Негізгі құралдардың есебі мен аудиті туралы



Кіріспе
1. Негізгі құралдардың есебі
1. 1 Негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалануының есебі
1.2 Жалдағы негізгі құралдардың есебі
2 Негізгі құралдардың ішкі аудиті
2. 1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің маңызы мен міндеті
2. 2 Негізгі құралдардың аудиті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекте қойылып отыр. Бұған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден- бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту»- деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білу қажет. Шағын және орташа бизнесті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен- күнге бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына деген сұранысты арттыруда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де, әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі.
Экономиканың қай саласындағы болмасын кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі. Бұл орайда ұйымдардың шаруашылық материалдық құндылықтарын, ақшаларын сондай- ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын ролі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан «Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті» тақырыбы бүгінгі күн талабына сай тақырып болып табылады.
1) ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы, 20 қараша 1998 ж. № 304 (2006. 05. 05 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2) ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы » заңы 26. 12. 1995ж № 2732 (өзгертулер мен толықтыруларымен 11. 06. 2004ж)
3) Бухгалтерлік есеп стандарты, Алматы 1996- 2000 ж
4) З. Н. Әжібаева, Н. Ә. Байболтаев, Ж. Ғ. Жұмағалиева «Аудит» Алматы 2006 ж
5) Абленов Д. О. «Аудит негіздері» Алматы, Экономика 2005 ж
6) Радостовец В. К., Радостовец В. В., Шмидт О. И. «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2002 ж
7) Кеулімжаев Қ. Қ., Әжібаева З. Н., Құдайбергенов Н. А. Бухгалтерлік есеп принциптері Алматы 2003 ж
8) Кеулімжаев Қ. Қ. « Шоттар корреспонденциясы» Алматы, БИКО 2002 ж
9) Андреев В. Д. «Практический аудит» Москва 1994 г
10) Друри К. «Введение в управленческий учет» Москва 1998 г

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту,
экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын
мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекте қойылып отыр. Бұған ҚР
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030 атты стратегиялық
бағдарламасында Еліміздің экономикалық саясатының бірден- бір басымды
бағыты шағын және орта бизнесті дамыту- деп атап көрсетуі дәлел бола
алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін
жандандырған күш деп білу қажет. Шағын және орташа бизнесті дамытуға
мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен- күнге
бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына деген сұранысты арттыруда. Әрине
олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын
қызметі елеулі де, әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық
стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын
талап өте күрделі.
Экономиканың қай саласындағы болмасын кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары
шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға,
өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі. Бұл орайда ұйымдардың шаруашылық
материалдық құндылықтарын, ақшаларын сондай- ақ басқа да ресурстарын
тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін
айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін
кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын ролі ерекше. Жаңа үлгідегі,
сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай
жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан Негізгі құралдардың қозғалысының
есебі және аудиті тақырыбы бүгінгі күн талабына сай тақырып болып
табылады.

1. Негізгі құралдардың есебі
1. 1 Негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалануының есебі
Кәсіпорында пайдаланылатын және бухгалтерлік есепте есептелінуге
жататын негізгі құралдар деп- өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық
уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін)
сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке біртіндеп бөлініп- бөлініп есептелген амортизациялық аударым
мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады. Ұйымдарда негізгі құралдың есебі № 6 Негізгі қорлар есебі деп
аталатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Жалпы негізгі құралдарға- қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер
мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалар және
олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, өнім және жұмыс малдары,
көпжылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар
жатқызылады. Көлемінің түріне, бағасының арзан- қымбаттылығына қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі
құралдардың қатарына жатқызылмайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың
құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын
жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін
монтаждауды қажет ететін жабдықтар, сондай- ақ құрылыс- монтаж жұмысының
өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған
титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас
малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
a) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма);
b) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары,
эстокадалар);
c) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер);
d) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, электроаппараттық
трансформаторлар, эксковаторлар, бетон араластырғыш машина,
көтергіш крандар, бульдозерлер, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш
құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар);
e) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл
көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар);
f) құрал- саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер);
g) шаруашылық құрал жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтар);
h) жұмыс және өнім малдары;
i) көпжылдық көшеттер мен өсімдіктер;
j) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
k) жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығын;
l) басқа да негізгі құралдар
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдықтар жатқызылады.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнымен,
ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны- ол активті сатуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге орнатуға кеткен шығындарын, сондай- ақ сатып алу барысында
төленген салық салаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін
төленетін процент салалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін
жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез- келген шығындардың
жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны- бұл шаруашылық ұйымның белгілі бір
уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып
табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны- негізгі құралдардың пайдалану
мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды
бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты болатын
келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны- бұл кез- келген екі жақтың,
яғни негізгі құралдардың сатушы мен алушының арасындағы келісілген құны
болып табылады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни
бүгінгі салу өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына
келтіру құны деп аталады. Шаруашылық ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті
түрде қайта бағалағаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен
есептейді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып
жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау
жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуі 12- бас
шоттың тиістісінің дебитіне 541- Негізгі құралдарды қайта бағалаудан
түскен қосымша төленбеген капитал шотының кредитіне жазылады.

1.2 Жалдағы негізгі құралдардың есебі
Кез- келген кәсіпорындар өздеріне азғана уақытқа қажетті яғни уақытша
қажет болған негізгі құралдарды басқа ұжымдардан жалға алуларына болады.
Сондай- ақ кәсіпорын өзінің балансында тұрған, бірақ уақытша пайдаланылмай
немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған негізгі құралдардын басқа ұйымдарға
уақытша жалға берулеріне болады. Ол үшін екі шаруашылық ұйымның, яғни
негізгі құралдарды жалға алушы және жалға берушілердің арасында келісім-
шарт жасалынуы тиіс. Бұл келісім- шартта жалға алынатын немесе жалға
берілетін негізгі құралдардың аталынуы, техникалық жағдайы, бастапқы құны,
тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын мерзімі, жалдық
төлемақысының мөлшері, егер осы жалға алынған немесе берілген уақытта бұл
негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған жағдайда кім жөндейтініндегі
және қайсы ұйымның есебінен жүргізілетіндігі тағы да басқа мәліметтер
көрсетілуі қажет.
Жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өздерінің жалға
алынуы немесе берілуі мерзімінің ұзақтығына қарай үш түрге бөлінеді:
• қысқа мерзімді жалдағы негізгі құралдар
• орта мерзімді жалдағы негізгі құралдар
• ұзақ мерзімді жалдағы негізгі құралдар
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды қысқа мерзімге жалға алу немесе
қысқа мерзімге жалға беру деп- бір жылға дейінгі уақытта жалға алынған
немесе жалға берілген негізгі құралдарды айтады. Халықаралық стандартта
жалдың бұл түрін Хайринг деп атайды. Жалдың бұл түрлерін жалға алғанда
немесе бергенде жалға алушы шаруашылық субъектісі сол негізгі құралдарды
жалдық мерзімі аяқталғаннан кейін олардың иесіне қайтарып береді. Шарашылық
субъектілерінде орта жыне қысқа мерзімдерге жалға алынған негізгі құралдар
001- Жалға алынған негізгі құралдар деп аталатын баланс сыртындағы шоттың
дебитінде есептелінеді. Ал бұл негізгі құралдар өз иесіне, яғни жалға
берушіге қайтарылған уақытында бұл жоғарыда аталған 001- шоты
кредиттелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімге жалға алынған
негізгі құралдар үшін төлейтін жол төлеміне 937- Жол төлемі деп аталатын
шотты кредиттейді. Ал кәсіпорын бұл есептелген жол төлемін төлеген жағдайда
687- Басқадай есептелінген шығындар шотын дебиттеп, № 4 Ақшалар және
қаржылық инвестициялар деп аталатын бөлімі шоттарының (431, 432,451 және
452- шоттарының) тиістілерін кредиттейді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда
негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу немесе жалға беру
ұзақ мерзімді жал түріне жатқызылады. Жалдың бұл түрі халықаралық
стандартта Лизинг деп те аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі
құралдарды ұзақ мерзімге жалға алудың немесе берудің өзі жай және
қаржыландырылған болып екіге бөлінеді. Егер жалға алынған немесе жалға
берілген негізгі құралдар өзінің жал туралы келісім- шарттарында
көрсетілген мерзімі аяқталғаннан соң міндетті түрде иесіне қайтарылатын
болса, онда бұл ұзақ мерзімді жалдың жай түріне жатқызылады. Ал ұзақ
мерзімге жалға алу немесе жалға берудің қаржыландырылған түрі бойынша
келісім- шартта көрсетілген мерзім аяқталған соң негізгі құралдарды жалға
алушының сатып алуына құқығы бар болып таблады. Кәсіпорындар мен ұйымдар
негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алғанда Айналымнан тыс активтер
деп аталатын бөлімнің 12- бас шотының тиісті дебиттелініп, 683- Жолдық
міндеттеме шоты кредиттелінеді. Осы ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдар үшін шаруашылық субъектісі жол төлемін төлегенде 683- Жолдық
міндеттеме шоты дебиттелініп, Ақшалар бөлімі шоттарының тиістілері
кредиттелінеді.
Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға бергенде 842- Негізгі
құралдарды есептер шығару бойынша шығындар деп аталатын шот дебиттелініп,
12- бас шоттары бөлімшесінің тиісті шоттары кредиттелінеді. Ал бұл ұзақ
мерзімге жалға берілген негізгі құралдардан алынатын табыс 334- Басқадай
дебиторлық борыш деп аталатын шоттың дебитіне, 727- Негізгі емес
қызметтер алынатын басқадай табыстар деп аталатын шоттардың тиістісінің
кредитіне жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ұзақ мерзімге алынған негізгі құралдардың
аналитикалық есебі олардың түрлері бойынша және әрбір инвенторлық
объектілері бойынша бөлек жүргізіледі. Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдардың жалға алынған мерзімдерінен бұрын иесіне қайтарылуы
бухгалтерлік есепте былайша есептеледі;
Жалға алынған уақытта:
Келісім- шарт бойынша әзірге төленбеген жол төлемдеріне 683- Жолдық
міндеттеме шоты дебиттелініп, 12- бас шоттың тиісті бөлімшесінің шоттары
кредиттелінеді. Сонымен қатар есептелген тозу саласына 13- Негізгі
құралдардың тозуы бас шоттың тиісті бөлімше шоттары дебиттелініп, 12-
Негізгі құралдар бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.
Жалға берілген уақытта:
Жалгер қайтарып берген негізгі құралдардың қалдық саласына 12-
Негізгі құралдар бас шотының тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Негізгі құралдардың аудиті
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
Ай Ер Нур Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бойынша өндірістік іс-тәжірибе есебі
Активтердің рентабелділігі Таза табыс активтердің жалпы орташа құны
РПК Бектау ЖШС
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Пәндер