыдандыру құрылды.
Олардың шеңберінде жекелеп айтқанда экономикалық дауларды қарайтын
мамандандырылған құрамдар жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы Конституциялық заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік,
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін
[18]. Сот төрелігінің сапасын арттыру мақсатында сот өндірісінің жекелеген
түрлері және істердің жекелеген санаттары бойынша мамандандырылған сотттар
құрылуда.
Мамандандырылған соттардың арнайы соттардан айырмашылығы
мамандандырылған соттар қазіргі жергілікті соттардың бір бөлігі болып
табылады. Мамандандырылған соттар үшін жекелеген процессуалдық немесе
материалдық құқық жоқ. Олардың ұйымдық-құқықтық мәртебесі тең.
Соттарды құру формасы, сот корпусын жасақтау тәртібі, судьялардың
құқықтық жағдайы, сот өндірісінің түрлері, қүзырлылық көлемі барлық
жергілікті соттар үшін ортақ. Солардың ішінде сот жүйесіндегі орнына
байланысты мамандандырылған соттар да бар.
Айта кететіні, облыстық және аудандық соттар істердің барлық санатын
қарай береді. Істердің жеке санатын қарау бойынша мамандандыру соттың өз
ішінде жүреді. Мұндағы мақсат сот төрелігін іске асырудың сапасын арттыру
болып саналады. Айталық бір судьяның адам өмірі мен денсаулығына қарсы
қылмыстар бойынша сот істерін қарауға бейімі жоғары, ал келесі судья
әкімшілік немесе тұрғын үй, отбасылық және т.б. істерді қарауға қабілетті
келеді. Бұл көрсеткіштер сот жұмысында ескеріледі.
Осыған қатысты айта кететіні, соңғы жылдардағы қоғамның түрлі
салаларындағы позитивті өзгерістердің арқасында заңнамалық және нормативтік
база принципті түрде жаңарды және кеңейді. Заңнамалық база бес есеге өссе,
жаңа нормативтік актілердің саны он мыңнан асып кетті. Мұндай жағдайда
әмбебап судья болу, қолданыстағы заңнамалардың барлығын бірдей жетік білу,
ондағы өзгерістерге, жаңа сот тәжірибесінің қалыптасуына ілесіп отыру
мүмкін емес.
Әрине, бүрынғы бірінші сатыдағы қалалық және аудандық соттардағы
судьялардың әмбебаптыгы тәртібі және жоғары сатыдағы облыстық пен Жоғарғы
сот судьяларын мамандандыру істердің сапалы қаралуына кепілдік бола
алмайды. Демек, Конституциямен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының сотпен қорғалуы өз деңгейінде жүзеге аспайды. Сондықтан,
соттарды мамандандыруды судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мен сот
төрелігін атқару сапасын жақсартудың қажетті шарты деп қарастыру керек.

2.2 Мамандандырылған экономикалық, әкімшілік соттардың қызметі

Нарықтық экономика талаптарымен келген жаңа әлеуметтік қатынастар
мамандандырылған экономикалық соттарға қажеттілікті туындатты. Аталмыш
соттарды құруға алғышарт болған тағы бір мәселе Қазақстанның әлемдік
нарықтық кеңістікке кіру процесіндегі ұмтылысы еді.
Экономикалық соттардың құрылуына негіз болған келесі мәселе Қазақстан
экономикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру, шет елдік инвесторлар
құқығын нақты кепілдемелермен қамтамасыз ету болды. Соттарды мамандандыру
мәселесінің 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Шетелдік инвесторлардың екінші мәжілісінде көтерілуі осының айғағы.
Бірініші мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Қазақстан
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығымен Алматы және
Қарағанды қалаларында құрылды. Аталмыш соттардың міндетіне кәсіпкерлік және
экономикалық қызмет саласында сот төрелігін жүзеге асыру жатқызылды.
Олардың қызмет нәтижесі мамаыдандырылған соттарың келешегіне деген
сенімді арттыра түскені рас. Себебі, экономикалық дауларға кәсіби тұрғыдан
кесім айтудың артықшылығы бір жылдан кейін-ақ сот төрелігін атқару
сапасынан байқалды. Бұл жетістікті сол даулардың тікелей қатысушылары
кәсіпкерлер де айқын сезінді. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 9 ақпандағы Мамандандырылған ауданаралық
экономикалық және окімшілік соттарды құру туралы Жарлығымен елде
экономикалық соттар жүйесі құрылды [33].
Экономикалық соттардағы сот төрелігін іске асыру сапасының жақсаруы
мамандандырылған соттар құрудың бұл бағытын таңдау арқылы Қазақстанның
өркениетті қадам жасағанын көрсетті. Бұл өз кезегінде экономикалық дауларды
қараудың тұрақты тәжірибесін жинақтауға, судъяларға азаматтық, қаржылық
және шаруашылық заңнамаларды тыңғылықты әрі кәсіби тұрғыда зерттеуге
мүмкіндік жасады.
Қазақстан Республикасында экономикалық соттар жүйесін құрудың саяси,
экономикалық және әлеуметтік алғышарттары болды. Нарықтық қатынастардың
қоғамдық өмірге терең енуі көптеген бүрын соңды кездеспеген құқықтық
қатынастарды туындатты. Осының нәтижесінде косіпкерлік қызметтің
субъектілері арасындағы даулар әр түрлі және күрделі бола түсті. Сондықтан,
нарықтық қатынастарға көшу нарықтық қатынас субъектілері арасындағы
дауларды шешетін сот төрелігінің мамандандырылған жүйесін құруға объективті
қажеттіліктің туындауы заңды құбылыс еді.
Экономикалық соттарды құруға алғышарт болған тағы бір маңызды себеп,
Қазақстан экономикасының инвестициялық тартымдылығының жоғарылауының
арқасында жағымды инвестициялық климатты қалыптастыру, шет елдік
инвесторлар үшін нақты кепілдіктерді қамтамасыз ету керек болды.
Заңгерлерге Қазақстан заңнамасында соңғы он жылдың ішінде қандай
түбегейлі өзгерістердің болғанын түсіндіріп жату артық. Заңнамалық базадағы
елеулі өзгерістер, тың құқықтық қатынастардың пайда болуы, осының барлығы
заңнамалық массивтің күрт ұлғаюына әкелді. Мамандандырылған соттар
құрылғанға дейін аудандық (қалалық) соттың өндірісінде бір мезгілде
отбасылық, салық, кеден, еңбек, тұрғын үй, жер, т. б. даулар қарала
беретін.
Бір мезгілде жүрек-қан тамырлары, эндокриндік, жүйке хирургиясы,
психикалық, гастроэнтерологиялық ауруларды емдейтін дәрігерлерді білесіз
бе? Ондай дәрігерлер жоқ. Себебі, қателіктерден қашып құтылу мүмкін емес,
ал ол адамдарга қымбатқа түседі. Бірақ, судьялардың да қателігі кейде адам
өмірін бұза алады емес пе? Соттарды мамандандырудың негізгі функционалдық
міндетінің мәні осында жатыр. Яғни, сот корпусында қандай да бір ерекшелігі
бар құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің бүге-шігесіне дейін білетін
жоғары кәсіби пилотажды қалыптастыру [34].
Судьяның кәсіби деңгейін жоғарылату сот төрелігін атқару сапасынан
ғана емес, сот істерін қарау мерзімінің жеделдігін қамтамасыз етуге жол
ашады. Себебі, мамандандырылған соттың судьясы кез келген, тіпті ең күрделі
деген істі зерттеуге айтарлықтай аз уақыт жұмсайды. Себебі, сот төрелігін
атқару бойынша экономикалық соттардың қызметі, басқа соттар секілді істің
дер кезінде қаралуы мен сапасына сүйенеді.
Дегенмен, істердің өзге санаттарына қарағанда экономикалық істердің
күрделі болатындығын заңгерлер мойындайды. Өйткені, оларды шешу кезінде
судьялар құқықтың жекелеген түрлерін түсіндіру мен қолданудағы бірқатар
қиындықтарға тап болады.
Экономикалық соттар қарайтын істердің күрделі болуының бір себебі,
тараптар мүліктік мүдделерін соңына дейін қорғап, сот актілерін Жоғарғы
сотқа дейін шағымдайтын кездері жиі кездеседі.
Сондықтан, экономикалық соттардың жұмыс көрсеткішін ең алдымен сан
емес, сапа айқындайды. Біртұтас сот тәжірибесін қалыптастыру үшін Қазақстан
Республикасының Жоғарғы сотына экономикалық даулардың жекелеген санаттарын
қарау тәжірибесі бойынша бірқатар нормативтік қаулылар қабылдау міндеті
тұр. Оның үсітне экономикалық соттарда қаралатын істерді зерттеу, талдау,
жалпылау қажеттігі пісіп-жетілді.

2.3 Соттарды мамандандырудың қарқыны: ауданаралық кәмелетке
толмағандардың істері бойынша мамандандырылған соттардың келешегі

Сот реформасы тәуелсіздік көшінен қалмай, кезең кезеңімен жүзеге
асырылып келеді. Бүгінгі таңда құқықтық реформаның негізгі құралдарының
бірі сот реформасы деген пікір қоғамның сана сезіміне терең ұялаған. Мұның
себебі: өркениетті және демократиялық дамыған мемлекет пәрменді сот
жүйесінсіз болуы мүмкін емес. Республикамыздағы болып жатқан құқықтық
реформаның негізгі салаларының бірі – сот реформасын одан әрі жүзеге асыру.
Сондықтан да сот жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіре беру қажет, себебі
әлемде, елімізде болып жатқан экономикалық және саяси процестер сот-
құқықтық реформасына түбірлі өзгерістер енгізуді қажет етуде.
Соттардың мамандандырылуы сот жүйесіне берік орнығып, өзіне артылған
жауапкершілік пен сенім үдесінен шығып келеді.
Сот билігі ерекше сипатқа ие және басқа билік тармақтарының атқаратын
қызметінен кем түспейтін қажетті, жауапты әлеуметтік қызметтерді орындауға
бағытталған, атап айтқанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды
мүдделерін қорғау, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау. Сондықтан да мемлекетіміздің заңдарына сәйкес әртүрлі
мамандандырылған соттардың құрылып, жұмыс істей бастауы заңды құбылыс.
Соттарды мамандандыру әділ шешім шығарудың кепілі болғандықтан, заңгерлерді
көптен толғандырып жүрген мамандандырылған соттардың тағы бір түрі –
кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі соттарды құру мәселесі соңғы кезде
жиі көтеріліп, кеңінен талқыланып жүрді.
Қазақстандық сот жүйесінің алдында тұрған ендігі бір келелі міндет
ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған
соттардың жұмыстарын тиісті деңгейде жетілдіріп, ювеналды юстицияның
пәрменді жүйесін құру болып отыр. Бұның екі түрлі алғышартын санамалап
беруге болады. Біріншіден Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала
құқықтары туралы конвенциясын бекітуі жасөспірімдердің ісіне ерекше
көзқарас қажеттігін талап етеді [44]. Екіншіден, бала тәрбиесімен
айналысатын ата-аналар, педогогтар мен өзге тұлғалардың жауапкершілігін
бекіту мәселесі пісіп-жетілді.
Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігінің сапалы және уақытылы
жүргізілуіне назар аудару керектігі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының Жалпы отырысында бірнеше рет аталып көрсетілген, сонымен бірге бұл
санаттағы қылмыстар материалдық және қылмыстық іс жүргізу заңдарында
бекітілген талаптар мен ережелерді қаьаң сақтау негізінде жүзеге асырылуы
қажеттігіне назар аударылған. Осы орайда соттың тағы бір міндеті кәмелетке
толмағандардың қылмыстарының алдын алу, қылмыс жасауға негіз болған
себептерді анықтау жөнінде шаралар қолдану қажеттігі болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы кәмелетке толмағандарға
қатысты сот әділдігін жүргізуге байланысты минималды стандартты ережелерді
қабылдады. Бұл ережелерге сәйкес осы санаттағы қылмыстарға қатысты іс
жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және лауазымды тұлға сәйкесінше
біліктілікке ие болуы қажет. Пекин ережелеріне сәйкес сот талқылауы
кәмелетке толмағандардың мүддесіне сәйкес сот талқылауы кәмелетке
толмағандардың мүддесіне сәйкес келуі керек және оған кәмелетке толмаған
азамат белсенді түрде қатысып, өзінің мүддесін білдіре алатындай болуы
қажет. Бұл міндеттерді шешу үшін Пекин ережелері арнайы кәмелетке
толмағандардың істері бойынша сот құруды ұсынады.
Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының кәмелетке толмағандарға қатысты
сот билігін жүзеге асыруының минималды стандартты ережелерінде Пекин
ережелері, кәмелетке толмағандардың басты сот талқылауына сотталушы
ретінде қатысуының өзі оларға зиян келтіретінін ескеріп, ерекше назар
аударады. Сондықтан да бұл жерде аяушылық және жұмсақтық таныту іс
жүргізудегі қатаң талаптармен қатар болуы керектігі айтылып кетеді.
Қазақстан Республикасының дамыған 50 мемлекеттерінің қатарына кіруге
және құқықтық мемлекет құруға бет алуы, жалпы танылған халықаралық
ережелерге ұлттық заңдарды сәйкестендіруді талап етеді. Осыған сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы
Мамандандырылған ауданарлық кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот
құру туралы Жарлығы қабылданды.Осы Жарлыққа сәйкес Астана және Алматы
қалаларында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке
толмағандардың мүддесін қозғайтын қылмыстық істерді, әкімшілік істерді және
азаматтық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы соттарды мамандандырудың басты кезеңдері мен мақсаты
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Сот органдары және олардың қызметін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Пәндер