Химия өнеркәсібі



КІРІСПЕ
1 Химия өнеркәсібі саласының елдің экономикалық дамуындағы рөлі
1.1 Химия өнеркәсібі саласына экономикалық . географиялық сипаттама
1.2 Химия өнеркәсібі саласының орналасуына әсер етуші факторлар
1.3 Химия өнеркәсібі саласын дамытудың негізгі мәселелері
1.4 2010.2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасы
2 Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен салаларының даму қарқыны
2.1 Кен.химия өнеркәсібі
2.2 Негізгі химия
2.3 Полимерлік материалдар мен тұтынуға қажетті өнімдер химиясы
2.4 Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібі саласының қазіргі жай.күйі
ІІІ Дипломдық жұмыс материалын география сабағында қолдану үлгілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда ғылыми техникалық прогресстің дамуы, химия өнеркәсібінің қарқынды дамуына әсер етуде. Бұл негізгі өнеркәсіп шикізат базалары саласының өзгеруіне және жаңа техника мен технологияны пайдалануға тығыз байланысты. Химия саласы Қазақстан Республикасы өндірісінде басым бағыттарға ие және экономиканың нақты секторларының басқа салалары үшiн шикiзаттардың, жартылай өнiмдердiң, материалдардың iрi жеткiзушiлерiнiң бiрi болып табылады.
Химия өнеркәсібі химиялық ұқсату арқылы көмірсутекті, минералды және басқа да шикізаттан өнім өндіруді, сонымен қатар фосфориттерді игеру мен фосфор тыңайтқыштарын өндіруді білдіреді.
Қазақстанның химия өнеркәсібі фосфориттердің бай қорларына, мұнайгаз өнеркәсібінің дамуына, күкіртті газдарды пайдаға асыруға, түрлі тұздардың үлкен қорларына негізделеді. Өнеркәсіптік өнімнің республикалық көлеміндегі химия саласының үлесі айтарлықтай емес, соңғы жылдар ішінде ол өзгермеді деуге болады және 0,9% құрады.
Республика бойынша фосфордың, күкірт және ортофосфор қышқылының, хромды малманың, натрий трифосфатының, карбидтердің, минералды тыңайтқыштардың, пестицидтердің, стирол полимерлерінің, бояулар мен лактардың, фармацевтика перпараттарының, жуғыш құралдардың, тазалағыш пасталардың, сабынсулардың өндірісі жоғарлады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі, бір жағынан, зерттеудің практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібі саласының даму ерекшеліктерінің талдауларына негізделеді. Химия өнеркәсібі – Қазақстан экономикасының маңызды құраушыларының бірі болғандықтан, оның қазіргі жағдайын талдау, саралау қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан химия өнеркәсібін дамытудағы басымдықтарға шолу жасап, елдің экономикалық дамуындағы рөлін анықтау маңызды болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібі саласының қазіргі жағдайын, даму қарқынын, ел экономикасына қосар үлесін анықтау, өнеркәсіптің дамуына кедергі негізгі мәселелерді қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Жоғарыда аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
• Химия өнеркәсібі саласының орналасуына әсер етуші факторлар
анықтау;
• Химия өнеркәсібі саласын дамытудың негізгі мәселелеріне талдау жасау;
• Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібінің негізгі салаларының маңыздылығы, химия өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайын саралау.
Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібі.
8. ҚАЗАҚСТАН ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫ http://www.kazakstan.kz/rus/news/economy/2009_07_27_

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда ғылыми техникалық прогресстің дамуы, химия өнеркәсібінің қарқынды дамуына әсер етуде. Бұл негізгі өнеркәсіп шикізат базалары саласының өзгеруіне және жаңа техника мен технологияны пайдалануға тығыз байланысты. Химия саласы Қазақстан Республикасы өндірісінде басым бағыттарға ие және экономиканың нақты секторларының басқа салалары үшiн шикiзаттардың, жартылай өнiмдердiң, материалдардың iрi жеткiзушiлерiнiң бiрi болып табылады.
Химия өнеркәсібі химиялық ұқсату арқылы көмірсутекті, минералды және басқа да шикізаттан өнім өндіруді, сонымен қатар фосфориттерді игеру мен фосфор тыңайтқыштарын өндіруді білдіреді.
Қазақстанның химия өнеркәсібі фосфориттердің бай қорларына, мұнайгаз өнеркәсібінің дамуына, күкіртті газдарды пайдаға асыруға, түрлі тұздардың үлкен қорларына негізделеді. Өнеркәсіптік өнімнің республикалық көлеміндегі химия саласының үлесі айтарлықтай емес, соңғы жылдар ішінде ол өзгермеді деуге болады және 0,9% құрады.
Республика бойынша фосфордың, күкірт және ортофосфор қышқылының, хромды малманың, натрий трифосфатының, карбидтердің, минералды тыңайтқыштардың, пестицидтердің, стирол полимерлерінің, бояулар мен лактардың, фармацевтика перпараттарының, жуғыш құралдардың, тазалағыш пасталардың, сабынсулардың өндірісі жоғарлады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі, бір жағынан, зерттеудің практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібі саласының даму ерекшеліктерінің талдауларына негізделеді. Химия өнеркәсібі - Қазақстан экономикасының маңызды құраушыларының бірі болғандықтан, оның қазіргі жағдайын талдау, саралау қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан химия өнеркәсібін дамытудағы басымдықтарға шолу жасап, елдің экономикалық дамуындағы рөлін анықтау маңызды болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібі саласының қазіргі жағдайын, даму қарқынын, ел экономикасына қосар үлесін анықтау, өнеркәсіптің дамуына кедергі негізгі мәселелерді қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Жоғарыда аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
* Химия өнеркәсібі саласының орналасуына әсер етуші факторлар
анықтау;
* Химия өнеркәсібі саласын дамытудың негізгі мәселелеріне талдау жасау;
* Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібінің негізгі салаларының маңыздылығы, химия өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайын саралау.
Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібі.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Химия өнеркәсібінің зерттелуіне үлес қосқан отандық зерттемелері, ғылыми конференциялардың материалдары және басқа жарияланымдары болып табылды. Олардың қатарында Ахмедов Н.Б. "Проблемы развития и размещение промышленности Казахстана", Давильбекова Ж.Х. "Промышленность Казахстана: опыт, проблемы, прогноз", Зерттеу үрдісінде, сонымен бірге, отандық ақпарат көздері пайдаланылды. Зерттеудің талдамалық базасын Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің ресми статистикалық материалдары, Қостанай облысының статистика департаментінің цифрлік мәліметтері, интернет ресурстары құрады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Зерттеу жұмысының әдісі: топтастыру, салыстырмалы - аналитикалық, экономикалық-статистикалық, сызбалы талдау, есептік-құрылымдық, жүйелеу әдістері қолданылды.

1 Химия өнеркәсібі саласының елдің экономикалық дамуындағы рөлі

1.1 Химия өнеркәсібі саласына экономикалық - географиялық сипаттама

Химиялық өнеркәсіп -- ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады.
Химияның салааралық байланыстары ауқымды.
Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады.
Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:
+ кен-химия өнеркәсібі (шикізат -- фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)
+ негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)
+ полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);
+ тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру.
Бұл салалардың әрқайсысы жеке өндірістерді біріктіреді.
Химия өндірісіне бірнеше ерекшелік тән. Олар:
* табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар. Бұл заттар көп жағдайда өздерінің қасиеті жөнінен дәстүрлік конструкциялық материалдардан да асып түседі;
* шикізат базасы ауқымды болып келеді;
* көмірмен (көмір-химия), металлургиямен (кокс-химия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия) құрамдасады;
* алуан түрлі, кұрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;
* кұрылымы жағынан өте күрделі болуы;
* энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуі;
* кейбір салаларында судың көп мөлшерде пайдаланылуы;
* ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы;
* қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;
* шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.
Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтық басқа салаларының дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуда.
Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін, өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі. Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғырланған. Өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады.
Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.

1.2 Химия өнеркәсібі саласының орналасуына әсер етуші факторлар

Химия өнеркәсібінің орналасуы дүниежүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи, экономикалық, тарихи және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте, оның қандай өнім шығаратындығымен тығыз байланысты.
Химия өнеркәсібі саласының кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына - шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, металлургияға қарағанда жұмысшы саны аз. Сонымен химия өнеркәсібі саласының кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына тоқталсақ.
Шикізат факторы - химия кешені салаларының орналасуына үлкен ықпал етеді, ал кен-химия өнеркәсібі мен калий тыңайтқыштары өндірісі үшін анықтаушы фактор болып табылады.
Энергетикалық фактор полимер материалдары өнеркәсібі мен негізгі химияның жекелеген салалары үшін аса маңызды фактор. Химия кешені өндірісте қолданылатын энергоресурстардың шамамен 15 тұтынады. Синтетикалық каучук өндірісінде, фосфорды электровоздау жолымен, азот тыңайтқышын суды электролиздеу әдісімен өндіргенде жоғары электросыйымдылық байқалады.
Су факторы химия кешенінің кәсіпорындарын орналастыруда қосалқы мақсатта және шикізаттың сапасын арттыруда қолданылатын маңызды фактор. Химия кешені салаларында судың шығыны хлор өндірісінде 50 м3 бастап химиялық талшық өндіруде 6000 м3 дейін өзгереді.
Тұтынушылық фактор бәрінен бұрын негізгі химия саласының азот және фосфат тыңайтқыштары, күкірт қышқылы өндірісінде, сондай-ақ лактар, бояулар, фармацевтикалық тауарлар шығаратын қысқа мамандандырылған кәсіпорындарды орналастыруда маңызды болып табылады.
Еңбек факторы химия кешенінің химиялық талшықтар, пластмасса өндірісі сияқты еңбексыйымдлығы жоғары салаларына әсер етеді.
Экологиялық фактор химия кешенінің кәсіпорындарын орналастыруда соңғы уақытқа дейін лайықсыз деңгейде ескеріліп келді. Алайда өнеркәсіп салаларының ішінде қоршаған ортаны ластауда бірден бір негізгі сала болып отыр (ластанған ағын судың 30%-ы дерлік осы өнеркәсіпке тән). Сондықтан ресурсты үнемдеу және аз шығындану үшін дәстүрлі технологияларды енгізу, шикізатты толық пайдалану үшін жабық технологиялар циклін құру саланың алдағы уақыттағы дамуы мен орналасуындағы маңызды және анықтаушы фактор болып табылады.
Инфрақұрылымдық фактор, өнеркәсіпті игеруде аймақты жайластыру мен алдын ала дайындауда әсіресе өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастыруда, көбіне көп жаңа аудандарды игеруде маңызды фактор болып саналады.
Химия өнеркәсібінің көптеген салалары бірнеше топтарға бірігеді. Бұл топ салаларының орналасу факторы мен өнімдері бірдей емес. Көбінесе химия өндірісінің орналасуына маңызды төрт фактор әсер етеді. Тұтыну факторы тасымалдауда қиындық туғызатын өнімдер өндіретін кәсіпорындар үшін маңызды мысалы, әртүрлі қышқыл өндірісі. Шикізат факторы шығыс материалдарының айтарлықтай шығыны мен оларды өңдеудегі аса үлкен қалдық қалатын өндіріске тартылады. Шикізаттың, су ресурсының мол қоры және арзан электрэнергиясының үйлесуі айтарлықтай сирек кездеседі. Сондықтан факторлардың бұл жүйесіне бағдарланған өндіріс тек саны шектеулі аудандарда ғана орналасуы мүмкін. Химия өнеркәсібі өндірісінің орналасуын экологиялық жағдайға әсерін қазіргі уақытта есепке алмау тіпті мүмкін емес.

1.3 Химия өнеркәсібі саласын дамытудың негізгі мәселелері

Республикада химия өнеркәсібін дамыту үшін барлық қажетті алғышарттар бола тұра, отандық химия өнеркәсібінің дамуына теріс әсер ететін бірнеше факторлар бар.
Моральдық тұрғыда ескірген жабдықтар мен технологиялар (өткен ғасырдың 70-80 жылдары жасалған технологиялар іс жүзінде барлық қазақстандық кәсіпорындарда қолданылады) қазақстандық кәсіпорындарда минералды және көмірсутек шикізатын өңдеудің тереңдігі мен жинақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Химия өнімдерінің көп түрлерінің импорты 100% -ды құрайды, бұл ретте оны Қазақстан Республикасында өндіруді ұйымдастыру үшін ішкі нарық көлемі жеткіліксіз болып табылады. Химия өнімдерінің жекелеген түрлерін ұйымдастырудың (синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер және т.б.) стратегиялық болашағы жоқ, өйткені нарықтағы жоғары бәсекеге байланысты халықаралық брендтерді құруға едәуір инвестиция қажет.
Ішкі нарық сыйымдылығының жеткіліксіздігі, бұл тұтас қазақстандық тұтыну нарығы сыйымдылығының айтарлықтай жоғары болмауымен, және қарастырылатын салалардың өнімдерінің негізгі тұтынушысы ретінде өңдеуші өнеркәсіптің артта қалуымен байланысты. Кеден Одағына қосылу бір жағынан алғанда әлеуетті өткізу нарығын кеңейтеді, ал екінші жағынан алғанда, Кеден Одағына қатысушы Ресей Федерациясының өзінің қуатты химия өнеркәсібі бар, және Қазақстан сияқты өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың әлемдік деңгеймен салыстырғанда біршама төмендігімен ерекшеленеді. Өндірілген химия өнімдерінің басым бөлігін Ресей Федерациясы экспорттайды, яғни Қазақстан Республикасы үшін әлеуетті бәсекелес болып табылады.
Экспорт үшін техникалық және сауда кедергілері Қазақстанның осы уақытқа дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) мүше болмауымен байланысты, осының нәтижесінде халықаралық саудаға қатысу рейтингі төмен (WEF деректері бойынша, әлемде 93 орын).
Қазақстан Республикасының ДСҰ енуі позитивтілігімен қатар отандық химия өнеркәсібінің дамуына келеңсіз ықпалын тигізеді. ДСҰ кіргенге дейін Қазақстаннның саланың қалыптасу кезеңінде жеңілдікті жағдайлар жасауға, ДСҰ кіргеннен кейін - экспорт үшін сауда кедергілерін алып тастауға мүмкіндігі болады. ДСҰ жарғысына сәйкес, Қазақстан Республикасы осы ұйымға кіргеннен кейін химия саласын мемлекеттік қолдау мынадай түрлерде ғана болуы мүмкін:
* ғылыми-зерттеу және тәжірбиелік конструкторлық жұмыстар жүргізу;
* персоналды оқыту;
* әкімшілік кедергілерді азайту;
* экспортты маркетинг, кеңес беру, сауда өкілеттіктері және т.б. арқылы қолдау;
* еркін экономикалық аймақтарды дамыту;
* мемлекеттік сатып алулар.
Химия өнеркәсібін дамытудың негізгі мәселелері:
+ өндіріс орындарының ескіру деңгейі жоғары (43-80) және олардың жаңартылу деңгейінің төмендігі (2%);
+ ішкі нарықтың сұранысының төмендігі;
+ отандық химия өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігі және өнім түрлерінің аздығы;
+ саланың үдемелі белсендік деңгейінің төмендігі;
+ химия өнеркәсібі салаларына технология трансфертін тартудың қалыптасқан жүйесінің болмауы;
+ өнеркәсіпті дамыту үшін өндіріс орындарының өз қаражатының жетіспеушілігі;
+ жаңа және істеп тұрған өндіріс орындарына қажет мамандарға деген сұранысты анықтаудың ғылыми негізделген жүйесінің болмауы;
+ жоғары көлік шығындары;
+ отандық химия өнімдердің әлемдік нарықтағы танылу деңгейінің төмендігі;
+ химиялық өнімдерді өндіру мен айналымы жайлы технологиялық реттеу нормативті базаның аздығы.
+ Минералды шикізаттарды өңдеудің таяздығы;
+ Кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмен жұмыс бастылығы;
+ Жабдықтардың табиғи тозу және технологиялардың артта қалғандығының жоғары деңгейі;
+ Шығарылатын өнімдердің тар шеңберлі номенклатурасы;
+ Қосылған құны жоғары жоғары технологиялық өнімдерді өндірудегі жеткіліксіз үлесі;
+ Саладағы инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі;
+ Ішкі нарықтың жеткіліксіз сыйымдылығы.
+ Білікті кадрларды қысқарту және тапшылығы, салаға жастардың болмашы келуі.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешуде бірқатар мүмкіндіктер бар.Олардың қатарында:
Жоғары технологиялық, оның ішінде қосылған құны жоғары өнімдердің жаңа түрлерін ұйымдастыру үшін химия кешенінің қолданыстағы қуаттарын пайдалану мүмкіндіктері;
сұрыпты шикізаттар мен қалдықтарды өндіріске тарту;
Инновациялық перспективті жобаларды іске асыру, тиімділігі жоғары отандық және шетелдік жобаларды ендіру есебінен химиялық кешеннің инновациялық дамуы;
Екі ірі әлеуетті өткізу нарығына, Ресей мен Қытай жағырапиялық тұрғыдан жақын орналасуы;
Ішкі нарықтың отандық өндірістің ірі токнажды химиялық өнімдерімен толу мүмкіндігі;
Химия өнеркәсібі кәсіпорындарында ресурс және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу;
Салаға мемлекеттік даму институттарының қаржы ресурстарын тарту және химия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру үшін басқа да қаржылық құрылымдардың қаражаттарын тарту;
Жұмыс істеп тұрған және жаңа өндірістік кәсіпорындар үшін технологиялық мамандықтар бойынша мамандар даярлау.
Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, ауыл шаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.
Химия өнеркәсібінің Қазақстанда дамуына осы саламен металлургия саласының бірлесіп, яғни металлургия қалдықтарынан, қосалқы өнім ретінде бөлініп шыққан заттарды шикізат үшін пайдалануына байланысты. Мысалы, Шығыс, Орталық және Оңтүстік металлургия өнеркәсібінен шығатын өндірістің жанама газдарынан күкірт қышқылы алынып, осы аймақтардағы ірі фосфор тыңайтқыштарын шығаратын өндірістерге беріліп отырылады. Экономистердің есебі бойынша тасталатын жанама металлургиялық газдардан алынған күкірт қышқылының өзіндік құны табиғи шикізаттан алынған қышқылдан екі есе арзанға түседі және 1 тонна өнімге жұмсалатын тиісті қаржының мөлшері де 2,1 есе төмен.
Химия өнеркәсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар және шикізат сантүрлі болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су бассейндерін және топырақты ластаушы компоненттер де алуан түрлі және көбісі өте улы заттар қатарына кіреді.
Бұл салада экологиялық проблемаларды шешу мәселесі қиындау, өйткені қолданылатын аспаптардың (агрегаттардың көпшілігі ескірген, олардың 60% -не жуығы 10 жылдан артық, 20%-тейі20 жылдың үстінде ұсталғандар, ал 10%-нің пайдалануда болғанына 30 жылдан джа асқан. Осыған қарамастан ауға жіберілетін 90% тазалау цикілінан өткізіледі.
Газды, сұйық пен қатты түрде тіршілік ортаға тасталатын негізгі заттарды атап өтсек, бұлар- көміртек, күкірт, азот оксидтері, көмірсутектер, аммиак, фенол, күкіртті көміртек, бензин, олифендер, ауыр металдардың қосылыстары, беттік активті заттар, спирттер, әртүрлі қышқылдар, фосфогипс, тұздар және т.б.
Химия өндірісіне байланысты әлі ойдағыдай шешімін алмай келе жатқан проблеманың бірі фосфор өндірісінің қалдықтары фосфогипс пен галит мәселесі. Көп мөлшерде жиналаған бұл қалдықтар айналымға қажетті көптеген жер көлемін алып жатуымен қатар, біраз мөлшерде топырақты ластап қышқылдандыруда.
Химия өнеркәсібі - экологиялық жағынан ең лас салалардың бірі. Онымен Шымкент, Тараз, Ақтау мен Теміртау, Павлодардағы ауаның, судың, топырақтың ластануы тікелей байланысты. Теміртаудағы Нұра өзені мен Павлодардағы жер асты суларының сынаппен ластануы орасан үлкен қауіпті әзірге жасырып тұр. Оны залалсыздандыру үшін күрделі де қымбат жұмыстар жүргізілуде.

1.4 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасы

Атауы: Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
Мақсаты: Химия өнеркәсібінің одан әрі дамуына жағдай жасау
Міндеттері: Бағдарламаның мақсатына мына міндеттерді іске асырған кезде қол жеткізілетін болады:
1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту.
2. Озық технологиялар негізінде жаңа бәсекеге қабілетті химия өндірістерін құру.
3. Ішкі нарықты отандық өндірістің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған қосылған құны жоғары химиялық өнімдерімен толтыру.
4. Ресурстық базамен қамтамасыз ету.
5. Тиімділігі жоғары технологияларды жасауға ғылым әлеуетін тарту арқылы химия өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыру.
6. Химия өнімдерінің экспорттық әлеуетін ұлғайту.
7. Білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Іске асыру мерзімдері: 2010-2014 ж.ж.
Нысаналы индикаторлар:
* Жалпы қосылған құнды нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 70 % ұлғайту;
* Химия өнеркәсібі өнімін экспорттау көлемін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 38 % ұлғайту.
* Химиялық өнімдердің 6 жаңа түрін өндіруді ұйымдастыру.
* Каустикалық сода өндіру көлемі кем дегенде 33 мың тонна.
* Хлор өндіру - 9,6 мың тонна.
* Тұз қышқылын өндіру - 45 мың тонна.
* Натрий гипохлоритін өндіру - 6,6 мың тонна.
* Минералды тыңайтқыштар өндіру - кем дегенде 1 млн.тонна.
* Химиялық шикізатты өңдеу және байыту бойынша 4 нысанды іске қосу.
* Күкірт қышқылын өндіру - 2527 мың тонна.
* Жарылғыш заттарды өндіру көлемі - кемінде 15 мың тонна.
* Гуматтар мен биопрепараттар өндіру - жылына 600 тонна.
* Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісіндегі еңбек өнімділігін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2 есеге ұлғайту.
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде химия өнеркәсібінің одан әрі дамуына жағдай жасау мақсатында әзірленді.
1. Технологиялық регламенттер мен стандарттарды енгізу
Экспортталатын өнімдер сапасының әлемдік талаптарға сай келуін, отандық өнімдердің шет елдер тарапынан тартымдылығын арттыру үшін технологиялық регламенттерді жасау мен енгізу, мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру ұсынылады.
Атап айтқанда, 2010-2014 жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 9 техникалық регламентті енгізуді жоспарлап отыр; 013 Метрология және техникалық реттеу аумағындағы қызметтер бюджеттік бағдарлама шеңберінде халықаралық талаптармен үйлестірілген 225 мемлекеттік стандартты жасау және енгізу, олардың ішіндегі 145 сынау әдістеріне арналған және 80 мемлекеттік стандарттар өнімдеріне тиесілі болады, мемлекеттік эталондарды жаңарту; қазіргі әдістермен микробиологиялық, оптико-физикалық, физико-химиялық өлшемдер жүргізу үшін рН-метрдің спектрометрлік және хромотографиялық беттік электрлік өткізгіштігі бойынша мемлекеттік эталондарды жаңартуды жүргізу.
Ұсынылған стандарттар төмендегідей химиялық өнімдер түрлеріне бағытталған:
1) тыңайтқыштар - 11;
2) газдар мен аэрозольдердің анализаторлары - 12;.
3) электрондық техника материалдары - 3;
4) жарылғыш заттар -- 9;
5) парфюмерия және косметика бұйымдары -- 11;
6) құрыштан жасалған аппараттар, беттік активті заттар - 9;
7) зертхана жарақтары - 81;
8) зертхана жабдықтары - 20;
9) тұрмыстық химия тауарлары - 17;
10) химиялық талдау әдістері - 52.
Химия саласындағы жаңа техникалық регламенттер мен стандарттардың жасалуына және енгізілуіне байланысты мынадай мүдделі тараптарға сәйкес ақпаратты жеткізу қажет: химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіретін немесе тұтынатын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен сатып алушылар, сәйкес сертификаттар берумен айналысатын және регламенттер талаптарына сәйкестікке, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне баға беретін мамандандырылған зертханалар мен орталықтар, сонымен қатар аталған саланы қадағалайтын мемлекеттік органдар.
Қолданылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат беру мақсатында сәйкес құжаттар (техникалық регламенттер және стандарттар) төмендегі ұйымдарға жіберілетін болады: базалық органика, базалық бейорганика, арнайы тұтынушылық химикаттарын, өнімдерін өндіретін және тұтынатын өнеркәсіптік кәсіпорындар, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға өз жұмыстарында пайдалану үшін, сондай-ақ оларды орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сайтында аталған құжаттар еркін қолжетімді болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын сапа мен қауіпсіздікті растаудың артықшылықтарын және сәйкес техникалық регламенттер мен стандарттарға сай өндірілген сапалы да қауіпсіз өнімдерді сатып алудың артықшылықтарын баяндайтын жарнама акциялары жүргізіліп отырады.
Аталған саланы бақылап отыратын мемлекеттік органдар атқарылатын іс-шаралар жайында белгіленген тәртіпте ақпарат алып отырады.
2. Өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету
2012 жылдан 2014 жылдар аралығында Өнімділік - 2020 бағыты шеңберіне инновациялық гранттар беру 026 бюджеттік бағдарламасы бойынша жаңа химия өнімдерін шығару, химия кәсіпорындардың технологиялық мәселелерін шешу, басқа да салалардың кәсіпорындарында химия өнеркәсібінің өнімдерін пайдалану бойынша нысаналы қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыру болжанып отыр.
Бағдарламалар мемлекеттің, мамандандырылған қорлардың, мүдделі кәсіпорындардың тарапынан зерттеулер жүргізуге тапсырысты қоса қаржыландыру қағидасына негізделетін болады. 2010 жылы бағдарламаларды құрылымдандыру қаржыландыру қажеттіліктері мен оларды іске асырудағы негізгі әріптестерді айқындай отырып жүргізілетін болады. Кейінгі жылдары зерттеулерді тікелей іске асыру жүргізілетін болады.
Аталған жұмыстар әзірлемелерін озық әлемдік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп қатысу қағидаттарында қазақстандық және жетекші шетелдік зерттеушілермен орындалатын болады. Осындай қағидаттарда жаңа химия өнімдерін шығаруға және басқа да салалардың кәсіпорындарында химия өнімдерін пайдалануға гранттар бөлу қажет.
Индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу және (немесе) төлеу арқылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар беру мәселесі пысықталатын болады.
Қазақстандық мамандар есебінен 30-дан кем емес білікті мамандар дайындауға бағытталған, химиялық өндіріс саласында арнайы инжинирингтік компания құру, өндірісті жобалаудың халықаралық стандарттары мен жаңа әдістерін енгізу, инжинирингтік қызмет бойынша қазақстандық үлесті салада кем дегенде 40 %-ға дейін көбейту, саладағы өндіріс орындарының қызметін ғылыми-инжинирингтік көмек көрсету жүйесін жасау сұрақтары пысықталады.
3. Минералдық шикізат базасын дамыту
Өткен жылдардағы калийлі тұздардың кен орындарында жасалынған жұмыстар бойынша қолда бар химиялық-талдамалық, технологиялық, геофизикалық, геологиялық және басқа мағлұматтарды зерттеу болжанады. Зерттеу барысында барлау жұмыстарын жасау және бар мәліметтерді компыотерлік модельдеу және сараптау жүргізу жоспарлануда.
Химия өнеркәсібі үшін шикізаттың кен орындары бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады
4. Әкімшілік кедергілерді жою
Қажетті рұқсат қағаздарын алуға кететін уақытты үнемдеп және химиялық өнімдердің бағасына әсерін төмендету үшін прекурсорлардың айналымы мен өндіруін реттеу аясында рұқсат беру және қарастыру уақыттарын азайту жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімнің айналымын реттеу саласындағы рәсімдерді жеңілдету мақсатында химиялық өнімді тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет ішінара автоматтандырылатын болады.
5. Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
Жоспарланған жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылуы үшін инфрақұрылымның дамыту және мынадай өндірістерге отын-энергетикалық ресурстарды қоюды ұйымдастыру қажет:
- Жамбыл облысындағы кешенді минералдық тыңайтқыштарды өндіру зауыты жобасы бойынша: 20 км. теміржол, 20 км. автожолы.
- фосфат моноаммонийін, фосфат диаммонийін өндіру үшін: 35 км теміржолы, 35 км автожолы, 5 км ЭӨЖ.
2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамыту бағдарламасының жобасында жылына өткізу қабілеттігі 10 млрд текше метрлі Бейнеу-Шымкент газ құбырының 1-ші кезеңінің 1-ші жіберу кешенін 2012 жылы іске қосу болжанады.
Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша зауыт құрылысының жобасын энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі пысықталады.
Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын, Оңтүстік Қазақстан облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытын салу жобаларын көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
Газ құбырын іске қосу жаңа өндірістік қуаттардың газ қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
6. Өткізу нарықтарына тиімді қолжетімділікті қамтамасыз ету
Ішкі сұраныстың әлеуетін іске асыру отандық өндірілген тыңайтқыштар мен арнайы химикаттарға деген ішкі сұранысты ынталандыру арқылы жүргізілетін болады. Аталған іс-шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге субсидия көлемін арттыру, субсидия берілетін минералдық тыңайтқыштардың және отандық өндірістегі агрохимиялық өнімдерінің ассортиментін кеңейту арқылы іске асырылатын болады. Бұл ретте, субсидиялау көлемінің артуы отандық өндірістерді пайдалануға беру мерзімдеріне, минералдық тыңайтқыштарды өндіру көлеміне сәйкес жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қажеттілік үшін отандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) номенклатурасын кеңейту бойынша оған химия өндірістерінің жаңа өнімдерін енгізе отырып, кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелері пысықталатын болады.
2011 - 2018 жылдар кезеңінде Еуропалық одақ (бұдан әрі - ЕО) елдерінің аумағы арқылы (ЕО елдерінде 2011 жылдан бастап оларға тыйым салынуына байланысты) сары фосфор тасымалдау үшін цистерналардың жүруіне арналған арнайы рұқсатнама алу мәселесі шешілетін болады.
2010 - 2014 жылдар аралығында Экпорттаушы-2020 бағыты бойынша сыртқы нарыққа отандық тауарларды экспорттауға дем беру 022 бюджеттік бағдарламасы барысында экспортты дамыту мен алға жылжыту қазақстандық химия өнімдерінің танымал имиджін жасау, өнекәсіптерге халықаралық көрмелер мен симпозиумдарға қатысу бойынша іс-шараларды іске асыруға химия кәсіпорындары - өнімді экспорттаушылардың шығындарының орнын толтыру шаралардың көмегімен жүзеге асырылатын болады.
Химия өнімдерін экспорттауға лицензия алу рәсімі жеңілдетіледі, әрбір министрлікте келісімдер беру мерзімі қысқартылатын болады.
7. Химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына қаржылай көмек
Химия саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа бизнес бастамаларды қолдап, кәсіпкерлік секторды жандандыруға бағытталған қазіргі (Бизнестің жол картасы - 2010 бағдарламасы) және әзірленіп жатқан бағдарламалар шеңберінде қаржылай көмек көрсетілетін болады.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларына жеңілдетілген кредит беру ұйымдастырылатын болады.
8. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Білім беру жүйесі әр салаға қажетті мамандармен қамтамасыз етеді. Бірақ, басым салалардағы жаңа жобаларды іске асыруға мамандар қажеттілігінің мәліметін білу керек. Сондықтан білім беру жүйесі саланың дамуы үшін тек қана бүгінгі емес, ертеңгі күнгі қажетті мамандармен қамтамасыз етуі керек. Жаңа үлкен енеркәсіптердің ашылуы салдарынан саланың жылдам дамуы қосымша білікті кадрлар санын қажет етеді.
Химиялық өнеркәсіптегі 12 орташа техникалық және жоғарғы маман кадрларына деген сұраныс ЖОО мен арнайы оқу орындарында дайындау арқылы қанағаттандандырылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдеріне жыл сайын химия өнеркәсібі кәсіпорындары үшін сұранысқа ие тиісті мамандарды дайындаудың орны, мамандануы, саны мен мерзімдері туралы ескертпе хабарлама жіберілетін болады. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіптік - техникалық білім беру жүйесін жақсарту, нақты мамандықтар бойынша өнеркәсіптегі кадр қажеттілігінің сараптамасы жұмыстары жүргізіледі.
Экономиканың нақты секторларының отандық саласын мамандармен қамтамасыз етудің бір проблемасы елімізде инженерлі-техникалық жұмысшы мамандарына ғылыми негізделген қажеттіліктің болмауы болып табылады.
Сондықтан, елімізде салалар мен өңірлерді кадрлармен қамтамасыз етуді болжаудың интегрирленген экономикалық-математикалық моделі жасалынады. Аталған модель жүйедегі әр деңгейдегі мамандардың квалификациясын жоғарылату, қайта дайындау процестерін жылдам басқаруға Қазақстанның региондарының әлеуметтік-экономикалық дамуынан бағытталатын болады
2013 жылы 012 Білім нысанандарын сейсмикалық тұрақтандыру үшін Алматы қаласының және Алматы облысының бюджеті және білім нысандарын қалпына келтіру және салуды Алматы қаласы және Алматы облысы бюджетінен дамытуға мақсатталған трансфертер бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде химия өнеркәсібіндегі өндіріс орындарына жұмысшы мамандарын дайындау мақсатында (аппаратшы, химиялық құрал-жабдықтарды жөндейтін слесарьлар, аппараттар мен бақылау есептегіш құралдарын жөндейтін слесарьлар) Тараз қаласында 600 орындық кәсіптік лицей салынбақшы.
Мамандарды даярлау импорталмастырғыш немесе экспортқа бағытталған өнімді алу мақсатында жаңа технологияларда жұмыс істеуді көздейтін өндіріс орындарының мәліметтеріне сай жүргізілетін болады.
Химиялық өнеркәсіп бойынша үлкен инвестициялық жобалардың маман қажеттілігі осы бағдарламадағы 3-қосымшада келтірілген.
Химия саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті жерлерде жеке басшыларды бекіте отырып, өндірістік тәжірибені 3 ай мерзіммен өндірістік кәсіпорындарда өту жүйесін енгізу мәселесі пысықталатын болады.
9. Саланың қоршаған ортаға әсерін төмендетуге арналған іс-шаралар
Жұмыс істеп тұрған химия өндірістері үшін тарихи ластауларды жою ерекше маңызға ие. Осы мақсатта Ақтау қаласындағы ҚазАзот ЖШС 2011 ж. көлемі 40000 тоннаны құрайтын, жалпы құны 570 млн. теңге болатын радиоактивті металл қалдықтарын жоюды жоспарлап отыр, сонымен бірге басқа да тарихи ластануларды 1,9 млрд теңгеге тазарту қарастырылды. Шымкент қаласындағы Агрофос-Юг ЖШС тарапынан жылдық өндіріс қуаты 30 мың тоннаны құрайтын фосфорқұрамдас минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт жобасы аяқталып келеді. Өндірістің шикізаты ретінде 1963 ж. салынған бұрынғы Шымкент фосфор зауытының аумағында жиналған әлсіз фосфорқұрамдас шламдар, фосфорқұрамдас қиыршықтар қолданылатын болады. Фосфорқұрамдас шламдардың жалпы көлемі 250,7 мың тоннаны, фосфорқұрамдас қиыршықтардың көлемі 120,0 мың тоннаны құрайды.

2 Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен салаларының даму қарқыны

2.1 Кен-химия өнеркәсібі

Кен-химия өнеркәсібі - жер қойнауындағы кен-химия шикізаттарының әртүрлі түрлерін алғашқы өңдеумен, байытумен және өндірумен айналысатын өнеркәсіп саласы.
* Фосфориттер
* Апатиттер
* Сода
* Ас тұзы және басқа да тұздар
* Бор
* Мышьяк
* Барий
Қазақстан жернде фосфорит кені Жамбыл облысы Қаратауда, Ақтөбе облысы Шилісайда кеңінен таралған. Күкірт Көкшетау маңы Алексеев кенорны, түсті металл және мұнай құрамында кездеседі. Ас тұзы Арал, Балқаш жағалауы, Шу өзені бойы, Павлодар облысында Қалқаман, Таволжан, Коряковскта болса, калиий тұзының Атырау облысы Индер көлінде мол қоры бар.
Фосфор - тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны көп электр қуатын жұмсап, фосфориттен алады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді.
Қазфосфат - химия өнеркәсібіндегі өндірістік құрылым, жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Қазфосфат ЖШС Компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 1999 жылы 27 қазанда құрылды. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар химиялық кәсіпорындарды біріктіреді.
Қызметінің негізгі түрлері: минералдық шикізат (фосфорит кентасын) өндіру, байыту және өңдеу, олардың негізінде өнеркәсіптік өнім мен халық тұтынатын тауарлар шығару; геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу; минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және оның қосылыстарын шығару. Бұл негізгі бағыттарынан басқа Қазфосфат ЖШС-і фосфор саласындағы кәсіпорындардың құрылымын дамытуға, өндірістік процестерін жетілдіруге, қуаттылығын арттыруға бағытталған үлкен істер атқаруда. Бұл іс-шаралар Қаратау фосфорит алабының табиғи қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қазфосфат ЖШС-і фосфор саласының тек шикізат өндіруге бағытталған біржақтылығын өзгерту, сыртқы және ішкі нарыққа сапалы, бәсекеге түсе алатын өнім шығару бойынша іргелі жұмыстар жүргізуде. Бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан Компанияның негізгі іс-әрекеттері оның Тараз қаласындағы офисі арқылы басқарылады. Қазфосфат ЖШС -- фосфаттар шығарудан бастап, олардан өндірілетін түпкі өнімді өз меншігіндегі Теміржол көлік кешені күшімен жеткеруге дейінгі бүкіл жұмысты бір өзі атқаратын Қазақстан жеріндегі бірегей компания.
Қазфосфат ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындар:

* Жаңа Жамбыл фосфор зауыты;
* Минералды тыңайтқыштар зауыты;
* Қаратау тау-кен өңдеу кешені;
* Шолақтау тау-кен өңдеу кешені;
* Теміржол-көлік кешені;
* Степногор Химиялық зауыты.
* Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты;
Қазфосфат ЖШС ТМД елдері арасында фосфорлы өнімдер өндіретін жетекші компания ретінде Қазақстан Республикасының фосфор өндіруші өнеркәсібі болып табылады. Қазфосфат ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі рынокқа шығарылады. Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өзекті міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған.
Қазфосфат ЖШС өз жұмысын минералды тыңайтқыштарды, сары фосфор мен оның туынды өнімдерін өткеру нарығын қайта қалпына келтіруден бастады.
Нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеу сары фосфорды одан әрі тереңдетіп өңдеуді, тағамдық ортофосфор қышқылы, тағамдық натрий үшполифосфаты, баяу гидратталушы натрий үшполифосфаты сияқты жаңа өнім түрлерін шығаруды, күшәні азайтылған фосфор және минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттардың жаңа түрлерін: Р205-сі 19% суперфосфатты, Р205-сі 22% нитроаммофосты, Р205-сі 37% үшкальцийфосфатын өндіруді қажет етті.
Қазфосфат ЖШС өндіріс ауқымын ұлғайтып, өткеру нарығын кеңейтуге, сөйтіп түрлі тұтыныстық қасиеттері бар өнімдермен кәсіпорындар сұранысын қанағаттандырып отыру үшін негізгі жұмыстарымен бірге өндіріс процестерін жетілдіретін өндірістік қуаттарды қайта құрып, жаңғырту саласында да үлкен жұмыстар атқаруда.
Тек бір 2003 -- 2004 жылдар аралығында кәсіпорын мамандары күшімен аммондандырылған суперфосфат, нитроаммофос, гидратталған үшполифосфат, фосфор қышқылы және тағамдық сапасы бар үшполифосфат тәрізді жаңа өнім түрлері жасалып, өндіріске енгізілді.
Еңбек өнімділігін арттырып, майда тартылған фосфат шикізатының сапасын жақсарту, қуат шығындарын төмендету мақсатында Ø 4,5 х15 метрлік руда тартатын түтікті диірмендерге қуат күші 2250 кВт жаңа электроқозғалтқыштар орнатылды. Нәтижесінде диірмендердің жұмыс өнімділігі 1,2 есеге артты.
Жаңа Жамбыл фосфор зауыты филиалында шығарылатын 1 және 2 сортты фосфор қышқылдары мен жоғары және бірінщі сортты натрий үшполифосфаттары сары фосфорды ұқсату барысында туындайтын өнімдер. Ортофосфор қышқылын филиалда қолдану мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ оны өткеру рыногын кеңейту мақсатында Қазфосфат ГОСТ көрсеткіштеріне түгелдей сай келетін А маркалы тағамдық фосфор қышқылы мен одан алынатын тағамдық натрий үшполифосфатын шығаратын қосарланған тұз бөлімшесі құрылымын қайта құрудан өткізіп, жаңғыртты.
Натрий үшполифосфатының өткеру нарығындағы бәсекелік қабілетін көтеру үшін тек ғана белгіленген сапа көрсеткіштері бойынша шығарылатын гидратталатын үшполифосфат өндіру технологиясы жасалды. Бұл үшін екі турбокальцинатордың темірлері тотықпайтын болатпен алмастырылды.
Фосфоритті агломерат шығаруда жаһандық іс-тәжірибеде бірінші рет АКМ-312 агломерация машинасының көрік бауы қайта құрудан өткізілді. Қайта жаңғырту нәтижесінде еңбек өнімділігі 5 -- 8% артып, қуат ресурстарына (электр энергиясына, табиғи газға, тығыздалған ауаға), кокс пен фосфорит ұнтақтарына кететін шығын мөлшері азайды.
Бұрын құрамында 40 -- 50% фосфоры бар шламдық қалдықтарды фосфор қышқылы шламын алу үшін циклондық қондырғыларда жағатын едік. Ал қазір шламдық қалдықтар зауыт мамандары жасап, іске қосқан жүйе бойынша рудотермиялық пештердің өзінде өңделеді. Пеш газын өндірісте қолдану үшін оның құрамындағы фосфор мөлшерін азайту қажет. Бұған суды 2-суық конденсациялау сатысында 20 -- 30°С температураға дейін салқындату арқылы қол жеткізуге болады. Қазір конденсациялық суды салқындату үшін оны пеш цехының жылу алмастырғыштарында қайырма судың таза циклы арқылы салқындату жүйесі қолға алынған. Ол үшін СК-400 градирналарында әсіресе жазғы мезгілдерде қайырма суды жеткілікті түрде салқындата алмайтын, істен шыққан тамшылы-плёнкалы ағаш тозаңдаттырғыштардың орнына кең өңешті тозаңдатқыш шүмектер, заман талабынан шығатын желдеткіш құрал-жабдықтар, полимерлі тозаңдатқыштар мен тамшы шашыратқыштар орнатылған. Конденсациялық суды салқындату жүйесін енгізу арқылы шламмен бірге жоғалтатын фосфор көлемі азайтылды, сондай-ақ сары фос-фордың ендігі жерде ауаға аз бөлінуіне орай айтарлықтай экологиялық нәтижеге қол жетті.
Әсіресе рудотермиялық пештердің фурмалары мен дюздерін салқындататын жүйелер торабын қайта құру үлкен нәтижеге жеткізді. Аталмыш шараларды енгізу қож жүретін астаулы жолдардың кірпішті қорғау қабаттарының жарамдылық мерзімін ұзартуға, сөйтіп пештерді жөндеуге кететін уақыт аралығын 5 -- 6 айдан 8 -- 9 айға дейін созуға мүмкіндік берді. Осыған байланысты пештердің тоқтап тұратын уақыты айтарлықтай азайды. Сары фосфорды өндіру технологиясында пеш электродтарының бірқалыпты жұмыс істеуі маңызды роль атқарады. Филиалда электродтар құрылымын өзгертуге қатысты жүргізілген жұмыстар олардың морт сынуын азайтып, осыған бай-ланысты пештерде орын алатын апатты жағдайлар санын кемітті.
Коксты кептіргіш барабандарда кептіру кезінде оның үйкелінуіне байланысты үлкен мөлшерде ұнтақтар пайда болады. Сөйтіп олар газдарға қосылып, ауаға бөлінеді. Осыған орай анағұрлым үнемшіл, электр қуатын аз пайдаланатын, ауаға да заттектерін айтарлықтай аз бөлетін ФС пештерін іске қосатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіл-ді.
Қазфосфат ЖШС Минералдық тыңайтқыштар филиалында өткен 10 жылғы еңбек барысында өндіріс қуаттарын кеңейтуге және жоғарғы сапамен шығатын өнім түрлерін көбейтуге, қалдығы аз өндіріс орындарын құруға, өндіріс қалдықтарын өңдеуге ба-ғытталған біраз жұмыстар атқарылды.
КВФ-50 маркалы қос айналма білікті сүзгі орнату арқылы экстрациялық фосфор қышқылын шығаратын бөлімше құрылымы қайта құрылды. Нәтижесінде өндіріс қуаты 30% артты. Экстрациялық фосфор қышқылын шығаратын өндіріс өнімін фосфогипстен құрғақ күйінде арылта алатын түрге ауыстырылды. Бұл бөлінетін фосфогипс қалдықтары мөлшерін 30 кг азайтты. Суды тұндырмай пайдаланатын жүйе жұмысы іске қосылмақ. Бұл алдағы уақытта шлам жинағыштар қолдануды жоймақ.
Аммоний сульфатын алудың, баяу әрекет етуші тыңайтқыштар түрін шығарудың қолдағы бар құрал-жабдықтарға оңтайланған технологиясы жасалған. Экстрациялық фосфор қышқылын тазартуға қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мақсат -- соның негізінде сіңімді заттары мол тыңайтқыштар алу.
Қоюланбайтын қойыртпақтан суперфосфат алудың әзірге теңдесі жоқ технологиясы жасалып, игеріліп, іске қосылған. Бұл суперфосфатты әдеттегі классикалық жолмен алу кезінде болып тұратын зиянды заттардың ауаға бейберекет бөлінуін тоқтатуға мүмкіндік берді.
Казфосфат ЖШС жаңғыртуды 2020 жылға дейін өткізу жоспарланған және инвестициялық жобаларды жалпы сомасы 120 млрд. астам теңгеге іске асыруды көздейді, олардың арасында жаңа технологияларды енгізу жолымен сульфоаммофос, күрделі минералды тыңайтқыштардың, гексаметафосфат және тамақ фосфаты, үшхлорлы және бес күкіртті фосфор өндірісі бойынша жобаларды атап өтуге болады. Жаңғырту нәтижесінде 2020 жылға қарай еңбек өнімділігін 2,2 есеге, штат санын 7 мың адамға дейін арттыру, энергия сыйымдылығын 2,4 есеге төмендету, табиғи газды тұтынуды 100 млн. куб. метрден жылына 16-17 млн. куб. метрге дейін қысқарту күтілуде.
Жаңа Жамбыл фосфор зауыты (ЖЖФЗ) сары фосфор және құрамында фосфоры бар өнімдер шығаратын химиялық зауыт болып табылады, Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібінің даму кезеңдері
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Арнайы химия
Германияның химиялық парктері
Химия өнеркәсібінде
Химия өнеркәсібі туралы
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Дүние жүзілік химия өнеркәсіптерінің ірі карпорациялары
Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел компанияларының қызметтері
Пәндер