Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің балансының тұрақтандырудағы мәселелер және даму болашағы



Нарықтық қатынастар жағдайында банктер қызметімен оның дамуы негізінен өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншік капиталы есебінен жүзеге асады. Мұндай жағдайда сыртқы қарыз көздеріне деген қаржылық тәуекелсіздік аса маңызды мәнге ие болады, бірақ сыртқы қарыз көздерінің көмегісіз жол табу мүмкін емес.
Қаржылық тұрақтылық немесе банктердің қаржы нарығында орнықтылығы – бұл табыстардың шығындардан асу тұрақтылығы, оларды жүзеге асыру тиімділігі жолымен банктің ақша қаражаттарын еркін қолдану.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар белгіленген мерзіміне қара басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер болып бөлінеді.
Тартылған ресурстарды банк тиімді орналастыруға тырысады және банк балансында осы жағдайлар екі топқа бөлініп көрсетіледі.
Банктің активтері мен пассивтерін басқару, оларға талдау жүргізу және қаржылық жағдайды бағалауда тиісті табыс табумен қатар, банктің өтемпаздық дәрежесін қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз етуі керек.
Өтемпаздық дәрежесіне қарай банктің барлық активтерін 3 топқа бөлеміз:
1. Дереу дайындылықтағы өтімді қаржы, немесе бірінші сыныпты өтімді қаржылар. Мұның қатарына кассадағы қолма-қол ақша, корреспонденттік шоттағы қаржы, бірінші сыныпты вексельдер және мемлекеттің құнды қағаздары.
2. Банктің қарауындағы оңай ақшаға айнала алатын өтімді қаржылар. Бұған таяудағы 30 күннің ішінде орындалатын, банкіге берешек несиелер мен басқа да төлемдері, шартты өткізілетін құнды қағаздар және басқа да құндылықтар кіреді.
3. Өтімсіз активтер. Бұлар уақытында қайтарылмаған несиелер, үмітсіз қарыздар, банктің негізгі қорына қосылатын ғимараттар мен құрылыстар.
Пассивті операцияларды басқару кең мағынада банктің салымшыларының және басқа да кредиторларының қаражаттарын тарту мен байланыстыру қызметін түсіндіреді. Ал тар мағынада – бұл банктің өтемпаздығын ұстап отыру мен нарықтағы несиелік ресурстарды мобилизациялауға бағытталған қызмет [19, 287 бет].
Барлық банктің кредиттік операциялары екі шағын топқа бөлінеді: активтік және пассивтік операциялар.
Банктік пассивтік операциялар деп несиелік мекемелер несиелік операцияларды жүргізу үшін өз ресурстарын қалыптастыратын операцияларды айтады. Осылайша пассивтік операцияларда банк өзі клиенттерден және басқа банктерден ақша тарта отырып, заемшы ретінде болады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
3. Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің балансының
тұрақтандырудағы мәселелер және даму болашағы

3.1 Банк балансыңдағы пассивтерін талдау мен басқарудағы негізгі
мәселелері
Нарықтық қатынастар жағдайында банктер қызметімен оның дамуы негізінен
өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншік капиталы есебінен жүзеге асады. Мұндай
жағдайда сыртқы қарыз көздеріне деген қаржылық тәуекелсіздік аса маңызды
мәнге ие болады, бірақ сыртқы қарыз көздерінің көмегісіз жол табу мүмкін
емес.
Қаржылық тұрақтылық немесе банктердің қаржы нарығында орнықтылығы –
бұл табыстардың шығындардан асу тұрақтылығы, оларды жүзеге асыру тиімділігі
жолымен банктің ақша қаражаттарын еркін қолдану.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың
және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар
белгіленген мерзіміне қара басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер
болып бөлінеді.
Тартылған ресурстарды банк тиімді орналастыруға тырысады және банк
балансында осы жағдайлар екі топқа бөлініп көрсетіледі.
Банктің активтері мен пассивтерін басқару, оларға талдау жүргізу және
қаржылық жағдайды бағалауда тиісті табыс табумен қатар, банктің өтемпаздық
дәрежесін қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз етуі керек.
Өтемпаздық дәрежесіне қарай банктің барлық активтерін 3 топқа бөлеміз:
1. Дереу дайындылықтағы өтімді қаржы, немесе бірінші сыныпты өтімді
қаржылар. Мұның қатарына кассадағы қолма-қол ақша, корреспонденттік
шоттағы қаржы, бірінші сыныпты вексельдер және мемлекеттің құнды
қағаздары.
2. Банктің қарауындағы оңай ақшаға айнала алатын өтімді қаржылар. Бұған
таяудағы 30 күннің ішінде орындалатын, банкіге берешек несиелер мен
басқа да төлемдері, шартты өткізілетін құнды қағаздар және басқа да
құндылықтар кіреді.
3. Өтімсіз активтер. Бұлар уақытында қайтарылмаған несиелер, үмітсіз
қарыздар, банктің негізгі қорына қосылатын ғимараттар мен құрылыстар.
Пассивті операцияларды басқару кең мағынада банктің салымшыларының
және басқа да кредиторларының қаражаттарын тарту мен байланыстыру қызметін
түсіндіреді. Ал тар мағынада – бұл банктің өтемпаздығын ұстап отыру мен
нарықтағы несиелік ресурстарды мобилизациялауға бағытталған қызмет [19, 287
бет].
Барлық банктің кредиттік операциялары екі шағын топқа бөлінеді:
активтік және пассивтік операциялар.
Банктік пассивтік операциялар деп несиелік мекемелер несиелік
операцияларды жүргізу үшін өз ресурстарын қалыптастыратын операцияларды
айтады. Осылайша пассивтік операцияларда банк өзі клиенттерден және басқа
банктерден ақша тарта отырып, заемшы ретінде болады.
Банк тарапынан кредиттік қаражатқа қол сұғушылықтың кеңінен тараған
тәсілі алаяқтық жасау, бухгалтерлер мен басқа тұлғалардың қаражатты
иемденуі арқылы талан-тараж болып табылады.
Қылмыстың осы түрі депозиттік операцияларды жүргізу, бірінші кезекте
халықтың ақша салымдарын қабылдау барысында жиі жасалады. Осы қылмыстарды
негізінен бухгалтер қызметкерлер өздері немесе филиалдардың, бөлімшелердің
басшыларымен ымыраласу бойынша жасайды. Сенім тапсырылған қаражатты
кредиттеудің түрі деген желеумен талан-тараж салған банк қызметкерлерінің
іс-әрекеттері практикада үнемі дұрыс бағалана бермейді.
Халықтың ақша салымын қабылдау және сақтау барысында сеніп тапсырылған
мүлікті иеленіп алу мынадай тәсілдермен жасалады:
- салымшының жинақ банкіндегі өз шотына салған ақша сомасын касса
бойынша кіріске алмау және осы соманы кейіннен өз пайдасына алу
арқылы;
- басқа банкте ойдан шығарылған салымшының атына шот ашылады және осы
шотқа кәсіпорындар мен ұйымдар жалақы, зейнетақы және т.с. беру
үшін қолма-қол емес тәсілмен аударылған ақша қаражатын аударады;
- шығыс ордерлері қолдан жасалды, салымшылардың атынан толтырылады
және кейіннен ақша жинақ банкінің кассасынан алынады;
- қайтыс болған немесе осы жерден кеткен салымшылардың касса
құжаттары қолдан жасалады (жинақ кітапшасының жоғалуы және олар
бойынша салымдар беру туралы, салымдарды аудару туралы өтініші);
- ақша сомасы шотты жабу арқылы алынады;
- кіріс және шығыс операциялары бойынша жиынтық деректерді қолдан
жасау және түзету есебінен ақша сомаларын иеленіп кетеді;
- ақша сомаларын жинақ сертификаттарын кіріске алмау арқылы иеленіп
кетеді, төленген сертификаттар алынады және қайтадан төленеді.
Қылмыс жасаудың көрсетілген тәсілдері әдетте, ресми құжаттардағы
жалған құжат жасауды болжайды. Осындай жалған құжат негізінен салымшылардың
ордерлер мен жеке шоттардың карточкаларындағы қолдарын жалған жасай отырып
шығыс ордерлерін өз қолынан жасауарқылы, салымшылардың жинақ кітапшаларының
кіріс ордерлеріне және кіріс ордерлерінің түбікшектеріне жалған мәліметтер
енгізу арқылы, жинақ кітапшаларының кіріс ордерлеріндегі және кіріс
ордерлерінің түбікшектеріндегі күндерді түзету арқылы, жинақ кітапшаларының
жоғалуы және олар бойынша салымдар беру туралы жалған өтініштер жасау
арқылы жасалады [20, 84 бет].
Бірінші негізгі мәселе болып банктік пассивтік операциялар жүргізу
барысында жасайтын құқық бұзушылықтардың тағы бір түрі азаматтардан банктік
емес кредит-қаржылық мекемелер алған ақша қаражатын қайтармау болып
табылады.
Бастапқы уақытта практикада өте көп сұрақтар туындады, мысалы: осындай
іс-әрекетте қылмыстың белгісі бар ма және атап айтқанда қылмыстық қандай
құрамының, қылмыстық құбылысты шығынды өтеуді реттейтін азаматтық-құқықтық
нормалардан қалай ажыратуға болады, қылмыс қандай сәттен бастап аяқталған
болып саналады және т.с.
Мәселенің бүкіл күрделілігін қаскүнемдердің өз кәсіпорын нақты
тіркеуден өткізгеннен, жалған жасаған құжаттарды ұсынбағанынан, осындай
қызмет түріне рұқсат етілетін лицензияның болуынан, яғни өте заңды
негіздерде іс-әркект жасағанынан және қолда бар құжаттардың кінәлілардың
алаяқтық ниеті туралы растауы мүмкін емес екенінен тұрады.
Екінші мәселе болып өзінің заңсыз қызметін жабу үшін олар жалған
жарнаманы пайдаланады, салымдар бойынша айтарлықтай пайыздарға уәде береді,
шаруашылық қызметін жүзеге асырудың көрінісін жасайды. Олардың іс-
әрекетінің заңдылығының жалған көрінісі оларға қылмыстық іс-әрекеттің
ашылмауына көмектесті, себебі бұл алынған қаражатты қылмыстық жолмен
иеленіп алу туралы емес іс жүргізуден хабарлар емес екені туралы растайды.
Алданған салымшылар “белгіленген нормадан” асып кеткеннен кейін,
зардап шеккендердің өкілдері шығынды өтеу туралы нормаларды пайдалана
отырып, кінәлыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту үшін
қалыптасқан жағдайдан шығуға әрекет жасады. Дегенмен осы нормалар, егер
банктік емес кредит-қаржы мекемелерінің басшылары салымдарды қабылдау
кезінде пайда алу және өздерінің міндеттемелерін орындау мақсатында осы
қаражаттарды орналастырудың нақты жоспары болған, қаражатты орналастыру
бойынша нақты іс-әрекеттерді жүзеге асырған, бірақ мұны оларға байланысты
емес себептер бойынша толық көлемде жасай алмаған жағдайда ғана
қолданылады. Сонымен бірге жауапкердің өкілдері коммерциялық тәуекелге жиі
сілтеме жасай бастады, себебі тергеу органдары осы жол бойынша өте жиі
жұмыс жүргізді, бұл егер азамат бұрын алған кредитті қайтармаса, онда оны
коммерциялық тәуекел жағдайында әрекет жасаушы ретінде таниды және тиісінше
қылмыстық жауапкершілікке тартпайды.
Құқықтық әдебиетте егер тұлға кредит алу сәтінде мүмкіндігіне қарай
міндеттемелерін орындауға ниетті болса, онда алаяқтық жоқ деген тұжырымды
жиі кездестіруге болады, бұл ретте тұлғаның міндеттемені орындайтынына
сенімді болуы талап етілмейді, себебі мәмілені жасай отырып оның
қатысушылары қандай да бір дәрежеде тәуекелге барады.
Дегенмен, тәуекелдің ауырпалығын борышкер өз кредиторына жүктей
алмайды. Кредитор үшін тәуекел ең төменгі болуы тиіс, себебі заңнамада
міндеттемелерді қамтамасыз етудің түрлі тәсілдері көзделген [21].
Бүкіл мәселе алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке кінәлы
адам қылмыс салдарының басталу мүмкіндігін немесе одан құтыла алмайтынын
алдын ала білуі және осы қалауы тиіс. Тәжірибеде банктік емес кредит-қаржы
мекемелері қызметкерлерінің өз салымшыларына мүліктік шығын келтіруді қалап
тұрғандығы фактісін дәлелдеу өте қиын, яғни бұл да мәселенің бір түрі.
Осы проблеманы шешуге біз үшін, егер кінәлы адам нақты емес тікелей
оймен іс-әрекет жасады, яғни бірдей шамада олардың кез келген көзделген
салдарының басталғанын қалап тұрды деу шартымен болады.
“Қаржы пирамидаларын” жасаушылардың өз іс-әрекеттерін әдетте, окиғаның
дамуының әр түрлі нұсқаларын болжай отырып жасағанын атап өту қажет
(сонымен қатар, пайда түсудің пайдалану мүмкіндігіне күмән туғызбайтын
нақты көзі оларда болған жоқ және күтілген жоқ). Іс-әрекеттердің өздері
жасай отырып, олар ықтимал салдарлардың әрқайсын қалаған жоқ. Себебі
мүліктік шығын келтіру тікелей белгіленген оймен талан-тараж жасау салдары
болып табылады.
Субъективтік жағы бар алаяқтық үнемі тікелей оймен ғана сипатталды,
осыған байланысты әзірше банктік емес кредит-қаржы мекемелерінің жауапсыз
қызметкерлерімен күресудің бір ғана тәсілі бар. Осы санатты зерттеу
барысында кредит-қаржы мекемелерінің өз міндеттемелерін нақты орындауын
белгілеу қажет. Бұл үшін алынған қаражаттың қалай пайдаланылғанын және уәде
берілген пайыздардың ненің есебінен берілгенін анықтау талап етіледі.
Бүгінгі күні, бұрын болмаған, біздің экономикамыздың дамуы банк
басшыларына банк қызметін ұйымдастырудың және басқарудың жаңа нысандарын
ендіруге байланысты проблемаларды дербес шешуге мүмкіндік береді, бұл
түпкілікті нәтижесінде меншікті капиталды қалыптастыруға әсер етеді.
Жарғылық капиталды қалыптастыру құрылымындағы ерекше орынды резервтік
капитал алады. Ол шаруашылық қызметтен болған шығындардың және табиғат
апаттарының нәтижесінде пайда болған көздемеген шығындардың орын жабуға
арналған. Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің резервтік қорға салым мөлшерінің
кемінде 8 % аудару жөнінде талаптар бар [22].
Қарапайым есептеулерге сәйкес осындай практика кредиттік ставкаларды
салымдар бойынша ставкалармен салыстырғанда шамамен 8 % ұлғайтуға әкеп
соғады. (Қаражатты балама жолмен резервтеген жағдайда біршама артық).
Көрсетілген айырмаға банктің тиісті шығыстары және қажетті рентабельділік
кірмейді. Сондықтан қолданылып жүрген нормативтер банктердің белсенділігін
тежейді, себебі олардың қызметін әлуетті инвесторлар үшін аз тартымды
жасайды. Салыстыру үшін, Германияда банктердің осындай салымдар бойынша
ақша аударымдарының 2-5 % құрайтынын, ал Францияда осындай нормативтік ақша
аударулардың мүлдем жоқ екенін атап өту қажет.
Баланстың өтімділігі бұзылған кезде пайдаланылатын банктің өзара көмек
қорын құруға болады. Осындай қорға жарна қандай да болмасын банктің барлық
активінің белгілі бір бөлігі тең болады (мысалы, 1%). Резервтік
аударымдардың төмендеуі қатар жүруі немсе осы тәсілді жою немесе екі
нұсқаның өзара конвертациямен бір мезгілде болуы мүмкін. Қазақстанда
резервтеу нормасы депозиттің түріне қатысты болмайды, бұл тек мерзімді
депозиттерді тартудың тиімділігі төмендейді. Қазақстанда резервтеу
механизмі жетілдірілетін болады, сондықтан тұрып қалған банк жүйелерінің
тәжірибесі жеткілікті түрде қызықты.
Ақша-саясат тұрғыдан алғанда ең төменгі резервтер екі функцияны
атқарады. Бір жағынан алғанда, олар Ұлттық Банкке банктік өтімділікті ұзақ
мерзімді басқару шеңберінде резервтік ставканы өзгерту арқылы орталық
банктің ұзақ мерзімді ақша құру мөлшерін түзетуді немесе банк пайдаланбаған
қайта қаржыландыру лимиттерінің көлемін түзетуді жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Ең төменгі резервтердің ставкаларын өзгерту нәтижесінде банктердің
орталық банктердегі салымдары тікелей байланыстырылатындықтан немесе
босатылғандықтан, ең төменгі резервтер саясатының көмегімен валюта
қозғалысы сияқты өтімділіктің айтарлықтай келуі немесе кетуі байланысты
болатын операциялар да ішінара немесе толық өтелуі мүмкін [23].
Басқа жағынан алғанда, ең төменгі резервтер осы резервтік ставкалар
болған кезде шамасы резервтерді құру үшін міндетті міндеттемеледің өсуіне
қатысты болатын орталық банктердің ақшаға қажеттілігін жасайды.
Сонымен, олар орталық банктің ақшаға деген жеткілікті тұрақты
сұранысына алып келеді.
Өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жазылған
аспектілерімен қатар ең төменгі резервтер сондай-ақ пайыздық деңгеәге әсер
етеді. Ең төменгі резервтердің салымдары нарықтық ставкаларға сәйкес
келмегендіктен резервтік ставкалардың әрбір ұлғаюы бірінші кезекте
банктердің рентабелділіктерін азайтады. Сондықтан кредиттік институттар осы
жүктемені өз клиенттеріне ауыстыру тиіс. Осы жүктемені банктер салымдар
бойынша неғұрлым төмен пайыздар нысанындағы салымдары бар мәмілелерге қайта
салу бәсекелестік әсерінен заемшыларға жүктемені ауыстыруға қарағанда
біршама қиынырақ болуымен пайда болған мәселеге әкеп соқтырады.
Тәуекелдікті басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын
зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға,
ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала
негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет
қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк
қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік
нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Қатерлерді басқару мәселесі банк қызметін ұйымдастырумен,
жауапкершілік жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан
ынталандырумен тығыз байланысты. Сонымен бірге қаржылық тәуекелдер пайда
болады, оларға жататындар: пайыздық, табыстың төмендеуі, өтімділік
тәуекелі, инфляциялық, несиелік тәуекел, қаржылық жоғалтудағы тікелей
тәуекел тағы басқа түрлері.
Пайыздық тәуекелге тоқталсақ, онда ол пассивтерге өте маңызды
әсерін тигізеді. Мысалы пайыздың нарықтық мөлшерінің өсуі бағалы
қағаздардың курстық құнын төмендетеді. Бұл мәселеде табыстылық деңгейі
төмендет инвестор өзінің капиталының төмендеуіне көзі жетеді.
Қорыта келе банк секторында қаржылық басқарудағы мәселелер бойынша
айтсақ, онда негізгісі болып отандық банктердің жоғары деңгейдегі
доллармен белгіленген өтімділік көрсеткіші пайда болды.
Банктердің резерв мөлшерінің жоғары болғандығы 2009 жылдың екінші
жартысында Ұлттық Банкте актуалды сұрақ ретінде туындады.
Тағы да бір күрделі мәселелердің бірі бұл ссудалық қарыздардың
қайтарымдылығы.
Осылайша, коммерциялық кредит-қаржы мекемелерінің салымдар жөніндегі
міндеттемелерін орындамауына қатысты істерді зерттеу барысында соттар
бірінші кезекте есебінен салымдар бойынша пайыздар берілген, алынған
қаражаттар қалай пайдаланылғанын осындай мекемелердің басшыларының алынған
қаражаттарды пайда алу және салымдар бойынша одан әрі міндеттемелерді
орындау мақсатында орналастыруға мүмкіндігі болғанын не болмағанын және
олады орналастырғанын не орналастырмағанын, алынған салымдар есепке
алынғаны не алынбағанын, пайда алу мақсатында өндіріске салынғанын не
салынбағанын, кредит-қаржы мекемелер басшыларының алынған қаражатты
пайыздармен қайтаруға нақты ниеті болғанын не болмағаны анықтауы қажет.
Қойылған сұрақтарға алынған жауаптар негізінде әңгіме алаяқтық туралы не
азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы болуы мүмкін.
Банктің ұйымдастырылған құрылымында оперативті және штабтық
функциялар тарату қызметін атқарады.Бірнешесіне жататындар мынадай
функциялар: міндетті түрде банк алдына қойылған тапсырмаларды орындау. Олар
мынадай қызмет түрлері - несие, инвестициялау, сенімді операциялар,
халықаралық есептерді қамтамасыз ету, сонымен қатар салымдарды қабылдау
және қызмет көрсету [24, 67 бет].
Екінші функция - (штабты персонал) орындаушыларды дайындауға
жататындар (бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау, жұмысқа
қабылдау және қызметкерлердің біліктілігін көтеру, маркетинг, бақылау,
әдістемелік жұмыс, құрылысты жобалау және жөндеу).
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы –
пруденциялдық нормативтер. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі басқармасының қаулысына сәйкес оларға мыналар жатады:
1- жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
2- меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффиценті;
3- бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4- өтімділік коэффиценті;
5- ашық валюталық позиция лимиті;
6- банктің негізгі құрал-жабдықтардағы инвестициясының барынша жоғары
мөлшерінің коэффициенті және басқа қаржылық емес активтер [25].
Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін қаржы рыногын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның
Басқармасы белгілейді. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай
сатып алулар уәкілетті орган белгілеген кез-келген пруденциялдық
нормативтер мен басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға
алып келмейтін талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкін.
Меншікті капиталдың жеткiлiктiлiк коэффицентi
Меншікті капитал бірінші және екінші деңгейдегі капитал сомасы (екінші
деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшермен
енгізіледі) ретінде және банк инвестициясын шегергендегі үшінші деңгейдегі
капитал (үшінші деңгейдегі капитал рыноктық тәуекелді жабуға арналған
бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу процентінен аспайтын
мөлшермен енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
Банк инвестициясы банктің заңды тұлға акциясына салымын (жарғы
капиталындағы қатысу үлесі), сондай-ақ жиынтық мөлшері банктің меншікті
капиталының он процентінен асатын заңды тұлғаның реттелген борышын
білдіреді. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:
сатып алынған меншікті акцияларды шегергендегі төленген жарғы
капиталы, қосымша капитал, өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның
ішінде өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар,
резервтер).
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай екі коэффициентпен
сипатталады:
- бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі
капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестициясын шегергендегі және
екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне
енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші
деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған банк инвестициясының сомасына
кемітілген банк активтерінің мөлшеріне және екінші деңгейдегі капиталдың
меншікті капитал бөлігіндегі есебіне (k1) енгізілген бірінші деңгейдегі
капиталдың қатынасы.
Банктің меншікті капиталының K1 жеткіліктілік коэффициентінің мәні
0,06-тен кем болмауы тиіс. Қатысушысы банктік холдинг болып табылатын банк
үшін банктің меншікті капиталының K1 жеткіліктілік коэффициентінің мәні
0,05-тен кем болмауы тиіс. Банктің меншікті капиталының K2 жеткіліктілік
коэффициентінің мәні 0,12-ден кем болмауы тиіс. Қатысушысы банктік
холдинг болып табылатын банк үшін банктің меншікті капиталының K2
жеткіліктілік коэффициентінің мәні 0,10-ден кем болмауы тиіс [26]
Банкті баскару жүйесі, әсіресе децентрализация дәрежесі көптеген
факторларға байланысты, ұйымның құрылымы мен мөлшері, басқару стилі мен
корпоративті мәдениеті, сонымен қатар бәсекелестік деңгейімен реттеу және
заңдастыру мөлшерінің болуы. Банкті басқарудың тиімділігі болып: жан-жақты
басшылық жасау, басқару стилі, басқарушының жеке сапасы, сонымен қатар
қабылдаған шешімдерге, стратегиялық талдау мен жобалауда жауапкершілігінің
жоғары болу жатады.
Банк менеджменті күрделі жүйені кұрайды. Оның құрылымы басқару
жүйесінің қатынасы сиякты негізгі қызметтер (функцияның) байланыс
қатынастарымен сипатталады, оның кұрамына кіретіндер:
- баскару шешімін дайындау;
- басқару шешімін кабылдау;
- ұйымдастыруды орындау;
- банк қызметін талдау және есептеу;
- басқару шешімін тарату және басқару;
- басқару шешімін орындау процесін оперативті реттеу функциясы.
Басқару шешімін дайындау функциясы стратегиялық жоба ңұсқасы түрінде
және мерзімді жоспар бағдарламаның жобасы, болжаулар, жобалаудың
ұйымдастырылу жүйесінде таратылып маркетингтік зерттеу ақпараттары
негізінде, есептеу және аналитикалық берілгендер және де бағдарлама
жобасының материалдары, бағдарлама және болжаулар басқару болып және банк
қызметі болып табылатын.
Басқару шешімін қабылдау функциясын тарату банк басшысының жоғарғы
буыны түрінде "Банк миссиясы" басқаруды ұйымдастыру схемасы, стратегиялы
жоспар, стратегиялық жоба мен бағдарлама түрінде (Келісім, шарт т.б.).
Ұйымдастыру функциясы мынадай түрде көрсетіледі:
- ұйымдастыру схемасы;
- кұжат айналым схемасын дайындау;
- персоналмен жұмыс жағдайы туралы нұскау;
- маркетингтік және әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру; шет ел және
отандық банктермен және басқа да ұйымдармен сыртқы байланыстар.
Мұндай функциялар банк бөлімдерімен кызметтерінде таратылады, орта
және төменгі деңгей менеджерлерінің басшылығы бойынша жұмыс жасайды. Есеп
беру және талдау функциясы бухгалтерлік есеп қызметімен, статистика,
жобалау, маркетинг бухгалтерлік баланс формасы бойынша, мерзімді, қаржылы
және статистикалық есеп беру, аналитикалық зерттеулер т.б. таратылады.
Бақылау функциясы барлық банк басшылары жоғары және төменгі деңгейдегі
бойынша таратылады. Бақылау функциясы 2 формада: ішкі және сыртқыда іске
асырылады.
Сыртқы бақылау мемлекеттік бақылау бойынша атқарылатын занды және
нормативті актілерге сәйкес, сыртқы ведомстволық емес аудитпен мемлекеттік
емес ұйыммен іске асырылады.
Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының басты мақсаты –
дивидент және процент түрінде қосымша пайда табу. Бағалы қағаздардың
табыстылығы оларды өтеу мерзімі қысқа болса, оның нарықтық бағасы тұрақты
болады. Ал мерзімі ұзақ болған сайын, бағалы қағаздардың курсы жиі
өзгереді (ауытқиды). Сондықтан коммерциялық банктер үшін қысқа мерзімді
бағалы қағаздарға ақша жұмсау ұзақ мерзімді қағаздарға ақша салудан гөрі
тиімділеу [27, 356 бет].
Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрынан қалыптасып және
қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты – несие беру (несие-
есептеу) операциясы және бағалы қағаздармен операция (қор биржасындағы).
Бұл операциялар банк балансының 80% құрайды.
Бұдан басқа банктер кассалық, акцептік, шетел валютасымен,
қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді.
Ішкі бақылау банк қызметкерлерімен іске асырылады. Оперативті реттеу
функциясы басқару шешімін орындау процесінде орта және төменгі буыны
менеджерлерімен іске асырылады. Сонымен қатар ерте қабылдаған басшылар
шешіміне түзетулер еңгізу мүмкін. Мұндай тузетулерді жоғарғы деңгей
басшылары жасайды. Банктін маркетингтік қызмет барлық менеджмент
функцияларына қажетті ақпараттардьг таратады [28].

2. Банктердің балансының сапасын жетілдіру
Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен
міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың
алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы
тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы сомасына тең
немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттыққа ұшыраған банк ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық
механизмінің балансының бұзылуынан, яғни онық қаржылық және инвестициялық
саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын
базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің
жетілмегендігі;
- инфляцияның өте жоғары деңгейі;
- банктің бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған
сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, оның бағасының
төмендеуі;
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс
зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің
бағаланырының жақындауы;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельдігі;
- өндіріс циклінің өте көлемде болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмауы;
- ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы,
сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі,
инестициялық бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай
алмауы.
Осы айтылған жағдайлар жалпы банктің өтімділігіне, оның ішінде
жоғарыда көрсетілген пассив бөлімінің мәселелері мен актив бөлімінің
сапасына баға беру, талдау жүргізу және жалпы басқару әдістерін жақсартудың
қажеттіліктерін туындатады. Экономикалық тұрғыдан қарастырсақ басқару ол
банк менеджментінің негізгі бір бөлігі ретінде, ал оның ішінде қаржыны
басқару қаржылық менеджмент түсінігіне әкеліп соқтыртады [29].
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл банктің табыс
табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін
қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын
қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі
болып табылады.
Жұмыстың тақырыбына сәйкес осы тарауда қаржылық менеджменттің
негізгі мәселелерің қарастарып, оның ары қарай даму болашаға мен жетілдіру
жолдарын анықтайық. Жоғарыда айтылғандай Дельта банк бойынша активтер пен
пассивтердің түрлері, сапасы мен оларға талдау жүргізілді. Сонымен, төменде
жетілдіру жолдары мен басқарудың ерекшеліктеріне тоқталайық.
Қаржыларды басқарудың негізі ретінде активтерді басқару болып табылады
[30].
Көптеген кәсіпорындардың қорын жұмсап жаратудан келесі негізгі
бағыттар бар: шикізат, бөлшек сатып алу, жұмысшылараға және қызметкерлерге
еңбекақы беру, коммуналды қызметтерге, салықтарға төлемдер, пайыз төлеу.
Активтердің ұлғайюы. Қолма-қол ақша, сатудан түскен кіріс, запастар,
жабдықтар, ғимарат, жер – осының барлығы активтер. Активтерді кез келген
ұлғайту қоры пайдалануды білдіреді.
Пассивтердің азаюы. Кәсіпорынның пассивті басқаларға берешек жағдайың
барлығы: банктік қарыздар, жеткізушілерге төлем және салықтар. Кәсіпорынмен
алынатын қорлар пассивтерді азайта алады, мысалы, банк қарыздарын қайтару.
Меншік иелеріне төлемдер. Жеке кәсіпорындардағы және
серіктестіктердегі активтерді ұлғайтудан және пассивтерді азайтудан кейінгі
қалғанның барлығы меншік иелерінікі. Корпарацияларда кәсіпорын өзіне
пайдаланбайтын капитал, меншік иелеріне дивидент түрінде төленеді.
Ағымдағы активтер ретінде кәсіпорын бір жыл ішінде пайдаланатын
активтері түсіндіріледі. Ағымдағы активтер айналым капитал ретінде
қолданылады. Айналым капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі бір
сатыдан өтеді. Өтімді активтер дайын өнімге айналатын бастапқы
материалдарын сатып алуға пайдаланылады; дебитор шотын құра отырып, өнім
несиеге сатылады; дебитор шоты төленеді және өтімді активтерге айнала
отырып инкассацияланады.
Айналым капиталының қажеттілігі үшін пайдаланылатын кез келген қорлар,
пассивтерді төлеу үшін бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар, олар негізгі
капиталды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін немесе меншік иелеріне кіріс
ретінде төленуі мүмкін. Айналым капиталын үнемдеу тәсілдерінің бірі,
материалдық техникалық ресурстарды басқаруды жетілдіруде көрінеде. Ол
келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
- қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау
- қатаң өндірістік жүйелерді енгізу
- жаңа қоймаларды пайдалану
- сұранысты болжауды жетілдіру
- жедел жеткізу
Айналым капиталындағы қажеттілікті қысқартудың екінші жолы, басқа
мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін қажетсіз қорғауларды бағалауда, төлемге
ұсынылатын шоттарды бағалауда несие саясатын күшейту жолымен дебиторлар
шотын азайтудан тұрады.
Айналым капиталының шығындарын қысқартудың үшінші жолы қолма-қол
ақшаларды дұрыс пайдаланудан көрінеді. Банктер өздерінің өтімді активтерін
ұстайтын банктік шоттар бойынша пайыз төленбейді. Бірақ, басқа өтімді
активтер (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, депозиттік
сертификаттар, алдын ала сатып алу келісімі аталатын бірдей уақыттың
займның әртүрлілігі) түрінде табыс әкеледі [31].
Негізгі активтерге бір жылдан аса уақыт пайдаланатын активтер жатады.
Оларға негізгі капитал және табиғи ресурстар жатады. Қаржыгерлердің
міндеттерінің бірі ретінде қолда бар қорды пайдаланудың вариантын таңдау
болып табылады: негізгі капиталды алуға немесе ағымдағы активтерді
ұлғайтуға, немесе пассивтерді қысқартуға немесе меншік иелерін толеуге
шішім қабылдаған кезде жаңа капиталдың құны, оны падаланғанда болатын
шығындарды қысқартудың мөлшерімен немесе құнымен салыстырылуы қажет.
Негізгі капиталды алу шешімі капитал салымының және олардың
қайтарылуының сметасын құрған кезде қалыптасады. Бұл күрделі процесс
өйткені қосымша негізгі капиталдардың плюстері әдетте бірнеше жыл өткен
кезеде байқалады.
Қаржыгерлер үшін негізгі капитал басты болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Коммерциялық банктің ұйымдастыру, басқару құрылымы
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Орталық банктердің ұйымдастырудың жолдары мен операциялары
Қазақстан Республикасының Банк жүйесіне жалпы сипаттама
Халықаралық валюта жүйесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Ақша реформасын жүргізу қажеттілігі мен мәні
Несиенің мәні және нысандары
Пәндер