Географияны оқыту



Кіріспе
1 Географияны оқыту әдістемесі, оның зерттейтін басты мәселелері
1.1 Географияны оқытудың негізгі міндеттері, зерттеу әдістері, даму ерекшеліктері
1.2 Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары
1.3 Географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңызы
2 География сабақтарында географиялық ұғымдарды игеру және жеке ұғымдарды оқып.үйрену ерекшеліктері
2.1 География сабақтарында географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі
2.2 Географиялық ұғымдарды игерудегі педагогикалық және психологиялық негіздер
2.3 География сабақтарында қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар
2.4 Географиялық ұғымдарды қалыптастыруда географиялық картамен жұмыс түрлері
3 География сабақтарында географиялық ұғымдарды игеру жолдары
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егеменді еліміздің қоғам өміріндегі табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі және оған қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түсу» - деп аталатын бөлімінде сапалы білім беруге жан-жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» - деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, білім жүйесінде болатын қайта құру мәселесі заңды түрде орта сыныптардан басталатыны анық.
Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады. Тиянақты білім дегеніміз – жаттанды емес, белгілі жүйесі бар (қарапайымнан күрделіліге қарай дамытылған), тұрмыспен, күнделікті өмірмен тығыз байланысты, оқушының ой-өрісінің дамуына көмектесетін ұғымның жиынтығы.
Қазіргі таңдағы орта сыныптарда білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және дамуында үлкен рөл атқарады.
1. Душина И.В., Таможняя Е.А., Пятунин В.Б. Методика и технология обучения географии в школе. М.: Астрель, 2004г-206с.
2. Калечиц Т.Н., Кейлина З.А. Внеклассная и внешкольная работа. М.: Просвещение, 1972г-136с.
3. Душина И.В., Понурова Г.А. Методика преподавания географии. М.: Московский лицей, 1996г-792с.
4. Кушимова Г.А. Методика преподавания географии в средней школе. Алматы: Казахский университет, 2003г-64с.
5. Матрусова И.С. Методика обучения географии в средней школе. М.: Просвещение, 1985г-235с.
6. Семакин Н.К. Внеклассная работа по географии. М: Просвещение, 1979г-89с.
7. Актуальные вопросы формирования интереса в обучении/ Под. Ред.Г.И.Щукиной. М.: Педагогика,1984г-97с.
8. Воробьева Е.Д. Внеклассная работа по географии (из опыта работы).М.: Горький,1971г-73с.
9. Методическая копилка для учителей // http.// www.bryanskedu.net/metodik/geo/vneuroka/
10. Баринова И.И. Внеурочная работа по географии. М.: Просвещение, 1988г-158с.
11. Крупская Н.К. Методика общественно полезной работы//Пед.соч.: В 10т – Том 3 – 375с.
12. Белевич И.В.,Строев К.Ф. Методика преподавания географии. М.: Просвещение, 1974г-128с.
13. Ананьев Б.Г. Человек как предмет воспитания/Избр.пед.труды.Том 2. –М.:Просвещение, 1980г-196с.
14. Даринский А.В. Методика преподавания географии. М.: Просвещение,1975г -105с.
15. Герасимова Г.П.,Коринская В.А. Методы и формы организации обучения географии. М.: Просвещение, 1964г -256с.
16. Прохорчик А.Ф. Организация внеклассной работы по географии. Минск, Народна асвета,1980г-105с.
17. Калечиц Т.Н., Кейлина З.А. Внеклассная и внешкольная работа. М.: Просвещение, 1980г-119с.
18. Преподавание географии // Фестиваль педагогических идей // http:/festival. 1september. ru// articles/501951/
19. "Методика обучения географии в средней школе"
(Теоретические основы методики обучения географии)Под ред. А. Е. Бибик и др., М., «Просвещение», 1968 г.
20. Ш. Кәрібаева. Географияны оқыту туралы//«География және табиғат» №5, 2005
21. Бастауыш сыныптарда оқушыларға географиялық ұғым беру/ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы: Республикалық ғылыми практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2006.
22. Бастауышта өлкетану курсын оқытуда географиялық ұғымдарды қалыптастыру // Мировая образовательная политика в контексте трансформации системы образования: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы-Москва, 2006.
23. Бастауыш сыныптарда географиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыруда «Қызықты география» қосымша бағдарламасын оқытудың маңызы // Бастауыш мектеп, Алматы 2007жыл № 4
24. Географиялық түсініктерді бастауыш мектепте қалыптасуының тарихи жайы. // Вестник КазГНУ, Алматы, № (11) 2009 ж
25. Бастауыш сыныптарда географиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыруда нақтылы ұғымдардың маңызы. // Бастауыш мектеп, Алматы 2008жыл № 4
26. Географиялық түсініктерді қалыптастыруда жаңа технологияны қолдану // География , Алматы 2008. жыл № 3
27. Формирование географических представлений и понятий в начальных классах. // Педагогика тағылым, Ташкент, 2008. –№4. –Б. 42-44.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егеменді еліміздің қоғам өміріндегі
табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-
мәдени, экологиялық және білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл
халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму
талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі және оған
қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Білім берудің
бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін
халықаралық стандарттарға жақындата түсу - деп аталатын бөлімінде сапалы
білім беруге жан-жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында:
Орта мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды
қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту - деп көрсетілген.
Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр.
Себебі, білім жүйесінде болатын қайта құру мәселесі заңды түрде орта
сыныптардан басталатыны анық.
Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған
көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім
беру болып табылады. Тиянақты білім дегеніміз – жаттанды емес, белгілі
жүйесі бар (қарапайымнан күрделіліге қарай дамытылған), тұрмыспен,
күнделікті өмірмен тығыз байланысты, оқушының ой-өрісінің дамуына
көмектесетін ұғымның жиынтығы.
Қазіргі таңдағы орта сыныптарда білім берудің басты талаптарының бірі
- баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына
дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған
дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап,
бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және
әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға
ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми
ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және
дамуында үлкен рөл атқарады.
Жалпы адамның тұлға ретінде қалыптасуына табиғаттың тигізетін әсерін
және алғашқы алатын ұғымдардың рөлін философтар мен психологтар атап
көрсетеді. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбегінде ғылымның бастауы
ұғымдар, қағидалар, алғышарттардан тұратындығын атап кеткен.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Орта сынып оқушыларының географиялық
ұғымдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың
әдістемесін беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға
қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін
бірнеше міндеттер қойылды. Олар:
• Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары,
зерттеу әдістері мен негізгі міндеттерін айқындау;
• Географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық
сабақтың маңыздылығын ашып көрсету, негізгі түрлері мен
көрсеткіштеріне сипаттама беру;
• География сабақтарында оқушылардың географиялық ұғымдарды игеруді
қалыптастырудың теориялық негіздерін саралау;
• Географиялық ұғымдарды игерудің педагогикалық және психологиялық
негіздеріне тоқталу;
• Географиялық ұғымдарды қалыптастыруда географиялық картамен жұмыс
түрлеріне сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының объектісі: Географиялық ұғымдар.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, орта сыныптарда дүниетану пәнін
оқытуда оқушыларда географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі
берілсе географиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалса,
географиялық ұғымдардың мазмұны мен көлемі анықталса, онда оқушылардың оқу
іс-әрекетіндегі белсенділігі артып, сабақ барысында оқушылардың ұғымын
қалыптастыруға көмектесетін дидактикалық құралдар кеңінен қолданылып,
білімді саналы түрде меңгеріп, географиялық ғылыми ұғымдары қалыптасады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін
бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми
мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген мәліметтер
қолданылды.
Атап айтқанда, И.В.Душина, В.Б.Пятунин, Е.А.Таможняя Методика и
технология обучения географии, Душина И.В., Понурова Г.А. Методика
преподавания географии, Кушимова Г.А. Методика преподавания географии в
средней школе, Матрусова И.С. Методика обучения географии в средней
школе сияқты ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектері басшылыққа
алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан, тарау өз
ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады.
Зерттеудің негізгі міндеттері жоспарланған мәселелер бойынша
қарастырылады. Жұмыстың алғашқы тарауында географияны оқыту мақсаты,
географияны оқытудың негізгі құралдары оның маңызы қарастырылады. Сонымен
қатар, географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық
сабақтың маңызы талданады.
Жұмыстың келесі тарауында география сабақтарында географиялық
ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі айқындалады. Осы тарауда
географиялық ұғымдарды игерудегі педагогикалық және психологиялық негіздері
мен география сабақтарында қолданылатын терминдер мен ұғымдар кеңінен
қарастырылады. Сондай-ақ, географиялық ұғымдарды қалыптастыруда
географиялық картамен жұмыс түрлері анықталады.
Жұмыстың соңғы тарауында география сабақтарында географиялық ұғымдарды
игеру және жеке ұғымдарды оқып үйрену үлгілері ұсынылады.
Зерттеу жұмысының әдісі: топтау, жүйелеу, талдау және салыстырмалы-
аналитикалық әдіс.

1 Географияны оқыту әдістемесі, оның зерттейтін басты мәселелері

1. Географияны оқытудың негізгі міндеттері, зерттеу әдістері, даму
ерекшеліктері

Географияны оқыту әдістемесі пәнінің негізгі міндеті, бұл –
мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру, оны әдістемелік білім мен
біліктілікпен қамтамасыз ету.
Географияны оқыту әдістемесі – жалпы білім беретін мектептерде
географияны оқытудың заңдылықтары туралы ғылым болып табылады. Ол
оқушыларды географиялық білімдер мен біліктілікті үйренуге, мұғалім мен
оқушының өзара қарым – қатынасын ұйымдастыруды оқытады. Географияны оқыту
әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде – дидактиканың негізгі бір
саласы болып табылады.
Географияны оқыту әдістемесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі – оны
жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар тобына да жатқызуға болады, ол күрделі
құрылымды жүйені құрайды (қоршаған орта-қоғам-адам).
Географияны оқыту әдістемесінің негізгі үрдістеріне:
1. территорияны оқытуда физикалық және экономикалық білімдерді кешенді
оқыту;
2. оқушылардың географиядан картографиялық сауаттылығын қалыптастыру,
карта және картографиялық әдістердің рөлін таныту;
3. оқыту барысында өлкетанулық әдістерді қолдану;
4. әр түрлі оқыту әдістерін қолдану;
5. оқушылардың ой-өрісін дамытуда түрлі бағыттарда бақылаулар мен
топсеруендер, жергілікті жерде жұмыстар жүргізуге үйрету;
6. оқушыларды геоэкологиялық бағыт бере отырып тәрбиелеу;
7. географиялық білімдерді өндірістік және күнделікті тұрмыстық қызметте
пайдалана білу;
8. оқу материалдарын елдегі, өмірдегі құбылыстармен байланыстыруға көңіл
бөлу.
Географияны оқыту әдістемесі – оқушыларды географиялық білімнің
негіздерімен таныстыра отырып оқыту, тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
Географияны оқыту әдістемесі пәні – географияны оқыту қандай мақсатта,
қалай оқыту, ненің көмегімен оқыту керек деген сұрақтарға жауап береді.
Оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері, мақсаты, мазмұны
бір – бірімен байланыстағы тұтас жүйе. Оны мына сызбадан көруге болады:

Әдістемені жалпы және жеке деп екіге бөледі.
Жалпы әдістеме – географияның барлық курсының сұрақтарын қарастырады.
Жеке әдістеме – мектеп географиясының жекелеген курсының
ерекшеліктерін және оның бөлімдерін оқытуды қарастырады.
Орта білімнің қазіргі даму сатысындағы негізгі оқыту әдістері өзгеріп
және күрделеніп келеді. Әдістеменің дидактикасының айырмашылығы – ол бір
уақытта әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болып табылады. Олар бір-
бірімен тығыз байланысты.
Методика – жеке дидактика, сондықтан да оның қалыптасуы мен дамуы да
педагогикалық ғылымдар саласында және психолгияда әр түрлі жетістіктермен
байланысты.
Географияны оқыту әдістемесінде оқытудың жалпы заңдылықтарын қолдана
отырып, оқу-тәрбие беру үрдісінде түрлі тәрбие және дамытушылық
әдістемелерді пайдаланады.
Орта білімді қайта қалыптастыру кезеңінде жасөспірім психологиямен
байланысу әдістерін қолдана отырып, оқушының жеке тұлға ретінде
қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Психология – оқушының даму ерекшеліктері
барысында оқушы мен мұғалімнің бір-бірімен қарым-қатынасы мен іс-әрекетін,
олардың бірлесіп жұмыс істеуін анықтап, көмектеседі.
Әдістемелік зерттеуде географияны оқыту үрдісінде әр түрлі психология
мектептерінің психологтарының жұмыстарының нәтижесін пайдаланады.[1]
Қазіргі мектеп географиясында негізінен география ғылымын екі басты
бөлімге – жалпы географиялық (жертану) және аймақтық (елтану) бөледі.
Сонымен қатар, бұл жүйе басқа да аралас ғылымдармен тығыз байланысты.
Оқушылар үшін география – тұтас бір ғылым, яғни ол жаратылыстану,
техникалық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Мектеп
географиясының тағы бір бөлігі профильдік және модульдік курстар болып
табылады. Географияны тереңдетіп оқытудың, географиялық білімдер мен аралас
ғылымдардың (физикалық–географиялық және кешенді елтану, топография және
картография, геология, экология, экономика, коммерциялық география,
медициналық география т.б.) бағдарламалары жасалған.
Төмендегі сызбада географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен
және практикалық мектептермен негізгі байланыстары көрсетілген.

Географияны оқыту әдістемесі басқа да ғылымдармен тығыз байланысты.
Географиямен байланыс үш бағытта: құрылымы бойынша, мазмұны бойынша және
әдістері бойынша қарастырылады.
Географияны оқыту әдістемесінің басқа географиялық ғылымдармен байланысы
тек қана мектеп географиясының құрылымы мен мазмұнымен ғана емес, оқытудың
әдістері мен құралдарымен байланысты болады. Оқыту әдістері арасында
оқушыларды бейімдеу үшін картографиялық, статистикалық, бақылау әдісі,
салыстырмалы, т.б. әдістер кеңінен қолданылады. Оқу топсеруендерін өткізуде
далалық географиялық зерттеулер әдістерінің элементтері қолданылады.
Географияны оқыту құралдарының ішіндегі ең маңыздысы – карта болып
табылады.
Мектеп географиясының карталары – оқушылар үшін өзіндік білім көзі
болып табылады. Мектеп географиясындағы міндеттердің бірі – оқушылардың
картографиялық сауаттылығын, картамен жұмыс істей алуы және басқа да
географиялық ақпараттар көздері: анықтамалар, атластар, ақпараттық жүйелер
және басқа да ақпарат көздері, экрандық көрнекіліктерді пайдалануды
қалыптастыру.
Географияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін мекемелер жұмысының
практикасымен тығыз байланысты. Географияны оқыту әдістемесі әр түрлі
әдістерді қолданады. Олар екі үлкен топқа бөлінеді: теориялық және
эмпирикалық.

Зерттеу әдістерін таңдау қойылған мақсаттар мен міндеттерге
байланысты болады.
Теориялық зерттеу әдістері – қойылған құбылыстар мен процестердің
заңдылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Олардың ішінен жалпы ғылыми
логикалық әдісін бөліп қарауға болады. Онда: анализ, синтез, индукция,
дедукция, жалпылау, типологизация, идеализация, және т. б.
Индуктивті және дедуктивті әдістер – сабақты жоспарлауда, яғни мұғалім
оқушыға жаңа ұғымды түсіндіріп, қалыптастыруда қолданылады.
Типологиялық әдіс – оқылатын объектілер мен құбылыстарды белгілері
бойынша топтауда қолданылады.
Идеализация әдісі – оқылатын объектілердің белгілерінің тұтастығын
анықтауда қолданылады, бұл кезде басқа белгілер назарға алынбайды. Мысалы:
оқушыларды сыныптардағы топтарға (күшті, орташа, нашар оқушылар)
деңгейлеп бөледі, бұнда оқушылардың жекеленген ерекшеліктері ескерілмейді.
Әдеби әдіс (әдебиетті анализ)- методиканың зерттеудегі маңызды
әдістердің бірі.
Теориялық әдістердің ішінде – жүйелік – құрылымды әдісті – жалпы
ғылыми пәнаралық әдістерді тану болып табылады. Соңғы жылдары бұл әдістерді
географияны оқыту әдістемесінде кеңінен қолдануда. Бұл әдіс географияда да,
педагогиканың басқа салаларында да қолданылады.
Жүйелік – құрылымдық әдіс – күрделі объектіні тұтас жүйе ретінде
қарап, оқушылар мен мұғалімнің бір-бірімен қатынасын анықтауға көмектеседі.
Жүйелік-құрылымдық әдіс құрамында құрылымдық-логикалық анализ қолданылады.
Теориялық әдістің тағы бір түрі – салыстырмалы және тарихи әдістер.
Бұл әдістер жалпы ғылыми зерттеу әдісі де болып табылады.
Салыстырмалы әдіс - мектеп географиясында және ғылымда білімді жеке
анализлеуде қолданылады. Олар арқылы зерттелетін мәселенің мазмұнының
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туады.
Методикалық зерттеуде сандық және математикалық әдістерді қолданады.
Сандық әдістер арасында баллдық әдіс кең қолданылады, яғни оқушының
үлгерімін сандық бағалау болып табылады.
Сандық әдістің негізі – статистикалық әдіс болып табылады.
Ал, математикалық әдістің негізгі функциясы – оқушының оқыту әдістері
мен білім мен біліктілік деңгейі арасындағы байланысты анықтауға болады.
Математикалық әдіс типологиялық, классификациялық және т.б. міндеттерді
шешуге көмектеседі.
Теориялық зерттеу әдістерінің ішінде соңғы жылдары – модельдеу
әдісі кеңінен қолданылып жүр. Бұл әдістің мазмұны – қандай да бір объект,
үрдістер мен құбылыстарды зерттеуде модельдеу болып табылады.
Эмпирикалық зерттеу әдістері тобына – оқыту процесіндегі бақылау,
педагогикалық тәжірибені оқу мен жалпылау, педагогикалық экспериментті
жатқызады. Әдетте, бірнеше әдістерді зерттеуде қолданылады.
Бақылау әдісі- эмпирикалық әдістің кең тараған әдісі болып табылады.
Бақылау – мұғалім үшін өте қажет, яғни оның дайындығының құрамдас бөлігі
болып табылады. Бақылау әдісі – белгілі бір мақсатқа негізделіп
жүргізіледі. Ол үшін арнаулы жоспарлар жасалынып, бағдарлама және күнделік
жүргізіліп, бақылау орны мен уақыты жазылып, сабақ өту (сатылары, құрал –
жабдықтары, мұғалім сұрақтары, оқушының қызметі, т.б.) жазылады. Бақылау
әдістерінің объектісі - оқу жұмыстары, сабақта оқушының өзіндік қызметін
ұйымдастыру, үй тапсырмасы, оқыту әдістерін таңдау, т.б. болып табылады.
Бақылаудың нәтижесін-анкеталық және әңгімелесу әдістері арқылы бекітуге
және бақылауға болады.
Анкеталық әдіс- бұнда, оған қатысушылар берілген сұрақтарға жазбаша
жауап беруі қажет. Анкета сұрақтары нақты және дұрыс, түсінікті болуы
қажет. Анкета жүргізгеннен кейін оны сараптайды.
Әңгімелесу әдісінің мазмұны- мұнда зерттеуші алдын-ала дайындалған
сұрақтарды қояды, онда ауызша жауап беріледі. Әңгімелесу үрдісінде жауап
берушінің жауабына байланысты сұрақтар өзгеруі мүмкін.
Зерттеу әдісінің маңыздысының бірі- мектеп құжаттарын оқу- мұнда
мұрағат (архив) құжаттарын, сынып журналы, методикалық бірлестік
жұмыстарының жоспары, күнделікті сабақ және тақырыптық жоспарлар, сабақ
конспектісі, оқушы дәптерлері, кескін карталар және т.б. болып табылады.
Соңғы уақытта методикалық зерттеуде тестілеу әдістері кеңінен
қолданылып жүр. Тест арнаулы формада, өзінің құрылымдық және қиындық
деңгейіне байланысты беріледі.
Географияны оқыту әдістемесінде эмпирикалық зерттеу әдістерінің кең
таралғаны – педагогикалық эксперимент әдісі.
Педагогикалық эксперимент - әр түрлі түрге бөлінеді. Оны мына
сызбадан көруге болады.

Географияны оқыту әдістемесінің қазіргі заманғы даму сатысы мектеп
географиясының мазмұны мен құрылымының түбірінен қайта құру жағдайында
дамуда. Ғалым-географтар мен әдіскерлердің географиялық білім берудің жаңа
концепциясын, негізгі жалпы және орта (толық) жалпыға бірдей білім берудің
жаңа стандарты, оқу жоспарларын түзету, жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың
жазылуы жүзеге асты. Барлық осы құжаттарда пәнді оқуға кешенді түрде келу
көзделген. Жаңа сатыда мектептегі елтану, геоэкологиялық, гуманитарлық және
мәдени бағыттар мектеп географиясының дамуына ықпал етеді.[2.3.4]

2. Географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары

Қоғам идеологиясының өзгерісінде, бағалылық жүйесінде қоғамдық мектеп
жүйесінде де жұмыс бағыты да өзгереді. Қазіргі кезде мектептің,
оқулықтардың, оның оқу жоспарында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Пән
оқулығының мазмұны да оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуда үлкен рөл
атқарады. Дидактикада оқытудың мақсатында бағалылық жүйесінде оқушыларда
қалыптастыруда анықтайды.
Мектеп – адамды өмірге, табиғи орта иен әлеуметтік ортада өзін дұрыс
ұстай білуге, азаматтық және әлеуметтік қызметтерді орындауға дайындайды.
Ол оқушының өзін - өзі дамыту, қалыптастыруға бағыттауы тиіс. Мектептің
мақсаты – белсенді, шығармашылық, жаңашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Географияны оқытудың негізгі мақсаты –оқушының бойында Жер
ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiнде әлемнің біртұтас географиялық
бейнесін қалыптастыру болып табылады.
Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:
– оқушылардың географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін
қалыптастыруға және географиялық тілді оқып - үйренуіне, еркiн әрi
шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;
– оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана алуына
көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру;
– картографиялық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау;
– оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас
түсінік қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып
көрсету;
– негізгі орта білім беру деңгейіндегі қажетті базалық білім минимумын
және елтану сипатындағы түсініктер қалыптастыру, оқушыларды Қазақстанның
табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және
шаруашылығымен, ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен таныстыру;
– жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және
елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасау;
– оқушылардың бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның аумақтық
алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерi, адамзат алдында
тұрған күрделi проблемалар туралы түсiнiк қалыптастыру сияқты мiндеттердi
шешудi талап етедi.
Оқытудың мақсатының барлық аспектілері орта географиялық білім мазмұны
арқылы сипатталады.
Географиялық білімнің мақсатын анықтай отырып, мынаған көңіл аудару
қажет. Ол үшін – география дүниені танып – білудегі мектептегі оқулықтың
бірі.
Географиялық білімнің мақсаты – оқушыларға географиялық білім
жүйесінде және олардың әр қилы жағдайларда шешім қабылдай алуға үйрету
болып табылады.
Мектеп географиясында оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни
ол былай анықталады:
1) Бұл пәнді оқу кеңістіктегі ойлаудың негізін, яғни жер,
аудан, территория. Ұғымның мәнін анықтауға, табиғаттың дамуы,
шаруашылықтың дамуы, халықтың даму аспектісін анықтайды;
2) Географияны оқу әрбір адамның қоршаған қарым – қатынасын,
геоэкологиялық танымын қалыптастыруға, экологиялық мәдениетін одан әрі
дамуына ықпал етеді;
3) Географияны оқыту арқылы кейбір экономикалық білімді, еңбекке
қабілетін қалыптастыруды ұйымдастырады;
4) Географияны оқу барысында – оқушылар карталармен жұмыс жасауға
үйренеді.
Мектеп оқушысына географиялық білім берудің мақсаты – оқушыға
географиялық білім мен біліктілікті меңгертуге, оны әр түрлі жағдайда
қолдана білуге үйрету.
Ұзақ жылдар бойы географиялық білімнің негізгі мақсаты –
оқушының ғылыми білімді қоршаған орта туралы алуы болды. Ол кезде оқушыға
айналаны өз еркімен танып - білуге көмектесу міндеті тұрды. Танып –
білудегі объект мектеп емес, өлі және тірі табиғат арқылы білу қажеттігі
дәлелденді. Осы уақытқа дейін мектеп географиясының мақсаты ғылымның негізі
туралы білім қалыптастыру бағыты болып келді, сондықтан үнемі оның ғылыми
деңгейі көтеріліп, қарастырылды. Сондықтан пән ғылыми тәрізді болды, оны
игеру оқушыға қиын болды, оған деген қызығушылық төмендей берді. Қазіргі
уақытта географиялық білім оқушыларды әр түрлі ақпараттарды пайдаланып,
оларды картада бейнелеуге, жергілікті жерді бақылауға, өз аймағына
өлкетанулық жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.
Географиялық білімнің мақсаты, олар өздерінің міндеттерін орындауды
көздейді.
Мектеп географиясының міндеттері мен мақсаттары кең әрі алуан түрлі.
Олар: теориялық ой - өрісі және қолданбалы.
1) Оқушылардың қазіргі географиялық кеңістікті әр түрлі деңгейінде
игеруі, яғни әлемнің географиясының бейнесі туралы білім қалыптастыру;
2) Географиялық қабықтағы өтіп жатқан геосаяси және басқа да табиғи,
экологиялық, экономикалық, әлеуметтік үрдістер туралы ұғымды қалыптастыру;

3) Оқушылардың табиғат, халық және шаруашылық туралы білім жүйесін
меңгеруді ұйымдастыру;
4) Табиғат пен қоғамның бір - біріне әсерінің, қоршаған ортаны қорғау
мен табиғатты тиімді пайдаланудың ерекшеліктерінің маңызын ашу;
5) Табиғат компоненттерін, табиғи кешеннің дамуы мен құрылысының
заңдылықтарын, олардың бір – бірімен байланыстарын қарау;
6) Оқушылардың өз бетінше географиялық ақпарат көздерімен жұмыс
істеуін дамыту, табиғатқа және өндіріске бақылау жүргізу;
7) Оқушыларды географиялық ғылымның негізгі әдісімен таныстыру,
олардың танымдық және практикалық біліктілігін (бақылау, қоршаған
ландшафтты эстетикалық қабылдау) қалыптастыру.
Сонымен, географиялық білімнің мақсаты өте кең және оның міндеті
өте алуан түрлі. Бұл – болашақ ұрпақты тәрбиелеудің сенімді негізі болып
табылады.[5]
Оқушыларды ынталандыру, географиялық білімдердің құндылығын
түсіндіру, оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор.
Оқушылардың ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды
жатқызуға болады.
➢ Географиялық білімнің адам өміріндегі рөлі.

➢ Табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің адам тіршілігі мен
шаруашылығындағы маңызы, табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану
жолдары. Қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқушылар жергілікті
жер материалдарын пайдалануды керек етеді.

➢ Географиялық білімді күнделікті тиімді пайдалана білу, өз жеріндегі
табиғатты, шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалауға септігін
тигізеді.

➢ Туған өлкеге дүние жүзінің географиялық бөлігі ретінде қарау. Өз
өлкесінің табыстарын мақтаныш ету және оның проблемаларын шешуге
өздерінің үлестерін қосу.

➢ Ақпараттардың алуан түрлі көздерін карталармен, географиялық
суреттемелермен, сипаттамалармен баға бере білу іскерлігін шыңдау.

➢ Географиялық білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып үйрену,
географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту,
қалыптастыру.

➢ Қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушы білімін күнделікті
өмірге, тіршілікке қолдана білуді, географиялық, саяси-экономикалық
ақпарат көздерін, карталарды, еңбек пен тұрмысқа қажетті міндеттерді
шешу үшін есептеуіш техниканы пайдалана білуді, тұрған жеріндегі
табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білуді меңгеру.

➢ Оқушылардың байқағыштығын, есте сақтау, қиялдау, азаматтық бейнесін
жасау, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шынайы
көзбен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру, қабілеттерін дамыту.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер мұғалімдердің жұмысына биік
талаптар қояды. Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, оқушыны
ізденіске, шығармашылық зерттеуге тартып, жеке тұлғаны қоғам талап етіп
отырған деңгейде оқытуға, тәрбиелеуге тиіс.
Географиядан оқыту құралдарын жүйелеу – географиялық объектілер
мен құбылыстардың бейнелеу әдістеріне негізделеді. Бұл жүйелеу географияны
оқыту практикасында қолданылады. Қазіргі уақытта компьютерлерді қолдану
арқылы жаңа ақпараттық технологиялар оқыту құралдарының негізін құрайды.
Арнаулы компьютерлік бағдарламалар, оқыту құралдары, электрондық тасымалдау
құралдары жеткілікті.
Оқыту құралдарының негізгі міндеті – оқушылардың құралдармен,
приборлармен жұмыс істей білу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Географияны оқытудың материалдық базасын – мектепте оқытудың
материалдық жағдайының жиынтығы (мектеп ғимараты, мектептің оқу
бөлімдері, шеберханалар, материалдық жабдықтандыру,т.б.) құрайды.
Географияны оқытудың материалдық базасының деңгейі қазіргі
дидактикасының, методикасының, оқылатын ғылымның, техниканың жағдайына
байланысты болады. Қазіргі уақытта географияны оқытудың материалдық
базасы – кабинеттерден, политехникалық білім мен еңбекке (оқыту) баулу
базасы, мектептегі оқушылардың сыныптан жұмысы, тамақтандыру блогы,
педагогикалық үрдістер мен жекелеген мектептер – техникалық орталықтары.
Географиялық объектілер мен құбылыстарды бейнелеу тәсілі жағынан
оқыту құралдарын былай жүйелейді:

География кабинетін жабдықтауда – география сабақтарында мұғалім мен
оқушылардың қызметінің ерекшелігі ескерілуі керек, жалпы және арнаулы
құралдармен толық жабдықтау керек; пайдаланылатын құралдар қарапайым
болуы, эстетикалық талғамға сай болуы керек.
География кабинетінің орны гигиеналық талаптар мен нормаға сай болуы
керек. Қазіргі заманғы мектептерде география кабинеті жеке зертханалық
бөлмесімен жабдықталады. Сонымен қатар, география кабинетіне түсетін жарық
мөлшерінің өзі мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетіне де өзінің
әсерін тигізеді.
Кабинеттің жабдықталуы оқушы мен мұғалім еңбегінің ерекшелігіне қарай
сәйкес келуі керек. Кабинеттің жиһаздарының орналасуы да санитарлық-
гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
География кабинетінде мұғалімнің жұмыс зонасын, оқушыларды жұмыс
зонасын, көрнекілікті көрсету зонасын және оқыту құралдарының сақталу
зонасын бөліп қарау керек. Әрбір зонаның өзіндік ерекшеліктері болады.
Мектеп географиясында карталардың рөлі өте зор. Оқу үрдісінде ол
тәрбиелік және білімділік қызмет түрлерін орындайды. Оқушылар картамен
алғашқы сыныптарда танысады.
География ғылымының қазіргі жетістіктерінің бәрі карталардың үлесінде.
Зерттеу әдісінде ең көп тарағаны- картографиялық әдіс. Картографиялық
материалдар, оны түрлі дидактикалық мақсатта қолданады. Картаны кез келген
территорияны оқып-білу үшін оның көмегімен әр түрлі картографиялық
білімдер, карта білімінің ерекшеліктері, картаның математикалық негізі,
оның мазмұнының бейнеленуінің ерекшеліктері туралы мәліметтерді білу керек.
Карта – белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің
үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта
кішірейтілген кескіні. Карталар әртүрлі белгілеріне: бейнеленуіне,
территориясына, масштабына, мазмұны мен мақсатына байланысты жіктеледі.
Оқу үрдісінде карта екі түрлі қызмет атқарады: бірінші-бұл, оқыту
объектісі, пәні, екінші-географиялық ақпараттың маңызды көздерінің бірі.
Географиялық картаны оқу географиясының алғашқы курсы 6-сыныпта
басталады. Бұнда жергілікті жердің бейнеленуінің негізгі түрлері және
олардың белгілері, градустық тор және оның элементтері, масштаб,
азимут, географиялық координаттар ұғымдары қалыптасады. Осыдан бастап
олар ең маңызды біліктіліктер мен дағдыларды үйренеді. Қалған сыныптарда
картографиялық білімдері одан әрі дамып, оқушылар картографиялық басқа
түрлермен, экономикалық карталардың түрлерімен танысады.
Оқушыларды картографиялық бейнелеуде, олардың географиялық білімді
алуда – картаны оқудың маңызы зор.
Картаны оқу – бұл картографиялық әдістердің элементтерінің бірі.
Картаны оқу – берілген территорияларды танып –білуде шартты белгілер
арқылы белгіленіп, сол территория туралы мәліметтерді тану болып табылады.
Әдістемелік әдебиеттерде карталарды оқуды жай және күрделі деп екі
топқа бөледі. Біздің осы кезге дейін айтқанымыз жай топқа жатады. Ал,
күрделі топта, оқушы картада бейнеленбеген құбылыстарды ажыратады. Олар ол
үшін карталарды, атластарды пайдаланып, тапсырмалар орындайды.
Картаны білу- (Г.Ю. Грюнсберг идеясы бойынша) бұл, географиялық
объектінің көлемі мен формасына қатысты, объектінің орналасуын есте ұстау.
Географиялық номенклатура-эмпирикалық білімнің компоненттерінің бірі.
Номенклатураны білу-бұл оқушының теориялық білімінің қалыптасуын
жеңілдетеді. Географиялық номенклатураны тексеру үшін кескін карталарды
қолданады. Кескін карталармен жұмыстардың екі түрі кең тараған:
1. номенклатурадағы белгілеулер;
2. кескін картадағы белгіленген объектілерді анықтау.
Кейбір мұғалімдер номенклатураны тексеру үшін сөз тізбектер мен бейне сөз
(ребус) пайдаланады. Оқыту құралдары жүйесінде оқулықтың маңызы өте зор.
Оқулық- белгілі бір бағдарламаға сәйкес, оқыту мақсатын орындауға
арналған кітап. Оқулықта барлық материалдар бағдарламаға сәйкес беріледі.
Оқулықтың мазмұнын қосымша құралдар толықтырып, оның тақырыптары мен
бөлімдерін кеңейтіп, тереңдетеді.
Қазіргі кезде мектептің, оқулықтардың, оның оқу жоспарында да
көптеген өзгерістер болып жатыр. Пән оқулығының мазмұны да оқушыларды
тәрбиелеу мен дамытуда үлкен рөл атқарады.
Қазіргі даму сатысында білім беруде оқулықтың қызметінің маңызы
күрделене түседі. Оқулықтың қызметі алуан түрлі. Оны мына сызбадан көруге
болады:
Оқулықтың барлық қызметтерінің ішінде – ең негізгісіне – ақпараттық
және оқытушының қызметінің маңызы үлкен. Қазіргі жаңа оқулықтар оқушының
өзіндік оқу қызметін ұйымдастыру құралы болып табылады. Оқулықтың көмегімен
оқушы өзі мұғалімге айналады. География оқулығын екі құрылымдық блокқа
бөлуге болады: оқулық мәтіні және мәтіннен тыс компонент – дидактикалық,
оқытушылық блок. Оқулықтың әрбір компоненті бірнеше элементтен тұрады.
География оқулығының негізгі мәтіні- ұғымдарының анықтамасы,
принциптер, теориялар, заңдылықтар, сипаттамалардан тұрады. Негізгі мәтін
түсіндірмелі, инструктивті, ақпаратты-суреттемелі болып бөлінеді.
Қазіргі география оқулықтарында мазмұны мен суреттеу формасына қарай
алуан түрлі болады. Олардың көп бөлігін картографиялық суреттер, тақырыптық
және кешенді карталар, картосхемалар, картограммалар, орографиялық
схемалар құрайды. Оқушылар карталармен, статистикалық көрсеткіштермен
(графиктер, диаграммалар, қосымша кестелер) жұмыс жасай отырып,
географиялық зерттеу әдістерімен танысады, ал мұғалім осы жұмыстарды
ұйымдастыра отырып, оқу материалын игеруге ұмтылады.
Қазіргі заманға сай географияны оқытудың ғылыми-дүниетанымдық
міндеттері.
▪ Географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерін зерделеу.

▪ Табиғат пен қоғам арасындағы байланысты түсіну.

▪ Ғаламдық, аймақтық және жергілікті құбылыстардың мәнін түсіну.

▪ Қазіргі дүниедегі саяси-экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастады
түсіну және болжау.
Қолданбалы міндеттері:
1. Әр түрлі географиялық білім көздерінен мағлұмат бере алу.
2. Географиялық картамен жан-жақты жұмыс істей білуге үйрету.
3. Ақпараттық технологиялармен жұмыс істей білу, географиялық модельдеу
және болжаудың бастапқы дағдыларын үйрету.
4. Табиғи техногендік және әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды
географиялық әдістерді пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізуді үйрету.
5. Географиялық білімді күнделікті өмірде пайдалана білу.
Сонымен, географиядан білім берудің мақсаты - географиялық
орта-адамның мекендейтін орны деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар
жүйесін қалыптастыру. Себебі, географияны оқытуда оқушыларға география
ғылымы, жер ғаламшары, оның табиғаты және халқы, географиялық карта туралы
бастапқы түсініктерді және алғашқы географиялық білім мен біліктері
үйретіледі.[6.7.8]

3. Географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық
сабақтың маңызы

География сабағын ұйымдастырудың негізгі формасына сабақ, факультатив
сабақтар, оқу экскурсиялары, оқушының үй тапсырмасы, жергілікті жерлердегі
практикалық жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар жатады. Бұлардың ішіндегі
ең маңыздысы – сабақ.
Оқу процесінде оның тәрбиелік оқытушылық және дамытушылық қызметтері
арқылы сабақтың рөлі анықталады.
Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды
ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен
сабақ өткізу. Бұл формада оқу – тәрбие процесінің барлық компоненттері –
мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және
оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Сабақ – оқытуды
ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі
және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей
әсер етеді.
Сабақтың негізгі сипаты оқытушылық – тәрбиелік және дамытушылық
міндеттерін қалыптастыру, мазмұнын таңдау, құрал – жабдықтармен байланыс,
оларды оқытуда пайдалану, олардың мазмұны, сабақ барысында оқушылар
нәтижелерін сабақты тексеру мен бағалауды ұйымдастыру, оқушылармен,
жекелеген оқушылармен жұмыс арқылы сипатталады.
Соңғы уақыттарда сабақтың тиімділігіне, ерекшелігіне көңіл бөлінеді.
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
• білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын
анықтау;

• оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың
білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми
білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;

• оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау,
оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық
белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру,
өздік жұмыстарды ұйымдастыру;

• оқыту принциптерін қолдану;

• оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
География сабағының көптеген аспектілері бар.
Оқу – тәрбие процесінде сабақтың мақсаты мен міндеттері, мазмұны,
оқытудың әдістері мен құралдары, оқытуды ұйымдастыру қызметінің негізгі
формалары (фронтальді, жекелей, топтық ) сабақтың негізгі компоненттері
болып табылады.
Қазіргі география сабағының негізгі көрсеткіші – оның мақсатын қою
болып табылады. Яғни, оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда білім
мазмұнының барлық компоненттерін: білімін, біліктілігін қалыптастыруға
бағытталады.
Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтауды мынадай сұрақтарға жауап
беруі керек, яғни, нені игеру керек, қандай мазмұнын игеру керек және
мазмұнының бағалылығын бағыттау қандай болу керек?
Қазіргі география сабағының екінші негізгі көрсеткіші – сабақта
мұғалімнің қызметі мен рөлінің өзгеруі. Бұрын сабақты игеру мен меңгерту
мұғалімнің міндеті болса, қазіргі уақытта, мұғалім – оқушылардың кеңесшісі
және көмекшісі, оқу қызметін ұйымдастырушы. Мұғалім сабақтың мазмұнын,
мақсатын, оны игеру жолдарын, оқу тапсырмаларын оқушының анықтауына
көмектеседі, кеңес береді. Қазіргі сабақтағы ең бастысы – географиялық
ақпарат көздеріне (оқулық, анықтамалық, атлас, жұмыс дәптері, практикум,
баспасөз материалдары, т.б.), оқу есептерін шешуге, оқу материалдарының
мазмұнын құруға оқушылардың өзіндік танымдық қызметі негізгі рөл атқарады.
Қазіргі география сабағының негізгі көрсеткіштерінің тағы бірі –
оқушы мен мұғалімнің бірлесіп қызмет істеуі. Мұнда оқушы қызметі
мотивациясына көбірек көңіл бөлінеді.
Қазіргі география сабағының тағы бір негізгі көрсеткіші – оқушының
жеке тұлғасын қалыптастыруындағы топтық оқу қызметі.
Оқу процесінде, күнделікті сабақта оқушылар бір – бірімен аз
араласады, ал қазіргі уақыттағы сабақ топтық оқыту да оқушының жеке дамуына
бағытталады, бірақ онда әрбір оқушының жеке дамуына ерекшеліктері де есепке
алынады. Осының нәтижесінде оқушы мен мұғалім арасында тұлғаның көпшілдік,
еңбексүйгіштік т.б. жеке қасиеттері дамиды.
Қазіргі сабақ сабақ кестесінен тыс болуы да мүмкін, яғни сабақты
мұражайда, экологиялық сабақ ретінде, кітапханада да өткізуге болады.
Күнделікті сабақ дидактикалық мақсатымен ерекшеленсе, ал қазіргі
сабақ – оны ұйымдастыру формасымен сипатталады. Ол ойын, конференция,
дәріс, саяхат, пікірсайыс, сынақ түрінде өтуі мүмкін.
Сабақтың типтері әр түрлі. Әрбір сабақ белгілі объективті
элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан
уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты
сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан. Дидактикада оларды әр түрлі
ерекшеліктері бойынша классификациялайды: дидактикалық мәселелер бойынша,
оқытуды ұйымдастыру бойынша.
Географияны оқыту барысында сабақтың мынадай түрлері таралған:
қиыстырылған, жаңа материалды қарастыру, білімдерді қалыптастыру және
бекіту сабағы, білімді және іскерлікті жалпылау сабағы, білімді тексеру
сабағы. Бұдан басқа сабақтар да кіреді: кіріспе сабақтары, оқу материалын
қайталау сабағы, іскерлікті және білімді қолдану сабағы.
Қиыстырылған сабақ көлемді мектептердің практикалық жұмыстарында
көбірек таралған. Ол бірнеше дидактикалық мақсаттардан тұрады: жаңа
материалды ұғыну, сабақтың мәнін түсіну және талдау, бекіту, есте қалдыру
және қолдану. Ереже бойынша мұндай сабақтарда мақсаттар қалыптасады: жаңа
сабақты оқу, географиялық іскерліктің қалыптасуы, білімдерді тексеру және
т.б.
Қиыстырылған сабақ мынадай құрылымдық бөліктерден тұрады: сабақтың
түсіндіру мәселесін қосатын кіріспе сабағы; өткен және жаңа материалдар
арасында қатынасты орнату; үй тапсырмасының орындалуын тексеру; сабақта
жұмыс нәтижелерін тексеру және бекіту, үй жұмысын беру.
Жаңа материалды қарастыру сабағы. Сабақ толығымен жаңа материалды
қарастыруға арналады. Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім
оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-
әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу
керек.
Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады.
Бір сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ
іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа
материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына
қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін
тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе
және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс,
қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір
теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және
техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі
және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей
меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және
жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз
оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа
материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір
емес.
Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді
өткен соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі.
Оқушылардың сабақтың өтетін уақытын және оның негізгі міндеттерін білгені
жақсы. Мұғалім бекітетін негізгі сұрақтарды бөліп, білім тексеруді ауызша,
жазбаша, тәжірибелік жұмыстармен, өздік жұмыстармен ұштастырады. Осы
жұмыстар бекіту сабақтарының құрылымына кіреді. Ол өткен оқу материалын
әрбір оқушыдан немесе бәрінен сұраудан басталады. Содан кейін білім тексеру
тақырыптың күрделі жерлерін бекіту үшін жаттығулар жүргізумен ұштасады.
Сабақ соңында шағын өздік жұмыс өткізіледі.
Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау.
Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте жасау.
Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:
➢ оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің,
заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса
назар аудару;
➢ есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;
➢ есте сақтауға және ұзақ уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды
жасау;
➢ оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске
түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай
топтастыру;
➢ мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;
➢ есте сақталған мәліметтерді анықтау;
➢ қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді,
үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;
➢ білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін
тірек мәліметтерді жиі қолдану.
Мұндай сабақ көлемі бойынша үлкен және қиын, сабақ мұғаліммен тереңдетіліп,
толық ашылуы тиіс.
Кіріспе сабақтары жаңа оқу жылының басында өткізіледі. Сабақтың бұл
түрі бағдарламаның үлкен тарауын оқи бастаған кезде қолданылады. Кіріспе
сабақтары оқушылар психологиясына жақсы әсер етеді.
Іскерлікті қалыптастыру сабақтары. Бұл сабақтың негізгі мақсаты –
теориялық білімдермен тығыз байланыста болған географиялық іскерліктің
арнайы қалыптасуы. Оқыту барысында оқушылардың теориялық және практикалық
іс - әрекеті жаңа материалды ұғыну мен тығыз байланысты.
Іскерлікті қалыптастыру сабағының құрылымы:
• сабақтың мақсатын қою;
• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды
қайталау;
• бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;
• жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
• жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;
• іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
• үлгі, нұсқау бойынша машықтану;
• іскерлік пен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;
• шығармашылық жаттығулары;
• сабақтың қорытындысы;
• үйге тапсырма.
Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы.
• оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
• оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын
естеріне түсіріп қолдануы;
• оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
• олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
• қателерді талдау және оларды түзету;
• қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
• қайталау сабағының құрылымы;
• ұйымдастыру бөлімі;
• білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
• негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды
(тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы
тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды
үйге беру;
• тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін
тексеру;
• үйге тапсырма.
Оқушылардың білімдерін тексеру сабағы бірнеше сабақ өткеннен кейін
ғана өткізіледі. Жоғары сыныптарда (8-9) мұндай сабақтар сынып – сабақ
түрінде өткізіледі. Олардың құрылымы мынадай: сабақ міндеттерін
қалыптастыру, жауаптарға талаптар, бағалар мөлшері, тапсырмалардың
ұйымдастырылуы және орындалуы.
Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған
курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-
танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту
технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу
процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.
Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай,
мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік
(зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар,
т.б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң
өткізіледі. Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі
- емтихан. Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, іскерлік, дағдыларын
танымдық-тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға
дайындығы айқынырақ көрінеді.
Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік,
дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер
анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және
мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі.
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске
түсіру және кеңейту. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және
бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі
отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:
• мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі;
• оқушылардың сұрақтарына жауап;
• оқушыларға тапсырма беру;
• тапсырманы тексеру;
• үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы.
Мұндай сабақтар географияны оқыту процесіне арнайы өте сирек
өткізіледі. Бірақ үлкен тарауды меңгеру үшін қайталау сабақтарының
өткізілуі оқушылар білімдерінің терең болуына әкеледі. Практикада
географияны оқыту барысында қайталау сабақтары мұғалімнің қалауымен
өткізіледі.
Білімдерді жалпылау сабақтары географияны оқыту процесіне көбірек
қолданыла бастады. Олар мектеп географиясының бүкіл бөлімдерінде
қарастырылған. Білімдерді жалпылау сабақтарының негізі – жүйелеу және
жалпылау негізінде оқушылардың білімді және іскерлікті қабылдауы. Жалпылау
түрінде әрбір сабақ үш бөліктен тұрады: сабақтың басы, негізгі бөлігі,
сабақтың қорытынды бөлігі.
География сабағының әрбір типі өзінің анық құрылымымен
ерекшеленеді.[9]
Сабаққа мұғалімнің дайындығы түрлі жоспарларды құраудан басталады.
Олар : күнтізбелік, тақырыптық, сабақтық.
Бұл жоспарларды мұғалім арнаулы мектеп бағдарламасына, оқулыққа,
методикалық құралдарға, мектеп оқулықтарының, географиялық әдебиеттердің
талаптарына сай етіп, арнаулы стандарт бойынша ұйымдастырады.
Бірінші сатыда күнтізбелік және тақырыптық жоспарлар жасалынады.
Тақырыптық жоспар – оқу процесінің жүру сценарийі болып табылады. Ол
сабақтың өзара байланысын, оқушының өзіндік оқу қызметін ұйымдастырады,
жоспарлайды.
Мұғалім тақырыптық жоспарды жасағанда мынадай пункттерді орындайды:
1. сабақ тақырыбы, типі, түрі, уақыты;
2. сабақтың мақсаты мен міндеттері;
3. сабақтың негізгі мазмұны (ұғымы, байланысы, принциптері,
заңдылықтары);
4. тірек білімі және пәнаралық байланыстар;
5. оқыту құралдары (үлестірмелік және демонстрациялық);
6. сабақтағы оқушыларды оқыту әдістері;
7. практикалық, өзіндік жұмыстар;
8. оқылатын материалды бекіту сұрақтары мен тапсырмалары;
9. сабақ нәтижелері;
10. үй тапсырмасының нұсқалары.
Ал, сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде құрастырылады.
Сабақ жоспары – мұғалімнің шығармашылық қызметі, яғни мұнда оның
шеберлігі, тапқырлығы, оқыту процесіндегі идеялары, жаңа ғылыми және
методикалық жұмыстары және т.б. көрінеді.
Сабақ жоспарының түрлері өте көп.
Сабақ жоспарының үлгі формасы:

Білімділік Білім және Қызмет Оқушылардың
тәрбиелік оқыту танымдық
мақсат әдістерінің қызметінің
көздері деңгейі
мұғалім оқушы


Сабақ жоспарын құруда оның моделін таңдауға көп көңіл бөлінеді.
Практикалық жұмыстарда сабақтың мақсаты түрліше болады. Егер сабақтың
мақсаты нақты анықталса, онда оқыту әдісіне оқушының оқу қызметінде
формалар мен әдістерді ұйымдастырудың маңызы зор.
Сабақтың сапасы мен нәтижесін екі көрсеткішпен анықтайды:
1. сабақ қалай дайындалады?
2. сабақ қалай өткізіледі?
Сабақтың бағасы ең соңғы нәтижеде көрсетіледі. Нәтиже көрсеткіштері – сабақ
мақсатының жетістіктерінің дәрежесі болып табылады.
Географияны оқыту жүйесінің басты құраушыларының бірі оқушылардың
оқыту үдерісіне белсене араласуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың оқу
іс–әрекеттерін ұйымдастырушы рөлін атқарады.
География сабағын әртүрлі көрнекі құралдарды – оқулықта берілген
сурет, сұлба, кесте, әсіресе географиялық карталарды пайдаланып оқып -
үйренудің маңызы зор. Себебі көзбен көру арқылы алған білім ұзақ уақыт есте
сақталады.
Сонымен, географиялық сабақтың типологиясы әр түрлі болғанымен
мақсат бір, ол оқушыларда географиялық білім мен біліктілікті қалыптастыру.
Себебі, география - ел мен жер танудың негізгі көзі. Географияның заманға
сай міндеті адам, табиғат, шаруашылық, қоршаған орта жүйесінде пайда
болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әр түрлі
әлеуметтік-экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географияны оқыту әдістемесі
Географияны оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту
Жалпы білім беретін мектептерде географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формаларының ғылыми – педагогикалық негіздері
География сабақтарында модульдік оқыту технологиясы
Географияны оқыту құралдарының міндеті
Жалпы географиялық карталар
Пәндер