Монополияға қарсы саясат



Кіріспе
1. АҚШ.тың монополияға қарсы заңдары
1.2 Ұлттың бәсекеге қабiлеттiгi
2. Бәсекені дамыту
2.1 Табиғи монополиялардың қызметін реттеу
2.2. Жосықсыз бәсекелестік
2.3. Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік
2.4 Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңестегi Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң өкiлеттi өкiлдерi туралы
2.5 Монополиялық қызметті мемлекеттік бақылау және бәсекелестікті қорғау
Қорытынды
Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен ерекшелінеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңды және тосқауылдар әсер етеді. Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес не таза монополия, не монополистік бәсеке, не олигаполия пайда болады. Монополия «жалғыз сатушы» деген ұғымды береді. Монополия бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді.
Эдвард Чемберлин Гарвард университетінде докторант ретінде монополисттік бәсеке проблемасынан докторлық десертация қорғайды. Оның ойынша монополист – сатушы, өнім өндіру көлемін ұлғайтады қосымша шығындарға, оның бағасын кеміту үшін барады және сондай тауар сатушылар осылай істей алмайды деп есептейді. өйткені өндіріс шығындарының деңгейін өсірмейді. Оның көзқарасы бойынша, тап осы себептен бәсекелес фирма осындай маркалы тауардың бағасын төмендетіп немесе жаңа бәсекелес тауар игеруге басқалардың мұндай шараларн қолданата алмайтынын біледі, қобалжымайды.
Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы жақтармен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Нарықтық процестердің дайындықсыз жүруі шауашылық өмірдің кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады. Өзімен өзі болған жеке бәсеке, жетілмеген бәсекеге айналады . Бұл билік әр түрлі алғы шарттарға негізделуі мүмкін, салалық өндірістің басым бөлігін басып алунарықты және баға деңгейін бөлу, жасанды тапшылықтар жасау т.б. құпия және ашық келісімдер жасау. Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірбиені шектеп эканомиканың тиімділігін арттыруға бағытталған. Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы Э. Чемберлиннің, Дж. Робисонның, В. Пареттоның т.б. экономисттердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен
ерекшелінеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңды және тосқауылдар
әсер етеді. Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес не таза монополия, не
монополистік бәсеке, не олигаполия пайда болады. Монополия жалғыз сатушы
деген ұғымды береді. Монополия бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді.

Эдвард Чемберлин Гарвард университетінде докторант ретінде
монополисттік бәсеке проблемасынан докторлық десертация қорғайды. Оның
ойынша монополист – сатушы, өнім өндіру көлемін ұлғайтады қосымша
шығындарға, оның бағасын кеміту үшін барады және сондай тауар сатушылар
осылай істей алмайды деп есептейді. өйткені өндіріс шығындарының деңгейін
өсірмейді. Оның көзқарасы бойынша, тап осы себептен бәсекелес фирма осындай
маркалы тауардың бағасын төмендетіп немесе жаңа бәсекелес тауар игеруге
басқалардың мұндай шараларн қолданата алмайтынын біледі, қобалжымайды.

Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы жақтармен қатар оның елеулі
кемшіліктері бар. Нарықтық процестердің дайындықсыз жүруі шауашылық өмірдің
кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады. Өзімен өзі болған жеке
бәсеке, жетілмеген бәсекеге айналады . Бұл билік әр түрлі алғы шарттарға
негізделуі мүмкін, салалық өндірістің басым бөлігін басып алунарықты және
баға деңгейін бөлу, жасанды тапшылықтар жасау т.б. құпия және ашық
келісімдер жасау. Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірбиені шектеп
эканомиканың тиімділігін арттыруға бағытталған. Монополиялану фактісін
анықтау үшін монополияға қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы
Э. Чемберлиннің, Дж. Робисонның, В. Пареттоның т.б. экономисттердің
жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен
пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы ұймдары монополисттік шектеулерді
болдырмау үшін тек қана жазалау емес, оның алдын алатын жұмыстарды да
жүргізеді. Мысалы, әділет министірлігі трестерге қарсы заңдар,
компаниялардың бірін бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы келісімнің
параметрлері бар анықтама материялдар басып шығарады. Мысалы, бір немесе
бірнеше кәсіпорындардың нарықтағы басымдылығы фактісі туралы қорытындыға
негіз болатын белгілер мыныдай: бір кәсіпорын үшін – 33 пайыз, үшеуі үшін –
50 пайыз, бесеуі үшін – 66,6 пайыз. Айта кететін жай, трестерге қарсы
заңдар, үлкен бизнестің ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған, өйткені
бір компанияның мөлшері оған монополия деп қарауға негіз бола алмайды.
Монополияға қарсы саясатпен заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс
тәжірибеге қарсы бағытталған.

1. АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп
есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол үш китке, үш
негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:

1. Шерман заңы 1890 ж. Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір
салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым
салады.

2. Клейтон заңы 1914 ж. Өткізу саласындағы шектеу іс әрекеттерінеи, баға
алалаушылығына, бірігудің кейбір салаларына тыйым салады.

3. Робинсон – Пэтмэн заңы 1936 ж. баға қайшысы т.б. сауда саласындағы
істерді шектеуге тыйым салады.

Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер екі
принцпті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру,
екіншіден, парасаттылық принцпін сақтау. өйткені көп жағдайларды трестерге
қарсы заңдардың ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федеральды сотыосы
заңды қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге
келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан парасаттылық принципі бойынша тек
жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану
сферасына жатады.

1.2 Ұлттың бәсекеге қабiлеттiгi - бұл әрбiр қазақстандықтың, барша
қоғамның және тұтастай мемлекеттiң бәсекеге қабілеттiгi. Бiздiң әрқайсымыз
бәсекеге түсуге және жеңiп шығуға үйренуiмiз керек.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. (Елбасының Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 15
жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзiнен).
Әр уақыттың өзiне сай үрдiсi, талғамы мен талабы бар. Алтайы қызыл түлкiдей
бұлаңдаған заманның шаужайынан кiм де болсын әккi тазыдай тартып қалуға
тырысады. Әйтпесе, көпке iлескен көш кешеуiлдеп, шаң қабуы ықтимал. Сол
әккiлiктiң, амал-айланың тетiгi iлiм, бiлiмде, тәлiм, тәрбиеде. Қай
заманда, бiлiмдi мен бiлiктiнiң дәуренi жүрген ғой. Бұл қасиеттердiң бәрi
де тәрбие арқылы дарыған. Қазақ қоғамы әлемдiк бәсекеге сай үздiк қоғам
болуға тиiстiгi дау тудырмайды. Ол үшiн ұлттық педагогикамызды, ұрпақ
тәрбиесiн де сол биiк деңгейге көтеруiмiз керек. Өскелең ұрпақ тәрбиесiмен
қоғам да, мектеп пен жоғары оқу орындары да, ата-ана да заман талабын
ескере отырып айналысулары керек, себебi бүгiнгi қазақ баласы ағылшынмен,
французбен, орыс, жапонмен еркiн бәсекеге төтеп беруi тиiс, өйткенi жеке
адамның қабiлетiн ұштамайынша экономика деңгейiн дамыған елдер дәрежесiне
жеткiзу қиынға соғады. Дәстүрлi қазақ әулетiнде бала көбiне ана тәрбиесiмен
ер жетедi ғой. Тәрбие деңгейi де ананың қоғамдағы ахуалына байланысты. Бұл
өте маңызды әлеуметтiк мәселе, дегенмен сананы тұрмыс билегендiктен, бұл
тақырып жамиғат деңгейiнде сирек сөз болып жүр. Сөйтсе де үкiметтiң соңғы
шешiмдерiн көңiлге тоқ санап жүрген жәй бар. Өйткенi, тәрбие туралы
жаттанды сөз сөйлеу бiр басқа да, қам-қарекетке кiрiсу бiр бөлек. Үкiмет
бағдарламасы белгiлi бiр кезең ауқымында жүзеге асырылатындықтан, қоғамдағы
әйелдердiң жағдайы бүгiн-ертең жөнделiп кетедi деп айта қою қиындау болар.
Дегенмен, әйел халiнiң жайсыздығына жауапты қазiргi нарықтан iздесек
қателесемiз. Оның тамыры тереңде. Халқымыз ұлт есебiнде жойылып кете
жаздаған ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға дейiнгi, одан кейiнгi
нәубеттерде, күнi кешегi ақ пен қызылдың қырғынында, 32-нiң мешiн жылындағы
ашаршылық пен II Дүниежүзiлiк соғыста ер-азаматтар қатары тым селдiреп,
ұрпақ аманаты әжелерiмiз бен аналарымыздың мойнына түстi емес пе? Соғыстан
кейiнгi буын соның шет жағасын көрдi ғой. Демографтардың жазуына қарағанда,
сол ойсыраған орын әлi де қалпына келмеген. Тек Қазақстанда ғана емес,
бүкiл посткеңестiк кеңiстiкте осыған ұқсас жағдай қалыптасып отыр. Ресей өз
отандастарын елге оралуға бекерден-бекер үндеп жатқан жоқ. Сондықтан да
әйелдердiң қазiргi әлеуметтiк-экономикалық өмiрдегi белсендiлiгi кей
саясаткерлер айтып жүргендей ер-азаматтардың ұсақталуынан емес, жамиғат
жағдайынан туындап отыр. Құдайға шүкiр, қазiр iшкi жалпы өнiм жыл санап
өсiп келедi, мұның өзi жағдайымыздың көп ұзамай жақсаратынын бiлдiрсе
керек.
Дегенмен, жуан жiңiшкерген қазiргi кезде рухани құндылықтарымыздың да
құлдырай бастауы қатты алаңдатады. Сонау жаугершiлiк заманның өзiнде
халқымыз ұрпақ қамын жадынан шығармаған. Бабамыз Төле би жөнiнде мынадай
аңыз бар. Қазақ пен қалмақ қақтығысында бейбiт жатқан ауылға жоңғарлар
шауып, мал-мүлiктi тонап кетедi. Жау тепкiсiнен тоз-тоз болған ел-жұрт
таулы жерлерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында аяғы ауыр жас
келiншек бесiк арқалап келе жатады. Қара жолда Төлемен үзеңгi қағысып келе
жатқан егде кiсi:
- Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесiктi арқалап келе жатқанын-
ай, - дейдi.
- Жас баланың бесiгi – кең дүниенiң есiгi,-деген екен сонда ақылгөй
бабамыз.
Ал, қазiр еш соғыссыз, қақтығыс-соқтығыссыз-ақ ата-анадан айырылған балалар
саны көбейiп барады. Жуырда баспасөзде америкалықтар отбасында қазақ
бүлдiршiнi тәрбиеленiп жатқаны туралы хабар шықты. Халықтың тектiлiк қоры,
генофонд, дүниедегi барлық нәрсе сияқты шектеулi, демографиялық саясатқа
көңiл бөлмеу ұрпақтың азуына себепкер болуы мүмкiн. Ұлы Мұхтар жиырмаға
жетер жетпес шағында Ел боламын десең, қазақ, бесiгiңдi түзе демеп пе
едi.
Мемлекеттiк саясатта отбасының әлеуметтiк-экономикалық жағдайына жеткiлiктi
көңiл бөлiнбесе, құрылымдық өзгерiстердiң нәтижелi болуы екiталай.
Қоғамдағы қылмыскерлiк, қатыгездiк және басқа дерттердiң алдын жанұядағы
тәрбие арқылы алуға болатыны дәлелденген жәйт. Көп балалы жандарды
толығынан мемлекет қамқорлығына алып, үлгiлi отбасыларды ел-жұртқа
насихаттап отырсақ, басқаша айтқанда мемлекет пен жеке адам арасындағы
байланыс бедерлене түссе, бұл екi жаққа да пайдалы болар едi. Мұны айтып
отырған себебiм, күнi кешегi империялық, бертiнгi тоталитарлық саясат
дәстүрлi отбасын бұзып, оны интернационалды жаңаша совет семьясымен
алмастыруды саяси мақсат етiп қойды. Бұл мақсатқа белгiлi бiр мөлшерде
жеттi де. Бодандыққа өткеннен кейiн қазақтың бас көтерер ер азаматы ел
басқарудан тайдырылып, отбасы ошақ қасына билiк жүргiзуге ғана жарап қалды.
Ал, Кеңес үкiметi мұны да көп көрiп, ауылдағы ақсақал билiгiн шолақ
белсендiлердiң шолтыраңымен ауыстырды. Бұл белсендiлердiң қатарына қыз-
келiншектер жағы көбiрек тартылды. Бейiмбет Майлиннiң Раушан-коммунист
хикаясын есiңiзге түсiрiңiзшi... Сөйтiп, ер-азамат өз отбасына да билiк
жүргiзе алмай қалды. Қалада тұратын ағайындар әйелге қаттырақ дауыс
көтерген азаматтың халi қандай болатынын жақсы бiледi. Сөйтiп, тоқсан ауыз
сөздi тобықтай түйiнмен тұжырымдасақ, ел тағдыры тағы да ұрпақ тәрбиесiне
тiреледi екен. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пiшер дегендей,
отбасының рөлiн, ондағы ер-азаматтың беделiн көтеру керек. Ата-ана
тәрбиесiн сөз етiп отырғандықтан, осы тәрбиенi жүргiзу құралы-тiл мәселесiн
де аттап өтуге болмас. Қазiр жамиғат арасында қазақтардың тең жартысына
жуығы өз ана тiлiн бiлмейдi, деген пiкiр бар. Мұның пайыздық мөлшерi
күмәндi болғанымен, ақиқаттан соншалық алыс еместiгiнде дау жоқ. Бiрақ ол
саяси саудаға, сондай-ақ сары уайымға салынуға да себеп болмауға тиiс.
Өйткенi, алдыңғы толқын ағалар, кейiнгi толқын iнiлер, тiл бiлмейтiн
ағалардың орнын тәрбиесi бөлек, ұлттық рухы бар iнiлер басады. Мәселен,
бүгiнде орыс тiлiн өте жетiк бiлетiн қазақтардың ата аналары бұдан қырық-
елу жыл бұрын дәл солардай өзге тiлге жетiк пе едi?
Сонымен қатар ұлттық тәрбие ұлттық идеологияға да негiзделуi тиiс. Кеңестiк
билiктi жүзеге асыру құралы ретiнде бұрынғы идеология жүйесi қиратылды.
Кезiнде партиялық идеяларды өткiзу жүйесi ғылымға, қазiргi тiлмен айтсақ,
маркетинг талаптарына сай жолға қойылған болатын. Қазiр осындай жүйе жасау
өте қажет. Ол үшiн тұтас идеялар жиынтығы болуы керек. Бас-аяғы бүтiн,
ақиқат ретiнде қабылданатын идеялар болуға тиiс. Күнде өзгерiп жататын
көзқарастар идеологияға тiрек бола алмайды.
Идеологияның ең басты саласы-экономикалық идеология.
Халқымыздың экономикалық идеологиясы әлi толық қалыптаспаған. Жалпы, қазақ
жаңаны жедел игеруiмен ерекшеленедi. Бiрақ, өркениеттi нарықтың жетегiне
әлi де күткендей ере алмай келедi.
Мұның бiр ұшығы ұлттық түйсiктiң әлi де жетiлмеуiнде, нарық талаптарын
жүзеге асыру жолдары ұғынықты тiлмен түсiндiрiлмеуiнде, жас ұрпақты өмiрге
баулымауда жатса керек. Ұлттық идеяның экономикалық тұжырымдары әр адамның
өзiндiк мақсатына айналатындай болуы тиiс. Бұл үшiн таптаурын түсiнiктердi
түбiрiнен өзгертуiмiз қажет.
Ұлттық байлық жинақталған қордан тұрады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға
мирас болып, тиыннан теңге құралады. Осы орайда ортақ меншiк ортақол
тұрмысқа негiзделетiн кеңестiк экономикалық саясаттың қазақ санасына
тигiзген әсерi әлi де сезiлiп тұр. Мұны елiмiздiң нарыққа бiр табан жақын
тұрған ұлыстары өкiлдерiнiң жеке меншiкке жол ашылған алғашқы үш-төрт жылда-
ақ байып алуынан, қарапайым қазақтың әлi де күнкерiс қамымен жүргенiнен
көруге болады. Қазақ совет әдебиетiнiң классиктерi рухани байлықты
насихаттап, бақуат тiрлiк кешуге ұмтылысты дүнеқоңыздыққа балады, бұл ұғым-
түсiнiк қазақ санасына қатты сiңдi. Мәселен, Қадыр Мырзалиевтiң Қазақ осы
байлықты шашу үшiн жинайтын деген жолдары бар. Оқырманы көп ақынның осы
ұстанымы талайдың көкейiне ұялаған болар. Өйткенi, көшпелi тұрмысында қор
жинау дәстүрi болмаған қазаққа социализм идеялары жақын-тын. Ендi
керiсiнше, халықты дүние жиюға, оны орнымен пайдалана бiлуге үйрету керек.
Бұл ретте ғасырдың басында Ахаң мен Жақаң салған ағартушылық үрдiс дөп
келiп-ақ тұр. Сөйтiп, ақиреттiк те, күндiк те мал жимаған қазақтың санасын
өзгерту керек. Бодандық заманда жиған-тергенiмiз өзiмiздiкi емес едi, ол
тұрмақ жеке баста да ерiк болмады. Ендi толық еркiндiк. Мал-мүлiк жинауға
да, сән-салтанат құруға да болады. Бiрақ, сол байлықты адал жинауға
тәрбиелеу керек елдi. Мемлекеттiң экономикалық мекемелерi жоспардан соң
жоспар, бағдарламадан соң бағдарлама түзу жолына түспей, осы аталған
құжаттарды жүзеге асыратын қауымның тәрбиесiне де көңiл бөлулерi керек.
Өйткенi, бидай өздiгiнен егiлiп, егiн өздiгiнен орылмайды, ал жиналған
астықтың ұрланып-жырланбай, кең қалтаға емес, Отан қамбасына құйылуы үшiн
қам жасау ең алдымен кәсiпкер ағайындарға, мемлекетке қажет.
Яғни, ұрпақ тәрбиесi тек қана ата-ананың, балабақша мен оқу орындарының
ғана емес, бүкiл қоғамдық институттардың күнделiктi шаруасы болуы керек. Не
ексек, соны оратынымызды бiр сәт те естен шығармауымыз керек, ағайын.

2. Бәсекені дамыту
Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет бәсекелі
ортаны дамыту және нарықты монополияландыруды болдырмау мәселелеріне басым
көңіл бөледі.
Осыған байланысты Үкімет бәсеке деңгейі жеткілікті дамымаған экономика
салаларын айқындау, нарықты монополияландыру дәрежесін төмендету, жаңа
компаниялардың нарыққа кіруін бөгейтін кедергілерді жою, монополияға қарсы
органды институционалдық тұрғыдан қайта құруды жүргізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында биржалық сауданы дамыту жөнінде жұмыс жүргізуді ұйғарып
отыр.
Үкімет нарықты негізсіз (жасанды) монополияландыру және бір қолға
нарықтық шоғырландырудың жоғары дәрежесі орын алған экономиканың салалары
мен секторларын айқындау мақсатында тауарлар мен қызметтердің ішкі
нарықтарын талдауды ұдайы жүргізуді көздейді.
Темір жол көлігі саласында бір тауар нарығы шеңберінде жұмыс істейтін
компаниялардың Қазақстан Темір Жолы ұлттық компаниясымен аффилиирленуі
жойылатын болады, қызметтер құрылымы қайта қаралады және оңтайландырылады,
сондай-ақ олардың сапасы арттырылады.
Электр энергетикасы саласында басты, беретін және энергиямен
жабдықтайтын ұйымдар арасындағы аффилиирленуді жою жөніндегі жұмыс
жалғастырылатын болады, сондай-ақ желілік ұйымдарға олардың қызметтерін
пайдаланатын өзге де компанияларға тікелей немесе жанама түрде иелік етуге
тыйым салынады.
Электр энергетикасы және темір жол салаларының нарығына қол
жетімділікке бөгет жасайтын кедергілер жойылады.
Бәсекені дамыту мақсатында әлемдік тәжірибеге және ішкі нарық
конъюнктурасына сәйкес байланыс саласын реформалау жалғастырылады.
Еркін және тең бәсекенің дамуына кедергі келтіретін себептерді жою
мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс
жүргізілетін болады.
Тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін, оларда сатылатын
тауарларға бағаларды қалыптастырудың айқын тетігін, биржалық саудаға
қатысушылар арасындағы адал бәсекені қамтамасыз ететін Тауар биржалары
туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жаңа редакцияда әзірлеу
жоспарлануда.
 

2.1 Табиғи монополиялардың қызметін реттеу
Тариф саясатын жетілдіру реттеуші органдардың рөлі мен функцияларын
қайта қарау арқылы табиғи монополия субъектілерінің қызметін кешенді
теңгерімді реттеу жүйесін құруға негізделетін болады. Тарифтер деңгейінің
алдын ала белгілі болуын, реттелетін субъектілердің активтерін жаңартуға
және жаңғыртуға инвестициялар көлемін өсіруді, олардың жұмыс істеуінің
тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Үкімет нормативтік-құқықтық
және әдістемелік базаны жетілдіретін болады.
Осы мақсаттарды іске асыруды Үкімет Табиғи монополиялар туралы
Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакцияда әзірлеу және реттеуші
органға халықаралық тәжірибеге сәйкес экономикалық көп салалы реттеушінің
функцияларын бере отырып, оның рөлін арттыру жолымен жүзеге асыратын
болады.
 

Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау рұқсат беру жүйесін
реттеу, қайталауды жою және лицензиялау, сертификаттау, стандарттау,
аккредиттеу сияқты рұқсат беру рәсімдерін қысқарту жөніндегі міндеттерді
шешуді, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытудың неғұрлым жоғары
деңгейіне көшу үшін алғышарттар жасауды болжайды.
Осыған байланысты кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді,
оның ішінде есеп берудің алуан түрлерін оңтайландыру жолымен одан әрі
қысқарту көзделетін болады. Барлық кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық
есеп берудің халықаралық стандарттарына көшу үдерісін толығымен аяқтау
жоспарлануда.
Үкімет шағын кредит беруді дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау
орталықтарының, бизнес-инкубаторлардың қызметін жандандыру, Қазақстанның
барлық өңірлерінде Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамының
өкілдік желісін кеңейту жөніндегі шараларды қабылдайтын болады.

2.2. Жосықсыз бәсекелестік
Жосықсыз бәсекелестік туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
жосықсыз бәсекелестік түрлері белгіленген, олар мыналар:
• Фирмалық атауды, тауар белгілерін, қызмет көрсету және (немесе)
кәсіпкердің өзге де коммерциялық белгілерін заңсыз пайдалану, олар
тұтынушыларды өндіруші немесе тауар (жұмыстар, қызметтер) сатушыға
қатысты шатастыруға әкеледі немес шатастыруы мүмкін;
• Бәсекелестің тауарының сыртқы ресімделуінің көшірмесін, оның фирмалық
атауын, таңбалануын, тауар белгісін, басқа да коммерциялық белгілерді,
сондай-ақ жарнама материалдарын, фирмалық орамды, тауар нысанын және
өзге де сыртқы ресімдеуді тікелей алу жолымен бәсекелесті көшірмелеу,
олар тұтынушыларды өндіруші немесе тауарлар (жұмыстар, қызметтер)
сатушыға қатысты шатастыруға әкелуі мүмкін;
• Тауарларға (жұмыстар, қызметтерге) қатысты, оның ішінде шығуы,
шығарушысы, сатушысы, сондай-ақ сапасы, тұтынушылық қасиеттері,
маңызы, тауарларды (жұмыстар, қызметтер, бәсекелестің жақсы аты мен
беделін кемсітетін өзге де алдын ала жалған мәліметтер тарату)
шығарудың тәсілі мен орны туралы алдын ала жалған мәліметтер мен
пікірлер және тауарларды (жұмыстар, қызметтерді
өзінің сипаты немесе коммерциялық мақсаты бойынша шарт мәніне
жатпайтын сатудың қосымша шарттарын бәсекелесі жоқ сатушыларға, сатып
алушыға мақұлдату;
• басқа бәсекелестің тауарларымен (жұмыстар, қызметтерімен) немесе
қызметімен қате салыстырудан тұратын жарнаманы және өзге де ақпаратты
тарату;
• тауарлардың (жұмыстар, қызметтердің) шынайы қасиеттері, сапасы және
бағасы туралы мәліметтерді жарнамалық ақпаратта әдейі бұрмалау немесе
жасыру;
• бәсекелестер арасындағы бағалар, рыноктарды бөлу, басқа кәсіпкерлерді
шығарып жіберу туралы және бәсекелестікті жоюға немесе елеулі шектеуге
бағытталған өзге де шарттар туралы кез келген келісімді жасау және
орындау;
• бәсекелестікті жоюға немесе елеулі шектеуге әкелетін рыноктық
қатынастардың субъектілерінің көлденең қосылуы;
• коммерциялық қызметтік құпияны құрайтын ғылыми-техникалық, өндірістік
және өзге ақпаратты, оның иесінің келісуінсіз алу, пайдалану немесе
жария ету;
• демпингтік бағаларды пайдалану жолымен бәсекелестікте артықшылыққа қол
жеткізу;
• бәсекелестікті жоюға немес шектеуге, негізсіз артықшылық ұсынуға және
(немесе) алуға әкелетін өзге де іс-қимылдар.

Монополистер әрекеттерінің мониторингі жөніндегі электрондық деректер
базасы ақпараттық жүйесі (әрі қарай – ЭДБ немесе Жүйе) Қазақстан
Республикасының табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігінің (әрі қарай-
агенттік) мамандарымен орындалатын қазіргі ақпараттық технологиялар, жүйелі
техникалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық әдістемелерді қолдану
негізінде монополистер әрекетін бақылау, есептеу, сараптау және басқару
туралы, сонымен қатар Агенттік мамандары мен жетекшілерімен ұсынылатын және
монополистер әрекеті туралы ақпараттарды жинау (енгізу), беру, өңдеу
операцияларын орындау үшін қолданылатын есептеу құралдары мен
коммуникациялық техникалар функцияларын автоматтандыру үшін ұсынылған.
Жүйе әрекеттердің бақылау-есептеу және ұйымдастырушылық-басқарушы түрлерін
(жинау, өңдеу, сақтау, іздеу, есептеу орындау, деректерді сараптау және
ұсыну) автоматтандыру үшін қарастырылған және электрондық деректер
базасында қалыптастыру негізінде табиғи монополистер әрекетін реттеу
жөніндегі Агенттік алдындағы міндеттердің нәтижелі шешуінің жоғарлауын
қамтамасыз етеді.
ЭДБ АЖ-ін құру мақсаты, мемлекеттік органдар функцияларын автоматтандырушы
жүйелер сияқты, Агенттік және оның территориялық бөлімшелері, толық
айтқанда, монополистер туралы техно-экономикалық ақпараттарды жинау,
бақылау және сараптауды жүзеге асыратын және олардың әрекеттерін (тарифтік
саясат және әрекеттің басқа да тұрғысынан) реттеу міндеттерін шешу үшін осы
ақпараттарды пайдалантын жеке мамандар әрекетінің нәтижелілігін
жоғарлатудан тұрады. Соңғысы, автоматтандырылған өңдеу және пайдаланушымен
ұсынылатын монополия субъектілерін қалыптастыратын техно-экономикалық және
қаржы көрсеткіштері туралы, монополистің өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз
етуі сияқты мемлекет экономикасының тиянақты дамуы үшін тарифтер өсімін
ұстау, толық айтқанда әлеуметтік тартысты болдырмауын қамтамасыз ететін
монополистердің әртүрлі әрекет тұрғысы және оның тарифтік саясаты жөніндегі
шешімдер қабылдауға ақпараттық қолдау көрсетуімен қамтамасыз ететін оларға
көрсетілетін нарық күйі туралы алуан түрлі талдау және жинақ ақпараттарын
беруіне жетеді. Шынында, ЭДБ АЖ-ін құру мақсатының негізі ұстанымын
автоматтандыру, монополистер әрекеттерінің бірыңғай автоматтандырылған
есептеу көрсеткішін жүзеге асыру және монополистердің мониторинг күйі және
технико-экономикалық даму динамикасы және сараптық зерттеулер жасау үшін
осы ақпараттарды деректер қоймасы түрінде шоғырландыру болып табылады.

Өңделетін Жүйе үшін автоматтандыру объектісмі Қазақстан Республикасының
табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттігі, оның құрылымдық және
территориялық бөлімшелері, сонымен қатар табиғи монополия субъектілері,
өзінің әрекеттері және тарифтік арыздары туралы мәліметтер ұсынушы
бөлімдері болып табылады.
ЭДБ АЖ-нің құрылымы жүйе-ішкі жүйе-міндеттер жинағы-міндет (модулдер,
режимдер, сервистер) көзқарасы бойынша деректер базасы сервері-сервер
қосымшасы-клиент архитектурасында иерархиялық көпдеңгейлі жүйе түрінде
қалыптастырылған.

ЭДБ АЖ-і құрамында келесі ішкі жүйелер (іж) қалыптастырылады:
▪ Құжаттармен басқару (құжаттармен басқарудың ішкі жүйесі – ҚБІЖ іж);

▪ Монополистерге арналған клиент қосымшасы (МКҚ іж);
▪ Қалыпты-анықтамалық ақпараттар жүргізу (ҚАА іж);
▪ Деректер сараптамасы және есептеме (Аналитика іж);
▪ web-портал (WEB іж);
▪ деректерді репликациялау (Репликация іж);
▪ жүйені әкімшілендіру және деректер базасы (Әкімшілендіру іж).
ҚБІЖ ішкі жүйесі деректер базасына монополистер жүгінуін және оған
тіркелген құжаттарды енгізу және редактілеу (өзгерту), сонымен қатар осы
құжаттарды әрі қарай іздеу және қарау үшін ұсынылған.

Ішкі жүйеде, төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылған:
▪ Жүйеге (автоматты түрде немесе пайдаланушымен), монополистер
жүгінуін, және тіркелген құжаттарды қабылдау және енгізу;
▪ ДБ-на құжаттар туралы мәліметтер қабылдау және енгізу;
▪ Құжаттарды (деректер кестесі) іздеу және қарау.
Монополист әрекетін сипаттайтын құжаттар құрамына кіреді:
▪ Табиғи монолоия субъектісі туралы жалпы ақпараттардан тұратын
Монополист карточкасы, СТН, мекен-жайы, меншік формасы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Монополиялық фирманың тауарына салық салу
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Мемлекет тарапынан монополияны реттеу бағыттары
Монополия пайдасын жанама реттеу
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Монополияға қарсы - заңдар және экономиканы реттеу
Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының мақсаттары мен әдістері
Пәндер