Шығыс елдері ойшылдары тарихы жайында орта ғасырлық мағұлматтар



1.Кіріспе.
а) Шығыс елдері ойшылдары тарихы жайында орта ғасырлық мағұлматтар.
2. Негізгі бөлім.
а) Ибн Хаукальдың өмірі мен еңбектері.
б) Араб тарихшысының орта ғасырлық көне қалалар (Отырар, Кедер,Термес т.б) жөнінде қалдырған деректері
с) IХ.ХI ғғ өмір сүрген қарахан, оғыз тайпаларының тарихы жайындағы Ибн Хаукаль еңбектері.
д)Орыс тарихшыларының Ибн Хаукаль тұсында өмір сүрген ежелгі русь пен хазар, печенег, норман тайпаларының арасындағы шапқыншылықтары жөнінде бүгінгі күнге дейін сақталынған құндылықтары.
3.Қорытынды.
Шығыс елдері ойшылдары тарихы жөнінде орта ғасырлардан бастап ден қойылып зерттеле бастады.Бұған себеп сол кезде өркениеттің күшеюі ықпал етті.Әсіресе, арабтардың жаулап алуына байланысты елдердің ғылыми дәстүрі күшейе түсті.Ғылымның бағасын аша біле бастаған халифтар: мысалы,Әл-Мансур Харум-әл-Гаши «Даналық үйі» кітапханаларын аша бастады. Бағдат мектептерінен ойшыл ғұламаларымыз ағылып шыға бастады.Мәселен,Птоломей еңбектерін әлемге әйгілі еткен ғұламалар,географтар:Әл-Истаһри (IХғ), Ибн Хаукаль (Хғ), Мұхаммед ат-Табари, шежірелерінен көрінеді. Орта Азиядан шыққан көптеген ғұламалар мемлекет басшыларымен келісе отырып, обсерватория, кітапхана аштыра бастаған. Бұл жөнінде IХғ өзінде Отырар (Фараб) территориясында «Отырар, Канду, Турарбан, Мекке қаласының хроникасы» деген Абдул Уали Мухаммед әл-Разракидің еңбектерінен ұшыратамыз.
Сонымен қатар орта ғасырда арабтардың классикалық ғылы- мының дамуына көптеген халықтардың өкілдері, әсіресе Орта Азия ғалымдары аса зор үлес қосты. Орта Азия жеріндегі ғылым мен мәдениет ошақтары тек араб ғылымына ғана емес, сонымен бірге бүкіл орта ғасырдағы ғылыми ой-пікірлердің дамуына үлкен ықпал жасады. Мәселен бұл жөнінде В.В. Бартольд «Араб қалаларында мұсылман елдерінің көптеген әдебиетшілері мен ғалымдары болған.
1 Тараз энциклопедиясы І том «И»
1. В.В. Бартольд. Академик.
Сочинение І том Москва 1963 (45-145 бет)
3. Крачковский И.Ю. «Арабская географическая литература»
4 том Москва – Ленинград 1957 (45-47бет)
4. Internet
5. Касым Аманжолов. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы.
Алматы «Білім 2004» (102-116 бет)
6. Әбсаттар Дербісалиев «Қазақ даласының жұлдыздары»
Алматы «Рауан» 1995 (8-9 бет)
7. Орта ғасырларда Қазақстан тарихы
К.М. Байпаков, Б.Е. Көмеков, К.А. Пищулина
Алматы «Рауан» 1995 (10-21 бет)
8. Д. 8 92.7-93
Д 33. Дербесалиев Әбсаттар Ежелгі араб елінде.
Алматы «Балауса»
9. Көмеков Б.Е. «Государство кимаков ІХ-ХІ по арабским
источникам» Алматы 1972 (113-114 бет)
10. Древний Отырар
Акишев К.А., К.М. Байпаков, Л.Б. Ерзакович
Алматы 1972 (270 бет)

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс елдері

Жоспар

1.Кіріспе.
а) Шығыс елдері ойшылдары тарихы жайында орта ғасырлық
мағұлматтар.
2. Негізгі бөлім.
а) Ибн Хаукальдың өмірі мен еңбектері.
б) Араб тарихшысының орта ғасырлық көне қалалар (Отырар, Кедер,Термес
т.б) жөнінде қалдырған деректері
с) IХ-ХI ғғ өмір сүрген қарахан, оғыз тайпаларының тарихы жайындағы Ибн
Хаукаль еңбектері.
д)Орыс тарихшыларының Ибн Хаукаль тұсында өмір сүрген ежелгі русь пен
хазар, печенег, норман тайпаларының арасындағы шапқыншылықтары жөнінде
бүгінгі күнге дейін сақталынған құндылықтары.
3.Қорытынды.

Кіріспе.
Шығыс елдері ойшылдары тарихы жөнінде орта ғасырлардан бастап ден
қойылып зерттеле бастады.Бұған себеп сол кезде өркениеттің күшеюі ықпал
етті.Әсіресе, арабтардың жаулап алуына байланысты елдердің ғылыми дәстүрі
күшейе түсті.Ғылымның бағасын аша біле бастаған халифтар: мысалы,Әл-Мансур
Харум-әл-Гаши Даналық үйі кітапханаларын аша бастады. Бағдат
мектептерінен ойшыл ғұламаларымыз ағылып шыға бастады.Мәселен,Птоломей
еңбектерін әлемге әйгілі еткен ғұламалар,географтар:Әл-Истаһри (IХғ), Ибн
Хаукаль (Хғ), Мұхаммед ат-Табари, шежірелерінен көрінеді. Орта Азиядан
шыққан көптеген ғұламалар мемлекет басшыларымен келісе отырып,
обсерватория, кітапхана аштыра бастаған. Бұл жөнінде IХғ өзінде Отырар
(Фараб) территориясында Отырар, Канду, Турарбан, Мекке қаласының
хроникасы деген Абдул Уали Мухаммед әл-Разракидің еңбектерінен ұшыратамыз.

Сонымен қатар орта ғасырда арабтардың классикалық ғылы- мының
дамуына көптеген халықтардың өкілдері, әсіресе Орта Азия ғалымдары аса зор
үлес қосты. Орта Азия жеріндегі ғылым мен мәдениет ошақтары тек араб
ғылымына ғана емес, сонымен бірге бүкіл орта ғасырдағы ғылыми ой-
пікірлердің дамуына үлкен ықпал жасады. Мәселен бұл жөнінде В.В. Бартольд
Араб қалаларында мұсылман елдерінің көптеген әдебиетшілері мен ғалымдары
болған.Бірақ олардың көпшілігі Таяу Шығыс және Орта Азиядан болған еді деп
жазды.( Қазақ даласының жұлдыздары Әбсаттар Дербесалиев Алматы Рауан
1995 8-9 бет.).
Арабтардың географтарының түсініктері алғаш рет құранда келтірілген
болатын.( шамамен 650ж). Ондағы мағұлматтар әйгілі грек ғалымы Клавдий
Птоломейдің еңбектерінен алынған.(б.э.б. 147-70жж).Осы еңбектерге араб
тарихшысы, географы Ибн Хаукаль да өзінің үлесін қосты.
Шоқтығы биік ұлы ғұлама , теңдесі жоқ ұлы ойшылдардың бірі -Әбу-л-
Қасым Мұхаммед Ибн Хаукаль есімі әрқашан ерекше жарқырап тұрады. Шығыстың
ұлы ойшылы, араб географы мен тарихшысы Әбу-л- Қасым Мұхаммед Ибн Хаукаль
зерттеушілердің шамалауынша Х ғ. Нисибин қаласында дүниеге келген. Ал
қайтыс болған уақыты белгісіз. Ол өмірінің көп бөлігін саясатпен өткізіп,
Үндістанды, Оңтүстік Азияны, Солтүстік Африканы сонымен қатар бүкіл
мұсылман әлемін аралаған.
Әбу-л-Қасым Мұхаммед Ибн Хаукальдың әлемге әйгілі Китаб әл-Масалик уә-л-
мамалик ( Жолдар мен патшалықтар кітабы) атты шығарма жазған. Онда орта
ғасырлық қазақстан тарихына қатысты, атап айтқанда қарлұқтар, оғыздар,
қимақтар, қырғыздар,тоғызоғыздар туралы тарихи-этнографиялық мағұлматтар
келтірілген. Сондай-ақ бұл еңбекте, аталған тайпалардың қоныстанған
жерлері, Ұлы Жібек жолының тармақтары суреттелген. Шу мен Талас өңірінің,
Жетісудың, Оңтүстік Қазақстанның елді мекендері жайлы бірталай деректер
берілген. Испиджаб, Тараз, Сауран, Сүткент,Отырар (Фараб), Кедер, Шауғар
қалалары жөнінде айтылады. Ибн Хаукаль Тараз қаласының мұсылмандар мен
түріктердің сауда-саттық жасайтын орталығы болған жері деп көрсетеді. Бұл
шығарманың Сурат элард (Жер келбеті) деп аталатын құрамдас бөлімі
географиялық карта болып табылады. Ол картада Тараз қаласы көрсетілген. (1-
суретті қараңыз).
(Тараз энциклопедиясы І том И).
Әбу-л-Қасым Мұхаммед Ибн Хаукаль Орта Азиядағы орта ғасырлық көне
қалалар туралы біршама деректер қалдырған.Сол қалалардың әрқайсысына жеке-
жеке тоқталсақ.
Х.ғ Ибн Хаукаль Отырар (бұрынғы Фараб) қаласын Испиджабқа бір-екі
күндік жол жүретін Сырдария өзенінің ағысының тұсында жатқан қала екендігін
көрсете отырып, Кенджид өңірінің астанасы Субаникенттен ол бір күндік
жерде дегенді айтады. Сонымен қатар Фарабта берік қамал мен бекініс бар
екендігін, жері тұзды және сортаң болып келгендіктен Фараб өзені бойының
егіншілікке қолайлылығын айтуында да бір шындық жатса керек. Ибн Хаукальдың
бұл жердегі Фараб өзені деп отырғаны Арыс өзені болуы мүмкін деп
зерттеушілер дәлелдеп отыр. Араб тарихшысының Фараб, Кенджид пен Шаш
аралығы жайылымды жер, онда ислам дінін қабылдаған мыңға жуық түрік
отбасылары тұрады деген деректері көңілге қонарлық жайттар.Сол кезеңде
өмір сүрген Ибн Хордатбек еңбектерінде жеке қала ретінде танылған Фараб
шаһары неге екені белгісіз, Ибн Хаукаль шежірелерінде аталмайды.
Сурхан өзеніне алыс емес жерде мықты қорған Термес қамалы орналасқан.
Бұл қамалдың араб географының айтуы бойынша, сол кездегі орта ғасырлық
қалалардың орталығы болғаны туралы дерек бар. Бұл негізінен Сурхан өзені
мен Амударияға жақын орналасқан қала болған. Бұл жерде араб керуені Осман
болған.Әл-Масудидің айтуы бойынша Терместе 704 жылы 15000 мың адамымен
Осман сонда келген.Сондықтан ол жерді Ибн Хаукаль Осман аралы деп атаған.
Араб тарихшысының айтуына қарағанда, бұл қала Шыңғыс хан тұсындағы
қалалармен тұспа-тұс келді.Зерттеушілердің нәтижесінде бұл қаланың орнынан
көптеген құндылықтар табылды. Мәселен, бұл қаладан қасиетті Хаким Абдаллах
Мұхаммедке арнап салынған мавзолей орны табылған. Ол кісі 255-869жж өмір
сүрген.Кейінгі уақытта осы қаланы зерттеумен профессор Мушкетова
айналысқан. Бұл қала мрамордан жасалған деген пікір айтты.Сондай-ақ бұл
қаладан халықаралық айналымда қолданған грек монеталары табылған және бұл
қала араб күтушісі қала атанған.
Кенек руд пен Сиям қалалары Қашқар-Дарьяның ішкі жағында орналасқан.
Сол кезде бұл қала Миян кеш деп аталған. Ал Суруд қаласы Асруд өзенінің
аймағында орналасқан. Субах қаласы Ибн Хаукальдың айтуы бойынша Несеф және
Балқан жолдарын басып өткен. Несеф араб кезінде өзінің жаңа аты Карши
аталып, тек XIVғ. дейін осылай аталған. Шағатай ханы Кебектің тұсында Карши
қаласы монғол сарайы болған. Х ғ.бұл қалада араб географының айтуы бойынша,
шаһристан, рабад, цитадель болған.Қаланың төрт қақпасы болған. Атап айтсақ,
Неджарий, Самарқанд, Кене, Губдин. Өзен қаланың дәл ортасынан ағып өткен,
үлкен көпірлері болған.Соборлық мешіттер болған, онда әр түрлі мейрамдар
өткізіліп отырған.Бұл қаладан Несефке жүріп өту жолы төрт күндік
болған.Оңтүстіктегі басты жолды таулы аймақта орналасқан Испара Авал, Некад
қалалары басып өткен. Испара деп Бабурдың тұсында осылайша аталған.Испара
қаласына Тамахуи және Бамхахуш аймақтары вассалдылықта болған. Ибн Хаукаль
бұл қалалардағы биік тауларды картаға түсіріп суреттеген.
Ибн Хаукаль араб географының Бұхар, Самарқанд, Балқан жеріне баруы үшін
Қашқар-Дарьяны және Зеравшанды басып өтуі керек болды.Ол осы кезде Бұхарды
аралап, Карши қаласы Бұхардың екінші астанасы болғанын білген. Сондағы Кеш
қаласын он алты аймаққа бөлген.1) Миянский 2)Руд 3)Баландеран 4) Расмайн
5)Кенек 6)Ару 7)Бузмаджен 8)Сиям 9)Арпош 10)Джадж руд 11)Хузар руд 12)Хузар
13)Суруда 14)Сангардан 15)Маймург 16)Руд . Бұл аймақтар қатармен
тізбектеліп орналасқан.
Басты қала Осрушан, Бунжикет (қазіргі Пенджикент) сауда жол торабында
орналасқан. 1894 жылдан бастап бұл қаланы зерттеуді П.С. Скварским өз
қолына алды. Х ғасырда яғни, Ибн Хаукальдің еңбектерінде қалада халықтың
көпшілік бөлігі шаһристан мен цитадельде қоныстанғандығын, және қалада он
мыңнан астам саборлық мешіттер мен сарайлар және қолөнер шеберханалары
орналасқандығы жөнінде айтқан. Шаһристанның екі қақпасы болған: ішкі және
қалалық, ал рабадта төртеу: Замген, Мерсменд, Нуджитс және Кехллбад.
Осрушан қаласы өзен аңғарында орналасқан. Х ғасырда арба географының
айтуынша, бұл қалада 15000 қала халқы қоныстанған.( В.В. Бартольд.
Академик. Сочинение І том Москва 1963 (45-145 бет).
ІХ – ХІ ғасырларда өмір сүрген қарлұқ, оғыз, қимақ, қарахан,
тоғызоғыздар сияқты тайпалар жөнінде Ибн Хаукаль бірталай дерек қалдырып,
тарихқа да өз үлесін қосты.
Ибн Хаукаль: Х ғасырдың басында қарахандықтар әулетінің көшбасшысы
Сатұқ ісләм дініне енді, ал оның ұлы Боғра хан харун ибн Мұса 960 жылы
ісләмді мемлекеттік дін деп жариялаған. Ақырындап бұл дін көшпелілер
арасына да тараған. Ибн Хаукаль Отырар (Фараб) пен Кенджит ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Математика тарихының кезеңдер
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқушының негіздеріне технологияның талғама жасау
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Қазақстанның Ресейге еркімен қосылуының алғашқы кезеңдегі шолып – барлау мақсатындағы зерттеулер(1731-1819)
Араб-парсы деректерін орта мектепте тарих пәніне оқыту барысында пайдалану әдіс-тәсілдері
Математика тарихы және методология пәні
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Пәндер