Жаңа технологияны пайдаланудың маңызы, қолдану жолдары



1. Кіріспе бөлімі
Жаңа технология . тұлғаны дамыту құралы.

2. Негізгі бөлім
а) Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
ә) Модульдік оқыту технологиясы
б) Ойын технологиясы арқылы оқыту
в) Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

3. Қорытынды.
Жан.жақты дамыған тұлға . азаматтық құндылық.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Жаңа технологияны пайдаланудың маңызы, қолдану жолдары».
Бұл тақырыпты таңдау себебім: жаңаша оқыту бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Себебі баланың жеке тұлға ретінде тәрбиеленіп білім алу арқылы дамуы мемлекетіміздің білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған басты мәселе.
Куртық жұмысымның кіріспе бөлімі жаңа технология – жеке тұлғаны дамыту құралы жеп аталады. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Демек, жаңа технология арқылы оқыту ісіне мұғалімдір жауапкершілік пен қарауды талап етеді.
Курстық жұмысымның негізгі бөлімінде жаңа технологияның бірнеше түріне сипаттама бердім, атап айтсақ:
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы
Ойын технологиясы арқылы оқыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы теориялық материалдардың мазмұны оқушылардың өздігінен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет. Ол үшін тапсырмалар, сұрақ-жауап, диалог түрінде беріліп, оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Модульдік оқыту технологиясы дамыта оқыту идеясына негізделген. Молдульдік оқытудағынегізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Ойын технологиясы бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальді мәселелердің бірі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Кіріспе бөлімі
Жаңа технология – тұлғаны дамыту құралы.

2. Негізгі бөлім
а) Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
ә) Модульдік оқыту технологиясы
б) Ойын технологиясы арқылы оқыту
в) Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

3. Қорытынды.
Жан-жақты дамыған тұлға – азаматтық құндылық.

Аннотация

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Жаңа технологияны пайдаланудың
маңызы, қолдану жолдары.
Бұл тақырыпты таңдау себебім: жаңаша оқыту бүгінде өзекті мәселе болып
отыр. Себебі баланың жеке тұлға ретінде тәрбиеленіп білім алу арқылы дамуы
мемлекетіміздің білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған басты мәселе.
Куртық жұмысымның кіріспе бөлімі жаңа технология – жеке тұлғаны дамыту
құралы жеп аталады. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.
Демек, жаңа технология арқылы оқыту ісіне мұғалімдір жауапкершілік пен
қарауды талап етеді.
Курстық жұмысымның негізгі бөлімінде жаңа технологияның бірнеше түріне
сипаттама бердім, атап айтсақ:
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы
Ойын технологиясы арқылы оқыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы теориялық материалдардың мазмұны
оқушылардың өздігінен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты
мазмұндалуы қажет. Ол үшін тапсырмалар, сұрақ-жауап, диалог түрінде
беріліп, оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Модульдік оқыту технологиясы дамыта оқыту идеясына негізделген.
Молдульдік оқытудағынегізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу
мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы
жұмыс істеуге үйрету.
Ойын технологиясы бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальді
мәселелердің бірі. Ойын баланың мінез- құлқының қалыптасуына, психикалық
процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Мұғалімнің міндеті –
ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым- қатынастарды талдап,
зерттеу. Оны тиімді әдістермен басқару,балалардың достығын қолдау болып
табылады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – оқу мен жазу арқылы дамыту. Сын
тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасындағы мұғалімнің ролі үйрену процесіндегі оқушыларға серік
болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын айтып
қолдау көрсетіп отырады.
21 – ғасыр білімділер ғасыры. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси,
мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де
мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің
ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Міндет – ұлттық педагогиканы, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып
намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап,
рухани байлықты қастерлайтін, Отанын, өз жанұясын қадірлейтін азамат
тәрбиелеу.Ол үшін ұлттық мектептерімізде білім беру дің жаңаша әдіс-
тәсілімен жүргізуіміз керек. Педагогикалық технологияның негізгі әдіс-
тәсілі амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы
қажетіне қарай аударып, талғап-таңдап қолдануында. Бүгінгі оқыту жүйесінде
әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту
– бүгінгі күннің объективті жаңалығы демекпін.

Педагогикалық технология жеке тұлғаны дамыту құралы.
21 – ғасырда білім беру саласы күрделі өзгерістермен жаңаруы
балабақшадан басталып жоғары оқу орнына дейінгі саланы қамтуда. Сондай жаңа
талпыныстардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы.
Педагогикалық технология жөнінде ғалымдар түрлі түсінік береді.
И.П.Волков: Педагогикалық технология – жоспарланған білім нәтижесіне
жету жолының түсініктемесі - десе, В.М. Шепель: Педагогикалық технология
– бұл өнер, шеберлік өңдеудің, жағдайы өзгертудің жиынтығы, деп
түсіндіреді.
Монаховтың анықтамасына негізделсек – педагогикалық технология
міндетті түрде оқушылар мен мұғалімге қолайлы жағдай жасауды көздеген,жан-
жақты ойластырылып, жобаланып, ұйымдастырылып, бірлесіп өткізілетін
педагогикалық іс-әрекет моделі.
Технология ұғымы бірінші рет осыдан елу жылдай бұрын АҚШ-та пайда
болған. Технология – ол белгілі бір жоғары мақсатқа жету жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының
жиынтығы және жұмыс істеу реті.
Педагогикалық технология – оқу әдістері мен тәрбиелік құралдардан
таңдап алынған психологиялық – педагогикалық жиынтық, оқытудағы тиімді әдіс-
тәсілдердің жолын көрсететін құрал.
Қазіргі кезеңде ғалымдар түрлі жаңа педагогикалық технологилар жүйесін
ұсынуда. Бұл технологилардың мәні – шығармашылық қабілет, дербестік,
ізденімпаздықтыңдамуы үшін жағдай жасау.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,
танымдық біліктерінің қалыптасуына, шығармашылық дербестігін арттыруға
қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді
қамтиды. Оқушылардың танымдық, шығармашылық іс-әрекетіндегі сапалық
деңгейі мен оның шығармашық дербестігін дамытуға бағытталған жаңа
педагогикалық технологиялар оқушының тұлғасының қалыптасуына тікелей әсер
ете отырып, мынадай даму арналарының жетілуіне ықпал ететіні анықталды.
1. Интелектуалдық арна:
- оқушының танымдық және шығармашылық ой өрісін қалыптастыру,
танымдық ойлау белсенділігін дамыту;
- ақыл-ойын дамыта отырып, тапқырлық, сыншылдық, ізденімпаздық,
дербестік, үнемділік, ой ұшқырлығы қасиеттерін дамыту;
- танымдық процестерді дамыту: қабылдау, елестеу, ес, зейін;
- ақыл-ой дағдыларын дамыту: бөлшектеу, жинақтау, талдау, синтез,
абстракциялау, дәлелдеу,салыстыру;
- танымдық біліктерін дамыту: қажетті ырғақта жаза білу және жұмыс
істей білу, конспектілеу, негізгісін бөліп көрсету,іс-әрекетін
жоспарлау, әдебиеттерімен жұмыс істей білу т.б.
2. Мотивациялық арна:
- жағымды оқу мотивтерін қалыптастыру: оқу әрекеті мақсаттарын қоя
білу және оған жетуге ұмтылу; интеллектуалдық, танымдылық
қажеттіліктерін сезіну және оны орындауға талпынуға; білімге деген
құндылық көзқарасқа тәрбиелеу; оқу мазмұнын - терең ұғынуын,
өзіндік сынау, бағалауын дамыту, қызығушылығы мен басқа да оқу
мотивтерін дамыту; рухани қажеттіліктерін дамытуға ұмтылу;
- еңбек мотивтерін тәрбиелеу, еңбекке жауапты көзқарас: жұмыста
кәсіби біліктілік көрсетуге ұмтылуын, оны саналы орындауға үйрену,
өз мүмкіндіктеріне сәйкес өзіне және басқа адамдарға пайдасын тигізу
еңбек адамдарын қызығушылығы мен құқығын сыйлау, еңбекті қажетсіну
тәрбиелеу; кәсіби бағдарлауын, қажетті жұмысты мерзімінде орындауға
тәриелеу т.б.
3. Сезімдік арна:
- өзінің жаңымды және жағымсыз сезімдерін басқара білу дағдыларын
қалыптастыру;
- сезімдік көңіл-күйін түсінуін және оның себебін, жағдайларын
анықтай білуге үйрету;
- тынмсыздық, үйрену, қобалжу тағы басқа деңгейлерін төмендететін
жағдайлар жасау;
4. Еріктік арна:
- талаптану, өз күшіне сенімділікті дамыту;
- шыдамдылық, өз мақсатына жетуге табандылық көрсету, кедергілерді
жеңуге үйрету;
- ұстамдылыққа үйрету;
- дербестілік дағдыларын жетілдіру;
- іс-әрекетті жоспарлай білуге, оны жүзеге асыру және оны өз бетімен
жүргізуге үйрету;
5. Өзін-өзі реттеу арнасы:
- оны дамытудың жоғары деңгейін қалыптастыру,
психологиялық және ден күшін реттеу дағдысын дамыту;
- ситуацияларды талдау дағдыларын қалыптастыру;
- өз іс-әрекетін білу және оны басқа адамдармен салыстыруға үйрету;
- өзіне және басқаларға әділ қарау;
- өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қоарауға үйрету;
6. Пәндік, практикалық арна:
- қабілеттерін дамыту (жалпы, арнайы) әртүрлі іс-әрекетті бағдарлай
білу, жоспарлай және ұйымдастыра білу дағдыларын қалыптастыру;
- ұнамды мен концепциясы мен өзін-өзі сыйлауын дамытуды қамтамассыз
ету;
- адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауын дамыту;
- әлеуметтік өзара әсерлену дағдыларын қалыптастыру;
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның
ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру
оқу орындарын осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға
жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр; білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:
- білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды
- қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық
жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылауымен байи түсуде;
- ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және
радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын
беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан-дүниесінің рухани баюына,
азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі
бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
- қоғамдық біліммен бара-бара педагогикалық технологияның кеңінен
қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы
негізгі ой тұжырымдары төмендегіше сипатталады.
- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы
меңгергендерді пайдалана отырып ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан ижекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған
көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі
бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алады. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі
нұсқадағы мазмұны мен құрылымында ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа
идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын
оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық еркшеліктеріне орай
таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты
маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардыңшеберлігіне байланысты әр
қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы
білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам
педагогикалық технологиялар қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер
оны өзі тәжірибелерінде қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден
ажырата алмайды. Осыған орай оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.
Поташник ұсынған критерийлерін көрсетуге болады. Критерийлер:
- елдің, аймақтың, қаланың талап – тілегі;
- мектепке әлеуметтік сұраныс;
- қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
- педагогикалық озат тәжірибе;
- мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы,
шығармашылығы;
- мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:
- алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға
сай болуы;
- жүйелігі;
- тиімділігі, тағы басқалар ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-
әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
- оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
- оқу материалының мазмұны.
б) үрдістік бөлім – технологиялық процесс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқуқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;
- мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
- оқу үрдісінің диагностикасы.
М.М. Поташник ұсынған критерийлерге сүйене отырып, абай атындағы
алматы мемлекеттік университетінің докторанты Ш.Т.Таубаева мен Атырау
университе,тінің аға оқытушысы Б.Т.Барсайдың талдау жасаған
технологиялардың кейбіреуіне тоқталатын болсам:
1. Ынтымақтастық педагогикасының мақсаты: талап ету педагогикасынан
қарым-қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік тұрғасынан қарау,
оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Тұжырымның ерекшеліктері: мұғалім-оқушы,
оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы. Оқушы да субъект, мұғалімде субъект.
Екеуінің бірлік одақта қызмет істеуі, бір-біріне басымдық көрсетпеуі.
Жалпы мектеп ұжымының арасында өзара ынтымақ болуы. Мазмұны мен
әдістерінің ерекшеліктері: балаға жеке ізгілік қарым-қатынас;
дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешені; тәрбиелеу
тұжырымдамасы; қоршаған ортаны педагогикаландыру.
2. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты: баланы оның жеке
қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу; баланың жаны мен
жүрегіне жылылық ұялату; баланың танымдық күшін қалыптастыру және
дамыту. Білім мен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау. Тұжырымының
ерекшеліктері: ынтымақтастық педагогикасының тұжырым-дары; бала –
табиғат пен ғарыштың туындысы, сондықтан оны мықтылық, шексіздік
сияқты қасиеттеріне ие; бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке
құштар. Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер: жазу-сөйлеу
қарекеті; математикалық пайымдау, математикалық түсіну; әсемдікті,
әдемілікті сезіну, қабылдау; өзге тілді меңгеру; рухани жетілу т.б.
әдістері: ізгілік, жеке қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп
жұмыс істеу; оқыту арқылы тәрбиелеу.
3. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық; тәрбиелік;
дамытушылық; әлеуметтендірушілік. Тұжырымы-ның ерекшеліктері: ойындық
іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-
талғамдарына сүйенеді. Мазмұны: білімдік, танымдық, шығармашылық,
репрадуктив-тік, әдістері: пәндік, сюжеттік, рольдік, іскерлік,
драмалық, еліктеушілік.
4. Проблемалық оқыту технологиясының мақсаты: білім, білік, дағдыға
ие қылу; өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; танымдық
және шығармашылық икемділікті дамыту. Тұжырымының ерекшеліктері:
Білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған
басқарылмайтын үрдіс; Бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен
жүреді; бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап)
қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру
мақсатында беріледі; оқытуда табысқа жетудің шарттары; оқу
материалында проблема туғызу; баланың белсенділігі; оқытудың бала
өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысты. Мазмұны мен әдістерінің
ерекшеліктері: белгісіз х – ке байланысты: х – мақсат, х – іс-
әрекет объектісі, х – қызмет әдісі, х – іс-әрекетті орындау шарты.
Алдын ала белгіленбеген кенеттен; проблемалық мазмұндау;
эвристикалық; проблемалық демонстрация; зерттеушілік-лабораториялық
жұмыс; проблемалық жан-жақты эксперимент; мәселені проблемалықшешу;
проблемалық тапсырма; проблемалық ситуация (ойын түрінде).
5. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының мақсаты: Білім,
білік, дағдыны қалыптастыру; жеке мәліметтеріне қарамастан барлық
баланы оқыту. Оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтату).
Тұжырымының ерекшеліктері: үнемі қайталау, міндетті кезеңдік
бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі
қолдану; жеке бағдарлық қарым-қатынас, ықпал. Ізгілік (барлық бала
талантты) зорлықсыз, еркімен оқыту, әр оқушының табысының жариялылығы,
түзетуге, өсуге. Табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиелеуді
біріктіру. Мазмұны: материал ірі мөлшерде енгізіледі; материалды
блокпен топтау; оқу материалдарын тірек – схема, тірек-конспект
түрінде хаттау.

Г.К. Селевко бойынша педагогикалық технологиялар былай
класификацияланады:
1. Қолданыну деңгейіне қарай: жалпыпедагогикалық, жеке пәндік, салалық,
локалдық, модульдік, тар.
2. Философиялық негізіне қарай: материализм, идиализм, диалектика,
метафизика, сцентизм (ғылым), табиғилық, гуманизм,
антигуманизм,антропософия, теософия, прагматизм, экзистенциализм.
3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай: биотектік,
әлеуметтектік, психотектік, идеалистік.
4. Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: ассоциациялық-рефлекторлық,
дамытушы, интериоризаторлық, бихевиористік, Гештальтехнология,
сугестивтік, ниролингистік.
5. Тұлғалық құрылымға бағдарлануына қарай: ақпараттық – ББД. операциялық –
АӘА – қалыптасуы, өзін-өзі дамыту – ТҮТ – қалыптасуы, ЭАС – қалыптасуы,
ПӘС – қалыптасуы, эвристикалық.
6. Мазмұндық және құрылымдық сипатына қарай: материализм, идеализм,
білімдік, тәрбиелік, азаматтық, діни, жалпы білімдік, кәсіптік,
гуманистік, технократиялық, технологияға енетін монотехнологиялар мен
политехнологиялар.
7. Ұйымдастыру формасына қарай: балама, кластық-сабақтық, клубтық,
академиялық, топтық, жеке даралық, ұжымдық оқыту амалы, саралап оқыту.
8. Ақыл-ой қызметін басқару типіне қарай: классикалық, дәрістік, ОТІ
көмегімен оқыту, кеңесші жүйесі, кітап бойынша оқыту, шағын топтар,
компьютерлік, репетитор жүйесы, бағдарламалық оқыту, қазіргі дәстүрлі
оқыту, саралау, дәстүрлі классикалық.
9. Балаға деген қатынас амалына қарай: беделдік, дидакторлы-әлеумет-,
антропо-, центристік, тұғаға- бағдарланған, гуманитұлғалық,
ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрбие, эзотерикалық.
10. Басымдақ танытатын әдісіне қарай: догматикалық, репродуктивті,
түсіндірмелі-иллюстративті, дамыта оқыту, проблемалық, ізденушілік,
шығармашылық, бағдарламалап оқыту, диалогтық, ойындық, өздігінен дамыта
оқыту, ақпараттық технологиялар.
11. Қолданыстағы дәстүрлі жүйені жаңарту (модернизациялау) бағытына қарай:
ізгілік пен жариялылық негізіндегі қатынас, бала әрекетінің белсенділігі
мен интенсификациясы негізіндегі, басқару мен ұйымдастыру тиімділігі
негізіндегі, материалды дидактикалық және әдістемелік реконструкторлау
негізіндегі, табиғи, балама, авторлық мектептердің тұтас технологиясы.
12. Оқушылар категориясына қарай: дәстүрлі (жалпы білім беру) технология
орта оқушыға бағытталған, терендетілген білім беру (лицей, гимназия, не
арнайы мектептердегі), педагогикалық түзеу ( коррекция, теңестіруші),
виктимологиялық (сурдо, тифло, олигофренопедагогика), қиын балалармен
жұмыс істеу технологиялары (жаппай мектептердегі), дарынды балалармен
жұмыс істеу технологиялалары (жаппай мектептердегі).
Белгілі дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе,
педагогикалық әрекетті-әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізетін әрекеттің дәрбес түрі деп, ал педагогикалық технологияны –
педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін, алдын-ала жобаланған оқу
– тәрбие үрдісі бірізді жүзеге асатын жуйе деп түсенгеніміз жөн деген
қорытынды жасауға болады.

Қазақстандағы педагогикалық технологиялардын дамуы.
Қазақстанның бастауыш мектеп тәжірибесінде жаңа техно-логияларды оқыту
әдістерін белгілі бір топтарға жинақтап көрсетуге болады:
- жартылай іздендіре оқыту – оқушылар оқудың мақсат міндеттерін шешуге
зерттеудің жеке сатыларын орындау арқылы үйренеді;
- проблемалық сипаттағы оқу-мақсаттар мен мәселелерді ұйымдастыру мен
шешуден тұрып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға
қызмет етеді;
- іскерлік және білімдік ойындар;
- зерттеушілік әдістер – дағдыларды, білімді және біліктерді меңгеру
барысында оқушы шығармашылық тәжірибеге (жұмысқа) мейілінше үйренеді,
толық меңгереді.
Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА, бастауыш және шағын жинақталған мектепте
білім беру проблемалары зертханасының аға ғылыми қызметкері – С. Дүйсебаев
бастауыш мектептерде ойындық, коммуникативтік, зерттеушілік сияқты
технологияларды қолданудың тиімді жақтарын атаған.
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін
іздестіруге құрылады, жетекші әдісі – ойын. Оның ұйымдастыру түрлері:
іскерлік ойындар, рольдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік
ойындар.
Коммуникативтік технология мүмкін болған барлық ақпараттарды қатыстыра
отырып оқу үрдісінің қатысушыларының өзара белсенді әрекеттеріне,
қатынастарына құрылады. Жетекші әдісі – қарым-қатынас. Оның ұйымдастыру
түрлері ынтымақтастықтар оқу, өзара бір-бірін оқыту, құрамы өзгермелі
жұптық және топтық оқу, оқу диалогы, оқу айтысы.
Зерртеу технологиясы проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады.
Жетекші әдіс – проблемалық оқыту әдісі.
Бұлардан басқа саралап оқыту, жеке дара оқыту, жеделдетіп оқыту
технологиялардын негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту. Саралап оқыту оқу
деңгейлері ортақ топтар үшін арнаулы тапсырмалар мен оқу әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Жеке дара оқыту техенологиясында жеке
оқушының жеке ерекшелігіне сай ұйымдастырылады, оқу жеке дара оқу арқылы
жүзеге асады. Жеделдік оқытуда білім, білік, дағдыларды жедел меңгеру
көзделеді: оның жеке тұлғаға бағытталуы басым журеды, оқу әрекеттері
қиындатылып, қайталау артады, бақылау міндетті болады. Әр түрлі
технологияларда сабақты құру жеңіл іс емес, алайда, ол уақыт талабы.
Енді қазіргі уақытта қолданылып жүрген технологиялардың бірнешеуіне
тоқталап кетейін.

1. Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы.
Теориялық материалдардың мазмұны оқушының өздігінен жаңа тақырыпты
меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет ол үшін тапсырмалар,
сұрақ-жауап, диалог түрінде беріліп,оқушылардың өздігінен танымдық іс-
әрекетін дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар, негізінен, жаңа тақырып
бойынша заңдар мен ережелерді оқушылар өз бетімен шығаруға және
анықтамаларды оның өздігінен құрастыруға жетелейді.Жаңа меңгерген
тақытыптарды бекіту үшін, қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті.Соңынан
оқушылар жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы
алғашқы алған білімдерін тереңдетіп басындағы жеке қабілетін дамыта алады.
Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші оқушылық деңгейдің тапсырмалары:
1) Жаттап алуға лайықты болуы керек;
2) Жаңа тақырыпта меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап пысықтауына
мүмкіндік беруі тиіс.
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші алгоритмдік деңгейдегі тапсырмалар: өтіп кеткен материалды реттеуге
және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайларды талдап,
бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ олрды орындау үшін алғашқы алған
білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар: орындау барысында оқушылар жаңа
тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару,
анықтамалар, формулаларды жаттау т.с.с.) жетілдіріп тереңдетумен қатар өз
тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика – анализ
бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой
жұмыстарын қажет етеді. Мұндай тапсырмаларды орындаубарысында оқушылар үшін
проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы өзі жаңа әдістер іздеуі
керек.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары: берілген тақырыпқа өз
бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Сонымен қорытып айтатын болсам
бұлар: бірінші деңгей үшін игерілгенді пысықтау мен қайталауға, ережелер
мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған. Жоғары деңгейлер үшін –
алған білімдерін өз бетімен тереңдетіп қорытуға, жүйелеуге және тәжірибеде
қолдануға арналған тапсырмалар.
Деңгейлеп саралап, оқыту технологиясының мынадай тиімді жақтары бар:
1. Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
2. Жеке дара қабілеттері айқындалады.
3. Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады.
4. Даму мониторингі айқын көрініп отырады.
5. Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Сонымен бірге мұғалімге қиындық келтіретін жақтары да жоқ емес. Біріншіден,
сабақтағы уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушы тапсырмаларын тексеріп
үлгеруі және сонымен бірге оқушының жіберген қателіктерін түсіндіріп үлгеру
керек, себебі ол келесі деңгейге көтерілуі үшін келесі тапсырманы дұрыс
шығаруы керек, бүкіл сыныпты тексеріп шығу ауыр.
Модульдік оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдалану
Музыка пәнінде заманауи технологияларды пайдаланып оқыту
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА МАТЕМАТИКАДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер