Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Әбу Насыр әл.Фараби (870.950) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Әл.Фараби мен Аристотель ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Ұлы ғалымның шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Фараби . ұлы философ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
“Өлең кітабы”
“Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат”
5. Ғұламаның жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеулері ... ... .13
6. Фараби мұраларының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары шығыс мәдениетін меңгеріп,өз еңбектерін көпке ортақ тілде жазып,кейінгі ұрпақтарына қалдыра білді.Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес.Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы ғалым, Әбу Насыр Әл-Фараби.
Оның шығармалары өткен заманнан күні бүгінге дейін латын, испан, неміс, ағылшын, француз, орыс, қазақ және т.б.тілдерге аударылып адамзат игілігіне айналып отыр.
Сондықтан,Әл-Фараби тәрізді тамаша да ерекше тұлға туралы дүниежүзілік мәдениетке қалдырған мұрасы туралы,бұл мұраның тарихымызда алатын орны туралы сөз болғанда, ғылымның тарихи болашағын сақтаудың маңызы аса зор.Мұны соншалықты,бір жаңа ой пікір тағылымының бастамасына айналдырудың ешбір қажеті жоқ.Әл-Фараби өз заманының перзенті екендігін біз білуімізге тиіспіз, жалпы, орта ғасырда,шығыс ғалымдары жайлы сөз етсек қашанда Фарабиді бірінші ауызға аламыз. Әл-Фараби ілімінің жалпы мәдениеттің дамуына,шығыс мәдениетіне,Орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің дамуына ықпал болды.Ол өз ана тілі-түрік тілімен қатар араб-парсы тілдерін жетік меңгеріп, мұсылмандық шығыс мәдениетінің философиясының дамуына үлкен әсерін тигізді. Ол ғылым шығармаларын өз дәуірінің рухани-ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.Әл-Фараби өмір сүрген уақыты шетелдік ғылымның “ислам” дүниесіне барынша, кеңінен кірген дәуірімен туыстас келді. Арабтар жаулап алған халықтардың неғұрлым жоғары мәдениеті арабтарды өз мәдениітн дамытуға ұмтылдырды.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолы,сірә, дүниежүзілік тарихтың қисынымен бір жерлерде барып тоғысатын болар. Осындай тоғысушылықсыз оның творчествасының ала бөтен ерекшеліктері түсініксіз болып қалуы ықтимал. Амал нешік, оның өмірбаяны жөніндегі мағұлматтар өте аз. Ол өзі түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны мәлім, оған дәлел-оның толық аты-жөнінде “тархан” деген атаудың болуы. Фараби зерттеушілері мұны дәлелдеп жариялаған болатын.
1) Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы,1991.
2) Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы,1995.
3) Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы,2003.
4) Алтаев Ж. Әмбебап әл-Фараби. – “Ақиқат” журналы, 1994, желтоқсан, 74-78 беттер.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Әл-Фараби мен
Аристотель ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..5
3. Ұлы ғалымның
шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7

4. Фараби – ұлы
философ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...8

“Өлең кітабы”
“Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат”
5. Ғұламаның жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеулері ... ... .13

6. Фараби мұраларының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 15

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе

Қазақ топырағының талай ойшыл азаматтары шығыс мәдениетін меңгеріп,өз
еңбектерін көпке ортақ тілде жазып,кейінгі ұрпақтарына қалдыра
білді.Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес.Солардың бірі
бәрімізге танымал ұлы ғалым, Әбу Насыр Әл-Фараби.

Оның шығармалары өткен заманнан күні бүгінге дейін латын, испан,
неміс, ағылшын, француз, орыс, қазақ және т.б.тілдерге аударылып адамзат
игілігіне айналып отыр.

Сондықтан,Әл-Фараби тәрізді тамаша да ерекше тұлға туралы
дүниежүзілік мәдениетке қалдырған мұрасы туралы,бұл мұраның тарихымызда
алатын орны туралы сөз болғанда, ғылымның тарихи болашағын сақтаудың маңызы
аса зор.Мұны соншалықты,бір жаңа ой пікір тағылымының бастамасына
айналдырудың ешбір қажеті жоқ.Әл-Фараби өз заманының перзенті екендігін біз
білуімізге тиіспіз, жалпы, орта ғасырда,шығыс ғалымдары жайлы сөз етсек
қашанда Фарабиді бірінші ауызға аламыз. Әл-Фараби ілімінің жалпы
мәдениеттің дамуына,шығыс мәдениетіне,Орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің
дамуына ықпал болды.Ол өз ана тілі-түрік тілімен қатар араб-парсы тілдерін
жетік меңгеріп, мұсылмандық шығыс мәдениетінің философиясының дамуына үлкен
әсерін тигізді. Ол ғылым шығармаларын өз дәуірінің рухани-ғылыми тілі
саналған араб тілінде жазды.Әл-Фараби өмір сүрген уақыты шетелдік ғылымның
“ислам” дүниесіне барынша, кеңінен кірген дәуірімен туыстас келді. Арабтар
жаулап алған халықтардың неғұрлым жоғары мәдениеті арабтарды өз мәдениітн
дамытуға ұмтылдырды.

Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолы,сірә, дүниежүзілік тарихтың
қисынымен бір жерлерде барып тоғысатын болар. Осындай тоғысушылықсыз оның
творчествасының ала бөтен ерекшеліктері түсініксіз болып қалуы ықтимал.
Амал нешік, оның өмірбаяны жөніндегі мағұлматтар өте аз. Ол өзі түрік
тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны мәлім, оған дәлел-оның толық аты-
жөнінде “тархан” деген атаудың болуы. Фараби зерттеушілері мұны дәлелдеп
жариялаған болатын.

1. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Әбу Насыр әл-Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден
кейінгі екінші ұстазы (арабша “Муаллими соний”) атанған данышпан, философ,
энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс
сағасындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған) қаласында
туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен
Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар
– бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-
егіншілікпен айналасытан түрлі түркі ру-тайпалардан өзара байланыстырып
тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол
бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен. Әл-Фарабидің толық аты-жөні:
Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани – деп жазылатыны болған. Мұндағы
“тархан” сөзі екі нәрсені аңғартады, біріншеден, әл-Фарабидің түркі тектес
ру-тайпалардан шыққанын білдіреді; екіншіден, оның ата-бабасы дәулетті,
қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені
қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша “тархан” деп аталатыны болған.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен әл-
Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе
келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад,
Қорасан, Дамаск, Каир т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек
етті, Шығыстың осы шаһарларда ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен,
көркем сөз зергерлерімен танысады. Өз өмірінің көп жылдарын араб
халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз
білімін әбден тиянақтылықпен толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс
жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан
байсалдағы арқасында көп ұзамай олардың арасында абырой беделге ие болады.
Бірақ өрісі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған. Әл-
Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге
көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұл
дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр соңында әл-Фараби лажсыздан
Бағдадтан кетеді.
Өзінің “Фусул ал-мадани” (Мемлекет қайраткерлердің нақыл сөздері)
деген шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен
кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби александриялық
(мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған
несторианшыл христиандар тұратын хорасанға келіп қоныс тебеді. Өмірінің
соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда солтүстік Сирияның
жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-
Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды.

Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы
Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын
толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-
білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден
сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы
христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен
грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан (ол да христиан) үйренеді.
Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкір ибн Сиражбен
жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп
айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген.
Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтылады. Бұл әрине,
асыра дәріптеу болар.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық
көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен
философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда
ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол
Аристотельдің "Жан туралы" дейтін еңбегін жүз рет, "Табиғи гармониясын"
қырықрет, "Риторикасын" екі жүз рет оқыған көрінеді.
Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы
деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен
Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында
болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір
әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз кала шетіндегі бау-
бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ
жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым,
канағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге
тырысқан.

2. Әл-Фараби мен Аристотель

Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Ол Аристотель ілімінің
формальдық жағымен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені
қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім
мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып
табылатынын дәлелдейді. Оның (Әл-Фарабидің) зерттеу объектісі болған
“Платон мен Аристотель сынды фәлсафашылардың мақсаты жайлы” деп аталатын
кітабы бар. Бұл еңбегінің ол өзінің фәлсафа ілімін Аристотельдің қаншалықты
жетік меңгергендігін дәлелдеп берді. Осылай ол ғылым құпияларын аша берді,
ғылымның пайдасын түсіндірді. Әл-Фараби әуелі Платонның фәлсафасын
зерттеді, мақсатын айқындады. Сонан соң бірте-бірте Аристотельдің
фәлсафасын игере бастады, сол арқылы өзі де бірте-бірте фәлсафаны
бақайшығына дейін талдап, жіктеді. Аристотельдің мақсатын айқындай отырып,
физикалық , логикалық еңбектері хақында түсіндірмесі бар бірнеше кітаптар
жазды. Аристотельдің бізге бірінші рет жеткен “ал-илму л-лаһи”
(Метафизика) деп аталатын кітабының түсініксіз жерлерін ашты. Өзінің
осындай түсіндірмелерден тұратын кітаптарының жалғасын “әл-илм ат-табиғи”
(Жаратылыстану ғылымы) атты еңбегіне түсіндірме жазумен аяқтады. Сол
заманда фәлсафадан дәріс алуда әл-Фараби кітаптардан артық пайда келтірген
өзге дүниені білмеген, себебі тек Әл-Фараби ғана бүкіл ғылымның мағынасын,
ерекшелігін жақсы білгендіктен, осындай туындыларды қалдырды. Аристотельдің
“Категориясын” түсіндірудің бұрын тәсілі жоқ еді, ал Әл-Фараби болса бұған
да түсініктеме жасай отырып, ғылымды қалай зерттеу керек екенін түсіндіріп,
өзгелерге өнеге болды. Сондай-ақ Әбу Нәсірдің “Метафизикасынан” басқа “әл-
илму-л-мадани” (Азаматтық ғылым) атты кітабы да бар. Алғашқысы
қайырымдылықты сөз етсе, екіншісі азаматтық саясатты әңгімелейді.
Аристотельдің алты принципке құрылған теориясын, сондай-ақ дене
материясының құрылысы, оның дәрігерлік ара қатынасын айқындады.

Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайткан. Ол бұрынырақ өз отаны
— Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі
Мансұр ибн Нұхтың өтінуі бойынша "Екінші тәлім" (Ат-Таһлім ас-сани) атты
еңбек жазған. "Екінші ұстаз" деген лақапты осы оқиғаға байланысты алған
дейді. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 жылғы
желтоқсанның аяғы немесе 951 жылғы қаңтардың басы) Дамаскіде қайтыс болады.
Тарихшы ибн Халлаканның айтуынша, Дамаскінің "Баб ас-сағир" (Кіші дарбаза)
зиратына қойылған көрінеді.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып философия мен ғылымның
барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол
ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған
Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық
еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің
мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар",
"Метафизика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші
"Аналитика" т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына
түсініктемелер жазған.
Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар.
Аристотель дүниені материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіруші, жан-жақты
білім иесі, данышпан адам. Ал орта ғасырларда кейде түсінбегендіктен, кейде
түрлі діни ағымдардың әсерінен әдейі Аристотельдің құнды-құнды
материалистік идеялары бұрмаланып, шатастырылып жіберілген. Тіпті араб
Шығысында кейбір грек идеалистерінің еңбектерін Аристотельге телушілік орын
алды.
Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін ондай бықсықтан тазалап,
аршып өз калпында түсіндіруге тырысты. Әбунасырдың көзкарастарында да
неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалғанмен ол бүл
міндетті тамаша атқарып шықты. Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих
және болашақ үшін де жасаған ғылыми еңбектерінін бірі осы. Сондықтан да
Шығыс философтары оны "Ал муаллим ас-сани" — екінші ұстаз деп атаған.
"Бірінші ұстаз" — "ал муаллим ал аууал" деп олар Аристотельді атаған.
Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз
тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі кала тұрғындарының көзқарасы",
"Мәселелердің түп мазмұны", "Ғылымдардың шығуы", "Бақытқа жету" сияқты
көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған.
Фараби Аристотель еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып, өзі де
жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша
насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Кер-
тартпа мұсылман діншілдері ғылымды дүние тануды тұншықтыруға күш салып
баққан түнек заманда білім мен өнерді паш етудің өзі Фарабидің ғылым мен
мәдениет тарихындағы кесек үлестерінің бірі. Ол ғылымның көп салаларын
меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. Фараби ғылымының философиялық-логикалық
ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оку және оқыту ретін
белгіледі, әрқайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол
музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді, математикада үлкен жаңалыктар
ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа
идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәрізді жаратылыстану
ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі дүние
оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларды талдады.
Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б.
ғылымдар жайлы жазғандары өз алдына бір тебе.
3. Ұлы ғалымның шығармалары

Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар араб, парсы, грек, латын,
санскрит, тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз
дәуірінің рухани-ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды. Ғұлама ғалым
ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге
болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл
білімі, әдебиет теориясы, т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми
еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қол-жазба
күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір
тізімдері ғана сақталған. Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.
Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал ғалым Б. Ғафуров
200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінің біздің
заманымызға дейін сақталап, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық
шығарма деуге болады. Фарабидің “Ақылдың мәні туралы трактат”,
“Данышпандықтың інжу маржаны”, “Ғылымдардың шығуы” , “Философияны оқу үшін
алдымен не білу керек”, “Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі”,
“Кемеңгерлік меруерті”, “Музыканың үлкен кітабы”, “Әлеуметтік-этикалық
трактаттар”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, “Риторика”,
“Софистика” т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде
танытты. Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын
танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе,
“Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Бақыт жолын сілтеу”,
“Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”,“Бақытқа
жету жайында” деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор. Ұлы ғалым нағыз
гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын
толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық
проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш – ақыл-парасат деп біледі. Әл-
Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия
мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.
Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбу
Нәсір метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, математика, этика т.б.
ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазған.

4. Фараби – ұлы философ

Фараби өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат”
деген еңбегінде ежелгі ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-
пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Ғұламаның
пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын бірінші талап –
адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген қалтқысыз
құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны
үйрене алмайды, деп көрсетеді Фараби. Ғұлама өзінің “Ғылымдардың шығу
туралы” трактатында табиғаттың ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып
көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойынша , табиғат әуелде жаратқан бір
Алланың құдіретті күшінен пайда болып, одан былай өз алдына дербес
заңдылықтарымен өмір сүрді және бөтен еш нәрсеге тәуелді болмайды.
Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде субстанция, аксиденция жатыр. Оларды
танып, білу-ғылымдардың шығуының қайнар көзі. Субстанция қазіргіше айтқанда
, материя ұғымына жуық келеді. Ал аксиденция – субстанцияның түрліше
көрінісі.
Әл-Фараби өзінің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты
кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді.
Мұндағы “қала” деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің
пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының
моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер,
әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі
керектігі т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Әбу Нәсірді
мәшһүр еткен алғашқы еңбектерінің бірі – “Ихса ал-улум уа-т-тағриф би
аградаһа” (“Ғылымды жіктеу және мақсатты айқындау”) деген туындысы. Өйткені
оған дейін осындай соны тақырыпқа кітап жазған ешкім болмаған. Ғылыммен
әуестенгендер осы кітапты басшылыққа алмай, бұл кітапқа соқпай кете алмаушы
еді. Олардың ой-өрістерін дамытуда аталған еңбектің атқарғаны ұлан-ғайыр.
“Өлең кітабы”
Орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбианың (1203-1270)
айтуы бойынша, әл-Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған “Қалом фи аш
шеьер ва ал-қавофий” (“Өлең және ұйқас туралы сөз”) деген шығармасы болған.
Әл-Фараби дәуірінде және одан кейінірек өмір сүрген бірқатар әдебиетшілер
бұл еңбекті поэзия табиғатын зерттеуде теңдесі жоқ туынды деп жоғары
бағалағаны мәлім. Өкінішке орай, ұлы ғалымның бұл шығармасы әзірше табылған
жоқ.
Фараби еңбектерінің тізімінде оның “Өлең ырғағы туралы”, “Ырғақ пен
өлең туралы сөз” және “Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат” деп
аталатын зерттеулері болғанын көрсетіледі.
Соңғы жылдары Әл-Фарабидің бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса
құнды бір шығармасы Братислава (Чехославакия) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл Фараби тарихи мұралары
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Әбу-Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасы
Ғалымдар энциколопедиясы
Қазақ даласының жұлдыздары
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Әл-Фараби шығармаларындағы әдеби-теориялық мәселелер
Әбу Насыр Әл-Фараби және оның жасампаздығы жайында.
Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі
Пәндер