Нарықтық экономика жағдайында банктік жүйенің даму жолдары



Кіріспе

1 . Нарықтық экономика жағдайында банктік жүйенің даму жолдары.
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі.
1.2. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
1.3. Комерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.
1.4. Банк ресурстарын қалыптастыру көздері.
2 . “Валют . Транзит” ААҚ.ның 2002.2003.жылғы мәліметтері арқылы қаржы жағдайына баға беру.
2.1.“Валют . Транзит Банк” А.Қ..ның даму тарихы және қызметінің негізгі бағыттары.
2.2. Банктің шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау.
2.3. Банктің балансын талдау.
2.3.1. Банктің балансының актив бөліміне құрылымдық талдау.
2.3.2. Банктің болансының пассив бөліміне құрылымдық талдау.
2.3.3. Баланстың өтімділігі.
3 . Банк жүйелерінің дамуындағы шешімін табу жолдары.
3.1. “Валют . Транзит Банктің” даму нәтижелері.
3.2. Коммерциялық банктің қариялық тұрақтылығын басқару.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлай ақшалай қарым – қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүйеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
1. Алмазова О.А. Дубоносов Л.А. «Золото и валюта»: «Прошлое и настоящее» – М; Финансы и статистика, 1988 - 154стр.
2. Антонов А.Г, Пессель М.А. «Денежное обращение кредиты, банки» – М; Финстатинформ, 1995г.
3. «Основы финансового менеджмента» И. Т. Балабанов. Москва: Финансы и статистика, 2000г.
4. Балабанов И.Т. «Финансовый менеджмент»: Учебник-М: Финансы и статистика, 1994- 173 стр.
5. Бучина М.Н. «Деньги.Банки. Валюта»: Учебное пособие –М;
1994-173 стр.
6. Балапанов В.С. «Рынок ценных бумаг»: Коммерческая азбука –М; Финансы и статистика, 1994 – 128 стр.
7. Финансы В.М., Родионова Ю.Л., Вавилов Л.И., -под.ред. В.М.Родионова - М; Финансы и статистика, 1993 – 400 стр.
8. Долан Э.Д., Кемпебелл Н.Д., Кемпебелл Р.Д. «Деньги, банковское дело и денежно – кредитная политика». – М, М. 1994 - 496стр.
9. Ефремов И. А «Операций коммерческих банков с ценными бумагами» – М; Ст-Сервис, 1995 г.
10. «Банки и банковские операции»: Учебник под. ред. проф. Е.Ф.Жукова –М; Ст - Сервис, 1995 г.
11. «Банковская реформа поиск продолжаетется» / под. ред. Б.И.Иришева – Алма- ата: Казахстан, 1989 - 111стр.
12. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары». Оқу құралы. Алматы., ”Экономика” 2000 ж. Б.А. Көшенова.
13. «Банковское дело» учебник; /под. ред. В.И.Колесникова, Л.П. Кроливлинской/ – М Финансы и статистика. 1996 - 478стр.
14. Көшенова Б. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы - Алматы, Экономика. 1999-234стр.
15. «Формирование системы акционерных обществ в РК» (А.К Кошенов, А.А.Рамазанов, А.А. Бисембаев и др.) - Алматы: Ғылым 1995 – 98с.
16. «Финансы»: Учебное пособие (под. ред проф. А.М. Ковалевой – М: Финансы и статистика, 1995 – 336 с.)
17.»Финансы». Учебник под. ред. проф. В.В.Ковалева – М: ПБОЮЛ М.А.Захаров, 2001 – 640 с.
18. «Банковское дело» под. ред. О.И. Лаврушина Москва, Финансы и статистика 2003 г.
19. «Банковское дело» под. ред. О.М. Лаврушина – М: Финансы и статистика; 1998 – 575 с.
20. «Основы банковского менеджмента»: учебное пособие под. ред. О.И. Лаврушина – М ; ИНФРА, 1995 - 141с.
21. «Деньги, кредиты, банки»: учебник под. ред. О.И. Лаврушина Изд. 2-е , перераб. и доп. М Финансы и статистика , 1999 – 454 с.
22. «Финансы» : учебник для ВУЗ-ов, под. ред. проф. М.В.Романовского проф. О.В. Врублевской, 2000г. – 500 стр.
23. «Ақша,несие, банктер». Ғ.С Сейтқасымов. Алматы, экономика.
24. «Финансовый мененджмент». под. ред. академика Е.С. Столновой. Москва, Издательство «Перспектива» 2002 г.
25. «Деньги, кредиты, банки». учебник под. ред. Ғ.С.Сейтқасымова, изд 2-е, Алматы: экономика 1999-432 стр.
26. Саниев М.С. «Денги, кредиты, банки» – Алматы: Алматинский коммерческий институт 2000- 198 с.
27. Экономический анализ деятельности коммерческого банка:
28. «Русско- Казахский толковый экономический словарь предпринимателя»- Алматы: 1993- 320 с.
29. «Банки и банкиры Казахстана»: информационно- аналитический обзор, спец. выпуск 1999 – 100 с.
30. «Банки и банковские организаций в РК»: Основные законодательные акты. – Алматы: ЮРИСТ, 2002 – 116 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 . Нарықтық экономика жағдайында банктік жүйенің даму жолдары.
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі.
1.2. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
1.3. Комерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.
1.4. Банк ресурстарын қалыптастыру көздері.
2 . “Валют – Транзит” ААҚ-ның 2002-2003-жылғы мәліметтері арқылы қаржы
жағдайына баға беру.
2.1.“Валют – Транзит Банк” А.Қ.-ның даму тарихы және
қызметінің негізгі бағыттары.
2.2. Банктің шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау.
2.3. Банктің балансын талдау.
2.3.1. Банктің балансының актив бөліміне құрылымдық талдау.
2.3.2. Банктің болансының пассив бөліміне құрылымдық талдау.

2.3.3. Баланстың өтімділігі.
3 . Банк жүйелерінің дамуындағы шешімін табу жолдары.
3.1. “Валют – Транзит Банктің” даму нәтижелері.
3.2. Коммерциялық банктің қариялық тұрақтылығын басқару.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1 . НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ.

1. . Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі.

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлай ақшалай қарым – қатынастардың
дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір – бірімен
өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық
деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы
ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін
қанағаттандыру жүйеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал
ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және
шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына
береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа
да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі
мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын
салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы
маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар
болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар
болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің
салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген міндеттеме жасаса,
ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған
қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы,
қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әртүрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы
банктер жалпы ақша қаражаттардың “тобын” құрайды және де оларды
жұмыс істеп тұра капиталға айналдырып, әртүрлі шарттардағы несиеге
деген талаптарды қанағаттандыры алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық –
несиелік, қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет
етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады
және барлық қаржылық капитал арқылы нарықты басқарады. Олар
тек делдалдық қызметпен шығып, ұдайы өндірістің барлық
фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе “ертегідей
күшке” ие бола отырып “нақты өндіріске ең қауіпті түрде
араласуы” мүмкін. К.Маркс келесіде “Ағылшын банкісі сияқты
мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне” назар
аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық
экономиканың негізгі түйіні екені ескереді.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен
экономиканы жалпы, басқарудың мақсаттары және міндеттерімен
бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде
экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін,
өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы
ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау
үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді
сақтауда көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастарын ең алдымен мүдде
ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде
өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып
табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп
түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер
басқарудың экономикалық әр түрлі буындардың қарыз
қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен
немесе қолма – қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз
қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің
тоқтаусыз қозғаласын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің
тәртібін бұзғаны үшін- айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін -
өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары
пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар,
бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін
қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде
функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания,
фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен
өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономиялық басқарудың органы
болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі
де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің
ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомствалық
тәуелсіздігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз
акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен
байланысты . Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын
фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда
пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды
неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізеледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы
ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін
клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады.
Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік
несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті
емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар
екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады .
Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының
өткендігін т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік
есепті күтпей – ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды
факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге
мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге,
оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын
анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма – қол және
қолма – қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде
қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер
кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот
есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал
олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі
оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай
қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың
қаражаты, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер
осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын
реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік
үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға
көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер
ашылуда. Меншікті жеке меншік , меншіктің ұжымдық
және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс
кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде
кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың
бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек қызметімен
айналысатын тұлғалар да осыған жатады.
Қоғамда белгілі – бір класқа ие коммерсанттар,
кәсіпкерлер пайда болуда . Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша
экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеде. Олардың
жұмысында бірінші орынға әкімшілдік - әміршілік әдістердің орнын –
экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік
ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде
және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі ролі айрықша . Бұнда
банктік жүйенің негізгі мақсаты – несиелік механизмді жетілдіру,
ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды
тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан
Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық
валютамыз – төл теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның
шыңы 1994 жылы шілде айында 46 % ға жетті. Ұлттық банк пен
үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде
айында инфляция (25 % ға ) төмендеді .1994 жылы тамызда 13,5 % ға ,
қыркүйекте – 10,9 % ға пайызға тең болды.

Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінің 300-ден 250 % ға дейін төмендеуі мен несиелік
ресурстар аукциондағы % - дық мөлшернеменің 460-тан 280 % ға
төмендеуі, яғни несие үшін төлем – сұраныс пен ұсыныс
негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми және
бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы
бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің
сату көлемі жоғарылауда.
Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінді Ұлттық банктің
директивті несиелерді беруден бас тартуын айтуға болады және
олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақталады . Несиелік
ресурстар аукциондарда сатылады.
Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруде
максемалды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның
тұрақтануы және инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды
нәтижелер береді.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің ролі
маңызды. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен,
олар қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына
байланысты. Осы орайда банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарда
жекешелендіру үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықтан,
банктік реформаның негізгі мақсатының бірі–экономиканың жеке
секторынқұру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік көрсету
болып табылады. Бұдан келіп шығатыны–банктік реформа мемлекеттік меншікті
жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды
несиелерден арыла алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік
кәсіпорындардың несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта
құруға және көп шығын шығаратын кәсіпорындарды тарату немесе
қайта құруда өз үлесін алуы керек. Бұл шығынды және төлем
қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеумен қатар өміршең
кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шығынды
кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың
жаңадан құрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетуі
қалған банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын
болдырмауы тиіс.
Банктік жүйенің реформасы инветициялық
қорлардың ролін жоғарылату және сауықтыру
банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта
құруға қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекелендіру
бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше
жекешеленген және көп шығынды кәсіпорындарға корпоратипті
жетекшілікті күшейтуге қатысты ара түседі. Инвестициялық қорлар
жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардық
қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке
меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен
несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін
тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта
құруды ынталандырады.
Жекелендіруші кәсіпорындарға республикада банктік реформаны
құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек
көрсетеді , яғни бұл жерде әңгіме жекешелендіруші кәсіпорындарға,
оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ
мерзіді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол
үшін ең алдымен заң базасын жасау керек.

1.2. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.

Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің
мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол
сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық
біртұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден,
мысалы: ауыл шаруашылық ауданындағы банк-өндіріс ауданындағы банкіден, сол
сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден
ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтылымдығын талдау–жалпы
банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның комерциялық қызметінің
маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілі
- банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық
мазмұны б.т.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет
етеді, әр түрлі қызмет түрін көрсетуге маманданады , алдына әр
түрлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық
құрылымда алуан түрлі болады. Ұйымдастырушылық құрылымның барлық
түрінің өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан
ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті
түрде ескеруі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің функционалдық
құрылымына, банктің алдына қойған міндеттерін орындауға септігін
тигізу үшін үнемі түрлі өзгерістер енгізіп отырады.
Банктік іс – тәжірибеде банктің ұйымдастырушылық
құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк
қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс - әрекеттің немесе
қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі,
олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге
септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған
салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, бухгалтерлік есеп
пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар жатқызылалды.
Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне
байланысты қосымша шағын бөлімшелер құрылуы мүмкін.
Функционалдық құрылым негізінде қандай да бір қызмет
түрін көрсетуге мамандандырылған және шаруашылықты басқаруға, тағы
басқа нарық жағдайына тәуелсіз әрекет етуге қабілетті шағын
банктерде қолданылады, басқаша айтқанда тұрақтылық жағдайында.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп
отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы
бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Бұндай құрылымда банк
бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал
банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың
топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға
әр түрлі құрылымдық бірліктер – басқару бөлімдері, қызметтер,
секторлар кіреді.
Банк өнімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген
құрылымдар да, өз клиеттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен
көлемде көрсететін банктер де жиі кездеседі.
Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған
бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен
тәжірибесі бар мамандары, оны жоғары бәсекелеске қабілетті етеді.
Өнімдерінің белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай,
қызмет көрсетудің сапасын әлемдік стандартқа жеткізуде, сонымен
бірге банктің өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша
артықшылықтарға ие.
Мұндай банктердің құрылымында келесідей басқармалар
болуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелендіру, ұзақ мерзімді
несиелендіру, бағалы қағаздар, қаржылық қызметтер және басқалары.
Шағын банктерге басқарманың орнына тек маманданған
бөлімдер құрылады.
Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген
құрылымы. Мұндай принциптер бойынша құрылған банктер өзінің
басты назарын клиенттерге белгілі бір тобына бөледі, басқаша
айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі.
Ірі банктердің құрылымында: корпорацияларға қызмет көрсету,
трасталық операция, тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету
басқармасы бар.
Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы. Банктер үлкен
географиялық ауданды қамтып іс - әрекет еткен кезде, оның
ұйымдастыру негізінде іс - әрекет ететін бөлімдердің торабы
арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін
ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы принципі жатуы
мүмкін. Мұндай облыс, аудан шегінде клиенттерге бағытталған құрылым
жергілікті жағдайларды дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің
2 типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын
бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен
айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату–сатып
алу және т.б.
Штаптың бөлімдер – желілік бөлімдерге қызмет
көрсетумен айналысады. Яғни инфақұрылым оның дұрыс жұмыс жасауын
қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық және т.б.
бөлімдері. Банк ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және
басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының
жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың
функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялдық банктер
шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық,
өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына
(факторингтік, лизингтік, кеңес бөлушілік, ақпараттық және
т.б.) үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық
бөлімшелер құрылады.
Өтімділік бөлімі банктің өтімділігін анықтау
бойынша сұрақтар кешенімен айналысады. Шаруашылық есеп
бөлімі банктің кіріс және шығысын болжау, нақты
кірістер мен шығыстарды талдау және пайдалылықты
анықтаумен айналысады. Коммерциялық қызметтің негізін жасайтын
бөлім несиелік потенциалды анықтаумен, банк іскерлік
саясатының актісін жасаумен айналысады.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншікті
капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдаумен
айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен
тұрады. Бұның бірінші салымшылармен шарт жасасумен,
талдаумен айналысады, екіншісі – банктің меншіктік қаражаттарын
есептеу және талдаумен айналысады.
Несиелік басқарма қарыз ашушыларды несиелендіру
сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді
несиелендіру, банкаралық операция және тағы басқа бөлімдерден
тұрады.
Банктің филиалдарын басқару филиалдардың
қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалына
іс – тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетумен
айналысады.
Есеп–кассалық операциялар басқармасы – клиенттерге шот
ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен
айналысады . Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге
арналған.
Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық
ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық –
анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.
Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған.
Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды
талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық–анықтамалық қызмет көрсетумен
айналысады.
Коммерциялық банктер көлеміне байланысты басқада қызмет
түрлері болуы мүмкін: кадрлар бөлімі, заң бөлімі, шаруашылық,
ревизиялық, ЭВМ пайдалану және енгізу, т.б. бөлімдері.
Банктің құрылымының неғұрлым қарапайым түрі–пирамида тәрізді.
Бұл клиенттермен шектелген, басқа несиелік мекемелердің болмауы және банк
негізінен ауылдық жерде орналасқан жағдайлардағы несиелік нарыққа лайықты.
Мұндай сызбаға тігінен шекті қарапайым байланыстары,банк жетекшілігіне
бөлімдердің тікелей және бағыныштылығы тән келеді.
Банктерде бұл типтес 6–8 бөлімі бар: несиелік, инвестициялық,
кассалық және депозиттік операциялар, трасталық, ревизиялық және әкімшілік
бөлімдері.
Ірі әмбебап банктер бөлімшелермен (Туран Алем Банк,
Казкоммерцбанк, Халық банкі) аймақтық құрылымға ие. Бұл құрылымның
өкілеттілігінің көп бөлігі басқарудың орталық органымен төменгі деңгейге
өтеді–бөлімдер мен филиалдарға осыған байланысты олардың арасында аралық
буындар пайда болады – Туран Алем Банк, Халық банкі,
Казкоммерцбанк–филиалдар мен бөлімдердің басқармасы.
АҚШ–тың коммерциалық банкінің функционалдық бөлімшелерінің
ұйымдастырушылық құрылымы оперативті және штабтық қызметтер жүргізеді.
Біріншісі банкінің алдына қойған мақсатына тікелей байланысты
функциялар–бұл қызметтердің келесі түрлері: несиелендіру, инвестициялау,
сенімділік операциялары, халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру,
депозиттік қабылдауды қамтиді. Штабтық бөлімнің қызметі орындаушыларға
маркетинг,бухгалтерлік есеп және талдау, әдістемелік жұмыс сол сияқтылар
бойынша кеңес беруден көрінеді.

1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.

Банк қызметін-банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде
қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша
салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп
бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі
қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы
мүмкін.
Қазіргі кезде банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің
барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің көп қатарын ұсынады. Осы
кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты
түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер
түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктер желісі ақша нарығының қалыптасуына
ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерінен айналысады.
“Қазақстан республикасындағы банктер мен банктік қызметтер
туралы заң” бойынша банктер мынадай операцияларды орындай алады.
- ақылы негізде депозиттерде тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсет;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заң көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді,аккредитвтерді,депозит тік сертификаттарды,акцияларды және
басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру,олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзгеде міндеттерді беру;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиеттердің
тәуекелі тәуекелі олардың агенттіктері ретінде әрекет ету;
- клиеттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер
(сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру,сондай–ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- клиеттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кезең беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлыттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса,банктер
басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел
валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын
қарау;ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (генкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- қолма – қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвесциялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету;
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау–коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі базалық қызметі. Бұл банктың несиелік ресурстарының
маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының топ 10 %
- ын құрайды.
Баска кәсіпорындарымен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында
меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен
түсіндіріледі–біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы
ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос
қаражаттар сомасын депозит түрін жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді
басқарады, сондан–ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық
негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, банктерге тартылатын
депозиттер басқа депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық
объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты
ыңғайлы,өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Меншікті капитал–банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін
қамтамасы ету үшін банкті қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.
Жеке тұлғалар,іскерлік фирмалар, акционерлік конпаниялар, жек
кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік
кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық
банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі.
Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді,
екіншіден, салымшалар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап
етіп қана қоймай, одан асатын санада қарыз ала алады, үшіншіден,
бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде
ерекше назар аударылуы қажет;
- депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың
арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану:
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта
салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай
қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта
салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте
банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз
төлейді. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы
есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр
түрлі формаларды – қолма - қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен
жүргізе алады.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды.
Мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары пайыздарды табу болып
табылады. Сондай – ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол
жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады.
Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар болып бөлінеді.
Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні
қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша
иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса,
онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады,
сондай – ақ ол өз ақшаларын кез келген күндерде кері ала алады.
Депозиттің үшінші түрікеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ
шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ кітапшасы
бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу
немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы
керек.
Коммерциялық – банктердің екінші дәстүрлі – базалық
қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік
қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив
операцияларына жатады.
Несиелік операциялар – бұл несиені беруші мен қарыз
алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік,
қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы
бойынша қатынастырады.
Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады.
Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушы ролінде, ал
клиеттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады: қарыздың
және депозиттер.
Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай.
Сәйкесінше несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық
субъектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді
пайда болатын тікелей банкті несиелендіру және несиелік қатынастар
алғашқыда шаруашылық субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан
банкпен қатынастарға трансформацияланатын жанама несиелендіру.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен
тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші банк, ал қарыз
алушы – шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық несиеде
несие беруші де және қарыз алушы да банктер болып
табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.
Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және
қарыз алушы да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір
кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар нысанында несие береді, бұл
мәлім вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие берушіге
тауар нысанында несие алуын растайтын құжат.
Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да
жіктеле алады: қарыз алушылардың түрлері бойынша пайдалану сипаты
бойынша пайдылану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, ашу
шарттары бойынша және басқалар.
Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және
тұтынушылық қолма–қол және қолма–қолсыз деп бөлуге болады. Несиенің мұндай
жіктелуінің негізінде формалы белгілі жатқанын атап көрсету қажет.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиеттердің өзара
қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік
келісім–шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісім–шарттың
шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты
сәтіне байланысты. Қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығын және
несиеленудің басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер несиелердің
мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын қамтамасыз етуі
тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат
табылады.Банк клиетпен бірге жалпы несиелердің жекелеген
объектілерін,несиенің берілу және өтілу тәртібін, кәсіпорынның меншік
және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды,пайда алуға
жетуге әрекет ететін басқа шаралар және де несиелік келісім–шартты
сақтандыру жақтары бойынша міндеттері мен құқықтары өз бетінше
анықтауға құқылы.
Несиелік келісім-шартта қарастырылған шарттармен коммерциялық банктер
несиенің пайдалануын бақылауға, инженерлік және басқа тексерулерді
жүргізуге, несиелік келісім-шартты бұзушы қарыз алушыларға экономикалық
әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Қарыз алушының белгіленген
мерзімде несиені қайтарудың нақты мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде
еттің өтімділігіне, оның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысу
мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.
Қарыздарды (ссудаларды) қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен
табыс табуының кепілдігі үшін қажет. Несиелік қамтамасыз ету негізгі
түрлеріне төмендегілер жатады:
- кепілге алу тапсырма бір жақты міндеттемелі келісім – шарт .
Бұл жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет
уақытында өтеп беруі туралы банк алдындағы міндеттемесі;
- кепілдік – кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз
міндеттемесін орындамай жатқан жағдайда, анықтаушы соманы өтеп
беру туралы кепілдік міндеттемесі;
- бағалы қағаздар, тауарлар және басқа да мүліктерді кепілдікке салу.
Кепіл құдығы–қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда,оның
кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен түсімнің белгісі
бір бөлігін алу;
- жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құдығы, несиелерді қамтамасыз
етуде негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер
учаскелері жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу заңының
негізі болып табылады.
Несиелерді қамтамасыз етудің, материалдық
формаларына: жер, құнды қағаздар, тауар – материалдық
құндылықтар, сақтандыру полистері және т.б. жатады.
Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды
есепке ала отырып, әрбір несиелендіру объектісі бойынша арнайы
қарыздық шоттар ашылады. Жекелеген баланстық шоттарда бір
клиетке берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды
есепке алу жүргізіледі. Қарыздық шоттардың дебетінде алынған
қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.
Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте
жәй қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады. Арнайы қарыздық
шоттардың жәй шоттардан айырмашылығы – қарыз беру әр уақыт сайын
құжаттық түрде негізделмей – ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық шот
ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде
жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарын өтеу
жолымен беріліп түскен түсіндерді арнайы қарыздық шоттарға аудару
арқылы жойылады. Қарыз, сонымен қатар, контокарренттік
шоттардан да беріліді. Бұл шоттар бір жағынан түскен түсімдер
көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен төлемдер көрсетілетін
айрықша шот түрі. Онда тек дебеттік немесе кредиттік сальдо ғана
болады.
Контокорренттік шоттарда берілетін несие–контокорренттік несие деп
аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы
қағаздар сатып алу, вексельдерді өтеу үшін қолма-қол ақша түрінде
берілуі мүмкін.
Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті айналым
операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін
беріледі.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі
құрылыс шараларын жүргізу үшін, негізгі копеталды қаржыландыру үшін
беріледі.
Несиелік желілер – анықталған тәртіптерді сақтай отырып,
белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік
беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз
алушы арасындағы келісім – шарт.
Несиелік желінің мынадай түрлері болады.
Маусымдық - өндірістің маусымдық болуымен байланысты айналым
құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.
Жарнамалы – айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне
байланысты қарыз алушыға берілетін несие.
Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар –
айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі.
Мерзімді қарыздар – ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу,
көлік сатып алу, құрал – жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды
қаржыландыру үшін беріледі.
Лизинг – қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды
қаржыландыру үшін қолданылады. Лизингтік келісімде көрсетілгендей
жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы,
оларды ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіндігін алады.
Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар – құрылыс мерзімі екі жылдай
көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар – ұзақ мерзімді тұтыну
тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.
Коммерциялық жанама несиелендіруге–қазіргі кездегі экономикалық
дағдарыстн шығуда оның атқарар ролі зор болар еді.
Коммерциялық несиелер негізіне вексельдер арқылы жүзеге
асырылады. Вексель – белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға
белгілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамасы немесе
жазбаша түрде хаттамалы анықтама.
Коммерциялық банктердің үшінші қызметі – қолма – қолсыз есеп
айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге
көрсеткен қызметтеріне немесе банктің коммиссиондық операцияларына
байланысты. Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік
шоттарда шауашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай
қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық
банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес,
депозиттік, контокорренттік және т.б. Бұндай шоттар жеке және
заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиеттер тапсырмасы бойынша банк
қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем
құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді.
Қолма–қолсыз есеп айырысу–бұл банктік айналым ақшаларының
қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шот
бойынша жазба түріндегі аударымдары.
Қолма – қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма – қол
ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және
есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма – қолсыз
есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына,
есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі.
Қолма – қолсыз есеп айырысу – бұл есеп айырысудың формасы
мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған
талаптардың жиынтығы.
Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі
топқа бөлінеді: клиенттік есеп айырысу операциялары және банкаралық
есеп айырысулар. Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері
негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады:
аударымдық, генкассалық, аккредитивтік және клирингттік.
Инвестиция – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және
шет елде, оны қайта құр және кеңейту,сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ
мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей
өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік
сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар
бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімдік банк
несиелерін беру арқылы жүзеге асады.
Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс -
әрекет және басқа да пайда әкелетін іс - әрекет объектілеріне
салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық
қызметтің қатынасушылары – жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол
сияқты шетелдік инвесторлар бола алады.
Банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің
өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір
мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Банктердің инвестициялық қызметі
деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін
бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан
бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа
мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған
ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде қаражаттарының
ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу
кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған , ал инвестиция кезінде
– несие берушіден болады. Үшіншіден, несиелік мәміле нақты несие
беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялар нарықта
міндетті қызметте қарастырады.
”Лизинг“ – ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген
ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді
пайдаланылатын заттарды жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі
қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг
алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмұлдыруысыз немесе
тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға
мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден
босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал–жабдықпен, алдыңғы
техникамен материалды – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым
прогрессивті формасы.
Лизингті мәміледе 3 қатынасушы болады.Олардың өзара
қатынасы мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы–мүлік иесі, екінші-
мүлікті пайдаланушы, үшінші–мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы
келісідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша қаражаттары бар
болашақ лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг
алушыға төлемді шартымен жалға береді.
Лизинг түрлері әр түрлі:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзім беріледі. Оның
объектісі болып моральдік тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен
құрал – жабдықтар табылады.
2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол
мерзім машиналар мен құрал – жабдықтардың амортизациялық тозу
мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата
алмайды.
3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануында болғанда
құрал – жабдықтары жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы
құнымен емес , қалдық құны бойынша бағаланады.
Лизингтік бизнистің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы
лизинг конпаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құра
–жабдық сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.
Құрылып жатқан лизингтік конпанияларға
қарағанда банктердің артықшылығы – лизингті жүзеге асыру үшін,
ұйымдастырылған лизинг лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер
мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді:
ол жоғары реитабильді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты мат ериалдық
қамтамасыз етілген.
Факторингтік операциялар. Факторингтік операция – клиентпен
төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқық
басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем
құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісім –
шартпен сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне
сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және
корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды.
“Транст” – сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз
капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік
етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп, банктерді, басқа
қаржылық институттардың мүлікті және клиент атынан, оның
мүддесі үшін, сенімді тұлға ретінде басқада қызметтер көрсетуін
айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол
келісім трасталық деп аталады. Бұнда сенімді тұлға белгілі бір
құқтарға ие болып мүліктің, капиталдың, бағалы қағаздардың иелік
етушісі ретінде болады. Коммерциялық банктер
трасталық операциялармен қосымша табыс алу үшін айналысады.
Сол сияқты корпорациялар фирмалар және олардың ақша қаражаттарын
басқару үшін, ірі клиеттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ
қатынастағы фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардың бағалы қағаздарына,
қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге, депозиттерге және
басқада табысты активтерге орналастырады.
Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша
табыстар басқа, ірі фирмаларды және корпорацияларды бақылауға
мүмкіндік береді.
Сенімді операциялар екі түрге бөлінеді: жеке тұлғаларға
және заңды тұлғаларға.
Жеке тұлғалар үшін трасталық қызметтердің негізгі 3
категориясы бар:
1) иесі қайтыс болғаннан кейін мүлікті басқару;
2) мүлікті сенімді негізде басқару;
3) агеттік қызметтер;
Банк басқаруындағы траст түрлері әр түрлі болып келеді:
сеніп қалдыратын, бүлік өмірлік, сақтандыру, корпоративтік
институцияналдық, коммуналдық.

1.4. Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары.

Банк ресурстары–бұл банктің пассивтік операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының
құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына,
біріншіден, коммерциялық банктың акционерлік капиталы , резервтік қоры,
сол сияқты қосымша қоролары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа
түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемеден алатын
несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік
шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар,
лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы –
материалдық құндылықтар жатады.
Банк ресурстарының қ ұрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын
қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті
капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер,
ғимарат, құрал – жабдық, жалақыға жұмсалатын және т . б. шығындары.
Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы
меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары
Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл
активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті
бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық
тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін
құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы
қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген
пайдасы. Банктің меншікті копиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға
әсер ететін әр түрлі факторлары, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдаланылуына, копиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қәзіргі коммерциялық банктердің меншікті копиталы
мынадай баптар құрайды:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша капиталдар;
- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында
құрылған қорлар (резевтер);
- бөлінбеген банк пайдасы;
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті
түрде қосылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталының төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық
нормативтерінен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы,оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін
зиандардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай – ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін
қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық
капиталға белгілі бір пайыз мөлшеріне, айталық, 25 % мөлшерінде
құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда
жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құрылуының
негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған
жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар
акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар–негізгі құралдардың тозуына байланысты
аударылған аударымдар есебіне және белгілі мақсатқа бағытталатын
пайданы бөлу нәижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде
валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта
мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен
кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін
білдіреді.
Банктің меншікті капиталын нығайту жолдарына мыналар
жатады:
- банк пайдасы;
- акциялар шығару;
- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
- облигациялар шығару жатады;
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете
отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің
басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін
басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы
мынадай қызметтер атқарады:
- қорғаныс қызметі;
- шұғыл қызмет;
- реттегіштік қызметі;
- айналым қызметі;
- резервтік қызметі;
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі – оның
капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына
тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы
қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады.
Банк капиталының қорғаныс қызметі - банктің салым
иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты
ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін
сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына
жол береді. Қорғаныс қызметі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және жетілдіру жолдары
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Банк менеджменті
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
ҚР Банк жүйесі
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
Пәндер