Абай - дана, Абай – дара тұлға



Кiрiспе 2
1. Өмірбаяны 3
2. Абай . дана, Абай . дара тұлға. 4
3. Абайдың ақындығы. 6
4. Абайдың аудармалары. 7
5. Абайдың қара сөздері. 8
6. Абайдың табиғат лирикасы 12
7. Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 15
Қандай елдiң болсын мақтан тұтар ұлдар болатыны белгiлi. Мiне қазақ халықының осындай бiр мақтан тұтар ұлдарының бiр-ғұлама ойшыл әрi бiр туар ұлы ақыны- Абай Құнанбаев.
Оның өмiрi мен творчествасы қазақ елi үшiн әлi күнге дейi биiк әрi болашақтың жарқын бағдары iспеттес болып отыр.
Мен өзiмнiң осы бiр қысқа ғана жұмысымда ұлы қазақ ғұламасының жарқын өмiрiнен бiрер мәлметтер бере кетудi мақсат етiп отырмын.
Сондай-ақ мен өз жұмысмда ұлы қазақ ақынының қазақтың ұлттық мемлекет құруға қатысты идеяларына қысмқаша тоқтала кеткiм келiп отыр.
Абай өмiрден өткелi мiне бiр жарым ғасыр өттi, алайда дегенмен оның еңбектерi дәл бiздер өмiр сүрiп отырған күндердiң өзiнде де өте актуальды әрi қоғам үшiн қажет болып отыр.
1. Абай Энциклопедия 1995ж.
2. Әуезов М.О. Абай Құнанбаев (мақалалар мен зерттеулер).
3. Абай,1967; Абай тағлымы (әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер).
4. Абай,1943; Ахметов З. Оқулық: “Қазақ әдебиетi” 10-сынып, 1998;
5. Х. Сүйiншәлиев «Қазақ әдебиетiнiң тарихың. Алматы 1997 ж.
6. М. Мекемтас «Абайтану тарихың. Алматы 1995 ж.
7. М. Әуезов «Абай Құнанбаевң. Ал. 1995 ж.
8. З. Ахметов «Абайдық ақындық әлемі». Ал. 1995 ж.
9. М. Әуезов «Абайтану дәрістеріне дерек көздерiң. Ал. 1997 ж.
10. М. Мырзахметұлы «Абай және Шығысң. 1994 ж. Ал.
11. Абай «Қара сөз. Поэмаларң. Ал. 1993 ж.
12. Алпысбаев «Қазақ әдебиетiң. Атамұра.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Абай Құнанбай

МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе 2
1. Өмірбаяны 3
2. Абай - дана, Абай – дара тұлға. 4
3. Абайдың ақындығы. 6
4. Абайдың аудармалары. 7
5. Абайдың қара сөздері. 8
6. Абайдың табиғат лирикасы 12
7. Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 15

Абай Құнанбаев
(1845-1904)

Кiрiспе

Қандай елдiң болсын мақтан тұтар ұлдар болатыны белгiлi. Мiне қазақ
халықының осындай бiр мақтан тұтар ұлдарының бiр-ғұлама ойшыл әрi бiр
туар ұлы ақыны- Абай Құнанбаев.
Оның өмiрi мен творчествасы қазақ елi үшiн әлi күнге дейi биiк әрi
болашақтың жарқын бағдары iспеттес болып отыр.
Мен өзiмнiң осы бiр қысқа ғана жұмысымда ұлы қазақ ғұламасының жарқын
өмiрiнен бiрер мәлметтер бере кетудi мақсат етiп отырмын.
Сондай-ақ мен өз жұмысмда ұлы қазақ ақынының қазақтың ұлттық мемлекет
құруға қатысты идеяларына қысмқаша тоқтала кеткiм келiп отыр.
Абай өмiрден өткелi мiне бiр жарым ғасыр өттi, алайда дегенмен оның
еңбектерi дәл бiздер өмiр сүрiп отырған күндердiң өзiнде де өте актуальды
әрi қоғам үшiн қажет болып отыр.

1. Өмірбаяны

Абай (Ибрахим) Құнанбаев (10.8.1845-1904) қазақтың ұлы ақыны,
композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы
классигі. Бұрынғы Қарқаралы дуанына (округ) қарасты Шыңғыс тауының
бауырында, Қасқабұлақ күзегінде туған. Руы – Арғын ішіндегі Тобықты. Әкесі
Құнанбай Өскенбайұлы сол маңайдағы руларының ішіндегі бойының, биінің,
беделді адамының бірі болған. Патша үкіметі оны 19 ғасырдың орта тұсындағы
бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. Абай Құнанбайдың
екінші әйелі Ұлжаннан туады. Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының шешендік ,
әзіл – ажуамен атағы шыққан манигар тобының қызы екен. Ұлжаннан Тәкежан
(Тәңірберді) , Абай , Ысқақ , Оспан деген төрт ұл туады. Абайдың Атадан
алтау , Анадан төртеу , Жалғыздық көрер жерім жоқ деуі сондықтан. Абайдың
шын аты – Ибрахим ; кейінен шешесі еркелетіп Абай деп кеткен.
Құнанбай өте діншіл болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ
ауылдарының арасына кең тарай қоймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге
тырысқан ; намаз , ораза, зекетсияқты дін шарттарын өз еліне күшпен
таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын , татардын
молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратып , олардың балаларын мұсылманша
оқыттырған. Сондай қожамолдаларды өз аулында да ұстап, өз балаларын, оның
ішіндегі Абайды Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3 –
4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей
қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам
әлемінде мүтәкәллиминң аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына
тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүниетану пәндерін араластыра
оқытуды қажет көретін ағымның өкім болады. Соның медресесінде 4 жыл оқыған
Абай араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен
танысып , соларға еліктеп қысқыша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семейде
Абай ұзақ бола алмайды. Сол кезде әкімшілік жұмысынан қол үзуге айналған,
тек дінмен шұғылданып, мекеге қажылыққа баруға дайындалған Құнанбай ел
басқару істеріне келешекте өзінің орнын басады деп дәмеленіп , Абайды 13
жасында оқудан шығарып , қасына алады.
Жастайынан ел басқару іске араласқан Абай қазақтың білгірлері ,
шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргішілері,
әнші – күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани
мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге
төселеді. Өздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады. Ел ішінде
осындай өнерімен танылған Абай 70 жылдардың бас кезінде Тобықты руындағы
Қоңыр көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады. Заманды қой жан
билемекң деп өзі айтқандай, би және болыс болған күндерінде Абай сол
заманның ауқымына ұзақ шыға алмайды. Мұнысына кейінгі өкінгені Өлсем орным
қара жер сыз болмай маң деген өлеңінен байқалады. Өмірінің ақырғы шағында,
яғни 1904 жылы Ойға түстім, толғандымң деген өлеңіндеекінішін терендетіп ,
өзіне сын айтады. Әкімшілік етіп тұрған тұстаАбай ауыл арасындағы борышта,
ұрлық, зорлық сияқты біраз істерді қыйсық деп санап, бұларды түзетуге де
талаптанған . Бірақ бұл ниетінен іс шығара алмаған да , халқына пайдалы
санаған ойларын өлең тілімен үгіттеуге кіріскен. Содан кейін Көңілдің күйі
тағы да, Өмірдің улап алды ішін, Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған
қайғысынң деп, біржола өлең жазу ісімен шұғылданған. Бұл шамасы, 80
жылдардың орта тұсы, Абайды жасықырықты алқымдаған кез.

2. Абай - дана, Абай – дара тұлға.

Абай бала кезінде ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын
ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен
ерекшеленген. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап
өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.
Оның ағасы (әкесі Тұрпанның інісі) Тонтайдың өлерінде қожа-молдаларға
қарап: Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмасң,-
дегені халық аузында мәтел боп кеткен. Құнанбай қажының да кеңінен толғап
сөйлер тереңдігі, өз тұстастарыныңғана емес, шетелдік саяхатшылардың да
назарына іліккен;
Құнанбай қажы Ескітам деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және
туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасында әуелі сол Ескітам
медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабитханнан оқыған. Әкесі оның
зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза
медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған. Медресенің үшінші жылында ол осы
қаладағы Приходская школаға да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл
тұста М.О. Әуезовтің Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан
сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша
кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін
кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс
үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай
тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз
бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға
кірген соң-ақ тез есейіп, ілім қуған кісінің қалпына оңай түсіп кеткен.
Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін, сезімді оқушы бала бастаған.
Өзінің әбден сүйіп, таңдап оқыған ірі ақындары болады.
Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі
қарай оқытпай қайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы
Абай әке ықпалымен әкімш.-билік жұмыстарына араласады. Ол әке қасында
болған жылдарда қазақ даласындағы әлеум өмір қайшылықтарын жан-жақты тани
түседі. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің,
жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді,
зияндылығын айқын түсініп, соған қарсы батыл қимылдар жасаған.
Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан,
Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл, Меқайыл,
Қзкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан
– ұрпақ көрген жоқ. Абай өлең жазуды 10 жасында (Кім екен деп келіп ем
түйе қуған...ң) бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері –
йузиреушәнң, екішісі – Физули, Шәмсиң. өлеңдерін қағаз бетіне 80-
жылдардың ортасында түсіре бастайды. Ақындық қуатын танытқан үлкен
шығармасы- Қансонардаң 1882 ж. жазылған. Бастан-аяқ динамиқалық
изреттерден тұратын бұл өлең қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлі
ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық
ерекшеліктері жағынан алғанда көп салады, көп қырлы болып келеді. Ол қазақ
поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. Абай
поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көніл толғанысын, жүрек
лүпілін, сезімнің сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет,
метафора және басқа да бейнелі сөздердің даңа, өзі шығарған соны
үлгіөрнектері мол. Мыс., жүректің көзің, жүректің отың, ой өлкесің,
көңілінің көзі ашықң, көңілдің жайлауың деген ауыспалы мағына туғызатын
бейнелі сөздерді – метафораларды қолданады.
Абайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мулде жаңа,
даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді
қайталамайды. Осының өзі-ақ оның поэзиясна жаңашылдық сипат дарытады. Ол
қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа
жанрлық турлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілінің, қазақтың ауызекі ақындық
және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік
құралдарын жетілдірді, өлеңдік өлшемнің интонациялық – ритмақалың байлығын
терең ашып көрсетті, жаңа ырғақты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді,
ақындық тілдің образдылық – бейнелеу, стилистиқалық мүмкіндіктерін
молықтырды. Қазақтың ақындық тілін, әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби
тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіде қалыптастырды.

3. Абайдың ақындығы.

Қазақ поэзиясының бәйтерегі саналатын ұлы ақын Абай 1880 жылдардан
бастап, ақындыққа бір жола бет бұрады. Бұған дейін ол өзінің шығарған
өлеңдерін туысы Көкпайдың атына жарияланған. Тек 1886 жылы шығарған Жазң
деген өлеңін өз атынан жариялайды. Абайдың тұнғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы,
Петербург қаласында жарық көреді. Абайдың ақындық қуаты үш арнадан
басталады:
1) Халық ауыз әдебиеті
2) Шығыс поэзиясы
3) Орыстың, Батыстың классикалық шығармалары

Абай өлеңдерін түрлі тақырыпта жазған:
І) Оқу, ғылым, білім тақырыбы. Идеясы: ағартушылық.
Өлеңдер: Жасында ғылым бар деп ескермедім.ң(1885ж.); Ғылым таппай
мактанбаң(1886ж); Интернатта оқып жүрң(1886ж).
ІІ) Табиғат тақырыбына арналған олеңдері: Жазң(1886ж); Қысң
(1888ж); Күзң, Қараша, желтоқсан мен сол бір екі айң(1890ж).
Абай Қысң өлеңінде табиғат құбылысын кәрі мал, құдасы бейнесінде
суреттеген. Табиғат құбылыстарын адам образы арқылы суреттеу тәсілін
кейіптеу дейміз. Бұл Абайдың қазақ поэзиясына еңгізген жаңалығы еді.
ІІІ) Абай өлендерінің бір шоғыры өлең өнері ақындық, өлеңге
қойылатын талап, эстетиқалық таламға арналған.
Өлеңдер: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасың, Біреудің кісісі өлсе қаралы
олң, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшінң.
IV) Абай өлеңдерінің көпшілігін қоғам шындығын көрсетуге,
адамның бойындағы жағымсыз, келеңсіз мінездерді сынауға арналған. Бұндай
өлеңдерін саяси-әлеуметтік лирикаға жатқызамыз.
Өлеңі: Қалын елім қазағым, қайтам жұртымң.

4. Абайдың аудармалары.

Абай өзінің төл шығармаларымен қатар, аударма енбектермен де
шұғылданған. Ол тек 19 ғасырдағы орыс әдебиетінен аударған, олардың ішінде
ерекше көңіл бөлгені: И.А.Крылов, А.С. Пушкин , М.Ю. Лермонтов өлеңдері .
Крылов мысалдарының біразын Алтынсариннің аударғаны мәлім. Абай бұл
бастаманы молайтып, Крыловтан көптеген мысалдар аударды. Ол аты "
мысалдың" бәрін емес, қазақ қоғамының тіршілігіне үйлесетіндерін ғана
аударып, өз идеясының қажетіне жаратады.
Пушкин шығармаларынан Абайдың зер сала аударғаны - "Орыс өмірінің
эциклопедиясы" аталған "Евгений Онегин" романынан үзінділер. Аударма өте
шебер жасалған. Жалғыз Пушкиннің ғана емес, сондай-ақ басқа да орыс
ақындарының шығармаларын Абай еркін, яғни мазмұнын, образдық ерекшелектірі
сақтай отырып, қазақ оқырмандарына ұғымды етіп аударған.
Мысалы, "Евгений Онегиннің" 8 тарауға болінген 389 шумақтан
құралатыны мәлім. Романның әр шумағы 14 тармактан тұратын өзгешелігі үшін
оның "Онегин шумағы" аталатыны да аян. Сонда жалпы көлемі 5500 жолдай бұл
шығарманың мазмұнын Абай қазақ оқырманының ұғымына сәйкестендіріп, 376
жолға сыйғызған Абай "Онегин шумағының" жол санын, буын мөлшерін сақтауға
тырыспайды.
Ақын роман желісінен алған өзекті оқиғаларды бірде қазақ құлағына
сіңісті болған 11 буынды қара өлең ұйқасының өрнегіне салып өрсе, енді
бірде 7-8 буындар алмасып келетін тармақтар кестесіне салып айшықтайды.
Романның 1 - тарауындағы 60 шумақта толып жатқан оқиғалар бар. Соның
10,11,12-шумақтарын ғана іріктеп алады да, Абай оған "Онегиннің сипаты" деп
өзінше ат қояды. 11 буындыбұл аударманың түп нұсқадай
түсініктілігі,ықшамдылығы сонша, оқушы Онегиннің қандай жігіт екенін бірден
көз алдына елестетеді.
Енді ақын романның 3-тарауынан тек Татьянаның Онегинге жазған хатын
ғана аударады.Одан Татьянаның Онегинге деген ғашықтығы көрінеді.Бұдан
кейін аударма "Басықатты сұм журегін тоқтата алмаған" жігіттің қызға берген
суық жауабын, одан соң оның қызға жолдаған өкініш хатын, амалсыздан басқа
біреудің айнымас жары болған Татьянаның Онегинге тоқтау айтқан жалыныш
сәлемін паш етеді. "Тәнірі қосқан" жақсы жар Татьянадан айрылған Онегиннің
өлердегі журек жарған өкінішін айтып, оқиға аяқталады. Бұл аударма
қазақтың төл өлеңдері сияқтанып, ауыл арасында әнменен айтылып кеткен.
Абайдың ең көп аударғаны - Лермонтовтың өлендері. Оған бас себеп -
екеуінің ой-пікірінің ұқсастығы. Лермонтов патша саясатына өзін қарсы
қойып, оның міндерін, қиянаттарын әшкерелеген, бұл идеясын қолдаушылар
таппай жалғызсыраған ақын екені мәлім.
Сол сияқты "Мыңмен жалғыз алысқан" Абай "Моласындай бақсының, жалғыз
қалдым тап шыным" деп, ақырында жалғыздық шегеді. Сондай мақсаттас,
идеялары, торыққан көңіл күйлері ұқсас болғандықтан, Лермонтов
шығармаларын Абай ерекше ықыласпен аударады. Сондықтан , кейде оның төл
шығармаларынан аудармаларын ажыратып алу қиын да, кей аудармасында Абай
Лермонтовпен ақындық жарысқа түскен сияқтанып, түп нұсқадан аударманы
асыруға тырысады. Сол талабына кейде жеткендей де болады.

5. Абайдың қара сөздері.

1890-1898 жыладрдың аралығында Абайдың жазған шығармалары Қара сөзң
деп аталады. Бұл сөздерінің жалпы саны - 46. Абайдың қара сөздері сюжетті
шығармалар емес, естелі, мемуар да емес. Бұлар – сыншыл, ойшыл, көбіне
адамгершілік мораль мәселеріне арналған өсиет, толғау, ақынның
философиялық ой түйіндері. Олар публицистикалық үлгіде жазылған. Көлемі
шағын, мазмұны, мағынасы терең. Кейбіреулері сұрақ-жауап түрінде, өз-өзімен
сырласу, оқырманмен кенесу түрінде беріледі.
№1-ші қара сөзінде Абай өзінің қарасөз жазу мақсатын, себебін
айтады. Абай қара сөздерінің тақырыбы өлеңдегі тақырыптарымен байланысты.
1) Ғылым, білім тақырыбы. (7,25,33 қарасөз)
2) Адам болуды үйренудің жолдары, оқығанды есте сақтаудың жолдары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай дана Абай дара
Абай шығармаларындағы ұлттық діл мен ұлттық таным
Жаратылыстану оқу бағдарламасы мен оқулығының мазмұнындағы ерекшеліктерді анықтау және тиімді оқыту әдістерінің әдістемелік негізін ұсыну
Ұлылық ұлағаты (Б. Шалабаевтың Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы зерделі зерттеуі: дәуір талабы және тың тұжырымдар)
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)жайында
Абай шығармаларындағы дүниетанымдық деректер (А. Нұрқатов зерттеулері бойынша)
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау
Абай шығармашылығының зерттелуі
Ұлттық құндылықтар - Абай әлемінде
Абай Құнанбаев қазақ халқының тарихындағы ерекше құбылыс
Пәндер