Жастармен әлеуметтік жұмыс



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мемлекеттегі жастар саясаты . жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Қазақстан республикасындағы жастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда, әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса, екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар, т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады
Осы үш «ағымның» өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды, ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі.
1. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар. Оқу құралы. А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев. Астана, 2005.
2. Государственная молодежная политика Республики Казахстан. – Астана, 2001.
3. Царева Т.А. Правовая социализация молодежи в рамках молодежной политики Республики Казахстан. Саясат. – 2000. № 2-3.
4. Холостова Е.И. «Социальная политика». Москва, 2001.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономиканы мемлекеттік
реттеу

кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Жастармен әлеуметтік жұмыс

Оқытушы:
Студент: Торсыкбаева
С.Е.
Мамандығы:
Әлеуметтік жұмыс
Тобы: 212

Алматы, 2007

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мемлекеттегі жастар саясаты – жастармен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .4
2. Қазақстан республикасындағы жастар
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 14

Кіріспе

ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде
аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге
бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда,
әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді
әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса,
екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз
институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар,
т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады
Осы үш ағымның өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды,
ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және
қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі.

1. Мемлекеттегі жастар саясакты – жастармен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың негізі

Әлеуметтік саясат дегеніміз – адамдардың қоғамдық әл-ауқатын,
олардың материалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруды, адамның қадір-қасиетіне құрметті қалыптастыруды және
қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты, әлеуметтік бейбіт өмірді белгілейтін
саясат.
Жалпы әлеуметтік саясаттың және әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік
саясатының ерекшеліктері олардың нарықтық қатынастарға өту кезеңінде
деформациялануы болып табылады да, жастар саясатын қоғам мен мемлекеттің
әлеуметтік саясаттың бөлігі ретінде қарастырғанда, өзгермелі қоғамның
нақтылы тарихи жағдайларында жүзеге асыру мүмкіндіктерін ескеру керек.
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда жастар саясаты туралы бірнеше
анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бірнешеуін қарастырып көрейік:
- Мемлекеттік жастар саясаты – мемлекеттің жас азаматтарының
әлеуметтік қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлары мен кепілдіктерін құру
және қоғам мүддесі үшін жастардың шығармашылық әлеуетін барынша
толықтай жүзеге асыру әрекеті [1];
- Жастар саясаты – жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін
қолдауға, жастардың (балалардың, жасөспірімдердің, бозбалалар
мен бойжеткендердің, 10-25 жас аралығындағы жас адамдардың) өмір
сүруіне қалыпты жағдай туғызуына мемлекеттік-қоғамдық жағынан
қатысуыды білдіретін әлеуметтік саясаттың саласы [2];
- Жастар саясатына Қазақстандық өзіндік анықтама береді:
Мемелекеттік жастар саясаты – мемлекеттің жастар саясатына
доктрина, концептуальдық бағыт беруіне және жас ұрпаққа
әлеуметтік-құқықтық қорғанышты (кепілдікті) қамтамасыз ету, оның
мүдделері, қабілеттері, физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес және
реформалаушы қоғамның мүдделері мен оның ілгерілеуін ескере
отырып, жастардың еркін әлеуметтік дамуға, шығармашылық
бастамашылыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында, оны тұтастай
әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі
арқылы қамтамасыз ету қызметі [3].
Жастар саясатына берілген бұл анықтамалар оның жалпы жобасы мен
мазмұны жағынан дұрыс түсінік бергенімен, өзіндік кемшіліктерге де ие.
Оларда біріншіден, мемлекет, оның органдары мен әдістері жүзеге асыратын
жастар саясаты туралы айтылған, бірақ әлеуметтік жастар саясатының
қоғамдық, мемлекеттік емесұйымдар, қорлар және т.б. саяси партиялар
әрекеттері арқылы жүзеге асатын қоғамдық кесінді есепке алынбаған.
Екіншіден жастар саясаты туралы ұсынылған анықтамаларда жастардың өздерінің
жастар ұйымдары, басқа да қоғамдық бірлестіктердің белсенділері арқылы,
сондай-ақ жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда жеке
бастамашылық көрсету арқылы қатысуы онша немесе мүлдем көрсетілмеген.
Үшіншіден, оларда әлеуметтік саясат үшін өте маңызды болып табылатын
өлшемдері негізінде - әлеуметтік қорғаудың қажетті дәрежесіне қарай жастар
ортасының жіктелуі көрсетілмеген, яғни жастардың мемлекеттік және басқа да
патерналистік көмекті қажет ететін бөлігінің барлығы көрсетілмеген.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, әлеуметтік жастар саясатына
мынадай анықтама беруге болады: Әлеуметтік жастар саясаты – бұл әлеуметтік
саясат, оны мемлекет және қоғамдық, соның ішінде жастардың, бірлестіктері
мен ұйымдары жүзеге асырады, ол жастардың қоғамның және өздерінің
мүдделеріне сай дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, және
осының бәрі жас адамдардың өз тағдырлары үшін, өз отбасының тағдыры үшін
жеке жауапкершілік пен бастамашылыққа негізделе отырып, жастардың
әлеуметтік жағынан әлсіз бөлігіне адресті, мақсатты түрде арнаулы шаралар
қолдану арқылы, қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, жастар саясатына деген қазіргі ғылыми көзқарас ең
алдымен оны мемлекет пен қоғамның жалпы әлеуметтік саясатының бір бөлігі
ретінде мойындауынан тұрады. Ол халықтың әр түрлі санаттарының, соның
ішінде ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретіндегі жастардың адрестік
және адекваттық сұраныстары кезінде тиімді болатыны сөзсіз. Сонымен қатар,
жастар саясатының әлеуметтік саясаттағы балалар, мүгедектер, зейнеткерлер
мен басқа да әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін халықтың санатына
деген қатысы жағынан айырмашылығы оның тек жәрдем беру механизмінен тұрмай,
жас ұрпақтың еңбек және шығармашылық әлеуетіне сүйенетін белсенді жаңарған
аспектіден тұруы, ол жастар саясатын қоғамның дамуының стратегиялық
ресурстары қатарында қарастыруға мүмкіндік жасайды.
Жастар саясатының негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
• Жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және дене дамуына жәрдемдесу;
• Жас азаматтарды жасына байланысты кемсітуге жол бермеу;
• Жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне
толықтай қатысуына жағдай жасау;
• Жас адамның өзінің өмірлік жолын таңдауға, жеке жетістіктерге
жетуіне мүмкіндіктерін ашу;
• Жастардың жаңаруға деген әлеуетін қоғамның даму мүддесі мен
жастардың өздерінің даму мүдделеріне сәйкес жүзеге асыру;
• Жастардың өз күштерімен проблемаларын шеше алмайтын санатына
(панасыздар, жас нашақорлар және т.б.)мақсатты түрде әлеуметтік
көмек көрсету.

2. Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты

Шет елдік жастар саясатының жасалуы мен қызмет ету тәжірибесіне талдау
жасау нарықтық экономикадағы ашық қоғам жағдайында, сондай-ақ қолайлы
және тиімді жаңа жағдайларда кеңестік уақытта жүргізілген жастармен жұмыс
тәжірибесін ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында
қолданылған және қолданылатын болады.
Кеңестік дәуірдегі кеңістікте егенді мемлекеттерде мемлекеттік жастар
саясатынының қалыптасуы, жасалуы процесі жүріп жатыр, онда осы
мемлекеттегі жастардың ерекше жағдайы, олардың әлеуметтік проблемалары
көрсетілген.
КСРО тарамас бұрын жастардың әлеуметтік проблемаларының өткірлігі
жалпы одақтық және республикалық деңгейде заңдылықтар мен нормативтік
актілерді қабылдауды мәжбүр еткен болатын. Мысалы, КСРО мемлекеттік еңбек
комитетінің Реттемелі нарықтық экономикаға өту кезіндегі халықты
әлеуметтік қорғау концепциясының негізгі ережелері (1990 жыл тамыз)
жобасында әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін топтардың
мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналармен студенттер де енгізілген.
1990 жылы КСРО мемлекеттік жастар саясатының жалпы бастамасы туралы Заң
қабылданды. Онда арнайы Жастарды құқықтық және әлеуметік қорғау бөлімі
қарастырылған. Бұл Заңның сол уақытқа сай көкейкесті болғанына
қарамастан, онда сол кезеңге сай келмейтін ескірген біршама айқындамалар
сақталған екен: жастарға қатысты патернализм, жастар ортасындағы әр түрлі
әлеуметтіктоптарды біркелкілеу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге
асырудағы шектен тыс орталықтандыру.1991 жылы Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі
сол уақытқа ілгерінде Мемлекеттің жастар саясаты туралы Заң қабылданды.
Бұл заңның республиканың нарықтық қатынасқа түсуін ескере отырып,
кәсіорындардың дамуын ынталандыратын, жастар үшін қосымша жұмыс орнын
қамтамасыз ететін, оқушылар, студенттер, жастар деген мәртебелері
бар кәсіпорындарда жас жұмысшыларға еңбек жағдайын жақсарту бойынша
шараларды жүзеге асыратын, жұмыс берушілерге салық төлемін төлеуде
жеңілдік беру сияқты баптары болды.
Бұл Заңда бала туғаннан кейін жас отбасыларына берілетін ұзақ уақыттық
пайызсыз несиелер беру де қарастырылған.
Заңда сондай-ақ, жастар және балалар ұйымдары мемлекеттің қолдауында
болады да, олардың әлеуметтік маңызды жобалары, бағдарламалары
мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылуы керек деген ереже
де қарастырылған.
Патерналистік негізде жасалған бұл Заң жаңа әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайларында (КСРО таратылуы Қазақстан Республикасы
егемендігін жариялау, нарықтық қатынастардың дамуы) толықтай жұмыс
істеуден қалды. Заңның барлық экономикалық баптары 1994-1996 жылдар
аралығында тоқтатылды.
Жұмыссыздық, жастар арасындағы қылмыстың өсуі, жастар ортасындағы салт-
дәстүрлер мен рухани құндылықтардың құлдырауы, жас ұрпақтың білім алу
деңгейінің төмендеуі сияқты жастар проблемасының өршуі саяси, әлеуметтік-
экономикалық және әлеуметтік-мәдени реалияларға сәйкес келетін жастар
саясатын дайындауды қажет етті. Мұндай тапсырма Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 9 қазандағы Мемлекеттік жастар
саясатын жетілдіру шаралары туралы Жарлығында берілген болатын. Онда
біркелкі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсаттары, оның
құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, жастардың шығармашылығы мен
әлеуметтік жағынан маңызды бастамашылықтарын қолдау, жастардың жұмысқа
орналасуы және бос уақытты өткізу проблемаларын шешу анықталған.
Президенттің Жарлығы бойынша жастар саясатының мақсатын, міндеттерін,
қызмет ету механизмдерін анықтайтын негізгі құжат Қазақстан
Республикасындағы жастар саясаты туралы Заң болуы керек, онда Қазақстан
Республикасы Конституциясында көрсетілген бағдардағы тұжырымдамалық
реформа қалдықтарынан мемлекеттік басқару мен халыөтың пассивтілігі,
соның ішінде өзінің әлеуметтік жағдайын қорғаудағы жастардың
пассивтілігінен тұратын абсолютизмге өтуі ескеріледі.
Республикадағы жастар саясатын заң жүзінде жасалуының қадамына
Қазақстан Республикасындағы жастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың технологияларының мәні мен ерекшеліктері
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған қызмет көрсету жүйесі
Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Жастардың әр түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибелері және оның мәні
Жастардың даму кезеңдері
Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен жұмысын қарастыру
Әлеуметтік жұмыс саласында тәжірибе мен әлеуметтік жобалауды ұйымдастыру әдістемесі
ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жастар мен жұмыссыздық мәселесі
Пәндер