Топырақ түзілу құбылысының кезеңдері



Топырақ түзілу процесі

Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.
Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Топырақ түзілу процесі

Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті
қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз,
тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы
бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш
өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады.
Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін,
ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары
табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап,
бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу
(выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын
болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат
күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі
мұздардың әсері ерекше.
Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері
бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы
өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық
үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі
мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі
әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған
жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел
тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша
домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға
айналады.
Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе
басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен
тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан
жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік
қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық
және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту
жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда,
әр аймақтың клмат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда
басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу
құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса
ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ
жүреді.
Физикалық және химиялық угілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, шыңдар
мүжіледі. Құм мен балшық жуылып- шайылып, су күшінің кемуіне және жер
бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл
ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп
құйған жаңбырдан қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі
дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған
жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ
шіріндісі түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда болмады.
Физикалық угілу болсын, химиялық угілу болсын, химиялық үгілу болсын өзінше
топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы – физикалық та емес, химиялық
та емес, биологиялық құбылысы.
Биологиялық үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал
сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады.
Әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш,
өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына
түседі де әр түрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға
қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға
тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап лоардың денесіне
қоректі заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің
нәтижесінде көлемді геологиялық айналымнан келіп түседі, яғни ауқым
геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айналымына көшеді.
Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жыл
санап молая береді.Сонымен құрамында қоректік заттары жоқ тау жынысы тірі
организмдер мекндегеннен кейін қоректік биофильді минералды және
органикалық азотты заттардың қорына айналады. Басқаша айтқанда, құщнарсыз
тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды.

Топырақ түзуші факторлар

Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау жынысы, жоғары және
төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың
геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші әсер етеді. Осыларға жеке
тоқталайық.
Тірі организм мен олардың топырақ түзуіліне әсері.
Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жәндік те
емес – ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді.
Олардың кейбіреулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Бұл организмдер
өздеріне қоректі көмір қышқылы газы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ түзілудің жалпы үрдісі
Топырақ туралы түсінік
Тау етегінің қаратопырақтарының түзілу процесінің жылдамдығы
Топырақ түзуші факторлар
Топырақ туралы
Топырақ түзілуі
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Топырақ түзілудің экологиялық факторлары
Топырақты пайдаланудың экологиялық мәселелері
Топырақтың түзілуіне қатысатын негізгі факторлар
Пәндер