Дін және бақ: кеше және бүгін



КІРІСПЕ
Дін және БАҚ: кеше және бүгін
1.1. БАҚ.та діни тақырыптардың жариялануы
1.2. БАҚ және дін насихаты.
1.3 Тәуелсіз Қазақстанда Ислам дінінің дамуы туралы
II.Жаңа Қазақстандағы БАҚ және дін тақырыбы
ДІНИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ
2.3. Ислам журналистикасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі
Діннің адамды рухани тәрбиелеуде маңызы артып отырған бүгінгі заманда діни ақпарат БАҚ өнімдеріне немқұрайлы қарауға болмайды. Қоғамымызда діни БАҚ өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Атеизмнің билігінен құтыла салысымен елімізде түрлі діни басылымдар тарала бастады.«Дін-апиын» деп жар салған кеңес заманындағы атеистік қысымнан өткен қазақ зиялылары тәуелсіздік заманында түрлі ағымдарға еліктеп, елді елең ететіндей неше түрлі материалдар жариялай бастады. Бұл мақалалардың халықтың руханиятына, дүниетанымына орасан зор әсер етері анық. Яғни бүгінгі замандағы қоғамдық түрлі діни пікірлердің қалыптасуына осындай мақалалар өздерінің ықпалын тигізеді. Осы мақалаларды сараптау арқылы қазіргі қоғамдағы діни наным-сенім ерекшеліктерінің орын алу себептерін анықтай аламыз. Қазіргі заманда дін БАҚ-та аса өткір мәселе саналады. Қоғамдағы көп дау-дамай осы дін мәселесіне байланысты туындап отыр.Тәуелсіздік жылдарындағы БАҚ-та жарияланған діни мақалалардың саны мен сапасы, мазмұны жайлы жалпылама мәлімет жинауды жоспарлап отырмын және ол мақалаларды жариялаушылардың қандай дін ағымына жататынын анықтауды басты мәселесе санаймын. Мұндай мәліметтер қазақстанда жоқтың қасы болғандықтан бұл зерттеу аса құнды әрі маңызды деп есептеймін.
Зерттеу жұмысыныңмақсаты
БАҚ-та Ислам тақырыбының кешегісі мен бүгінгісін саралау, қоғамдық, әлеуметтік, тарихи тұрғысынан шолу жасау.БАҚ-та ислам тақырыбының өзектілігін айқындау. Қазақстандағы БАҚ-дағы діни материалдардың тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі ислам тақырыбын насихаттау ерекшеліктерін салыстыру. Осы арқылы қоғамдағы діни даулардың алдын алу, елді рухани біріктіру, еліміздегі діни конфессияларды ортақ келісімге шақыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері
Жұмыстың негізгі міндеті етіп ислам дінінің қазақ даласына келу туралы айту. Қоғамдық өзгеріс кезіндегі діни құбылыстарға саралау. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары БАҚ-тағы ислам дінінің қазақ қоғамына тигізген ықпалына шолу. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасы және БАҚ.
Зерттеу нысаны
Діни басылымдар, тұрақты діни айдары бар газет-журналдар, діни сайттар, діни баспалар және жалпы кітаптарға шолу, діни және тұрақты діни бағдарламасы бар теле-радио арналар, олардың құрылтайшылары.
Зерттеу пәні
Журналистика, социология және дінтану салаларын қамту.
1.Дінтану негіздері: Оқулық/Ауд.:Н.Ж.Бәйтенова, Қ.А.Затов, А.Т.Құлсариева, А.Д.Құрманалиева; Құраст. Н.Ж.Бәйтенова. Алматы: Қазақ университеті, 2006.-14б.
2. Саяси түсіндірме сөздік. Алматы : Дайк-Пресс, 2007
3. Дюргхейм Э. Элементарные формы религиозной жизни. М., 1912. C.65
4. Межконфессиональные отношения как диалог культур/ Медведко С.В. М.,1997. С.80
5. Государственно-церковные отношения в России (опыт прошлого и современное состояние) / Отв. ред. Овсиенко Ф. Г., Одинцов М. И., Трофимчук Н. А. / РАГС при Президенте РФ. М., 1996. - 252 с.
6.Ж.Түсіпбекұлы. Бүгінгі жанжалдар саяси-идеологиялық емес, діни негізде жүреді // саяси ғылымдар докторы Г.Насимовамен сұхбат //Алаш айнасы. -2012. -12 қаңтар
7. Назарбаев. Н.Ә. О глобальном диалоге религиозных и светских ценностей // ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілернің ІІ съезінде сөйлеген сөзі
8. http://kz.fgulen.com/kz-life/dialog/525-dialog.html
9. Самыгин С. И. и др. Религиоведение: социология и психология религии. / Самыгин С. И., Нечипуренко В. Н., Полонская И. Н. Рос-тов-на-Дону: Феникс, 1996. - 672 с.
10.Религиозный диалог. Лицом к лицу (Материалы конференции) / Под ред. Р. Файнберга. М., 1995.
11.Жақып, Б.Ө.
Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары (генезис, эволюция, поэтика) [Мәтін] : Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Жақып Б.Ө. - Алматы : Б.ж., 2004. - 54 б. - Б. ж.

12.Жақып, Б.Ө.
Публицистикалық шығармашылық негіздері [Мәтін] : оқулық / Б. Жақып ; ред. А. Шурилова ; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. - Алматы : Қазақ университеті, 2007.
13.Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары, «Дала мен Қала» газеті, №5, 04.02.2005 ж.
14.Қайрат Лама Шариф. Интерфакс Қазақстан. «Қабылданатын заңның 7 - бабы». А. – 2011. – 1-2 б.
15.Нұресләм Ғабдуллин. Президент және халық. «Дін қоғамымыздың ажырағысыз бөлігі». А. – 2011. – 3-4 б.
16. Амангелді Айталы. Жалын. «Қоғамның талабы – жаңа заңды қажет етеді». А. – 2011. 3-4 б.
17. П.В. Мешков. Религиоведения. «Энциклопедический словарь». 2008. 390 с.
18.Т. Ағдарбеков. Мемлекет және дін арақатынасының негізгі мәселелері. «Жалын». 2010. – 10-11 б.
19. Закон о религиозный деятельности РК. «Казахстанская правда». А. – 1995. 12-15 с.
20. Закон о религиозный объединение и религиозный доверия совести РК. «Казахстанская правда». А. – 1995. 7-8 с.
21. Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандықтары және діни бірлестіктер туралы» Заңнамасы., «Егемен Қазақстан». А. – 1995. – 3-4 б.
22. Ғ.Есім., А.Әбуов., Қ.Жолдыбай. «Дінтану негіздері». А. – 2010. – 270 б.
23. Д.Кенжетаев, Н.Асқаров, Ә.Сайлыбаев, Ө.Тұяқбаев. «Дінтану негіздері». Астана. - 2010. 209- 210-б.
24. А. Әшімұлы. Егемен Қазақстан. «Елбұзар дінге тосқауыл». А. – 2011. – 8-9 б.
25. Т.Сыздықов. Егемен Қазақстан. «Дін қоғамдағы өткір де нәзік мәселе». А. – 2011. – 5 б.
26. Рамазан Сәрпабеков. Айқын. «Ағайынның арасына жік салатын діни бірлестіктер тіркелмейді». А. – 2011. – 9-10 б
27. А. Айталы. Ұлттану (Оқу құралы).- А.: «Арыс». 2000. – 145 б.
28.«Мемлекет және дін» журналы, №3-4(18-19), Астана 2011ж.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі
Діннің адамды рухани тәрбиелеуде маңызы артып отырған бүгінгі заманда діни ақпарат БАҚ өнімдеріне немқұрайлы қарауға болмайды. Қоғамымызда діни БАҚ өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Атеизмнің билігінен құтыла салысымен елімізде түрлі діни басылымдар тарала бастады.Дін-апиын деп жар салған кеңес заманындағы атеистік қысымнан өткен қазақ зиялылары тәуелсіздік заманында түрлі ағымдарға еліктеп, елді елең ететіндей неше түрлі материалдар жариялай бастады. Бұл мақалалардың халықтың руханиятына, дүниетанымына орасан зор әсер етері анық. Яғни бүгінгі замандағы қоғамдық түрлі діни пікірлердің қалыптасуына осындай мақалалар өздерінің ықпалын тигізеді. Осы мақалаларды сараптау арқылы қазіргі қоғамдағы діни наным-сенім ерекшеліктерінің орын алу себептерін анықтай аламыз. Қазіргі заманда дін БАҚ-та аса өткір мәселе саналады. Қоғамдағы көп дау-дамай осы дін мәселесіне байланысты туындап отыр.Тәуелсіздік жылдарындағы БАҚ-та жарияланған діни мақалалардың саны мен сапасы, мазмұны жайлы жалпылама мәлімет жинауды жоспарлап отырмын және ол мақалаларды жариялаушылардың қандай дін ағымына жататынын анықтауды басты мәселесе санаймын. Мұндай мәліметтер қазақстанда жоқтың қасы болғандықтан бұл зерттеу аса құнды әрі маңызды деп есептеймін.
Зерттеу жұмысыныңмақсаты
БАҚ-та Ислам тақырыбының кешегісі мен бүгінгісін саралау, қоғамдық, әлеуметтік, тарихи тұрғысынан шолу жасау.БАҚ-та ислам тақырыбының өзектілігін айқындау. Қазақстандағы БАҚ-дағы діни материалдардың тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі ислам тақырыбын насихаттау ерекшеліктерін салыстыру. Осы арқылы қоғамдағы діни даулардың алдын алу, елді рухани біріктіру, еліміздегі діни конфессияларды ортақ келісімге шақыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері
Жұмыстың негізгі міндеті етіп ислам дінінің қазақ даласына келу туралы айту. Қоғамдық өзгеріс кезіндегі діни құбылыстарға саралау. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары БАҚ-тағы ислам дінінің қазақ қоғамына тигізген ықпалына шолу. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы жаңа заң жобасы және БАҚ.
Зерттеу нысаны
Діни басылымдар, тұрақты діни айдары бар газет-журналдар, діни сайттар, діни баспалар және жалпы кітаптарға шолу, діни және тұрақты діни бағдарламасы бар теле-радио арналар, олардың құрылтайшылары.
Зерттеу пәні
Журналистика, социология және дінтану салаларын қамту.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау, қортынды, пайдаланылған әдебиетер тізімінен тұрады

Дін және БАҚ: кеше және бүгін
1.1. БАҚ-та діни тақырыптардың жариялануы

Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары - төртінші билік деген ұғым қалыптасқан. Ақпарат пен қоғамдық пікір бұл- бұқаралық ақпарат құралдарының басты қаруы. Мемлекеттік істермен қоса жекебастық мәселелер алдымен теледидар мен газетте жарияланады. Жарияланған ақпаратты халық тез арада талқыға салуы арқылы БАҚ-тың маңыздылығы одан да арта түседі. Бұқаралық ақпарат құралдары бостандық пен әділдіктің, шыншылдықтың жақтаушысы ретінде қабылданады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен маңызын Ахмет Байтұрсынов секілді біртуар, данагөй бабамыз мұра етпесе,басқаның айтуы мүмкін емес. Көзсіз, құлақсыз, тілсіз адам өмір сүре алмайды. Өмірдің мәні болмайды. Қоғам үшін де онсыз тіршілік жоқ, бәрі қараңғы екені сөзсіз. Сонымен қатар адам өміріне пайдалы тағы бір қажеттілік –дін. Өз дініңді айыра білу, оған жаныңды қия бұл да бір адами жетістіктердің бірі.
Бүгінде ақпарат құралы адамзаттың тәрбиешісі, рухани азығы. Бұл өмір шындығы. Күннен-күнге ұлттық басылымдардың спасы артып, саны да көбеюде. Соның ішінде рухани тірек болатын басылымдардың халық арасына кеңінен таралуы. Бұл дегеніміз-қоғам өмірінде жаңа жақсылықтардың болуы, ардың адам санасына орнауы, ұяттың ұмытылмауының кепілі.
БАҚ-та діни тақырыптардың жариялануы тек қана аға буын өкілдерінің ғана емес жастрадың да назарын аудартты. Дінге деген қарқынды мойын бұрыс жаңа тәрбиелік мәні зор басылымдар мен бағдарламаларды дүниеге әкелді. Әрине, дін жайында бағдарлама немесе газет шығару үшін бірінші кезекте діни сауаттылық қажет. Себебі дін нәзік те күрделі ілім және бүгінде адамды адастыратын ағымдар да көп. Байқамасаң, қалың жұртшылықты шатастыруың мүмкін. Сондықтан діни тақырыпқа қалам тарту мол ізденісті, үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Халқының жетпіс пайыздан астамы ислам дінін ұстанатын Қазақстанда бүгінгі таңда жергілікті мешіттер саны жылдан-жылға өсіп келеді, дін қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары оқу орындары ашылу үстінде. Сондай-ақ жүздеген шәкірт Түркияның, Мысыр мен өзге араб елдерінің білім ордаларында тәлім-тәрбие алды. Рухани тақырыпқа қалам тербейтін журналистер легі, арнайы басылымдар пайда болды.
Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін дінге деген бетбұрыс күшейе түсті. Қазіргі таңда дін тақырыбына арналған газеттер, телеарна және радио, сайттардың саны артуда. Олардың көбісі әлдеқашан өз оқырмандары мен көрермендерін тапқаны белгілі. Діннің қадірін біліп, оның салған тура жолымен жүру- адалдықтың бір нышаны. Діндегі адам өміріне ауадай қажетті уағыздарды мысал ретінде келтіріп, сауатты жазылған бір мақала мыңдаған адамдарды дұрыс жолға салатынын айқын.
Бүгінгі күнде әлемнің барлық елдерінде дерлік діни журналистика инфрақұрылымы қалыптасып үлгерген. Профессор Е.Пророрхов Бұл журналистика діни және клерикалдық ұйымдар құрған дербес басылымдар және теледидар мен радиохабар арналары түрінде, сондай-ақ зайырылы газеттер беттеріндегі, теле және радиожелілер құрылымдарындағы арнайы айдарлар мен айдарлық бағдарламалар түрінде көрініс табуда. Сонымен қатар арнайы діни радио және телеуағызшы кәсібі өмірге келіп, олар жүргізген хабарлар аса ауқымды аудиторияны қамтып отыр,-деп жазады.
Мемлекетіміз Қазақстандағы телеарна, газет пен сайттардың саны біршама көбейгені рас. Телеарналардың ішінен дін жолында өзіндік орны бар Асыл арна телеарнасын айтуға болады. Асыл арна студиясы (ЖШС) 2007 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Тілі: қазақша, орысша. Меншік иесі: Асыл арна студиясы. ЖШС (Алматы қаласы). Негізгі тақырыптық бағыты: қазақ халқының тарихын, салт- дәстүрін зерделеу, рухани-діни сауаттандыру, ислаи дінінің ағартушылық мүмкіндігін пайдалану туралы хабарлар тарату. Студия 2009 жылы тамыз айынан кабельдік жүйе арқылы республика аумағына хабар тарата бастады. Асыл арнаның жеке телеарна ретінде бөлек шаңырақ көтеруі де де осы уақыттан басталды. Бір жылдың ішінде көрерменге қырықтан астам жоба ұсынылды. Олар өзінің тақырыбы жағынан ақпаратттық- сараптамалық, таихи- танымдық, рухани-өмірбаяндық, оқу- аартушылық және әлеуметтік- экономикалық деп бөлінеді. Телеарна ҚР Дін істері агенттігінің қолдауымен және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасымен бірлесе жұмыс істейді.Сонымен қатар Қазақстан ұлттық телеарнасы ұсынып жүрген Иман нұры, Қарағанды облысының 5 арнасы үзбей беріп отырған Ислам нұры және тағы басқа сол сияқты тәрбиелік мәні зор бағдарламалар қатары толып келе жатыр. Аталған бағдарламалар сұқбат түрінде өтіп тұрады.
Баспасөз беттерінде діннің дұрыс жариялануы бүгінде жіті көңіл бөлінуі тиіс мәселеге айналды. Діни басқарма, мешіттер және өзге конфессиялар туралы діннен хабары шамалы журналистер ойына не келсе, соны айтатын болып жүр. Мемлекеттен бөлінген дінді әркім бір тартқылап, шымшып тиісе беретін оңай олжа деп ойлағанымен, дінге қарата айтылған әрбір сөздің ертеңгі күні салмағы ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, журналистер қауымы бұл тұрғыда мәселенің мәнісін, ақ-қарасын жете біліп қана баспасөздің мінберіне шыққаны жөн. Қазақстан тәуелсіз ел болған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсіп, Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп жариялады. Конституциямызда: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде өз азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстану құқығына кепілдік береді.
Тәуелсіздік қарсаңындағы алғашқы құжаттың бірі – 1992 жылы 15 қаңтарда қабылданған Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы арнайы заң. Аталмыш заңның негізін жасауға еліміздің аумағындағы барлық конфессиялардың өкілдері белсенді қатысты. Заңда Қазақстан Республикасындағы барлық діни бірлестіктердің діни сенім бостандығы мен өзара сыйластық қарым-қатынастарының берік негізі қаланды. Аталмыш заң қазіргі кезге дейін біршама өзгерістер мен толықтыруларға қарамастан, еліміздегі діни жағдай мен үйлесімділікті реттеп келеді. Сонымен қатар мемлекеттің басты заңына сәйкес, діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар.
2005 жылы Астанада өткен Қазақстан Ассамблеясының ІІ cессиясында Елбасы Құрбан айт пен Православие Рождествоның алғашқы күндерін мерекелік демалыс күндері етіп жариялауды ұсынды. Халық қызу қуаттаған осы бір тарихи оқиғаны желтоқсан айының басында Мәжілістің бір топ депутаттары қолдап, жалпы отырысқа ұсынған еді. Онда Мерекелер туралы заңға жедел өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселе көтеріліп, кейін Парламентте қаралып, мерекелік демалыс күндері болып бекіді. Бүгінде бұл діни мерекелер халқымыздың дәстүрлі мерекесіне айналып, жылда республикалық деңгейде аталып өтілуде.
Сондай-ақ Президент бастамасымен 2003, 2006, 2009 жылдары Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі өтті.
Бүгінде еліміздің дін және мәдениеттер арасындағы сұхбатты қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесі әлемдік қауымдастық үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Біздің этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі – Қазақстанның жалпы әлемдік даму үрдісіне қосқан үлесі, өзара түсіністік пен сыйластық орнатудан және де ғаламдық қауіпсіздікті қолдаудан көрініп отыр.Келеңсіз жайттардың бой көрсетуінің бірнеше себептері бар. Өкінішке қарай, біз кешегі жетпіс жылдық дінсіздендіру саясаты кезінде біршама уақыт ислам дінінің тамырларынан ажырап қалдық. Ол кездері ислам діні тек тұрмыстық деңгейде ғана қолданылып келді. Дәстүрлі діни түсінік пен бүгінгі діни тіршіліктің арасында сабақтастық пен сұхбат үзіліп қалды. Оның үстіне елдегі білім беру жүйесінде күні кешеге дейін діни білім беру мәселесі ескерілмеуі тағы бар. Елімізде дін саласының мамандары жеткіліксіз, тіпті саусақпен санарлықтай деп айтсақ та болады. Біз қазір қоғамды дін саласында білімі мықты мамандармен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Жалпы, елдегі діни кадрлардың мәселесі бір ғасырға жуық уақыт қордаланып қалған дүние екендігі белгілі. Оның үстіне, дін мамандарын атүсті 4-5 жылда дайындай салу да мүмкін емес. Білімді діни маман дайындау үшін кем дегенде 5-10 жыл керек. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жастарымыз топ-тобымен шетелге оқуға жіберілді. Ол кезде азаматтарды қай елге жіберуге болатыны немесе болмайтыны жайлы мәселе күн тәртібіне қойылмады. Оқуға кеткен жастардың ертеңгі күнгі тағдыры көпшілікті толғандырмады.
Бұл мәселеге ең алдымен мемлекет көңіл бөліп, алдын ала жоспар жасалуы керек еді. Өкінішке қарай, біз бұл дертті дер кезінде дұрыстап мән беріп, шетелге кеткен жастарды бақылауда ұстамағандықтан, олардың біршамасы радикалды топтардың ықпалында кетіп, елге келген соң, шетелдік діни топтардың қолшоқпарына айналды. Айтып отырғанымыздай, орын алып жатқан шиеленісті жағдайдың елді ертеңгі күні қанды қырғынға ұшыратып, қазақ халқын өзінің рухани мәдениетінен айырып, бірнеше этникалық топқа бөлері мүмкін нәрсе. Сырттан белгілі бір мүддемен келген діни ағымдар халқымыздың руханияты мен мәдениетін күні ертең қажет етпесі хақ. Бұған мысалды – кейбір мұсылман елдерінде діни білім алып келген өзіміздің азаматтарымыздан көруге болады.
Сонымен бірге діни кітаптар, аудио, бейне материалдарға және шетелдік діни топтардың қолдауымен ашылып отырған ғаламтор сайттары отандық дін мамандары тарапынан сараптама жасалып, құзырлы органдар тарапынан қажет жағдайда тәркіленіп жатқан жоқ. Кітап дүкендеріндегі, көше бойындағы базарларда радикалды діни ағымдардың ықпалында арнайы іріткі тудыру мақсатында жасалған кітаптар, дискілер еркін сатылып келді. Нәтижесінде, бұл жағдай түрлі радикалды діни топтардың пайда болуына әкеп соқтырды.
Діни білім беру саласында елімізде бүгінде Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Мүбәрак Қазақстан-Египет ислам университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Түркістандағы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дінтану және теология мамандығы бойынша мамандар даярлауда.Тағы бір қынжыларлық мәселе – дінтану мамандығына көбіне басқа мамандықтарға оқуға түсе алмағандар барады. Дінтану мамандығын жүрек қалауымен емес, еріксіз оқып жатқан студенттен келешекте үміт күтудің өзі екіталай. Жан күйзелтерлік ащы шындықтың бірі – белгілі діни ағымдар мен секталардың жетегінде кеткен жастардың тағдыры...
ЖОО-дағы дінтану мамандығына түсудің жүйесін түбегейлі өзгертуді – бүгінгі таңдағы түйткілді мәселелер қатарына қою керек. Дінтану немесе теология мамандықтарына түсушілер ҰБТ-ден кейін қосымша шығармашылық емтихан арқылы қабылдануы тиіс. Шығармашылық емтиханға арнайы комиссия құрылып, олар талапкердің талабы мен пікірін тексеріп, бұған дейінгі діни білімін тексеруден өткізгені дұрыс. Жоғарыда айтылған мәселелерді орта оқу орындары, жоғары оқу орындары және жоғары оқу орнынан кейінгі діни білім беру саласын қадағалайтын арнайы Білім және ғылым министрлігі мен Дін істер агенттігі бірлесе отырып, аталмыш құзырлы мекемелердің жанынан департамент немесе арнайы бөлім құруы қажет. Бұл жұмыс орны елімізде діни білім беретін мекемелердің жұмысын қадағалап, жүйелеп отыруы тиіс. Діни оқулықтар мен әдебиеттердің беталысын байқап, арнайы сараптаудан өткізілуі шарт. Дінге қатысты шаруалар тек мемлекеттік орындардың қатысуымен шешіліп, арнайы органдардың бақылауынан тыс қалмауы керек.
Қазақ қоғамын топтастырудағы ислам дінінің рөлі, ислам діні біздің ұлттық идеологиямызға арқау. Ислам – бейбіт дін. Ол осы қасиетімен баурап алып, қазақтың кең байтақ жерінде тамырын тереңге жайғаны соншалық, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге дейін иісі қазақтың бөлінбес еншісіндей болып кетті. Ол да бабаларымыздың қанына сіңген заңдылықтың бір көрінісі. Кеңес өкіметінің құрамында болған зұлмат жылдар ұлтымыздың діни сеніміне елеулі нұсқан келтірді. Тарихымызды бұрмалап, әдебімізді әдепсіздік етіп көрсетуге ұмтылды. Тілімізді тосырқатып, рухымызды басып-жаншып тұншықтыруға, бұрынғы рухани сабақтастықтарымыздан ажыратуға жасаған әрекеттерімен халқымыздың жадынан көптеген құндылықтарымызды өшіріп үлгерді. Әлі күнге сол олқылықтар орнын толықтыра алмай келеміз.
Атақты тарихшы Л.Гумилев: Бір халықты идеологиялық тұрғыдан жаулап алу, қару қолданып, күш жұмсаудан арзан әрі анағұрлым тиімді деген болатын. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, ұлтты ұжымдастыруда діннің орны ерекше екендігін көреміз. Дін – қоғамды реттеуші құралдардың бірі, мәдениет пен өмір сүру салтының басты қайнарларының бірі болып табылады. Сондықтан кез келген халықтың рухани, мәдени болмысы дінмен тығыз байланысты. Демек, кез келген халықтың тарихи тағдырында дін шешуші рөл атқарады, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын басты факторлардың бірі.Сондықтан ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанып келген мұсылман дінінің тарихын, әдеп-ғұрпын, рәсімдерін, шариғат жолдарын оқып-үйрену бәрімізге парыз.
Ақ, адал дінімізді сақтап қалу жолында бұрынғы өткен аталарымыз сан рет бастарын қатерге тіккенін естен шығаруға болмас. Жер шары – ортақ мекен. Оны сақтау адамзат алдында тұрған аса күрделі мәселе. Осы мақсатты алға қойған қаншама ресми институттар оның шешімін таба алмай бас қатыруда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астанада 2003 жылғы қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары құрылтайының ашылуында сөйлеген сөзінде: Халықтардың, діндердің, мемлекеттер мен үкіметтердің бейбіт қатар өмір сүруі мен сындарлы өзара іс-қимылы туралы мәселе қазіргі кезде ерекше өзекті маңызға ие. Ол таза теориялық аядан аса маңызды практикалық міндеттер қатарына шықты. Сондықтан да көптеген аса көрнекті саяси және діни қайраткерлердің күш-жігерімен, шынтуайтында, байырғы заманнан қазіргі күнге дейін тоқталмаған діндердің, мәдениеттердің, өркениеттердің үнқатысуын жалғастыру ерекше қажет, деген еді.
Бүгінгі қым-қуыт дүниеде бейбітшілік пен ынтымақ күшейіп, дамуы үшін дәстүрлі діндераралық үнқатысу мен төзімділіктің мән-маңызы жоғары. Әлемдік тарихта бұрын-соңды бір үстелдің басында көптеген дін басшыларының бас қосып, үн қатысуы, өздерін толғандырған ойларын ортаға салуы, бір-бірін сабырлылықпен тыңдап, түсінісуіне біздегідей мүмкіндік аз туған. Елбасымыздың бүкіл әлем алдындағы биік беделінің тағы бір көрінісі бұл. Еліміздегі дәстүрлі дін өкілдері арасындағы ортақ келісімдер мен басқосулар осындай ерекшелігімен құнды. Өркениетаралық үндесулердің дамуы мен конфессияаралық диалог мәдениетін қалыптастырудағы бұл оң бастама алдағы уақытта да еліміздің діни жолындағы басымды бағыт болып қала берері сөзсіз.
Ислам діні сан ғасырлардан бері мемлекеттің тірегі ретінде ақыл мен парасаттың, озық ғылым мен ұлы өркениеттің, мәдениет пен татулықтың діні қызметін атқарып келеді. Ата-бабаларымыз таңдаған ұлы жол қай кезде де елді бірлік пен ынтымаққа шақырып, тәрбие мен өнегеге бастады. Салтымызға сіңіп, дәстүрімізге айналды. Қыз ұзату, шілдехана, тұсаукесер, сүндет той, келін түсіру, баланы қырқынан шығару секілді салттарымыздың қай-қайсысы да мұсылмандық таныммен әдемі үйлесуде. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық сынды тәрбиелік мақалдардың көпшілігі мұсылмандық этикамен тығыз астасып жатыр. Сондықтан ұлт тәрбиесінің мәйегі болған дініміз алдағы уақытта да осы жүрісінен жаңылмақ емес.
Баршамыз мақтаныш тұтатын кешегі өткен Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Туркістани (1286-1357), Һибатулла әт-Тарази, Хусам ад-дин әс-Сығнақи және басқа да Сығнақ пен Кердер ғалымдары, Тараз бен Отырар ғұламалары, берісі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп т.б. – бәрі де фиқһта Ханафи мәзһабын, ақидада (сенімде) Матуриди мектебін ұстанған. Сондықтан о бастан сунниттік екеніміз, іс-амалда Ханафи мәзһабы мен сенімде Матуриди жолын таңдауымыз ұлт ретінде ұйысып, мемлекет ретінде дамуымызға тың серпін берген. Ендеше бүгінгі күні дінде де ата-бабамыз салып кеткен сара жолды ұстануымыз аса маңызды.

1.2. БАҚ және дін насихаты.

Дін насихатпен дамиды демекші, Қазақстан халқына асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап жеткізуде аталған бірегей басылымдардың атқарып отырған еңбегі зор. Қазір мектеп оқушысынан бастап еңкейген қарияларымызға дейін Ислам және өркениет газеті мен Иман журналын сүйіп оқитын болды. Қазақ жерінде қайта бой көтере бастаған дінімізбен бірге халық санасы да исламға бұрылып, жас та, кәрі де діни басылымдарды оқу керектігін түсіне бастады. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарындағы дін насихаты бұл күрделі тақырып. Бұған бір жақты баға беру де, пікір білдіру де қиын. Себебі, қай мерзімді басылымды, телеарналар мен радио бағдарламаларын алсаңыз да әрқайсысы дін тақырыбын ең алдымен оның басшыларының дінге деген көзқарасына орай тартылған авторлары мен телерадио хабарларын жүргізушілерінің діни-танымдық деңгейінде жүйелі емес ішінара болса да көтеріп келеді.
Кім-кімге де белгілі елімізде бұғанға дейін атеизм үстемдік етті. Соның салдарынан барша халықтың саяси белсенділігі мен заманауи білімі де жоғары болуы бек мүмкін, ал есесіне діни білімі көбінің әлі күнге тым таяз. Тарихтан белгілі, кешегі кеңес заманының алғашқы кезеңінде жаппай сауатсыздықты жою іс-шарасы мемлекеттік деңгейде жүргізілді. Ал, қазір еліміздің ірі мешіттерінде діни сауат ашатын қысқа мерзімді курстар жұмыс істейді. Дін тақырыбына терең бойлайтын жас ғалымдарымыз енді ғана төбе көрсетіп, алдының бірнеше кітаптары оқырман қолына тиіп те үлгерді. Ал, дін тақырыбын көтеріп, хабар жүргізетін журналист әріптестерімнің дені діни білімсіздіктен мәселеге терең бойлай алмай, көбіне-көп бір жақты үстірт сырғып өте шығады. Әрине, оларға өкпе арта алмаймыз. Себебі де түсінікті. Қасиетті Құранда айтылғанындай: Білетін мен білмейтін тең бе? Кейбір телеарна мен мерзімді басылым дін тақырыбын көтерген болады да оны аша түсу үшін пікірталасқа айналдырып, оған міндетті түрде дәстүрлі дінімізге қарсылас ретінде ниет-пиғылы мен ұстанымы мүлдем бөлек ағым мен топ өкілін қатыстырады.
Оны бейнебір сайлау алдындағы екі саяси партияның өкілін айтыстырып қоятын ойын секілді көреді де дәстүрлі дініміздің емес керісінше, әлгі жат ағым мен топтың атын шығарып, ұпай жинауына қызмет етеді. Телеарнада берілген аз уақытта түйінді мәселенің басын ашу мүмкін бе? Көпшілікке белгілі бұл мәселені нақты мысалмен талдап жатудың қажеті бола қояр ма екен. Соның салдарынан тіпті, сондай ағым мен топ өкілінің өз бағыт-бағдары мен ұстанымын сан миллиондаған аудиторияға ашықтан-ашық насихаттауына да мүмкіндік беріліп жатады.
Әлбетте, бұл қауіпті. Неге? Көпшілік діни сауатының жеткіліксіздігінен оны сол күйінде қабылдап, шатаспай ма? Шатасуы әбден мүмкін. Біз Елбасы өз сөздерінде әлденеше рет атап айтып жүргеніндей мұсылман еліміз. Себебі халқымыздың 75 пайызына жуығы мұсылмандар. ХІІ ғасырдан астам уақыттан бері Қазақстанда ислам діні мықтап орнықты. Бізден қаншама дін ғұламалары шықты. Атап айтсақ, бүгін белгілі болып отырғандай сансыз әл-Фарабилер, Сығанакилер, Түркістанилер, Таразилер дінімізді дамытуға зор үлес қосты. Қасиетті Құраннан кейінгі сахих хадистерді жинап, көптің игілігіне ұсынған ұлық ғұлама Бұхари Орта Азияның перзенті. Шариғат аясында Мысырды билеген әз-Заһир Бейбарыс пен Үндістанда сұлтандық еткен Мұхаммед Хайдар Дулати да өз қандастарымыз екені бүгінгі күні белгілі болды.
    Осынау біртуар бабалардың туып-өскен топырағында өркен жайған дініміздің кешегі атеизмнен кейінгі бүгінгі жақсарып, даму үстіндегі хал-ахуалы құдайға шүкірлік деуге болады. Алланың қалауымен былтырғы күзден бері іске қосылған кабельді Асыл арна бірте-бірте өз аяғынан тұрып келеді. Алматы, Астанамен қатар, бірқатар облыс орталықтарының тұрғындары да тәулік бойына оның хабарларын көру мүмкіндігіне ие болды. Мұнымен қатар діни-танымдық Ислам және өркениет газеті мен Иман журналы оқырмандарының саны да өсу үстінде.
Бірқатар баспалардан діни басқарманың сараптауынан өткен кітаптар жарық көруде. Осыған орай атап өтетін бір жайт, біз баспадан кенде емеспіз. Ақшасын төлеген соң олардан діни кітаптар шығып жатыр. Бірақ бірқатарынан шыққан кітаптардың мазмұны мен бағыт-бағдары, ұстанымы Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары ХІІ ғасырдан бері ұстанып, ұлттық табиғаты мен болмысына сіңіп кеткен Ханафи мәзһабымен сәйкесе бермейді.
    Халқымыздың көпшілігінің діни сауатының таяздығынан сол кітаптарды қолына түссе таңдап-талғамай оқып, шатасуы мүмкін. Баспа басшыларына құлаққағысымыз: ислами діни кітаптарды басар алдында діни басқарманың сараптауынан өткіздіріп алса. Сонымен қатар, мерзімді баспасөз де діни материалдарды жариялар алдында дін мамандарына көрсетсе.
Рас, елімізде сенім мен сөз бостандығы берілген. Әйтсе де, дін мәселесін қозғарда оған барынша жан-жақты, әрі байыппен қарасақ. Себебі дін өте нәзік. Оған біліммен келген абзал. Онсыз ниетіңіз түзу болса да оқырманыңыз бен көрермен, тыңдаушыларыңызды шатастыруыңыз да, күнә алуыңыз да оп-оңай. Бұл көбіне-көп өздерін тәуелсіз санайтын басылымдар мен сайттарға тікелей қатысты. Демократия жақсы, бірақ оның байыбына барып, талаптарын орындай алсақ. Шын мәнінде демократия бүгінгі күні бірқатар азаматтарымыздың түсінігіндей ол ойына келгенді, аузына түскенді айтып, жаза беру емес. Демократия ең алдымен тәртіп, азшылықтың көпшілік пікіріне құлақ асуы. Дін мәселесіне ең алдымен ел бірлігі мен ынтымағы, ұлтымыз бен жеріміздің тұтастығы мүддесі тұрғысынан келген абзал дер едім. Біз үшін ата-бабамыз ХІІ ғасыр бойы ұстанған ислам дінінен артық сенім жоқ, болуы да мүмкін емес. Оған балама жоқ.  
Әр басылымда не телерадиода белгілі бір саланы оған бейімделген журналистер жүргізеді. Сондай бейімделу дін саласына жауапты әріптесімізге де тән болуы тиіс. Діни білімін көтерсін, ізденсін, қажет болса мешіттер жанындағы сауат ашу курсынан өтсін, жастары келіп жатса медресе мен Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстаздарынан да дәріс алу керек.
Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарындағы діни мақалалар мен хабарлардың деңгейі көтерілмек. Баспалардан шығатын діни кітаптардың да атына заты сай келмек. Ал, онсыз бұл жайлы сөз қозғау артық, бір сөзбен түйіндесек, ешқандай да сын көтермейді. Елінің, халқының және асыл дінінің тұтастығын ойлап, қамын жейтін әріптестер үшін бұл жанашырлық құлаққағыс, әрі ұсыныс деп қабылдауын өтінемін.

1.3 Тәуелсіз Қазақстанда Ислам дінінің дамуы туралы

Қазақстан Республикасы – көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекет, онда қырықтан аса конфессияны ұсынатын үш мыңнан астам діни бірлестіктер еркін жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының егеменді дамуы барысында, 1990 жылы дін мәселелерімен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ұйымдастырылды.Егеменді Қазақстандағы Исламның жаңғыруы, дінді мемлекеттік қолдау, сондай-ақ еліміздің Ислам конференциясы Ұйымының (ИКҰ) төрағалығына кірісуі және Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халықаралық қызметі туралы өз сұхбатында ҚМДБ және Орталық Азия мүфтилері Кеңесінің Төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ әңгімелейді...– Ел тәуелсіздігі ата-баба дінімен қайта қауыштырды.
Бұл үшін Алла тағалаға сансыз шүкірлігіміз болсын.Кеңес Одағының құрамында болғанда жаназамызды жасырын, азанымызды ақырын айтып келдік. Тәуелсіздікке қол жеткізгенде халқымыз ең бірінші ата дінімен сағына қауышты. Мұның бәрі, әрине, егеменділіктің арқасында мүмкін болды.Тәуелсіздігімізді алғанда елімізде бар-жоғы 68 ғана мешіт бар болатын. Оның бірінің күмбезі, екіншісінің мұнарасы жоқ еді. Ал бүгінде Алла үйлерінің саны 2200 шамасында. Олар негізінен халықтың, жекелеген кәсіпкер азаматтардың, араб және түрік демеушілерінің қаражаттары есебінен салынды. Он сегіз мың ғаламның Жаратушысы Алла тағалаға деген сүйіспеншілігімізді арттыруға, шариғат қағидаларын жан-тәнімізбен терең түсінуімізге жол ашатын, халықтың рухын Ислам дінімен қуаттандыратын мешіттердің көбірек бой көтергені бізді қуантады.
Өйткені Алла үйі береке, бірліктің, ұлтаралық, дінаралық татулықтың тірегі, имандылықтың алтын ұясы.Сөйтіп, соңғы он шақты жыл ішінде республикамызда бірқатар сәулетті мешіттер бой көтерді. Атап айтқанда, мешіт салып, Алла тағала разылығына бөленудің үлгісін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы көрсетті. Ол туған жері – Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған кентінде 1,5 мың орындық Қарасай батыр атындағы мешіт салдырып, халықты қуантты.Тәуелсіздіктің арқасында ата дінімізбен қауышсақ та, оны орнықтырып дамыту біздің алдымызға бірқатар күрделі мәселелерді қойғаны шындық. Бұл күнде оның барлығы өз ретімен мемлекет тарапынан жасалған және жасалып отырған қамқорлық арқасында оң шешімін табуда. Елбасымыздың тікелей қамқорлығының нәтижесінде Ислам діні қанатын кеңге жайып келеді. Ал дінімізді дұрыс насихаттау үшін білім керек. Сондықтан, ең алдымен, діни рухани таза орта қалыптастыру мақсатында мешіттер жанынан діни сауат ашу курстарын ашып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы арасында жасалған Келісімге сәйкес, жыл сайын 28 түркиялық ұстаз ірі қалалардағы мешіттерде дәріс беріп келеді.
2001 жылы Діни басқарма жанындағы аты бар да, заты жоқ бұрынғы екі жылдық ислам институтының орнына, Египет Араб Республикасындағы әл-Әзһар университетімен бірлесіп, имам-хатиб мамандығын тереңдетіп оқытатын заманауи 4 жылдық Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті іске қосылды. Ол бүгінгі стандартқа сай еліміздің Білім және ғылым министрлігінің лицензиясын алды. Онда әл-Әзһар университетінен арнайы келген доктор, профессор ұстаздар дәріс береді. Қазірге дейін оны 206 шәкірт бітіріп, бұл күндері еліміздің үлкенді-кішілі мешіттерінде қызмет атқаруда. Мұнан әрі де білімін арттырғысы келгендер осы оқу орнында магистрлікті жалғастыра алады.
Мұның барлығы мемлекетіміздің дінге деген жанашырлығы емес пе? Қазақстанда мешіттердің саны қарқынды өсіп жатыр дедік. Ендеше, сол мешіттерде пәрменді уағыз жүргізетін білікті де білімді мамандарға деген сұраныс арта түседі. Сондықтан, 2005-2010 жылдар аралығында 9 медресе (Астана, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Шымкент қалалары мен Үш қоңыр, Сарыағаш, Тараз, Қосшы елді мекендерінде) ашылып, мемлекеттік тіркеуден өтіп, Білім және ғылым министрлігінен лицензия алып, қызмет етуде.Медреселерімізде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жоғары оқу орнын бітірген білікті ұстаздар дәріс беруде. Сонымен қатар, әл-Әзһар университеті мен ҚМДБ-ның келісім-шарты бойынша Мысыр елінен келген 14 доктор-профессор оқытушылық қызмет атқаруда.2002 жылдың тамызында Алматыда бұрын болмаған, имамдардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам институты ашылып, онда күні бүгінге дейін 763 діндар өз білімдерін жетілдірді.Егемендік арқасында ел жастары әлемнің алдыңғы қатарлы Ислам университеті болып есептелетін Мысырдағы әл-Азһар, Пәкістандағы Дауа университетінде және тағы басқа да діни жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Исламды уағыздауда БАҚ-тың алар орны орасан. ҚМДБ жанынан шығатын Ислам және өркениет газеті мен Иман журналынан өзге де ислами басылымдар жарық көруде. Көптеген мұсылман баспа үйлері де ашылып, халықты білім нәрімен сусындатуда.Мұсылмандардың ұлық мерекесі болып есептелетін Құрбан айттың алғашқы күнінің мемлекеттік мейрам болып бекітілуі де осы тәуелсіздігіміздің жемісі екені сөзсіз. Тәуелсіздікке дейін елімізден санаулы адам ғана қажылық парыздарын өтеуге мүмкіншілік алса, қазіргі таңда небәрі он тоғыз жылдың ішінде 15 мыңнан астам отандасымыз Алла алдындағы парызын өтеп қайтты.Қазақстанда байсалды ислам тұжырымдамасын жасау жөнінде шешімге келуімізге еліміздегі қазіргі діни ахуал тікелей себеп болып отыр. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан тұрғындарының 70 пайызын мұсылмандар құрайды. Сондықтан біздің ислам дініне ерекше көңіл бөлуіміз заңды да. Қазір елімізде 2752 мұсылман діни бірлестігі бар, 2414 мешіт салынған.
Елдегі мұсылмандардың негізгі бөлігі - ханафи мазхабын ұстанатын сүнниттер. Біз тәуелсіздік алғалы бері ғана мұсылман болған жоқпыз. Қазақ - мың жылдан бері мұсылман халық. Ислам діні бүгінгі Қазақстан территориясына VІІІ ғасырдың соңынан тарала бастағанын бәріңіз білесіздер. Түркі-ислам өркениеттерінің тоғысы нәтижесінде туған топырағымыздан Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари секілді мұсылман Ренессансына елеулі үлес қосқан даңқты тұлғалар шықты. Қазақ ұлты мен мемлекеттігі ислам діні аясында, ислам шариғаты шеңберінде қалыптасты. Халқымыздың рухани-моральдық құндылықтарына мұсылмандық қағидалар тірек болды. Йассауи, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп тәрізді рухани тұлғаларымыз ұлтымыздың діни көзқарастарын ислами ағартушылық тұрғысынан жүйелеп берді. Қазақтың барлық салт-дәстүрлері ислам шариғатымен біте қайнасып кетті. Бір сөзбен айтқанда, мұсылмандық біздің өмір салтымызға айналды.
Қазір біз үшін ислам діні біріншіден, мемлекетқұраушы қазақ ұлтының діні ретінде, екіншіден, республикамыздағы көптеген өзге ұлт өкілдерінің ата діні ретінде ерекше орынға ие. Бүгінгі таңда Қазақстан ислам әлемінің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.
Қазақстанда байсалды ислам тұжырымдамасын жасаудың осындай тарихи негіздері бар. Бірақ бұл Тұжырымдаманың жасалуы елімізде тек ислам дінінің мүддесін жоғары ұсталады дегенді білдірмейді. Белгілі бір тараптың мүддесін көтеру екінші тараптың мүддесін аяқ асты ету деген сөз емес. Республикамыздағы өзге ұлт, өзге дін өкілдерінің де бүгінгі қоғамымызда, мәдениетімізде, рухани өмірімізде өзіндік орны бар. Зайырлы, демократиялық даму жолындағы мемлекетіміздің заңнамасы олардың құқықтарын да өз орнымен заң жүзінде қорғап келеді.
діни бірлестіктер қызметін мемлекет тарапынан қадағалауды күшейтеді, мемлекет пен діни бірлестіктердің ынтымақтасуына жол ашады.
Мұндай маңызды қадам жасаудан мемлекетіміз ұтпаса, ұтылмайды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы 28 маусымда Астана қаласында өткен ИЫҰ СІМК-нің 38-сессиясында сөйлеген сөзінде дін саласына қатысты бірқатар бағыттарды айқындады. Қазақстан - мұсылман халқы басым болып отырған зайырлы мемлекет. Біз барлық мұсылмандарды бір-біріне, сондай-ақ басқа дін өкілдеріне ағартушылық, ымырашылдық, толеранттылық көзқарас таныту негізінде бірігуге шақырамыз. Әртүрлі халықтардың мәдени-діни дәстүрлерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, біз әлеуметтік-экономикалық модернизация мен халық әлеуетінің әрі қарай жоғарылауын басты орынға қоямыз деді Президент өз сөзінде.
Бүгінгі күні өкінішке қарай, исламды өз мақсаттары үшін пайдаланып отырған радикал күштер аз емес.
Билік үшін күресте түрлі саясат өкілдері Құранның түсіндірмелерін қажетінше бұрмалап та пайдалануда. Елбасымыздың Бүкіләлемдік ислам форумындағы: Біз барлығымыз бірігіп, исламның бейбітшілік, адамгершілік, төзімділік пен әділеттік діні ретіндегі жағымды бейнесін жасауымыз қажет деген сөздерінің астарында осындай үдерістерге деген алаңдаушылық жатыр.
Қазір Қазақстан тұрғындарының діншілдік деңгейі қарқынды түрде артып келеді. Лайықты баламаның жоқтығынан көпшілік тұрғындар рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін фанатизм, экстремизм, төзімсіздік пен дінаралық алауыздықты тудыратын ағымдарға бой ұруда. Конфессиялық кеңістіктегі соңғы онжылдықта орын алған құрылымдық өзгерістер де жағымсыз салдарлар мен тенденцияларды тудырып отыр. Рухани және ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жайттар жоқ емес: тұрғындардың этноконфессиялық бірегейлігі жойылуда, діни бірлестіктердің атын жамылған шетелдік күштердің мүддесін қорғайтын түрлі деструктивті және экстремистік ұйымдар елімізде кеңінен таралып, діни прозелитизм белсенді түрде жүргізілуде.
Осы үдерістердің барлығы ислами ортада айқын көрініс тауып отыр. Бұл жағдай мемлекет тарапынан қатаң қадағалауға алынбаса, орын алып отырған қайшылықтардың Қазақстанды әлемдік державалардың саяси, экономикалық және идеологиялық мүдделері жолындағы күрес алаңына айналдыру қаупі бар. Рухани саладағы жағымсыз үдерістер ішкі тұрақтылығымызға нұқсан келтіріп, еліміздің 20 жылдық тәуелсіздік тарихында қол жеткізген игі нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін. Сондықтан мемлекет ислам саласына қатысты мәселелерді жолға қою бастамасын қолға алуы қажет. Айта кету керек, мемлекет пен діни бірлестіктердің ынтымақтасу саясаты шетелдік зайырлы мемлекеттерде кеңінен пайдаланылады.
Әлеуметтік мәселелерді шешуде мұндай ынтымақтастық екі жаққа да тиімді. Біз де мемлекет пен діни бірлестіктердің ынтымақтастығын күшейтуіміз қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен мемлекетіміз арасында тиімді келісімдер жасалып, күш біріктіре жұмыс жүргізілсе, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың орнықты түрде іске асуына үлкен септігі тиері сөзсіз.
Қазақстанда байсалды исламды дамыту тұжырымдамасы,Байсалды ислам ұстанымы - қазақ қауымы үшін жаңалық емес. Қазақ мың жылдан бері мұсылман ел, Қазақ халқының мың жылдық толеранттылық тәжірибесі бар деген сөздерді біз негізсіз айтып жүрген жоқпыз. Осы мың жылдық мұсылмандық-толеранттылық тәжірибеміз қазақ дүниетанымын, қазақ болмысын нағыз шектен шықпайтын, орта жолды ұстанған, байсалды, мәмілегер болмыс ретінде қалыптастырды.
Ислам ілімін жетік меңгеріп, қазақы дүниетаныммен астастыра білген ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының еңбектері, халқымыздың діни танымын, рухани құндылықтары мен ұстанымдарын танытатын шығармашылық мұралары осы айтылғандарға дәлел бола алады.
Кез келген халықтың болашаққа бағытталған бағдарламасы оның ғасырлар бойы жинақтаған рухани тәжірибесін тірек етуге тиіс.
Сырттан таңылған ешбір идея қаншалықты жаңашыл, ілгерішіл болса да ұлттың тарихи дәуірлерде қалыптасқан құндылықтарымен үйлеспесе, ұлт болмысына сіңбей, жат идея күйінде қала бермек. Сондықтан Қазақстанда байсалды исламды дамыту тұжырымдамасын жасау барысында ең алдымен қазақ және өзге мұсылман ұлттар менталитетіндегі діни-рухани құндылықтарды екшеп алу қажет деп білеміз.
Қазақта дін мәселесінде ешқашан шектен шығушылық көзқарастар, іс-әрекеттер орын алмаған, Алланың парызын, Пайғамбардың сүннетін тәрк етіп, күпірлікке салыну фактілері де болмаған. Қазақы ислам ғасырлар бойы өзінің орнықты арнасымен дамыған. Әрине, Бес саусақ бірдей емес, адасушылықтар мен сауатсыздықтар жекелеген адамдар мысалында орын алған болуы мүмкін, бірақ мұндай келеңсіздік ешқашан топтық деңгейге көтеріліп көрген емес. Сондықтан Қазақстанда байсалды исламды дамыту тұжырымдамасын біз бабалар салған жолдың жалғасы, ұлтымыздың рухани тәжірибесінің жемісі ретінде қабылдағанымыз жөн.
Бір ұлт - бір дін Біздің ұсыныстарымыз баспасөз конференциясында тек тезистер түрінде берілді, оның астарында не жатқанын толық түсінбегендіктен әртүрлі пікірлер туындап жатқан болуы мүмкін. Сондықтан ең алдымен осы тезистің мазмұнында не қамтылғанын таратып айтуымыз қажет.
Баршаңызға белгілі, Қазақстан - көп этникалы мемлекет. Қазақстандық ұлт деген терминді біз әзірге қабылдай қойған жоқпыз, біз үшін ұлт деген ұғым этникалық топ деген мағынаны білдіреді. Бір ұлт - бір дін тезисі бүкіл Қазақстан халқы бір дінге бірігуі керек дегенді білдірмейді, керісінше әрбір ұлт өзінің тарихи дәуірлерде қалыптасқан ата дінін ұстануы қажет дегенді білдіреді. Кез келген ұлттың ата діні - сол ұлт өкілдерінің тарихи таңдауы болып табылады. Ал бір ұлт өкілдерінің түрлі діндерді, әсіресе, жат идеологиялық ағымдарды ұстанып, жік-жікке бөлінуі қандай ауыр зардаптарға ұшырататынын біз тарихтың ащы сабақтарынан білеміз. Дін бірлігі ұлттың бірегейлігін сақтайды, оның өз болмысын, ділін, рухани құндылықтарын қорғауға септігін тигізеді.
Ұлттың дүниетанымы оның дәстүрінен танылады.
Дәстүрлі дін деген ұғымның өзі ең алдымен дәстүрге айналған, дәстүрмен тұтасып кеткен, ұлттың рухани-мәдени құндылықтарына негіз болған дін дегенді білдіреді. Қазақстан үшін дәстүрлі дін - елдегі әрбір халықтың өз дәстүрімен сабақтасып жатқан ата діні деген сөз. Қазақстанда өмір сүріп отырған қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, түрік, әзірбайжан, күрт, тәжік, шешен, қырғыздардың барлығының ата діні - ислам.
Олардың әрқайсысы исламды өздерінің ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімен бөліп-жармай бірге қабылдайды. Сол секілді Қазақстандағы көптеген славян халықтарының ата діні - христиан дінінің православие тармағы болып табылады. Бүгінгі буыны мен болашақ ұрпағы елдің санасын сан тарапқа тартқылаған жат ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін әрбір дәстүрлі дін өкілдері өздерінің ата дінінің дамуына мүдделі болуға тиіс. Сондықтан Бір ұлт - бір дін қағидасы көпшілік тарапынан дұрыс түсініліп, қолдау табатынына біз сенімдіміз.
Өздеріңіз де аңғарып отырған боларсыздар, бұл ұстаным мемлекеттің бір дінге ерекше басымдық беруінің белгісі болып табылмайды. Әр ұлт өзінің ата дінін ұстанғанда ғана ғасырлар бойы қалыптасқан рухани тұтастығын, ішкі бірлігін сақтап қала алады. Ал әрбір ұлттың ішкі тұтастығы сақталса, мемлекеттің тұтастығы сақталады. Демек, Бір ұлт - бір дін қағидасы ең алдымен мемлекеттің тұтастығын, бірлігін көздейді.
Қазақстанда ислам дінін жаңғырту үдерісі басқа конфессиялардың қызметі мен еркін дамуына ешқандай кедергі жасамайды. Біздің көпұлтты мемлекетіміздің шамамен төрттен бір бөлігін құрайтын православие дінінің өкілдері саны жағынан елімізде екінші орынды алады. Сонымен қатар католиктік, протестанттық, иудаизм, буддизм және басқа да діни ілімдердің еліміздің рухани өміріндегі игілікті рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Барлық діни бірлестіктер Қазақстанда өз қызметтерін еркін жүргізуде үлкен мүмкіндікке ие болып отыр. Көпконфессиялы және көпұлтты мемлекет ретінде Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндердің гуманитарлық-адамгершілік әлеуетін пайдаланып, дінаралық келісім мен рухани көшбасшылар сұхбатын әрі қарай жандандыра бермек. Ислам руханиятын дамыту мәселесі де Қазақстан мәдениетін дамыту шеңберінде жүзеге асырылады.
ҚР Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады делінген. Бірақ алдымен осы зайырлы ұғымының астарын ашып алайық. Конституциялық негіздегі зайырлы ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді.
Бірақ біз бір нәрсені анық түсініп алуымыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баспасөздегі діни идеология мәселелері
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты
БАҚ ЖӘНЕ ДІН НАСИХАТЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ НЕГІЗІ
Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период
АЗАМАТТЫҚ НЕКЕ– ЕЛДI АЗДЫРУДЫҢ БАСЫ
Қазақтың діні жүрек ілімі
Телебағдарламадағы журналистің позициясы
Бейбітшілік пен келісім елі
Кемеңгер немесе елбасы туралы тебіреніс (Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы)
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы халықаралық ұйым
Пәндер