Тамақтану тәртібі мен гигиенасы



Кіріспе

1. Тамақтану тәртібін білесің бе?

2. Тамақтанудың гигиенасы

3. Дұрыс тамақтану негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адам тамақ үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақтанады. Ал, өмірдің дархан молшылығы да, қиын-қыспақ таршылығы да болуы ақиқат. Бүкіл ел басына қиыншылық түскенде, қол жеткенді қанағат қылып, киімнен кенде, тамақтан аш болған да уақыттар болды.
Қазіргі заманымыз да жақсарды, еліміз де жаңарды, тұрмысымыз да түзелді. Киім көк, тамақ тоқ деген сияқты талғай білсек, жоқ зат аз.
Ал, қазіргі уақытта біздің елімізде пайдаланылатын тағамдардың калориялық қуаты мол. Халқымыздың дастархан байлығымен қатар тамақтану мәдениеті де өсе түсуде. Денсаулық сақтау жөніндегі медициналық шаралар да ойдағыдай жүзеге асырылып келеді.
Дегенмен, көпшілігіміз тағамды ғылыми тұрғыдан, организм талабына сәйкестеніп талғай алмаймыз. Қазақ халқының тағамды пайдалану мен дайындауында ерте заманнан қалыптасқан ұлттық ерекшеліктері бар екені мәлім. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқандығынан ет пен сүт көбірек пайдаланылған да, жеміс пен овощ өте сирек қолданылған.
Ал, қазіргі дәуірде әлеуметтік-экономикалық және тарихи жетістіктерге байланысты жалпы әдет-ғұрпымызға, сол сияқты тағам жөніндегі талғамымызға да біраз өзгерістер енді.
Міне, осыған байланысты тағам құрамы, оның сапасы, организмді қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету жөнінде білгеніміз әбден орынды. Әсіпесе, тағам құрамындағы организмге өте қажетті және оларды басқа заттармен алмастырып, орнын толтыруға болмайтын факторлар жөнінде хабардар болғанымыз жөн. Белок, углеводтар, май, витаминдер, тұздар т.б. заттар белгілі бір мөлшерде күнделікті пайдаланылатын тағам құрамында болуы қажет.
Тиімді тамақтану деп организмнің қоректік заттарға деген физиологиялық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуді айтады. Сапалы ас адамның дұрыс өмір салтын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Тиімді де сапалы тамақ – көптеген аурудан сақтандыратын, олардың алдын алатын қуатты фактор болғандықтан да адам денсаулығы мен өнімді еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.
Адам тәулігіне қанша тамақ ішу керек? Бұл сауалға дұрыс жауап беру үшін ең алдымен лайықты тамақтану теориясына тоқталайық. Организмнің өсуі мен клеткаларының үнемі тұрақты түрде жаңарып тұруына қажетті тамақ, яғни қуаты мен құрылыс материалдарына деген қажеттілік адамның жасына, жұмысына, жұмысының сипатына, мекендейтін жерінің климатына лайық болуға тиіс. Сонымен бірге адам бір тәулікте ішкен тамағынан бойына қаншалықты қуат алса, соншалықты қуат шығындауы да керек. Олай етпеген жағдайда артық ішкен тамақтың зардабы көп ұзамай-ақ біліне бастайды.
1. Төрегелді Шарманов, Алматы, «Қайнар», 1996 ж., «Ас ішудің әліппесі»
2. А. Алдашев, Алматы, 1994 ж., «Тағам және денсаулық»
3. И. М. Скурихин, В. А. Шатерников, Алматы, «Қайнар», 1998 ж., «Дұрыс тамақтана білесіз бе?»
4. З. Жөкебайқызы, С. Сейсенбекқызы Алматы, «Рауан», 1993 ж.
5. С. А. Досмұхамедов, Т. М. Сыздықов, Алматы, «Нұр-кітап», 2001ж., «Тамақтанудың ғылыми негіздері»

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Тамақтану тәртібін білесің бе?

2. Тамақтанудың гигиенасы

3. Дұрыс тамақтану негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Адам тамақ үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақтанады. Ал, өмірдің
дархан молшылығы да, қиын-қыспақ таршылығы да болуы ақиқат. Бүкіл ел басына
қиыншылық түскенде, қол жеткенді қанағат қылып, киімнен кенде, тамақтан аш
болған да уақыттар болды.
Қазіргі заманымыз да жақсарды, еліміз де жаңарды, тұрмысымыз да
түзелді. Киім көк, тамақ тоқ деген сияқты талғай білсек, жоқ зат аз.
Ал, қазіргі уақытта біздің елімізде пайдаланылатын тағамдардың
калориялық қуаты мол. Халқымыздың дастархан байлығымен қатар тамақтану
мәдениеті де өсе түсуде. Денсаулық сақтау жөніндегі медициналық шаралар да
ойдағыдай жүзеге асырылып келеді.
Дегенмен, көпшілігіміз тағамды ғылыми тұрғыдан, организм талабына
сәйкестеніп талғай алмаймыз. Қазақ халқының тағамды пайдалану мен
дайындауында ерте заманнан қалыптасқан ұлттық ерекшеліктері бар екені
мәлім. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқандығынан ет пен сүт көбірек
пайдаланылған да, жеміс пен овощ өте сирек қолданылған.
Ал, қазіргі дәуірде әлеуметтік-экономикалық және тарихи жетістіктерге
байланысты жалпы әдет-ғұрпымызға, сол сияқты тағам жөніндегі талғамымызға
да біраз өзгерістер енді.
Міне, осыған байланысты тағам құрамы, оның сапасы, организмді қажетті
қоректік заттармен қамтамасыз ету жөнінде білгеніміз әбден орынды. Әсіпесе,
тағам құрамындағы организмге өте қажетті және оларды басқа заттармен
алмастырып, орнын толтыруға болмайтын факторлар жөнінде хабардар болғанымыз
жөн. Белок, углеводтар, май, витаминдер, тұздар т.б. заттар белгілі бір
мөлшерде күнделікті пайдаланылатын тағам құрамында болуы қажет.
Тиімді тамақтану деп организмнің қоректік заттарға деген физиологиялық
қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуді айтады. Сапалы ас адамның дұрыс өмір
салтын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Тиімді де сапалы тамақ –
көптеген аурудан сақтандыратын, олардың алдын алатын қуатты фактор
болғандықтан да адам денсаулығы мен өнімді еңбек ету қабілетін қамтамасыз
етеді.
Адам тәулігіне қанша тамақ ішу керек? Бұл сауалға дұрыс жауап беру
үшін ең алдымен лайықты тамақтану теориясына тоқталайық. Организмнің өсуі
мен клеткаларының үнемі тұрақты түрде жаңарып тұруына қажетті тамақ, яғни
қуаты мен құрылыс материалдарына деген қажеттілік адамның жасына, жұмысына,
жұмысының сипатына, мекендейтін жерінің климатына лайық болуға тиіс.
Сонымен бірге адам бір тәулікте ішкен тамағынан бойына қаншалықты қуат
алса, соншалықты қуат шығындауы да керек. Олай етпеген жағдайда артық ішкен
тамақтың зардабы көп ұзамай-ақ біліне бастайды.

1. Тамақтану тәртібін білесің бе?

Тамақтың - тіршілік атаулыға ауадай қажет екені бәріңе белгілі. Онсыз
адам баласы өмір сүре алмайды. Дұрыс тамақтанбаса, аш құрсақ болып жүрсе,
денсаулығы нашарлап, қабілеттілігі төмендейді. Өзі тоймастың көзі тоймас
демекші, ішіп-жеген осы екен деп, тыңқиып тойып алуға тағы болмайды. Қалай
болса солай тамақтанғанда, біріншіден - организмде зат алмасу процесі
бұзылады. Екіншіден, дене құрылысының қалыпты жағдайы, әсіресе, тағам
қорыту, жүрек-қан тамыр, жүйке жүйелерінің жұмысы нашарлап, адам ауруға
шалдығады. Бұл ғылыми тұрғыдан зерттелген. Белгілі мөлшерден артық немесе
кем ішіп-жеу адам түгілі тірі жәндіктің өзіне зардабын тигізеді. Әсіресе,
өсіп-жетілуі тоқтамаған кішкене сәбилер мен аяғы ауыр, нәрестелі аналарға
оның әсері күшті. Сондай-ақ, аз қозғалатын, білек күшін жұмсайтын еңбекпен
шұғылданбайтын адамдарға мөлшерден тыс тамақтанудың зияны көп.
Сонда не істеу керек дейсіңдер ғой. Бұл үшін медицина ғылымының
кандидат Сәтбек Мұсабекұлы ағаларыңның айтқандарына назар аударыңдар. Ол
кісі Алматыдағы Тағамдау институты тамақтану физиологиясы бөлімінің
меңгерушісі болғандықтан, осы мәселені зерттеп жүрген маман. Сәтбек
ағаларыңның айтуынша, әр адам өз жасына, жұмыс түріне, физиологиясына,
тіпті тұратын жерінің ауа-райына қарай ішіп жеуі керек екен. Яғни, тағамның
күш-қуаты оқушының 1 тәулікте жұмсаған энергия мөлшеріне тең болуы шарт.
Бұл кім қалай жұмыс істесе, солай тамақтануы керек деген сөз.
Егер оқушы белгілі мөлшерден тыс ішіп-жесе, толысып кетеді. Содан
барып, қан диабеті, атеросклироз ауруына шалдығады. Бауырдың қызметі
бұзылып, басқа да аурудың түрлері пайда болуы мүмкін. Ал керісінше, аз
тамақтағанда, организмнің қалыпты өсіп-жетілуі, зат алмасу процестері
төмендейді. Кейбір ұл-қыздардың сабақты игере алмай, ой мен дене жұмысына
деген қабілеті нашарлап, денсаулығына зиян келетіні осыдан.
Тағамдау институтының мамандары зат алмасу процесі адамдардың іс-
қимылына қарай өзгеріп отыратынын анықтаған. Олардың айтуынша, осы процесс
кісінің демалып жатқан сәтімен салыстырғанда, отырған кезде 12 %, орнынан
тұрған кезде 20 %-ке, жүргенде 80-100 %-ке, ал жүгіргенде 400 %-ке артады
екен. Астан кейін жата кетуге болмайтыны, ішкен-жегенін дұрыс сіңіру үшін
көбірек жүру керектігі де осыдан.
Білесіңдер ме, мендерде зат алмасу, энергия жұмсау мөлшері ересек
адамдарға қарағанда, анағұрлым жоғары екен. Керек десең, ол сабақтың түріне
де байланысты көрінеді. Әңгімеміз дәлелді болуы үшін Сәтбек ағаларың
жасаған ұл-қыздардың тағамдық заттарға мұқтаждық мөлшерін (тәулігіне)
ұсынып отырмыз:

Оқушының Қуаттылық Белоктар, г. Майлар, г. Көмірсулар
жасы, (энергия) (углеводтар),
жынысы ккал г.
Барлығы Оның Барлығы Оның
ішінде ішінде
жәндіктер өсімдік
белогі майы
6 2000 69 45 67 10 285
7-10 2350 77 46 79 16 335
11-13 е 2750 90 54 92 19 390
11-13 А 2500 82 49 84 17 355
14-17 е 3000 98 59 100 20 425
14-17 А 2600 90 54 90 19 360

Ескерту: е – ер бала, А – қыз бала.

Мысалы, 6 жастағы оқушы тәулігіне 2000 ккал энергия жұмсаса, 7-10
жаста орташа есеппен 2300 ккал, 11-13 жастағы қыз бала – 2500 ккал, ал ер
бала – 2700 ккал, 14-17 жастағы қыздар – 2600 ккал, жасөспірімдер – 3000
ккал жаратады екен. Бұл жалаң сандардан сендердің жестарың ұлғайған сайын
энергия жұмсау мөлшері де көбейетінін байқадыңдар. Шын мәнісінде олай емес,
- дейді Сәтбек ағаларың. – Керісінше, дене салмағының кг-на шаққанда жасы
кіші болған сайын энергия жұмсау да анағұрлым көп. Өйткені жас балалар
үздіксіз қозғалыс үстінде болады да, бойында зат алмасу процесі өте жылдам
қарқынмен жүреді. Төмендегі кестеде осы жағдайғы байланысты әр жастағы ұл-
қыздардың жұмсауға тиісті қуаты (энергиясы) мен соған сай түзілетін
заттардың мөлшері көрсетілген:

Оқушының Қуаттылық Белоктар, г. Майлар, г. Көмірсулар
жасы, (энергия) (углеводтар),
жынысы ккал г.
Барлығы Оның Барлығы Оның
ішінде ішінде
жәндіктер өсімдік
белогі майы
6 112,3 3,9 2,5 3,8 0,6 16,0
7-10 97,9 3,2 1,9 3,3 0,7 14,0
11-13 е 83,3 2,7 1,6 2,8 0,6 11,8
11-13 А 73,5 2,4 1,4 2,5 0,5 10,4
14-17 е 65,2 2,1 1,3 2,25 0,4 9,2
14-17 А 55,7 1,9 1,1 1,9 0,4 7,7

Тамақтану - өмірді, өсіп-өнуді, денсаулық пен адамның жұмысқа деген
қабілетін сақтау амалы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Педагогика мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Гигиеналық факторлар
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар. Балаларды ұйықтатуда қойылатын гигиеналық талаптар
Тірек - қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар туралы ақпарат
Асханадағы кондитер өнімдерін дайындау
Балалар гигиена
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Пәндер