Ежелгі Қытай ғылымы



Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Негізгі бөлім
1. Қытай Халық Республикасында жаратылыс тану және тех.никалық ғылымдардың дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
2. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. . . . . . . . . . 5
3. Қоғамдық ғылымдар. Философия . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7
4. Ғылыми мекемелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
Бұл рефератта Қазақ совет энциклопедиясы және Т. Х. Ғабитовтың «Мәдениеттануға кіріспе» атты еңбектері негізінде дайындалған. Ежелгі Қытай елінің жаратылыс тану және техникалық ғылымдары жөнінде жазылған. Яғни, көне заманнан бастап ҚХР құрылғанға дейінгі жаратылыс тану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер туралы жазылған.
Қытайда көптеген маңызды ғылыми-техникалық жаңа-лықтар басқа елдерден бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған. Қытайда математика Хань әулеті тұсында-ақ едәуір дәрежеде дами бастаған. Қытай ғалымдары 11-14 ғасырдың өзінде-ақ биномдық коэффициенттерін білген және Паскаль ұшбұрышымен таныс болған. Осы сияқты жаратылыс тану және техникалық ғылымдармен бірге қоғамдық ғылымдар да жақсы дамыған. Б.з.б. 6-3 ғасырлар-да конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыпта-суы нәтижесінде Қытайда философия пайда болды. Бұл ілімдердің алға қойған басты мәселелері қоғамды, мемле-кетті басқару ісі еді. Қытайда барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік комиссия мен Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы т.б. органдар арқылы Мемлекеттік кеңес басқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру ҒА-на жүктелген.
1. Ғабитов Т. Х., Өмірбекова М. Ш., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану негіздері. Оқулық---Алматы: «Зият», 2003ж.-240б.
2. Қазақ совет энциклопедиясы. 7-том.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Қоғамдық пәндер кафедрасы

Реферат

Ежелгі Қытай ғылымы

Студент:Жаусанова Әсем,
ЭЭб-04-3к,
Қабылдаған: Нұрғалиев Қ.Т.

Алматы-2005
Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 3
Негізгі бөлім
1. Қытай Халық Республикасында жаратылыс тану және тех-никалық
ғылымдардың дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
2. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. . . . . . . . . . 5
3. Қоғамдық ғылымдар. Философия . .. . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . .7
4. Ғылыми мекемелері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . .11
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 13
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 14

Кіріспе.
Бұл рефератта Қазақ совет энциклопедиясы және
Т. Х. Ғабитовтың Мәдениеттануға кіріспе атты еңбектері
негізінде дайындалған. Ежелгі Қытай елінің жаратылыс тану
және техникалық ғылымдары жөнінде жазылған. Яғни, көне
заманнан бастап ҚХР құрылғанға дейінгі жаратылыс тану және
техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер туралы жазылған.
Қытайда көптеген маңызды ғылыми-техникалық жаңа-лықтар
басқа елдерден бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған. Қытайда
математика Хань әулеті тұсында-ақ едәуір дәрежеде дами
бастаған. Қытай ғалымдары 11-14 ғасырдың өзінде-ақ биномдық
коэффициенттерін білген және Паскаль ұшбұрышымен таныс
болған. Осы сияқты жаратылыс тану және техникалық ғылымдармен
бірге қоғамдық ғылымдар да жақсы дамыған. Б.з.б. 6-3
ғасырлар-да конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыпта-
суы нәтижесінде Қытайда философия пайда болды. Бұл
ілімдердің алға қойған басты мәселелері қоғамды, мемле-
кетті басқару ісі еді. Қытайда барлық ғылыми-зерттеу
жұмыстарын Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік комиссия
мен Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы т.б. органдар арқылы
Мемлекеттік кеңес басқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын
үйлестіру ҒА-на жүктелген.

Қытай Халық Республикасында жаратылыс тану
және техникалық ғылымдардың дамуы.
ҚХР құрылғаннан (1949ж.) кейін ғылым мен техниканың жоспарлы
түрде дамуына қолайлы жағдай жасалды. 1949-1957ж. партия мен мемлекет
басшылары ғылым мен техникалық жетіс-тіктерін соц. экономиканы дамыту
мақсатына пайдалана отырып, ғылым мен техниканы неғұрлым кеңінен
өрістету мәселесін алға қойды. Осы тұста ғылыми мекемелер жүйесін
қайта құру, жаңа ғылыми-зерттеу ұйымдарын ашу жөнінде маңызды
жұмыстар істелді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы мөлшері
көбейтілді. Қытайда ғылым мен техниканың ойдағыдай дамуына СССР мен
ҚХР арасында тығыз қарым-қатынас орнауы себеп-кер болды. Әсіресе 50
жылдардағы бірлесіп жасалған ғылыми жұмыстардың маңызы зор болды.
СССР мен ҚХР жоғары оқу орындары 124 тақырыпта бірлесіп жұмыс
жүргізді. 1951-1960ж. СССР ҒА-нда 900-ден астам ҚХР қызметкерлері
ғылыми дайын-дықтан өтті. 50 жылдың аяқ кезінде Қытайда бірқатар
саяси науқандардың жүргізілуіне байланысты ғылымның дамуы тоқы-рап
қалды. 1960 жылдан бастап СССР-мен ғылыми-техникалық байланыс азайды.
1951-1965ж. СССР т.б. соц. елдермен ғылыми-техникалық байланысты
үздіксіз азайта отырып, Франция, Ұлы-британия, ГФР, Италия т.б.
капиталистік елдермен ынтымағын күшейтті. 1971-1972ж. жаратылыс тану
және техникалық ғылым-дарының дамуы жеделдеді. Мәдени революция
кезінде тоқтап қалған бірқатар ғылыми-зерттеу мекемелері іске
қосылып, реаби-литация алған көптеген ғалымдар жұмысқа кірісті.
Қытайда ел-дің табиғи байлықтарын зерттеу және оларды пайдалану жұмыс-
тарына баса көңіл бөлінуде. Геологиялық зерттеулер нәтижесін-де
таскөмір, темір рудасы, түсті және сирек кездесетін метал-дар мен
т. б. пайдалы қазындылардың орасан зор қоры табылды. Алайда кейбір
жеке металдар (никель, хром, платиноидтер) мен алмастан ҚХР-да
түбегейлі кен қоры әлі де жасалған жоқ. 1950-1960ж. ірі мұнай көзі
табылды. 1953 жылдан негізгі ғылы-ми бағыттардың бірі ядролық физика
мен энергетика саласын-дағы зерттеулер болды. Қытайда ҒА-ның
жанынан ядролық энергия комитеті құрылған. 1958ж. Атом энергиясы
институты ұйымдастырылды. Сол жылы Пекин қаласының түбінде СССР-дің
көмегімен жасалған қуаты 10 мың квт тұңғыш экспери-менттік ядролық
реактор және қуаты 25 Мэв циклотрон іске
қосылды. 1971ж. ҚХР-да 10 шақты реактор болды. Ядролық проблемаларды
зерттеуге У Ю-сунь, Ван Ганчен, Чжао Чжун-яо, Пэн Хуань-у, Чжан
Цзян-хуа т.б. қатысты. Олардың көпшілігі АҚШ-та оқыған. 1964ж.
октябрьде Қытайда тұңғыш рет ядро-лық құрылғы сыналды. 1967ж.
июньде бірінші рет термоядро-лық құрылғы жарылды. Ракеталық және
ракетакосмостық тех-ника саласындағы зерттеулерге зор мән берілді.
1966ж. кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета
қолданылып, ол бірнеше жүз км ұшты. 1970ж. Қытай бірінші рет
Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971ж. 2-ЖЖС-н ұшырды.
Оңтүстік Қытайдың таудағы обсерваториясында космос сәулелері
зерттелуде. 1967ж. Қытайдағы тұңғыш радио-телескоп іске қосылды.
Математикадан зерттеу жұмыстарын негізінен сан теориясы, есептеу
математикасы, топология саласында дамытылуда. Аса көрнекті
математиктерінің бірі---Хуа Ло-гэн. 1949 жылдан кейінгі уақытта химия
жедел дамыды. Қытай ҒА қарамағында полимерлер және биохимия
проблемаларымен шұғылданатын 10 ғылыми-зерттеу институты бар.
Металлургия, металл өңдеу, машина жасау техникасы саласында да
көлемді зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соғыс қажеті мен ракета-яд-
ролық программа тұрғысынан электроникаға баса көңіл бөлінеді. 1956ж.
Қытай ҒА жанынан электрондық есептеу ма-шинасын (ЭЕМ) жасау
институты ұйымдастырылды. 1958ж. совет моделімен жасалған тұңғыш
ЭЕМ шығарды. ҚХР биоло-гия мен ауыл шаруашылығы ғылымдары
саласында да елеулі жетістіктерге ие болды. Әр түрлі ауыл
шаруашылық дақылда-рының өнімділігін арттыру, мал тұқымын
асылдандыру, топы-рақ зерттеу т.б. салаларда ғылыми-зерттеу жұмыстары
жүргізілуде.

Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар.
300 мың жылдан астам тарихы бар қытай халқы жараты-лыс
тану және техникалық ғылымдардың дамуына елеулі үлес қосты.
Көптеген маңызды ғылыми-техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден
(соның ішінде Европалық елдерден де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда
болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ дәрі жасау, кітап
шығару т.б.).

Математика. Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ едәуір
дәрежеде дами бастаған. Б. з. б. 2 ғасырдың 1-жартысында Чжан Цан
2-3 белгісізі бар 1-дәрежелі теңдеу жүйесін шешу әдісін тапқан.
Бұдан кейін Цзин Чоучан математикаға теріс шама ұғымын енгізіп,
оларға амал қолдану ережесін ұсынды, сонымен қатар, квадрат және
куб түбірлерді шығару әдісін тапты. Цзу Чун-Чжи шеңбердің
ұзындығын оның диаметріне бөлу арқылы π-дің 7 цифрдан құрылған
жуық шамасын тапты. Оны Европа ғалымдары бұдан көп кейін, б.з. 16
ғасырында қайтадан ашты. Қытайдың көрнекті математиктері: Цжу Ши-цзе
т.б. еңбектерінен Қытай ғалымдары 11-14 ғасырдың өзінде-ақ
биномдық коэффициенттерін білгені және Паскаль үшбұры-шымен
(арифмет. үшбұрыш) таныс болғаны байқалады.
Астрономия---Қытайда өте ерте заманда дамыған ғылымдар-дың бірі.
Қытайдың б.з.б. 1-мың жылдықтағы тарихи ескерт-кіштерінде комета
және планета туралы жазылған. Б.з-ға дейін келіп жеткен ең көне
жұлдыздар каталогын (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн
құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда
б.з.б. 720ж. жазылған.
Б.з. 8 ғасырының бас кезінде монах И Син мен Лян Линцзан
қозғалмайтын жұлдыздар ара қашықтығының өзгеруі мүмкін деген
пікір айтқан.
Географиялық білім де Қытайда өте ертеден басталады. Б.з.б.
138-126ж. Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың
өздерінің батыс жағындағы елдер мен халық-тарды зерттеуіне
мүмкіндік туғызды және Қытай мен Орта Азия арасындағы Ұлы жібек
жолы арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун
дәуірінде (960-1279ж.) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үндіқытаймен
және оңтүстік аралдар-мен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті.
Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіздерде жүзу өрістей
бастады. Әсіресе 15 ғасырдың 1 жартысында Қытайдың теңіз
саяхатшылары география ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Қытайда
б.з.б. 206ж. алғашқы компас, б.з. 3 ғасырда спидометр жасалған,
сондай-ақ дүние жүзінде ең тұңғыш сейсмоскоп та Қытайда жасалған.
Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға саяды. Қытай ме-
дицинасының дамуында елеулі роль атқарған, медицинадан дүние
жүзіндегі ең көне кітап---Нэйцзин (Қытай емшілерінің
тәжірибелік бақылау жұмыстарын дәрігер Бянь Цао қорытқан, б.з.б. 6
ғ.) Қытай медицинасының дамуында үлкен роль атқар-ды. Дүние
жүзінде тұңғыш Фармакология Қытайда жазылды. Инемен емдеу әдісі
Қытай медицина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі.
Қытайда европ. типтегі алғашқы емдеу орны 1904ж. ашылып, онда
шетелдік дәрігерлер жұмыс істеді. Нанкин мен Пекинде Медициналық
ғылыми-зерттеу институты (1928ж.) мен Фармакология ғылыми-зерттеу
институты (1929ж.) европ. медицинаны зерттеумен ғана шұғылданды.
Қытайда химия мен техника ерте дамыған. Қытай дүние
жүзінде бірінші болып селитраны оқ дәрі жасауға пайдаланды.
Сөйтіп, 16 ғасырда Қытайда оқ дәрі өндіріле бастады. Б.з.б. 16-
11ғасырларда қала қорыту, ақ керамика және қыш бұйым-дар жасау
ісі дамыған. Б.з. 3-5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Құрылыс
техникасы да ерте дамыған. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең
үлкен канал салу жұмысы басталып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Ежелгі тіл білімі
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Көне қытай мәдениеті
Ежелгі Қытай мәдениеті,ғылымы
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
Қытайдың медицина тарихы
Қытай мәдениеті туралы
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Пәндер