21 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты



МАҚСАТЫ
1. Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты - шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.
2. Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу және айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде қалайша көрсету болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
3. Осы стандарт:
(а) шетелдік валюталармен операцияларды және қалдықтарды, 39 IAS «Қаржы құралдары – мойындау және бағалау» Халықаралық стандартын қолдану аясындағы туынды операциялар мен қалдықтардан басқаларын есепке алу кезінде;
(b) шетелдік қызметтің шоғырландыру, тепе-тең шоғырландыру немесе үлесті қатысуды есепке алу әдістерімен ұйымның қаржы есептілігіне енгізілген нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде;
және
(с) ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу кезінде қолданылуға тиіс (*).
____________
(*) Қараңыз: SIC-7 «Еуро енгізу» түсіндірмесі.
4. 39 IAS көптеген валюталық туынды құралдарға қолданылады, сондықтан ондай құралдар осы Стандарт қолданылатын саладан шығарып тасталады. Екінші жағынан, 39 IAS-стандарты қолданылатын саладан тыс валюталық туынды құралдар (мысалы, басқа контракттарға кіргізілген кейбір валюталық туынды құралдар) осы Стандарт әсерінің аясында болады. Сонымен қатар, осы Стандарт туынды құралдарға жататын сомаларды ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзінің ұсыну валютасына қайта есептейтін кезде қолданылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
21 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Валюталық бағам өзгерісінің әсері

Бұл нұсқа 2005 жылғы 15 желтоқсанда шығарылған Валюталық бағам
өзгерісінің әсері IAS 21 – Шетелдік бөлімшеге таза инвестицияларға
Түзетулерден туындайтын түзетулерді қамтиды.

21 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Валюталық бағам өзгерісінің әсері

Мақсаты
1. Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе
алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік
қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде
ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты
- шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы
есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну
валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.
2. Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу
және айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде
қалайша көрсету болып табылады.

Қолданылу саласы

3. Осы стандарт:
(а) шетелдік валюталармен операцияларды және
қалдықтарды, 39 IAS Қаржы құралдары – мойындау және бағалау
Халықаралық стандартын қолдану аясындағы туынды операциялар мен
қалдықтардан басқаларын есепке алу кезінде;
(b) шетелдік қызметтің шоғырландыру, тепе-тең
шоғырландыру немесе үлесті қатысуды есепке алу әдістерімен ұйымның
қаржы есептілігіне енгізілген нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін
қайта есептеу кезінде;
және
(с) ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну
валютасына қайта есептеу кезінде қолданылуға тиіс (*).
____________
(*) Қараңыз: SIC-7 Еуро енгізу түсіндірмесі.
4. 39 IAS көптеген валюталық туынды құралдарға қолданылады,
сондықтан ондай құралдар осы Стандарт қолданылатын саладан шығарып
тасталады. Екінші жағынан, 39 IAS-стандарты қолданылатын саладан тыс
валюталық туынды құралдар (мысалы, басқа контракттарға кіргізілген
кейбір валюталық туынды құралдар) осы Стандарт әсерінің аясында болады.
Сонымен қатар, осы Стандарт туынды құралдарға жататын сомаларды ұйым
өзінің қолданыстағы валютасынан өзінің ұсыну валютасына қайта
есептейтін кезде қолданылады.
5. Осы Стандарт баптарды шетелдік валютамен хеджирлеуді,
соның ішінде шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеуді есепке
алуға қолданылмайды. 39 IAS хеджирлеуді есепке алуға қолданылады.
6. Осы стандарт ұйым қаржы есептілігін шетелдік валютамен
берген кезде қолданылады және қаржы есептілігі түпкілікті түрінде
Халықаралық қаржы есетілігінің стандарттарына сәйкес келуін көздейтін
талаптар белгілейді. Қаржы ақпаратын шетелдік ваютаға, осы талаптарға
сай келмейтін қайта есептеулерге қатысты осы Стандартта қандай ақпарат
ашылуға тиіс екені көрсетілген.
7. Осы Стандарт ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте
шетелдік валютамен операциялар немесе шетелдік қызметтен ақша
қаражатының ағынын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын ақша
қаражатының ағынын көрсетуге қатысты емес (Қараңыз: 7-Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есептер IAS.

Анықтамалар
8. Осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерде мынадай терминдер
пайдаланылады:
Жабу бағамы – валюталардың баланс күнгі ағымдағы айырбас бағамы.
Бағам айырмашылығы – шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын
қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.
Валюта бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.
Әділ құн – жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-
біріне тәуелді емес тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті
айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.
Шетелдік валюта – ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.
Шетелдік қызмет - өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе
валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын
есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе
филиалы болып табылатын ұйым.
Қолданыстағы валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі
экономикалық ортада пайдаланылатын валюта. Топ – еншілес ұйымдары бар
бас ұйым.
Ақша баптары – қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта
бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі
міндеттемелер.
Шетелдік қызметке таза инвестициялар – осы қызметтің таза
активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.
Ұсыну валютасы - қаржы есептілігі берілетін валюта.
Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас
бағамы.

Анықтамаларды нақтылау
Қолданыстағы валюта
9. Ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық
орта, әдетте, ол өзінің ақша қаражатының негізгі бөлігін жинақтап,
жұмсайтын орта болып табылады. Өзінің қолданыстағы валютасын анықтау
кезінде ұйым мына факторларға көңіл бөледі:
(а) валютаға:
(і) тауарлар мен қызметтердің сату бағасына негізгі
әсер ететін валютаға (ондай валюта - тауарлар мен қызметтердің
сату бағасы көрсетілетін және солар бойынша есеп айырысатын
валюта);
және
(іі) бәсекелестік күштері мен бәсекелестік
ережелерін ұйым өндіретін тауарлар мен қызметтерге бағаны
негізінен айқындайтын ел валютасы.
(b) тауаурлар немесе қызметтер жеткізуге байланысты еңбек,
материал және басқа шығындарға негізгі ықпал ететін валютаға (ондай
валюта – көбінесе сондай шығындар көрсетілетін және өтелетін
валюта).
10. Төменде көрсетілген факторлар да ұйымның қолданыстағы
валютасының белгілері бола алады:
(а) ол қаржы қызметінің барысында жинақталатын қаражат
(яғни қарыз және үлес құралдарының эмиссиясы) білдірілетін валюта
болып табылады.
(b) ол ұйым операция қызметінен түсетін түсімдерді әдетте
өзінде қалдыратын валюта болып табылады.
11. Шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасын анықтау және
қолданыстағы валютаны есеп беруші ұйым пайдаланытын валютамен
теңдестіру кезінде көңіл бөлінетін тағы да бірқатар факторлар бар (бұл
контексте есеп беруші ұйым өзінің шетелдік қызметін еншілес ұйымы,
филиалы, қауымдасқан ұйым немесе бірлескен қызмет арқылы жүзеге
асыратын ұйым болып табылады):
(а) мұндай шетелдік қызмет есеп беруші ұйым қызметінің
жалғасы немесе едәуір дәрежеде дербес болып табылатын қызмет
ретінде жүзеге асырыла ма. Шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым
есеп беруші ұйымнан импорт бойынша алынатын тауарларды тек сататын
және түскен түсімді оған аударатын болса, ол бірінші жағдайдың
мысалы болып табылады. Шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым ақша
қаражаты мен басқа ақша баптарын жинақтайтын, шығын жұмсайтын,
табысты қордалайтын және көбінесе өзінің жергілікті валютасымен
қарыз алатын болса, ол екінші жағдайдың мысалы болып табылады.
(b) есеп беруші ұйыммен операциялардың өз қызметін
шетелдерде жүзеге асырушы ұйым қызметіндегі үлесі елеулі ме, әлде
елеусіз бе.
(с) шетелдік қызметтен келіп түсетін ақша қаражатының
ағыны есеп беруші ұйымның ақша ағынына тікелей әсер ете ме, және де
оны оның есебіне кідіріссіз аударуға бола ма.
(d) шетелдік қызметтен қордаланатын ақша қаражатының
ағыны орын алып отырған және, әдетте, күтілетін қарыз
міндеттемелеріне есеп беруші ұйым тарапынан ақша қаражаты
берілместен қызмет көрсетуге жеткілікті ме.
12. Жоғарыда аталған индикаторлар бірдей сипатта болмаса, ал
қолданыстағы валюта айқын болмаса, ұйым басшылығы, өз тәжірибесін
негізге ала отырып, негіз қалайтын операциялардың, оқиғалардың және
жағдайлардың экономикалық тиімділіктерін неғұрлым дәл білдіреді.
Осындай жағдай шеңберінде ұйым басшылығы 3-параграфта тұжырымдалған
негізгі индикаторларға басымдылық береді, ал 10 және 11-параграфтарда
көзделген, ұйымның қолданыстағы валютасы ретінде қандай валюта таңдап
алынуға тиіс екенінің қосымша жанама дәлелдерін қамтамасыз етуге тиісті
индикаторларды содан соң қарайды.
13. Ұйымның қолданыстағы валютасы өзіне қатысты негіз қалаушы
операцияларды, оқиғаларды және жағдайларды көрсетеді. Тиісінше,
белгіленгеннен кейін, қолданыстағы валюта, жоғарыда аталған
операцияларда, оқиғаларда және жағдайларда, өзгерістер болатыннан басқа
жағадайларда басқа валютаға ауыстыруға жатпайды.
14. Егер қолданыстағы валюта гиперинфляциялы экономика
жағдайларында пайдаланылатын валюта болса, ұйымның қаржы есептілігі 29-
Гиперинфляция жағадайларындағы қаржы есептілігі IAS Халықаралық
стандартына сәйкес қайта есептелуге тиіс. Ұйым, мысалы, осы Стандартқа
сәйкес белгіленуге тиістіден басқа валютаны (мысалы, өзінің бас
ұйымының қолданыстағы валютасын) өзінің қолданыстағы валютасы ретінде
қабылдай отырып, 29 IAS-Халықаралық стандартында көзделген қайта
есептеуден құтыла алмайды.

Шетелдік қызметке таза инвестиция

15. Ұйымда шетелдік қызметтен алынуға немесе оған төленуге тиісті ақша бабы
болуы мүмкін. Көз жетер болашақта өзі бойынша есеп айырысу көзделмейтін
бап, іс жүзінде, ұйымның сол шетелдік қызметке таза инвестициясының бір
бөлігі болып табылады және есепте 32 және 33-параграфтарға сәйкес
көрсетілуге тиіс. Мұндай ақша баптарына ұзақ мерзімді дебиторлық
берешек немесе қарыздар қосылуы мүмкін. Оларға негізгі қызметке
байланысты дебиторлық немесе кредиторлық берешектер қосылмайды.
15A 15-тармақта сипатталған шетелдік бөлімшеден алынуға немесе
оған төленуге тиіс монетарлық бабы бар ұйым топтың еншілес компаниясы
болуы мүмкін. Мысалы, ұйымның екі A және B еншілес компаниялары бар. В
еншілес компаниясы шетелдік бөлімше болып табылады. А еншілес
компаниясы В еншілес компаниясына қарыз береді. А еншілес компаниясы В
еншілес компаниясынан алатын қарыз, егер қарыз бойынша есеп
жоспарланбаса немесе таяу болашақта орын алмайтыны ықтимал болса, В
еншілес компаниясына ұйымның таза активтерінің бір бөлігі болар еді.
Бұл сондай-ақ, егер А еншілес компаниясының өзі шетелдік бөлімше болса,
рас болар еді.

Ақша баптары

16. Ақша бабының басты ерекшелігі – валюта бірлігінің нақты
немесе белгіленген мөлшерін алу құқығы (немесе беру жөніндегі
міндеттеме). Мұның мысалдары: қызметкерлерге қолма-қол ақшамен төленуге
тиісті зейнетақылар мен басқа да жәрдемақылар; ақшалай түрде өтелуге
тиісті міндеттемелер; міндеттеме ретінде мойындалған ақшалай
дивидендтер. Нақ осылайша, ұйымның үлесті өз құралдарының тіркелмеген
санын алуға (немесе беруге) контракт ақша бабы болып табылады, оның
ережелері бойынша алынуға (немесе берілуге) тиісті әділ құн валюта
бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін бірліктеріне теңеледі. Және,
керісінше, ақшалай емес баптың негізгі ерекше белгісі - валюта
бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін санын алу құқығының (немесе
беру жөніндегі міндеттеменің) жоқтығы. Мұның мысалы: тауарлар мен
қызметтерге алдын-ала ақы төлеу (мысалы, аванспен төленген жалгерлік
ақы); іскерлік бедел; материалдық емес активтер; босалқылар; негізгі
құралдар; сондай-ақ ақшалай емес актив беру жолымен реттеуге жататын
міндеттемелер.
ОСЫ СТАНДАРТТА ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ТӘСІЛДЕМЕНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
17. Қаржы есептілігін әзірлеу кезінде әрбір ұйым, мейлі ол
шетелдік қызметі бар ұйым (мысалы, бас ұйым) немесе шетелдік қызметті
жүзеге асырушы ұйым (мысалы, еншілес ұйым немесе филиал) болсын -
өзінің қолданыстағы валютасын 9-14-параграфтарға сәйкес белгілейді.
Ұйым баптарды шетелдік валютамен өзінің қолданыстағы валютасына қайта
есептейді және сондай қайта есептеу салдарын 20-37 және 50-
параграфтарға сәйкес қаржы есептілігінде көрсетеді.
18. Есеп беруші көптеген ұйымдар бірқатар жекелеген ұйымдардан
құралады (мысалы, бас ұйым мен бір немесе бірнеше еншілес ұйымдардан
құралған топ). Әр түрлі (соның ішінде топ құрамындағы) ұйымдарда
қауымдастырылған ұйымдарға немесе бірлескен қызметке инвестициялар
болуы мүмкін. Оларда сондай-ақ филиалдар болуы мүмкін. Есеп беруші ұйым
құрамындағы әрбір жеке ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерінің
сол есеп беруші ұйым өзінің қаржы есептілігін беретін валютасына қайта
есептелуі қажет. Осы Стандартқа сәйкес кез келген валютаны (немесе
валюталарды) есеп беруші ұйымның ұсыну валютасы ретінде пайдалануға
болады. Есеп беруші ұйым құрамындағы, қолданыстағы валютасы ұсыну
валютасынан өзгеше кез келген жеке ұйымның нәтижелері мен қаржы
көрсеткіштері 38-50-параграфтарға сәйкес қайта есептеуге жатады.
19. Сонымен қатар, осы Стандартқа сәйкес, қаржы есептілігін
әзірлейтін жеке ұйым немесе қаржы есептілігін 27-Шоғырландырылған және
жеке қаржы есептілігі IAS Халықаралық стандартына сәйкес әзірлейтін
ұйым ондай есептілікті кез келген валютада (немесе валюталарда) ұсынуға
құқылы. Егер ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше ұсыну
валютасын пайдаланатын болса, оның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері
де 38-50-параграфтарға сәйкес қайта есептеледі.

ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ВАЛЮТАМЕН КӨРСЕТУ

Бастапқы мойындау

20. Валютамен операция – шетелдік валютамен білдірілген немесе
сонымен есеп айырысуды қажет ететін операция, соның ішінде кәсіпорын:
(а) бағалары шетелдік валютамен көрсетілген тауарларды
немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;
(b) өтелетін немесе алынатын сома шетелдік валютамен
көрсетілген қаражатты қарызға беретін немесе қарызға алатын;
немесе
(c) активтерді әлдебір басқа жолмен сатып алатын не
сататын, немесе шетелдік валютамен көрсетілген міндеттемені өзіне
алатын немесе өтейтін кезде пайда болатын барлық операциялар.
21. Бастапқы мойындау кезінде қолданыстағы валютада шетелдік
валютамен жасалатын операция шетелдік валюта сомасына қолданыстағы
валюта мен шетелдік валюта арасындағы операция жасалған күнгі ағымдағы
валюта бағамын қолдану жолымен ескерілуге тиіс.
22. Операция жасалған күн – Халықаралық қаржы есептілігінің
стандартында көзделген мойындау өлшемдеріне сәйкестігі алғаш рет атап
көрсетілген күн. Операция жасалған күнгі нақты бағаммен шамалас айырбас
бағамы практикада жиі пайдаланылады, мысалы, бір апта немесе бір ай
ішінде орташа бағамды сол кезең ішінде шетелдік валюталармен жасалған
барлық операциялар үшін пайдалануға болады. Алайда, айырбастау бағамы
елеулі ауытқитын жағдайда, кезең ішіндегі орташа бағамды пайдалану
орынсыз болады.

Келесі есепті күндерге есептілік

23. Әрбір есепті күнде:
(а) шетелдік валютадағы ақша баптары жабу бағамын
пайдалана қайта есептелуге тиіс;
(b) тарихи құн бойынша ескерілген шетелдік валютадағы
ақшалай емес баптар операциялар жасалған күнгі айырбастау бағамымен
қайта есептелуге тиіс;
(с) әділ құн бойынша бағаланған шетелдік валютадағы
ақшалай емес баптар әділ құн анықталған күні қолданылған айырбастау
бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.
24. Баптың баланс құны қолданылатын басқа Стандарттар
ережелерін ескере анықталады. Мысалы, негізгі құралдарды 16-Негізгі
құралдар IAS Халықаралық стандартына сәйкес әділ құн бойынша немесе
тарихи құн бойынша бағалауға болады. Баланс құнының тарихи құн
негізінде немесе әділ құн негізінде анықталатынына қарамастан, егер ол
құн шетелдік валютамен анықталған болса, ол кейін осы Стандартқа сәйкес
қолданыстағы валютаға қайта есептелуге тиіс.
25. Кейбір баптардың баланс құны екі немесе одан көп шамаларды
салыстыру жолымен анықталады. Мысалы, қорлардың баланс құны 2-
Босалқылар IAS Халықаралық стандартына сәйкес өзіндік құнның және
сатудың ықтимал таза құнының ең төмен шамасы болып табылады. Нақ
осылайша, 36-Активтердің құнсыздануы IAS Халықаралық стандартына
сәйкес, құнсыздану белгілері анықталған активтің баланс құны
құнсызданудан келетін ықтимал залалдар және оның өтелетін сомасы есепке
алынғанға дейін оның баланс құнының ең төмен шамасы болып табылады.
Мұндай актив ақшалай емес актив болып табылатын және шетелдік валютада
құнсызданатын кезде оның баланс құны:
(а) өзіндік құнды, не сол шама анықталған күнгі айырбастау
бағамы бойынша (яғни тарихи құн бойынша бағаланған баппен операция
жасалған күнгі бағам бойынша) қайта есептелген баланс құнын;
және
(b) сатудың ықтимал таза құнын, не осы шама анықталған
күнгі айырбастау бағамы бойынша (мысалы, есепті күнгі жабу бағамы
бойынша) қайта есептелген өтелетін соманы салыстыру жолымен
анықталады.
Мұндай салыстыру нәтижесі мынадай болуы мүмкін: құнсызданудан
келетін залал қолданыстағы валютада мойындалады, бірақ шетелдік
валютада мойындалмайды, немесе керісінше.
26. Бірнеше айырбастау бағамдары бар болған кезде осы
операцияның ақша ағындары бойынша есеп айырысулар жүзеге асыруға
болатын бағам немесе, егер сол ақша ағыны бағалау күнінде пайда болса,
шот бойынша сальдо пайдаланылады. Егер екі валюта арасында айырбастау
мүмкіндігі уақытша жоқ болса, айырбастау бағамы ретінде айырбастауды
жүзеге асыруға болатын кейінгі алғашқы бағам пайдаланылады.
Бағам айырмашылықтарын мойындау
27. 3-параграфта атап көрсетілгеніндей, 39 IAS-Халықаралық
стандарты шетелдік валюталардағы баптарды хеджирлеудің есепке алынуына
қолданылады. Хеджирлеудің есепке алынуын қолдану кейбір бағам
айырмашылықтарын есепке алуды ұйымның осы Стандарт талаптарына сәйкес
бағам айырмашылықтарын ескеруден басқаша есепке алуын талап етеді.
Мәселен, 39 IAS ақша ағындарын хеджирлеудің құралы бола алатын ақшалай
емес баптар бойынша баға айырмашылықтарының бастапқыда капиталда,
хеджирлеу тиімді болатын жағдайда көрсетілуін талап етеді.
28. Ақша баптары бойынша есеп айырысу кезінде немесе ақша
баптарын есепті кезең ішінде немесе бұрынғы қаржы есептілігінде
бастапқы мойындау кезінде қайта есептелген бағамдардан өзгеше бағамдар
бойынша қайта есептеу кезінде пайда болатын бағам айырмашылықтары
пайдада немесе залалда олар пайда болатын кезеңде, 32-параграфта
сипатталғаннан басқа жағдайларда, мойындалуға тиіс.
29. Ақша баптары шетелдік валютамен операциялар кезінде пайда
болатын және операция жасалған күн мен есеп айырысу күні арасындағы
кезеңде айырбастау бағамында өзгеріс болатын кезде бағам айырмашылығы
пайда болады. Операция мен ол бойынша есеп бір есепке алу кезеңінде
жүзеге асырылатын болса, бағам айырмашылығы сол кезеңде мойындалады.
Алайда, операциялар бойынша есеп айырысу оны жүзеге асыру кезеңінен
кейінгі кезеңде жүзеге асырылатын болса, әрбір аралық кезеңде есептесу
кезеңіне дейін мойындалатын бағам айырмашылығы айырбастау бағамдарының
өзгеруімен анықталады.
30. Ақшалай емес бап бойынша пайда немесе залал тікелей
капиталда мойындалған кезде ондай пайданың немесе ондай залалдың кез
келген валюталық құрамдас бөлік тікелей капиталда мойындалуға тиіс.
Және, керісінше, ақшалай емес бап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
8 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
10 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Қарыздар бойынша шығындар
Активтерге жататын субсидиялар туралы ақпарат беру
7 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
18 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Пәндер