Қолма-қолсыз есеп айырысу туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ҚОЛМА.ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Қолма.қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қолма.қолсыз есеп айырысудың формалары және олардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛМА.ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.1 Қолма.қолсыз есеп айырысудың еліміздегі формалары ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қолма.қолсыз есеп айырысудың шетелдік тәжірибелері және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25


Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Әлемде қандай ел болмасын қолма-қол ақшаларға толық түрде бақылау орната алмайды. Өз кезегінде қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және ақшаға байланысты қылмыстың дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі төлемдерді және тағы басқа қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп айырысудың бүгінгі таңдағы заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің маңызы зор болып табылады.
Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету ерекшеліктеріне қарай есеп айырылысу қызметі ұйымдастырылады. Өз кезегінде қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және ақшаға байланысты қылмыстың дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі төлемдерді және тағы басқа қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп айырысудың бүгінгі таңдағы заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің маңызы зор болып табылады.
Еуропаның орталық және екінші деңгейлі банктерінің клирингтік жүйесінде жаңа төлем құралы – электронды дебетті хабарламалар кең қолданыс табуда. Қазақстан Республикасының Қаржы саласының жоғарғы қарқынмен дамып, Ұлттық банктің 2003 жылдан бастап Еуропалық елдер стандарттарына өте бастауы негізінде еліміздің Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктері біртіндеп есеп айырысуда аталған стандарттарға өте бастады.
Қазіргі уақытта отандық коммерциялық банктерінде банктік қызмет көрсетуде электрондық қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық актілері қалыптасып, ол интернет және мобильді телефондар негізінде орын алды.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын еліміздің есеп айырысу жүйесіндегі маңызды және өзекті талаптардың бірі болып отырған мәселеге орай «Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі» деп алдым.
Осы жұмысты орындау орындауда келесідей міндеттерді алдыға қою керек:
• Есеп айырысудың қолма-қолсыз формасының ұйымдастырылуын, қағидаларының, жүргізілу формаларының ерекшеліктерін атап өту;
• Қолма-қолсыз есеп айырысудың шетелдік тәжірибелерін талдау;
• Талданған тәжірибелерді ұлттық төлем жүйемізде қолдану мәселелері;
• Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы мен атқарылып жатқан шараларын талдау болып табылады.
1. «Деньги, кредит, банки» Учебник Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
2. Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
3. Баян Көшенова, Оқу құралы Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
4. С.Б. Мақыш, Оқу құралы “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
5. Бункина М.К. Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
6. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 9, 8- 2005 г. 2-3 стр.
7. “Қ.Р-ның вексель айналысы туралы” Қ.Р-ның Заңы // 28.04.1998ж.
8. Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3. – 2005 г. 33-35 стр.
9. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
10. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі
қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың формалары және олардың
құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...8

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың еліміздегі формалары
... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың шетелдік тәжірибелері және олардың
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Әлемде қандай ел болмасын қолма-қол ақшаларға толық түрде бақылау
орната алмайды. Өз кезегінде қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және
ақшаға байланысты қылмыстың дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі
төлемдерді және тағы басқа қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп
айырысудың бүгінгі таңдағы заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің
маңызы зор болып табылады.
Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына
байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем
механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да
Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің
ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да
болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету
ерекшеліктеріне қарай есеп айырылысу қызметі ұйымдастырылады. Өз кезегінде
қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және ақшаға байланысты қылмыстың
дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі төлемдерді және тағы басқа
қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп айырысудың бүгінгі таңдағы
заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің маңызы зор болып табылады.
Еуропаның орталық және екінші деңгейлі банктерінің клирингтік
жүйесінде жаңа төлем құралы – электронды дебетті хабарламалар кең қолданыс
табуда. Қазақстан Республикасының Қаржы саласының жоғарғы қарқынмен дамып,
Ұлттық банктің 2003 жылдан бастап Еуропалық елдер стандарттарына өте
бастауы негізінде еліміздің Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктері
біртіндеп есеп айырысуда аталған стандарттарға өте бастады.
Қазіргі уақытта отандық коммерциялық банктерінде банктік қызмет
көрсетуде электрондық қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық актілері
қалыптасып, ол интернет және мобильді телефондар негізінде орын алды.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын еліміздің есеп айырысу
жүйесіндегі маңызды және өзекті талаптардың бірі болып отырған мәселеге
орай Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі деп
алдым.
Осы жұмысты орындау орындауда келесідей міндеттерді алдыға қою керек:
• Есеп айырысудың қолма-қолсыз формасының ұйымдастырылуын,
қағидаларының, жүргізілу формаларының ерекшеліктерін атап өту;
• Қолма-қолсыз есеп айырысудың шетелдік тәжірибелерін талдау;
• Талданған тәжірибелерді ұлттық төлем жүйемізде қолдану мәселелері;
• Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы мен атқарылып жатқан
шараларын талдау болып табылады.

I ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ

1. Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі
қағидалары

Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы
ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің
торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің
ықпалы болады. Өйткені банк – осы қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен
төлемдердің барлық түрі іске асатын орын болып табылады. Банктегі есеп
айырысу шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалй қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз
ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір экономикалық
жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп жүйесі – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын
талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері
мен формаларының жиынтығын білдіреді.
Қазіргі жағдайда ақша, шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып
табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне
байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай
есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды
қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп
айырысуларға қарағанда біршама қолайлы болып келеді. Мұндай есеп айырысу
негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша
айналымының басты бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
барысы мынадай шаруашылықтар аумағында жүзеге асырылып отырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу кезінде;
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру мынадай
талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін
бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген
төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысудың өз уақыттылығы,
яғни уақытында есеп айырысуға тиістілігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру
негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған
болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде
және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген
болатын. 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және
экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген
болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің
жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың
мүддесіне қызмет еткен. Сол кездердегі қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары
сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын
талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың
балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.
Бүгінгі таңдағы экономикамыздың нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды
ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай
қаражаттарды банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді. Мұнда
клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар
ашылады.
Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі қиғидадан
айырмашылығы барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігін
байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі
шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер
арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу,
шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің
іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың екінші қағидасы бойынша төлемдер
шот иелерінің өніміне байланысты белгіленген төлемдер кезегі бойынша, яғни
шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылуы тиіс.
Өндірістің құлдырауы мен инфляциялық процестер жағдайында
шаруашылықтағы төлем тәртібінің төмендеуіне байланысты, біздің елімізде,
клиенттердің есеп айырысу шоттарынан бірінші кезекте, бюджеттің барлық
деңгейіне, сондай-ақ зейнетақы қорлдарына төлеуге шешім қабылданған. Бұл
әкімшілік шара ҚР Үкіметінің бүгінгі экономиканың даму кезеңіндегі
бюджеттің кіріс жағын нығайтуға және шығысы арқылы әлеуметтік саланы
қаржымен уақтылы қамтамасыз етіп отыруға бағытталды. Бұл жерде банктің
нарық субъектісіне , яғни клиентке қоятын талабы оның шотында бар қаражат
қалдығы шегінде төлемді жүзеге асыру болып табылады.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың үшінші қағидасы – нарық субъектілерінің
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды
банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық
субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды.
Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде
көрініс табады.
Жоғарыда айтылған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай екі
қағидасы қолданылады:
• төлемнің мерзімділігі;
• төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы – шаруашылық несиелі сақтандыру
шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды
жүзеге асыруды білдіреді.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін
қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде
аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлем мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе
болады. Мерзімді төлем төмендегідей жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін:
1. сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының
тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем
түрінде;
2. сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем
тапсырмасы арқылы;
3. сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін –
қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық
несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын , мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен
төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер – келісілген мерзімінен бұрын ақшалай
міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – көзделген уақытта қарыздық
міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына
байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік
немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімдік
қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде
болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде
және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара
ажыратылады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары
болады. Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді
кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға
қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта
түседі.
Жоғарыда аталған қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу қағидалары бір
бірімен тығыз байланысты, сондықтан олардың біреуінің орындалмауы
басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар жүйесінің конструтивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің
банктердегі ашқан есеп айырысу ағымдық және басқа да шоттарында
көрсетіледі.

1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың формалары және олардың
құрылымы

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар тиісті құжат айналымын сақтау
және белгілі бір формадағы есеп айырысу құжаттарының негізінде жүзеге
асырылады. Есеп айырысу құжаттарының түрлеріне, төлеу тәсіліне және
банктегі құжат айналымын ұйымдастыруға байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулардың мынадай формалары болады:
• төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
• төлем талабы-тапсырмаларымен есеп айырысу;
• аккредитив арқылы есеп айырысу;
• чек арқылы есеп айырысу;
• вексель арқылы есеп айырысу.
Есеп айырысу формалары мен тәртібі төлеуші мен қаражатты алушының
арасындағы келісім-шартпен анықталуы тиіс.
Есеп айырысу формасын таңдай мынадай жағдайларда анықталады:
• контрагенттердің арасындағы шаруашылық байланыстар сипатымен;
• жабдықтайтын өнімнің ерекшелігіне және оны қабылдау шартымен;
• мәмілеге қатысушылардың мекен-жайымен;
• жүкті тасымалдау тәсілімен;
• заңды тұлғалардың қаржылық жағдайымен.
Формаларды таңдауда есеп айырысуды жүргізудің бекітілген ережелеріне
сәйкес банк тарапынан бақылау қойылуға тиіс.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданатын
есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы – клиенттің өз шотынан белгілі бір соманы аудару
туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасын білдіреді. Төлем
тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін
қолданылады, алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін , тауарлы емес
операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер,
банкке коммиссиондық төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге
тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық
төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап он күнге жарайды және
төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асады.
Төлем тапсырмасының есеп айырысу сызбасы келесі 1-ші суретте
көрсетілген.

1

4 2

3

Сурет-1 – Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді сатып
алғаннан кейін төлеу барысының есеп айырысу сызбасы

Мұндағы: 1- тауарды (қызметті) жабдықтау; 2- төлем тапсырмасын банкке
беру және шоттан қаражатты шегеру; 3- жабдықтаушының банкіне қаражатты
аудару және алушының шотына есептеу; 4- жабдықтаушыға оның шотына қаражат
түскендігін хабарлау.
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын
және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем – бұл тауарды жөңелткенге
дейін (1-суреттен қара);
Тауарды жөңелкеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-ші
сурет); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу бұл жақтың қаржылық
жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

1

5

4 2

3

Сурет-2 – Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді алдын ала
төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

Мұндағы: 1 – алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау
туралы келісім шарт жасау; 2 – төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан
қаражатты шегеру; 3 – жабдықтаушының банкіне қаражатты аудару және алушының
шотына есептеу; 4 – жабдықтаушыға оның шотына қаржы түскендігін хабарлау; 5-
тауарды (қызметті) жабдықтау.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем
тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы
төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы
арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен
ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат
бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа
формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы
және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған. Төлем талап
тапсырмасы – жабдықтаушының төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке
бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет
құнын тиісті есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабын және төлеушінің
шотынан қаражаттарды шегеру туралы берген төлеушінің тапсырмасын білдіреді.

Төлем-талап тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай
сызбамен беріледі:

1

3 4
6 2

5

Сурет-3 – Төлем талап - тапсырмасы бойынша есеп айырысу

Мұндағы: 1 – тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2 – төлем талап
–тапсырмасын сатып алушының банкіне беру; 3 – есеп айырысу құжаттары
төлеушіге келісім беру үшін беріледі. 4 – төлеушіге келісім берген есеп
айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкке сатып алушының
шотынан шегіріледі; 5 – жабдықтаушының банкіне қаражат аударылып, онда
жабдықтаушының шотына есепке алынады. 6 – жабдықтаушының шотына қаражат
келіп түскендігін хабарлайды.
Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айрысу жиі
қолданылмайды, бірақта ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу
формасы болып табылады.
Аккредитив – сатып алушының тапсырысы бойынша сатып алушының
(аккредитив алушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте
көрсетілген құжатарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да
шоттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай
міндеттемесі.
Аккредитивтің келесідей түрлері бар:
1. Өтелген және өтелмеген;
2. Қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Өтелген (қаражат аударылған) бұл имитент банктің міндеттемесінің іс-
әрекетінің барлық мерзім ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге
клиентіне берілген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде
ашқан аккредитивін білдіреді.
Өтелмеген (кепілденген) – бұл банктердің өзара корреспонденттік
қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының
банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін
сипаттайды.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент банктің
әмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының
мүддесін көздейді.
Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе
күшін жою алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына
ашылған болып табылады.

1

5
8
6 4 2

3
7

Сурет-4 – Алдын ала қаражаттарды аудару арқылы аккредитив формасы мен
есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы

Мұндағы: 1 – алдын ала қаражаттарды аудару арқылы аккредитив формасын
пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракты жасау; 2 – банкке
аккредитив ашуға өтінішін және оған қоса қаражатты аудару туралы төлем
тапсырмасын беру, одан соң ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 –
қаражатты жабдықтаушының банкіне аудару және оны аккредитив шотына есептеу;
4 – жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 – тауарды
жабдықтау немесе қызмет көрстеу; 6 – келісім шартқа сәйкес тауарды
жөңелткені туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу
және аккредитив шотынан қаражатты шегеріп оны жабдықтаушының шотына
есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп,
аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді. 8 – құжаттарды сатып
алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды
жеткізеді.
Чекпен есеп айырысу. Чек – бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің
чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген
жазбаша бұйрығын білдіреді.
Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
• Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы
төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;
• Сатушы белгісіз болған жағдайда.
Чек берілген күннен бастап он күн ішінде банкке төлеуге табыс етілуі тиіс.
Чек бойынша есеп айырысу сызбасы 5-ші суретте көрсетілген.

4

3
2
1
5

Сурет-5 – Чекпен есеп айырысу сызбасы

Мұндағы: 1 – сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін
жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша
береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 –
жабдықтаушы тауарын жөңелтеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп
айырысады; 5 – жабдықтаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк сатыпалушының
шотынан чектегі соманы шегеріп, оны жабдықтаушының шотына түсіреді.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні –
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель
иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы
қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі,
вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге
саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем
міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету.
Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына
немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем
қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк
сатып алады.
ҚР-дағы вексель айналысы туралы (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес
жай және аудармалы вексельді қарастырайық.
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

1
2
3
4

Сурет-1 – Жай вексельдің айналысы

1. Вексельді тауар сатып алушы сатушыға береді (вексель беруші – вексель
иемденушіге);
2. Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді
(вексель берушіге);
3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынып
отырады;
4. Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді, яғни
вексельді өтейді;
Қазақстанда банктердің акцептік операциялары дамымаған. Ұлыбритания,
Германия және Францияның коммерциялық банктері осы операцияны жүзеге
асырады. Бұл операцияның дамымай отырған себебі біріншіден осы операцияға
қатысты заңның болмауы, екіншіден банк үшін тәуекелдің жоғары деңгейде
болмауы, үшіншіден коммиссиондық мөлшердің жоғары болуы.
Акцептік операцияға қарағанда авальдеу банк үшін қолайлы келеді. Аваль
қамтамасыз ету формасы болып табылады. Аудармалы вексель бойынша төлем
болып немесе аваль арқылы вексельдегі соманың қандай да бір бөлігін
қамтамасыз етілуі мүмкін. Авальде кімнің шотынан берілгендігі көрсетілуі
керек. Ал көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің есебімен берілді деп
есептілінеді.
Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге ала отырып ссуда беру, белсенді
банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл
операция кездеспейді.
Вексель бойынша жасалатын операция қатарына Ұлттық банктің вексельді
қайта есепке алуы жатады. Қайта қаржыландыру мүшелері бойынша Ұлттық банк
вексельді есепке алады.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың еліміздегі түрлері және оларды дамыту

Екінші деңгейлі банктердің қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру
барысында кеңінен қолданылатын негізгі төлем құралы – төлем тапсырмасы
болып табылады, аз мөлшерде: төлем талап тапсырмасы, аккредетив және
инкассалық өкім қолданылады, қолма-қолсыз төлем айналымында чек және
вексель арқылы есеп айырысудың үлесі төмен болып отыр. Ал төлем карточкасын
пайдалану арқылы жасалған операциялар төлемдер санының ең үлкен бөлігін
алады.
Еліміздегі болашағы бар есеп айырысу құралдарын яғни чек, вексель және
төлем карточкаларын қарастырайық.
Қазіргі кезеңде қолма-қол ақшаны алу үшін кеңінен қолданылатын есеп
айырысу құралына төлем карточкалары жатады. 1960 жылдың оратсынан бастап
төлем карточкалары кеңінен қолданылған. Ал Қазақстан Республикасындағы
төлем карточкалары нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Төлем
карточкаларын дамыту мақсатында Қазақсатан Республикасы Үкіметінің 02.07.02
жылғы №713 қаулысымен Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем
карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінде дамыту бағдарламасы
бекітілді.
Бұл жүйесінің негізгі мақсаты мыналарды қамтиды:
• ақша айналымына бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаны
көлеңкелі айналымын азайту;
• жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің тетігін жетілдіру;
• коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне
ақы төлеу процестерін оңтайландыру;
• бюджеттік ( салық, кеден ) және өзге де міндетті алымдарды қолма-
қолсыз формада жүзеге асыра үшін микропроцессорлық карточкалар
технологиясын қолдану;
• қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығыстарды азайту;
Жалпы ұлттық міндеттерді іске асыру мақсатында барлық банктер бірыңғай
процессингтік ұйым арқылы жұмыс істеу үшін біріктіру банктердің
эквайринг бизнесін неғұрлым тиімді жасауына, ал босаған қаржы
ресурстарының пластикалық карточкаларға қызмет ккөрсетудің
инфрақұрылымын дамытуға және банктік қызмет көрсету аясын кеңейту үшін
бағыттауға мүмкіндік береді.
Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы ҚР Заңының талаптарының
мемлекет басшысы мен Үкімет Қаулысын орындау үшін Ұлттық банктің бастамасы
бойынша және Қазақстандық 11 банктік қатысуымен төлем карточкаларының
Ұлттық банкаралық жүйесін басқару үшін арнайы ұйым – Процессинг орталығы
ЖАҚ-ы құрылды. Visa халықаралық төлем жүйесінде сертификаттау туралы ресми
растауды алып, Процессинг орталығы ЖАҚ-ы қазіргі уақытта банктерді Төлем
карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесіне қосуы мәселелерімен белсенді
айналысуда бірынғай ұлттық төлем жүйесін құру мәселесі талқылауда, сондай-
ақ төлем карточкаларының ұлттық барлық жүйе шеңберінде микропроцессорлық
карточкалар үшін бірыңғай ұлттық стандарттарды ендіру мәселелерін
пысықтауда.
Срнымен, процессинг орталығы ЖАҚ-ы алдында мынадай негізгі міндеттер
тұр:
• микропроцессорлық технологиялар базасында төлем карточкаларының
ұлттық жүйесін құру;
• халықаралық және ұлттық карточкаларды қабылдауды қамтамасыз
ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.
Процессинг орталығы ЖАҚ мынадай қызметтерді орындайды:
1. Төлем карточкаларды трансакцияларды өңдеу және қажетті төлем
құжаттарын даярлау;
2. Қатысушы банктер арасында аталған төлем жүйесі бойынша өзара
есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған ақпарат даярлау;
3. Отандық және халықаралық төлем карточкаларын пайдалану арқылы
жүзеге асырылатын төлемдердің бағытын анықтау және клирингті
ұйымдастыру;
4. Қатысушы банктердің пластикалық карточкалармен жасалатын
операциялар бойынша үстеме шығынды азайту мақсатында
программалық техникалық бағдарламамен жабдықтау және қатысушы
банктермен арадағы байланыс жүйелерін ұйымдастыру;
5. Қатысушы коммерциялық банктерге техникалық және ақпараттық
көмек беру;
6. төлем карточкаларды пайдалану торабын ұйымдастыру.
Процессинг орталықпен қатысушы банктердің жұмыс жасауы аталған
банктер үшін мынадай артықшылықтарға ие:
• Бірыңғай төлем кеңістігінде қызмет ету;
• Қатысушы банктердің төлем карточкаларын шығару мүмкіндігін нығайту;
• Off-line режимін пайдалану арқылы банктер арасында байланыста
орталықтандырылған жүйенің көмегімен міндеттелген жүктемелерді азайту;
• Төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету торабын кеңейту;
• Төлем карточкалары бойынша нақты өндірілген кепілденген ақпараттармен
алмасу.
Процессинг орталықпен ЖАҚ қатысушы банктер арасындағы өзара қарым
қатынастың бірнеше тәсілдерін қолданады. Қазақстан Республикасы банктеріне
тән, яғни банктер карточка бойынша қызмет көрсетуге техникалық жағынан
қамтамасыз етпейтін немесе мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда қатысушы банк
барлық есепті өзінде жүргізеді, ал процессингтік компанияға карточкалық
шоттың жағдайы туралы ақпаратты, карточканы персонализациялауға (қолма-қол
ақшаны беру немесе төлемді жүргізуге қабылдайтын карточканың төлем
қабілеттілігін тексеруді жүзеге асырады және карточка мен оның ұстаушысының
идентификаторын тексереді) және карточка бойынша қызмет көрсету үшін
арнайы құрал жабдықты (АТМ және РОS-терминал) орнатуға тапсырысты жібереді.

Процессинг орталық ЖАҚ қатысушы банк жіберген сұраныстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары
Қолма-қолсыз есеп айырысу
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару
Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
Ақша айналысын басқару және реттеу
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы
Пәндер