Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


І.тарау. Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы

1.1. Қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау институтының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу институтының сатылары. Қадағалау арыздары мен шағымдарының құқықтық табиғаты және оларды қараудың тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ.тарау. Қазақстан Республикасында қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі соттардың қызметтерінің ерекшеліктері

2.1 2.1. Істі талап етіп алдырту мен сот қаулыларының орындалуын тоқтата тұру және қадағалау тәртібінде шағымданушыларға жауап қайтару ... ...
2.2 Қадағалау институтына байланысты кейбір өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу мәселесінің өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың игіліктерінің, олардың мүдделерінің толықтай қорғалып, демократиялық құқықтары мен бостандықтарының жан-жақты кепілдендірілуіне бағытталып, оның сақталуын барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың басты міндеті ретінде бекітеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, өмірі мен денсаулығын, өзінің мүлкі мен бостандығын сот тәртібінде қорғау құқығы бекімін тапқан (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы).
Сот тәртібінде қорғану құқығы әділ сотттың бастамасындағы және азаматтық іс жүргізудегі басты, бастаушы қағидалардың бірі болып табылады, өйткені қалған барлық қағидалардың әрекет етуі осы қағидалардың жүзеге асырылуына тікелей байланысты болып келеді. Бұл құқық азаматтық-құқықтық даулардың іс жүргізудің барлық сатыларында дер кезінде және дұрыс қаралуы мен шешілуін қамтамасыз ететін тұтастай іс жүргзіушілік-құқықтық кепілдіктер жүйесінің қалыптасуы арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің негізгі мақсаты – азаматтық-құқықтық дау туралы кез келген дау бойынша объективтік байламға, шындыққа жету болып табылады. Егер де бұл мақсатқа қол жеткізілмейтін болса және азаматтық-құқықтық дау бойынша негізсіз және заңсыз шешім шығарылатын болса, заңда бекітіліген тәртіпте ол шешімнің күші жойылуы тиіс.
Сот тәртібінде қорғану құқығын жүзеге асырудың басты азаматтық-құқықтық кепілі ретінде азаматтық іс жүргізудегі сот қадағалауы институтын айтуға болады. Бұл азаматтық істер бойынша заңдардың дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қағида Конституцияда бекімін тапқан, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңдылық негізінде ғана жұмыс істейтіндігін көрсетіп, құқықтық тәртіптің, қоғам мүддесінің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін заңдылық қағидасын жүзеге асырады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз
2. Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 ж. 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысы;
3. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы N 132-II Конституциялық Заңы;
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 ж. 13 шілде N 411-I
5. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы;
6. Азаматтардың арыздарын қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 19 маусым 1995 жылғы №2340 Заң күші бар Жарлығы;
7. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерiнде азаматтардың өтiнiштерiн қарау және шешу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2003 жылғы 31 шілдедегі N 47 бұйрығы;

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І-тарау. Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы

1. Қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау институтының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу институтының сатылары. Қадағалау
арыздары мен шағымдарының құқықтық табиғаты және оларды қараудың
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...

ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі
соттардың қызметтерінің ерекшеліктері

1. 2.1. Істі талап етіп алдырту мен сот қаулыларының орындалуын тоқтата
тұру және қадағалау тәртібінде шағымданушыларға жауап қайтару ... ...
2. Қадағалау институтына байланысты кейбір өзекті
мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Зерттеу мәселесінің өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың игіліктерінің,
олардың мүдделерінің толықтай қорғалып, демократиялық құқықтары мен
бостандықтарының жан-жақты кепілдендірілуіне бағытталып, оның сақталуын
барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың
басты міндеті ретінде бекітеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында
азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, өмірі мен денсаулығын, өзінің
мүлкі мен бостандығын сот тәртібінде қорғау құқығы бекімін тапқан
(Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы).
Сот тәртібінде қорғану құқығы әділ сотттың бастамасындағы және
азаматтық іс жүргізудегі басты, бастаушы қағидалардың бірі болып табылады,
өйткені қалған барлық қағидалардың әрекет етуі осы қағидалардың жүзеге
асырылуына тікелей байланысты болып келеді. Бұл құқық азаматтық-құқықтық
даулардың іс жүргізудің барлық сатыларында дер кезінде және дұрыс қаралуы
мен шешілуін қамтамасыз ететін тұтастай іс жүргзіушілік-құқықтық
кепілдіктер жүйесінің қалыптасуы арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің негізгі мақсаты – азаматтық-құқықтық дау
туралы кез келген дау бойынша объективтік байламға, шындыққа жету болып
табылады. Егер де бұл мақсатқа қол жеткізілмейтін болса және азаматтық-
құқықтық дау бойынша негізсіз және заңсыз шешім шығарылатын болса, заңда
бекітіліген тәртіпте ол шешімнің күші жойылуы тиіс.
Сот тәртібінде қорғану құқығын жүзеге асырудың басты азаматтық-
құқықтық кепілі ретінде азаматтық іс жүргізудегі сот қадағалауы институтын
айтуға болады. Бұл азаматтық істер бойынша заңдардың дұрыс және біркелкі
қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қағида Конституцияда бекімін
тапқан, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңдылық
негізінде ғана жұмыс істейтіндігін көрсетіп, құқықтық тәртіптің, қоғам
мүддесінің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз
ететін заңдылық қағидасын жүзеге асырады.
Қадағалау тәртібімен іс жүргізу өндірісі сот актілерін қайта қарау
жүйесіндегі сот қателіктерін жоюдың бір нысаны болып табылады. Қадағалау
тәртібімен іс жүргізу институты заңды күшіне енген сот актілерінің
заңдылығы мен негізділігін тексеру бойынша сот қадағалау инстанциясының
қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы болып
келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының бірен бір негізгі талабы –
мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың саяси, еңбек, тұрғын үйлік
және басқа да мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтарын қорғауға
жұмылдырылған. Заңдылық қағидасы соттың және процеске қатысушы басқа да
тұлғалардың құқық нормаларын бұлжытпай сақтауын талап етеді.
Сот тәртібінде құқық қорғаудың мемлекеттік-құқықтық кепілі ретінде
бола отырып, қадағалау тәртібінде іс жүргізу заңдылықтың мызғымастығының
басты құралы болып табылады.
Сонымен, зерттеу мәселесінің өзектілігін бұл институттың
азаматтардың, заңды тұлғалардың, тіпті мемлекеттің сотта бұзылған
құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге
бағытталғандығымен және бұл институттың соттың кез келген инстанциясының
кез келген шешімін өзгертуі мүмкін екендігімен түсіндіруге болады. Сонымен
қатар қадағалау тәртібімен сот ісін жүргізу институты біркелкі және заңды
сот тәжірибесінің қалыптасуына әсер етеді, өйткені қадағалау инстанциясының
актілері төмен тұрған сот инстанцияларына бағыт ретінде танылады, ал бұл өз
кезегінде сот тәжірибесінде қателердің азаюына алып келеді.
Сот актілерін қадағалау тәртібімен қорғау институтын саралау кезінде
оның демократиялық табиғатын анықтауға үлкен назар аударылады. Бұл тұрғыда
оның мәніне, әділ сот пен азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын
қамтуына жете мән беріледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы әдебиеттеріне көз
жүгіртсек, қадағалау тәртібінде іс жүргізудің басталуы, оның басталуына
себеп болып табылатын арыздар мен шағымдарды лауазымды тұлғалардың
қабылдауы, қадағалау тәртібіндегі арыздар мен шағымдардың құқықтық
табиғаты, бұл шағымдарды қарастыратын сот органдарының жүйесі мен олардың
мәртебесіне қатысты олардың аса маңыздылығы туралы айтылған.
Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде ерекше маңызға шешімдерге
шағымдану мен арыздану институты ие, өйткені қадағалау тәіртібімен сот
акітелірін қайта қарау тек қана қадағалау тәртібіндегі шағым мен арыздың
негізінде мүмкін болып табылады. Бұл дегеніміз, арыз немесе прокурор шағымы
болмаса, қадағалау тәртібімен іс жүргізудің туындауы да екіталай.
Әдебиеттерде шағымдану мен арыздану институттарының орны жете зерттелмеген.
Осы зерттеу жұмысында бұл сұрақтар қарастырылып өтеді.
Соттық қадағалау инстанцияларының өкілеттіктері әдебиеттерде
көбінесе олардың құқықтары ретінде бағаланады. Дегенменен, олардың құқықтық
табиғатын ашып көрсететін басты ерекшелігі олардың тек қана құқық ретінде
емес, сонымен қатар тиісті сот қадағалау инстанцияларының міндеті болып
табылатындықтарында. Бұл зерттеу жұмысында қадағалау тәртібінде іс
жүргізудің теориялық және тәжірибелік басты сауалдары зерттелген.
Жұмыстың мақсаты туралы айтар болсақ, олар: Қазақстан
Республикасындағы сот актілерін қадағалау тәртібінде қайта қарау
институтының мәні мен мақсатын зерттеп, оған құқық тұрғыдан баға беру,
азаматтық іс жүргізу құқығының қадағалу тәртібінде іс жүргізуге қатысты
бөлігіндегі заңнаманы жетілдіру жолдарын ұсыну, сонымен қатар сот жүйесіне
қатысты да кейбір мәселелерге шолу жасау.
Сонымен қатар бұл жұмыста біз шешілуі тиіс төмендегідей мақсаттарды
алға қоямыз:
- қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі шағымдар мен арыздарға анализ
жүргізу;
- қадағалау шағымдары мен арыздарын қабылдау тәртібінде талдау жасау
және шағымдар мен арыздарды қабылдау негіздерін саралау;
- қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы қадағалау тәртібімен
іс жүргізуге қатысты нормаларға талдау жасау;
- қадағалау тәртібімен іс жүргізуді жетілдіру жолдарын ұсыну.
Бұл зерттеу жұмысының құрылымы екі тараудан тұрады. Бірінші тарау
“Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы” деп аталады. Бұл
тараудың бөлімдерінде қадағалау тәртібімен іс жүргізудің маңызы мен
мақсаты, оның басқа сот актілерін қайта қараудан құқықтық ерекшеліктері,
сонымен қатар бұл инстанцияның қозғалуына негіз болып табылатын қадағалау
арыздары мен шағымдарының құқықтық табиғаты сөз болады. Зерттеу жұмысының
екінші тарауы “Қазақстан Республикасында қадағалау тәртібімен іс
жүргізудегі соттардың қызметтерінің ерекшеліктері” деген атауға ие. Аталған
тарауда біз қадағалау сатысындағы соттың қызметіне талдау жасап, оны
бағамдаймыз. Сонымен қатар бұл тарау қазіргі Қазақстан Республикасындағы
сот қадағалау институтын жетілдірудің жолдарын іздейді.

І-тарау. Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы

І. Қадағалау тәртібімен сот актілерін қарау институтының ерекшеліктері

Азаматтық іс жүргізу заңнамасы жоғарғы тұрған соттардың
шешімдерінің негізділігі мен заңдылығын тексеру бойынша жүзеге асырылатын
қызметіне қатысты “заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдары мен
қаулыларын, қадағалау тәртібінде қайта қарау” деген терминді қарастырады.
Бұл терминнің мазмұны неде?
Төменгі тұрған соттардың шығарған шешімдерін қадағалау тәртібімен
қайта қарау – бұл жоғарғы тұрған соттардың іс жүргізушілік қызметі болып
саналады. Бұл қызмет соттың шығарған шешімдерінің заңдылығы мен
негізділігін тексеру, сот қателіктерін жою мақсатын өз алдына нысана
ретінде қояды.
Қадағалау тәртібінде іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің жеке бір
сатысы ретінде заңды күшіне енген шешімдерге орын алған қателіктер мен
кемшіліктерді жою, сонымен қатар сот тәжірибесінде заңдылықтың талабына сай
біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету міндеттерін өз алдына қояды.
Қадағалау тәртібінде іс жүргізу сатысы азаматтық іс жүргізудің бір
сатысы ретінде бір-бірімен тығыз байланысты қадағалау инстанциясында пайда
болатын, заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін
тексеруге бағытталған қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Бұл сатының қажеттілігін бірнеше жағдайлармен байланыстыруға
болады. Бұл институт азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге
бағытталған, себебі бұл саты кез келген соттың және кез келген инстанцияның
шешіміндегі қателіктерді жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қадағалау
тәртібінде іс жүргізу институты біркелкі сот тәжірибесінің қалыптасуына
әсер етеді, өйткені жоғарғы тұрған соттардың актілері төменгі тұрған соттың
әрекетіне бағыт көрсетеді, ал бұл өз кезегінде сот кемшіліктерін алдын
алуға жағдай жасайды.
Қадағалау тәртібінде іс жүргізудің пәні ретінде тек заңды күшіне
енген сотт актілері табылады. Ол актілер тек қана бірінші сатыдағы ғана
соттың актілері емес, сонымен қатар апелляциялық сатының, тіпті қадағалау
сатысындағы соттардың шешімдері, қаулылары мен ұйғарымдары болуы мүмкін.
Сонымен бұл саты келесідей жағдайларда туындауы мүмкін:
а) егер де апелляциялық сатыдағы сот сот актісін қарауға құзырлы болмаса
(мысалы, апелляциялық шағымдану үшін берілген мерзім өтіп кеткен болса);
б) егер де апелляциялық сатыдағы сот істі қарау барысында қателіктерге жол
беретін болса1.
Қадағалау тәртібінде іс жүргізу жоғарғы тұрған соттардың төменгі
тұрған инстанциялардағы соттардың актілерін тексеріп, бақылау қызметі болып
табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 397-
бабына сәйкес қадағалау тәртібімен сот шағым мен арызда келтірілген
негіздер шегінде істе бар материалдар бойынша бірінші, апелляциялық
инстанциялардың сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Дегенменен, бұл азаматтық іс жүргізу сатысында да фактілік
жағдайлар тексеріледі, өйткені істе бар және қосымша ұсынылған істегі
материалдарды зерттемеу, шешімнің негізді немесе негізді еместігі туралы
айтуға мүмкіндік бермейді. Бұл ретте де іс материалдарын зерттеу, яғни
бірінші инстанциядағы соттардың бекіткен шешімдерінің заңдылығы мен
негізділігін тексеру орын алады. Жоғарғы тұрған соттың бірінші
инстанциядағы соттың бекіткен фактілік жағдайына тікелей негізсіз қарсы
келетін уәждерді негізге ала отырып, шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім
шығаруға құқығы жоқ.
Апелляциялық сатыда істерді қарауға қарағанда соттардың шешімдерін
қадағалау тәртібімен қайта қарау ерекше мәнге ие болып табылады. Мұндай
көзқарас азаматтық іс жүргізушілік құқығымен қатар, қылмыстық іс жүргізу
құқығында да өз бекімін тапқан.
Қазақстандық азаматтық іс жүргізу құқығы теориясының көрнекті өкілі
болып табылатын З.Х.Баймолдина қадағалау тәртібімен іс жүргізу институтына
ерекше мән бере отырып, қадағалау тәртібімен іс жүргізу азаматтық процестің
бір сатысы, ол белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған іс жүргізушілік
әрекеттердің жиынтығы деп баға береді1. Қадағалау тәртібімен шағымдану мен
наразылық келтірудің мақсаттары:
1) бірінші, апелляциялық, сонымен қатар қадағалау сот инстанцияларының
заңды күшіне енген актілерінің негізділігі мен заңдылығын тексеру;
2) соттардың дұрыс және заңды актілерді шығаруын қамтамасыз ету;
3) іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен мүдделері
қорғалатындығы туралы қосымша кепіл беру;
4) төмен тұрған соттардың қызметіне бағыт беру және олардың қызметіне
бақылау орнату.
Ғылыми әдебиеттерде сонымен қатар қадағалау сатысындағы соттардың
даудың нысанасы мен мәніне қатысты мәселелерді қарастырмауы керек, ол тек
төмен тұрған соттардың заңдарды ұстануы мен сақталуына қатысты ғана
мәселелерді қарастыру керек деген ойлар айтылуда.
Дегенменен, біздің қазақстандық азаматтық іс жүргізушілік заңнама
бірінші күннен бастап қазірге дейін басқа негіздерде жұмыс істейді – іс
төмен тұрған соттардың материалдық құқықтық және іс жүргізушілік құқықтық
нормаларын сақтауы мен іс бойынша фактілік жағдайды дұрыс орнатуы
шектерінде қарастырылады.
Көптеген азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеуші авторлардың
пікірінше апелляциялық және қадағалау тәртібінде іс жүргізудің арасында
түбірлі айырмашылықтар бар. Бұл келесідей тәртіпте түсіндіріледі: егер
апелляциялық тәртіпте істі қарау барысында шешімді өзгерту мен оған шағым
келтірудің алғышарты ретінде шешімнің негізсіздігімен қатар Қазақстан
Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 365, 366-баптарына сәйкес
материалдық құқықтық немесе іс жүргізушілік құқықтық нормаларын бұзу немесе
дұрыс қолданбау болса, қадағалау тәртібінде іс жүргізуде шешімнің күшін жою
немесе оған наразылық келтірудің негізі болып Қазақстан Республикасы
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 387-бабына сәйкес шешімнің негізсіздігімен
қатар, материалдық немесе іс жүргізушілік құқық нормаларының елеулі түрде
бұзылуы табылады.
Аталған сауал бойынша жүргізілген зерттеулерден көретініміздей, сот
шешімінің апелляциялық тәртіпте және қадағалау тәртібінде күшін жою
негізіндерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Азаматтық іс
жүргізу кодексінің 364-бабының 2-бөліміне сәйкес сот шешімінің күшін бір
ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды. Ал егер де Азаматтық іс
жүргізу кодексінің 365-366 баптарына сәйкес іс бойынша болған құқық
бұзушылықтар шешімнің күшін жоюға алып келіп жатса, онда біз оны елеулі
емес құқық бұзушылықтар деп тани алмаймыз. Қадағалау тәртібімен шешімді
қайта қарау өндірісін қозғау қажеттілігі туралы сауалды шешкен кезде құқық
бұзушылықтар уақыттың өтуіне байланысты өзінің күшін, мысалы тараптардың
арасында пайда болған берік тұрақты қатынастардың арқасында жоюы
мүмкіндігін қарастыру керек. Осындай жағдайлар, бірқатар авторлардың
пікірінше шешімдердің күшін апелляциялық және қадағалау тәртібімен бұзудың
негіздерін бөлу кезінде басшылыққа алынған (АІЖК 365-366 және 387 б.б.).
Осы тұста қадағалау тәртібімен іс жүргізудің қандай жағдайларда
туындайтындығы туралы сұраққа жауап беріп кетейік. Бұл өндіріс:
а) апелляциялық саты сот актісін қайта қарауға өкілеттігі болмаса (мысалы,
апеляциялық шағымдану уақыт өтіп кеткен болса);
б) апелляциялық сатыдағы сот инстанциясы жекелеген актілерді қайта қарау
барысында елеулі қателіктерді жіберетін болса қозғалуы мүмкін2.
Біз атап өткен жоғарыдағы жағдайларға байланысты азаматтық іс
жүргізу теорясында қадағалау сатысында іс жүргізуді азаматтық істер бойынша
сот актілерін тексерудің ерекше, тіпті төтенше тәсілі ретінде қарастырады.
Қадағалау тәртібімен сот ісін жүргізуді сот актілерін қайта қараудың басқа
түрінен айырмалайтын белгілері келесідей.
Біріншіден, сот қадағалау сатысында пайда болатын азаматтық іс
жүргізушілік қатынастары субъектілерінің, яғни қатысушыларының құрамы
ерекше. Заң сот актілерін қайта қарастыратын айрықша сот қадағалау
органдарын қарастырады. Бұл тұрғыдағы қатынастар субъектілері болып, бір
жағынан – қадағалау инстанциясының соты табылса, екінші жағынан – қадағалау
тәртібіндегі сот өндірісінің қатысушысы табылады.
Екіншіден, заң қадағалау өндірісінің ерешке объектілерін
қарастырады.
Шындығында да шешімді қадағалау тәртібімен қайта қарау сатысы атап
өткен ерекшеліктерге байланысты азаматтық іс жүргізудегі басқа сатылардан
айырмаланады. Бірақ бұл ерекшеліктер сот шешімін қадағалау тәртібімен қайта
қарау сатысын іс жүргізудің ерекше бір сатысы ретінде бөлудің негізі болып
табылады ма? Егер де апелляциялық тәртіпте іс жүргізу шешімдердің барлығына
қатысты қолданылатын болса, онда апелляциялық сатыда іс қарауды шешімді
қайта қарастырудың жай сатысы ретінде қарастырған жөн болар еді, бірақ
апелляциялық тәртіпте істердің барлығы міндетті түрде қайта қарастырыла
бермейді, өтйкені тек тараптардың және прокурордың ерік білдірулеріне
байланысты ғана апелляциялық сатыда іс қозғалады.
Қадағалау тәртібімен іс жүргізуді ерекше саты ретінде
қарастыруымыздың алғышарты болып, жоғарғы тұрған сотқа төменгі тұрған
соттардың шешімдерін заң бұзушылықтарды орындау мақсатында тексеру құқығы
берілгендігі табылады. Дегенмен мұндай құқық күшіне енбеген шешімдерге
қатысты апелляциялық сатыда сотқа да берілген. Апелляциялық сатыдағы
соттардың басты мақсаты – бірінші сатыдағы соттардың жіберген қателерін
айқындау.
Қадағалау тәртібінде іс жүргізу – азаматтық іс жүргізудің өз
бетіндік сатысы және де бұл сатыда сот шешімін қарастыру ол шешімнің
апелляциялық сатыда және де бұл сатыда қарастырылған, қарастырылмағандығына
қарамастан қозғала береді. Сонымен қатар қадағалау сатысындағы соттың
істерді қарауы көбіне апелляциялық сатысындағы соттың істерді қарауы көбіне
апелляциялық инстанциядағы сот қызметіне қадағалауды жүзеге асырады.
Шешімнің заңдылығын және негізділігін тек қана апелляциялық сатыда
ғана емес, сонымен қатар қадағалау инстанциясында тексеру мүмкіндігінің
болуы – субъективтік азаматтық құқықтар мен мүдделі тұлғалардың заңды
мүдделерін тиісті түрде қорғаудың қосымша кепілдігі болып табылады. Мәні
бойынша мұндай кепілдік, тұтастай алғандағы азаматтық іс жүргізумен
қамтамасыз етіледі, өйткені оның өзінің басты мақсаты – іс бойынша ақиқатты
орнату болып табылады.2
Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, қадағалау тәртібінде
қаралатын сот шешімдерінің басым көпшілігі апелляциялық сатыдағы соттың
тексеруінің пәні болып табылмаған, өйткені олар іске қатысушы тұлғалармен
шағымдалынбаған және оған прокурор өз наразылығын білдірмеген. Жалпы
алғанда қадағалау институтының барлық соттары жыл сайын заңды күшіне енген
сот шешімдерінің бірқатары қайта қарастырылып жатады.
Аталып өткен ойлар бойынша өз қорытындымызды беретін болсақ,
азаматтық іс жүргізудің сатысы ретіндегі сот шешімдерін қайта қарау
сатыларын олардың өзіндік ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, біреуін
жай, ал екінші біреуін ерекше саты деп қарастыра алмаймыз.
Сот шешімдерін қадағалау тәртібімен қайта қарау институтының мәнін
анықтау теориялықпен қатар, орасан зор тәжірибелік мәнге де ие болып
табылады. Жекелеген жағдайларды алып қарастыратын болсақ, сот шешімдерін
қадағалау инстанциясында тұлғалардың азаматтық құқықтары мен заңды
мүдделерін барынша қорғай отырып, қайта қарастыру соттардың ертеңгі күні
құқық нормаларын біркелкі қолдануын қамтамасыз етуге алып келеді.
Сот шешімдерін апелляциялық және қадағалау тәртібімен күшін жою
негіздерін бөліп қарастыру болашақта жағымсыз құбылыстарға алып келуі
мүмкін.
Сырт көзге қарағанда, апелляциялық сатыда шешімнің өзгеруіне немесе
шешімнің жойылуына алып келген кез келген бұзушылық, егер ол субъективтік
құқықтардың бұзылуына алып келсе, бұл бұзушылықтар қадағалау инстанциясында
да шешімді заңсыз деп танып, өзгертуге алып келетін негіз болып табылатын
сияқты. Бірақ ол ондай емес. Бұл жерде қауіптенетін жағдай – соттың
қадағалау тәртібімен шешімді күрделі бұзушылықтарсыз өзгерту немесе оның
күшін жою азаматтық іс жүргізудің тұрақтылығын шайқалтуы мүмкін.
Қадағалау тәртібінде іс жүргізудің маңызды ерекшеліктерін бөліп
қарастыруды жалғастыра отырып, біз олардың маңызды дегендеріне тоқталып
өтейік. Негізінен, қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарау жоғарғы
инстанциядағы сотың төменгі инстанция сотының қызметінің заңдылығы мен
негізділігін тексеру бойынша биліктік қызмет болып табылады. Сот қадағалауы
төменгі соттың әрекетінің кемшілігін көрсететін және оның қызметіне әсер
етуге мүмкіндік беретін биліктік және өкімдік өкілеттіктерсіз ешбір мәнге
ие болмайды.
Төменгі тұрған сотқа әсер ету мүмкіндігін иелене отырып, қадағалау
инстанциясы төменгі тұрған сотқа қатысты белгілі бір билікке ие болып
табылады. Осы биліктің мазмұны мен шегінен және оны жүзеге асырудың
тәсілдерінен сот қадағалауының мәні көрінеді.
Сот актілерін қайта қараудың кейбір нысандарын қарастыра отырып,
апелляциялық өндірісі іске мүдделі тұлғалардың бастамасы бойынша
қозғалатындығын, ал қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарау өндірісі
тек прокуратура мен сот органдарының лауазымды тұлғаларының бастамасымен
қозғалатындығын еске алу қажет.
Қадағалау тәртібінде шешімдерді қайта қарауды түрлі сот
инстанциялары жүзеге асырады. Олардың бірінің шешімін бірі қарастыруы
олардың сот жүйесі заңнамасында бекітілген құрылымға сәйкес жүзеге
асырылады.
Біз келтірген З.Х.Баймолдинаның ұсынған қадағалау сатысында іс
жүргізудің мақсаттары туралы сұрақты жалғастыра отырып, қадағалау
өндірісінің мазмұнын ашуға болады. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу: а)
азаматтық істер бойынша заңнаманың бұзылуын болдыртпау және оны сақтаудың
ескерту құралы; б) төмен тұрған соттардың заң шеңберінде қызмет істеуінің
сапасын жақсарту құралы; в) азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша
сот тәжірибесінің біркелкілігін бекіту құралы.
Қадағалау тәртібінде іс жүргізудің аталған анықтамасынан кейін оның
қосымша мақсаттарын да бөліп қарастыруға болады. Дегенменен, қадағалау
тәртібінде іс жүргізудің мақсаттары азаматтық іс жүргізу теориясында өте
тар көлемде қарастырылады. Мысалы, К.И.Комиссаровтың айтуынша, сот
қадағалауының тікелей және негізгі мақсаты – сот шешімдерінің негізділігі
мен заңдылығын тексеру, ал оның оның жалпы және туынды мақсаттары – сот
тәжірибесіне басшылық жасау.

ІІ. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу институтының сатылары. Қадағалау
арыздары мен шағымдарын қараудың тәртібі

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 385-бабына
сәйкес күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары мен сот
бұйрықтары тараптармен және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар іске
басқа да қатысушылар істі қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа
тікелей шағымдана алады. Сонымен қатар заңды күшіне енген сот актісіне:
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – облыстық және оған
теңестірілген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасына;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары – облыстық
және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына;
3) облыстардың прокурорлары мен соларға теңестірілген прокурорлар –
облыстық және оларға теңестірілген соттың қадағалау алқасына наразылық
келтіруге құқылы.
Қадағалау өндірісін қозғаудың негізі болып, әдетте, іске қатысушы
тұлғалардың арыздары мен шағымдары, сонымен қатар басқа азаматтар мен
ұйымдардың шағым келтіру туралы өтінімдері табылады. Мұндай шағымдар немесе
арыздар қадағалау өндірісін туындатудың бір сатысы ғана емес, кейбір
жағдайларда тіптен қадағалау тәртібінде наразылық келтіруге негіз болып
табылады. Сонымен қатар олар сот жұмысында кездесетін қателер мен
кемшіліктерді жоюдың құралы болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығындағы пікірталасты болып келетін
мәселелердің бірі – қадағалау өндірісінің басталу кезін анықтау болып
табылады. Мұның өзі үлкен тәжірибелік және теориялық маңызға ие. Осы
тұрғыда, біздің ойымызша, қадағалау тәртібінде іс жүргізу өндірісін
қозғаумен байланысты сұрақтар біздің әдебиеттерде көп қарастырылмаған.
Қадағалау шағымдары мен арыздарының құқықтық табиғаты теорияда кейбір ғалым-
заңгерлермен дұрыс дәрежеде анықталмай келеді. Заңнамада қадағалау
өндірісін қозғау сатысында прокуратура мен сот органдарының қызметін
реттейтін нормалар жоқ. Бұл өз кезегінде қадағалау шағымдарын қарастырмай,
қадағалау наразылығын беру туралы өтінімдердің шешілмей қалып, азаматтар
мен ұйымдардың қадағалау тәртібімен іс жүргізу берілген құқықтарының
бұзылуына алып келіп жатады.
Қадағалау тәртібінде іс жүргізу келесідей, бір-бірімен тығыз
байланысты бөлімдерден тұрады: а) қадағалау өндірісін қозғау; б) сот
қаулыларын шағымдау; в) қадағалау инстанциясында істі қарау; г) сот
қаулысын шығару.3
Қадағалау тәртібімен іс жүргізу өндірісінің қозғалу сатысы заңда
тиісінше реттелмеген және азаматтық іс жүргізу теориясында да оған жете
көңіл бөлінбеген. Осыған орай көптеген даулы мәселелер орын алуда, олардың
бастысы қадағалау өндірісін қозғаудың түсінігімен байланысты болып
табылады.
Осы уақытқа дейін азаматтық іс жүргізу құқығында қадағалау
өндірісінің басталуына байланысты сұрақ өте даулы болып келеді. Оның тиісті
дәрежеде теорияда айқындалуы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жан-
жақты қорғау тұрғысынан маңызды болып келеді.
Қадағалау өндірісін қозғау түсінігі, біздіңше, екі мағынаға ие
болып табылады. Ол біріншіден, қадағалау өндірісінің бастапқы моменті
ретінде, екіншіден, оның бірден-бір бөлігі ретінде қаралуы керек.
Егер де осы сауалдар теорияда өз шешімін табатын болса, бұл өз
кезегінде тәжірибеде қадағалау инстанциясына берілген арыздар мен
шағымдардың, наразылықтардың дұрыс, әрі уақытылы шешілуіне алып келеді.
Бұл сауалды саралау қадағалау тәртібіндегі арыздар мен шағымдармен
және бұл өндірісті қозғау негіздерінің басқа да түрлерімен тығыз байланысты
болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы құқықтық әдебиеттерде қадағалау өндірісінің қозғалу
сәті болып лауазымды тұлғаның істі тиісті соттан қадағалау тәртібінде
тексеру үшін талап етіп алу кезі танылады деген көзқарас басымдыққа ие
болып келді. Бұл теорияда қадағалау тәртібінде іс жүргізу лауазымды
тұлғаның әрекетінен туындайды дегеннен келіп шығады. Дегенменен, қадағалау
тәртібінде іс жүргізуді қозғау мен қадағалау тәртібінде іс жүргізудің
негізі деген түсініктерді шатастырып алмау керек. Қадағалау тәртібінде істі
қайта қарау негізі болып қадағалау наразылығы мен соттың нұсқауы табылады
және оны берумен байланысты қадағалау өндірісінің жаңа бөлімі – қадағалау
тәртібімен қаулыларды шағымдау басаталады. Ол шындығында да соттың
лауазымды тұлғаларының немесе прокурордың ұсынған процессуалдық
құжаттарының негізінде қозғалады. Сонымен қатар қадағалау өндірісін қозғау
іске қатысушы тұлғалардың арыздары мен шағымдарының, қатыспаған тұлғалардың
өтінімдерінің, сонымен бірге прокуратура мен соттың лауазымды тұлғаларының
ұсыныстарының негізінде де болу мүмкіндігін айта кету керек. Сондықтан да
қадағалау тәртібінде іс жүргізудің басталуы қадағалау тәртібінде істі
тексеруге алған сәттен басталады дейтін авторлардың пікірімен келісуге
болмайды.
Біздің пікірімізше, қадағалау тәртібінде іс жүргізудің қозғалу сәті
болып сот немесе прокуратура органдарының істі қарауға негіз болып
табылатын қадағалау тәртібіндегі шағым мен арызды өз қарауына қабылдау сәті
табылуы тиіс сияқты.
П.Я.Трубниковтың пайымдауынша, қадағалау өндірісінің басталу сәті
ретінде істі тексеру үшін талап етуі табылады, өйткені істі арыз немесе
шағым бойынша алдырту сотты, прокуратураны іс бойынша шыққан шешімнің
заңдылығын тексеруге міндеттейді. Егер де лауазымды тұлға шағым мен арызды
қабылдаған болса, онда қадағалау өндірісі тек сол шағым бойынша
жүргізіледі, ал іс бойынша қадағалау өндірісі істі тиісті соттан алдыртқан
кезде ғана пайда болады.
Айта кететін бір жәйт, сот пен прокуратура органдарының лауазымды
тұлғалары іс бойынша шешімнің заңдылығын және дұрыстығын тек істі талап
етіп алдыртқаннан кейін емес, қадағалау шағымы келіп түскеннен кейін де
жүргізуі тиіс. Аталған лауазымды тұлғалардың міндеттері олардың талап етіп
алдыртқан істерді ме, әлде қадағалау шағымдарын тексергендіктеріне
байланысты өзгеріп кетпейді. Бұл екі жағдайдың барлық кезінде де лауазымды
тұлға қадағалау тәртібінде наразылық келтіруге негіз бар ма, әлде жоқ па
деген сауалды шешуі тиіс. Қадағалау шағымы арқылы басталған өндірістң қашан
басталғандығын анықтау кезінде ешқандай құқықтық сауал тудырмайтын сияқты.
П.Я.Трубниковтың пікірінше, бірінші және екінші жағдайда да қадағалау
өндірісі қозғалады. Ал қадағалау өндірісі шағымның негізінде туындаса, онда
осы сәт қадағалау өндірісінің қозғау сәті болып табылады.
Бұған қарсы көзқарасты И.А.Ходаковский негіздейді. Бір жағынан, ол
прокуратураға қадағалау тәртібімен наразылық келтіру шағымының келіп түсуі
прокурордың қадағалау өндірісіне қатысуына алғышарт болады, ал екінші
жағынан – шағымның келіп түсуі қадағалау өндірісін міндетті түрде бастауды
білдірмейді, сондықтан да бұндай шағымдар мен өтінімдерді қабылдауды
қадағалау өндірісінің басталу сәті деп те айтуға болмайды.4
Осы тұста азаматтық істі қадағалау тәртібімен қарау мен қадағалау
өндірісі деген түсініктердің арасындағы айырма тұстарын ашып көрсету қажет
сияқты. “Қадағалау өндірісі” деген түсінік азаматтық сот істі қадағалау
тәртібінде қарау деген түсініктен кеңірек болып табылады. Соңғы аталғаны
қадағалау өндірісінің құрылымдық бөлігі болып табылады.
Азаматтық істі қадағалау тәртібінде қарау қадағалау шағымымен
наразылығының негізінде сот қадағалау инстанциясының алқалық құрамында
заңда бекітілген процессуалды талаптарды сақтай отырып, сот отырысында
өткізіледі. Ал қадағалау өндірісінің өзі істі қадағалау инстанцияларының
отырысында қарауды ғана емес, сонымен қатар лауазымды тұлғалардың қадағалау
тәртібінде келіп түскен арыздары мен шағымдарын қарау олардың қадағалау
наразылығын беруге дайындау, істі тексеру үшін алдырту және тағы басқа
қызметтерін де қамтиды.
Қадағалау тәртібіндегі өндірістің сот қадағалауы тәртібінде
наразылық келтіру сәтінен басталады деген пікірмен мүлдем келісуге
болмайды. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының көрнекті өкілі И.Зайцев
прократура мен соттарда қадағалау өндірісінің шегінен тыс болады дей
отырып, қадағалау өндірісі лауазымды тұлғалардың сот қадағалау органына
наразылық берген кезінен басталады дейді.
Біздің ойымызша, И.Зайцевтің азаматтық істер бойынша қадағалау
тәртібіндегі арыздар мен шағымдарды лауазымды тұлғалардың қарауын азаматтық
сот ісін жүргізуге жатқызбауы негізсіз болып табылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 393-бабы қадағалау
тәртібіндегі шағымды алдын ала қарау бойынша соттың қызметін реттейді. Ары
қарай Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 395-бабы 4-
бөлімінің мазмұнына сәйкес: егер шағым беріліп отырған сот қаулыларын қайта
қарау үшін негіздемелер болмаған кезде қадағалау шағымының авторына жазбаша
хабар жіберіледі.
Өндірістің сипаты мен қатынастардың сипаты осы қатынастар нақ
қандай заң нормаларымен реттелетіндігімен анықталады. Мұндай арыздар мен
шағымдарды қарау мен шешу азаматтық сот ісін жүргізу аясына жатқызған дұрыс
секілді. Бұл жерде тек қосып кететін бір жәйт, Азаматтық сот ісін жүргізу
кодексі бұл мәселені толық қамтымайды. Ал бұл өз алдына бөлек жағдай болып
табылады.
Сот пен прокуратураның қадағалау тәртібіндегі арыздар мен
шағымдарды қарауының азаматтық сот ісін жүргізуге жататындығын тағы бір
факт – Жоғарғы Сот пленумының Нормативтік қаулысы көрсетеді. 2003 жылдың 20
наурызында қабылданған №2 арызды азаматтық іс жүргізу заңдарының кейбір
нормаларын қолдану туралы Жоғарғы Сот пленумының нормативтік қаулысы осы
арыздар мен шағымдарды қараудың тәртібін анықтайды.
Ал егер де арыздар мен шағымдарды қарайтын лауазымды тұлғалардың
арасында пайда болатын құқықтық қатынастардың сипаты жөнінде айтар болсақ,
оларды біз “таза” процессуалдық деп айта алмаймыз, өйткені олардың әрекеті
тек қана процессуалдық емес басқа да құқық нормаларымен реттеледі.
Қадағалау өндірісінің басталу сәті ретінде лауазымды тұлғаның арыз
немесе шағымды қабылдау кезі деген пікірді бірқатар азаматтық іс жүргізу
құқығының өкілдері, атап айтқанда, Н.Н.Шанявский, В.Б.Алексеев,
В.Е.Панеогин сияқты ғалымдар қолдайды.
Бұлардың бірқатарының пайымдауынша, қадағалау өндірісі істі талап
етіп алыдыртудан емес, шағымды қараудан басталады. Мұны анықтаудың басты
қажет болып табылатын тұсы ретінде лауазымды тұлғаның арыздарды қарауы тек
формальді түрде ғана болмай, ертең қадағалау инстанциясымен қайта тексеру
мүмкіндігінің болатынын айтуға болады.
Қадағалау өндірісінің басталу сәтіне байланысты басқа да көптеген
пікірлер бар. Бірқатар авторлар прокуратура мен соттың қадағалау өндірісі
шағымды қабылдағаннан бастап басталады дейді. Прокуратураға жазылатын
өтінімде қадағалау шағымын келтіру туралы өтінім міндетті түрде болуы
керек, ол сонда ғана қадағалау өндірісіне кіріседі. Бұл авторлар көбіне
арыздар мен шағымдарға қадағалау өндірісіндегі басты құрал ретінде баға
беріп, оны “қозғаушы күш” деп таниды.
Іс жүрізуге қатысушы тұлғалардың құқықтарын қорғау тұрғысынан
алғанда апелляциялық қайта қарауды қадағалаудан түбірлі бөліп алуға
жүгінген тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тұтас жүйесін құрайды.
Қадағалау өндірісінің басталуына басқа да негіздер әсер етуі
мүмкін. Олардың қатарына сот пен прокуратура органдарының наразылық келтіру
туралы ұсыныстары жатады. Егер де іс сол іске қадағалау тәртібінде шағымдау
құқығы бар тұлғамен алдыртылса, осы іске шағымдану құқығы бар тұлға өз
бастамасымен, қадағалау тәртібіндегі арыздар мен шағымдар болмай-ақ
қадағалау өндірісін қозғай береді. Осы тұста, әрине, оның басталу кезі
болып істі шақыртып алдыртқан кез табылады. Осыған орай Қазақстан
Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 387-бабының 1-бөлімі қадағалау
тәртібімен азаматтық істі тиісті негіздер мен себептер болған жағдайда ғана
прокурорлар мен судьялар тиісті соттан тексеру үшін талап ете алатындығын
көрсетеді.
Сонымен қадағалау өндірісін қозғаудың басталу уақыты туралы сұрақ
толығымен шешілді десек те болады.
Дегенмен, қадағалау өндірісін қозғауды сот өндірісінің өз бетіндік,
тәуелсіз бөлігі ретінде қарастыру керек сияқты. Бұл тұрғыдан алғанда
қадағалау өндірісінің қозғалу кезеңі болып сот пен прокуратура органдарының
лауазымды тұлғаларының арыздар мен шағымдарды қадағалау тәртібінде қарауын,
лауазымды тұлғалардың өздерінің қадағалау тәртібінде наразылық келтірулерін
және сол арыздар мен шағымдар қадағалау бойынша наразылықтар келтіруге
дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Біздің пікірімізше, заңнамада қадағалау өндірісінің осы бір бөлімі
қажетті деңгейде реттелмеген.
Қадағалау өндірісінің бұл бөлімінің негізгі мақсаты ретінде іс
бойынша шешімге қадағалау шағымы бойынша наразылық беруге болады ма және
істі талап етуге негіз бар ма, жоқ па тексеру табылады. Бұл сұрақты тиісті
дәрежеде шешу үшін бұл сауалға тиісті болып табылатын барлық материалдар
жиналып, дұрыс тексерілулері қажет. Істі шақыртып алуға дайындау – оларды
қадағалау инстанцияларындағы сот талқылауына дайындау болып табылады,
өйткені істі шақыртып алу оны дұрыс, әрі жан-жақты тексеру қажеттілігін
тудырады.
Сот пен прокуратура органының лауазымды тұлғалары қадағалау
тәртібінде келіп түскен барлық арыздар мен шағымдарды дер кезінде және жан-
жақты қарауға міндетті болып келеді. Оны жүзеге асыру үшін олар: қадағалау
өндірісін қозғау үшін тиісті негіздерді зерттеу; іс бойынша шығарылған
қаулылар мен актілердің барлығын оған тіркелгендігін бақылау; белгілі бір
мән жайларды анықтау мақсатында шағым беріп отырған тұлғалардың өзімен
тікелей жеке әңгімелесулер өткізу; арызданушы сілтеме жасаған фактілерді
тексеру үшін істі талап етіп алдырту; сот актілерінің күшін тоқтата тұруға
байланысты сұрақтарды шешу; қадағалау шағымымен келген тұлғаларға, кейбір
жағдайларда басқа да ұйымдарға дәлелді жауаптар беру сияқты әрекеттер мен
қызметтерді жүзеге асыруы тиіс болып табылады.
Аталғандардың барлығы дәлелдеп беріп отырғандай, қадағалау
тәртібінде іс жүргізудің бұл этапында өте маңызды құқықтық сұрақтар
шешіледі.
Қадағалау тәртібінде шағымдарды қарау тәртібі.
Азаматтық істер бойынша қадағалау өндірісін қозғаудың негіздері,
олардың құқықтық табиғаты.
Жоғарыда атап кеткендей, азаматтық іс бойынша қадағалау өндірісін
қозғаудың негіздемесі болып көбіне іске қатысқан тұлғалардың шағымдары,
сонымен қатар іске қатыспаған, бірақ олардың мүддесі бұзылған басқа
тұлғалардың өтінімдері, сонымен қатар қадағалау тәртібінде наразылық
келтіру туралы талап ететін сот пен прокуратура органдарының лауазымды
тұлғаларының нұсқаулары табылады. Бұл құжаттардың сондағы құқықтық табиғаты
мен маңызы қандай, соны анықтайық.
Кейбіреулердің ойынша қадағалау тәртібіндегі арыздар мен шағымдар
іс жүргізушілік құжаттар болып табылмайды және ешқандай құқықтық мағынаға
ие емес. Біздіңше бұл келесі мән-жайларға байланысты қате пікір болып
табылады: осындай арыздар мен шағымдарды қарауға тартылған тұлғалар бұл
арыздарды қабылдауға және оның нәтижесі бойынша дәлелді жауап қайтаруға
міндетті болып табылады. Бұны жүзеге асыру үшін лауазымды тұлға жоғарыда
аталып кеткен әрекеттерді орындауы тиіс. Құқықтық әрекеттер жасауға
итермелей отырып және лауазымды тұлға арасында, лауазымды тұлғалар мен
қадағалау тәртібінде арыз бен шағым берген азаматтардың арасында құқықтық
қатынастарды орната отырып, бұл шағымдар іс жүргізушілік құжат болып
табылады және іс жүргізушілік маңызға ие болып табылады.
Қадағалау тәртібінде шағым мен наразылық беру құқығы іс жүргізу
заңнамасында бекітілген және бұл сот пен прокуратура органдарын бұл жөнінде
негізделген жауаптарды беруге міндеттейді. Қазақстан Республикасы Азаматтық
іс жүргізу кодексі нормаларында көзделген нұсқаулар осы органдардың
азаматтардың шағымдары мен өтінімдерін қабылдауларының іс жүргізушілік
құқықтық негіздемелері болып табылады. Бірақ іс жүргізушілік құқықтық
негіздермен қатар қадағалау тәртібіндегі шағымдар мен өтінімдерді
қабылдаудың материалдық-құқықтық негіздемелері де бар.
Егер де біз осы қадағалау шағымдарының кез келгенін алып
қарастыратын болсақ, онда біз сол шағымды жолдап отырған адам өз құқықтары
мен заңды мүдделерін, яғни субъективтік материалдық құқықтарын қалпына
келтіруді сұрайтындығын көреміз. Бұл құқықтарды сот материалдық құқық
нормаларын нақты бір материалдық құқықтық қатынастарға қолдана отырып
қорғайды және егер де бұзылған субъективтік құқықтар қалпына келтірілмейтін
болса, онда Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу заңнамасы бекіткен
бірқатар қағидалардың бұзылғандығы көрініс табады. Сәйкесінше, материалдық
заңнамаға негізделген қадағалау тәртібіндегі шағымдар мен өтінімдер өз
табиғаты бойынша тұлғалардың материалдық құқықтарын қорғау және қалпына
келтіру туралы құқықтық талаптарды қояды.
Көбіне осы қадағалау шағымдары мен арыздарына сот органдарының
процессуалдық құқық нормаларының бұзуын, яғни іске қатысушы тұлғалардың
процессуалдық заң нормаларымен бекітілген кепілдіктерін бұзуы туралы
баяндайды. Бұл бұзушылықтар, әрине өз кезегінде адамдардың құқықтары мен
заңды мүдделерінің бұзылуына алып келеді. Бұл айтылғандардың негізінде
қорытындылайтынымыз, қадағалау тәртібінде арыздар мен шағымдарды берудің
негізі болып процессуалдық және материалдық құқық нормаларының бұзылуы
табылады. Заңға негізделе отырып жазылған және заңның талаптарын көрсететін
мұндай сипаттағы арыздар мен шағымдар процессуалдық құжаттарға айналады.
Мұндай процессуалдық құжаттардың басты қоятын талаптары – бұзылған
заңдылықты қалпына келтіру, сонымен қатар күшіне енген заңсыз, негізсіз сот
актілерін қайта қарау арқылы бұзылған материалдық құқық нормаларын қалпына
келтіру.
Қадағалау тәртібінде арыздар мен шағымдардың процессуалдық құжат
болып табылатындығын одан әрі негіздейтін болсақ, сот қадағалау
инстанциялары өз шешімдерін шығарар кезде оған ғана негізделіп қоймайды, ол
сонымен қатар шешім шығарар кезде оны тікелей басшылыққа алатындығынан біз
оның процессуалдық құжат екендігін танимыз. Яғни сот қадағалау инстанциясы,
егер мұндай қадағалау шағымы келіп түспеген болса, белгілі бір елеулі заң
бұзушылықтардың орын алып жатқандығы туралы сезбейді де.
Шағымдар мен арыздардың құқықтық табиғатын дұрыс анықтау үшін, осы
шағымдардың негізінде өз күшін жойған актілерге байланысты статистикаға көз
жүгірту керек секілді. Бұл жерде негізі Баймолдина Жоғарғы Сот Пленумының
Бюллетеніне (2001 год. Февраль. С. 47) сүйеніп жазған. Соны қарастырамын.

Бұл статистикалық ақпараттардан көріп отырғанымыздай, қадағалау
өндірісі барлық кезде іске қатысушы тұлғалардың шағымдары негізінде
қозғалады. Мұндай басты ережені тек қана шағымдардың құқықтық табиғатын
анықтауда емес, сонымен қатар сот қадағалауының жүйесін анықтау кезінде де
қажет болып табылады. Қадағалау өдірісін қозғау көбіне іске қатысқан
тұлғалардың шағымдары негізінде қозғалады. Сондықтан да заң шығарушы іске
қатысушылардың құқықтарын барынша қорғайтындай сот қадағалауының жүйесін
бекітуі тиіс. Шындығында да осы талаптарға орталықсыздандырылған сот
қадағалау жүйесі сәйкес келеді. Қазіргі кезде тұлғалардың кез келгені
облыстық сот төрағасына, облыс прокурорына (бір сөзбен қадағалау өндірісін
қозғай алатын тұлғаларға) жолығып, істің мән-жайын, орын алған құқық
бұзушылықтарды баяндауға, жаңа дәлелдемелерді ұсынып, негіздеуге және оған
шағым келтіруді сұрауға құқығы бар болып табылады.
Кейбір жағдайларда қадағалау шағымымен немесе арызымен іске
қатысушы ретінде тартылмаған, іске қатыспаған, бірақ соттың шешімі оған
тікелей міндеттер жүктеп, құқықтарынан айыратын тұлғалар шағымданып келуі
мүмкін. Осы тұста осындай тұлғалардың қадағалау шағымын берулерінің
құқықтық негіздері қандай деген сұраққа жауап беріп көрейік. Аталған
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне сот шешімі тікелей әсер етіп
тұрғандықтан, бұл тұлғалар жалпы ереже бойынша, яғни әрбір мүдделі тұлға
өзінің заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін білдіре отырып, сот
тәртібінде оларды қорғауға құқылы болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабының 3-бөліміне сәйкес
сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған
немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды деген норма тағы бар.
Аталып отырған жағдайдың ерекшелігі, бұл іс бойынша заңды күшіне
енген сот шешімінің болуы табылады. Сондықтан да аталған тұғалар өздерінің
құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру үшін талап қоюдың жалпы
ережелеріне сәйкес талап қойып қорғауға, сонымен қатар қадағалау тәртібінде
шағым келтіре отырып, шешімнің күшін жойып, оны бірінші инстанциялық сотқа
қайта жіберіп қарауды талап етуге құқылы.
Тәжірибеде көп жағдайда шешімнің күшін жою туралы қадағалау
шағымымен іске ешбір қатысы жоқ тұлғалар қатысуы мүмкін. Сот пен
прокуратура органдарының қызметкерлері осындай қадағалау шағымдарын қарауға
міндетті бола отырып, хаттар мен өтінімдердің мазмұнына бей-жай қарай
алмайды. Сот пен прокуратураның осы жағдайларға байланысты бөтен адамдардан
түсетін қадағалау шағымдары мен өтінімдерін қараудың тәртібі қандай?
Сонымен қатар кейбір реттерде ұйымдар мен басқа бөтен адамдар
өздеріне келіп түскен шағымдардың негізінде оларды прокуратура мен сот
органдарына бере отырып, нақты жағдайларды ескере отырып, лауазымды
тұлғалар шағым келтірудің ақылға сыйымдылығы тұсынан тексерулер жүргізуі
тиіс.
Орталықсыздандырылған сот қадағалау жүйесінде қадағалау шағымы мен
наразалығын беру туралы өтінімдер заңдылықты қалыптастырудың негізгі деген
құралдарының қатарына жатады. Қадағалау шағымын беру құқығы негізсіз сот
шешімінің күшін жойып, заңдылықты бұлжытпай сақтауға, сот органдарының
жіберген қателерді дер кезінде жоюға септігін тигізеді.
Меніңше, бұл тұрғыда қадағалау өндірісін қозғаудың негіздерін
барынша көбейту қоғам азаматтарының құқықтары мен мүдделерін барынша жан-
жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Әрекет етуші заңнамаға сәйкес қадағалау өндірісін қозғауға негіз
болып табылатын шағымдар мен өтінімдердің мазмұнына белгілі бір талаптарды
қояды. Бұл талаптар Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің
391-бабында бекітілген және оның мазұны келесідей болуы тиіс:
1) шағым (өтінім) жолданатын адамның аты-жөні;
2) шағым (өтінім) беруші тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жері немесе
орналасқан орны және істегі іс жүргізу жағдайы болуға;
3) сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұны көрсетілуге, сондай-ақ
тұрғылықты жерін немесе орналасқан орны көрсетіле отырып, іске
қатысушы тұлғалар аталуға;
4) істе бірінші, апелляциялық сатыларда қарайтын соттар және олар
қабылдаған шешімдердің мазмұны көрсетілуге;ъ
5) шағым жасалып отырған, наразылық келтіру ұсынылатын сот шешімі,
ұйғарымы, қаулысы көрсетілуге;
6) сот қаулысының заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екені және шағым
(өтінім) беруші тұлғаның не өтінетіні көрсетілуі тиіс.
Бұл мәліметтердің болу міндеттілігін түсіндірер болсақ, кейбір
жағдайларда мәлімет пен ақпараттың аз болуы істі дұрыс, әрі жан-жақты
тексеруге мүмкіндік бермейді. Мысалы, берілген шағым қандай сот шешіміне
беріліп отыр, тараптар арасындағы даудың мәні неде, шағымдалынып отырған
сот актісінің дұрыс еместігі неде және т.с.с.
Осыған байланысты осындай құжаттарға заңның қоятын талаптарының
болуы және мұндай ережелердің сақталуын талап ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Сот шешімінің заңды күшіне енуі
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырудың себептері мен негіздері
Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Қадағалау сатысындағы соттың қылмыстық істі қарау тәртібі
Азаматтық іс-жүргізу
Пәндер