Гүл және жеміс



1 Кіріспе
Гүлдің құрылысы, қызметі және шығу тегі
1 бөлім
А) Гүл бөліктерінің орналасуы
Ә) Гүл серігі
Гүлдің құрылысы, қызметі және шығц тегі
Жабық тұқымды өсімдік өсімдіктер әлемінің өте күрделі құрылысты өкілі. Ол эволюциялық даму барысында тіршілікке бейімделудің әбден кемеліне жетіп, құрылымдық жағынан болсын және физиологиялық жағынан болсын сан алуан икемділігін бастарынан өткізген тіршілік иесі. Соның нәтижесінде мұндай өсімдіктерде гүл, жеміс сияқты мүшелер пайда болып, жер шарына өте кең таралған.
Гүл — жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен. Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл зволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүлде жеміс жапырақшаларының (мегаспорофиллдердің) жиегі кірігіп тұқым бүрлері орналасатын тұйық қуыс — жатын ұясы бар. Стробилде тұқым бүрлері жеміс жапырақшаларында ашық жатады. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мен мегаспорофилддер (жеміс жапырақшалары) бірдей. Ал ашық тұқымдылардың стробидцері дара жынысты. Гүлде гүл қоршауы болса, стробилде ол жоқ.
Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пайда болады, сөйгіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайдаі да, өсімдіктің жынысты жолымен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс процесі өтеді.
Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.
Гүлдің негізгі бөліктеріне — гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады.
Гүл шығатын буыңға орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл әдетте біреу ғана, ал кейде бірнешеу болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану жағрафия факультеті
Ботаника және зоология кафедрасы

Тақырыбы: Гүл және жеміс
(реферат)

Орындаған: Оразбаева
Айнагүл
Тексерген: Мусаев
Қуандық

Алматы 2007
Жоспары:
1 Кіріспе
Гүлдің құрылысы, қызметі және шығу тегі
1 бөлім
А) Гүл бөліктерінің орналасуы
Ә) Гүл серігі
ГҮЛ ЖӘНЕ ЖЕМІС
Гүлдің құрылысы, қызметі және шығц тегі
Жабық тұқымды өсімдік өсімдіктер әлемінің өте күрделі құрылысты өкілі.
Ол эволюциялық даму барысында тіршілікке бейімделудің әбден кемеліне жетіп,
құрылымдық жағынан болсын және физиологиялық жағынан болсын сан алуан
икемділігін бастарынан өткізген тіршілік иесі. Соның нәтижесінде мұндай
өсімдіктерде гүл, жеміс сияқты мүшелер пайда болып, жер шарына өте кең
таралған.
Гүл — жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі
өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен.
Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл зволюция
барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүлде
жеміс жапырақшаларының (мегаспорофиллдердің) жиегі кірігіп тұқым бүрлері
орналасатын тұйық қуыс — жатын ұясы бар. Стробилде тұқым бүрлері жеміс
жапырақшаларында ашық жатады. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мен
мегаспорофилддер (жеміс жапырақшалары) бірдей. Ал ашық тұқымдылардың
стробидцері дара жынысты. Гүлде гүл қоршауы болса, стробилде ол жоқ.
Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пайда болады,
сөйгіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайдаі да, өсімдіктің жынысты
жолымен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс
процесі өтеді.
Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға
айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден
пайда болады.
Гүлдің негізгі бөліктеріне — гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл
сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері
жатады.
Гүл шығатын буыңға орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып
тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл әдетте
біреу ғана, ал кейде бірнешеу болады.

Гүлдің құрылысы мен диаграммасы
1— гүлдің өсі — сабақ; 2 — гүл жапырақшалары; 3 — тостағанша жапырақшалары;
4 — күлге жапырақшалары; 5- аталық; 6 — аналық; 7 — гүл жапырақ (жабын
жапырақ)
Өркен бүйіріндегі гүлдің жабын жапыраққа, яғни сыртқа қараған бетін —
алдыңғы (астынғы, абаксиалдық) жағы, ал керісінше оның ішінде яғни өркен
сабағына қараған бетін артқы (үстіңгі, адаксиалдық) жағы дейді.
Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың үшы гүл кіндігі немесе
гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және
дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі
сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары — сағақты гүл, сағағы
жоқтары — сагақсыз немесе қондырмалы гүл.
Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара
жарнақтыларда), кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ жапырақшалар
орналасады; олар гул жапырақша деп аталады. Бұл өсімдіктердің осы екі
тобының негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып есептеледі.
Өсімдік гүлінің құрылысын симметрия тұрғысынан алғанда әр түрлі.
Симметрия — гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып, бойлата тартылған
сызықтық екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы.
Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ
ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық
Гүл бөліктерінің орналасуы. Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері
шеңберленіп орналасады. Әсіресе кең тарағаңдары 4—5 шеңбер құратындар.
Бұларды пентациклй (грекше пента —бес.) және тетрациклді (грекше тетра
— төрт) гүлдер деп атайды. Пенгацикдді гүлдер лалагүлділер, амариллис,
қалампыр, қазтамақ тұқымдастарына тән; ал тетрациклді гүлдер жыланқияқтар,
орхидейлер, қаражемістер, бересклеттер, сабынкөктер, ерінгүлділер,
тұқымдастарына тән. Әр шеңберінде гүл бөліктерінің саны әр түрлі болуы
мүмкін. Дара жарнақтыларда үш бөліктен, ал қос жарнақтыларда бес бөліктен,
сирек төрт бөліктен (крестгүлділерде, көкнәр тұқымдасында) тұратын гүлдер
кездеседі. Мысалы, қөп аналықтыларда (мангаолия, сарғалдақтар) гүл
бөліктері серіппе тәрізді орналасады. Мұндай жағдайда, әдетте, гүл
серіктерінің жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді.
Осыған байланысты серіппе тәрізді (ациклді), және циклді, гемициклді гүлдер
деп ажыратады. Соңғысыңда гүл серіктері циклді, аталықтары мен аналықтары
серіппе тәрізді орналасады (сарғалдақ) немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүл бөліктерінің орналасуы
Жеміс. оларға сипаттама
Ботаника емтихан билеттері
Тамыр және тамыр жүйесі
Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу
Гүл
Аталықтың, аналықтың құрлысы. Гүл шоғыры. Тозаңдану
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану жайында
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
Пәндер