Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері



КІРІСПЕ 3
I тарау. КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Әлеуметтік саясат концепциясы 8
1.2 Кедейшілік әлеуметтік.экономикалық құбылыс ретінде 3
1.3 Кедейшілікпен күрестегі әлеуметтік саясаттың әлемдік тәжірибесі. Чили, Германия, Швеция, Нидерланды, Қытай 9
ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ 35
2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің әлеуметтік.мәдени ерекшелігі. Қазақстандағы кедейшіліктің құрылымы 35
2.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты 41
2.3 Әлеуметтік саясаттың экономикалық басымдықтары 54
2.3.1 Жұмысбастылық саясаты 55
2.3.1 Салық саясаты 61

ҚОРЫТЫНДЫ. 65
СІЛТЕМЕЛЕР: 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 72
Кедейшілік мәселесі адамзат тарихындағы қоғамның объективті құбылысы ретінде әрқашанда болған. Кедейшілік бұл қоғамдағы теңсіздіктің көрінісі, ал теңсіздіктің болуы табиғаттың заңдылығы. Бұл мағынадағы теңсіздік қоғамның белгілі бір топтарының үлесіне тиесілі қоғамдық байлықтың көлемі, қандай да бір ресурстардың шоғырлануы. Осы байлықтар мен ресурстардың белгілі бір топтардың қолында шоғырлануы қоғамды түрлі деңгейлі қабаттарға бөледі.
Жалпы алғанда кедейшілікпен күрес барлық мемлекеттерде, барлық замандарда жүргізілген. Қоғамда бай таптың үлесі артқан сайын кедейліктің өткірлігі тереңдей түседі, және онымен күрес те басымдыққа айналады. Бұны дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Кедейшілік проблемасын, және оны шешуге қатысты мәселелерді, ондағы мемлекеттің алатын орны туралы өз заманында бірталай ғалымдар қарастырған болатын. Солардың ішінде алғаш болып кедейлікті эмпирикалық жағынан зерттеген, және кедейшілік шегін анықтаған Дж.Бут пен Ч.Раунтри болдды. Сондай-ақ кедейлікті А.Смит, Т.Мальтус, Д.Рикардо сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған. Т.Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтық шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т.Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әртүрлі аурулар, соғыс сияқты тиімді «көмекщілер» арқылы реттеліп отырады.
ХІХ ғасырдың француз ғалымы д`Оссонвиль пауперизм проблемаларын қарастыра келе, «мемлекет қайырымдылық жасаушы болуы керек» деп санаған, ол міндетті мемлекеттің қолдауы қажет етілетін жағдайлардың үш негізгі типін бөліп көрсетеді: ауру-сырқат, төтенше жағдай, кәрілік». Тұлғаның өмірлік сценарийінің өзгеруіне ықпал ететін осы объективті факторлар пауперизмге қарсы бағытталған шараларды жасау кезінде мемлекетпен ескерілуі тиіс болды. Ғалымның пікірі бойынша, мақсаттық бағдарламалар мен қаржыландыру қажет, және олар муниципалитеттер құрылымы арқылы жүзеге асуы тиіс. Мемлекеттік қайырымдылық мәні осында деп табылды.
Вильгельм Гумбольд – неміс философы, жазушы және мемлекет қайраткері мұқтаждарға көмек ісінде мемлекеттің рөлін либерализм позициясынан қарастырды. Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттің негізгі функциялары сыртқы шекараны қорғау, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету, тәртіпті қамтамасыз етуі болуы тиіс. В.Гумбольд мемлекеттің адамның жеке өміріне араласуына қарсы болды, ол мұнда адамдардың құқығы бұзылады деп көрсетті, ал екінші жағынан, осы арқылы мемлекет инициативаның жоқтығының, зиянкестіктің және қайыршылықтың орын алуына жол береді деп санады: «мемлекеттің көмегімен үнемі күтуден шығатын зиянды салдарын тәжірибе іс жүзінде көрсетуде, атап айтқанда: өзіндік әрекеттің жоқтығы, жалған мақтаныш, әрекетсіздік, қайыршылыққа дейін»
1. М.В.Фирсов. «История социальной работы». «Академический проект», Москва, 2004.
2. Т.М.Рогачева. «Социальная политика». «Евразия», Алматы, 2000.
3. М.С.Әженов, М.С.Садырова. «Кедейлік социологиясы». «Қазақ университеті», Алматы, 2004.
4. Л.В.Дьякова. «Социальная политика по преодолению бедности в Чили». // «Латинская Америка». №9, 2005.
5. «Социальный менеджмент», Учебник под редакцией Д.В.Валового. – Москва, «Интел-синтез, 1999.
6. Волков А.М. Швеция социально-экономическая модель // М.: Мысль, 1991.
7. «Основы социальной работы». Учебник / Отв.ред. П.Д.Павленок. – 2-е издание, испр. И доп. – М.: «ИНФРА-М, 2001.
8. Байгереев. «Нидерланды – суть реформы социальной защиты – стимулирование трудовой активности». // М. 2004.
9. Галямова В.Ф. «Китай: реформы, их результаты и перспективы страны в ХХ1 веке» // Аналитик. – 2004. - С. 3-5.
10. Жаназарова З.Ж. «Современная семья в Казахстане и ее проблемы». Алматы. «Қазақ Университеті», 2004.
11. Халықтың тұрмыс деңгейі және Қазақстан Республикасындағы кедейлік. Статистикалық мониторинг. Алматы, 2005.
12. Адам дамуы туралы есеп. Қазақстан-2005, Алматы - 2005, 32-34 б.
13. Қазақстандағы адам дамуы: Оқулық / Жалпы ред. басқарған Н.Қ.Мамыров және Ф.Акчура. – Алматы: «Taimas Printhouse», 2004, 103 б.
14. Адам дамуы туралы есеп. Қазақстан-2005, Алматы - 2005, 34 б.
15. «Социальная политика и бедность». // Саясат, №3-4, 2002, 4-5 б.
16. Трудный поворот к рынку / Под ред. Л.И. Абалкина. – М. Экономика, 1990.- 292-296 б.
17. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н., Туганбеков К.М., Черная Г.Б. Социальная работа: теория и технологии. - Астана:. Парасат әлемі, 2005.- С.54-55.
18. Агенство РК по статистике информирует о выплате государственных социальных пособий в Республике Казахстан // Труд в Казахстане.- 2004. - №4.- С.30-31.
19. Ведомости Парламента РК. 1997. - №11.- 154c.
20. Черная Г.Г. Социальная защита малообеспеченных граждан // Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. – 2004.- №3.
21. Методика назначения социальных выплат из системы обязательного социального страхования. Информационно-разъяснительная работа фонда // Экономика и статистика. – 2006. - №4.
22. Государственный фонд социального страхования – первые результаты деятельности. Информационно-разъяснительная работа фонда // Труд в Казахстане.- 2005. – июнь.
23. Сансызбай Жолдасбаев – "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ президенті. «ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ӘЛЕУЕТІ Сақтандыру жүйесінің жұмысынан аңғарылып отыр» http://www.enbek.kz «Егемен Қазақстан» газеті» №31-32 (25004), 2 ақпан 2008 жыл.
24. А.А.Зуйков. «Транформация политики занятости». Казахстан в эпоху глаболизации: экономика, образование, право: Материалы международной научно-практической конференции. Апрель 2004 – Т 1. стр. 288-289
25. А.Сейсенова. «Налоговая политика РК и социальная защита населения» // Саясат №1, 2003, 66 бет.
26. Юсупов М.Т. «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес мәселелері». Келешек-2006: Студенттер және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы еңбектерінің жинағы. – Жезқазған: АО ЖезУ, 2006. – үшінші кітап – 195-197 б.
27. Исаева А.Т. «Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың негізі ретінде». // Казахстан в эпоху глаболизации: экономика, образование, право: Материалы международной научно-практической конференции. Апрель 2004 – Т1. 333-341 б.
28. Кравченко А.И. Социология: учебник. «Академический проект». М. – 2003. с. 354-368.
29. Кравченко А.И. Социология. Учебное пособие. «Деловая книга». Екатеринбург, 1998, с. 233-253.
30. М.С.Аженов, Д.Э.Бейсенбаев «Социальная стратификация в РК». «Білім», Алматы, 1997, с. 103-110.
31. Х.Сансызбаева. «Новые подходы к управлению системой социальной защиты». // Саясат №5, 2004, 69-74б.
32. Г.Мурзатаева. «Мероприятия и этапы по реформированию системы социальной защиты населения». // Саясат №11, 2002, 23-24 б.
33. Г.Сыдықбаева. «Бәсекеге қабілетті экономика халықтың өмір сүру дәрежесін арттырудың қайнар көзі». // Саясат №12, 2004, 59-60 б.
34. Мухтарова К.С. «Анализ профиля и социального состава бедных в переходной экономике Казахстана». // Саясат май 2001, 58-61 б,
35. Мухтарова К.С. «Современная модель стратификации казахстнаского общества». // Саясат №11, 2002, 17-22 б.
36. К.Мухтарова. «Модель измерения экономического неравенства и сбалансированного решения проблем бедности населения». // Саясат №1, 2004, 66-70 б.
37. «Қазақстандағы кедейшілік себептері және оларды шешу жолдары». БҰҰДБ, 2004, 48-51 б.
38. Жуматай И. !ҚР кедейшілікке қарсы күрес....» // Саясат №12, 2007 70-76 б.
39. Бекхожаева А.К. « Уровень жизни и проблемы бедности. Исследования мирового опыта». // Саясат №3, 2002, 19-22 б.
40. Х.Сансызбаева. « О новых подходах к оценке бедности в РК» // Саясат №7, 2004, 43-46 б.
41. http://kz.government.kz Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндама.
42. http://www.newzzz.kz «В Казахстане становится все меньше бедных людей». Астана. 12 декабря. ИНТЕРФАКС-КАЗАХСТАН.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 3
I тарау. КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Әлеуметтік саясат концепциясы 8
1.2 Кедейшілік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде 3
1.3 Кедейшілікпен күрестегі әлеуметтік саясаттың әлемдік тәжірибесі. Чили,
Германия, Швеция, Нидерланды, Қытай 9
ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК
САЯСАТЫ 35
2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің әлеуметтік-мәдени ерекшелігі.
Қазақстандағы кедейшіліктің құрылымы 35
2.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты 41
2.3 Әлеуметтік саясаттың экономикалық басымдықтары 54
2.3.1 Жұмысбастылық саясаты 55
2.3.1 Салық саясаты 61

ҚОРЫТЫНДЫ. 65
СІЛТЕМЕЛЕР: 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 72
КІРІСПЕ

Кедейшілік мәселесі адамзат тарихындағы қоғамның объективті құбылысы
ретінде әрқашанда болған. Кедейшілік бұл қоғамдағы теңсіздіктің көрінісі,
ал теңсіздіктің болуы табиғаттың заңдылығы. Бұл мағынадағы теңсіздік
қоғамның белгілі бір топтарының үлесіне тиесілі қоғамдық байлықтың көлемі,
қандай да бір ресурстардың шоғырлануы. Осы байлықтар мен ресурстардың
белгілі бір топтардың қолында шоғырлануы қоғамды түрлі деңгейлі қабаттарға
бөледі.
Жалпы алғанда кедейшілікпен күрес барлық мемлекеттерде, барлық
замандарда жүргізілген. Қоғамда бай таптың үлесі артқан сайын кедейліктің
өткірлігі тереңдей түседі, және онымен күрес те басымдыққа айналады. Бұны
дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Кедейшілік проблемасын, және оны шешуге қатысты мәселелерді, ондағы
мемлекеттің алатын орны туралы өз заманында бірталай ғалымдар қарастырған
болатын. Солардың ішінде алғаш болып кедейлікті эмпирикалық жағынан
зерттеген, және кедейшілік шегін анықтаған Дж.Бут пен Ч.Раунтри болдды.
Сондай-ақ кедейлікті А.Смит, Т.Мальтус, Д.Рикардо сияқты ұлы ойшылдар
өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде
сипаттаған. Т.Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтық шектен тыс өсуі
мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың
тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі
деген ой айтады. Т.Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі
осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әртүрлі
аурулар, соғыс сияқты тиімді көмекщілер арқылы реттеліп отырады.
ХІХ ғасырдың француз ғалымы д`Оссонвиль пауперизм проблемаларын
қарастыра келе, мемлекет қайырымдылық жасаушы болуы керек деп санаған, ол
міндетті мемлекеттің қолдауы қажет етілетін жағдайлардың үш негізгі типін
бөліп көрсетеді: ауру-сырқат, төтенше жағдай, кәрілік. Тұлғаның өмірлік
сценарийінің өзгеруіне ықпал ететін осы объективті факторлар пауперизмге
қарсы бағытталған шараларды жасау кезінде мемлекетпен ескерілуі тиіс болды.
Ғалымның пікірі бойынша, мақсаттық бағдарламалар мен қаржыландыру қажет,
және олар муниципалитеттер құрылымы арқылы жүзеге асуы тиіс. Мемлекеттік
қайырымдылық мәні осында деп табылды.
Вильгельм Гумбольд – неміс философы, жазушы және мемлекет қайраткері
мұқтаждарға көмек ісінде мемлекеттің рөлін либерализм позициясынан
қарастырды. Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттің негізгі функциялары сыртқы
шекараны қорғау, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету, тәртіпті қамтамасыз етуі
болуы тиіс. В.Гумбольд мемлекеттің адамның жеке өміріне араласуына қарсы
болды, ол мұнда адамдардың құқығы бұзылады деп көрсетті, ал екінші жағынан,
осы арқылы мемлекет инициативаның жоқтығының, зиянкестіктің және
қайыршылықтың орын алуына жол береді деп санады: мемлекеттің көмегімен
үнемі күтуден шығатын зиянды салдарын тәжірибе іс жүзінде көрсетуде, атап
айтқанда: өзіндік әрекеттің жоқтығы, жалған мақтаныш, әрекетсіздік,
қайыршылыққа дейін
Г.Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі ретінде баға
береді. Әлеуметтік статика деген еңбегінде ол кедейлік пен теісіздік
қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді. Яғни,
өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан, бұл мәселені толық шешу мүмкін
емес. Г.Спенсер кедейлікті қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке
проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай,
проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол
береді. Ол, сонымен қатар, кедейліктің нақты критерийлерін анықтау мүмкін
еместігін өзінің методологиялық тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең
ауыр түрі – қайыршылық. Г.Спенсер кедейлікті тұлға дамуының қозғаушы күші
ретінде де бағалайды.
Э.Реклю Байлық пен кедейлік атты еңбегінде кедейліктің ең ауыр түрі
– қайыршылықты бөліп көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге қажетті минимум
керекті заттарды есептеп көрсете отырып, негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайтын адамдарды ғана кедейлер қатарына жатқызған. Оның
тұжырымдауы бойынша, кедейлікті жеңудің шарты – ауыл шаруашылығы мен
өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бөлу
Гегель адамның кедейшілігінде оның қалыпты табиғи жағдайын көрді. Ол
адамға көмектесе алатын қазіргі заманғы амалдар мен қаражаттарды көрмеді.
Кедейшілікке арнайы салық түрі орнатылған Англияның салық жүйесін талдай
келе, ол мынадай шешімге келді: Адамдарда белгілі бір талап-қажеттіліктер
болады, сонда еңбекқорлық маңыздылығынан айырылады, олар өз еңбегімен
өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуге деген құрметті құқығынан айырылады,
нәтижесінде толықтай арсыздық орын алады. Адамгершілік құндылықтарын
жоғалту егер де Шіркеу мұқтаждарға көмектескен жағдайда да орын алады:
Кедейшіліктің өсуіне сондай-ақ монастырьлар да, жалқаулыққа орын беріп,
септігін тигізеді, өйткені олар қажеттіліктерді еңбек етпей-ақ
қанағаттандырады.
Г.Гегель қайырымдылық мекемелерінің дамуына қарсы болды, себебі олар
имманентті қарама-қайшылықтар тән болып келетін қоғам дамуының
диалектикасына қарсы тұрды, кедейшілік тұлға мен жалпы қоғам дамуының
осындай диалектикалық шарттарының бірі болды. Ең жақсы жол кедейлерді өз
тағдырында қалдырып, олардың қайыршылық жағдайына көну. Қайырымдылық
мекемелері не т.с.с. болған кезде адамдарда қорқыныш сезімі болмайды, олар
не істегісі келсе соны істейді, қысылмай-ақ бастығына сөз айта бастайды;
керісінше, кедейлік оларға ұяңдық ұялатады, және көпшілігі мұндай шараларға
жүгінгеннен гөрі, өз бетімен көтерілуге ұмтылып, жұмыс істеуді қалайды.
Дюркгейм кедейшілік пен әлеуметтік қорғауға позитивті қарады, себебі
олар аномияны ұстап тұрушы факторлар болды. Оның ойынша, әлеуметтік
ынтымақтастықта кедейшілік, оның қызмет атқаруында шектеуші бөгет бола
алмайды. Әлеуметтік ынтымақтастықпен тығыз байланыстағы әлеуметтік
қанағаттылық әлеуметтік реформалаудың, қайта бөлу процедураларымен бұзылуы
мүмкін, осыдан шыға келгенде кедейшілік те орын алады. Кедейшілік әрқашан
адамдарды тәртіпте ұстауына итермелейді, ұжымдық тәртіпті қабылдауға
дайындықты қалыптастырады, ол аномия мен әлеуметтік дезорганизациядан
моральді кепілдік ретінде қызмет атқарады.
Қоғамның стратификациялануын зерттеген американ социологы Питирим
Сорокин адамның қоғамдағы статусын анықтайтын төрт көрсеткішті атап
көрсеткен, олар: табыс, білім, билік және престиж. Осы төрт көрсеткіш
адамның бай қабатқа немесе салыстырмалы түрде кедей қабатқа жатқызуға негіз
болды.
Қазіргі таңда қоғамды негізгі үш қабатқа бөліп қарастырады: бай тап,
орта тап және төменгі кедей тап. Идеал тұрғысында қоғамның ромб тәріздес
моделі тұрақты дамудың көрсеткіші болып табылады, яғни 10% бай қабат, 10%
кедей қабат және қоғамның тұрақтылығының кепілдігі – орта тап - 80%. Бұл
модель негізінен дамыған елдердің қоғамына тән. Ал өтпелі экономикалы
елдерге үшбұрыш тәріздес модель сәйкес келеді. Яғни үшбұрыштың басында бай
қабаттың аз үлесі, одан кейін біраз ғана орта тап, және қоғамның негізгі
қабатын құрайтын төменгі тап. Мұндай құрылысты қоғамдарда тұрақтылықты
сақтаушы орта таптың үлесі мардымсыз, керісінше өзінің жағдайына көңілі
толмайтын төменгі таптың үлесі басым болып келеді.
Біздің еліміз 90 жылдары нарықтық шаруашылыққа өту кезінде дәл осы
қоғамның үшбұрышты моделіне айналды. Бұған негізгі себеп экономикадағы
шаруашылық қатынастардың үзілуі, осының салдарынан кәсіпорындардың жабылып
қалуы, халықтың жұмыссыз қалуы немесе қысқаруға ұшырауы орын алды. Халықтың
жұмыссыз қалып, негізгі табыс көзінен айырылуы кедейшіліктің кең етек
алуына негіз болды. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің көлемі
де бұл кезде кедейшіліктің алдын-ала алмады. Бұл кезде әлі де бұрынғы Кеңес
заманының әлеуметтік қамсыздандыру принципіне негізделген әлеуметтік саясат
қызмет атқарып жатқан еді, бюджеттің тапшылығына байланысты ендігі жерде ол
да трансформацияға ұшырады. Әлеуметтік төлемдер бюджетке түсетін салық
есебінен төленеді, ал бұл жылдары халық атаулы табыстардың жоқтығынан
бюджетке де қаржы түспеді. Елдегі жағдай дағдарыста болды. Осы кездегі
мемлекеттің алдында тұрған басты міндет қаржы көзін табу болды. Осылайша,
шетелдерден инвестиция тартыла бастады, шетел инвесторларын қызықтырған
Қазақстанның мұнай-газ секторы болды. Кеңес Одағында Қазақстан тек шикізат
өндіретін мемлекет болатын, елде өңдеуші кәсіпорындардың жоқтығы шикізатты
экспорттауға себеп болды. Осы бастамалармен Қазақстан біртіндеп нарықтық
реформаларды жүзеге асыра бастады.
Мамандардың айтуынша, Қазақстанның экономикасы 1998 жылға дейін
дағдарыс жағдайында болды, 1998 жылдан бастап елдің экономикасы қарқынды
дами бастады, ЖІӨ-нің көлемі жылдан жылға өсе бастады. Алайда, халықтың
көпшілігі кедейшілік жағдайына ұшырады. Бұрын Кеңес Одағында орта таптың
негізін құраған халық, жаңа заманда төменгі таптың өкілдеріне айналды. Бұл
мәселені отандық та, ресейлік те ғалымдар өз зерттеулерінде атап өтуде –
З.Ж.Жаназарова, М.В.Фирсов сияқты ғалымдар. Бұл жылдары халықтың кедейленуі
жаппай құбылысқа айналды. Мемлекет экономикалық жағдайын түзеп алғаннан
кейін, ЖІӨ-нің түсімі тұрақтанғаннан кейін елдегі кедейшілікпен күресті
қолға ала бастады.
Әлеуметтік мемлекетті құруды көздеп отырған Қазақстан өзінің
әлеуметтік сферасын реформалауда: бұрынғы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
әлеуметтік қорғау жүйесімен алмастырылды. Қазақстанның әлеуметтік
саясатының негізін құрайтын әлеуметтік қорғау жүйесі халықты негізгі қауіп-
қатерлерден қорғауға кепілдік береді: кәрілік, мүгедектілік, асыраушысынан
айырылған жағдайда. Осындай негізгі қауіп-қатерлерден мемлекет қорғауға
кепілдік бере тұрып, әрбір азаматтың өзінің мүмкіншіліктерін іске асыруына,
өзінің иннициатива танытуына, өзінің жеке басының қабілеттерін пайдалана
отырып, жетістіктерге жетуіне ықпал жасайды. Еліміздегі әлеуметтік
саясаттың негізгі міндеттері келесідей:
- табиғи және техногенді апаттар, ауру, ашаршылық, түрлі
қауіп-қатерлерді зардаптарына мемлекеттік кепілдік беру;
- әлеуметтік ауыртпалықты азайтатын, белгілі бір өмір сүру
деңгейіне және оның сапасын өзгертуге жұмсалынатын
материалды қаражаттарды қайта бөлу және оларды ұйымдастыру;
- өмір сүру деңгейін реттеу (салықтық құралдар, қайырымдылық
шараларын кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау).
Еліміз қазіргі таңда әлеуметтік мемлекет құру жолында. Әлеуметтік
мемлект дегеніміз – бұл нарықтық қатынастарға негізделген қоғам, бірақ
халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін күш жұмылдыратын мемлекет. Осы бағытта
бірнеше стратегиялық бағдарламалар қабылдануда, солардың ішіндегі ең
бастысы Қазақстан-2030 даму бағдарламасы болып табылады, сондай-ақ
Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриялды-инновациялық даму
бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін аумақтық даму
стратегиясы, 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту концепциясы,
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы және т.б. Бұл стратегиялардың іске асуы Елбасының жыл сайынғы
халқына Жолдауында үндестік табуда. Биылғы жылғы Қазақстан халқының әл-
ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Жолдауында Елбасының
алға қойған басымдықтары осының дәлелі бола алады.
Жоғарыда келтірілген фактілердің Қазақстанның дамуындағы маңызды
аспектілер болғандықтан, еліміз реформалар барысынан қалай өтті,
кедейшілікпен күресте қандай шаралар жүргізіліп жатыр, мемлекеттің
әлеуметтік саясаты қалай құрылған және қалай қызмет атқарып жатыр деген
мәселелрдің өзектілігі бітіру жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.
Мақсаты – нарықтық шаруашылыққа өту салдарынан туындаған кедейшілікпен
күрестегі мемлекеттің әлеуметтік саясатын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
– Қазақстандағы кедейшіліктің құрылымын, оның ерекшеліктерін
көрсету және кедейшіліктің негізгі себептерін анықтау;
– Қазақстанның әлеуметтік саясатының моделін талдау, нарық
жағдайындағы оның өзгерістерін қарастыру;
– Кедейшілікпен күрестегі әлемдік тәжірибені талдау.
Бітіру жұмысының тақырыбына сәйкес, зерттеу объектісі мемлекеттің
әлеуметтік саясаты, әлеуметтік қорғау жүйесі, халықтың кедейшілігі.
Бітіру жұмысының пәні: мемлекеттің әлеуметтік саясатының кедейшілікпен
күрестегі іс-әрекеті.
Бітіру жұмысының құрылымы келесідей: Кіріспе, Негізгі бөлім,
Қорытынды, Сілтемелер және Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Біріншісі зерттеу жұмысының
теориялық негіздемесі болып табылады. Онда әлеуметтік саясат концепциясы
қарастырылып, кедейшіліктің мәні және кедейшілік құбылысын зерттеген
ғалымдардың еңбектері келтіріледі, сондай-ақ кедейшілікпен күрестегі Чили,
Қытай, Швеция, Германия, Нидерланды сияқты елдердің тәжірибелері
қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері мен құрылымы
қарастырылып. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, және оның
экономикалық басымдықтары ашып көрсетіледі.

І ТАРАУ. КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Әлеуметтік саясат концепциясы

Қандай да болсын мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыты әлеуметтік
саясат болып табылады. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты қоғам өміріндегі
теңдіктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу, елінің азаматтарын кем дегенде
әлеуметтік минимуммен қамтамасыз ету, яғни азаматтардың қалыпты өмір сүру
дәрежесін қамтамасыз ету.
Француз ғалымы д`Оссонвиль Мұқтаждық, ақау және қайырымдылық (1889)
атты еңбегінде пауперизм проблемаларын қарастыра келе, міндетті мемлекеттің
қолдауы қажет етілетін жағдайлардың үш негізгі типін бөліп көрсеткен: ауру-
сырқат, төтенше жағдай, кәрілік. Тұлғаның өмірлік сценарийінің өзгеруіне
ықпал ететін осы объективті факторлар пауперизмге қарсы бағытталған
шараларды жасау кезінде мемлекетпен ескерілуі тиіс деп көрсетті [1].
Адамзат тарихында әлеуметтік саясат ел басқарушыларымен әрқашан
жүргізіліп отырған. Мысалға, Ежелгі Грецияның классикалық кезеңінде Перикл
бірқатар әлеуметтік шаралар жүргізген: кедей-қайыршылардың санын азайту
үшін барлық азаматтарды жұмыспен қамтуды көздеген – жас әрі қуатты
адамдарға әскери жорықтар қоғамдық сомадан табыс табу көзі болса, қаланы
бекіту бойынша, безендіру бойынша жұмыстар түрлі кәсіп өкілдерін, әртүрлі
жастағы және әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан азаматтарды жұмыспен
қамтамасыз еткен [2]. Әлеуметтік саясатты жүргізудегі мемлекеттердің басты
басымдығы азаматтарын әлеуметтік қорғау болған, және олар түрлі
деңгейлерде, түрлі формаларда жүргізіліп отырған.
Әлеуметтік саясаттың ғылыми тұрғыдан негізделуіне алғашқы қадамдар ХІХ
ғ. соңында Германияда жасалынған болатын, мұнда Бисмарктың (1815-1898)
басшылық етуімен әлеуметтік заңнама қабылданған болатын, оның негізінде
халықты әлеуметтік қорғаудың классикалық белгілері пайда болып қалыптасты.
Мүгедектілік пен қартаю бойынша сақтандыруға қатысты О.Бисмаркпен
енгізілген заңдар кедейшілік пен қайыршылықтың таралуына қарсы бағытталған
заңнамалық шаралардың маңызды кезеңі болды. 1883ж. жұмысшылар үшін ауру-
сырқат бойынша міндетті сақтандыру енгізіледі, 1884 ж. төтенше жағдайлар
бойынша сақтандыру, ал 1889 ж. өнеркәсіп жұмысшылары үшін мүгедектілік
бойынша сақтандыру енгізілді. Аталған заңдар ауру-сырқат, мүгедектілік,
қартаю жағдайларында жұмысшыларды қолдауға бағытталған шаралар болды және
кәсіпкерлерге жүктелді. Дәл осы кезде зейнетақылық қамсыздандыру алғаш рет
заңнамалық тұрғыдан қарастырылады [3, 4].
Қазіргі таңда жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың мазмұнына
байланысты кейбір қоғам танушылар қоғамдық өмірді ұйымдастырудың үш негізгі
концепциясын бөліп көрсетеді: түңгі күзетші мемлекеті, жаппай әл-
ауқаттылық мемлекеті, және уақыт талабына төтеп бере алмаған
коммунисттік мемлекет.
Түңгі күзетші мемлекетінің концепциясы консерватизм мен
либерализмнің синтезі болып табылады.
Жаңа либеральді-консервативті ағымның негізгі құндылықтары – қоғамдық
құрылыстың негізі ретіндегі жеке меншік және еркін нарық.
Неоконсерваторлардың пікірінше, мемлекет экономикалық сфераға араласпауы
керек және әлеуметтік сферада өз қатысын шектеуі қажет, яғни әлеуметтік
шектеулер саясатын жүргізуі қажет. Сондықтан да бұл концепция түнгі
күзетші мемлекет атына ие болды.
ХХ ғ. бойында К.Маркс жазған классикалық капитализм түпкілікті
метамарфозадан өтіп, адамдық кейіпке өтті. Осылайша, жаппай әл-
ауқаттылық мемлекетінің теориясы да пайда болды, оның атасы болып
Дж.Гелбрейт саналады. Мұнда мемлекет қоғамның барлық қабатының мүддесін
қорғайтын тапүстілік күш ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жекелеген
теорияларда аралас экономиканың концепциясы дамып бекітілді, оның негізі
әлеуметтік бағытталған экономиканың түрлі варианттары болып табылады.
Жаппай әл-ауқаттылық мемлекетінің шеңберінде әлеуметтік іс-әрекеттер
өз алдына үш мақсат қояды:
1. қайта бөлу жүйесі арқылы кедейшілікпен күрес, яғни жоқшылықпен
күрес (кірістің, қамқорлықтың, тәрбиенің, жұмыстың, баспананың
жетіспеушілігі).
2. нарықтық экономиканың кері салдарын әлеуметтік қызмет көрсету
арқылы бәсеңдету.
3. адам мүддесі үшін әлеуметтік реттеуді қамтамасыз ету.
Француз зерттеушісі Франсуа Ксавиер Меррьен бойынша, жаппай әл-
ауқаттылық мемлекетінің қазіргі заманғы концепциясы, үш ұлттық-тарихи
концепциялардың нәтижесі болып табылады:
1. Жаппай әл-ауқаттылық мемлекетінің француздық концепциясына
сәйкес, дәстүрлі қауымдастықтар (отобасы, кәсіби бірлестіктер,
т.б.) әлеуметтік қорғаудың барлық функцияларын өз беттерімен
орындай алмайды: өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындарды
мемлекет өз қамқорлығына алуы керек. Мұнда игілік әр азаматтың
өзінің игілігі үшін индивидуалды жауапкершілігін мойындаудан гөрі,
ұжымдық жауапкершілік түсінігіне негізделеді.
2. Әлеуметтік мемлекеттің немістік түсінігі франциялықтан біршама
ерекшеленеді: әл-ауқаттылықты тек билік етуші таптарға ғана
қамтамасыз етпеу. Канцлер Бисмарк жұмысшылардың жағдайын жақсарта
отырып, таптық күреспен құлдырап отырған елінде әлеуметтік
бейбітшілікке жетуге ұмтылды.
3. Жаппай әл-ауқаттылық мемлекетінің англосаксондық түсінігі
(welfare state) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Ол
әлеуметтік мемлекетті бүкіл тұрғындарға таратады, негізгі идея
барлық азаматтар лайықты өмір деңгейіне жетуі тиіс [5].
Өркениеттердің даму барысы көрсетіп отырғандай, халықтың әл-
ауқаттылығына едәуір ықпал ететін жайт әлеуметтік саясаттың моделі мен
қолданылатын шаруашылық жүргізудің механизмі, яғни қоғамдық өнімді тарату
мен өндірісті ұйымдастырудың өзара байланысқан экономикалық құбылыстардың,
нормалардың, ережелердің макродеңгейлік жүйесі.
Бірталай елдердің ұстанатын бағыты экономиканың әлеуметтік моделі,
мұндай елдерді тағы әлеуметтік бағытталған мемлекеттер деп те атайды.
Әлеуметтік нарықтық экономиканың теориялық негіздері соғысқа дейінгі
кезеңнің өзінде ордолиберализм ғылыми бағытының шеңберінде қалыптаса
бастаған (Ойкен В., Бем Т. және т.б.). Бұл теорияның орталық ұғымы –
тәртіп, Х.Ламперт бойынша, бұл халық шаруашылығының элементтерінің
арасындағы қатынастарды реттейтін институттар мен нормалардың жиынтығы.
Экономиканың әлеуметтік бағыттылығы шаруашылық жүргізудің нарықтық
принциптеріне сүйенетін, оның тиімді жүргізілуінде ғана жүзеге аса алады.
Әлеуметтік нарықтық экономика, оны жасап шығарушы теоретиктердің пікірінше,
мемлекет пен нарықтық институттардың белсенді ат салысуымен нарықтық
тиімділік пен әлеуметтік теңдіктің арасындағы балансты қамтамасыз етуге
бағытталған. Қандай да болсын экономикалық жүйе әлеуметтік бағытталған
болуы үшін, ол келесідей сипаттамаларға ие болуы тиіс: экономикалық
сферадағы жеке бас еркіндігі, әлеуметтік теңдік (әсіресе, экономикалық
процестен тыс қалған адамдарды қолдау), антициклдық саясат (тұрақтылық),
әлеуметтік серіктестік.
Әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың
түрлі модельдерін бөліп көрсетеді. Солардың ішіндегі ең танымалдары
германиялық (классикалық), скандинавиялық (кейде оны шведтік социализм деп
те атайды) және англосаксондық модельдер. Германиялық модель бюджет арқылы
таратылатын ЖІӨ-нің жоғары деңгейімен (50% жуық) сипатталады (ФГР, Франция,
Австрия). Әлеуметтік шығындардың елеулі бөлігі, негізінен жұмыс берушімен
төленетін сақтандыру жарналары есебінен де қаржыландырылады.
Скандинавиялық модельдің әлеуметтік бағыттылығы бұдан да жоғары, мұнда
бюджет жүйесі арқылы ЖІӨ-нің 50% астамы таратылады (Швеция, Норвегия,
Финляндия және т.б. елдер). Әлеуметтік шығындарды қаржыландырудағы негізгі
рөлді салықтар атқарады, бұл модель әлемдегі салық салудың ең жоғары
деңгейімен сипатталады. Бұл елдердегі әлеуметтік даму экономикалық іс-
әрекеттің мақсаты ретінде қарастырылады. Дания, Бельгия және Нидерланды
қайта тарату процестерінің көлемі бойынша скандинавиялық модельді елдердің
қатарына еніп кетеді.
Ұлыбритания, Ирландия, Канадада (англосаксондық модель) әлеуметтік
саясат басты басымдық ретінде қарастырылады. Әлеуметтік шығындарды
қаржыландырудағы негізгі ауыртпалықты мемлекет өзіне алады, бұл салық
салудың жоғары деңгейін білдіреді, өйткені бюджет арқылы ЖІӨ-нің 40% астамы
таратылады.
Бюджет есебінен жүретін үлкен әлеуметтік шығындар, жоғары салық
түсімдерін талап етеді, 90 жылдардың ортасында ЖІӨ-де қатысты салық
түсімдері Канада мен Ұлыбританияда 29-33%, ал Швеция мен Данияда 50% жуығын
құраған.
Бірақ мұндай жағдайдың кері салдары да бар: капиталдардың салық салу
деңгейі төмен елдерге ағып кетуі, отандық тауарлардың бәсекеге
қабілеттілігінің төмендеуі. Сонымен қатар еңбек пен капиталдың
салыстырмалы тиімділігі төмендейді, осы жайт 90 жылдары кейбір елдерді
мемлекеттің әлеуметтік іс-әрекеттерін біршама тоқтата тұруына мәжбүр етті.
Мамандар сондай-ақ тым жоғары әлеуметтік қорғалғандықтың спекуляция
элементтері мен масылдықтың дамуы сияқты кері әсерлердің болуын да атап
өтуде.
Әлеуметтік нарықтық экономиканы барлық басқа экономикалардан
ерекшелендіретін маңызды бір белгісі әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік
келісім, әлеуметтік қорғалғандылық пен тұрғындардың барлық қабаттарының
жоғары өмір сүру сапасы принциптерін қамтамасыз етудің қосалқы
механизмдерінің болуы. Халықтың табысының жалпы өсуі кезінде тұрғындардың
ең аз қамтылған топтарында олардың өсуінің басып өту тенденциясы байқалады.
Әлеуметтік мемлекеттер әлеуметтік топтар арасындағы мүдделердің
сәйкестігімен, сондай-ақ нарық пен мемлекеттің арасындағы үйлесімділікті
қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық институттардың жиынтығымен
ерекшеленеді. Қоғам мен экономиканың әлеуметтік бағыттылығы көптеген
дамыған елдердегі мемлекеттердің әлеуметтік-трансферттік рөлінің
күшеюінде де көрініс табады, бұл әлеуметтік қажеттіліктерге шығындардың
өсуінде байқалады.
Қарастырылып отырған проблеманың шеңберінде халықтың әл-ауқатының
ауқымына әлеуметтік нарықтық экономиканың оң әсері келесі бағыттарда
көрініс табады: бәсекелестік өндіріс шығындарын барынша үнемдеуді меңзейді,
бағаның өсуін шектеп, бүкіл халық үшін тауарлар мен қызметтердің
қолжетімділігін қамтамасыз етеді; еңбек шығындары мен оны төлеудің
арасындағы, материалдық және қаржылық ресурстардың салымдар мен алынатын
кірістің арасындағы нарықтық теңдікті орнатады, бұл жағдай әлеуметттік
әділеттілікті ұстап тұрады; бәсекелестік есебінен нарық механизмінің барлық
элементтері тиімдірек жұмыс істейді, ал бұл жиналып келгенде әлеуметтік әл-
ауқаттылықтың өсуі мен қоғам байлығының максимилизациясына септігін
тигізеді.
Әлеуметтік нарықтық шаруашылық концепциясы басты болып келетін елдерде
(ең алдымен ФГР мен Швеция), мемлекет, басымдықты әлеуметтік міндеттерді
ескере отырып, нарықтық қатынастарға белсенді түрде араласады. Мысалға,
егер адамдар қажетті тауарды, әсіресе әлеуметтік мәні бар тауарды сатып
ала алмаған жағдайда, мемлекет заңнамалық және басқа амалдармен мұндай
нарықты реттеп отырады. Сонымен қатар, нарық жүйесіне араласу жеткілікті
түрде икемді болуы тиіс, әрі кері салдарын ескеруі тиіс. Мысалға, Швецияда
бұл мәселе баспана құрылысының біршама кеңеюіне әкелетін дотациялар
көмегеімен шешіледі. Бұл дотациялар несие нарығын реттеудің арнайы
шараларының арқасында, ең алдымен баспана салуға алынған қарызға төмен
процентпен төлеу, жеңілдікті несие алу түрінде көрінеді.
Әлеуметтік бағытталған нарық шаруашылығында мемлекет сондай-ақ тиімді
сыртқы әсері бар, қоғамдық маңызы бар тауарлар мен қызметтердің өндірісіне
дотациялар бөледі. Осылайша, білім – оны алатын адамға ғана емес, жалпы
қоғам үшін пайдалы. Дәл осындай көзқарастармен көптеген дамыған елдерде
білім берудің мемлекеттік секторға жатуы және бюджет есебінен қаржылануы
түсіндіріледі. Бұл жағдай денсаулық сақтауға да қатысты, бұл сала да едәір
шамада мемлекет тарапынан қаржыландырылады.
Мұнда сонымен қатар әлеуметтік сфераның аталған салаларының қызметтері
нарықпен бекітілмей, тегін немесе өте арзан көрсетіледі, бұл аз
қамтылғандар үшін және түрлі қабаттарға жататын тұрғындардың өмір сүру
деңгейін теңестіру үшін маңызы зор. Қазіргі уақыттың өзінде көптеген
дамыған батыс елдерінде әлеуметтік салаға салынатын инвестициялар, ең
алдымен адам капиталына салынатын салымдар, ұлттық байлықтың материалдық-
заттық элементтеріне салынатын капиталға қарағанда тез ұлғаюда. Мысалға,
дамыған елдердегі интеллектуалды еңбектің басты болып келетін мамандықтарға
халықтың жұмысбастылығының негізгі өсімі келеді: АҚШ-та – 85%, ФГР - 89%,
Ұлыбританияда - 95%, Жапонияда - 90%. Дамығын елдерде әлеуметтік
бағыттылығына байланысты әлеуметтік саланы мемлекеттік қаржыландыру мен
оның қызметтеріне нарықтық баға орнату арасындағы қатынас, әрине, әртүрлі
болып келеді.
Көптеген дамыған елдерде әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік
қорғаудың бірқалыпты жүйесі құрылған, таптық қарама-қайшылықтардың айқын
төмендеуі және қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымындағы елеулі оң
өзгерістер байқалуда. Ол барынша кең сарында болуда, айқын қайшылықтар
тегістеліп, шекаралары шайылып, түрлі аралас, өтпелі топтар пайда болуда.
Осылайша, әдеттегі нарықтық экономикаға қарағанда, оның әлеуметтік моделі
өмір сапасының барлық құраушыларына: іс жүзінде игі әсер етеді: табыстар,
жұмысбастылық, тұтыну, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік
инфрақұрылымның салаларының дамуы және т.б. Осы орайда атап өтетін жайт,
нарықтық экономиканың батыс еуропалық модельдері посткеңестік мемлекеттер
үшін, жекелеп алғанда, Қазақстан үшін де үлгі аларлық жақтары аз емес. [6]

Экономиканың әлеуметтік нарықтық моделімен қатар, бірқатар елдерде
шаруашылық жүргізудің социалисттік моделі дамыды. Ол негізінен патернализм
принципіне сүйенді, яғни мемлекеттің азаматтарына деген қатынасы
отбасындағы әке мен бала қатынасы ретінде қарастырылды. Алайда бұл жүйе ХХ
ғ. соңына қарай өміршеңдігінен айырыла бастады. Бұл жағдайды қоғамдық
құрылымы әртүрлі елдердегі жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісінің
салыстырмалы көрсеткіштері дәлелдеп отыр. Көптеген социалисттік елдерде
өсудегі оң қарқын байқалғанымен, олардың кейбіреулерінде жан басына
шаққандағы ЖІӨ өсімі едәуір деңгейге жеткенімен, олардың барлығы дерлік
өздерінің нарықтық көршілерінен артта қалып қойды, олар болса
айтарлықтай жылдам дамыған болатын. Бұл заңдылық Еуропада, сондай-ақ Азия
мен Латын Америкасында дәлелін тапқан. Әсіресе, нарықтық экономиканың
социалисттіктен артықшылықтары бір елдің ішіндегі, бірақ шаруашылық
жүргізуі әртүрлі жағдайда тұрған елдегі өмір сүру деңгейін салыстырғанда
айқын көрінеді: ФГР мен ГДР-дегі немістер, КХДР мен Оңтүстік Кореядағы
кәрістер.
Социалисттік эксперимент 50 жылдары ең бай латынамерикалық
мемлекеттердің төрттігіне кірген Кубаны батыс жарты шарындағы ең кедей
елдердің қатарына апарып тастады. Әрине, әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, шаруашылық жүргізуідің нарықтық жағдайында да бай да, кедей де
болады, яғни нарық барлық ұлттар мен барлық индивидтердің бірден
өркендеуіне кепілдік бермейді. Көбісі табиғи-экономикалық факторларға,
жүргізіліп отырған экономикалық саясатқа және адамдардың өздерінің жеке
қабілеттеріне байланысты. Алайда, мұнда экономикалық өркендеудің
мүмкіншіліктері жоғары, ал социализм, сырттан қарағанда көз тартарлық
болғанымен, әлеуметтік-экономикалық жағынан артта қалдырып, кедейленуге
алып келеді.
Біздің еліміз де тәуелсіздік алғанға дейін Кеңес елінің құрамында
экономиканың социалисттік моделі бойынша дамыды. Аталған модель әскери
коммунизм жылдары пайда болып, бұйрықтық-әкімшіліктік, жоспарлық, нарықтық
емес түрінде, 30 жылдары өзінің классикалық белгілерінде толық қалыптасқан
болатын. Ол объективті түрде көп қаржы жұмсаумен, дамудың экстенсивті
типімен және қалыпты экономикалық мотивацияға қарсы технократизммен
ерекшеленді [7]. Шаруашылық жүргізудің социалисттік моделі тікелей
әкімшілдікке және басқарудың тікелей орталықтандырылуына негізделді, оның
құраушы бөлігі жоспарлау боды. 60 жылдан бастап кеңестік экономикалық
модельді, оған нарық элементтерін енгізу мақсатында түзету, жақсарту мен
жетілдірудің көптеген амалдары жасалынды, алайда олардың бірі де нәтиже
бермеді. Сондай-ақ маңайында көптеген пікір-таластар тудырып, орындалмас
үміттер берген, горбачевтік қайта құру да еш нәрсені өзгерте алмады.
Социализм кезіндегі әлеуметтік саясат әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
ұстанды. Мұнда мемлекет басты орынға ие болды, яғни барлық әлеуметтік
қауіптерде мемлекет кепілдік берді. Барлық азаматтар жұмыс істеуі міндетті
болды және барлығы дерлік жұмыспен қамтылған болды. Жалпы алғанда
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жоғары деңгейде болды. Алайда бұл
әлеуметтік масылдықты да тудырған болатын, жоғарыда айтылып кеткендей,
асыра әлеуметтік қорғалғандық қоғамда масылдарды тудырады. 70 жылдай билік
еткен социализм көптеген сындарға ұшырағанымен, оның тиімді жақтарын
ұмытпаған жөн, өйткені біздің ата-апаларымыз, ата-аналарымыз осы елде ғұмыр
кешіп тәрбиеленді. Бұл модельдің өміршеңсіз болып қалуының басты себебі
жоғарыдан төменге жүргізілген әкімшілдік болар, өйткені елдің территориясы
өте үлкен болды, әрине жергілікті ерекшеліктер ескеріле бермеді, ал
көптеген елдерде жергілікті өзін-өзі басқаруға басымдық беріледі. Екі
модельдің оң жақтары мен осал тұстары бар. Социализм барлық азаматтарға тең
қарап, бәрін бір дәрежеде тең ұстағысы келді – байлар да жоқ, кедейлер де
жоқ. Бірақ жаратылыстан барлығы теңсіз болып жаратылады – бірі мықты, бірі
әлсіз, бірі жылдам, бірі баяу – бұл табиғат заңдылығы. Нарықтық модель дәл
осы заңдылықты негізге алған деуге болады. Ол жеке адамның қабілеттеріне,
мүмкіншіліктеріне, жетістіктеріне басты орын береді, яғни тек күшті ғана
жеңеді, сондықтан да болар ол өзінің өміршеңдігін жоғалтпады.
Дегенмен де, бұл орайда социалисттік Қытайдың тәжірибесі
қызықтырарлық. Қытайдың тәжірибесі социалисттік модель мен шаруашылық
жүргізудің нарықтық механизмдерінің сәтті үйлесе алатындығын іс жүзінде
дәлелдеді. Экономикалық реформалар басталғалы бері 1978-1997жж. аралығында
елдегі ЖІӨ 5,7 есе немесе 9,6% өскен, жан басына шаққандағы ЖІӨ 4,4 есеге,
ал еңбек өнімділігі (ЖІӨ-нің бір жұмысбасты адамға шаққандағы үлесі) – 3,5
есеге артқан. Экономикалық өсімнің тұрақты, әрі жоғары қарқынына қарағанда,
Қытайдағы социалисттік экономиканың ұлттық моделі тиімді бола алды деуге
болады.

1.2 Кедейшілік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде

Кез келген экономикалық жүйелермен қатар жүретін құбылыс ретіндегі
кедейлік даму деңгейіне қатыссыз әлемнің барлық елдерінде болған және қазір
де бар. Кедейлік адмдардың тұрмыс деңгейіне ғана емес, сонымен бірге қоғам
өмірінің әлеуметтік және саяси салаларына да әсерін тигізеді, көптеген
жағдайларда ол қылмыстылықтың өсуі мен әлеуметтік жағдайлардың туындауына
себеп болады. Соның салдары ретінде, кедейлік ауқымдарын азайту міндеті
бүкіл әлемдік қоғамдастықтың алдында тұр.
Өте кең мағынада кедейлік дегенде ұй шаруашылықтарының немесе адамның
мынадай әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұғынылады, мұндай ахуалда олардың
ақшамен, мүлікпен және басқа ресурстармен қамтамасыздығының төмен деңгейі
табиғи-физиологиялық, материалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға
мүмкіндік бермейді.
Адамның физиологиялық және ең төменгі әлеуметтік мұқтаждарын
қанағаттандыруға шамасы келмейтіні абсолюттік кедейлік сияқты ұғыммен
анықталынады. Салыстырмалы кедейлік ұғымы адамның материалдық жағдайы,
оған қоғамда ең көп тараған стандарттар бойынша өмір сүруге мүмкіндік
бермейтін жағдайларда қолданылады. Субъективті кедейлік термині
адамдардың өздерінің материалдық жағдайына субъективті баға берулері мен
олардың өздерін кедей тұрмысты халық санатына жатқызу жөніндегі пікірлеріне
қатысты қолданылады.
Көптеген елдер кедейшілік ауқымдарына баға беруде табыс немесе тұтыну
ұғымына сүйену арқылы кедейлік пен жоқшылық проблемасына өз тәсілін
қалыптастыруға үйренген, бұл тәсіл осы проблеманы түсінуде айтарлықтай
тарылтады. Адам дәулетті болуы мүмкін, бірақ оған ұзақ салауатты өмір сүру
мүмкіндігі бұйырмауы, немесе оның сауатсыз болып қалуы немесе шала білімді
болуы, немесе маңызды саяси шешімдер қабылдау үдерісіне қатыса алмауы
ықтимал, бұлар адам өміріне өз әсерін тигізеді. Осы айтылғандардың
негізінде әлемдік практикада кедейлік проблемасын түсінуге байланысты үш
көзқарас қалыптасты:
- табыс (немесе тұтыну) тұрғысынан;
- базалық қажеттіліктер тұрғысынан;
- адам әлеуетінің даму мүмкіндіктері тұрғысынан.
Кедейлікті туындататын негізгі фактор тұрақты табыстан айырылу болып
табылады. Кедейліктің ең басты себебіне жұмыспен қамтылу проблемасы – ақылы
жұмыстан айырылу, орындалған жұмысқа ақы төлемеу немесе еңбек рыногындағы
бәсекелестік кезінде қажет машықтардың болмауынан табыстың жеткіліксіз
мөлшері жатады.
Макроэкономикалық шаралар мен тәсілдер үй шаруашылықтарының жағдайына
негізгі үш аспектте ықпал етуі мүмкін: үй шаруашылықтарының негізгі табыс
көзі есебіндегі табыстың өзгерістерімен көрінетін жұмыс күшіне қатысты
сұраныстың өзгеруі; рынок белгілейтін табысты сәйкестікке келтіруге
мүмкіндік туғызатын әлеуметтік трансферттердің күрт қысқаруы, және үй
шаруашылықтарының тұтыну деңгейі, сондай-ақ үй шаруашылықтарының тұтыну
себетінің құрамы мен сатып алу қабілетіне әсерін тигізетін салыстырмалы
бағалардың өзгеруі.
Қауптің аса маңызды факторларына жұмыспен қамтылу, адамның жасы мен
тұратын жері жатады.
1. Жұмыспен қамтылу – отбасының бас иесінің істейтін жұмысы немесе
экономикалық белсенділігі болмаса, ол қалған адамдармен
салыстырғанда кедейліктің анағұрлым жоғары қауіпімен бетпе-бет
кездеседі. Жұмыссыздықтың деңгейі білім деңгейімен байланысты:
тек бастауыш білімі ғана бар адамдар орта мектеп деңгейінде және
одан жоғары білімі бар адамдармен салыстырғанда кедейліктің
үлкен қаупіне душар болады.
2. Жас - көпшілік елдерде кедейліктің жоғары қаупіне балалар мен
егде жастағы адамдар ұшырайды. Үй шаруашылығында балалар саны
неғұрлым көп болса, осы үй шаруашылығы үшін кедейліктің
салыстырмалы қаупі соғұрлым жоғары болады. Асыраудағы жандардың
саны көп болған жағдайда көп балалы отбасылар кедейліктің
анағұрлым жоғары қаупіне душар болады, бұл орайда олардың
жағдайы сондай-ақ еңбекке қабілетті ересектердің жұмыспен
қамтылуының төмен деңгейімен де шиеленесе түседі.
3. Тұратын жер – көпшілік мемлекеттерде ауыл халқы қала халқымен
салыстырғанда кедейліктің қаупіне көбірек ұшырайды.
Кедейлік адам әлеуетін дамуға қатысты мүмкіндіктерді шектеу ретінде
қаралады. Тамақтануға, киінуге және тұрғын үйге қатысты қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін адамның мүмкіндігі шектелмеуі тиіс. Кедейлікті жою
адамның ұзақ және салауатты өмір сүруіне, лайықты білім алуына, қоғам
өміріне қатысуына, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жеткілікті табыс табуына байланысты мүмкіндіктерін
кеңейтуге жағдай жасайды [8].
Кедейлікті зерттеудің 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс
Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді.
Кедейлікті ХҮІІІ ғ. А.Смит, Т.Мальтус, Д.Рикардо сияқты ұлы ойшылдар
өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде
сипаттаған. Т.Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтық шектен тыс өсуі
мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың
тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі
деген ой айтады. Т.Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі
осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әртүрлі
аурулар, соғыс сияқты тиімді көмекщілер арқылы реттеліп отырады.
ХІХ ғ. ортасында Г.Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі
ретінде баға береді. Әлеуметтік статика деген еңбегінде ол кедейлік пен
теісіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді.
Яғни, өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан, бұл мәселені толық шешу
мүмкін емес. Г.Спенсер кедейлікті қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке
проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай,
проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол
береді. Ол, сонымен қатар, кедейліктің нақты критерийлерін анықтау мүмкін
еместігін өзінің методологиялық тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең
ауыр түрі – қайыршылық. Г.Спенсер кедейлікті тұлға дамуының қозғаушы күші
ретінде де бағалайды.
Ф.Гидденс кедейлікті екі түрлі бағалайды: бір жағынан ол жоюға
болмайтын зұлымдық, екінші жағынан - әлеуметтік прогресс серігі.
Ж.Прудон: кедейлік - әлеуметтік игілік, оны жою жолдары еңбек
өнімділігінің өсуімен қатар ашылады, - деген көзқарас айтады. Ол абсолюттік
және салыстырмалы кедейлік түрлерін бөліп сипаттайды. Салыстырмалы кедейлік
– адамзатқа тән белгі. Өндіріс өскен сайын адамдардың да қажеттіліктері
өседі де, адамдардың жағдайы қоғам талаптарына сәйкес келмей қалады.
Э.Реклю Байлық пен кедейлік атты еңбегінде кедейліктің ең ауыр түрі
– қайыршылықты бөліп көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге қажетті минимум
керекті заттарды есептеп көрсете отырып, негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайтын адамдарды ғана кедейлер қатарына жатқызған. Оның
тұжырымдауы бойынша, кедейлікті жеңудің шарты – ауыл шаруашылығы мен
өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бөлу [9].
Г.Гегель (1770-1831) неміс философы табиғи құқық принциптеріне емес,
іштегі мақсатқа негізделген мемлекет концепциясын дамытты. Гегель
кедейшілік проблемаларын субъективті детерминация тұрғысынан қарастырды,
мұнда аяқ асты орын алған жағдай маңызды рөл атқарды, сонымен қатар бұл
жағдай қайырымдылықтың мәнін де, қайырымдылық мекемелерінің іс-әрекетінің
спецификасын да анықтады.
Гегель адамның кедейшілігінде оның қалыпты табиғи жағдайын көрді. Ол
адамға көмектесе алатын қазіргі заманғы амалдар мен қаражаттарды көрмеді.
Кедейшілікке арнайы салық түрі орнатылған Англияның салық жүйесін талдай
келе, ол мынадай шешімге келді: Адамдарда белгілі бір талап-қажеттіліктер
болады, сонда еңбекқорлық маңыздылығынан айырылады, олар өз еңбегімен
өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуге деген құрметті құқығынан айырылады,
нәтижесінде толықтай арсыздық орын алады. Адамгершілік құндылықтарын
жоғалту егер де Шіркеу мұқтаждарға көмектескен жағдайда да орын алады:
Кедейшіліктің өсуіне сондай-ақ монастырьлар да, жалқаулыққа орын беріп,
септігін тигізеді, өйткені олар қажеттіліктерді еңбек етпей-ақ
қанағаттандырады.
Г.Гегель қайырымдылық мекемелерінің дамуына қарсы болды, себебі олар
имманентті қарама-қайшылықтар тән болып келетін қоғам дамуының
диалектикасына қарсы тұрды, кедейшілік тұлға мен жалпы қоғам дамуының
осындай диалектикалық шарттарының бірі болды. Ең жақсы жол кедейлерді өз
тағдырында қалдырып, олардың қайыршылық жағдайына көну. Қайырымдылық
мекемелері не т.с.с. болған кезде адамдарда қорқыныш сезімі болмайды, олар
не істегісі келсе соны істейді, қысылмай-ақ бастығына сөз айта бастайды;
керісінше, кедейлік оларға ұяңдық ұялатады, және көпшілігі мұндай шараларға
жүгінгеннен гөрі, өз бетімен көтерілуге ұмтылып, жұмыс істеуді қалайды.
Э.Дюркгейм (1858-1917) – француз социологы, ХІХ ғасырдың соңында
қазіргі заманғы индустриалды қоғамдардағы ынтымақтастық пен қоғамның
моральді жағдайының проблемаларын қарастырған.
Дюркгейм кедейшілік пен әлеуметтік қорғауға позитивті қарады, себебі
олар аномияны ұстап тұрушы факторлар болды. Оның ойынша, әлеуметтік
ынтымақтастықта кедейшілік, оның қызмет атқаруында шектеуші бөгет бола
алмайды. Әлеуметтік ынтымақтастықпен тығыз байланыстағы әлеуметтік
қанағаттылық әлеуметтік реформалаудың, қайта бөлу процедураларымен бұзылуы
мүмкін, осыдан шыға келгенде кедейшілік те орын алады. Кедейшілік әрқашан
адамдарды тәртіпте ұстауына итермелейді, ұжымдық тәртіпті қабылдауға
дайындықты қалыптастырады, ол аномия мен әлеуметтік дезорганизациядан
моральді кепілдік ретінде қызмет атқарады.
Қайыршылық проблемаларын зерттеу үшін социологияның ғылыми әдістерін
алғаш болып қолданғандардың бірі ағылшын бизнесмені әрі әлеуметтік
реформатор Чарльз Джеймс Бут (1840-1916) болды. Ол кедейшілік пен табыстар
жайлы мәлімет жинау үшін барлау әдісін жасап шығарған және қолданған
бірінші зерттеуші болды. Лондонның кедей аудандарында зерттеу жүргізіп,
және еркін нарық жағдайындағы жұмысшылардың қанағаттанарлықсыз өмірлерінің
себептерін аша келе, ол мынадай шешімге келеді, өмір деңгейін реттеуге
бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік бағдарламалары
арқылы пауперизмнің алдын алуға болады. Адамдардың өмірі мен еңбегі (1889-
1891), Лондондағы адамдардың өмірі мен еңбегі (1891-1903) атты кітаптарын
шығарып, ол кәрілік бойынша зейнетақы туралы заңның жасалынуына қатысқан
[10].
Ағылшын ғалымдары Ч.Бут пен С.Раунтри ХІХ ғ. аяғында зерттеу жүргізіп,
кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішуі, киім
кию, баспанамен қамтамасыз етілу қажеттіліктерін өтей алу мүмкіндіктерін
алған. Ч.Бут адамның табыс деңгейін, негізгі қажеттіліктерін өтеу
деңгейін, денсаулығы мен жұмысқа деген қабілетін сақтап отыруға керекті
нормалар мен стандарттарды анықтауға тырысқан. Ч.Бут пен С.Раунтри –
бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Олар Лондон мен Нью-Йоркте
жүргізген социологиялық зерттеулерінің нәтижесінде халықтың 30 пайызы өмір
бойы кедей күйінде болып отыратынын дәлелдеген. С.Раунтри зерттей келе,
кедейліктің алғашқы және екінші кезектегі түрлерін бөліп көрсеткен. Алғашқы
кезектегі кедейлік түсінігі адамдар қаражаттарын дұрыс пайдаланғанның
өзінде негізгі қажеттіліктерді өтеуге шамасы келмеген жағдайда, ал екінші
кезектегі кедейлік түсінігі адамдардың ақшаны дұрыс қолданбауына байланысты
төмен материалдық жағдайға ұшырағанда қолданылады. С.Раунтри алғаш болып
кедейлер мен жай ғана қаражаттарын дұрыс қолданбайтын адамдардың арасындағы
адамдардың арасындағы айырмашылықты көрсеткен. Ол тек қана негізгі
қажеттіліктерді қанағаттандыруға керекті отбасының деңгейін есептей отырып,
кедейліктің шегін анықтаған. С. Раунтри абсолюттік кедейлік түсінігі
қаражатты дұрыс қолданудың өзінде отбасының негізгі қажеттіліктерін өтеуге
жағдайы келмегенде қолданылса, салыстырмалы кедейлік түсінігі адамның не
отбасының ақшаны дұрыс қолданбауының нәтижесінде кедейлікті бейнелейді.
ХІХ ғасырдың француз ғалымы д`Оссонвиль Мұқтаждық, ақау және
қайырымдылық (1889) атты еңбегінде пауперизм проблемаларын қарастыра келе,
мемлекет қайырымдылық жасаушы болуы керек деп санаған, ол міндетті
мемлекеттің қолдауы қажет етілетін жағдайлардың үш негізгі типін бөліп
көрсетеді: ауру-сырқат, төтенше жағдай, кәрілік. Тұлғаның өмірлік
сценарийінің өзгеруіне ықпал ететін осы объективті факторлар пауперизмге
қарсы бағытталған шараларды жасау кезінде мемлекетпен ескерілуі тиіс болды.
Ғалымның пікірі бойынша, мақсаттық бағдарламалар мен қаржыландыру қажет,
және олар муниципалитеттер құрылымы арқылы жүзеге асуы тиіс. Мемлекеттік
қайырымдылық мәні осында деп табылды [11].
Вильгельм Гумбольд (1767-1853) – неміс философы, жазушы және мемлекет
қайраткері мұқтаждарға көмек ісінде мемлекеттің рөлін либерализм
позициясынан қарастырды. Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттің негізгі
функциялары сыртқы шекараны қорғау, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету,
тәртіпті қамтамасыз етуі болуы тиіс. В.Гумбольд мемлекеттің адамның жеке
өміріне араласуына қарсы болды, ол мұнда адамдардың құқығы бұзылады деп
көрсетті, ал екінші жағынан, осы арқылы мемлекет инициативаның жоқтығының,
зиянкестіктің және қайыршылықтың орын алуына жол береді деп санады:
мемлекеттің көмегімен үнемі күтуден шығатын зиянды салдарын тәжірибе іс
жүзінде көрсетуде, атап айтқанда: өзіндік әрекеттің жоқтығы, жалған
мақтаныш, әрекетсіздік, қайыршылыққа дейін [12].
ХХ ғасырдың 60-жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса бастады.
М.Оршанский бюджеттік сауалнама мәліметтері бойынша тұрмыстың, киіну, және
т.б. ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрлерін қалыптастырған. Ол
Энгель коэффициентін қолдана отырып, АҚШ-та 80-жылдарға дейін қолданылып
келген кедейліктің салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель коэффициенті
бойынша, табыс мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген шығын көлемі
ұлғая түседі.
ХХ ғасырдың 70-жылдары жоқшылық концепциясы қалыптасты. Оның негізін
салушылар – Маршалл мен П.Таунсенд. Олардың көзқарасына сәйкес, қоғамда ел
қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей деп
есептелген. П.Таунсенд Ұлыбританиядағы кедейлік атты еңбегінде
салыстырмалы кедейлікке мынадай анықтама береді: Өздері өмір сүретін
қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір сүру деңгейі
мен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып
есептеледі. Оның айтуынша, ағылшындардың 25 пайызы үнемі кедейлікте өмір
сүрсе, 50 пайызы кедейліктен қорқып өмір сүреді.
А.Маккоулидің айтуынша, адамдардың жағдайы өмір сүріп жатқан қоғамның
өмір деңгейіне сәйкес келмесе, кедей болып саналады.
Кедейлік мәселесі ТМД елдерінде соңғы 10-15 жыл көлемінде кеңінен
зерттеліп келеді. Бұл мәселе Кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзекті зерттеу
объектісіне айналды. Кеңес өкіметі кезінде С.Г.Струмилиннің бастауымен 1918
жылы Петроградта жұмысшылардың бюджеті мен тұрмысы алғаш рет зерттелді.
С.Г.Струмилин жұмыс бюджеті мен тұтынуды талдаудың негізінде алынған
ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған.
Кейін осы зерттеуді А.М.Стропанин одан әрі жалғастырып, Кеңес Одағының
40-тан астам қаласында жүргізген. Бұл зерттеулердің нәтижесі жұмысшы
табының материлдық жағдайы, тамақтануы туралы біраз ақпарат алуға мүмкіндік
берді және 1920 жылы Харьков, Донбасс, Петроград, ал 1921 жылы Ташкент ,
1922 жылы Орал, т.б. аймақтарда бюджетке байланысты жаңа зерттеулер
жүргізуге жол ашты.
Г.С.Полляк жұмысшы табының өмір сүру деңгейін өлшеудің әдістеріне
байланысты мәселеге жаңаша қарауға тырысқан. Ол жеке жалақымен қатар
жұмысшылардың бюджетінде мемлекет тарапынан берілетін ақшалай және заттай
әлеуметтік жәрдемдердің барлығын ескерген.
1918 жылы міндетті минималды жалақы енгізу үшін өмір сүру минимумын
есептеуге алғаш рет талпыныстар жасалған. Өмір сүру минимумын есептеу
методологиясы болмағандықтан, оның негізі ретінде азық-түлікке кететін
шығын алынып отырған. Ол нақты тұтынуға байланысты жүргізілген бюджеттік
зерттеулердің не физиологиялық нормалардың негізінде есептелген. Ал бұл
көрсеткіш физиолог-ғалымдардың есептеген физиологиялық нормаларынан
әлдеқайда төмен болған. Азық-түлікке кететін шығындардың үлесі өмір сүру
минимумының жалпы көлемінің 26-72 пайыз аралығын құраған. Өмір сүру
минимумы әртүрлі болуы минималды жалақы орнатуға мүмкіндік бермеген. Соған
байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік-саяси жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Кедейшілік әлеуметтік феномен ретінде жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеуді қажет ететін проблема
Кедейшілікке қарсы күресудің халықаралық тәжірибесі
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Халықаралық валюталық қор, оның құқықтық жағдайы
ЮНЕСКО және Қазақстан арасындағы экономиалық байланыстар
Кедейшілік ұғымынның мәні
Экономикалық өсу жайлы ақпарат
Пәндер