Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. ҚАЗАҚСТАНДА ТАРИХИ КАРТА САЛУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ...
1.1. Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Қазіргі уақыттағы табылып жатқан тарихи мұралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ . ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Алматы облысының физикалық.географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Жамбыл облысының физикалық.географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық.географиялық жағдайы ... ... ..
1.4. Қызылорда облысының физикалық.географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... .

3. ТАРИХИ КАРТАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ РЕДАКТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Тарихи карталарды құрастыру және редактілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Тарихи карталардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Тарихи карталарды безендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Археологиялық барлау. Барлаулар нәтижесінде тарихи карта құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Археологиялық карта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Тарихи туристтік карта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3. Мәдени мұра картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.4. Оңтүстік аймақтағы мәдени маңызы бар тарихи ескерткіштер ... ... ... ... ..


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бітіру жұмысының тақырыбы – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ .
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын түрлі негіздерге сүйене отырып құрастыру.
Жұмыстың бастапқы мәліметтері: Ұсынылған дипломдық жұмыстың негізін топографиялық және тақырыптық карталар қолданыс тапты. Жұмыс алдына қойылған міндеттерді орындау кезінде басылымдағы әдебиеттер көздері, газет-журналдар, ғаламтор, қор материалдары пайдаланылды.
Жұмыстың өзектілігі: Археологиялық ескерткіштер еліміздің тарихындағы бірнеше өзекті мәселелердің басын ашуға, сондай-ақ ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі халқымыздың байлығы мен өркениеті, мәдени мұраларымен толықтырып отырады, осыған негізделіп түрлі тақырыпта карталар құрастыру. Археологиялық мәдени мұра осы жәдігерлердің маңызды бөлігін құрайды. Мәдени мұраның заттай бөлігі халықтың материалдық түйсігі. Археологиялық мәдени мұра осының негізі бөлігін құрайды.Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанмен де өткенімізбен толық таныса алмайды.
Жұмыстың құрылымы: беттен, 3 картадан, суреттен, кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс нәтижесінде зерттеу аумағының масштабы 1:2 000 000 археологиялық, мәдени мұра, тарихи –туристтік карталары құрастырылып, олардың электрондық және қағаз бетіндегі нұсқаларын дайындау іске асырылды.
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 4-том Алматы, 1999 ж
2. С.Ж. Асфендияровтың тарихи білімді дамыту мұрасы // Ізденіс-Поиск. – 2006. – № 1. – 300-306-бб.

3. Отандық тарихи білімнің ғылымға дейінгі даму ерекшеліктері // Қазақ тарихы. – 2006. – № 4. – 13-16-бб.
4. Абай және ауызша тарих айту дәстүрі // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. – 2006. – № 3 (11). – 56-59-бб.
5. Әдебиеттің аясында дамыған тарихи білім // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2006. – № 2 (41). – 108-113-бб.
6. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қазақ тарихының жазылу мәселелерінен // Отан тарихы. – 2006. – № 3. – 64-72-бб.
7. Тарихшы С.Ж. Асфендияровты жазалаудың қалтарыс жағы // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. – 2007. – № 4(41). –18-24-бб.
8. Тарихи оқиғаны әдебиеттегі шындықпен ауыстыру әдісі // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. – 2007. – № 1(12). – 19-25-бб.
9. ХХ ғасырға дейінгі тарихи білімнің рухани қазыналары // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2008. – № 3. – 79-84-бб.
ә) өзге басылымдар мен республикалық және халықаралық конференция материалдарының жинақтарында:
10. Көп сатыла оқыту жүйесіне көшуде бастауыш сынып мамандарын даярлауды ұйымдастырудағы гуманитарлық пәндердің рөлі // Проблемы подготовки будущего учителя начальных классов в условиях многоступенчатого образования: Межвузовский сборник научных трудов. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1996. – 29-33-бб.
11. Жас ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелеудің кейбір мәселелері // Проблемы подготовки будущего учителя начальных классов в условиях многоступенчатого образования: Межвузовский сборник научных трудов. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1996. – 54-58-бб.
12. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді оқытудың барысындағы пәнаралық байланыстың арқауы // Актуальные проблемы подготовки будущих учителей начальных классов: теория и практика: Межвузовский сборник научных трудов. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1998. – 44-48-бб.
13. Отан тарихын мемлекеттік стандартпен үйлестіріп оқытудың жолдары // Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің дидактикалық даярлығы: Жоғары оқу орындары аралық ғылыми еңбектер жинағы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1999. – 13-16-бб.
14. Қазақстан тарихының білім беру мен тәрбие ісін мемлекеттік стандартпен ұштастыру // Теория и практика реализации Госстандарта при подготовке будущих учителей начальных классов: Межвузовский сборник научных трудов. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2000. – 60-64-бб.
15. Тарихи білім мазмұнын іріктеудегі ұлттық деректердің рөлі // Материалы международной научно-практической конференции «Казахстан на рубеже XXI века: межгосударственные и межнациональные отношения». – Алматы, 2001, 15-16 мамыр. – Алматы, 2001. – 173-178-бб.
16. В.Н. Владимиров. История, карта, компьютер:о возможностях исторического компьютерного картографирования // Круг идей: модели и технологии исторической информатики. М.,1996. С. 297-298.
17. Караваева З. Ф., Некоторые вопросы создания исторических карт. – Геоиздат. – 1956
18. Байпаков К.М. Археологическая карта Казахстана, -246-б, N3521
19. Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. Алматы: Баур, 2007. 424 б.
20. Смагулов Е.А. Находки гемм в Отрарском оазисе // Археологические памятники на Великом Шелковом пути. Алматы, 1993. С. 163-171.

Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

М.С.САТЫЛҒАНОВА

Бітіру жұмысы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

050711 - Геодезия және картография мамандығы бойынша

Алматы 2012
Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: Н.Н.Керімбай

Бітіру жұмысы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

050711 - Геодезия және картография мамандығы бойынша

Орындаған М.С.Сатылғанова

Ғылыми жетекші Н.Н.Керімбай
г.ғ.к., доцент

Норма бақылаушы Е.Б.Қалмұратов
т.ғ.к., доцент

Алматы 2012

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысының тақырыбы: Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері.
Бітіру жұмысы кіріспе, 4 тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бітіру жұмысы беттен, кестеден, суреттен және қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың өзектілігі: Тарихи ескерткіштер еліміздің тарихындағы бірнеше өзекті мәселелердің басын ашуға, сондай-ақ ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі халқымыздың байлығы мен өркениеті, мәдени мұраларымен толықтырып отырады. Елімізде көне қала мен қоныс орындары, суару жүйелері мен зират кешендері сынды ескерткіштер көптеп кездеседі. Олар топографиялық, хронологиялық және этникалық сипаттары бойынша біркелкі емес, бірақ нақ осы жай олардың зерттелуінің маңыздылығын арттырып отыр.
Еліміздегі көне тарихи ескерткіштерді зерттеулердің алатын орны ерекше болып саналады. Өткен күнді тірілтпей көп ұлтты Отанымыз - Қазақстанның бүгінгісін, оның егемендікке қол жеткізуін тану мүмкін емес. Сондықтан да халық тағдырын баян етер тарих пен мәдениетті оқып-үйрену әр адамды отан сүйгіштікке, өз елінің азаматы болуға баулиды. Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанмен де өткенімізбен толық таныса алмайды.
Отанымыздың ұлан ғайыр аумағында әлі де зерттелмеген ескерткіштер- адамзаттың құнсыз ақпарат қоры, оның жоғалмас байлығы болып саналады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: қазіргі таңда ұлттық тарих пен мәдениетке деген талаптың, қызығушылықтың артуы кезеңінде, қоғамдағы сұранысты қанағаттандыру мақсатында, Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру болып табылады. Елімізде ұлттық мәдени мұраларды және Отандық тарихымызды тануға, зерттеуге көңіл аударыла бастады. Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанмен де өткенімізбен толық таныса алмайды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. ҚАЗАҚСТАНДА ТАРИХИ КАРТА САЛУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ...
1.1. Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.2. Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1.3. Қазіргі уақыттағы табылып жатқан тарихи мұралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Алматы облысының физикалық-географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Жамбыл облысының физикалық - географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық жағдайы ... ... ..
1.4. Қызылорда облысының физикалық-географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... .

3. ТАРИХИ КАРТАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ РЕДАКТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Тарихи карталарды құрастыру және редактілеу ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
2.2. Тарихи карталардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Тарихи карталарды безендіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4. Археологиялық барлау. Барлаулар нәтижесінде тарихи карта құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Археологиялық карта ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Тарихи туристтік карта ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3. Мәдени мұра картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.4. Оңтүстік аймақтағы мәдени маңызы бар тарихи ескерткіштер ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының тақырыбы - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ .
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын түрлі негіздерге сүйене отырып құрастыру.
Жұмыстың бастапқы мәліметтері: Ұсынылған дипломдық жұмыстың негізін топографиялық және тақырыптық карталар қолданыс тапты. Жұмыс алдына қойылған міндеттерді орындау кезінде басылымдағы әдебиеттер көздері, газет-журналдар, ғаламтор, қор материалдары пайдаланылды.
Жұмыстың өзектілігі: Археологиялық ескерткіштер еліміздің тарихындағы бірнеше өзекті мәселелердің басын ашуға, сондай-ақ ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі халқымыздың байлығы мен өркениеті, мәдени мұраларымен толықтырып отырады, осыған негізделіп түрлі тақырыпта карталар құрастыру. Археологиялық мәдени мұра осы жәдігерлердің маңызды бөлігін құрайды. Мәдени мұраның заттай бөлігі халықтың материалдық түйсігі. Археологиялық мәдени мұра осының негізі бөлігін құрайды.Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанмен де өткенімізбен толық таныса алмайды.
Жұмыстың құрылымы: беттен, 3 картадан, суреттен, кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс нәтижесінде зерттеу аумағының масштабы 1:2 000 000 археологиялық, мәдени мұра, тарихи - туристтік карталары құрастырылып, олардың электрондық және қағаз бетіндегі нұсқаларын дайындау іске асырылды.

1. ҚАЗАҚСТАНДА ТАРИХИ КАРТА САЛУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.2.Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы

Кез келген дәуірдегі тарихи мәселені ғылыми тұрғыдан зерделегенде, өзінің алдындағы бір немесе бірнеше дәуірлердегі кезеңдермен байланыстыра қарастыруға тура келеді. Тарихты осылайша сабақтастықта қарай білу ғылыми зерттеу жұмысының барысында мәселеге қатысты кейбір жаңсақ пікір білдіруден сақтандырып, дұрыс тұжырымдар жасауға, ақиқат ой қорытуға жол ашады Бұл арада, ең алдымен, Қазақстанда ежелден қалыптасқан тарихи білімнің санада орнығуының ғылыми-теориялық негіздер желісін түзу керек болады.
Қазақстан тарихшыларының ішінде қазақтар арасында ежелден қалыптасқан дәстүрлі тарихи білім ұғымына ғылыми баға беру ең алғаш зерттеуші В.П. Юдинде кездеседі. Ол айтады: Далалық ауызша тарихнаманы көрсететін шығармаларды оның қайнар көзі деуге де болады. Олар тарихи әңгіме жинақтарын - Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тарихи білімінің бөлімдерін көрсетеді. Бұл әңгіме - бастаулар арнайы қара сөз атауына ие болды, яғни ескі сөз, қара сөз деген [7]. В.П. Юдиннің осы айтып отырған Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімі қазақ этносының қалыптаса бастаған Ақ Орда кезеңінен бергі уақытты қамтиды. Осы арада егер қазақтар өзінің түп негізін сақ, үйсіндерден бастаса, онда Ақ Ордаға дейінгі тарихи білім, өзінің бастауларын қалай қалыптастырған деген сұрақ туындайды. Сондықтан біз, өз зерттеуіміздің бірінші тарауында мүмкіндігінше ұлттық тарихи білімнің көзін тауып, оны В.П. Юдин айтып отырған Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне жалғастыра келе, кеңес дәуіріне ұластыруды мақсат еттік.
Археологиялық картаға енген ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынып, заңмен қорғалады. Қазақстандағы кейбір археология ескерткіштер 19 ғасырда әр түрлі археологиялық карталарға енген. Еліміздің археология ескерткіштерінің біртұтас археологиялық картасын жасау ісі 50-жылдары К.А.Ақышевтің жетекшілігімен басталып, 1960 жылы Қазақстанның археология картасы жинағы (орыс тілінде) баспадан шығарылды. Оны әзірлеуге көрнекті археолог-ғалымдар Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, А.Г.Максимова, Т.Н.Сенигова, А.М.Оразбаев, Г.И.Пацевич, М.К.Қадырбаев қатысқан. Жеке облыстар бойынша дәуір-дәуірімен жүйеленіп жасалған бұл археологиялық картаға 5 мыңнан астам ескерткіш енгізілген. Жинақ соңында библиография және география көрсеткіштер берілген. 20 ғасырдың 80-жылдары Қазақстанның әрбір аймағына арналған археологиялық карталар жасау қолға алынды. Оның Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы ескерткіштерді қамтитын алғашқы томы Свод памятников истории и культуры. Южно-Казахстанская область деген атпен 1994 жылы баспадан шықты[1].

Академик М.Қ. Қозыбаев ... біздің Ұлы Сахарада да өркениет 1500-2000 жыл бұрын пайда болды деп есептеуге дәлелдер баршылық [8] - деп шегелеп айтса, онда қазақ халқын өркениеттілікке жеткізген білу мен біліктілікті және тәңірлік дінмен бірге келген білімді, аңыздан басталып, ауыз әдебиетіне ұласқан тарихи білімді, VIII ғасырда ислам дінімен бірге келген тарихи білімді, ойма жазудан басталып, көркем әдебиетке ұласқан дәстүрлі тарихи білімді қалайша жоққа шығарамыз. Сондықтан да бұл мәселе, бүгінгі таңдағы республикалық және халықаралық ауқымдағы конференциялардың негізгі тақырыбына айналып, күн тәртібінен түспей келеді [9].
XVIII-XIX ғғ. Ресейдің әскери адамдары мен ғалымдары: А.И. Левшин, В.Г. Тизенгаузен, Н.А. Аристов, А.Н. Харузин, В.В. Радлов, В.В. Бартольд, Г.Н. Потанин т.б. қазақтың ауызша тарихы туралы естігендерін жазып қалдырғанмен, негізгі борыштары - өз елінің мүддесіне қызмет ету болғандықтан, қазақтың дәстүрлі тарихи білімі олардың бәрін бірдей қызықтыра бермеген. Айталық, ауызша тарихтың білімдік байыбына бармаған Ресей тарихшысы А.И. Левшин қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына дейінгі зейіндік деректерден айналып өтеді [10]. Қазақтарды жойылуға тиіс нәсіл ретінде кемсіткен А.И. Левшинді барынша сынаған В.В. Радлов болса, оған қарама-қарсы пікір айта келіп, қазақтарға отырықшы халықтардың дәуіріне қарама-қарсы тұрған мәдениет өркениетінің баспалдағы ретінде жоғары баға берген [11].
Біздіңше, тарихқа кез-келген зерттеу жұмысын қолға алғанда, американдық антраполг Франц Баос айтқандай, археолгияға, биологияға, лингвистикаға және этнографияға жүгіну жеткіліксіз [12]. Мәселеге олардан маңызы кем түспейтін саяси, әлеуметтік, ұлттық, діни, педагогикалық, психологиялық, әдет-ғұрыптық және көркем әдебиеттік факторлардың да әсер ететіндігі анық.
Сонымен егер ерте уақыттан бергі ауыз әдебиеті ауызша тарих айту дәстүрінің дамуына ықпал етіп, Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне жеткізсе, қазақ хандығы кезіндегі жыраулар поэзиясы Зар заман ақындарымен жалғасын тапқан тарихи білімге ұласса, оны XIX ғ. сонындағы қазақ ағартушы-ойшылдары одан әрі дамытып, кеңес дәуіріне дейін әкелсе, ал кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті ауызша тарихты астарлы түрде дамыта білсе, онда қазақ халқының діліне тән әдебиет арқылы келген ауызша тарихи білімдегі шындықты дерек көзі ретінде қарау басымдығы туындайды. Осыған қосымша, біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсеткендей, бүгінгі ұлттық тарих ғылымы, заман ағымына орай, өзінің зерттеу ұстанымдарында тағы да мынандай жаңа 3 басымдықтарға жетуді қажетсінеді:
1. Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасуы тарихи білімдегі зерттеу ұстанымында геосаяси мүмкіндіктермен санасу әдіснамасы сияқты жаңа туындап отырған басымдықты қажетсінеді;
2. Қазақстан аумағындағы түркі мәдениетіне арап, парсы, қытай тілдік мәдениеттерінің орыс мәдениеті ықпалының әсер етуінен кем болмағандығын көрсету - тарихи шындыққа жетуге көмектеседі;
3. Екі ғасырдан астам уақыт қуғын-сүргін көргеніне қарамастан ислам діні өзінің өміршеңдігін сақтап қалды. Ендеше, бүгінгі тәлім-тәрбие ұстанымында, қазақ тарихындағы ислам дінінің басымдық рөлін жоққа шығара алмаймыз. Осы арадағы тәлім сөз тіркесінің кезіндегі білімнің мағынасын атқарған рөлін ескерген дұрыс.
Сан ғасырлар бойы тәңірлік дінді берік ұстанған сақ-үйсіндер тарихи білімнің дін арқылы дамыған үлгісін түрік тілдестерге аманат ретінде қалдырған. Түркіленуге негіз болған хұндардың билеушісі үйсін жұртында қалған жас нәрестені қасқыр баққаннын естіп, киенің құдіретіне жорыған. Кейін ер жете келе, жаңағы бала, әкесінің жұрты - Үйсін еліне ие болған. Бұл оқиға шамамен б.д.э. II ғасырдың кейінгі жартысына тән. (Қараңыз. Ежелгі үйсін елі. - Үрімжі, 2005. - Б. 13, 31). Демек, бастауын сақтардан өрбітетін отандық тарихымыздың өзі тәңірлік дінмен қабысқан тарихи білімнің нәтижесі.
Қазақ жеріне VIII ғасырдан енгізілген ислам дінінің ықпалы бұрыннан бар тұрмыстық білімді ғылымға бейімдеп, IX-XII ғасырларда Қазақ елін бүкіл әлемге танытқан бірнеше ғұлама-ойшылдарды тарихи аренаға шығарған, ал олардың бәрі ислам дінін мемлекеттік дін ретінде мойынсұнған еді. Тіпті ұлы Шыңғысхан ұрпақтарының өзі оның көзі жұмыла салып, ислам дініне мемлекеттік мәртебе бергені тарихтан белгілі. Ендеше, бұл тарихи оқиға да дәстүрлі тарихи білімдегі діннің деректік мәнін көрсетеді.
Қазақ елінің тарихи білімдік ой-санасын қалыптастыру тарихшы-ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидың да үлесіне тиседі. Ол өзінің Тарих-и Рашиди еңбегінің беташарын Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаған. Егер біз Тарих-и Рашидидің қазақша мағынасын Хақ жолындағылар тарихы деп аударып жүрсек, онда Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың ұрпаққа қалдырған мұрасында хақ сөзін назарға алуы бекер емес. Демек хақ дін - ислам дінімен бірге келген тарихи білімнің жетістігі болып табылады.
Тәңірлік және мұсылман дін тұтастықтары Ақ Орданың кезінен басталатын этникалық бірлік негізіндегі тарихи білімге жеткізсе, ол осы аралықтарда қалыптасқан қазақы діл дерегінің нәтижесі. Осы арада халқымыздың ділін оның тарихымен бірге қарастыруды жақтайтын қазақстандық философ А. Қасабектің пікіріне қосарымыз, ислам дінінің қазақы ділге ғана емес, қазақтың ауызша тарихына да ықпалы болған.
Ұлттық тарихи білімді қалыптастыруға дәнекер болған діл дерегі қазақ халқына тән рухани құндылықтардың қалыптасуын да тездетті. Жауінгерлік дәстүрді орнықтырған Ер Тарғын, Қобыланды, Алпамыс жырлары мен дәстүрлі үйлену тойы, ұл және қыз баланы тәрбиелеу дәстүрін орнықтырған Қыз Жібек, Мақпал, Бозжігіт дастандары қазақтың еңбек қарекеті, әдет-ғұрыптары, халықтық ойындары мен мейрамдары, музыка және зерделі сөз өнерлері арқылы бір-бірімен өз үндестіктерін тауып жатса, бұл - тарихи білімді дамытудағы ділдік деректің маңызын айғақтайды.
Қазақ хандығы дәуірінде осы ділдік ерекшеліктерді тарихи білімде орнықтырудың жаршылары билер мен жыраулар және сал-сері, ақын-сазгерлер болды. Ал Ресейге еріксіз бодан болған тұста ол дәстүрді Зар-заман атауын алған ақындар мен қазақ ағартушы-демократтары жалғастырды. Бұлардың тұсында тарихи білімдегі шежірелік дәстүрді хатқа түсіру жанданып, ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары арқылы астарлы мәнге ие болған тарихи білім өзін ел мен жер мәселесі, ұлт пен ұрпақ қамы, отарлық езгіні айыптау, халықты азаттыққа, теңдікке үндеу, оқуға, ғылымға тарту, еңбекке баулу бағытындағы дамуға бағдар ұстанды. Кеңес дәуірінің алғашқы екі он жылдығында, ұлттық тарихты білім ретінде жүйелі оқытудың ғылымға негізделген кезеңі басталғанда, М. Тынышбаев, С. Асфендияров, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгеров сияқты кәсіби қазақ тарихшылары шындықты айтудың құрбандарына айналып кете барды.
Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасуында ғасырлар бойы тарихпен қатар жүріп отырған қазақ әдебиетінің деректік рөл атқарғаны біздің зерттеуіміздің негізгі арқауы болып отыр. Қазақ әдебиетінің тарихи деректік рөлі кеңес дәуірінің өзінде-ақ әдебиетші ғалымдар тарапынан дәлелденген. ХХ ғасыр басындағы Ә. Бөкейханов бастаған алаш арыстарынан бері қарай М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жумалив, І. Есенберлиндердің жолын З. Ахметов, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, Т. Кәкішев, Н. Келімбетов, Т. Ақселеу, Қ. Салғара сияқты көрнекті филолог ғалымдар өздерінің іргелі зерттеулері арқылы ұлттық әдебиетпен келген тарихи білімді дамыта білді. Олар ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бірлігін тарихи дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғылыми негізде дәлелдеді. Сол себепті б.з.б. дәуірлерде шығарылған Алып Ер Тоңға, Шу батыр, Атилла, Көк бөрі және Ергенеқон дастандары бүгінгі Қазақстан тарихының ауызша айтылуындағы дерек көздері болып табылады демекшіміз. Сондай-ақ, аталған тарихи дастандар өзінен кейінгі Түрік қағандығы тұсындағы тарихи Күлтегін, Тоныкөк, Білге Қаған жырлары ғылымға дейінгі тарихи білімдік жәдігерлердің жазылуына үлгі-өнеге, негіз болды. Түрік қағандығында жазба әдебиет негізіндегі тарихи білім өзінен бұрындағы сақтар мен үйсіндердің және ғұндардың ауыз әдебиетіндегі тарихи білім үлгілерімен генезистік типологиялық дәстүрлік үндестікте дамыды.

1.2. Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары

XV ғасырда өзінің ұлттық келбетін орнықтырып, халық ретіндегі тарихын бастаған қазақтар, жадылық есте ұстау арқылы ежелден қалыптасқан түркілердің дәстүрлі тарихи білімін ауызша тарихтың классикалық үлгісі - шежіре айту дәстүріне жеткізді.
Егер, қазақ халқындағы Тегін білмеген тексіз, Жеті атасын білмеген жетесіз деген зерделі сөздердің байыбына үңілсек, ұрпақты шыққан тегі мен туған атасын білуге бағыттау сияқты тарихи білімгдік өнегені көреміз. Бұл-бір жағынан. Екінші жағынан, сол зерделі сөз жолдары елдің бірлігін, оның ұлттық белгісін сақтауды білдіреді. Үшіншіден, қазақта ұран сияқты орны бар осы киелі сөздер әрбір қазақтың зердесінде сақталып, күні бүгінге дейін ділдік ерекшелігіміздегі өзіндік үлесін жоғалтпай келеді.
Жеті атадан тарайтын үрдіс туыстық аралық қатынасқа (жігіттің үш жұрты) жеткізіп, біртіндеп бүтіндей бір ұлттың (қазақтың) тұрмыс-салт нормаларына ұласты. Бұл қоғамдық өмірді реттейтін заң, кодекс деңгейіне көтерілген. Жазба заңның орнына ауылыңда қарияң болса, сызып қойған хаттай болады деген сарынмен бірден-бірге сөз мұрасын қалдырып отыратын ақсақалдар болды. Бұлар заң кітабының (кодекс законов) орнына ұсталды [20, б. 40]. Демек, туыстық қарым-қатынастар сияқты табиғи тарихи білім нәтижелерінен қорытынды шығару үшін жеті атаңды біліп, шежіре тарата білу қазақ дәстүрінде өмірлік қажетке айналып келген. Біздің өзіндік ділі бар ел болуымыздың да түп қазығы осында. Ендеше тұнып тұрған тарихты баяндайтын осы шежіре тарихи білім қорын түзетін киелі деректің нағыз өзі.
Зерде категориясы мен шежіре айту дәстүрі ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуындағы ең басты буын болғанмен, біз жалпы ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен даму бағытын тұрмыстық, ғылымға дейінгі және ғылыма-теориялық деп 3-ке жіктеп, оның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі құрылымын 7 дәуір, 5 кезеңге бөлуді жақтаймыз:
1-ші бағыт (тұрмыстық тарихи білім) 2 кезеңнен тұрады:
а) Тарихи білімнің пайда болу кезеңі;
б) Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасу кезеңі.
Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке дәуірге бөлінеді. Осы арада тарихта айтылатын тас дәуірі мен алғашқы қауымдық құрылыс аралығында қалыптаса бастаған тарихи білімді түгелімен 1-ші дәуірдің үлесіне кіргіземіз. Осы дәуірдегі тарихи білім нышандары табиғат құпияларын білуге ұмтылу сияқты философиялық ұғым шеңберінде бой көтере бастайды. Ал тарихтағы сақ-үйсін дәуірі мен түркі дәуірі аралығында дами бастаған тарихи білімді 2-ші дәуір үлесіне кіргіземіз. Бұл дәуірдегі тарихи білім нышандары философиялық ұғымдағы зерденің төменгі сатысы-пайымдау арқылы мүмкін болады.
2-ші бағыт (ғылымға дейінгі тарихи білім) үлкен бір кезең (есеп бойынша 3-ші кезең) барысында қалыптасқанмен, бұл кезең 3 дәуірге бөлінеді (III-IV-V дәуір). 3-ші дәуір қазақ жеріне арабтардың келуінен Ақ Орданың дүниеге келуі аралығын қамтыса, ол философиялық ұғымдағы дін арқылы болжау нәтижесінде болған тарихи білімді дүниеге әкелді. Осы 2-ші бағыт ішіндегі 4-ші дәуір қазақ хандығының қылаптасуынан бастап, Ресейге еріксіз бодан болған тұстағы ұлттық тарихи білімнің пайда болуын философиялық ұғымдағы зерделеудің нәтижесі деп түгінгеніміз жөн. Ал 2-ші бағыт ішіндегі 5-ші дәуірдегі ұлттық тарихи білім, ұлт-азаттық қозғалыстар арқылы бой көтеріп, зар-заман ақындары арқылы қазақ-демократ-ағартушыларының көзқарастарына ұласса, бұл үрдіс философиялық түсініктегі зерделі сын арқылы жүзеге асты.
3-ші бағыт (ғылыми-теориялық тарихи білім) 2 кезең және, 2 дәуірге бөлінеді. Мұндағы 1-ші кезең (есеп бойынша 4-ші кезең), 6-шы кеңес дәуірі кезінде саясат арқылы жүйелі жолға түсіп, 1935 жылдан бастап идеологиялық жағынан қыспаққа алынған тарихи білім. Ал есеп бойынша, 5-ші соңғы кезендегі ұлттық тарихи білім 7-ші тәуелсіздік дәуірімен бірге келіп, қайта жаңғырып отыр.
Сөйтіп көріп отырғанымыздай зерттеу жұмысымызда ұлттық тарихи білімнің қалыптасуының кезеңдері мен дәуірлерін толық ашпай, XX ғасырдағы тарихи білімнің даму ерекшелігін көрсету де мүмкін болмады.

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

1.1. Алматы облысының физикалық-географиялық жағдайы

Географиялық орны, территориясы мен шекаралары
Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. Атлант мұхитынан 3300-3600 км, Солтүстік Мұзды мұхитынан 3000-3500 км, ал Тынық мұхитынан 4000-4500 км қашықтықта орналасқан.
Оның географиялық координаттары: 42º15' және 46º30' с.е., 74º05' және 80º45'ш.б.
Облыстың территориясы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыс бағыты бойымен 150-200 км-ден 600 км-ден астам қашықтықта созылып жатыр.
Қазіргі уақыттағы Алматы облысы Ұлы Қазан социалистік төңкерісіне дейін бұрынғы Жетісу облысының аумағына кірген. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Жетісу губерниясының солтүстік бөлігі ретінде Түркістан республикасының құрамында болған. Ал 1924 жылы Қазақстандағы Алматы округінің негізгі бөлігін құрады.
Алматы облысы жеке облыс ретінде 1932 жылы құрылған болатын. Сол кезде оның жер көлемі қазіргіден 4 есе үлкен болатын: қазіргі территориясынан басқа оның құрамына бүкіл Талдықорған облысы, Семейдің оңтүстік аймақтары, Қарағандығының оңтүстік-шығысы және Жамбыл облысының шығыс бөлігін қамтыды. Алматы облысының қазіргі шекаралары 1994 жылы 16 наурызда қалыптасқан болатын.
Облыстың ауданы 224 мың км²-ты құрайды. Ол өзінің ауданы жағынан Әзербайжан, Армения, Грузия, Эстония, Латвия, Литва және Молдова, Австрия, Португалия және Нидерланды сияқты мемлекетттерден алдыда.
Облыс шығыста Қытай Халық Республикасымен шекараласады; мемлекеттік шекара солтүстіктен оңтүстікке қарай Іле өзенінен бастау алып, Кетмен жотасын кесіп өтіп, Хан-Тенгри массивіне қарай созылған.
Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстары мен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қарғызстан Республикасымен шектеседі.
Облыс территориясының көп бөлігі оңтүстікте Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тау жоталарынан құралған: Іле алды Алатауы, шығысы Кетмен жотасы, Теріскей Алатауымен жалғасқан Күнгей Алатауы.
Облыстың солтүстігінде құм, тақыр және сордан тұратын Оңтүстік Балқаш алды шөлейтті жазық орналасқан.
Облыстың осындай географиялық орналасуы табиғи жағдайларының алуандылығына себеп болды: жер бедері, климаты, топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі Алматы облысында әртүрлі шаруашылық салаларының дамуына әсер етті.
Облыс территориясын Семей-Арыс теміржол жүйесі кесіп өтеді. Ол облыстың және мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал етеді.
Облыс территориясы бойынша Іле өзені ағып өтеді.
Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай,Талдықорған,Текелі) бар.

Жер бедері
Жер беті құрылымы бойынша облыс екі әртүрлі бөлікке бөлінеді:
оңтүстік - таулы және солтүстік - жазықтық. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тау жоталары орналасқан - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік таулары. Облыстың солтүстік және солтүстік-батысын Балқаш алды шөлі алып жатыр.
Облыс шекарасын Тянь-Шань тау жүйесінің орталық бөлігін Іле алды Алатауы алады.
Қарлы шыңдар тән болып келетін ірі тау жүйесі Іле жазығынан тік көтерілген. Тау етегіндегі суармалы жерлерде халық тығыз орналасқан.
Жоталардың орналасуы ендік бағытта. Оның ұзындығы 250 км және ені 40-60 км. Морфологиялық жағынан Іле алды Алатауы батыс, орталық және Шығыс болып үшке бөлінеді. Батыста Іле алды Алатауы екіге бөлінеді: Солтүстік бөлігі Қастек асуынан кейін Кіндіктас таулары атауына ие болады, оңтүстігі Қырғыз Алатауы жотасы бастау алатын Шу өзені алабын алып жатыр. Іле алды Алатауының шығысы жанасып орналасқан Сюгат, Богут және Торайғыр жоталарына жалғасқан.
Іле алды Алатауының ең биік нүктесі жотаның орталық бөлігінде орналасқан Талғар шыңы (5017 м). Жотаның орталық бөлігінде қазіргі мұз басу процесі орын алынған. Іле алды Алатау жеріндегі ауданы, Н.Н.Пальгов мәліметтері бойынша, 484 км², ал мұздықтардың жалпы саны - 265.
Қар биіктігі 3800-4100 м аралығында, ол солтүстік беткейлерде төмен (3800-3900 м) және оңтүстігінде жоғары (4000-4100 м). Мұздықтар алабының етектері солтүстік беткей бойымен 3200-3500 м-ге төмендейді. Іле алды Алатауындағы ең ірі мұздықтардың бірі - Корженевск мұздығы (жотаның оңтүстік беткейінде) ұзындығы 12 км-ге жетеді, Дмитриев мұздығының ұзындығы 6,6 км, Конституция - 4,6 км, Тоғызақ - 4,5 км, Калесник - 4 км және т.б. Бұл мұздықтар өзінің кең фирнді далаларымен жота беткейлерін терең тілімдейтін көптеген өзендердің қоректену көздері болып табылады.
Іле алды Алатауының тік қимасы қабатты құрылысымен сипатталады. Биік таулы қабат терең тілімденуімен ерекшеленеді. Бұл - тік және жартасты беткейлер зонасы.
Төменірек таулы бедердің терең тілімденген қабаты орналасқан. Бедердің типтік элементі болып террасалары нашар сақталған участкелі тік беткейлі өзен алаптары табылады. Іле алды Алатауының барлық биік таулы және таулы қабаты палеозой жыныстарынан құралған. Төмен таулы бедер Іле алды Алатауының шығыс және батыс бөліктеріне тән. Ол кең алаптармен бөлінген ұсақ шоқылардан тұрады.
Іле алды Алатауының оңтүстігінде Шелек пен Үлкен Кебін өзендері алаптарын бойлай Күнгей Алатауының қарлы шыңдар жүйесі орналасқан.Ол Алматы облысының құрамына тек қана өзінің шығыс бөлігінің солтүстік беткейімен ғана кіреді. Жотаның биіктігі Шелек-Кебін тау жүйесінің маңында 4600 м, шеткі шығыс бөлігінде 3000 м-ге дейін төмендейді.
Күнгей Алатауының шығыс бөлігіндегі солтүстік беткейі гранит, кварцты диорит, аплит, құмдақ, саз, мергель мен орта және төменгі карбонның ізбесті тасынан тұрады.
Күнгейдің шығыс бөлігінің етегінде, Шелек пен Шарын өзендерінің аралығында Жалаңаш жазығы созылып жатыр. Оның солтүстігінде Сюгаты кең алабымен бөлінген Торайғыр аласа таулы массиві (биік нүктесі 2403 м) және Сюгаты-Богаты таулары орналасқан.
Алматы облысының аумағында орналасқан Теріскей алатаудың солтүстік беткейлері 2000 м биіктікке дейін көтерілетін Текес өзенінің жоғарғы ағысының тау аралық алабында төмендейді. Жота көптеген шыңдары мәңгі мұз және мұздықпен жамылған жыралармен тілімденген.
Теріскей Алатауының солтүстік шығысында Қопыл, Ұлытастау (3920 м), Бас-Ұлытау (3430 м), Ельчен-Буйрюк (3015 м), Қаратау (3686 м) массивтері орналасқан. Олар Текес алабын Кеген тау аралық алабы мен Үшхасан үстіртінен бөліп тұр.
Жоғары аталған биік емес массивтер жазық көтерілімдер жүйесін құрайды. Тау беткейлері қылқан жапырақты ормандар басым болып келетін өзен алаптарымен тілімденген.
Алматы облысының солтүстік-батыс бөлігі теңіз деңгейінен 500­ден 350 метрге дейінгі биіктіктегі жазықтық болып табылады. бұл жазықтық төрттік кезеңнің аллювиальды және эолды шөгінділерден құралған. Оның көп бөлігін Сарыншық­Атырау, Тауқұм және Қорғанқұм құмдары алып жатыр. Осы құмдар бедерінің негізгі элементтері болып тізбектер мен адырлар табылады. Олардың биіктігі 80 метрден аспайды. Баурайларына ксерофитті өсімдіктер жамылғысы тән.
Іле өзенінің дельталық бөлігінде көптеген құрғақ сағалармен тілімденген кең Бақанас жазығы созылып жатыр.
Тақырлы сазды жазық үшін сорлардың кең таралуы тән.
Ежелгі ағынның негізгі салалары болып Шет­бақанас, Орта­бақанас және Нарын­бақанас табылады. Шет­бақанастың жалпы ұзындығы 240 км, ені 25­85 метр. Орта­бақанастың ұзындығы 165,5 км, орташа ені 100­150 м, максималды ені 800 м­ге дейін. Нарын­бақанастың ұзындығы 253 км, ені 150­200 м.
Балқаш алды жазығының аймағында Жоңғар Алатауының оңтүстік­батыс таулары ( Құланбасы мен Малайсары) және Қарой мен Бозой үстірттері орналасқан.

Жер үсті және жер асты сулары
Алматы облысының территориясындағы жер үсті сулары әркелкі
орналасқан. Бұл бедер сипаты және климаттық факторлармен түсіндіріледі.
Облыстың таулы аймағында кең тарамдалған өзен жүйесі бар. Іле алды Алатаудағы оның тығыздығы 100 км²­қа 30-35 км-ді құрайды.
Облыстың жазық бөлігі тұрақты су ағындарына кедей. Облыстың ең ірі су артериясы болып Іле өзені табылады. Ол Қытай Халық Республикасы аумағында Күнгес пен Текес өзендерінің ағып келіп қосылуынан бастау алады. Текестің жоғарғы ағысы Қазақстан территориясы арқылы ағып өтеді.
Біздің республикамыздың аумағына өтіп, Іле өзені оңтүстігінде Кетмен мен Іле алды Алатауы жоталарының арасында және солтүстікте Жоңғар Алатауында орналасқан орналасқан кең Іле жазығы арқылы ағып өтеді. Қапшағай шатқалынан төмен Іле өзені Балқаш маңы шөлін кесіп өтеді.
Бақанас ауылынан төмен өзен кең дельтаны құрай отырып, екі атырауға бөлінеді. Іле өзенінің негізгі саласы Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс бөлігіне келіп құяды, сонымен қатар, дельтаны құрайтын атыраулардың бірнешеуі Балқашқа жетпей құмдарға сіңіп кетеді.
Іле өзенінің жалпы ұзындығы Текес өзенінің бастауынан және Балқаш көліне дейін 1380 км-ді құрайды, ал бассейннің ауданы 134400 км².
Іле өзенінің қоректену типі аралас болып келеді. Көбінесе наурыздың соңы мен сәуірдің басында көктемгі су тасуы басталады, мамыр айында тау қарларының еруінен су тасуы болады. Көктемгі су тасу мұздықтар мен биік таулардағы қарлардың еруі есебінен болады. Тамыз айының соңынан бастап бәрі басылады да, қыркүйекте өзен суының төменгі сабасы деңгейі орнайды.
Іле өзенінің Іле поселкесінің маңындағы орташа жылдық шығыны 461 м³сек-ты құрайды. Іле қаңтар айында қатып, наурызда ашылады.
Облыстың басқа өзендері Іле бассейніне жатады. Іле өзенінің Алматы облысы аумағындағы ірі сол жақтағы салалары болып Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелен өзендері табылады. Шарын өзенінен басқалары өз бастауларын Іле алды Алатауының солтүстік баурайындағы мұздықтардан алады.
Шарын өзені Кеген мен Қарқара өзендерінің ағып келіп қосылуынан бастау алады. Қарқара өзені Теріскей Алатау жотасының солтүстік баурайынан бастау алса, Кеген Кетмен жотасының оңтүстік баурайынан басталады. Шарынның ұзындығы 346 км, бассейнінің ауданы 9035 км². Ол аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Су тасуы сәуір айында басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Максималды су шығыны мамыр­маусым айларында анықталған болатын. Қыстың басында тұрақты өзен суының төменгі сабасы орнайды. Орташа көпжылдық шығыны - 34,2 м³сек.
Шелек - Іле өзенінің ірі саласы. Оның ұзындығы 240 км, бассейн ауданы 5349 км². Шелек өзені Шелек­Кебін тау жүйесінің ірі мұздықтары Жаңғырық, Богатырь және Қорженевсктен бастау алады. Тау бөлігінде өзен көп сулы ағынымен ағысты жерлер мен сарқырамалар құрып ағып өтеді. Жазыққа шығар жерінде көптеген атырауларға бөлінеді. Ілеге екі ағыспен Үлкен Шелек пен Құр Шелекпен ағылып құйылады. Шелек ­ аралас қоректеннетін өзен. Көктемгі су тасу мамыр айында басталады. Өзеннің ең көп шығыны тамыз айында болады. Судың ең аз шығыны наурыз айына тән. Малыбай ауылы маңындағы көпжылдық орташа су шығыны 34,2 м³сек.
Түрген өзені Шет­Түрген, Орта­Түрген және Кіші Түрген өзендерінің қосылуына пайда болады. Өзеннің ұзындығы 104 км, бассейн ауданы 929 км². Оның максимумдық шығыны шілде айына келеді. Ең аз сулық наурыз айында байқалады. Орташа көпжылдық шығыны 6,64 м³сек.
Есік өзені Есік мұздықтарының тобынан бастау алатын Тескен су мен Жарсай өзендерінің қосылуынан басталады. Өзеннің жалпы ұзындығы 110 км, бассейн ауданы 1143 км². Оның көпжылдық орташа шығыны 5,03 м³сек.
Алматы облысының өзендері жылдың ыстық уақытында суының молдылығымен ерекшеленеді. Бұл биік таулардағы қарлар мен мұздықтардың еруіне тікелей байланысты. Олар бау­бақшалар,даланы суару үшін және суэлектр станциялары құрылысы үшін кеңінен пайдаланылады. Бұндай мақсатта Шарын, Шелек, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелен, Есік, Талғар және т.б. өзендер кеңінен пайдаланылады.
Алматы облысының үлесіне барлық республиканың су энергетикалық ресурстарының 14,2%-ы тиесілі. Көптеген өзендерде су электр станциялар салынған. Олардың ішіндегі ең ірісі Озерная су электр станциясы Үлкен Алматы өзенінде 1954 жылы салынған болатын. Озерная СЭС іске қосқаннан бастап, республика бойынша жұмыс істейтін барлық СЭС­дың қуаты екі есеге артты. Бұл станция мемлекетте ең биік таулы болып табылады, ол жаңа агрегаттармен жабдықталған, басқаруы толығымен механикаланған.
Облыс шаруашылығында Іле өзені маңызды рөл атқарады. Ол маңызды транспорттық магистраль болып табылады. Іле поселкесінен ағыспен жоғары қарай мемлекет шекарасына дейін кеме және катер жолдары бар. Балық аулау барлық ағыс бойында дамыған, әсіресе осы қатынаста дельта маңызды, мұнда көбінесе сазан мен маринка ауланады. Өзеннің дельтасында терісі қымбат аң егеуқұйрық жақсы бейімделген. Қазіргі уақытта оның өнеркәсіптік маңызы зор.
Төменгі ағыста Іле өзенінің сулары суару үшін пайдаланылады.
Алматы облыста көлдер мол болып келеді. Олар биік тауларда және Іле өзенінің дельтасында орналасқан.
Бөгелген мұзды көлдерге Үлкен және Кіші Есік және Үлкен Алматы көлі жатады.
Үлкен Есік көлі Тянь-Шаньның көрікті таулы көлдерінің қатарына кіреді. Ұзындығы 2,5 км, ені 1,5 км және тереңдігі 50 м. Есік өзені көлден ағып өтіп биіктігі 200 м­ге жететін сарқырама болып ағады. Көл қараша­желтоқсан айларында қатады. Мұздың қалыңдығы 20 см­ге дейін жетеді. Көлдің еруі наурыз­сәуір айларында болады. Оның суы тұщы, салқын, түсі жасыл­көгілдір.
Үлкен Алматы көлі Үлкен Алматы өзенінің бастауынан 10-12 км қашықтықта орналасқан. Көл ұзындығы бір километр шамасында, ені 500 м, тереңдігі 38 м. Суы тұщы. Көл қараша айының алғашқы жартысында қатады.
Әр түрлі типті көлдер тау бөктерлерінде орналасқан. Оған мысал Нарынқол ауданында орналасқан Тұзкөл болады.
Іле өзенінің дельтасында көлдер көп, әсіресе
Облыстағы ең үлкен көл - Балқаш. Көлдің оңтүстік­батыс бөлігі Іле өзенінің суларымен қатты тұзданған. Мұнда балықтардың көп мөлшері ауланады. Жағалаудағы қамыс тоғайлары құрылыс материалы ретінде пайдаланылады.

Топырағы
Облыстың табиғат жағдайларының алуандылығы оның топырақ
жамылғысының әркелкі болуына тікелей әсер етеді. Топырақ қасиеттерінің өзгерісі тік ландшафт зонасы бойынша байқалады. Топырақ типтерінің вертикалды өзгерісінен басқа оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгереді.
Алматы облысының территориясында сұр топырақ кең таралған. Олардың таралған ареалдары болып тау бөктерлері мен тау аралық жазықтар және Балқаш маңы табылады. Құрамындағы гумустың аздығына қарамастан сұр топырақ ауылшаруашылық мәдениеттерін өсіруде жарамды және жемісті болып келеді. Оның негізгі аудандары Іле өзенінің ежелгі дельталарында таралған. Бұл топырақтарды суару құмды массивтерде орналасу себебінен қиынға соғады.
Іле өзенінің сол жақ жағалауында Шелек, Еңбекші Қазақ, Іле аймақтарында шалғындық кең топырақ кең таралған. Сұр топырақ зонасының көп ылғалданған участкелерінде тұзданған шылғындық­батпақты топырақтар қамыс тоғайлары толы. Сұр топырақ зонасының басқа аудандары құмды массивтер болып келеді.
Облыстың тау бөктерлерінде қоңыр және қара топырақ зонасы дамыған. Қара­қоңыр топырақтағы гумустың мөлшері 3,5­4,5%, ашық­қоңыр топырақта ­ 2­3,5%.
Қара топырақ Іле алды Алатауының жоғарғы тау бөктерлерінде таралған. Алматы қаласы мен Талғар ауылының арасындағы қара топырақ зонасының ені 25 см­ге дейін жетеді. Алматыдан батысқа қарай оның ені кішірейеді. Қара топырақтағы гумустың мөлшері 4 пен 10% шамасында.
Осы зонаның көп ылғанданған участкелерінде шалғынды­қоңыр мен шалғынды қара топырақ таралған. Тау бөктерлеріндегі топырақ егін шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бұл облыстың ең жақсы егістікке жарамды жерлері.
Іле алды Алатауының шығысында, Күнгей Алатауының оңтүстік баурайларында және Кетмен жотасында таулы­шалғынды­далалы топырақтар таралған.
2900­3400 м биіктікте биік тауларда таулы­шалғынды топырақ кездеседі. Оның өсімдік жамылғысы жазғы жайылым үшін өте қолайлы болып келеді. Жоталардың биік деңгейлерінде мәңгі қарлы және мұздықты белдігінде қаңқалы топырақ кездеседі. Бұл участкелер таутеке мен арқарлардың жазғы жайылымы үшін қолайлы.
Алматы облысының жер қоры мол.
Егістік үшін қара топырақ, қоңыр, сұр топырақтары қолайлы.
Егістікке жарамды топырақтардың ауданы облыстың барлық территориясының 25%­ын алып жатыр.

Өсімдік жамылғысы
Алматы облысының өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Ол
топырақты­геоморфологиялық және климаттық жағдайлардың әркелкілігімен түсіндіріледі.
Өсімдік жамылғысының таралуына топырақтың таралуындай тік белдемдік тән. Ол теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте орнласуымен түсіндіріледі. Жота баурайларының экспозициясы да маңызды рөл атқарады. Жотаның жеке бөліктерінде тік белдемділіктің шекара деңгейі әркелкі.
Облыстың солтүстік бөлігін Оңтүстік Балқаш маңының шөлді жазықтары алып жатыр. Оның көп бөлігінде сусымалы құм, тақыр және сор массивтері дамыған. Мұндағы климат шұғыл континентті, құрғақ. Жауын­шашын мөлшері 125­135 мм. Жазық бөлікте жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер (биіктігі 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі, боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай қожағайы, т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Жануарлар дүниесі
Алматы облысының фаунасы бай әрі алуан түрлі. Ол табиғи жағдайларының әркелкіліне байланысты болып келеді. Облыстың фаунасының қалыптасуында адам рөлі аса зор.
Облыстың шөлді және таулы аймақтары жануарлар дүниесіне өте бай. Жыртқыш аңдардан кең тарағаны қасқыр мен түлкі. Қасқыр барлық жерде кездеседі. Яғни Балқаш маңынан бастап альпілік шалғындықтарға дейін кең тараған. Ол мал шаруашылыған көп зиян келтіреді, қасқырлар бағалы, жабайы аңдардың көздерін құртады: елік, қарақұйрық, жабайы шошқа және қоян. Соған байланысты қазіргі уақытта қасқырларды жоюға аса үлкен назар аударылып отыр.
Облыстың түлкінің екі түрі кездеседі: қарсақ және кәдімгі. Осы екі түрдің де өнеркәсіптің маңызы бар. Облыстың таулы аймақтарында басқа жыртқаштардан ақ барыс, желіс және аю кездеседі. Іле өзенінің сағасындағы қамыс тоғайларында жабайы мысық ­ манул мекен етеді. Кезінде бұл жерде жолбарыс мекен еткен.
Облыстың солтүстік­батыс шөлді­далалы бөлігінде ақбөкен кездеседі. Төңкеріске дейін ақбөкендерді мүйіздері үшін аулап, Қытайға экспортқа шығарылатын. Еті мен терісі де кең пайдаланылған болатын. Соның керісінен ақбөкендер саны азайып, тіпті кейбір аудандарда жойылып кетті. Қазіргі уақытта ақбөкендерді аулауға тиым салынған соң, олардың саны көбеюде.
Облыстың оңтүстік­шығыс бөлігінде тауларында терісі бағалы болып келетін суыр кездеседі.
Алматы облысына сасық күзен, аққалақ және ақтышқан тән.
Құстар дүниесі де бай болып келеді. Дуадақ, үйрек, қаз, қарғауыл, кекілік, аққу, тарна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға, т.б. мекендейді. Бауырмен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке; зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі, т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, шармай, алабұға, аққайраң, т.б. балықтар бар.

1.2. Жамбыл облысының физикалық - географиялық жағдайы

Географиялық орны, территориясы мен шекаралары
Жамбыл облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдала дан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы -- 144,2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы -- Тараз.

Табиғаты
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картографиялық өнімдердің географиялық сипаттамалары
Жалпы географиялық карталар
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру
Карталарды құрастыру тәсілдері
Аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру
Пәндер