Зар – заман ақындары Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы М.Мөңкеұлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 4

1. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1. Заман . біреу, зар .ортақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 . 5

1.2 Зар заман ақындарының шығармаларында Ресей отаршылдығының бейнеленуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 . 14

1.3 XIX ғасырдың ақиық тұлғасы .Дулат Бабатай ұлының шығармашылық әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 . 23

1.4 “Әр сөзі көріпкелдің болжамындай”. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23 . 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Ен алғаш зар заман деген атауга қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде байыптама жасаған. Ол «Зар заман» Шортанбай акынның заман жайын талдаған өлеңінің аты екенін айта келіп, бұл атауға сол кезең ақын-жырауларының шығармаларына ортақ әдеби ағым, бағыт, сарын ретінде мән береді. Ғұлама ғалым «...зар заман ақындарынан бастап біздің әдебиет екінші жікке қарай ауысады. Бұдан бұрын қарастырған әдебиет жұрнақтарының барлығы ауызша әдебиет десек, мыналарды жазба әдебиетінің басы деу керек» деп түйіндейді.
Кеңестік дәуірде қазақ әдебиетінің тарихында зар заман ақындары ретінде үш-төрт ақынның есімі үнемі аталып келді. Олар – Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай Қанайұлы және Әбубәкір Кердері. Әдебиет оқулықтарында бұл ақындарға «ескіні көксеушілер, жаңалықты жатсынушылар» деп баға берілді.
Қазір бұл кезең әдебиеті бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерттеп-зерделенуде. Шортанбайдың, Әбубәкірдің, Мұраттың әде-
би мұрасын талдап-таразылаған кандидаттық диссертациялар
қорғалды. Күрмеуі көп тың тақырыпқа арналган ғылыми еңбек-
тер жазылу үстінде.
Зар заман әдебиеті – қоғамның бір кезеңнен екінші кезеңге ауысуы, ұлттық бір сападан екінші сапаға өтуі тұсында туған әдебиет. Зар заман ақындарының шығармаларының өзегінде елдің ғасырлар бойы армандаған төуелсіздігінің талаптары жатыр. Олар отарлаушылық саясаттың жетегінде кеткен ұлттың тағдырын ойлап, күйзеледі. Қолжаулық болған ұрпақтың, ой- ранға айналған жердің жағдайын ойлап, зар илейді.
Біздің әдебиетімізде зар заман деп аталган ағым тегінде көптеген халықтарға ортақ. Мәселен, көршілес қырғыз елінің ақындары Қалығұл Байұлының, Арыстанбек Бұйлашұлының, Молда Қылыштың шығармалары Дулат пен Шортанбайдың, Мұрат пен Әбубәкірдің өлеңдерімен сарындас. Ақындардың тағдыр-талайлары да ортақ. Біздің зар заман ақындары сияқты аталған, қырғыз ырчылары да күні кешеге дейін шығармалары жарияланбайтын ақындардың санатында болды.
1. Рахымжан К. «Ақшатаудың ақшаңқан биіктері». Қазақстан –2002, №1 – 5-9 бет.
2. Рай Қ. «Жарияланбаған жырлардың жұмбағы: Ақын Д. Бабатайұлының шығармашылығы жайлы». Жұлдыз –2001, №6, 143-148 бет.
3. Қ.Шортанбай туралы. Алматы Ақшамы –2002, 26 қыркүйек, 3 бет.
4. Жүністегі К. Әр сөзі көріпкелдің болжамындай, Егемен Қазақстан. 2001, 28 ақпан, №43-49, 8 бет.
5. Өршіл жылдар, өміршең ойлар: [Зар заман ақындары Д. Бабатайұлы, М.Мөңкеұлы, Ш.Қанайұлы, Ә.Кердері және Зар заман әдебиеті туралы]] // Қазақ тілі мен әдебиет – 1998 - №5-6-79-81 бет.
6. Омарұлы Б. Заман –біреу, зар-ортақ: [Зар заман ақындары туралы] // Зерде – 1998. №5-6 –26-27 бет.
7. Омарұлы Б. «Жерінді алды, елді алды: Зар заман ақындарының шығармаларында Ресей отаршылдығының бейнеленуі //Ақиқат –1999, №7-71-77 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қ.И.Сәтбаев атындағы
Қазақ Ұлттық Техникалық Университет

Қазақ тілі кафедрасы

Курсавая

Тақырыбы: Зар – заман ақындары
Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы
М.Мөңкеұлы

Орындаған: Экб-04-1 тобының

студенттері: Бекенова А.Г.
Карпбаева А.С.
Қабылдаған: аға оқытушы
Аманова Ж

Алматы 2005

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 3 - 4

1. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 4

1.1. Заман – біреу, зар
–ортақ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..4 - 5

1.2 Зар заман ақындарының шығармаларында Ресей отаршылдығының
бейнеленуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 6 - 14

1.3 XIX ғасырдың ақиық тұлғасы –Дулат Бабатай ұлының шығармашылық
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
- 23

1.4 “Әр сөзі көріпкелдің болжамындай”. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .23 - 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе

Ен алғаш зар заман деген атауга қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов
өзінің Әдебиет тарихы атты еңбегінде байыптама жасаған. Ол Зар заман
Шортанбай акынның заман жайын талдаған өлеңінің аты екенін айта келіп, бұл
атауға сол кезең ақын-жырауларының шығармаларына ортақ әдеби ағым, бағыт,
сарын ретінде мән береді. Ғұлама ғалым ...зар заман ақындарынан бастап
біздің әдебиет екінші жікке қарай ауысады. Бұдан бұрын қарастырған әдебиет
жұрнақтарының барлығы ауызша әдебиет десек, мыналарды жазба әдебиетінің
басы деу керек деп түйіндейді.
Кеңестік дәуірде қазақ әдебиетінің тарихында зар заман ақындары
ретінде үш-төрт ақынның есімі үнемі аталып келді. Олар – Дулат Бабатайұлы,
Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай Қанайұлы және Әбубәкір Кердері. Әдебиет
оқулықтарында бұл ақындарға ескіні көксеушілер, жаңалықты жатсынушылар
деп баға берілді.
Қазір бұл кезең әдебиеті бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерттеп-
зерделенуде. Шортанбайдың, Әбубәкірдің, Мұраттың әде-
би мұрасын талдап-таразылаған кандидаттық диссертациялар
қорғалды. Күрмеуі көп тың тақырыпқа арналган ғылыми еңбек-
тер жазылу үстінде.
Зар заман әдебиеті – қоғамның бір кезеңнен екінші кезеңге ауысуы,
ұлттық бір сападан екінші сапаға өтуі тұсында туған әдебиет. Зар заман
ақындарының шығармаларының өзегінде елдің ғасырлар бойы армандаған
төуелсіздігінің талаптары жатыр. Олар отарлаушылық саясаттың жетегінде
кеткен ұлттың тағдырын ойлап, күйзеледі. Қолжаулық болған ұрпақтың, ой-
ранға айналған жердің жағдайын ойлап, зар илейді.
Біздің әдебиетімізде зар заман деп аталган ағым тегінде көптеген
халықтарға ортақ. Мәселен, көршілес қырғыз елінің ақындары Қалығұл
Байұлының, Арыстанбек Бұйлашұлының, Молда Қылыштың шығармалары Дулат пен
Шортанбайдың, Мұрат пен Әбубәкірдің өлеңдерімен сарындас. Ақындардың тағдыр-
талайлары да ортақ. Біздің зар заман ақындары сияқты аталған, қырғыз
ырчылары да күні кешеге дейін шығармалары жарияланбайтын ақындардың
санатында болды.
- 3 –
Бұдан шығатьн қорытынды – зар заман ағымының отаршылды
езгіден өткен көптеген халықтарға ортақ екендігі. Ұлттың тағдырына төнген
қатердің әдебиетте бейнеленуі тұрғысынан зерттеп-зерделей түссек:
Еділді келіп алғаны-
Етекке қолды салғаны.
Жайықты келіп алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды келіп алғаны-
Ойындағысы болғаны,—
деп түйдектеліп келетін Мұрат Мөңкеұлы жырларының сарыны
өзге халықтар поэзиясында да мол кездесері айдан анық.

- Негізгі бөлім

1 Заман - біреу, зар –ортақ

Біздің әдебиетте Зар заман қырғыздарда Тар заман түрінде көрініс
тапқан осы бір құбылыстың басқа халықтардың поэзиясында да ұшырасатыны
белгілі болып отыр. Өйткені отаршылдықты басынан өткізген елдер дүние
жүзінде жетіп артылады. Ал оған сол тұста өмір сүрген ақындар тарапынан
қарсылық көрсетілуі, бұл қарсылықтың біздің зар заманға ұқсас кейіпте
байқалуы таңқаларлық нәрсе.
Қазақтың талантты ғалымы Едіге Тұрсынов мұндай құбылыстың Африкадағы
көшпенді халық – фульбенің поэзиясына да тән екенін атап көрсетеді.
Салыстырып қарасақ, екі елдің тағдыр-талайы ұқсас. Қазақ патша отарлауынан
қорлық көрді, ал фульбе халқының төбесіне француз отаршылары әңгіртаяқ
ойнатты. Келешектің көкжиегін тұман торлады. Есесіне, өткен күнді көксеу,
бастан кешкен қызық дәуренді сағыну тілегі оянды. Бұл дүниеде қызығарлық
ештеңе қалған жоқ, аяқ бассаң-бақытсыздық, қайғы мен сор, болашағың құрдым
- міне, Е.Тұрсынов айтқандай, африкалық зар заман ақындары шығармаларының
негізгі желісі осы.
Фульбе - Африканың батысына VIII ғасырды қоныстанған көшпенді тайпа.
Көп ұзамай отырықшылыққа үйреніп, жергілікті
- 4 –
халықпен араласып-құраласып кетті. Олар да қазақтар сияқты, өмір бойы мал
баққан жұрт. Фольклорист –ғалым Г.В.Зубконың деректеріне сүйенсек,
фульбенің тілінде сегіз миллионға жуық адам сөйлейді екен. Бұлардың
көпшілігі Фута-Джаллонда (Гвинея), Адамауада (Нигерия және Камерун)
тұрады.
Өзіндік өрнегі бар көшпенділер елінің поэзиясы еуропалықтардың жаулап
алу кезеңі басталған соң, жаңа түр-сипатқа енді. Отарлау жорығы ұлттық
әдебиеттің және фул тілінің әдеби тіл ретінде дамуының тежелуіне әкеп
соқтырды.
Фульбе халқының басына орнаған қара түнек О, эта грустная эпоха,
Проклятая эпоха французов, Все зло нашего времени деп аталатын
өлеңдерді өмірге әкелді.Бұл шығармалардың авторлары белгісіз. Г.Зубко
осынау өлеңдерді Ж.Вьейардың Гвинеяда жазып алғанын, шығармалардың
мазмұнына қарап авторлардың білімдар адамдар болғанын, ақсүйектер
отбасынан шыққанын атап көрсетеді.
Иран әдебиетінің өкілі Ягма Джандакидің (1782-1860) шығармаларының
бірқатары біздің ақындардың өлеңдерімен үндеседі.
Ол да өз қоғамындағы әлеуметтік жөнсіздіктерге қарсы шығып, елге билік
жүргізген хандардың озбыр әрекеттерін сынға алған. Осыған байланысты
Ягманың өлеңдерінің жарыққа шығуына Иран үкіметі тиым салды. Ақынның
шығармалары өзі дүниеден өткен соң жеті жылдан кейін Бомбейде
жарияланды. Ягманың шығармашылығы үш кезеңнен тұрады. Алғашқыда ол өлең
техникасын жетік меңгергенін дәлелдеген ғазалдар жазған.
Екінші кезең – оның айналасында болып жатқан құбылыстарға сын көзбен
қарап, сатирик – ақын ретінде қалыптаса бастауы Ягманың сатиралық дүниелері
де лирикасынан кем түспейді. Үшінші кезең – ақынның пессимизмге салынған
өлеңдер жазған тұсы - дейді зерттеуші Р.С. Казарян.
Жалпақ жұртқа Ягма деген бүркеншек атпен танылған Мырза Әбіл Хасан
Джандак облысының Хур деген аулында туған. Жұпыны тірлік кешкен кедейдің
жеті жасар баласы мал бағып жүргенде жанынан өтіп бара жатқан Әмір Ысмайыл
хан көріп, Мұнда не істеп жүрсің ? деп сұрайды.
Сонда бала іркілместен:
Хурда туған кіп-кішкентай адамбыз,
Білімі мен білігі жоқ наданбыз –
- 5 –

деп жауап береді.
Бұған әрі таңқалып, әрі разы болған Ысмайыл хан баланы мал бағудан
босатып, өзімен бірге ала кетеді. Одан әрі ақын бала Ысмайыл ханның
тәрбиесінде болып, білім алады. Ягма, ақындық өмірбаянының осылай сәтті
басталуы жағынан, Мұрат Мөңкеұлымен тағдырлас. Мұрат ақынға да елдің
қадірлі азаматы Барахат деген кісі жеті жасында қой бағып жүрген кезінде
жолығып, өлеңмен бір ауыз сауал қояды.
Оның сөзін лезде іліп алған қаршадай Мұрат бір шумақ өлеңмен жауап
береді. Өреннің өнеріне сүйсінген Барахат оны мал бағудан босатып, ақындық
жолға түсуіне себепкер болады.
Жеті жасынан Ысмайыл ханның сарайында тұрып, кейін ханның хатшысы
болған Мырза Әбіл Хасан ақын ретінде қалыптаса бастаған сәтте Джандакты
әскер жайлайды. Ысмайыл хан жеңіліп, Джафар Сұлтан билік тағына отырады.
Ақынның басынан бақ таяды. Түрмеге түседі. Уайым-қайғыға салынған
өлеңдерін жазады.
Ягманың шығармашылығы жөнінде шығыстанушы ғалым Е.Э.Бертельс жоғарғы
баға берді.
Жоғарыда әр халықтың зар заман поэзиясын қазақ ақындарының сол
бағыттағы шығармашылығымен салғастыра, жақындастыра, салыстыра қарағанда,
әдебиеттегі осы бір ағымды қоғамдық қатынастардың қарсылығы, дәуір немесе
жеке бір топтар әкелген әлеуметтік-саяси көңіл-күй, ұлттық мүдде, қала
берді дәстүр-салт, әдет-ғұрыпты конкистадорлық әрекеттен қорғау тілегі
туғызғаны айтылады.
Демек, Махамбет, Абай, Бұқар дыраулармен қатар, Мұрат, Дулат,
Шортанбайлар да, фульбе ақындары деп есептеуге болады. Ягма да қоғам
қайраткерлері, өз заманының ұлттық күрескерлері.

1 Зар заман ақындарының шығармаларында ресей отаршылдығының бейнеленуі

Арғы түбі сопылық поэзияның ақырзамандық сарындары мен
- 6 -
халық әдебиетіндегі болжам өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының
мейлінше көп таралған кезі - отаршылдық дәуірі. Себебі бұл қарағай басын
шортан шалған күнді тап басып айткан болжамдардың айна-катесіз келіп,
ақырзаман дегеніміз, осындай-ақ болар деп әрі-сәрі күйге түскен кезең-ді.
Асан Қайғы бірнеше ғасыр бұрын топшылаған, Бұқар бабамыз қолмен ұстап,
көзбен көргендей атын атап, түсін түстеп берген жат жерліктердің нөпірі
асқар беліміз бен шалқар көлімізді нысанаға алып ағылғанда қазақ жұрты тағы
бір зобалаңның мекеніне айналды.
Қайғы мен шерді қоса саулатып, зар мен запыранды қоса ақтаратын
заман келді. Ғасырлар қойнауынан сыздықтап басталып, елдің мұңы мен
мұқтаждығын қозғаған зар заман күйі нағыз бабына келді. Ұлы Мұхтар Әуезов
айткандай, Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске
асуға айналды. Жерлері алынуымен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сызьш,
шеткі қалаларды салды. Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп
қондырды.
Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын ойлайтын түзу
адамның бәрі, шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы да орыс
қуатымен, орыс қолымен істейтін. Бір законінен соң екінші закон шығып,
ел тіршілігінің шеңбері тарыла бастады. Бұрын қайыс ноқта болып созылудың
орнына көңдей кеуіп, темір құрсаудай болып қысып, қинай бастады. Сайлау,
билік, жүріс-тұрыс, көші-қон түгелімен ел ықтиярында емес, елдің үстінен
қара бұлттай түйіліп тұрған жаттың ықтиярында болды (М.Әуеэов. Әдебиет
тарихы. А,1991. 144-бет).
Асан ата айтып кеткен (Мұнан соң қилы-қилы заман болар, Заман азып,
заң тозып, жаман болар), Бұқар болжап берген (Күн батыстан бір дұспан,
ақырда шығар сол тұстан) дәуір келіп жеткен соң қазақ ақын жырауларының
өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты.
Шортанбайдың бір шығармасының атауын алып, теориялық қағидасын
М.Әуезовтың өзі негіздеген бұл ағымның өзегінде Қожа-Ахмет Ясауидан суат
алатын болмыстан безіну, тірліктен түңілу сарыны жатқаны рас. Отаршылық
дәуір тұсында бұл көңіл көшпелі өмірдеің көріністерін сағыну, озбырлыққа
опыну, келешекке күмандану сарындарына ауысты. Сол әуен, сол мұңнан
ажырамаған олар отаршылдардың қазақ жеріндегі жорығының тарих намазын жасап
кетті.
Зар заман ақындарының шығармаларының кеңестік жүйенің
- 7 –
іргесі сөгілгенше қапаста ұсталғаныда содан.
Шығыстағы Дулаттың Батыстағы Әубәкір мен Мұраттың, Арқадағы
Шортанбайдың, Жетісудағы Албан Асанның, Алатаудың арғы бетіндегі айыр
қалпақты ағайындарымыз Арыстанбек пен Молда Қылыштың бірін-бірі көрместен
бір-біріне ұқсас әуенмен ел мұңын жырлауы көп ойға жетелейді. Заманды
сезіну ортақтығы осы шығар.
Отаршылдықтың негізгі тұтқасы болған Ресейдің Қазақстанға шаруаларды
қоныстандыру саясаты қазақ жұртының қоғамдық ахуалына өзгеріс енгізді.
Қарашекпенділердің өэге елге көшірудің себептері әрқилы
дәлелдер мен түсіндіріледі. Алдымен, өндірістік қатынастар бойынша орыс
шаруаларының үлесіне тиген жер көлемінің аздығы, мол өнім алуға
қолайсыздығы алга тартылды. Бірақ, муның өзі нақты дәлел емес еді,белгілі
бір жер көлемінің өзі әртүрлі жағдайда әркелкі өнім берері анык дейді
Ә.Тұрсымбаев (А.Б.Турсунбаев. Из истории крестьянского переселения
Казахстан. А.1950. 18-бет). Сондай – ақ, қоныстандыру саясаты жерді
пайдаланудан түскен табысқа салынатын салыктың бес есе өскенімен де
бүркемеленеді. Бір жағынан Ресейде пісіп келе жатқан шаруалардың төңкеріс
ахуалын бәсеңдету де ойда болған сыңайды.
Ресей патшалығының Қазақстандағы қоныстандыру саясатын жан-
жақты зерттеген Ә.Тұрсынбаев шаруаларды орналастыру арқылы біздің елді
отарлаудың өткен ғасырдың 60 жылдарында басталғаны, Ақмола облысында
өздігінен келіп тұрақтанушылардың пайда болғаны, келімсек шаруаларды Көкше
өңірінің табиғаты мен жерінің шырайлылығы қызықтырғаны туралы жазады. Одан
соң қара-шекпенділер қозғалысы Қазақстанның басқа да өлкелеріне деңдер
жайлы бастаған.
Орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі жұрттың наразылығын оятты.
Бұл қарсылық отаршылдық дәуірдің құбылыстарын аяусыз сынға алған зар заман
поэзиясында шынайы көрініс тапты:

Дулат:
...Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып...
- 8 –
ххх
...Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?..
ххх
...Сауыр жерден айырылып,
Қазақ елі жұқарды...
Шортанбай:
...Нысапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды, малды алды...
Мұрат...
... .Еділді тартып алғаны,
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны,
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны,
Ойындағысы болғаны...

Зар заман ақындарының ішінде күрескерлік рухымен ерекшеленетін Мұрат
Мөңкеұлының өлеңінен қазақ жеріне бірте- бірте деңдеп еніп келе жатқан
қоныстанушылардың қозғалысы айқын көрінеді. Мұрат батыс өңіріндегі
келімсектер жорығын жырға қосты. Нарманбет Орманбетұлы Сарыарқаға сабылған
жер иеленушілерді сынап-мінеді. Ал Жетісуға жеткен қарашекпенділерді Албан
Асан нысана алды:

...Қара бұлақ, сары жазық,
Текесті де еңді алды.
Ойқайың, Қарой, Дардамбы
Үшқақпақ деген төрді алды.
Есек артқан Сүмбемен,
Қоныстың шеті өрді алды.
Албан, Бұғы қонысы
Пайдаланған жерді алды...

Зар заман ақындарының ішінде көршілес қырғыз еліменаралас-құралас
болғаны Албан Асан ғана. Сол себепті, оның өлеңдерінде
- 9 –
Албан, Бұғы дегентіркес көп қолданылады (Бұғы – қырғыздың іргелі руының
аты). Асанның ұғымында, қазақ пен қырғыздың отаршылдықтан көрген азабы мен
зары ортақ. Жердің жайы мен қоныстың қайғысы да ақбас Алатаудың екі жағын
жайлаған ауылдар мен айылдар үшін бір-бірінен бөліп қарағысыз нәрсе.
Бұл кезде төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған қырғыз
көршілеріміздің ақындары да (оларды қырғыз әдебиетінде заман ырчылары деп
атау үрдісі қалыптасқан) жерге баса-көктеп кіріп қоныстанушыларға қарсы
өлең жырларды өмірге әкелді:

Молда Нияз:
Орус келип камады,
Олуя-Ата, Чимкентти.
Ххх
Олуя-Ата, Пишкеги
Орус кафир ол кетти...
Арыстанбек Бұйлашұлы:
...Алда құдай қапырай,
Алматыдан аттанып,
Орус келе жатыр-ай!..
ххх
...Бұл орусту қарасаң,
Ченди салып, жерди алды...
Молда Қылыш :
...Белгилеп алды жеринди,
Жериңе салды егинди...

Бір сөзбен айтқанда, елдің әр түкпірінде ғұмыр кешкен жыр
жүйріктерінің шығармашылығында қазақ жерін талауға түсірген жасауылдардың
жорық жолдарының іздері жатыр. Отаршылдардың ойраны қалай өрбігені, қай
жердің жайлауы мен құдығына қашан ауыз салынғаны, келімсіктердің келгенінен
кімдердің кеңдік, кімдердің кемдік көргені түгел хатқа түскен.
Қолдан-қолға көшіріліп, жұрттың зердесінде сақталып, күні бүгінге
дейін жеткені де жақсының атынан айтылып, ақынның хатына айналғандығынан.
- 10 –
Ресей патшалығының қазақ еліне өктемдігін күшейте түскен 1867-1868
жылдардағы реформалар ұлт болып ұйысқан қалың жұрттың өз ішіне іріткі
салды. Отаршылдық жүйе халықтың арасынан шыққан жағымпаз жаңдайшаптар мен
арамза атқамінерлерді шебер пайдаланды. Әсіресе, Дулат Бабатайұлы
отарлаушылардың астарлы амал-айласы мен қитұрқы қулығын салғаннан-ақ
аңғарды:
...Батыстан патша түнегі,
Жеріңе келіп түнеді.
Жоныңнан таспа тіледі,
Оны Дулат біледі...

Шортанбай:
...Осы күнде заманың
Осылайша болып тұр.
Мұсылманды бұл күнде,
Орыс кәпір жеңіп тұр...

Әбубәкір:
...Қазаққа штат деген хабар тиіп,
Жылында алпыс сегіз хауа болды...
ххх
...қоныстан бірнешелер көшті үркіп,
Штаттың хабарынан білмей қорқып...
Дәл осы тұстағы ахуал жөнінде С.Мұқанов былай деп жазды: 1868 жылдан
кейін қазақ елінде әкімшілік билеу тәртібі де өзгерді. 1822 жылдың заңынан
кейін жарияланған окрігтік приказдар жойылды, округтің орнына облыстар
құрылды. Облыстың басына округ бар кездегідей, қазақтан аға сұлтандар,
заседательдер отырған жоқ. Облыстың басына қойылған губернатор, ояз басына
қойылған начальник орыстан ғана болды, оларға қазақтан ешбір советник
берілмеді. Қазақтан әкім қойылу ауылдық жағдайда ұлықсат етілді. Ауылда үш
жылда бір болыс, би, старшын сайланды.
Отаршылдық саясаттың әуелгі кезде жұрттың көңілінен шығатындай етіп
ойластырылғанына Әбубәкір Кердерінің Заманнның халіне айтқан сөздері
куә. 1868 жыл5ы “Жаңа низамнан” кейінгі өзгерістер ақиық ақыннан әдепкіде
оң бағасын алған. Болыс, ауылнай сайлауында тек қазақтар ғана бәсекеге
түсуі, ұрлық-қарлыққа тыйым салынуы, білімге ұмтылдыру, мектептердің
- 12 –
ашылуы оның ризашылығын оятады. Тамыры терең отаршылдық саясаттың
жұртшылық сеніміне ие болған тұсы да осы кез.
Әйтседе, отаршылдық жүйенің құбылыстары халықтың санасына әсер еткені
соншалық, ақ патшаның бейнесі ақындарайтыстарында да көрініс беріп жүрді.
“Жаңа низам” заңы, елдің еркіндігіне, қоғамдық қатынастарына тигізген
зардаптары өз алдына, қазақ ішінде алауыздық туғызатын кеселдерді
өрістетті.
Дулат бастаған зар заман ақындарының тіліне тиек болған нәрсенің
бірі – қазақтан шыққан би-болыстардың патшаға жаққан еңбегіне алған шен-
шекпені. Өз халқына жайсыз болғаны үшін берілген жез белгіні жыр жүйпіктері
көзге шыққан сүйелдей көреді. Әпербақан әкімдерді әу бастан-ақ итке теңеген
Дулат жез белгіні де соның төңірегінен алыстата қоймады:
...Жезден қарғы тағынған,
Ақ патшаға жағынған...

Әбубәкір :
...Ісбіргі штатский шенін алдың,
Гүбірнә кеңесіне кіріп алдың...

Албан асан :
...Мансптағы адамдар,
Ұлықтарға жағып тұр.
Мынау менің белгім деп,
Мойнына ызнақ тағып тұр.
Отаршылдық саясат өмірге әкелген дерттің бірі – пара. Бұл кесел
қызметке тағайындалу үшін ұлықтарға ақша тықпалаудан басталды. Сондықтан,
бақталастық сайысында жеңіп шығу үшін жоғары жақтағы әкімдерге пара беру
әдетке айналған.
Отаршылдық саясаттың қитұрқы түрлерін бір-бірімен байланыстыра
суреттеу Түсетай Қоржымбайұлының Сарыарқасына тән. Оның толғауының:
...Қалмады қыста қыстау, жазда жайлау,
Падышаның бұйрығымен өтіп сайлау.
Жайлымсыз төрт түлік мал қырылуда,
Болған соң күнде тұсау, күнде байлау,
-деген бір шумағының өзінен-ақ Ресейдің қазақ жерін басқаруға
- 13 –
арналған Уақытша Ережелері бойынша қоныстандыру, болыс сайлау, салық салу
саясаттарының қалай жүзеге асып жатқаны байқалады. Зар заман ақындары
сияқты Түсетай шарасыздығы шегіне жеткен тұста: Жаратқан бұларға ерік
беріп тұр ғой, рахымы бізден қашып, жеріп тұр ғой деп жырлайды. Сөйтіп,
шыдамсыздана тұрса да, шектен тыс озбырлыққа күйініп, алладан жәрдем
тілейді.
Бүгінгідей еркіндік алып, ақжарылқап заманға қол жеткізген тұсымызда
тарихымыздың ақтаңдақтары мен өткеніміздің сабақтары қайта зерделеп, қайта
ой елегінен өткізуді қажетсінеді. Бұл жолы кешегі күнімізге жыр
жүйріктерінің көзімен үңілдік.
...Секілді киік, құлан қазақ едім,
Замана іліктірді салып қақпан,
-деп зар заман ағымының тұлғалы өкілі Әбубәкір Кердері айтқандай, ұлт
еркіндігіне тұсау салған отаршылдық дәуірдің ақындар шығармашылығындағы
көрінісі, міне осындай!

1. XIX ғасырдың ақиық тұлғасы –Дулат Бабатай ұлының шығармашылық әлемі

XIX ғасырдың алмағайып аласапыраны өмірге әкелген айтулы акыны, азуын
айға білеген ақиық тұлға Дулат Бабатайұлының шығармашылық әлемінің көз
жетпес қияны биік, ақыл бойламас ой тереңдігі түпсіз тұңғиықтай...
Ақын жазбалары туралы зерттеулерді оқығанда, тақырып жағынан мынау –
туған жер, мынау – адамдық қасиет, мынау – табиғат туралы толғау деп де
бөле жаруға келмейтін кесек те кемел туындылар кешегі кеңес кезеңінің
қалыбына лайықталып, бөлшектенгендей әсер қалдырады.
Әйтпесе бүтін бір өлең түгіл шымыр бір шумағында жоғарыда айтылған сан
тарау белгілер тұтастық тауып, өзгеше өріліп жатқан өлеңдерінің алғашқы
жариялануында „Өсиетнама” деп аталуының астарында талай ой тұнып тұр.
Ендеше бүтінді бұтарлап бөлшектемей, бірлікте қарау арқылы тайпалған
жорғаның желісімен басынан соңына дейін бір ырғақ, бір мақаммен оқылатын
жыр жолдарының сыртқы үндестігі қандай жарасымды болса, оның ішкі мазмұн
үйлесімділігі де сондай ұнасымды екенін байқау қиын емес. Өршіл рухты
өлеңдеріңің
- 14 –
заманалар тезінен аман өтіп, шын ыкыласпен ынтыға іздейтін кейінгі ұрпағына
сеніммен, үмітпен арнай басталатын алғашқы жолдардағы-ақ төкпе ақынның
айбарлы ойы, айдынды қуат күші ерекше серпінмен басталуы еріксіз
тамсандырады:
Үмітім бар құдайдан, Залым туған анадан.
Сақтай ма деп жаладан. Мұны жазған Дулатты
Ақыр заман баладан, Тастамаңыз дұғадан...
Алладан иман сұраған сарабдал сөз зергері асқан зиялылыкпен
заманалар көшінің көркем кейпін дәуір-дәуірімен көз алдыңнан өткізе отырып,
өзіне дейінгі тарих белестерін, сол сағым уақыт кеңістігінде халық жадында
сақталған сом тұлғалар есімін жаңғыртады. Олардың әрқайсысының ел
тарихындағы тағлымдық, мәнін, ұлағат үлгілерін сағына отырып, сазды жырға
арқау етеді. Алаштың абыройы аспандаған, асау өмір арнасындағы өзіндік ажар
кейпін сырбаздық мінезбен сомдауға ұмтылған ұлы ақын шындықты шымырлата
төкпелейді.
Адамның жан сезімін тереңнен тербеп, айтар өсиетінің өнегесін
тануға тыңдаушысын алдын-ала даярлап алатын таңғажайып тапқырлық Дулат
өлеңдерінің құдірет күшін арттыра түседі. Әуелде өміртанымның қалыптасуына
негіз болатын дамудың алғы шарты ретінде осы дүниедегі қарама-қайшылық
заңдары, тіресе жүретін егіз ұғымдар адам болмысымен астастырыла беріледі.
Жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, адамдық пен арамдық т.б. секілді бір-
бірімен ешқашан сыйыспайтын, бірақ бір-бірінен бөлініп те кете алмайтын
түсініктерге де бой ұрғызады. Бейнелі де бедерлі тілмен оқырманның ойына
қозғау салғаннан кейін жыр, бұлағы емін-еркін ағытылады. Сөз таныр кісінің
көзіне шалынар қадау-қадау ой мұнаралары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Шортанбай Қанайұлының Зар-заман толғауы
Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы
Зарзаман ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Зар Заман - Қазақ әдебиетіндегі кезең атауы
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ МЕН ҚАЛЫҒҰЛ БАЙҰЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЗАР ЗАМАННЫҢ СИПАТЫ
Зар Заман Ақындары туралы ақпарат
Пәндер