Инвестицияның теориялық даму ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... .. 5

1.1Инвестиция мәні және негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Инвестицияның негізгі нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3Инвестициялық саясат мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10

2 ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.1 ҚР нарыққа өту кезеңіндегі инвестициялық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 ҚР.ның шетелдік инвестицияларды қолдау шаралары ... ... ... ... ... ... ... .. 20
2.3 ҚР инвестициялық климаты ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Бұрынғы экономикалық байланыстардың үзілуі, өндірістің құлды¬рауы, елде басы артық қаражаттың болмауы салдарынан Қазақстан қазба байлықтарды игеру мүмкіндігінен алыс болды. Ал қазір Қазақстанды әлемдегі бәсекеге ба¬рынша қабілетті 50 елдің қатарына енгізу стратегиясы тұжырымдалды. Елбасы ұсын¬ған бұл құжатта республиканың даму сер-пінділігін айқындайтын көптеген жобалар халықаралық қатысу арқылы іске асыры¬латыны атап көрсетілген. Демек, инвести¬цияның қажеттілігі де, сол үшін елімізді инвестициялық тұрғыда тартымды ету міндеті де өзекті бола түседі. Қазақстандағы инвестициялық процестің дамуы ХХ ғасырдың соңына таман дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі элементі болып табылатын, шетел капиталының халықаралық қозғалыс процесінің бір түрі болып саналатын шетел инвестицияларымен тікелей байланысты. Халықаралық капитал қозғалысының ХХ ғасырдың аяғында қарқындап дамуы дүние жүзілік экономиканың интернационалдандыру процесінің басталуына, халықаралық кәсіпкерлік пен қарыз капиталы кеңістігінің адам айтқысыз кеңеюіне әкелді. Бұл процесс жаңа нарықты шұғыл игеруге кіріскен жеке кәсіпкерлік капиталының Қазақстан сияқты өтпелі-транзиттік экономика елдеріне ұмтылысын күшейтті. Осындай экономикалық құбылыстар қазіргі шетелдік инвестицияландыру проблемасын - әлеуметтік-экономикалық проблемаларды зерттейтін дүниежүзілік ғылымдардың өзекті мәселелеріне айналдырып отыр. Соның ішінде бұндай мәселелер, біздің ойымызша, қаржы, қорлар жағынан тапшылық көріп отырған өтпелі-транзиттік экономика елдерінде өте маңызды болады.
Сонымен, еліміздің қай саласында болмасын жүріп жатқан оңтайлы өзгерістерді одан әрі дамытуға, осыған орай, қаржы, жаңа технология проблемаларын шешуде, жалпы Қазақстан экономикасының дамуын тұрақтандыруда шетел инвестицияларының маңызы зор.
Таңдалынған тақырыптың өзектілігі инвестициялар Қазақстан экономикасының дамуы мен тұрақтануында үлкен роль алатындығында болып келеді. Инвестицияның көмегімен өндірістің өсуін ынталандыруда, жаңа технологияларды шығару, мемлекеттік дамуда артта қалған аудандарды көтеру және т.с.с. мүмкін.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында инвестициялардың теориялық даму ерекшеліктері қарастырылады. Оның бөлімдерінде инвестициялардың мәні, түрлері, маңыздылығы мен қажеттілігі және инвестициялық саясат қарастырылады.
Жұмыстың екінші тарауында ҚР-ның инвестициялық саясаты, даму болашағы жөнінде сөз қозғалды. Тараудың бірінші бөлімінде ҚР нарыққа өту кезеңіндегі инвестициялық саясаты; екінші бөлімінде шетелдік инвестицияларды қолдау шаралары және үшінші бөлімінде ҚР-ның инвестициялық климаты талқыланады.
1. Әубәкiров Я. Ә. Байжұмаев Б.Б., Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы, Қазақ университетi, 75-81 б.;
2. Гитман Л.Дж, Джонс М.Д. Основы инвестирования. Перевод с английского. – М.: Дело, 1997 г. С.10-18;
3. Долженкова Л.Д. Иностранные портфельные инвестиции в развивающихся странах // Деньги и кредит, 2001, № 10.
4. Шарп У. Александр Г. Бейли Дж. Инвестиции – М: Инфра, 1998 г. С.15-24;
5. www.google.kz;
6. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.;
7. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы;
8. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдаров А.У. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002 жыл, 58-64б;
9. Сагындыкова С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогнозы инвестиционных процессов в экономике. Алматы: Гылым, 1994, С.56-62;
10. Назарбаев Н. А. Казахстан - 2030. Алматы: 1997, 78-82б;
11. www.stat.kz;
12. «Инвестиция туралы» Қазақстан Республикасының заңы // 20 қаңтар 2003 жыл.
13. www.rambler.ru;
14. ҚазҰУ хабаршысы.№ 2 (22). 2006;
15. АльПари, № 3-4, 2006.
16. Сейтказиева А.Н., Байкадамова А.Б., Сариева Ж.И. Инвестиционная деятельность предприятия. – Алматы: Экономика, 1999, С. 198-204.
17. Нурланова Н.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. – Алматы, Ғылым, 1998, с.45,235.
18. Инвестиции в реальный сектор экономики: проблемы оценки и развития: Монография. – Алматы «Экономика», 2000, с.92-170.
19. Камшыбаев Р., Марчевский В. Иностранные инвестиции и интересы Республики // Мысль, 1998, № 3.
20. Указ Президента РК «Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики Республики Казахстан для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций» от 5 апреля 1997 года.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... .. 5

1.1Инвестиция мәні және негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Инвестицияның негізгі
нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3Инвестициялық саясат мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2 ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.1 ҚР нарыққа өту кезеңіндегі инвестициялық саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 ҚР-ның шетелдік инвестицияларды қолдау
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 ҚР инвестициялық климаты ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ

Бұрынғы экономикалық байланыстардың үзілуі, өндірістің құлдырауы,
елде басы артық қаражаттың болмауы салдарынан Қазақстан қазба байлықтарды
игеру мүмкіндігінен алыс болды. Ал қазір Қазақстанды әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына енгізу стратегиясы тұжырымдалды. Елбасы
ұсынған бұл құжатта республиканың даму серпінділігін айқындайтын көптеген
жобалар халықаралық қатысу арқылы іске асырылатыны атап көрсетілген. Демек,
инвестицияның қажеттілігі де, сол үшін елімізді инвестициялық тұрғыда
тартымды ету міндеті де өзекті бола түседі. Қазақстандағы инвестициялық
процестің дамуы ХХ ғасырдың соңына таман дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі
элементі болып табылатын, шетел капиталының халықаралық қозғалыс процесінің
бір түрі болып саналатын шетел инвестицияларымен тікелей байланысты.
Халықаралық капитал қозғалысының ХХ ғасырдың аяғында қарқындап дамуы дүние
жүзілік экономиканың интернационалдандыру процесінің басталуына,
халықаралық кәсіпкерлік пен қарыз капиталы кеңістігінің адам айтқысыз
кеңеюіне әкелді. Бұл процесс жаңа нарықты шұғыл игеруге кіріскен жеке
кәсіпкерлік капиталының Қазақстан сияқты өтпелі-транзиттік экономика
елдеріне ұмтылысын күшейтті. Осындай экономикалық құбылыстар қазіргі
шетелдік инвестицияландыру проблемасын - әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды зерттейтін дүниежүзілік ғылымдардың өзекті мәселелеріне
айналдырып отыр. Соның ішінде бұндай мәселелер, біздің ойымызша, қаржы,
қорлар жағынан тапшылық көріп отырған өтпелі-транзиттік экономика елдерінде
өте маңызды болады.
Сонымен, еліміздің қай саласында болмасын жүріп жатқан оңтайлы
өзгерістерді одан әрі дамытуға, осыған орай, қаржы, жаңа технология
проблемаларын шешуде, жалпы Қазақстан экономикасының дамуын тұрақтандыруда
шетел инвестицияларының маңызы зор.
Таңдалынған тақырыптың өзектілігі инвестициялар Қазақстан
экономикасының дамуы мен тұрақтануында үлкен роль алатындығында болып
келеді. Инвестицияның көмегімен өндірістің өсуін ынталандыруда, жаңа
технологияларды шығару, мемлекеттік дамуда артта қалған аудандарды көтеру
және т.с.с. мүмкін.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында инвестициялардың теориялық
даму ерекшеліктері қарастырылады. Оның бөлімдерінде инвестициялардың мәні,
түрлері, маңыздылығы мен қажеттілігі және инвестициялық саясат
қарастырылады.
Жұмыстың екінші тарауында ҚР-ның инвестициялық саясаты, даму
болашағы жөнінде сөз қозғалды. Тараудың бірінші бөлімінде ҚР нарыққа өту
кезеңіндегі инвестициялық саясаты; екінші бөлімінде шетелдік
инвестицияларды қолдау шаралары және үшінші бөлімінде ҚР-ның инвестициялық
климаты талқыланады.
Таңдалынған тақырыптың өзектілігі инвестициялар Қазақстан
экономикасының дамуы мен тұрақтануында үлкен роль алатындығында болып
келеді. Инвестицияның көмегімен өндірістің өсуін ынталандыруда, жаңа
технологияларды шығару, мемлекеттік дамуда артта қалған аудандарды көтеру
және т.с.с. мүмкін.
Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстанның инвестициялық ортаны талдау
болып келеді. Осылайша, курстық жұмысты орындау барысында келесiдей
мақсаттар мен мiндеттер ұсыналады:
• Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi
дамуындағы қажеттiлiгiн, Қазақстан экономикасына инвестициялардың
мағынасын анықтау;
• Инвестициялық саясаттың iске асу заңдылықтарын және оған әсер ететiн
факторларды қарастыру;
• Шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикада тиімді пайдалануды
қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажеттіліктері.
• Қазақстандағы қазіргі инвестициялық жағдайдың мәселелері мен даму
барысына тоқталу;
• ҚР-ң инвестициялық климатын анализдеу және ҚР-на шетел капитал
қатысуының негізгі формаларын анықтау.
Жұмысты орындау барысында тақырып мазмұнын ашатын әр түрлі
әдебиеттер, соның ішінде, ресейлік және қазақстандық авторлардың еңбектері
және интернет желісі қолданылды.

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Инвестиция мәні және негізгі түрлері

Инвестиция түсінігі “investire”-қаржы жұмсау латын сөзінен
шыққан. Феодолизм кезінде инвестициялауды вассалдың феодом иелігіне кіруін
айтты. Сонымен қатар, бұл сөзбен епископты сайлау және оған шіркеу
жерлерінің оның тұрғындарымен және оларды соттау құқығын беруін түсіндірді.
Инвестициялау инвесторға жаңа ресурстарды пайдалану үшін жаңа жерлерді
иемденуден басқа, өз идеологияларды орнату үшін осы жерлерді басқару
мүмкіндігіне ие болды. Соңғысы, бір жағынан, осы жердің территориясындағы
адамрдар күшін қанауға және осы арқылы жер территориясынан алатын пайданы
жоғарылатуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, дамушы фактор ролін атқарды.
Инвестиция деп ақша құралдары, мақсатты банк салымдары,
акциялар және басқа да бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-
жабдықтар, лицензиялар (тауар белгілеріне де), несиелер, кез-келген басқа
да меншіктер немесе меншік құқықтары, кәсіпкерлік объектілеріне және пайда
табу іс-әрекет мақсаты үшін және оңтайлы әлеуметтік тиімділікке жету үшін
интеллектуалды құндылықтар түсініле басталды.
Демек, инвестиция дегенiмiз табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк
қызметке салынған мүлiктiк және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрi.
Инвестициялық қызметтiң негiзгi мақсаты кәсiпкерлiк табыс пен пайыз алу
болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестиция ұғымын анықтауда бірнеше пікірлер
қалыптасқан. Пол Самуэльсон былай жазады: “біз таза инвестициялау немесе
капитал қалыптастыру деп - тек қоғамның нақты капиталдарының (ғимараттар,
өндірістік-материалдық қорлар, қондырғылар және т. б.) өсуін айтамыз”.
Аса танымал “Экономикс” шығарылымының авторлары инвестиция ұғымын
кең ауқымда түсінеді. Олардың анықтамаларында инвестиция – “өндірістік
шығындар мен өндірістік құралдарды жинақтау және материалдық қорлардың
көбеюі”, яғни бұл дегеніміз бүкіл өндірістің шығындары мен жинақтары.
В.Фельзенбаумның айтуынша, инвестиция ұғымы былайша айтқанда нақты
инвестицияны мазмұны бойынша “капитал салымы” және “қаржылық” инвестиция
түсінігін қамтитын ұғым, яғни меншіктен табыс алуға құқық беретін, тікелей
меншік иесі титулына байланысты акция, облигация және басқа да бағалы
қағаздарға салымдар. Бұл жағдайда инвестиция қызметінің объектілігі
байқалады.
Өз уақытында Дж. М. Кейнс инвестицияға классикалық анықтама беріп,
бұл ағымдағы кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі
немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
Инвестицияның экономиканың тиімді және тұрақты дамуындағы
маңыздылығы жоғары. Инвестиция негізінде бос капиталдардың, мемлекеттік
қаржылардың және шетелтік капиталдардың экономикалық шаруашылықтың қаржыға
мұқтаж болып отырған салаларға капитал ағымдары болып табылады. Бұл әсіресе
ұлттық маңызы бар өнеркәсіп және өндіріс түрлерін дамыту үшін қажетті.
Сонымен қатар инвестициялық саясат жүргізуде шетелдік инвестицияларды
тиімді пайдалану, оларды активті инвестицияларға бағыттау мәселесінің орны
ерекше.1
Инвестицияларды қосымша объект бойынша, қолдану сипатына және
уақыт факторына байланысты бөлуге болады. Қосымша объект бойынша:
1) меншіккке инвестиция (материалды инвестиция). Материалды инвестиция
деп өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды (мысалы,
жабдыққа, ғимараттарға, материалдар қорларына инвестициялар) айтады;
2) қаржылық инвестициялар - бұл қаржылық меншікке салым, басқа
фирмалардың жұмысына араласу құқығын және іскерлік құқығын алу
(мысалы, акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алу);
3) материалдық емес инвестициялар - материалдық емес құндылықтарға
инвестициялар (мысалы, мамандар дайындауға, зерттеулер мен әзірлемеге,
жарнамаға арналған инвестициялар).
Сонымен қатар, қосымша объект инвестицияларын былай екіге бөлуге
болады: портфельді және тікелей, мұндағы: портфельді инвестициялар -
келесіде бағыттың өзгеру мақсатымен немесе дивиденд алу және шаруашылық
субъектіні басқаруға араласу мақсатымен бағалы қағаздарға салынған
инвестициялар.
Портфельдің пайда болуы бағалы қағаздарды және басқа активтерді
сатып алумен басталады. Портфель – салушының белгілі бір мақсатқа жету
құралы болып келетін әр түрлі инвестициялық құндылықтардың жиынтығы.
Портфельге бір тектес бағалы қағаздардың (акциялар) кіре алатын немесе әр
түрлі инвестициялық құндылықтар (акциялар, облигациялар, сақтандыру және
депозиттік сертификаттар, кепілдемелер, сақтандыру полистері және т.б.)
жатады.
Тікелей (нақты) инвестиция – белгілі бір өнімді өндіруге
арналған жеке фирманың немесе мемлекеттің салымдары. Нақты инвестициялар
екі компоненттен тұрады. Біріншісі, бұл негізгі капиталға инвестициялар,
яғни өндірістік құралдар, компьютерлер және өнеркәсіпке арналған ғимараттар
сияқты жаңадан шығарылған капитал игіліктері. Екіншісі, тауарлы-материалдық
құндылықтарға инвестициялар (қайтарымды капитал), яғни өндірістік
процестегі қолданысқа жарамды шикізат қоры немесе жүзеге асырылмаған дайын
тауарлар. Коммерциялық тауарлы-материалдық қорлар экономикалық жүйеде жалпы
капитал қорының бөлігі болып саналады. Сонымен қатар, нақты инвестицияларды
ішкі және сыртқы болып бөлінеді:
- ішкі – жеке қаржы көзі есебінің негізінде шаруашылық субъектінің
жеке өндіріс факторларына салымы;
- сыртқы – шаруашылық субъект инвестицияларды қажет ететін өндіріс
факторларына инвестициялық институттардың салымы.
Тiкелей немесе тура инвестициялар кәсiпорынды басқаруға қатысуға
құқықтар бередi, ал портфельдi инвестицияларда мұндай құқықтар болмайды.
Нақты инвестицияларға жалпы және таза инвестициялар тән. Жеке таза
инвестициялар – бұл негізгі капиталды орнын толтыруға арталған шығындар
айырмасының жалпы инвестициялар.
Қолдану сипаттамасы бойынша:
- бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, олар негізін
қалау немесе кәсіпорын сатып алған кезде жүзеге асырылады;
- кеңейтілген инвестициялар (экстенсивті инвестициялар), олар
өндірістік потенциалды кеңейтуге бағытталады;
- реинвестициялар, яғни кәсіпорынның негізгі фондтарын құрамын
қолдау мақсатымен сатып алу немесе өндірістің жаңа құралдарын
дайындау арқылы инвестициялық проектті жүзеге асыру нәтижесінде
алынған бос табыстарды пайдалану;
- ауыстыру инвестициялары, оның нәтижесінде бар құрал-жабдықтарды
жаңамен ауыстыру;
- рационализацияланған инвестициялар, олар технологиялық құрал-
жабдықтарға немесе технологияларға процестерді модернизациялауға
бағытталған;
- өнім шығаруға бағдарламаны өзгерту инвестициялары;
- диверсификация инвестициялары, олар өнімнің номенклатурасын
өзгертумен, жаңа өнім түрін шығарумен және жаңа сату нарықтарын
жасаумен байланысты;
- перспективамен байланысты өнеркәсіптің өмір сүруін қамтамасыз
ететін инвестициялар, олар ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-констукторлық жұмыстар), мамандарды дайындау,
жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған;
- брутто-инвестициялар, олар нетто-инвестиция және реинвестициядан
тұрады;
- қауіпті инвестициялар немесе венчурлік капитал – үлкен қауіппен
байланысты жаңа қызмет саласымен өндірілген жаңа акциялар шығару
түріндегі инвестициялар.
Уақыт факторы бойынша:
- қысқа мерзімді инвестициялар;
- ұзақ мерзімді инвестициялар.
Аннуитет – ұдайы уақыт аралығында салушыға белгілі бір табыс
әкелетін инвестициялар. Көбінесе ол зейнетқорға және сақтандыру орындарына
қаржыны салу болып табылады.
Инвестициялар сондай-ақ пассивтi және активтi инвестициялар болып
бөлiнедi:
Пассивтi инвестициялар - кәсiпорынның ескiрген құрылғыларын жаңарту
және қызметкерлер мен жұмысшыларды даярлау мақсатында жұмсалатын
инвестициялар.
Активтi инвестициялар – кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiн,
технологиялық деңгейін, инновациялық жаңашылдықтарға, осы заманғы талаптар
мен стандарттарға сай негізде арттыру мақсатында салынған инвестициялар.
Инвестициялық жобалау – бұл техникалық комплекстегi документтердi
талдау, яғни техника-экономикалық негiздегi ( сызбалар, түсiндiрме
жазбалар, инвестициялық жобаның және т.б. материалдардың бизнес-планы).
Инвестициялық жобалаудың негiзгi бөлiгi инвестициялық жобаның құнын
анықтайтын смета құру болып табылады. Кәсiпорын жобасы техникалық,
құрылыстық және экономикалық бөлiмдерден тұрады.2

1.2. Инвестицияның негізгі нысандары

Инвестиция объектiлерi болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет
түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы
және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар
жатады. Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей
ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуметтiк, экономикалық, мемлекеттiк
маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай
өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық
жұмыстарға қатысу.
Инвестиция – экономикалық стратегияның маңызды элементі. Өйткені
қазіргі экономика жүйесін дамыту кезеңінде ішкі қаржылындыру көздерінің
мүмкіндіктері жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және оны
тиімді пайдалану мәселелері өте маңызды орын алуда.
Жалпы экономикада инвестиция қалыптасуының негізгі қайнар көздеріне
келесі қаржылар мен капиталдарды жатқызуға болады:
• Экономикадағы бос қаражаттар;
• Ұлттық банк немесе екінші деңгейдегі банктердің шығарған қарыз
түріндегі бағалы қағаздары;
• Кәсіпорындардың акция шығару арқылы қаржы тартуы;
• Мемлекеттен арнайы берілетін немесе жеңілдікті инвестициялар;
• Халықтың әр түрлі салымдары;
• Банктердің ұзақ мерзімді несиелері;
• Шетелдік инвестициялар.
Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан
экономиканың өндірістік негізі – халықаралық өндіріс жүйесін дамыту.
Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның
капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге
ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі
біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.3
Әлемде салымдарының көлемі бойынша ең ірі 100 трансұлттық компаниялар
өндірісі дамыған елдерде орналасып, олардың шетелдерге инвестиция
салымдарының көлемі 1,4 трлн доллардай бағаланып отыр. Осы аталған
компаниялар негізінен АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Корея елдері
жатады. Осы компаниялардың стратегиясы тікелей шетел инвестицияларының өсе
түсуін мақсат етеді. Әлемдегі осы алашқы 100 компанияның үлесі 42%-ды
құрайды. Бұл трансұлттық компаниялардың негізгі бөлігі экономикасы дамыған
елдерге тәуелді, ал дамушы елден шыққан трансұлттық компаниялар Оңтүстік
Кореяның Дэу, Сингапурдың Крейтив технолджи (компютерлік мультимедиялық
рыноктың 60%-ын құрайды) компаниялары жатады.
Соңғы 10-20 жылда шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қазіргі жаңа
индустриялы елдер аталып кеткен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне бағытталды.
Осындай шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және оларға қолайлы орта
қалыптастыруда шетелдік инвестициялардың алатын орны ерекше болды. Жоғарыда
атап өткен қазіргі шетелге инвестиция шығарушы елдер қатарына кіріп отырған
Оңтүстік Корея Республикасының өзі кезінде ұлттық экономикасын шетелдік
инвестициялар арқылы дамытқан болатын. 1992 жылы осы аталған елдер қатарына
кіретін Қытай ең көп шетел инвестицияларын қабылдаушы ел болды. Осының
негізінде Азиялық инвестициялық жарылысқа Қытай экономикасы үлкен әсер
етті. 2;10-22бет
Экономиканы тиімді дамытудағы инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты
болып ғылыми-техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың
жаңа сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зерттеу
мен оны iске асыру болып табылады. Сондай-ақ инвестиция арқылы ұдайы
өндірісті қамтамасыз етуші қаржы ресурстары қалыптасып, жалпы шаруашылықты
жүргізу мен ынталандырудың қайнар көзі болып табылады.
Инвестицияларды анықтауда инвестициялардың тек мазмұндық сипатына
ғана көңіл бөліп ғана қоймай, сонымен бірге оның мақсатты бағыттылығын да
ескеру керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестициялар табыстың ЖҰӨ-ді өндіруге
кеткен бөлігін құрайды және жаңа технологияларды, материалдарды және басқа
еңбектің құралдары мен заттарын енгізуге байланысты өндірісті кеңейту мен
жаңартуға жұмсалған шығындар болып табылады, яғни ақша капиталдарынан
айырмашылығы ол физикалық капиталды кеңейтумен және капитал құрумен
байланысты инвестицияларды статикада емес, динамикада, яғни меншік
формасының ауысу процесінде және олардың осы мерзімдегі инвестициялық
қызметтің соңғы өніміне айналуында қарастырған жөн. Бұл мағынада
инвестициялар салымдарын табыс алуға дейінгі түрленулер тізбегін
көрсетеді, осы түрленулер болмаса инвестициялауға деген ынта болмайды.

1.3. Инвестициялық саясат мазмұны

Инвестициялық саясат және инвестициялық жоба ұғымдағы тікелей
байланысты:
• Бiрiншi – белгiлi бiр нәтижелерге жету мақсатында және қандай да бiр
қызметтi iске асыруға бағытталған iс-шаралар, әрекеттер жиынтығы;
• Екiншi – қандай да бiр қызметтi iске асыруға негiзделген ұйымдық-
құқықтық және қаржы-есептiк документтер жүйесi.
Жобаны әзiрлеудiң және iске асырудың кезеңдерi:
• Инвестициялық ойды қалыптастыру;
• Инвестициялық мүмкiншiлiктердi зерттеу мен талдау;
• Құрылыстың, реконструкцияның, объектiнiң техникалық қайта
жабдықталуының техника-экономикалық негiздемесi;
• Келiсiмшарт документтерiн дайындау;
• Жобалық документтердi дайындау;
• Құрылыстық-монтаждық жұмыстар;
• Объектiнi эксплуатациялау, экономикалық көрсеткiштерге талдау жүргiзу.
Инвестициялық ойды қалыптастыру келесi жағдайларды қарастырады:
• Ойды таңдау және алдын-ала дәлелдеу;
• Техникалық шешiмнiң инновациялық, патенттiк және экологиялық талдауы (
техника объектiлерi, ресурстар, қызметтер ), яғни жобаны iске асыруға
кедергi болатын ұйымдардың жағдайын ескеру;
• Сертификациялық қажеттiлiктердiң орындалуын мiндеттi түрде тексеру;
• Инвестициялық идеяның ұлттық, аймақтық және салалық басымдықтарын
алдын-ала көрсету;
• Жобаны iске асыруға мүмкiншiлiгi бар кәсiпорынды, ұйымды алдын-ала
iрiктеу;
• Реципиенттiң ақпараттық меморандумын дайындау.
Әлемдік тәжірибеде кәсіпорынның дамуының негізін бизнес-жоспар құрап
және ол кәсіпорынның жобалық дамуын көрсетеді. Егер жоба инвестициялық
қатынастарға байланысты болса, онда бұндай жоба инвестициялық жобалар деп
аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жаңа жобасы қаржы көздерін
шоғырландырумен байланысты болады.3
Экономикада жобалардың екі түрі болады:
• Тактикалық;
• Стратегиялық;
Тактикалық жобалар әдетте шығарылған өнім көлемінің өзгеруімен, өнім
сапасының өсуімен, жабдықталудың жаңаруымен байланысты болады.
Стратегиялық жобалар – меншік нысанының өзгеруін немесе өндірістің
түбегейлі өзгеруімен байланысты болады.
Жалпы инвестициялық саясатты іске асырғанда жобалар жобалық кезеңдер
арқылы іске асады. Оларға:
1. Жобаны құрастыру. Бұл кезеңде кәсіпорынның ағымдағы жағдайы және
дамуының неғұрлым маңызды салаларын талдайды. Бұл таңдаудың негізі
көбінесе бизнес-ойлар түрінде болады. Егер бірнеше тиімді бизнес-ойлар
бар болған кезде, кәсіпорын тиімді шешім қабылдауда келесі кезеңге
өтеді;
2. Жобаны дайындау. Бұл кезеңде нақты шешім қабылдау үшін жобаны барлық
жағынан: коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық,
институционалдық талдау қажет. Бұл кезеңде маңызды шара болып жобаның
жекелеген есептерін шешуге қажетті ақпараттарды табу және жинақтау;
3. Жобаны сыақтан өткізу. Жобаны іске асырудан бұрынғы оны жүйеленген
сынақтан өткізу инвестициялық жобаның өміршеңдігінің кепілі болып
саналады. Егер жоба стратегиялық инвестициялар арқылы қаржыланған
болса, онда инвестордың өзі жобаға экспертиза жүргізеді. Ол сынақты
консалтингтік фирмалар арқылы жасауы мүмкін.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-ойдың нақты дамып, іске асуымен
сипатталады. Мұнда кәсіпорынның инвестициялық жобасының нақты қызмет
етуі жобаны іске асыруға қажетті қызметтер және инвестордың қалауын
қамтамасыз етуді көздейді.
5. Инвестициялық жобаның нәтижесін бағағалау. Бұл кезең инвестициялық
жобаның іске асып, аяқталғанымен көрініс табады. Яғни мұнда
инвестициялық салымдар мен оның нақты орындалғандығының, жалпы
инвестициялық тиімділігін бағалау жүргізіледі.4
Инвестициялық саясатта жобалардың түрлері олардың қандай мақсаттарға
байланысты салынып, қызмет етуіне байланысты.
1. Ескірген өндірісті немесе құрал-жабдықтарды жаңартуға бағытталған
инвестициялық жобалар. Масштабы өзгеріссіз деп есептеледі.
Инвестициялық жобаның бұл түрі бойынша күрделі, әрі ұзақ мерзімді
зерттеулерді қажет етеді.
2. Өндірістік технологияны немесе құрылғыларды ауыстыру, яғни ағымдағы
өндірістік шығындарды азайту мақсатында көрінеді.
3. Өндірісті кеңейту немесе қызмет көрсету рыногын кеңейтуге байланысты
инвестициялық жобалар. Ол үшін өте күрделі шешімді және рынокты толық
зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, өндіріс өсуімен қатар бірге
өсетін шығын мен пайданың өсу үлесін анықтау.
4. Жаңа өнім шығаруға немесе қызмет көрсетуге байланысты инвестициялық
жобалар.
5. Экологиялық сипаттағы жобалар. Инвестициялық жобалауда экологиялық
талдау маңызды элеменгт болып табылады. Егер инвестициялық жоба
экологиялық негізде қызмет етсе, ол қоршаған ортаны ластау арқылы
қосымша шығындарды қажет етеді. Мұнда екі сұрақ туындайды: біріншісі,
бағасы арзан, бірақ қоршаған ортаны ластайтын технологиялармен қызмет
ету; екіншісі, бағасы қымбат және тиімді, экономикалық таза
технологияны қолдану болып табылады.
Осы кезеңдердiң әрқайсысының периодтары мен жекелеген мақсаттары бар.
Инвестициялау алдындағы кезеңде инвестор және инвестиция тартушы
кәсiпорындар алдын ала әр түрлi зерттеулер жүргiзiп, тиiмдi варианттарды
қарастырады. Бұл жағдайды келесi схемадан көруге болады:

Сурет – 1. Инвестициялық саясаттың жүзеге асу кезеңдерi

Инвестициялық саясатты құра бастау мен оны iске асыру мерзiмiн
инвестициялық цикл деп атайды. Инвестициялық цикл үш кезеңнен тұрады:
• Инвестициялауға дейiнгi кезең – алдын ала зерттеулер мен инвестициялық
жобаны қолдануға шешiм қабылдағанға дейiнгi мерзiм;
• Инвестициялық кезең – нақты түрде өндiрiске немесе қызмет көрсету
саласына, құрылысқа инвестиция жұмсау;
• Өндiрiстiк кезең – кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ұдайы өндiрiс
мерзiм уақыты аралығы.
Инвестиция объектiлерi болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет
түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы
және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар
жатады. Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей
ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк
маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай
өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық
жұмыстарға қатысу.5
Сондықтан да инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты болып ғылыми-
техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың жаңа
сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен оны
iске асыру болып табылады. Инвестицияның қарқынды мөлшерi әсiресе негiзгi
өндiрiс құрал-жабдықтарының 80% ескiрген, өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi сан-
алуан болып келетiн Қазақстан Республикасы үшiн маңызы ерекше.
Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы
қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал ол үшiн даму
жағынан артта қалған және дамушы елдерге тән, шығындық өндiрiске алып
келетiн шикiзаттық экономикадан тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз
ететiн жоғары индустриялы-техникалық өндiрiстi қамтамасыз етiп, бәсекеге
қабiлеттi тауарлар мен қызметтер өндiруiмiз керек. Ол үшiн елiмiз
экономикасына көп мөлшерде инвестиция тартылып және олар тиiмдi салаларға
жұмсалуы тиiс. Ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып келетiн өңдеушi салаларға
шетелдiк иныесторлар қаржы салуға ынталы емес, себебi олар үшiн
инвестицияны салып, одан жылдам пайда түсiретiн шикiзаттық өндiрiстер
тиiмдi болып отыр.
ҚР-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық
өндiрiске салынуда.
Инвестициялық стратегия ұзақ мерзiмдi кезеңдегi жоспарланған
инвестициялардың және шетелдік инвестициялардың тұрақты дамуын, оларды
тартудың және шығарудың тиiмдi жолдарын көрсету, жалпы болашақтағы
инвестициялық бағдарларды айқындайды. Ал осы инвестициялық стратегияның
iске асуы үшiн кәсiпорын белгiлi мерзiм аралықтарында және рынок
құрылымының өзгерiсiнде инвестициялық саясаттарды iске асырады. Осы
инвестициялық саясаттарды iске асырғанда келесi қағидаларды ескеру қажет:
• Қарастырылып отырған шараларды экономикалық, ғылыми-техникалық,
экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiктерiн максималдау;
• Шетелдік капитал салымдарынан түсiп отыратын ұсыныстарды тиiмдi
инвестициялау;
• Пайдалы емес жобаларды iске асырғанда ақша ресурстарын тиiмдi
пайдалану;
• Шетелдік инвестицияның тиiмдiлiгiн арттыруда мемлекеттiк қолдауларды
қажет ету;
• Шетел инвесторларыннан несие және қарыз алуда белгiлi бiр
жеңiлдiктерге ие болу;
• Инвестициялық тәуекелдiлiктердi минималдауды қамтамасыз ету және
инвестициялық ортадағы бәсекелiктi ескеру;
• Шетелдік инвестицияларды сақтандыру және коммерциялық
тәуекелдiлiктерге кепiлдеме берiлу жағдайлары.
Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық
жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы
техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық акционерлер,
несиелеушiлер және шетелдік инвесторлар қатысады.6
Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық
жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы
корпорацияның техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық
акционерлер, несиелеушiлер және тағы басқа қатысушы тұлғалар қатысады.
Инвестициялық саясаттың негiздемесiн талдағанда келесi iшкi және
сыртқы факторларды ескеру керек:
• өндiрiлетiн өнiмнiң көлемiн, номенклатурасын және сапасын талдау;
• мерзiм бойынша инвестиция негiзiнде iске қосылатын өндiрiстiң жалпы
шығындарын және капитал салымдарын, сондай-ақ осы жобаға балама
жобаларды қатар қарастыру;
• ағымдағы эксплуатациялық шығындар;
• ақысы төленiп, әлi құрылмаған құрылғыларды қолдану тиiмдiлiгi
мүмкiншiлiгiн ескеру;
• негiзгi және материалды емес активтердiң амортизациялық шегерiмдерiн
ескеру;
• корпорацияның есеп саясаты бойынша салық төлемдерiн минималдау
шаралары.
Корпорация инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн ең бiрiншi
корпорацияның инвестициялық шешемiн қабылдайды. Ал өз кезегiнде
корпорацияның инвестициялық шешемi оның қаржылық шешiмiмен тығыз байланыста
болады.

1. ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

2.1 ҚР нарыққа өту кезеңіндегі инвестициялық саясаты

Нарықтық экономикаға бетбұрыс инвестициялық саясатты бірінші
кезекке қойғанын естен шығаруға болмайды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатаң талапшылдығы мен алысты көздеген
экономикалық саясатының арқасында қысқа уақыттың аралығында Қазақстан
мемлекеттік-бюрократиялық экономикадан нарықтық экономикаға көшті.
Елбасы өзінің “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде атап
көрсеткеніндей, “Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық
саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану
негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды
талап етті”.
Қазір енді біршама уақыт өткенде атқарылған шараларды ой
сарабынан өткізіп көрсек, инвестициялық тартымдылыққа негіз болған бірқатар
жәйттерді атап өтуге болады. Біз үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
әрбір қадамнан қорытынды шығаратын, сол арқылы алдағы міндеттерді
нақтылайтын кез келді. Бұл тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға
қолайлы ахуал, яғни саяси тұрақтылық қалыптастыру қажеттігін, шетелдік
инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын, инвесторларға
жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға
болады.
Ол кезде инвестицияларға байланысты қарым-қатынастарды
реттейтін заңның сұлбасы да жоқ еді. Әрі оны ынталандырудың құқықтық және
экономикалық негіздері де айқындалмаған-ды. Мұндай жағдайда инвесторлардың
құқықтарын қорғау туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Әйтсе де, экономикалық
және саяси тұрақтылық, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптаса қоймаған сол
шақтың өзінде Қазақстанға американдық “Шеврон” корпорациясының келуі
күдіктің бұлтын әжептәуір ысырып тастады. Осы арқылы Теңіз кен орнын игеру
жөнінде келісім жасалды. Бейнелеп айтсақ, “Шевронды” инвестициядағы алғашқы
қарлығаш десе де болады. Бұл 1993 жыл еді. Ал “Шетелдік инвестициялар
туралы” тұңғыш Заң осыдан жыл жарым уақыт өткеннен кейін, дәлірек айтқанда,
1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданғанын ескерсек, Қазақстан мұнайын
игеруге “Шевронды” қолдан жетектеп әкелгендей болған Елбасын алғашқы
инвестордың кепілдік ретінде танығанын көруге болады.7
Геосаяси тұрғыдан Орталық Азия өңірі сілкіністер мен
жарылыстарға жақын тұрған өңір ретінде сипатталатыны белгілі. Солай болса-
дағы Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі
есеге дейін ұлғайған. Мұның өзі әлемдік қоғамдастықтың Қазақстандағы
тұрақтылық пен оның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалайтынын көрсетеді.
Соңғы он жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей
шетелдік инвестициялар тартылған.
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен жаңа арналарының
ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға
ынталандырып отыр. Оның үстіне елдегі банк секторының дамуы да бұған жағдай
туғызады. 2003 жылы “Инвестициялар туралы” Заңның қабылдануы және онда осы
заң күшіне енгенге дейін жасалған келісім-шарттар негізінде берілген
жеңілдіктердің сақталатындығының көрсетілуі Қазақстанның инвесторлармен
жұмысы жақсы негізге қойылғанын көрсетіп берді. Қазіргі кезде
инвестицияларды бағыттау үшін мұнай және газ секторымен қатар өңдеу
өнеркәсібі бірінші орынға шығып отыр.
1998 жылы Қазақстанда инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсартуға
бағытталған тағы бір шара қабылданды. Яғни, осы жылдан бастап Қазақстан
Республикасы Президентінің жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылып,
жұмыс істей бастады. Биыл құрылғанына сегіз жыл болатын оның қызметінің
тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Бұл Кеңес инвесторлар мүддесін
қорғауда, қажет болған жағдайда республика басшылығына тікелей шығу арқылы
күрделі мәселелерді шешуде көп іс атқарды.
Әлемге танымал менеджерлердің бірі Питер Робертсон бүгінде
Қазақстан экономикасын, оған салынған инвестиция көлемін тек ТМД-ның
шеңберімен шектеу өлшем бола алмайды, Қазақстан үшін қазір өз экономикасын
Орталық Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикасымен салыстырған
орынды болады, деп мәлімдеді былтыр 17 маусым күні Қарағандыда өткізілген
Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің барынша бәсекеге
қабілетті экономикасы бар елу елінің қатарына шығару туралы алдына қойған
мақсаты сүйсіндіреді. Бұл өте орынды, нақты шындыққа негізделген. Әрі
қолдан келетін міндет.
Егер шетелдік мықты мамандар бұл саясатты қолдап, мойындап
отырса, Қазақстан үшін оның өте тиімді екенін мойындағаны ғой. Елбасының
бұл стратегияны бүкіл ұлтымызға ортақ идея болсын деуінде де осындай мақсат
жатыр.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің сол мәжілісінде айтылғандай,
1995 жылдан бастап қазіргі күнге дейін елімізге келген тікелей
инвестициялар көлемі шамамен 4,7 есе өскен екен. Сондай-ақ Елбасының
өміршең инвестициялық саясатының арқасында 2002 жылы “Муудис” және 2004
жылы “Фитч” халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанға ТМД елдері
арасында бірінші болып инвестициялық сынып рейтингін берді. Қазіргі кезде
жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі
бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көш бастап келеді. Егер бұл
көрсеткіш Қазақстанда 1037,4 доллар болса, бізге ең жақын тұрған
Әзірбайжандағы көрсеткіш 661 доллар екен. 8
Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз
шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы
ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болғанын айта келіп, Елбасы
бір кездері қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында
Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмағанын атап
көрсеткен болатын.
Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестиция салуға неғұрлым
қолайлы жиырма мемлекеттің қатарына қосты. Әрі республика кірісі ортадан
жоғары деңгейдегі елдер қатарында тұрғанын мәлімдеді. Жоғарыда айтылған
агенттік сарапшыларының пікірінше, Қазақстан экономикасы және оның
мемлекеттік қаржылары мұнай секторының қысымына тәуелді бола алмайды. Ол
мұнай бағасының өзгеруіне төтеп бере алатындай неғұрлым қолайлы жағдайда
тұр.
Тұтастай алғанда инвесторлардың мұнай-газ саласына қосып
отырған үлесі қомақты екені рас. Оған Қазақстанда әлемнің “Эксон Мобил”,
“Шелл”, “Эни”, “ШевронТексако”, “Тоталь”, “Бритиш Петролеум”, “Лукойл” және
Қытай ұлттық мұнай корпорациялары бар. Осы мұнайдың арқасында еліміз
экономикалық жүйені өзгерту кезеңін жеделдете алғаны анық.
Осылайша елдің экономикалық дамуындағы мұнай мен оған тартылған
инвестиция факторының рөлін орынды бағалай отырып, өнеркәсіптің басқа
салаларына да инвестициялық қаржылар құйылып жатқанын айта кеткен жөн.
Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның да тиімділігін
көтергені анық.
Сонау 1997 жылы инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі
бекітілген болатын. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, олар: өңдеу
өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм және ауыл
шаруашылығы екенін атап көрсетті. Бұл салаларда әжептәуір ілгерілеушілік
бар екені, өзгесін айтпағанда елордамыз Астананың жыл сайын емес, ай, апта
санап көркейіп бара жатқаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдасқан кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Қаржылық инвестицияның теориялық негіздері
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық функциялары
Туристік бизнеске инвестицияларды тартуда шетел тәжірибесі
Инвестициялық салық преференциялары
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау
Материалды айналым активтерінің қорларының өсуін инвестициялау
Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Пәндер