Қожа Ахмет Иассауи поэзиясы



Кіріспе


І ТАРАУ

Қожа Ахмет Иассауи сопылық поэзиясының ерекшеліктері



ІІ ТАРАУ

«Қожа Ахмет Иассауи дәстүрлері қазақ поэзиясында»

ҚОРЫТЫНДЫ
Түп тамыры Көк түрік жырларынан басталатын қазақ әдебиетінің тарихында Ислам дәуіріндегі Иассауи әдебиеттің ең ірі өкілі Қожа Ахмет Иассауидің алар орны ерекше XII – ғасырларда туындаған «Диуаны Хикмет» өлеңдер жинағы түркі әдебиетінің, одан енші алған қазақ әдебиетінің жазба поэзиялық үлгісі болып табылады. Орта ғасыр түркі әдебиетінде Қ.А.Иассауи қалыптастырған сопылық әдебиет түркі ұлысынан тараған көптеген ұлтардың кейінгі дәуір ұлттық әдебиеттеріне ұласып, қазақ әдебиетінің тарихында да өшпес із қалдырды. Қожа Ахмет Иассауи хикметтері арқылы барша мұсылман қауымының қасиетті ілімі- сопылықты тұңғыш рет түркі тілінде сөйлетті. Бүтіндей бір дүниетанымның белгілі бір философиялық бағыттық, түбегейлі діни салттық бір шығармаға арқау болуы орта ғасыр түркі әдебиеті үшін орасан зор жаңалық еді. «Диуаны Хикметте» Алланың бірлігі, пайғамбардың хақтығы, құранның шындығы жан-жақты түсіндіріліп, терең де нәзік жырланған. Еш нәрсеге қарайламауға, дүние игіліктеріне, байлық-мүлікке қызықпауға, нәпсіні тәрбиелеуге үндейтін, Аллаға табынудың ең жоғарғы сатысы саналатын сопылық ілімнің қыр-сыры поэтикалық тілмен сипатталған.
Ұлттық руханиятымыздың алтын қорынан орын алған «Диуаны Хикметтегі» Иассауи танымы мен дәстүрлі қазақ хандығы қалыптасқаннан кейінгі дәуір әдебиетімізде қалай жалғасып, қаншалықты деңгейде көрініс тапты? ...
Барша түркі жұртшылығын ықпалына алған Иассауидің имандылық ілімі қазақтың жеке ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі поэзиясынан із-түзсіз жойылып кетпегені анық, Иассауи жырлаған жақсылық пен жамандық, өсек пен өтірік, кісі ақысы, мәрттік, жомарттық, жаратушы жалғыз хақ жолы өзгермеген күйінде қазақтың хандық дәуірінде ғұмыр кешкен Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар толғауларында жалғасын тапты. Ал енді өз туындыларында исламның имандылық жолын берік ұстауға үгіттеген, оқырманына сауаттылыққа, ғылым, білімге, тақуалық пен жан тазалығына апарар жолды нұсқаған Шортанбай, Дулат, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім жырларынан ұлттық поэзиямыздағы Иассауи дәстүрінің өміршеңдігі айқын аңғарылады. Қазақтың ХХІ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы поэзиясында жиі көрінетін сыни мазмұнды өлеңдердің де тарихи дәстүрлік негіздері Иассауи хикметтерінің идеялық-эстетикалық сипаттарынан бастау алады.
1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы,- Алматы.: Білім, 2002, 292б

2. Ахметбекова А. Қожа Ахмет Иассауи дәстүрлері,- Алматы,: ҚазҰМУ, 2000, 401б

3. Аққошқарова А. Қазақ және ислам,- Алматы.: Баспа,2001, 259б

4. Илгидаева С.М. Көне түркілердің діни көзқарастарының эволюциясы, -Алматы.: ҚазҰУ,2002, 385б

5. Мүтәліпов Ж. Көшпелілер өркениеті аясындағы қазақ мәдениетінің қалыптасуы, - Алматы.: Абай, 2002,224б

6. Мүтәліпов Ж. Қазақ мәдениетінің бастаулары // Ұлағат – Алматы., 2001 - №4-3-9б

7. Мусин К.Б. Қожа Ахмет Иассауи поэзиясы,- Алматы.: ҚазҰлттықбаспасы, 2001, 232б

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік қоғам кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қожа Ахмет Иассауи поэзиясы

Орындаған: ИИТ-03-1 тобының студенті

Абдильдин А.А

Қабылдаған: Жұмансұлтанов Ә.Ж

Қарағанды 2005

Мазмұны

Кіріспе

І ТАРАУ

Қожа Ахмет Иассауи сопылық поэзиясының ерекшеліктері

ІІ ТАРАУ

Қожа Ахмет Иассауи дәстүрлері қазақ поэзиясында

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Түп тамыры Көк түрік жырларынан басталатын қазақ әдебиетінің
тарихында Ислам дәуіріндегі Иассауи әдебиеттің ең ірі өкілі Қожа Ахмет
Иассауидің алар орны ерекше XII – ғасырларда туындаған Диуаны Хикмет
өлеңдер жинағы түркі әдебиетінің, одан енші алған қазақ әдебиетінің жазба
поэзиялық үлгісі болып табылады. Орта ғасыр түркі әдебиетінде Қ.А.Иассауи
қалыптастырған сопылық әдебиет түркі ұлысынан тараған көптеген ұлтардың
кейінгі дәуір ұлттық әдебиеттеріне ұласып, қазақ әдебиетінің тарихында да
өшпес із қалдырды. Қожа Ахмет Иассауи хикметтері арқылы барша мұсылман
қауымының қасиетті ілімі- сопылықты тұңғыш рет түркі тілінде сөйлетті.
Бүтіндей бір дүниетанымның белгілі бір философиялық бағыттық, түбегейлі
діни салттық бір шығармаға арқау болуы орта ғасыр түркі әдебиеті үшін
орасан зор жаңалық еді. Диуаны Хикметте Алланың бірлігі, пайғамбардың
хақтығы, құранның шындығы жан-жақты түсіндіріліп, терең де нәзік жырланған.
Еш нәрсеге қарайламауға, дүние игіліктеріне, байлық-мүлікке қызықпауға,
нәпсіні тәрбиелеуге үндейтін, Аллаға табынудың ең жоғарғы сатысы саналатын
сопылық ілімнің қыр-сыры поэтикалық тілмен сипатталған.
Ұлттық руханиятымыздың алтын қорынан орын алған Диуаны Хикметтегі
Иассауи танымы мен дәстүрлі қазақ хандығы қалыптасқаннан кейінгі дәуір
әдебиетімізде қалай жалғасып, қаншалықты деңгейде көрініс тапты? ...
Барша түркі жұртшылығын ықпалына алған Иассауидің имандылық ілімі
қазақтың жеке ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі поэзиясынан із-түзсіз
жойылып кетпегені анық, Иассауи жырлаған жақсылық пен жамандық, өсек пен
өтірік, кісі ақысы, мәрттік, жомарттық, жаратушы жалғыз хақ жолы өзгермеген
күйінде қазақтың хандық дәуірінде ғұмыр кешкен Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар
толғауларында жалғасын тапты. Ал енді өз туындыларында исламның имандылық
жолын берік ұстауға үгіттеген, оқырманына сауаттылыққа, ғылым, білімге,
тақуалық пен жан тазалығына апарар жолды нұсқаған Шортанбай, Дулат, Абай,
Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім жырларынан ұлттық поэзиямыздағы Иассауи дәстүрінің
өміршеңдігі айқын аңғарылады. Қазақтың ХХІ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр
басындағы поэзиясында жиі көрінетін сыни мазмұнды өлеңдердің де тарихи
дәстүрлік негіздері Иассауи хикметтерінің идеялық-эстетикалық сипаттарынан
бастау алады.

І ТАРАУ

Қожа Ахмет Иассауи сопылық поэзиясының ерекшеліктері

Қожа Ахмет Иассауидің атын ел тани бастағанда Түркістан қаласы
исламның бесігіне айналды, түркі халқының ішінен жарқ етіп шыққан ғұлама
сол діннің туын желбіреткен қолбасшысына дейін көтерілді, сопылық поэзияны
биіктетті. Ол құдіретті Алланың сөзін ескі түркі тілінде жырлады. Бұрын
Құран сөзін түсіне білмейтін жұрт Иассауиді оқып түсінді. Қожа Ахмет
Иассауидің хикметі де, өзі де ел алдында өтімді, әрі үлкен беделге ие
болған. Осыдан кейін күллі түркі жұрты ислам дініне бет бұрды, ислам діні
біздің елге көп жарқын дүниелер туғызды, ең алдымен бес уақыт намаз, отыз
күн ораза, имандылық, тазалық, мәдениет, әдебиет, жыр, қаншама қисса-
дастандар әкелді. Атап айтқанда: Жүсіп – Зылиха, Мұңлық – Зарлық,
Сейфүлмәлік, Рүстем-Зораб, Шәкір-Шәкірат секілді бүгін де еліміздің
рухани қазынасына айналып кеткен әдебиетіміздің інжулері мен маржандары
келді. Мұнымен қоса, ақ неке, екі адамның өмірлік жұптасып, ғұмыр сүруі,
ұрпақ өсіруі, құда-жекжат, әріден келе жатқан ажырамас туыс атануы, т.б.
салт-дәстүрлер исламмен байланысты өрбіді.
Сопылық ағымның басында тұрған Қожа Ахмет Иассауи ілімі енді-енді
жан-жақты зерттеле бастады. Сол ілімнің бір ғана көрінісі Диуаны
хикмет кітабы да терең қарастыруды, мұқият тексеруді қажет етері сөзсіз.
Диуаны Хикмет тек қана әдеби туынды емес сонымен бірге терең пәлсапалық
оцға толы туынды.
Сопылық-Аллаға құлшылық етудің ең жоғарғы сатысы, ол айналадағы
ешбір нәрсеге алаңдамауға, дүние-мүлікке қарайламауға, ертең не болады,
күнім қалай өтеді демеуге, тіпті, бала-шаға, қатын-қалашты да естен
шығаруға мәжбүр етеді. Сопылар тек ақиқатқа жетуге, шындықты ғана тануға,
бүкіл жан дүниесімен, бар болмысымен Аллаға жалбырынып, қызмет жасайды.
Өйткені, олар үшін жарық дүние бес күндік, баянды емес, көзді ашып-жұмғанша
өтеді де кетеді.Өзгермейтін, аумайтын, айнымайтын, мәңгі жасайтын жалғыз
құдірет ол-шындық, ақиқат дегеніміз-Алла. Осылай болғандақтан Ш.
Құдайбердіұлы:
Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай-шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса кім Құдай.(8,241),-
дейді.
Қожа Ахмет Иассауи Диуаны хикметінің де шертер сыры, толғар
түйіні де осы шындық. Ақиқат-адамның ең жоғарғы байлығы, шегі-Құдайды,
әлемді, жаратушыны көру. Адамның қалған талаптары жануарлармен бірдей. Алла
адамды айырықша артық жаратқан, дін мен даналықты танысам, білсем деген
талап-тілегімен қоса жаратқан. Дін адамды жердегі сүрген ғұмырында мақсаты
мен мұратының шегі мәңгілікке жетелейді(9,91).
Даналық, әрине, бір ғана ғылыммен келмейді, ғылымды іздеу, оның
олына түсу өте қажет. Хақ пайғамбарымыз Мұхаммед (Ғ.С) өзі айтыпты:
Оқымысты адамдар-Алла Тағаланың алдындағы сенімді жандар. Білім үйрену
ғибадаттан да артық және ол діннің де тірегі.(10, 73).
Осы орайда ғылымды сүйген Абай Қожа Ахмет Иассауиді оқыған ба деген
сұрақ туады. Ұлы ақынды талмай зерттеп келе жатқан профессор М.Мырзахметұлы
Абайдың Иассауиді терең білгенін айта келіп: Иассауидің ақындық өнері мен
дүниетанымын жалғыстыра дамытушы шәкірттерінің бірі Софы Аллаярдың сөзін
Абай 38-ші қара сөзінде әділет, рақым, ақыл жайлы өзекті пікірін тарату
үстінде Аллаяр софының бір фәрадан жүз фәра бижай дегені басына келеді,-
деп адамшылық жайлы ой түйінін жәуәнмәртілік ілімімен ұштастыра қарайтыны
бар. Софы Аллаярдың осы сөзін Мұхтар Әуезов Абай жолы эпопеясында Абай
мен Салтанаттың сырласу кешінде тілге ала келетінін де ескермек керек. Ал,
Абайдың өзі ақындықтың кемеліне келген шағында шығарған Жақсылық ұзақ
тұрмайды деген өлеңінде:
Бір қайғын ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды,-
деп Софы Аллаяр сөзінің мазмұнын құдіретті поэзия тілімен қазақы
қалыпқа түсіріп, мүлде жаңа сөз қолданыс тәсілінде құлпыртып жетілдіре
беруінде де сопылық поэзия белгісінен ұлы Абайдың бой тартпай қажет жерінде
творчестволық жолмен пайдалана отырып, іске асыру қалпын танимыз(11,5), -
дейді.
Абай сопылықтың, сопылық жолының мән-мағынасын терең түсінген, жан-
жақты білген. Ол өзінің бірінші қара сөзінде: Сопылық қылып, дін бағу?
Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күнінде
бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған сопылық, (12,158) – десе
ұлы ақын орынды айтады. Сопылықты қарапайым тілмен айтсақ, ешбір дүние
ісіне араласпай, тек қана күндіз-түні бір Алланың ақ жолында болу, ал
бөтен, пенделік шаруамен айналыссаңыз, онда көзіңіз де, көңіліңіз де,
жаныңыз да, бойындағы қаныңыз да бұзылып, сіз де әбігерге, сарсаң
тірлікке салады.
Бүкіл түркі халқының ұлы ақыны, терең ойшылы Әлішер Науаи да
сопылықты жақсы біліп, оның жолының соншама ауырлығын түсінген. Ол күнәһар
пенде екенін мойындай отырып: О, құдіреті күшті алла! Сенің жамандық
жасауға қабілетің жоқ! Сен жақсысың, мен жаманмын. Әр кімнің өз ерекшелігі
бар ғой. Раушан гүлі соншама әдемі болғанымен, оның қолға кіретін тікені
бар емес пе? Бірақ та көктемдегі раушан гүлі көңілге қуаныш әкеледі ғой. О,
құдіреті күшті Алла! Менің бойымдағы беймаза мінездерім, өзім істеп алған
күнәларымнан арылуға ерік бермейді һәм қасиетті сопылардың етегінен ұстап,
соның соңынан еруге мен күнәһарға ар-ұятым жол бермейді-деген.
Түркі халықтарының тарихы атты кітабта: Мұсылман мистизмі
(сопылық)- республика көлемінде арнайы әрі жан-жақты зерттелмеген тақырып.
Қазақ топырағында был философия араб-парсы мәдениеті, әсіресе, шығыс
поззиясы арқылы кеңінен таныс. Айталық Фирдаусиден бастап Науаиге дейінгі
ақындардың бәріне дерлік сопылық ықпалы тиген (14,94)-делінеді. Шынында
сопылықтың етек алып тарағаны, тіпті, ертеден көрінеді. Қазақ совет
энциклопедичсында: Суфизм арабтың суф-жүн, суфи жүн шекпен киген адам
деген мағынаны білдіреді. Исламдағы мистикалық бағыт. Суфизм VIII-IX
ғасырларда пайда болған (15,455)-делініпті.
Біздің ойымызша, сопылықтың қазақ жерінде дамуы Қожа Ахмет
Иассауидің Диуаны хикмет атты еңбегінің жазылуымен байланысты болса
керек. Қазан төңкерісіне дейінгі хат оқып, қара таныған қазақтардың көбінің
үйінде осы аталған дүниенің көшірмесі болған, оны жұрт қадірлеп-қасиеттеп
ұстаған әрі жатқа да білген. Ораза айында көпшілік қауым алқа-қотан жиналып
алып, тарауықтан кейін сопы ақынның хикметін сазды әуенмен бірлесіп айтады
екен.
Қожа Ахмет Иассуидің халық ішінде айрықша ірі тұлғаға айналып, ел-
жұрттың құрметіне бөленгенін зерттеуші А.Ахметбекова да атап өткен. Ол
Иассауидің көзқарасы, дүниетанымы, талғамы, қазақ әдебиетіндегі ақын екенін
танытуға тырысқан. Діни қызметінің сол замандағы ағартушылық мазмұнын,
прогрессивтілігін ашуда, хикметтеріндегі гуманистік идеяларын белгілеуде,
ақының Диуаны хикметті түркі сопылық әдеби ағымның бастамасы әрі биік
рхани мұрасы екенін тұжырымдаған (16,23).
Сопылықтың бірнеше басты сипаттары бар, ол алдымен бір Аллаға
ынтықтық, жартқанның жолында бәрін құрбан етуге даяр болу. Дәруіштер үшін
туған-туыстан безу, дүниені тәрк ету де түкке тұрмайды. Тіпті, Алла жолында
ғазиз жанын құрбан ету де сөз мес, Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (Ғ.С) үмбеті
болудан артық сопыға бақыт жоқ. Сондықтан күндіз-түні Алланың разбандығы
үшін зар еңіреп, запран жұтады. Осы себепті Қожа Ахмет Иассауи:
Қырық тоғызда ғашық болыр күйіп-жандым,
Мәжнүндей туған-туыстан қашып тындым.
Түрлі-түрлі жапа көрдім, мойынсұндым,
Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған,-
десе, сопылықтың тағы бір белгісі ораза мен намз екендігін де
Иасссауи хикметінен көреміз, ол:
Таһ оқып көз ілмедім тұні бойы,
Кеште намаз, ораза ұстап күні бойы.
Осы халмен жер астында өне бойы,
Мұстапаға аз тұтып көрдім міне.
Иә, Қожа Ахмет Иассауи жұрт қатарлы жылына отыз күн ораза, күніне
бес уақыт намаз оқып қана қоймай, өзі айтқандай: Кеште намаз, ораза ұстап
күні бойы бар уақытын Аллаға құлшылық етумен өткізген. Бұл аз десеңіз,
өзін-өзі азапқа салып қылуетте (оңаша, бөлек) жатқаны тағы бар:
Жер астында қорлық көрдім көп машақат,
Төсек, жастық тастан қылдым, шектім мехнат.
Әй, жараңдар, бұл дүниеде жоқ дүр рахат,
Мұстапаға аз тұтып кірдім, міне,-
дейді.
Сопылық жолының негізгі сипатының бірі- зікір, бұл жағдай көп болып,
қауымдасып айтылуға тиіс.Алланы еске алудың айрықша көрінісі болғандықтан
сопылар алқа-қотан отырып, бар жандарымен беріліп, зікірді хормен айтатын
болған, Қожа Ахмет Иассауиге үңілсек, ол:
Зікір айтып, риза болып хақты таптым,
Дүние қызығын талақ етіп жаншып тептім.
Естен танып, рәсуа болып, жаннан бездім,
Бәрінен безіп жер астына кірдім, міне,-
депті.
Діни кітаптарда адам бойындағы қанағатсыздық пен менмендік
жиіркенішті мінез болып саналатыны айтылса, Қожа Ахмет Иассауи де бұл іске
терең мән беріліпті, ақын хикметінде:
Нәпсім мені көп жүгіртті хаққа бақпай,
Күндіз-түні бейғам жүрдім басым ақпай.
Нәпсім мені менмендікті отқа жақпай,
Қайғы жұтып жер астына кірдім, міне,-
десе, адам өз бойындағы жамандықпен өзі күресуі керек екен,
әсіресе, сопылар ұшін мінездің көркем болуы ауадай қажет, қылығы ала-құла
кісінің шын мұсылмандығын бір жаратушы ғана біледі. Өйткені, Алла жолындағы
адамда ашу-ыза, кек, ғайбат, өтірік-өсек, сабырсыздық, көре алмаушылық,
қанағатсыздық, нәпсі атымен болмауы керек. Ал, сопылар бетегеденбиік,
жусаннан аласа болуы ләзім, сондықтанда Қожа Ахмет Иассауи:
Құлдық көрсем қызмет қылып құлы болсам,
Топырақ сипат жол үстінде жолы болсам,-
деп тілейді. Ақын тәкәппарлықтан, өзін өзгеден бөлекше көруден
қоқады, оның адамдардың бәрінен кіші болғысы, олардың бір қажетіне жарағысы
келеді.
Қожа Ахмет Иассауи Алладан бөтен алаңы болу мұсылман үшін күнә боп
есептеген. Құдайға шынайы құлшылық еткен махаббаттың арқасында ғана
пенденің жаны рахат тауып, Алланың нұрына бөленбек, құдіретті жаратушы ғана
адам баласының ісін оңғарады, бес күндік жарық дүние мен мәңгілік ғұмырдың
да жақсы болуы ұлы күштің қолында екнін жырлайды, ол:
Қарй қалсам, көзімде – сен,
Сөйлей қалсам, тілім де – сен,
Көкірегімде, жаным да – сен,
Алла, маған керексің,-
дейтін жолдар Алланы бәрінен биік қойған Қожа Ахмет Иассауи әр
алдындағы тазалық, имандылықтың қастерлі екенін түсіндіреді.
Иассауидің сопылық іліміне сіңірген еңбегін сөз еткенде оның арнайы
өз мектебінің болғанын, сол арқылы ислам дінін жан-жаққа уағыздағанын
айтпай кетуге болар ма?! Ол ұнатқан сүйікті шәкірттерін әр тарапқа жіберіп
отырған, тіпті, Түркияға дейін Иассауидің жолын қуғандар барып, дін
таратқан.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін Түркі халықтарының тарихы атты кітапқа
үңіліп көрейік: Иассауиді тану ілімі оның тек өзі туралы ғана емес,
мектебі хақында да болуы керек. Иассауиарқылы сопылық түркі тілдес халықтар
дүниетанымында шешуші орын алады. Түркі жұртының бұрынғы сыйынғаны Тәңір
еді, неді Алла болды. Сопылық- халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал
еткен философиялық жүйе. Тіпті, сопылық ойлау тәсілімізге ықпал жасап
қоймай, лексикалық қорымызға да ізін қалдырған. Араб-парсы философиясындағы
өте жиі қолданылатын негізгі ұғымдарын атап өтейік: ақыл, ахуал, адам,
әлем, ғылым, білім, есім, заман, зат, т.б. Бұлар қазақ тіліне араб-парсы
тілінен енген сөздер деп айту жеткіліксіз. Себебі, бұл сөздер біріншіден,
қазақ тіліне емес, түркі тіліне, қазақ ұлты қалыптаспай тұрып енген,
екішіден, жоғарыда айтылған сөздер түркі тіліне лингвистикалық мәнде емес,
философиялық терминдер дәрежесінде таралған (17,195)- делінеді онда.
Олай болса тек қана сопы ақын ғана емес,ХІІ-ші ғасырдағы ислам
дінінің бірден-бір көш бастаушысы деп айта аламыз.
Қожа Ахмет Иассауидің толғауынша бұл дүниеге кім келіп, кім
кетпеген, әркім өзінше тірлік құрып, өз білгенінше ғұмыр кешіп, Алланың
берген ырыздығын теріп-жеген. Сыйласқанмен сыйласып, мұңдасқамен
мұңдасатындар некен-саяқ. Қолдан келсе, өзің секілді Алланың пендесіне қол
ұшын беріп, жұртпен мейірімді қарым қатынас жасағанға не жетсін?! Қожа
Ахмет Иассауи кеңпейіл жан болғандықтан Әмір Темір көреген бұл жағдайды
ескеріп: Мұнда келетін жол жөнекей түстеніп аттанатын мінажат етушілер
жергілікті пақырлар мен кембағарлар, жетімдер мен мүсәпірлерге (халим) –
биқадан ескерткен,-дейді (18,24).
Алланың ақ жолын талмай жырлағани Қожа Ахмет Иассауи:
Ақылға ерсең, ғәріптерді мейіріммен сүй,
Мұстафадай елді кезіп жетімді жый.
Дүниеқоңыз пысықтардан бойыңды тый,
Бойым тыйып, дариядай тастым міне. (19,18)
Қожа Ахмет Иассауидің кереметтігі сөзі мен ісі бір жерден шығып, бір
арнаға құйып, бір иірімде тоғысуында жатыр. Бұл ғұламада Молданың
істегенін істеме, айтқанын істе дейтін халық даналығы атымен жоқ, қайта
жұртқа ағынан жарылып айтқаны қаншалық дұрыс болса, істеген ісі,
тындырғаншаруасы, жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі – бәрі мөлдір, бәрі таза.
Алланы бір, пайғамбарды хақ деп танып, бес жасында шариғатқа белін буған
аса білгір Қожа Ахмет Иассауи бүкіл мұсылман қауымға ерте тұрудың
керектігін толғайды.
Көзіңді ілме, ей, мұсылман, сахар уақты ішінде,
Құтқар өзіңді дозақтан сахар уақты ішінде.
Сахарда гүлдер ашылып, сайрайды бұлбұл,
Бір Алланы айтып тілесе сахар уақты ішінде.
Сахарда көктен келер періште мұсылманға,
Сахарда көктен Жәннат қақпасы ашылар,
Сүйген құлға нұр төгілер сахар уақты ішінде.
Сахар уақты қош сағат һәм Жәннат болар рахат.
Аллаға қыл ғибадат сахар уақты ішінде.
Не көрмеген халқымыз Ерте тұрған еркектің ырысы артық деген ғой,
олар бұл жағдайда Қожа Ахмет Иассауиге сүйеніп ма, жоқ әлде күнделікті іс-
тәжірибесіне орай қозғады ма, не де болса таңсәріден тұруға ерте бастан
әдеттендіріп, баланы жастан ... тәрбиелегені өте орынды болған.
Халқымыздың көне жырында таңнан тұру мәселесі, тіпті, терең жырланған:
Ертең ерте тұр сана,
Беті –қолды жу сана.
Ертең ерте тұрсаңыз,
Беті-қолды жусаңыз,
Нұр төгілер қойныңа.
Періште мінер мойныңа!
Көшпелі халық сергек болған, аз ұйықтаған, көп жортқан, тәрбилік мән
маңызы бар артына парасатты мұра қалдырған. Диуани хикметті жетік
білгенге ұқсайды. Ел аузында ғыламаның өмірі, әр түрлі жақсы істері,
тайқазан жөніндегі аңыздар мол сақтанған. Ол кісінің аз ішіп, аз жейтіні,
аз сөйлейтіні, тіпті, құс ұйқылы сергек жан екендігі, бәрінен бұрын
әділдігі, шындықты сүйетіндігі, жетім-жесір, кембағал-кемтарға жанын да,
барын да аяп қалмай көмектесетіні жырдай қызық айтылып келген. Біреу
біреуден естіп, ақсақты тыңдай, өтірікті шындай етіп бұл аңызды біздің
дәуірімізге де алып келіпті. Халқымыздың Көк ит көріп үреді, көп ит көрмей
үреді деген қанатты сөз тегін айтылмаған. Қожа Ахмет Иассауиге Үш жыл
қатаранан ниет етіп, құрбан шалып барған Қажыға барғанмен бірдей сауап
табады екен десетін. Иассауидің қасиетті екені рас, алайда, Мекке біреу,
Қағба жалғыз, Мұхаммед (Ғ.С) соңғы пайғамбар екенін естен шығармауымыз
керек. Бұл аса құрметті жан Алланың досы, екі дүниенің ардақтысы. Үмбетім
деп жатып, үмбетім деп тұрып, Құдіретті Құдайдан мұсылман баласының күнәшін
кешуін бар ықыласымен қалап-сұраған абзал елші жайлы қазақ ақындары Қожа
Ахмет Иассауи дің сарынымен көп жазған, көп жырлаған, әсіресе,
пайғамбарымыздың өмірбаянын кейінгі ұрпаққа жеткізуде Жүсіпбек қожа
Шайхысламаұлы айрықша еңбек еткен:
Достым деп қадір Алла зейнет берді,
Күнаһар үмбетіне шапағат берді.
Жараңдар, құлақ салып тыңдасаңдар,
Хазірет Расұлдан бір сөз келді.

Не іс болса, Жебірейіл хабар берген,
Ғарыш шығып достымен дидар көрген.
Екі дүние Сәруары шапағатшы,
Еш пенде қор болмайды оған ерген.
Алланың ардақты пайғамбары Мұхаммед (Ғ.С) болсасүйікті періштесінің
бірі Жебірейіл екені көпке белгілі. Он сегіз мың ғаамның иесі жалғыз
жаратушы осы періште арқылы пайғамбарымыздан үнемі хабар алып тұрған.
Құранның барлық қасиетті сүресін Мұхаммедке (Ғ.С) жеткізуші осы аталған
періште.
Біз ақынның Мұхаммед Расулланың пәни жалғаннан бақи дүниеге өткені
туралы атты дастанына зер салсақ, бұл шығарманың да авторы Жүсіпбек
Шайхысламұлы екені зиялы қауымға аян. Ақын пайғамбарымыздың қасиетті өмір
жолын Қожа Ахмет Иасауидің сарынымен толғайды. Әрине, уақиғасы, стилі,
шығарманың желісі басқа болғанмен, көтеретін түп қазық идеясы біреу- ол
Алла бір, Мұхаммед (Ғ.С.) оның елшісі. Құдіретті Құдайдың сөзі Құран
кәрімді басқа жұртқа танытуда пайғамбарымыз жалғыз емес еді, достары да,
жолдас- жора, туыстары да өте мол болатын.
Басқаны былай қойғанда, Мұхаммедтің (Ғ.С.) ең сенімді деген
сарбаздары (сақаба) отыз үш мың екен. Ал, ислам дінін тарату жолында төрт
досының (шаһариары) болғаны анық. Пайғамбарымыз пәни дүниеге өтер кезінде
сегіз адам түс көріп келіпті. Бәрінің де көрген аянының мән- маңызы біреу
ғана, ол Мұхаммедтің (Ғ.С.) жарық дүниемен мәңгі қоштасатыны жайлы болыпты:
Түс көріп ертең ерте Сыдық келді,
Әдеппен хақ Расулға сәлем берді.
-Үстімде киген жидем жерге түсті,
Тақсыр- ау, бұл не түс?- деп сұрайды енді.

Онан соң хазірет Омар жетіп келді,
-Мен- дағы Бір түс көрдім, Расул,- деді,
Қолымнан мөрім ұшып екі айрылып,
Ол шіркін, табан асты ғайып болды.

Онан соң бір түс көріп Оспан келді,
Нәбиге қол қусырып сәлем берді.
-Құраным қолымдағы жерге түсіп,
Қағазы пара- пара болды,- деді.

Ғали айтты:- мен бір түс көріп едім,
Боларын бір сұмдықтың біліп едім.
Сауытым өзім шешпей жерге түсті,
Мәнісін сізден сұрай келіп едім. (23,20)

Иә, мынау алдамшы бес күндік дүниеде кім мәңгі жасамақ, жылап келдің
бе, өкси- өкси өмірден озасың, жалғыз рет берілетін салтанатты ғұмыр
талқаны таусылғанда сағат тіліндей кілт тоқтайды. Қай күні ажал келерін бір
Алла біледі, оны пенде де болжап жоқ, алайда, Алланың ардақты елшісі
Мұхаммед (Ғ.С.) алдын ала аңғарып сезіп – біліп отыр:
-Ғали балам, бұл дәурен өтер,- деді,
Бізден өтіпСыдыққа жетер,-деді.
Сауытың киіп жүрген жерге түссе,
Бабаңыз бұл дүниеден кетер,-деді.

Пайғамбарымыздың төрт досының бір мезгілде түс көруі, бір уақытта
уәделесіп қойғандай төртеуінің де үйіне баруы адам таңғаларық, әрі
қызығарлық іс. Осы уақиғадан кейін Медине халқын жинап, Мұхаммед (Ғ.С.)
Кімнің менде алашағы бар?- деп сұраса керек. Барлық ел- жұрт бірауыздан
хақымыз жоқ деп жауап берсе, Ғакаша атты бір бай сахаба:
Үндемеген сахаба Ғакаша атты,
Ол өзі дәулеті үлкен салтанатты.
-Барғанда бір сапарға ұрып едің,
Тақсыр, сізде сол хақым бар деп айтты.

Міне, бұл халайық- қауымның арасында үлкен тарихи уақиға болған.
Біреуді ұрмақ түгіл, кісіге дауыс көтермейтін өте мейірімді,
пайғамбарымызға көктен найзағай түскендей ауыр тиген. Ғакашаның ісі- жала
екенін жұрт тегіс біледі. Бұл іске пайғамбарымыздың жоғарыдағы төрт досы
араша түседі. Әрқайсысы менен сол өшіңді ал деп жалынады, тіпті, алтын-
күміс берейік дейді. Ғакаша бұған көнбейді. Бір пендеге бет қаратпай,
безеріп тұрған сахабаны ақын қаз- қалпында шынайы суреттеген:
Ғакаша айтты:-Сіздер неге қайғы жерсің,
Пайғамбар мен пақырдың хақын берсін.
Кимін шешіп, еңкейсін маған таман,
Ұрғаным, Ұрмағаным көзің көрсін.

Аса кішіпейіл, сабырлы пайғамбар (Ғ.С) амалсыз көніп, Ғакашаның
айтқанын істепті:
Мүбәрәк сол ұлы жан ашты тәнін,
Неге ұрсын ер Ғакаша пайғамбарын?!
Мөрін көріп, жаурынан сүйіп алды,
Бұрыннан біледі екен белгі барын.

Пайғамбарымыздың мөрін ел- жұртқа көрсету арқылы Ғакаша өзі де мол
сауап тауыпты, басында жиылған халайық- қауым қаншалықты реніш білдірсе,
артынан соншалықты алғысқа бөлепті.
Біздің ата- бабамыз бір Алланың құлы, Мұхаммедтің (Ғ.С.) үмбеті
екенін мойындаған, ислам дінін берік ұстап, оның барлық қағидаларын
орындауға пейіл- берекесін салған. Бұл жағдайды Алланың құдіретін жырлап,
артына хикметтер қалдырған Қожа Ахмет Иассауиден көреміз. Осы ғұламаның
дәстүрін, сазын, сарынын ұлы жырауларымыз туындыларында жалғастырғаны
белгілі. Тіпті, ХV ғасырда ғұмыр кешкен Асан Қайғыдан бастап, Шәкәрім
Құдайбердіұлына дейін бұл сарын бірде- бір рет үзілмей жалғасып келген.
Атақты жырау Қазтуған өзінің ерлік пен өрлікке, қажыр мен қайратқа
толы жырларында Алланы естен шығармаған, оның құдіретін барынша сезінген,
ол Мадақ жырында:
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан,
Сүйінішұлы Қазтуған!(24,28),-
деп толғаған.
Жыраудың осы туындысына зер сала қарасақ, оның ислам жолында еш
тынбайтынын, өз діні үшін ғазиз өмірін де арнайтынын көреміз.
Қазтуған ақын Қожа Ахмет Иассауи жолымен жүріп, көпке қызмет етуді,
ел үшін игілікті іс атқаруды борышым деп санайтын сияқты. Тіпті, өлеңінің
соңында өз аты- жөнін айтуы да сопы ақынға біртабан жақындай түскендей әсер
қалдырды. Сәл айырмашылығы ержүрек ақын өлеңінде жалаң қылыштай жарқылдаған
айбат бар, көпшілікке намысынды жаны, қарап жатпа дегендей үн тастау бар.
Халқымыздың айтулы ақындарымыздың бірі – Шал Құлекеұлы (1748-1819) –
Қожа Ахмет Иассауидің дәстүрін жалғастырушы үлкен дарын. Ол өзінің өткір
өлең, толғауларында ел- жұртты шыншылдыққа, әділеттілікке, біреуге орынсыз
қиянат жасамауға, жетім- жесір хақын жемеуге үндеп отырған. Шалдың
пайымдауынша он сегіз мың ғалам бір жаратушының қолында, ол не істеймін
десе, ерікті. Жоқтан бар етеді, бардан жоқ етеді, сондықтан әр пенде көзі
тірісінде Құдайға құлшылық етуге тиіс:
Өлімнен құтылмассың қашсаң- дағы,
Атадан арыстан боп ассаң- дағы.
Алладан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,
Намаз оқы Алланы ойыңа алсаң.
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң. (25, 239)

Шал ақын – көп жасаған, көпті көрген, көңіліне мол дүние тоқыған аса
сұңғыла жан. Ол Аллаға бар жанымен сенген, Құдайдың жолына дүние мүлкін
арнаған, жұртты да ислам қағидаларын орындауға өзінің өлеңімен шақырып
отырған. Осы орайда, өткен ғасырлардағы ақын- жырауларды жан- жақты
зерттеген М.Мағауин: Шал- мұсылман. Ол үшін Құдай бір, пайғамбар хақ...
Құран шын, Алланың құдіретінде шек жоқ, бәрі де Құдайдың әмірінде. Біз-
пендеміз, бақты, бақсыз болуымыз, малды, малсыз болуымыз, жер басу,
баспауымыз- бәрі Алланың қолында: Құдайсыз қурай сынбайды, (26,51)- деп
орынды ой түйген.
Қожа Ахмет Иассауи поэзиясының ішкі мәніне тоқталсақ, Хикметтері
көркем, ішкі ырғақ, ішкі ұйқастары берік сақталған, әсіресе, ақынның
монологтары айрықша бағалы. Ол өз ойын мен арқылы бірінші жақтан беріп,
барлық жан дүниесімен ішкі буырқанған сезім түйсіктерін тұтас атқарып,
оқушысымен риясыз қауышады, бүкпесіз сырласады, сонда сіз ғұлама жанның
тазалағына, көкірегінің ақ шуаққа толы екеніне сенесіз. Ақын әрбір хикметін
Құдайдың құлымын деген тұжырыммен аяқтап отырады, өйткені, бүкіл адам
баласы кімнің арқасында жан бағып, кімнің құдіретімен күн көріп отырғанын
ұмытпасын дегені болар. Профессор Ә.Тәжібаев: Поэзиядағы үлкен бір күш
монологтарда жатыр. Шекспир монологтарының ең күштілерінде герой өз
кеудесін қақ жарып, жүрегінің қалай соғып тұрғанын көрсетуге дейін барады.
Мұндайда адам атомның тас- талқан жарылғаны сияқты жарылады. Сонда оның
энергиясынан жаһанды жандырып жіберердей жалын шығады. Сол кезде құдіретпен
тілдескен ақын, барлық ғалам тірлігін оңай түсіндірген философ, оның
күлкісі- у, көз жасы- шоқ, махаббаты күнмен тең. Қаһары мұзбен тең,
(27,19)- дейді.
Ғұлама жанның хикметтерінде кеңінен ұшырасатын өлең түрінің бірі-
арнау. Академик Қ.Жұмалиев: Жарлай арнау, сұрай арнау және зарлай арнау
деп арнауды үш түрге бөлсе (28,133), академик З.Қабдолов: Мұндағы мақсат
біреу- ақ: сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың
оқырманға әсерін күшейту (29,241), - дейді.
Халқымыздың болар бала құлын жасынан деуші еді ғой, Қожа Ахмет
Иассауидің қанша жасынан бастап хикмет жазғаны белгісіз, алайда ғылым
жолына жастай түскені белгілі. Бұл ретте академик С.Қирабаев: ...Жеті
жасынан ғылымның соңына түскен зерек жас талаптануын, оқуын, ізденуін бір
сәт те толастатпапты. Біз ақынның қадау- қадау егіліп- төгіліп айтқан жан
сырынан оның өнер- білімге қаршадайынан біржолата құлаш ұрғанын байқаймыз:
Құл Қожа Ахмет жеті жаста алдым сабақ,
Сегізімде дүние қызығына қойдым талақ,-
десе Қожа Ахметтің, тіпті, ерте есейгенін, балалықтың бал дәуренінен
гөрі жұмбақ дүниенің құпия сырынан алаңдауының мол болғанын аңғарғандай
боламыз,- (30, Егемен Қазақстан, 1997, №150) дейді.
Диуани хикмет - Алланың бірлігін, пайғамбардың хақтығын толғаумен
бірге, халықтың ішкі- сыртқы жағдайын да жан- жақты жырлаған туынды. Осы
себепті қайнаған өмірдің айнасы іспетті бұл туындыны еліміздің жазба
әдебиетінің бастау көзі деп қарасақ та, дұрыс секілді. Біздің бұл ойымызды
бұдан жарты ғасыр бұрын Қ.Жұбанов пен Ж.Жолаев айтыпты: ...Қожа Ахмет
Иассауидің жазып қалдырған, осы күнге дейін көпшілік арасында тарихи бағасы
мен сүйкімділік беделін жоймай келе жатқан Диуани хикметі бар. Бұл
Қазақстан халықтарының ескіден қалған жазба әдебиет мұрасы емес пе?! Қожа
Ахметтің осы күнгі қазақ атанып отырған халықтардың басым көпшілігінің
ежелгі де ескі мекені болған Түркістанда өсіп- өнгені бекер ме?! Диуани
хикметтің Қожа Ахметтен қалған жазба әдебиет екені бекер ме?! Сөз жоқ,
Қожа Ахмет Иассауидің Диуани хикметі Қазақстан халқының ескі әдебиет
мұрасы. Жазба әдебиет деген сөзді біз қалай түсініп жүрміз? Жазба
әдебиет дегеніміз белгілі уақытта, белгілі бір дәуірдегі қоғамның өмір
тіршілігін көрсететін көркем шығарма деп түсініп жүрген жоқпыз ба? (31,
Жұлдыз, 1999, №8),- дейді.
Біз өміріміздің жазба әдебиетімізді ХІХ ғасырдан бастамай, сонау ХІІ
ғасырда ғұмыр кешіп, бар өмірін халқын сауаттандаруға, адалдыққа,
кішіпейілдікке, кісілікке, бір сөзбен айтқанда, Құдайға құлшылыұ етуге,
ерінбей еңбек етуге шақырған Қожа Ахмет Иассауиден бастасақ, нұр үстіне
нұр болар еді. Ғұлама ақынның ел-жұртын сүттен ақ, судан мөлдір болуға
үндейтін Диуани хикмет атты еңбегі қай саладан алып қарасаңыз да тартымды
дүние. Ол- шежіре, ол- педагогика, ол- тарих, ол- ауыз әдебиеті мен жазба
әдебиетінің әдемі түйісуі десе де болады. Ал, түптеп келгенде, бұл
туындының адам жанын тербейтін көркем әдебиет екені дау тудырмайды.
Иә, Қожа Ахмет Иассауидің есімін атаудың өзі оңай шаруа емес, бұл
өте бір киелі де қасиетті ұғым. Қаншама ғасыр өтті, ғажайып оқымысты жанды
әлі күнге дейін халайық- қауым көзінен де, көңілінен де таса қылмай
құрметтеп келеді. Мыңдаған жылдар өтсе де күмбезі сол баяғы бастапқы
қалпында сияқты. Қазаны, ақ сарайлары күнмен шағылысып, жарқырап тұр,
құдығының суының дәмі де бұзылмай, ішсеңіз көкірегіңіз ашылады, көңіліңіз
жарқырайды. Ал, Диуани хикметті оқысаңыз, тәуба- тәупихқа келесіз,
біреумен сырттай егесіп, іштей шайнасып жүргеніңіздің бекершілік екенін
сезесіз, бір сөзбен айтқанда, пенделіктен адамдыққа, кісілікке қарай
ұмтыласыз. Қамшының сабындай қысқа тірлікте қолдан келгенше Құдайдың өзің
сияқты құлдарына жақсылық жасау керектігін ұғынасыз, өзіңді көптің бірі
екеніңді түсінуден асқан бақыт бар ма?! Бәріміз де бұл жағынан алып
қарағанда, Қожа Ахмет Иассауиге зер сала үңілеміз, ұлы ұстаздан үйрене
береміз.
Байсалды ғалым Р.Бердібаев:Ахмет Иассауи хикметтерінің ойы қаншалық
терең, әлеуметтік талдау құлашы кең екенін, оның қашан да қарапайым
халықтың жоқшысы болғанын сан тараптан көруге болады. Оқып алған білімді
тек жеке басының қажетіне ғана жаратып,жағымпаздық пен жалған сөйлеуді
салтқа айналдырғандарды ақын сын отымен қарығысы келеді (32, Социалистік
Қазақстан. 1990, 28 қазан),- дейді.
Ғұлама жан сопылықтан өзіндік ерекшеліктерін айта келіп, олардың
ішінара бір- бірімен үйлесім табуын қажет деп біліпті, ол:
Өтті ғұмырым шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариғатқа өте алмадым.
Хақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,
Жолы қатсыз пірсіз қалай өтер, достар,-
дейді.

Бұл турасында М.Көпейұлы: Хазірет Сұлтан Қожа Ахмет Иассауи бір
күні тоқсан тоғыз мың маашйық аталған мұридтерін жамиғ (жинап алып – С.Д)
қылып, баршасына бұйырды: Ан хазіретіміз Мұхаммед (Ғ.С) Мираж ашқанда
Құдай тағаланың құдіретімен 99 мың сөз сөйлескен екен. Отыз үш мың шармғат,
отыз үш мың тариғат, отыз үш мың хақиқат- соның бәрі бір кітапта болмайды,
бір жерден табылмайды. Сіздер баршаңызға бір жерде отырып, бас-басыңызға
бір ауыздан сөз айтыңыздар, кейінгі заманға ядыгер (естелік) болып қаларлық
болсын. Сол Құдай тағаланың құдіретімен Мұхаммедтің (Ғ.С) сөйлескен сөзін
пендеде білуші жоқ. Бірақ сіздердің сөздеріңіз сол сөздің көлеңкесі
сықылданып жұрт аузында қалсын дегенде, қай ретті қылып сөйлейміз деп
Сұлтан хазіреттің өзінен сұрағанда өзі айтты дейді: Мақал деп айтылатұғын
сөз болсын (33,17) – депті.
М.Жармұхамедов жоғарыда аталған сопылық жолының төрт тілегі жайлы
жаза келіп, олардың әрқайсысының он-оннан тағы да ішінара бөлініп. Ішінара
жіктелетін сөз етеді. Ғалым осылайша түйіндеп түзуді ақынның Рисаласынан
алғанын айтады (34,16) .
Ал, өткен жылы Тегеран қаласынан жарық көрген Диуани хикмет атты
кітапта: Қожа Ахметтің ойынша, сопылыққа түспес бұрын шариғатқа бағынып
алу керек. Шариғат, тариғат, мағрипат, хақиқат кезеңдерінде Иасссауи
жарықтық Мұхаммед (оған және оның ұрпақтарына Алланың нұры жаусын)
пайғамбар мен хазірет Әлидің (тие берсін) сөздеріне сүйене отырып, аса зәру
деген қырық сатылы жолды білмеген жанның дәруіш болуы харам екенін айтты.
Сол сатыларды иассауиша былайша қарастырады, қырық сатының оны шариғатқа
тиесілі, олар мынадай:
1) иман келтіру;
2) намаз оқу;
3) ораза тұту;
4) зекет беру;
5) Қажылық ету;
6) Жақсы сөз;
7) Оқып-білім алу;
8) Пайғамбар сүннетін бұлжытпай орындау;
9) Орындалуға тиісті қырық парызды өтеп беру;
10)Тыйым салынған қырық нәрсеге орай жаман істерден бас тарту.
Қожа Ахмет Иасссауидің ұғымында дәруіштік (сопылық) жолды ұстау үшін
адам бойында қажыр мен қайрат, ақыл мен парасат болуы міндетті. Адам
баласының бойында шындыққа жанасатын бір тәуір нәрсе болмаса, ол тіптен
қиын, ондай жан өзіңді кез-келген уқытта жарға жығып, сазға отырғызып кете
береді. Осы айтылған нәрселер бір басында тоғысқан адам Алланың сүйген
құлы, Мұхаммедтің (Ғ.С) шын үмбеті болары хақ. Осы себепті ұлы Абай:
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет шапқан кімде бар,
Сол жарасар туғанға (35,205),-
деп бостан-босқа айтпаған. Кімнің бойында әділеттік болмаса, сол
хақиқатқа жақын, ал шындықты сүйген адам Алланы сүйгенмен бірдей. Өйткені,
жаратушы иеміз тек бір ғана ақиқатты жақтаған және солай бола бермек.
Жоғарыда аталған қырық сатының қалған он сатысы тарихаттың үлесі:
1) тәубеге келу;
2) пірге шәкірт болу;
3) қорқыныш пен үміт;
4) ибадат пен зікір;
5) нәпсіні тыю;
6) пір мен мүршидке қызмет ету;
7) пір рұқсатымен пікірлесу;
8) ақыл-насихатқа дағдылану;
9) елден оңаша кету;
10)оңаша тақуалық ету;
Енді мағрипатқа тиісті он саты:
1) Аллаға сіңуге бейіл болу;
2) дәруішті қабылдау;
3) сабырлылық;
4) адал ораза;
5) жаңа білім табу;
6) тариғат негіздерін бұлжытпай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары туралы жалпы түсінік
Ежелгі дәуір әдебиеті
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Шынайы сопылықтың тағы бір белгісі - құдаймен сұхбаттасу
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Ахмет Ясауи және ХІ – ХІV ғасырлардағы түркі поэзиясындағы сопылық ағымы
Исламдық дүниетаным
КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Пәндер