Қазақстан экономикасының басқаруын жетілдіру



Үкімет басшысы алдымен 2003-2005 жылдарда экономиканы дамы-тудың негізгі қорытындыларына тоқталды. Қол жеткен табыстар бұрын да талай рет айтылғанымен, баяндамадағы кейбір көрсеткіштерге тоқтала кетейік. 2003-2005 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсу мөлшері 7-7,5 пайыз болсын деп белгіленген. Бірақ теңдестірілген экономикалық саясат пен реформаларды серпінді жүргізудің арқасында 2003-2005 жылдар кезеңінде ІЖӨ өсуінің орта¬ша жылдық қарқыны 9,4% болды. Алдын-ала деректерге қарағанда, 2005 жылдың қорытындысы бойын¬ша ІЖӨ жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр. Тұтас¬тай алғанда, 2003-2005 жылдары ІЖӨ 1,3 есеге өсті.
Макроэкономикалық ахуал жал¬пы алғанда тұрақты болып, эконо-миканың серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы бел¬гіленген өлшемдер шегінде бол¬ды. Ұлттық қорға қаражат жинақтау жөніндегі саясат жалғасты. Сөйтіп, оның активтері үстіміздегі жылдың басында 8 млрд. АҚШ долларынан асты. Алайда, келеңсіз тұстарды да айналып өтуге болмайды. 2003-2005 жылдары инфляция деңгейінің арт-қаны байқалады. Белгіленген меже – 2005 жылы 3,5, 2006 жылы 4,5 пайызға дейін төмендету болатын. Бірақ 2005 жылы ол 7,6 пайызға дейін ұлғайды. Оның бірқатар объек¬тивті себептері – шетелдік валю¬та ағыны, бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғайғаны, сондай-ақ халық кірісінің өскені, т.б. бар.
Одан әрі Д.Ахметов Қазақстан¬ның әлеуметтік-экономикалық табыстарын бірқатар халықаралық қаржы және рейтинтік агенттіктер¬дің жоғары бағалағанын тілге тиек етті. Сонымен бірге қол жеткен та¬быс-тардың қомақтылығына қара¬мастан, әлемнің дамыған елдерінің экономикасы бүгінгі таңда қызмет¬тер мен технологияларды тұрақты түрде жетілдіру есебінен дамып отыр¬ғанда, Қазақстан экономи¬ка¬сының басымдылығы бәрібір ши¬кізатта болып қалуын жалғастыруда, дей келіп, ІЖӨ өсімін технология¬лық табыстармен жетілдіру бағы¬тында Мемлекет басшысы талап еткен әртараптандырылған эконо¬ми¬каға қол жеткізу жолдарына тоқталды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан экономикасының басқаруын жетілдіру

Үкімет басшысы алдымен 2003-2005 жылдарда экономиканы дамытудың негізгі
қорытындыларына тоқталды. Қол жеткен табыстар бұрын да талай рет
айтылғанымен, баяндамадағы кейбір көрсеткіштерге тоқтала кетейік. 2003-2005
жылдары жалпы ішкі өнімнің өсу мөлшері 7-7,5 пайыз болсын деп белгіленген.
Бірақ теңдестірілген экономикалық саясат пен реформаларды серпінді
жүргізудің арқасында 2003-2005 жылдар кезеңінде ІЖӨ өсуінің орташа жылдық
қарқыны 9,4% болды. Алдын-ала деректерге қарағанда, 2005 жылдың қорытындысы
бойынша ІЖӨ жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр. Тұтастай
алғанда, 2003-2005 жылдары ІЖӨ 1,3 есеге өсті.
Макроэкономикалық ахуал жалпы алғанда тұрақты болып, экономиканың
серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы белгіленген
өлшемдер шегінде болды. Ұлттық қорға қаражат жинақтау жөніндегі саясат
жалғасты. Сөйтіп, оның активтері үстіміздегі жылдың басында 8 млрд. АҚШ
долларынан асты. Алайда, келеңсіз тұстарды да айналып өтуге болмайды. 2003-
2005 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалады. Белгіленген меже – 2005
жылы 3,5, 2006 жылы 4,5 пайызға дейін төмендету болатын. Бірақ 2005 жылы ол
7,6 пайызға дейін ұлғайды. Оның бірқатар объективті себептері – шетелдік
валюта ағыны, бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғайғаны, сондай-ақ халық
кірісінің өскені, т.б. бар.
Одан әрі Д.Ахметов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табыстарын
бірқатар халықаралық қаржы және рейтинтік агенттіктердің жоғары бағалағанын
тілге тиек етті. Сонымен бірге қол жеткен табыстардың қомақтылығына
қарамастан, әлемнің дамыған елдерінің экономикасы бүгінгі таңда қызметтер
мен технологияларды тұрақты түрде жетілдіру есебінен дамып отырғанда,
Қазақстан экономикасының басымдылығы бәрібір шикізатта болып қалуын
жалғастыруда, дей келіп, ІЖӨ өсімін технологиялық табыстармен жетілдіру
бағытында Мемлекет басшысы талап еткен әртараптандырылған экономикаға қол
жеткізу жолдарына тоқталды.
Бағдарламаның басты мақсаттары
 2006-2008 жылдарға арналған жаңа бағдарламаның мақсаттары мынадай. ІЖӨ-
нің орташа жылдық өсімі 8,5 пайыз болады. Бұл экономиканың жалпы өсімін осы
үш жылда 27,7 пайызға арттырады. Орташа жылдық инфляция 5-7,3 пайыз шегінде
қалып, еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3-7 пайызға өсіру көзделеді. Негізгі
капиталға инвестиция салу 14-15 пайызға өсетін болады. Сөйтіп, ІЖӨ-нің жан
басына шаққандағы үлесі 2008 жылы 5450 АҚШ долларына жетпек, бұл бүгінгі
деңгейден 1,5 есе артық.
Осы мақсаттарға жету жолындағы басым бағыттар:
*Қазақстан экономикасын жедел жаңарту және оның серпінділігі;
*Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді
қамтамасыз ету;
*әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы
заманғы әлеуметтік саясат.
Қазақстан экономикасын жаңарту және оның серпінділігі бойынша Үкімет
басшысы бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Макроэкономикалық саясат
саласында салық, бюджет және ақша-кредит жүйелерін реформалау жолымен
бірқатар міндеттерді шешу алда тұр. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының
дамуына әсер ететін сыртқы факторлар едәуір өзгерді. Бұл, бірінші кезекте,
мұнай экспорты өсуінің жоғары қарқынына және мұнайға, газ бен металға
әлемдік бағаның өсуіне, еуроға шаққанда доллардың айырбас бағамы қатысының
өзгеруіне, шетелдік капиталдың едәуір ағынына байланысты.
Осы жағдайда макроэкономикалық саясат инфляцияның өсу қарқынын
төмендетуге, теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді саясат жүргізуге,
мемлекеттік шығыстар саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан болмайтын
тапшылығын төмендетуге, бизнесті дамытуды салықтық ынталандыруға
бағытталуға тиіс.
Үкімет пен Ұлттық Банк фискалдық және ақша-кредит саясатының келісілген
түрде жүргізілуіне жұмыс істейтін болады. Үкіметтің экономикалық саясаты
елдегі экономикалық өсуді көбінесе еңбек өнімділігін арттыру есебінен
ынталандыруға бағытталған.
Салық саясаты тұтастай алғанда, салықтық әкімшілдендіруді оңайлату,
салық санын оңтайландыру және салықтың жиналуын арттыру жолымен бизнес пен
халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға бағытталған.
Салық салу мен салықтық әкімшілдендіруді оңайлату мақсатында салық
заңнамасына салық есептілігін, салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасауға
өтініштер беру мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. Кеден ісі бөлігінде
кедендік ресімдерді оңайлату жүргізіледі.
Негізгі салықтардың ставкаларын төмендету көзделуде. Атап айтқанда,
өндірісті дамыту және кеңейту мақсатында қосылған құн салығына, сондай-ақ
корпоративтік табыс салығына ставкалар кезең-кезеңімен төмендетілетін
болады. Әлеуметтік салықты төмендету жалақының көлеңкелі төлемдерін одан
әрі барынша азайтуға ықпал етуі тиіс.
Сондай-ақ салық пен алымдардың кейбіреуін біріктіру жолымен олардың
саны қысқартылатын болады, арнайы салық режімдерін қолдану тетіктерін
жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.
Бюджет саясатында мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге,
бюджеттің әлемдік баға коңюнктурасына тәуелділігін төмендетуге, бюджет
қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, экономиканың басым
секторларын дамытуды ынталандыруға және халықтың неғұрлым аз қорғалған
топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың
және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына
сәйкес бюджетті теңгерімдеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыру ұйғарылып
отыр. Осыған байланысты Бюджет кодексіне және басқа да заңнамалық
кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Үкімет өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру қағидатын
мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ынталандыру қағидатымен оңтайлы
үйлестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі
жұмысты жалғастыратын болады.
2007 жылы “2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми
трансферттер туралы” жаңа Заңның жобасы әзірленіп, бұл орта мерзімді
кезеңге арналған субвенциялар мөлшерін бекітудің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді. Өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін
теңестіруге, Конституция кепілдік берген мемлекеттік қызметтерге халықтың
тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттен бөлінулер мен
субвенцияларды есептеудің жаңа әдістемесі әзірленді, яғни өңірлерді төмен
бюджеттік қамтамасыз етілуден республикалық орташа деңгейге көтеру
көзделеді.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру ұйғарылып отыр. Осыған
байланысты негізгі міндет – мемлекеттік сатып алуды сапалы, тиімді және
уақтылы жүргізу болып табылатын “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасы қазірдің өзінде
әзірленді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышты басқару жүйесі қайта
қаралатын болады. Үкімет тарифтік саясат тиімділігін арттыруға зор назар
аударып, бұл үшін тарифтердің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар
қабылданады.
Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласында инфляция
үдерістерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен
ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралдарын
жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен
арттыру негізгі міндет болып табылады.
Сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі ақпараттық база
жетілдірілетін болады. Бұл ретте валюталық режімді ырықтандыру жөніндегі
одан арғы шаралар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды
лицензиялауды жоюды, сондай-ақ сыртқы сауда келісім-шарттарында белгіленген
мерзімге қарай валюталық түсімнің қайтарылуын талап етуді белгілеуді
көздейді.
Банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу жөніндегі жұмыс та жалғасады.
Валюталық тәуекелді бақылау мақсатында болашақта әрбір шетелдік валюта
бойынша банктердің ашық валюталық ұстанымының лимиттері төмендетіледі.
ЕО талаптарына сәйкес шетелдік банктердің тарапынан бәсекелестікті
дамыту үшін отандық рынокқа олардың кіруі туралы шешім қабылдау кезінде
бағалауы ескерілетін рейтинтік агенттіктердің тізбесі кеңейтілетін болады.
Жақын болашақта Қазақстан экономикасы отын-энергетика және өндіруші
секторлардың жұмысына тәуелді болмауға қол жеткізеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көрсеткеніндей, біз өндіруші салалармен
тікелей байланысты жоғары қосымша құны бар салаларды озық дамыту үшін осы
секторларды тиімді пайдалануға тиіспіз. Осы міндетті шешу үшін Үкімет
мынадай бағыттарда жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Жоғары сапалы өнімдерге деген ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету және
экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару үшін көмірсутегі шикізатын терең
өндіруді, сондай-ақ озық технологияларды енгізу негізінде ішкі және әлемдік
рынокқа шығару үшін металлургия саласында өндірісті дамыту көзделеді.
Экономиканың шикізатты емес салаларын көтеру және оларды қайта құрылымдау,
жер қойнауын пайдаланудың сервистік рыногын игеру қажет.
Жоғарыда аталған іс-шаралармен қатар, Батыс Қазақстан облысында мұнай-
газ мәшинелерін жасау кластерін құру жөніндегі жұмыс жандандырылатын
болады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін ескере отырып, елдің жаңа
ядролық-энергетикалық саласын қалыптастыру, экономиканың басқа салаларына
неғұрлым озық ядролық физика технологияларын енгізу мәселелерін іске
асыруда мынадай міндеттерді шешу қажет:
– арнайы зерттеу кешендерін және олардың негізінде халықаралық
зертханалар құру;
– жеке меншік капиталдың қатысуымен жаңа инновациялық қызмет
субъектілерін қалыптастыру арқылы зерттеулер нәтижелерін жылдам
коммерцияландыруды қамтамасыз ету;
– ядролық технологиялар мен өнеркәсіптің әлемдік рыногында орнықты
тауашаны жеңіп алу.
Оңтүстік Қазақстанның энергия тапшылығын жабу үшін 2006 жылы Мойнақ ГЭС-
ін салу басталатын болады. Батыс өңірде тапшылықты жабу үшін ағымдағы жылы
“Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы” өңіраралық электр беру желісін салу
жобасын іске асыруды бастау белгіленген.
Жабдықтар мен ақпараттық технологиялар сатып алуды қоса алғанда,
“КЕGОК” АҚ техникалық және ақпараттық қайта жарақтандыруды болжайтын
“Қазақстан ҰЭЖ-ді жаңғырту” жобасын іске асыру 2008 жылы аяқталады.
Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары
Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту Үкімет үшін басым міндеттердің бірі
болып табылады. Бұл бағытта өндірістің қажетті факторлары бар өңірлерде
базалық мұнай-химия өнімдерін – полиэтилен, полипропилен, стирол және
полистирол, этиленгликоль және бензол, метанол және басқа да өнімдер шығару
жөніндегі мұнай-химия өндірістерін құру көзделеді. Батыс Қазақстанда Теңіз,
Қашаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруы
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның бизнесін бағалау
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау
Кәсіпорынның төлемдер сомасы
КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Жасыл экономика парламентшілер мен сарапшылардың басты назарында
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Пәндер